Бағдаршам сыры
календарно-тематическое планирование (подготовительная группа) на тему

Таласбаева Айдана Сержанкызы

Жолда жүру ережелерін білу

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon bagdarsham_syry.doc112.5 КБ

Предварительный просмотр:

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ   БІЛІМ   ЖӘНЕ   ҒЫЛЫМ   МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ   ҚАЛАЛЫҚ   БІЛІМ   БӨЛІМІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ

   БЕКІТІЛДІ                  

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

2013 жылғы «____» _________

   № _____  бұйрығымен        

   

 

Бағдаршам сыры

Мектепалды даярлық класына арналған

арнаулы курс бағдарламасы

 

 

 

 

Ақтөбе  - 2013

Жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды даярлық класы  білім беру стандартының негізі мен бағдарламасына сүйене отырып, оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі мектеп компонентінің талабы негізінде  мектепалды класына  арнаулы курс  бағдарламасы жасалды.

        Құрастырған:  № 1  ОМ тәрбиешісі А.С.Таласбаева

____________________________________________________  әдістемелік (педагогикалық)  

        (мектеп, мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы )  

кеңесі отырысында ______________________________________________________талқыланды.

                                                                          (курс атауы) 

Хаттама № ______                   «_____» _________________ 2013 жыл

 

Мектеп директоры _______________        ________________________

                                                                                            (қолы)                                                        (аты-жөні)

Қалалық сараптау комиссиясынның отырысында____________________________________

                                                                                                                           (курс атауы)

_______________________________________________________________________мақұлданды.

Хаттама № ______                   «_____» _________________ 2013 жыл

 

 Сараптау комиссиясы төрағасы__________________        ________________________

                                                                                                               (қолы)        

Ақтөбе қаласы № 1 ОМ мектепалды даярлық класс тәрбиешісі             А.С.Таласбаева «Бағдаршам сыры» арнаулы курс бағдарламасына

П І К І Р

       

       Ұсынылып отырған «Бағдаршам сыры» мектепалды даярлық класына арналған арнаулы курс бағдарламасы баланың жолда жүру ережесін қатаң сақтап, жолдан өту кезінде абай болуға және ересек адамдардың кейбір теріс қылықтарына ермеуге жетелейтін бірден бір себепші бағдарлама.

       Бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік стандарттың базалық білім мазмұнына сүйене отырып жасалынған.    

       Курс балаларға  адам өмірінің қымбат екенін дәлелдеп бере алады.  Берілген тақырыптар кішкентай жастан бастап әрбір тұлға өз әрекетіне жауап беруі керектіндігін және өмірде абай болуға, шыдамдылыққа, жауапкершілікке жетелейді.

ҚҒӘО әдіскері                     К. Рахатова

Т Ү С І Н І К    Х А Т

        Сіздің балаңыз мептепке дейінгі шаққа да жетіп қалды.  Бұл дегеніміз, жақында мектеп табалдырығын аттайтындығын және көптеген мәселелерге тап болатындығын білдіреді.

        Бұл жағдайда  білім  беру жүйесінің  мәні мен рөлі де арта түспек.  Уақыт одан жаңа тарихи кезең бойынша сай, қоғам сұранысына тез арада нақты,  қайтарымды  жауапты  талап  етуде.

        Бағдарламаның  негізгі  мақсаты: балалардың  жан-жақты  дамуы мен оқу үшін өзінің жақсы көңіл күйде сезінуін қамтамасыз ету міндетіне ерекше мән беріледі.

        Оқу процесі үстінде және алға қойылған міндеттерді шешу сәттерінде балаға психологиялық қысымның  болмауына, балалардың сабаққа ерікті түрде қатысуына сабақта баланың ыңғайлы отырысты таңдауына еркіндік беру және балаларға өздерін қызықтыратын кез келген тақырыпта үлкендермен және бір-бірімен емін еркін сөйлеуіне, өз пікірін айтуына мүмкіндік беру.  Балаларды оқытуда алған  білімін бекітудің ойындық түрлері мен әдістері кеңінен пайдаланады.  Мектеп алды балаларды жолда  жүру  ережелеріне  үйрету, балаларға мақсатты серуендер, көркем әдебиетті оқу кезінде танып білу,  балаларға мінез құлық қауіпсіздік ережелері мен өмірде қажет болатын түрлі сақтық шаралар туралы түсінікті қалыптастыру арқылы жүзеге асыру көзделген.

 «Бағдаршам сыры» арнаулы курс бағдарламасына аптасына 1 сағаттан бөлініп отыр, даярлык топтарға арналады.                

.

Мақсаты: Оқушылармен жүргізілген жұмыс түрлерін өмірмен тығыз байланыстырып, жан-жақты терең меңгеруіне қол жеткізу. Оқушылардың ақыл, ой-өрісін дамытып, ізгілікке,, өз бетінше көшеде жүру тәртібін сақтауға қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.  Адамгершілікке тәрбиелеу және этикалық тәрбие беру

 Міндеттері:

  • Қауіпсіздік жол ережелерін сақтау;
  • Көшеде жолда жүру әрекетін  білу;
  • Өзінің және өзгенің ісін бағалау.

Күтілетін нәтижесі:

Мектепалды даярлық класс тәрбиеленушісі жыл аяғында білуге тиісті:    

1. Бағдаршамның  үш көзі;

2. Жол белгілері;

3. Көшеде жүру тәртібін  жақсы меңгерген  құзыретті  жеке тұлға қалыптасады

«Бағдаршам сыры» бағдарламасының

тақырыптық жоспары

 Аптасына 1 сағат, жылына – 32 сағат

Тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

Бағдаршам сыры

1. Бағдаршам.

1

2. Бағдаршам сыры Қызыл.Сары. Жасыл.

1

3.Практикада алған білімдерін қорытындылау

1

4.Мектепке барамыз ! Үйден мектепке дейінгі жол

1

5.Менің туған қалам оның көшелері туралы білу

2

6.. Көшедегі  жолақтар, белгілер

1

7.Көлік көлік түрлері

1

8.Көлік классификациясы

1

9.Көшеде және көлік ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау

1

10.Практикада алган білімдерін тиянақтау

1

11.Жаяу жүргінші

1

12.Жүргінші (пешеход) және оның  көшеде жүру тәртібі

1

13.Серуен .Туған қала көшесіне серуен

1

14.Реттеуші

1

15.Жаяу жүргіншілер өтпесі

1

16.Қиылыс

1

17.Қаламыздың  үлкен көше аттары

1

18.Бағдаршам белгілері

1

19.Жолда жүру тәртібі (ойын сабақ)

1

20.Бұйырғыш таяқша

1

21.Жол үстіндегі  қауіпсіздік

1

22.Мектептен үйге қарай жол

1

23.Ойлан тап? Белгілерге көңіл аудар

1

24.Серуен. Мақсатты серуен

1

25.Жол жүру белгілері еліне саяхат .

1

26.Бағдаршам. Жүргінші  (сайыс)

1

27.Көшеде жүру ережесі  (инсценировка)

1

28.Практикада алган білімдерін тиянақтау

1

29.Бағдаршам ойыны .Ойыншықтарды қолдану арқылы

1

30.Ең тәртіпті жүргінші (көрініс)

1

31.Қорытынды сабақ

1

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Айналайын абайла (Балауса) баспасы.

2.Жол журу ережелері туралы сабақ. (Шығармашылық орталық)

3.Мектепке дейінгі жол журу ережелері  Старцева .О.Ю.

4.Балалар көшеде .Вдовиченко.Л.А.

Бағдаршам сыры

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Әдіс – тәсілдері

1

Бағдаршам

Бағдаршам туралы әңгімелеу

Түсіндіру, сұрақ-жауап

2

Бағдаршам сыры. Қызыл. Жасыл. Сары.

Бағдаршам жол қозғалысының жарығы, сигналдар арқылы реттейді. Онда үш түрлі сигналы қолданылады. Қызыл. Сары. Жасыл.

Дидактикалық ойын «Бағдаршам»

3

Практикада алған білімдерін қортындылау

Өткенді қайталау.

Бақылау жүргізу.

4

Мектепке барамыз! Үйден мектепке дейінгі жол

«Жүретін жол»  «Тратуар» «Көлік жолы» «Жүргіншілер жолы» деген сөздермен таныстыру. Аталған заттармен танысу, көрсету.

Қимыл қозғалыс  ойындары. Жұмбақ. Түсіндіру, сұрақ-жауап.

5,6

Менің туған қалам оның көшелері туралы білу

Фланелеграфты қолдану арқылы сұрақ беру, суреттер қарау. Мысалы, сен өз мекен жайыңды білесің бе? Көше деген не? Көше қандай бөліктерден тұрады? т.б.

Тақпақтар

Өлеңдер

Пікірталас

7

Көшедегі жолақтар, белгілер

Балаларғажол ережесі туралы түсінікті айтып, кейбіржол белгілерін біліп, оның жүргіншілер мен жүргізушілерге арналғанын түсіндіру.

Көлік түрлері суреттер. Қимылдық ойындар өткізу.

8

Көлік. Көлік түрлері

Тәрбиеші көліктің қандай түрі, соның ішінде арнаулы көлік түрлерін атай білуге дағдыландыру

Әңгіме, пікірталас, сұрақ-жауап

9

Көлік классификациясы

Қоғамдық көлікке мінгенде оның ішінде қандай мәдени тәртіпті орнату қажет.

Көлік түрлері суреттер. Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас

10

Көшеде және көлік ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау

Балалар көшеде және көлікте өздерін қалай ұстау керектігін айтады.  Тәрбиеші сабақты сұрақ қою арқылы жауап алады.

«Бұл не болу мүмкін?»

Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас

11

Практикада алған білімдерін тиянақтау

Өткенді қайталау

Бақылау жүргізу

12

Жаяу жүргінші

Жаяу жүргінші, жүргінші жолы, жүретін жол, тротуар, көлік жолы, жүргізушілер жолы туралы түсінігін бекіту

д.о. «Бұл қандай жол?»

Түсіндіру, сұрақ-жауап

13

Жүргінші (пешеход) және оның көшеде жүру тәртібі

Балалармен әңгімелесе отырып, жүргізуші деген кім? Жолдың қандай бөлігінен жүргінші жүру керек? Жол ережелерін не үшін білу керек? деген сұрақтар қою.

Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас

14

Серуен. Туған қала көшесіне серуен

Көше бойымен жол ережелерін сақтап жүргізу. Жүргіншілердің тәртібін сақтау.

д.о. «Бұл қандай жол?»

Түсіндіру, сұрақ-жауап

15

Реттеуші

Милиционер реттеуші туралы түсіндіру.  Реттеушінің сигналы бойынша жүргіншілер мен жүргізушілер жолда қалай жүретінін түсіндіру.

д.о. «Өскенде кім  боламын?»

16

Жаяу жүргіншілер өтпесі

Балаларды көше бойымен жол ережелерін сақтап, жаяу жүргіндер өтпесінен өтудің ережелерін сақтай білуді бекіту.

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қимылдық ойындар.

17

Қиылыс

Көше туралы, жол туралы, қиылыс туралы білімдерін жан-жақты дамыту.

Әңгіме, пікірталас, сұрақ-жауап.

д.о. «Өскенде кім боламын?»

18

Қаламыздың үлкен көше аттары

Әбілхайыр хан даңғылы, Ә.Молдағұлова көшесі, Есет батыр көшесі, Ағайынды Жұбановтар көшесі т.б. көшелерді таныстыру.

Сұрақ-жауап

19

Бағдаршам белгілері

Бағдаршамның үш көзі туралы түсіндіру және орналасуы.

Түсіндіру

20

Жолда жүру тәртібі (ойын сабақ)

Оқушыларға жолда жүру ережесін түсіндіре отырып ойнату, ойнай отырып түсіндіру.

Ойын сабақ

21

Бұйырғыш таяқша

Милиционер реттеуші туралы түсіндіру, қандай жағдайда олардың жұмыстары маңызды екенін түсіндіру, неге қажет екенін айту

Көлік туралы суреттер.

Қимылдық ойындар өткізу.

22

Жол үстіндегі қауіпсіздік

Балаларды көшеде болатын қауіпті білуге, бағдаршамның маңызын, жол белгілерінің маңызын біле білуге үйрету

Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас

23

Мектептен үйге қарай жол

Балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндіре отырып, жолдан өту, оң жақ, сол жақ қапталына көңіл аудару және жол белгілеріне мән беру.

Түсіндіру, сұрақ-жауап

24

Ойлан тап? Белгілерге көңіл аудар

Ойындар арқылы балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу, ережелер туралы білімдерін әрі қарай жалғастыру

Қимылдық, дидактикалық ойындар.

25

Серуен. Мақсатты серуен

Балалармен көшеге шығып, жаяу жүру тәртібін еске түсіру жол белгілерін ажыратып көрсету

Е.Б. көшесіне серуен

Түсіндіру, сұрақ-жауап

26

Жол жүру белгілері еліне саяхат

Өткен сабақтарын пысықтау, өткенді қайталау, белгілерді ажырату

Өткен сабақта ойнаған ойындарды қайталау

27

Бағдаршам. Жүргінші (сайыс)

Балаларды көше бойымен жол ережелерін сақтап, жаяу жүргіндер өтпесінен өтудің ережелерін сақтай білуді ескере отырып, шағын сайыс өткізу

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Дидактикалық ойын «Машина құрастыр»

28

Көшеде жүру ережесі (инценировка)

Жол жүру тәртібі туралы ережені тиянақтап, өзінің ойын дұрыс жеткізуге, дұрыс айтуға жаттықтыру

Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас

29

Практикада алған білімдерін тиянақтау

Өткенді қайталау

Бақылау жүргізу

30

Ең тәртіпті жүргінші

Көрініс арқылы жүргінші ережесін пысықтау

Сахналық қойылым

31

Бағдаршам ойыны. Ойыншықтарды қолдану арқылы

Ойыншықтарды қолдану арқылы балалар өздерінің көлікпен жүргенде қандай кедергілерді кездестірсе соны еске түсірту.

Дидактикалық ойын «Ойыншықтар әлеміне саяхат».

Түсіндіру, сұрақ-жауап

32

Қорытынды сабақ

Жыл бойы өткен сабақтарын пысықтау, өткенді қайталау, белгілерді ажырату.

Өткен сабақта ойнаған ойындарын қайталау.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Интерактивная игра «Волшебная радуга» нетрадиционные техники рисования (по сырому)

Задачи: закрепить представление о цветовом спектре, о последовательности цветов радуги, уточнить знания о теплых и холодных тонах; совершенствовать технику рисования по сырому....

Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры

Айналадағы қоршаған орта туралы  түсінік...

Буклет для родителей "Маков цвет" (техника рисования по сырому)

В данном буклете последовательно рассказывается о том, как рисовать красками по сырому. ...

Овощи нужно есть сырыми или готовить?

Мы постоянно твердим детям, что овощи очень полезны и нужны, чтобы вырасти большими и сильными. Того же мнения придерживаются диетологи и врачи, которые давно высоко оценили овощи за содержащиеся в ни...

Автоматизация звука Ш. При желании дифференциация С-Ш. Парочки "Мышки". Ребёнок "снимает" кусок сыра с полки и даёт один из вариантов ответа. 1. Мышка и мишка. 2. У мышки мишка. 3. Мышка с мишкой. 4. За куском сыра мышка с мишкой.

Автоматизация звука Ш. При желании дифференциация С-Ш.Парочки "Мышки". Ребёнок "снимает" кусок сыра с полки и даёт один из вариантов ответа.1. Мышка и мишка.2. У мышки мишка.3. Мыш...