Урок казахского языка "Ұлттық аспаптар"
план-конспект урока (7 класс) на тему

Умурзакова Куанышгуль  Исламбековна

Сабақтың мақсаты: 

1)Ұлттық аспаптар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.

2) Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.
3)  Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл plan_uroka_ulttyk_aspaptar.docx17.17 КБ

Предварительный просмотр:

№1 Затобол орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Өмірзақова Қуанышгүл Исламбекқызы

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 7 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар.

Сабақтың мақсаты:  

1)Ұлттық аспаптар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.

2) Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.
3)  Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
 

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық және жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақтаның мүмкіншіліктері, кеспе карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау)

ІІ. Оқушыларды сабақтың барысымен, мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. Мына жоспар бойынша монолог айтып беріңдер:

           1. Халықтық музыкалық аспаптар қандай болады?

           2. Ертеде аспаптарды неден жасаған?

           3. Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін жасаған?

  1. 4. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобызды алғашқы үлгілерін кім ұсынған?
  1. Оқушылар сандықшадағы аспаптарды топтарға жіктейді.
  2.  Оқушылар аспаптардың дауысына сәйкес атауын табады

ІҮ. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Оқушылар мәтінді тыңдап, мәтінде айтылған аспаптарды таратылған кеспе картадағы суреттерден белгілейді.

Ү. Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі: Міне оқушылар жаңа тақырыбымызды анықтадық. Бүгінгі тақырыбымыз «Ұлттық аспаптар». Сонымен ,біз  бүгін  домбыра, дауылпаз, сыбызғы туралы білуге тырысамыз.

  1. Сөздік жұмыс.

Кең таралған – распространенный

Үркіту – вспугнуть

Құлаққа жағымды – приятно для слуха

Көне – древний

Қаптау – затягивать

Бақташы – пастух

Шертпелі – щипковый

Ағаштан ойып жасау – выгравировать из дерева

Тұрмыс – быт

  1. « Ақпарат жинау» (Мәтінмен жұмыс)

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топқа үш мәтін беріледі. Бір топ тек бір ғана  мәтінді түсініп оқиды, сұрақтар дайындайды. Грамматикалық тапсырманы орындайды.

І топ. Сыбызғы – кең таралған үрмелі аспаптардың ең көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде пайдаланған. Аспаптың жалпы ұзындығы 70-75 см болып келеді. Сыбызғы аспабын жасау оңай, бірақ  ойнау өте күрделі. Сыбызғының үш түрі бар: жез сыбызғы, ағаш сыбызғы , қурай сыбызғы.

Грамматикалық тапсырма:  «Сыбызғы» сөзін септеңдер

ІІ топ. Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап. Домбыра – қос ішекті, шертпелі аспаптың бірі. Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады.Домбыраның  үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді. Домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді.

Грамматикалық тапсырма:  «Домбыра» сөзін тәуелдеңдер.

ІІІ топ. Дауылпаз - көнеден келе жатқан қазақтың ұрмалы аспабы. Бұл аспап тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Аңшылық пен саятшылық кезінде аң-құстарды, мал баққанда төрт түлікті үркіткен. Дауылпаз аспабы үйеңкі, қайың, қарағай сияқты тұтас ағаштан ойылып жасалады. Беті  малдың жұқа терісімен қапталады.

Грамматикалық тапсырма:  «Дауылпаз» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар

  1. «Ақпараттар ағыны»

Әр топтан бір оқушы мәтінді ұсынады. Екінші тақтада грамматикалық тапсырманы орындайды.

  1. «Бетпе-бет» студиясы.

Топтар бір -  біріне сұрақ қойып, ақпарат алмасады.

   ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау.

  • Сыбызғы қандай аспаптың көне түрі?
  • Бұл аспапты кімдер пайдаланған?
  • Сыбызғының ұзындығы қанша?
  • Сыбызғының неше түрі бар?
  • Олар қандай?
  • Домбыра қандай аспап?
  • Домбыра қандай аспаптың бірі?
  • Ол қалай жасалады?
  • Оның үні қандай?
  • Домбыра әр аймақта қандай?
  • Дауылпаз қандай аспап?
  • Дауылпаз неде кеңінен пайдаланылған?
  • Дауылпазбен нені үркіткен?
  • Дауылпаз қандай ағаштан жасалады?
  • Беті немен қапталады?

ҮІІ. Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, ұлттық аспаптардан не құрылады?

Дұрыс. Ұлттық аспаптардан Ұлттық аспаптар оркестрі құрылады.

(Оқушылар оркестрдің үнін тыңдайды)

ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үй тапсырмасы.

«Ұлттық аспаптар» тақырыбына қосымша мәліметтер дайындап, жаттау.

Х. Рефлексия.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Урок казахского языка "Қыс"

Урок на казахском языке, знакомит с приметами зимы. Ведётся интересный диалог учитель и ученика....

Урок казахского языка "Ас атасы - нан"

Урок казахского языка по теме "Хлеб - всему голова"....

Урок казахского языка "Моя Родина - Казахстан"

Материал урока будет важен и интересен тем, кто хотел бы поближе познакомиться с народом Казахстана....

Урок казахской литературы "Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы"

Интересный материал для провеления урока и просто знакомства с творчеством писателя....

педогогический опыт "дидактическая игра как средства познавательного интереса младших школьников на уроке казахского языка"

Даннный материал является моей  творческой темой по которой работаю 4 год. по данной теме защищалась на конкурсе "Учительказахского языка 2013"...

Урок казахского языка "Сәкен Сейфуллин"

Мақсаты:  С.Сейфуллиннің  шығармашылығымен таныстыру, өмірін өнеге ету.Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті....