Қазақ тілі 5- сынып. Қыс
план-конспект урока (5 класс) на тему

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,
Осакаров ауданы әкімдігінің

«Осакаровка кентіне қарасты

 №12 орта мектебі» КММ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Торжанова Айгүл Дайырқызы

Қазақ тілі 5- сынып

Сабақтың тақырыбы:  Қыс

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon kazak_tili_5_kys.doc47.5 КБ

Предварительный просмотр:

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,
Осакаров ауданы әкімдігінің

«Осакаровка кентіне қарасты

 №12 орта мектебі» КММ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Торжанова Айгүл Дайырқызы

Қазақ тілі 5- сынып

Сабақтың тақырыбы:  Қыс

Сабақтың   мақсаты: Жыл мезгілдерін атауды,  соның ішінде қыс мезгілімен байланысты жаңа сөздіктерді күнделікті өмірде қолдану және мезгілдерін сипаттауды үйрету.

Тақырып арқылы оқушыларды сыни ойлауға жетелеу. Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, іздемпаздық қасиеттерін арттыру. Ой шеберлігін және тілдерін дамыту.

Түрлі  тапсырмаларды  орындау  арқылы сөйлеу дағдыларын, іскерлік шеберліктерін  қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қыс мезгіліне байланысты сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру;

Табиғатты сүюге, аялай, қорғай білуге және қамқорлық жасауға баулу.

Оқушы нені білуі тиіс:1.Жыл мезгілі- қыс туралы жалпы түсініктерді меңгеріп, сөз тіркестерін құрай білу;
2.Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіну және оларды атай білу.
Оқушы нені игеруі қажет:
1.Қыс мезгіліне байланысты сөздерді дұрыс оқуды, айтуды меңгеру.

Сабақтың әдісі :жеке, ұжымдық, топтық, интерактивті әдіс, сұрақ- жауап, қайталау , салыстыру, суретпен, сызбамен, практикалық жаттығулар
Сабақта қолданатын технологиялар:коммуникативтік технология , модульдік технология элементтері, ойын технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі : компьютер,  тірек –сызбалар,сюжеттік сурет- слайдтар, интербелсенді тақта, презентация, плакат, стикер және маркер.

Сабақтың негізгі идеясы:  

Қазақ тілінде сөйлей алу және қазақ тілінде кейбір мәліметтерді алу. Қыс тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру.

Сабақтың  мазмұны

уақыты

Мұғалімнің іс әрекеті

оқушының іс- әрекет

І

1Кіріспе  (Тұлғааралық  байланыс)

  1. Психологиялық  дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап  қалайық!

2

Психологиялық ахуал

Оқушы мен мұғалім бірге қимылдар жасайды.

2. Оқушыларды топқа бөлу, бүгінгі топтық жұмысқа даярлау (Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан)

2

 «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру»

Оқушыларды қыс айлары бойынша топқа бөлу ( І топ –желтоқсан.   ІІ топ – қаңтар,ІІІ топ – ақпан.

ІІ

Сыныптың білім деңгейін анықтау. Үй тапсырмасын  қайталау.

Балалар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? Үш сөзді септеу және тақпақты жаттап келу тапсырылған.Қазір қай топ қалай орындап келді екен, байқайық. Тақырыпқа байланысты қағаздан қар ұшқынының оюын жасап келу керек.

5

 

Формативті бағалау, бірін- бірі бағалау

Жеке жұмыс

Әр топтан бір оқушыдан

 топ атына сәйкес тақпақ  

тыңдаймыз.

 Қағаздан қар ұшқынының оюын жасап келу  және оны бір -біріне сыйлау.

ІІІ

Тұсаукесер

І.Мотивациялық  кезең. 

Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Қыс келбеті» бейнебаянын көреміз.

Ал, балалар, қандай сезімде болыңдар?

 Қыста ауа райы қандай болады?

2.Жер бетін не басады?

3. Қыста ауа райының қандай қасиетін байқадыңдар?)

Ендеше бүгін қыс мезгілімен танысамыз.  

6 мин

Бейнебаян «Қыс келбеті»

электронды оқулық

АКТ

Диалогтық оқыту

Интерактивті тақтадан «Қыс келбеті» бейнебаянын көру

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау  (сұрақ  қойғанда толық жауап беруге итермелеу,  мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту,  көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

Оқушылардың айтатын ойларын әуелі топтастырып алуына көмектесу

Сөздік жұмысын жүргізу

Жауапты түзу берелік- дұрыс сөйлеу деген мағынада жұмыс жасау.

IV

Негізгі  бөлім

Оқулықпен жұмыс

Балалар, өткен сабақта біз «Болжау кестесі» стратегиясын қолдану арқылы жаңа сабағымызды меңгерген болатынбыз. Ол сабақта кей балалар кестені толтыра алмай қиналған болатын. Бүгін біз қатемізді жөндеп осы әдісті жақсы меңгеру үшін тағы да жаңа сабаққа пайдаланамыз. Ойларыңа ешқандай тосқауыл болмайды. Қазір мен мәтіннің бөлігін оқимын, сендер әрі қарай оқиға қалай өрбуі мүмкін, жалғастырып көресіңдер. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқу

Сыни тұрғыдан ойлау Еркін жазу,

 Болжау кестесі стратегиялары

 «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру»

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау  (сұрақ  қойғанда толық жауап беруге итермелеу,  мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту,  көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

Оқушылардың болжауларын, еркін ойлауларын бақылау

V

Қорытынды

Біз не білдік?

Балалар, жаңа алған ақпараттар бойынша кестені толтырып шығамыз.

Сұрақ- жауап

 

Формативті бағалау,

Семантикалық кесте толтыру

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау  (сұрақ  қойғанда толық жауап беруге итермелеу,  мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту,  көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

        Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4 тапсырманы жазбаша орындау, мәтінді оқу оны орыс тіліне аудару.

Дербес оқыту

Оқулық, ғаламтор көздері, қосымша ақпарат, дереккөздер.

VI

Бағалау

Топтық бағалау

Топтардың өз ішінде бағалау

Оқушылардың пікірімен санасу


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Өздік жұмысы "Жай бөлшектер" 5 сынып

В самостоятельной работе имеется 4 заданеия. Самостоятельная работа на 5-7 минут...

етістік 3-сынып

открытый урок на тему "Глагол" по ФГОС...

11 сынып ата - аналарымен өткізілген №4 жиналыс

11 сынып оқушыларының ата - аналарымен өткізген жиналыс. Ата - аналарды ҰБТ ның ережелерімен таныстырып, әрбір оқушының балдарына жеке жеке тоқталып, аудан көлеміндегі пәндердің нәтижесін айтып кету....

Қаламның болашағы 6 сынып

Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз....

7-сынып, қазақ тілі пәні. Септік жалғаулары

Жалпы мақсаттар-жеті септік сұрақтары, жалғаулары туралы түсінік беріп, меңгерту, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу; формативті бағалауды сы...

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 3-сынып

Түсінік хат  Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрінің 2013 жылғы  27 қарашадағы  № 471  бұйрығына  сәйкесқазақ тілінен 3 сыныптың   сағат санының...

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 3-сынып

Түсінік хат  Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрінің 2013 жылғы  27 қарашадағы  № 471  бұйрығына  сәйкесқазақ тілінен 3 сыныптың   сағат санының...