Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
методическая разработка по математике (подготовительная группа) по теме

Таласбаева Айдана Сержанкызы

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға арналған әдістемелік нұсқау

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл matematika_razrobotka.docx76.26 КБ

Предварительный просмотр:

1,2-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік-аласа, кең-тар, үлкен-кіші, ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру;

ә) Пәнді оқытудың мақсаты — міндеттерін ұғындыру.

II. Жаңа сабақ мазмұны:

III. а) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).

Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т.с.с.

ә) Оқулықпен жұмыс.

1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінен биігірек, болмаса аласа т.б.

2. Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен тротуардың ені, ұзындығы қарастырылды. Көше кең. Тротуар тар.

3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі — үлкен, екіншісі — кіші. Үлкенінің бойы — кішісінен (немесе інісінен) биік, інісінің бойы — аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісінікі ағасына тар болатынын сұрақ-жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы — үлкен доппен, інісі кіші доппен ойнайды. Үлкен доп — футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажеттігі айтылады.

Доптар бір-бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ, киімдердің ұзын-қыскалығы, кең-тарлығы, үлкен-кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаш-тардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.

б) Ойындар.

Бұл сабақта "Өз үйіңді тап", "Үй тұрғызайық", "Сипаттамасы бойынша тап" деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.

в) Дәптермен жұмыс.

Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптерде берілген тапсырмалар орындалады. Онда торкөзді санап отырып, шыршаларды салып, биіктіктерін салыстыру қажет. Үйлердің қабырғасының еніне қарап кең-тарлығын анықтап, үзік сызықты бастыра жүргізді. Сол сияқты басқа берілген тапсырмалар осы үлгіні басшылыққа алады. Жаңа ұғымдарды меңгертуде дидактикалық материалды, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдаланып, балалардың танымдық қабілеттерін дамытады.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта бала өзін қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік — тынысынан биік-аласа, үлкен-кіші, кең-тар, ұзын-қысқа ұғымдарын танып-біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді.

3,4-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету:

Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

а) Математикалык, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.

ә) Сабаққа қажет құрал-жабдықтарды дайындау.

II. Жаңа сабақ мазмұны:

а) Жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстыратынын хабарлайды.

Ағаштың пайдасы, оның қолданылу аясы жайлы әңгімелейді. Ағаш діңдерін салыстырып, жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырады.

ә) Оқулықпен жұмыс.

Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке екенін ажыратады. Енді сол ағаш кесінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кесінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі — жалпақ, екіншісі жіңішке екендігін анықтайды. Жіңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақтау мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызғыштың жалпақтығы салыстырылады. Тапқышбек тапсырмасындағы балалардың киімдері (қалың-жұқа) үстел бетінің жалпақтығы, аяғының жуандығы салыстырылады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, езі салған заттардың қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын кез мөлшермен, әрі торкөзбен есептеп салыстыруды жетілдіреді.

Ойындар

"Өз пәтеріңе жайғас", "Өз үйіңді тап", "Қапшықтан неше ойыншық алдың?" ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дұрыс, орынды қолданып, торкөзбен жұмыс жасауға үйренеді.

5,6-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жоғары. Төмен, Оңжақта. Солжақта. Алдында. Артында. Жанында. Астында. Үстінде. Соңында. Арасында. Ішінде. Бірінші. Екінші. Жылдам. Баяу.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды кеңістік ұғымымен таныстыру, заттардың өзара орналасуын орнын ажырата білуге үйрету. Балалардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оң, сол, жоғары, темен ұғымдарына байланысты өлең-тақпақтар арқылы бой сергіту жаттығуын ұйымдастыру.

II. Жаңа материалдың мазмұны.

а) сабақты мектептің не балабақшаның спорт алаңына саяхат жасаудан бастаған жөн. Ондағы балалардың іс-әрекеті, орны жайлы әңгіме жүргізуге болады.

Сондай-ақ, сыныптағы заттардың орналасуы, оларды бір-бірімен салыстырғандағы орны сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

Оқулықпен жұмыс

Оқулық дәптердегі суретте балалардың іс-әрекеті мен орындары, доптардың орнына қарап сұрақ-жауап жүргізіліп жоғары, төмен, жанында, алдында, артында, оң жағында, сол жағында ұғымдарымен таныстырылады.

ІІ-суреттегі тұғырға қарап жүгіріп келе жатқан балаларды ретімен атау; бірінші, екінші.үшінші. Балалардың қимылдарына қарай жылдам, баяу екендігі айтылады.

ІІІ-суреттегі ұл бала мен қыз баланың іс-әрекетіне қарай бетінде, үстінде, астында ұғымдарымен танысады.

"Шалқан" ертегісінің мазмұны ашылып, ондағы атасы, апасы, немересі, күшік, мысық, тышқанның орнын ажыратып, арасында, ортасында, соңында ұғымдары түсінуді тереңдетеді.

Дәптермен жұмыс

1 .Торкөзді салып, бояу.

2. Торкөздің оң жағындағысын — қызыл, сол жағындағысын көк түспен бояу.

3. Торкөздің жоғарғы жағындағысын — жасыл, төменгі жағындағысын сары түспен бояу.

4. Торкөздің оң, сол, жоғарғы, теменгі жағындағыларын әрбір бала езіне ұнаған бояуды пайдаланып бояйды.

5. Дөңгелектерді де өзіңе ұнаған бояумен боя.

6. Берілген геометриялық фигураларды ретімен салу.

Ойындар

Жоғарыдағы ұғымдарды меңгерту мақсатында "Орнын тап", "Қөл соғу", "Қалай жүріп, нені тапқың келеді?" ойындарын пайдалануға болады.

Қорытынды

Балалар, бұл сабақта заттардың кеңістікте өзара орналасуы мен орнын ажыратып, ұғымдарды дұрыс пайдаланып, торкөзбен нақты танысып, ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

7, 8-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру.

Сабақтың мақсаты:

Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көп-аз, артық-кем, сонша ұғымдарымен таныстыру. Саны бір-бірінен артық-кем заттарды теңестіруге үйрету. Теңестірудің екі жолын практикалық жолмен меңгерту. Сонша, қанша болса, сонша ұғымдарын игерту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Қажетті материалдарды дайындау.

б) "Санамақ" жаттау.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

а) Сыныптағы парталарды, заттарды, т.б. санау.

ә) Заттардың санының көп-аздығын, тең екендігін анықтау.

Оқулықпен жұмыс

Оқулық дәптердегі сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру. Неше сәбіз? (алты), неше бұрыш? (төрт). Сәбіз көп пе, әлде бұрыш көп пе? (сәбіз көп, бұрыш сәбізге қарағанда аз).

Қайсысы артық? Қайсысы кем? (сәбіз артық, Бұрыштың саны кем), Сәбіздің бұрыштан қаншасы артық? (екеуі). Бұрыштың сәбізден нешеуі кем? (екеуі).

Помидор мен қиярдың санын салыстыр. Помидор — алтау, қияр да алтау. Помидор қанша болса, қияр сонша, екеуінің саны бірдей немесе тең. - Сәбіз бен бұрыштың санын қалай теңтестіруге болады? Деген сұраққа балалардың ізденіс жұмысын ұйымдастыру керек. Сәбіздің бұрыштан екеуі артық, бұрыштың санын сәбізге теңестіру ушін екі бұрыш қосу немесе бүрыштың санына теңестіру үшін екі сәбізді алу керектігін балалардың өздеріне тапқызған дұрыс.

Сәбіз бен бұрыштың санын теңестіргенде неше сәбіз болса, сонша бұрыш болады деген уғымды балалардын, түсініп білгені жөн.

Кекеністердің әрқайсысының санын тауып, оны санына қарай тиісті қораптарға салдыру жұмысын жүргіземіз.

Мысалы: Төрт помидор оларды төртінші қорапқа салуға болады, т.с.с.

Дәптермен жұмыс

1. Геометриялық фигуралардың санын салыстырып, тиісті түспен бояу.

2. Геометриялық фигуралардың санын теңестіру.

3. Ыдыстардың әрқайсысының өз қақпағын тауып, сызық арқылы қосу.

4. Үшінші қатардағы сұрақ белгісінің орнына әр қатардағы ыдыстардың сиымдылығы бірдей болса, қандай ыдыс тұратындығын табу.

Екі торсықтың сиымдылығы бір торсық пен 4 кесеге тең болса, сұрақ белгісінің орнына 1 торсықтың суретін салу керектігін балалардың өздеріне тапқызу керек.

Сабақты "Көп — аз, бір", "Қай қолымда кеп" ойындармен қорытындылауға болады.

Қорытынды

Сабақта заттарды санына қарай салыстыру арқылы олардың бір-бірінен артық-кемін, қайсысының көп-аздығын, оларды теңестіру жолдарын, сонша ұғымының тең деген ұғыммен пара-пар екендігін үйренеді.

9, 10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 1 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

Бір саны және цифрымен таныстыру. Kөп ұғымынан бірді бөліп алу. Бір цифрын жазуға үйрету.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Санға байланысты елең-тақпақтар оқу.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сан ұғымына шамаларды салыстыру арқылы келу — дамыта отырып оқытудың бірден-бір жолы. Сондықтан бір санын көптен бөліп алу, көптің ішінде ерекше белгісі бар, өзгеше затты беліп алуға, салыстыруға үйрету қажет.

Оқулықпен жұмыс.

Балалардың зейіні жеміске аударылады. Сурақ-жауап арқылы көптің ішінен бірді беліп алу кезделеді.

Сурет бойынша қанша алма? (көп). Оның ішінде өзгешесі бар ма? (Бар. Бір алма жапырағымен үзілген). Алмұрт қанша? (көп). Алмұрт түсінде қандай өзгеріс бар? (Kөп алмұрт, оның біреуі көк алмұрт). Сол сияқты көп жапырақ, оның біреуі көк жапырақ; көп алхоры, оның біреуі көк алхоры.

Сонымен бір алма, бір алмұрт, бір алхоры, бір жапырақ көптің ішінен өзіне тән ерекшелігіне қарай бөлініп алынады. Бір деген сөзді бала өзі айтуы керек.

Геометриялық фигураларды бір үшбұрыш, бір шаршы, бір дөңгелек, бір текше деп санап шығады.

Ұғымды бекіту үшін "Күз сыйы деген сюжет бойынша әңгіме жүргізіледі. Мысалы: Арман бақшадағы көп асқабақтан біреуін үзіп алды. Сондай-ақ, бір қияр, бір помидор, бір сәбіз, т.б. деп ұғымды қайталап тиянақтайды.

Дәптермен жұмыс.

Оқулық дәптердегі практикалық тапсырмада көрсетілген үлгідей орындауларына болады. Көкеністердің әр түрінен бір-бірден алып, қорапқа салу керек.

Бір цифры неге ұқсайды? Деген сұрақ қойылады. Жауап: таяқшаға, бағанға.

1. Бір цифрын жазуға жаттықтыру үшін алдымен ауада жазу.

2. 1 цифрын жазудың алгоритмімен таныстыру.

3. Дәптердегі үлгі бойынша таяқша салу (бір жолға).

4. 1 цифрын жазу.

5. Торкөздегі 1 цифрының санына тиісті бір заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті цифрды қою.

Бұл сабақта Бұлжылтпаспен, оның жұмыс атқару негізі мен (принцип) алғаш танысады. Бір санын өткенде Бұлжытпас бір қадам басады. Ол тапсырма орындағанда бір-ақ торкөзге жылжитыны, торкөздің алдындағы кедергіні аттап өте алмайтындығы түсіндіріледі. Құмырсқаның илеуі қайда, қанша қадам жасағанда торкөзді санап отырып жетендігіне түсініп, жауап беруі керек.

Ойындар

Бұл сабақта "Көп-аз, бір", "Қай қолымда зат көп" ойындарын, дидактикалық материалдың сериясын пайдаланып ойындар ойнатуға болады.

Сабақта 1 санының пайда болуы, 1 цифрымен танысып жаттығулар толықтырылып, өзіндік жұмыстар арқылы ұғымдарды бекітеміз.

11, 12-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

2 саны мен цифры. Қосу, азайту амалдары.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды 2 санының пайда болуы, 2-нің алдындағы санды шығарып алуға үйрету. 2 саны мен азайту амалдарымен таныстыру. 2 цифрын жазуға үйрету.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру. а) 1 санының пайда болуы.

ә) 1 цифры

III. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сабақты "Жыл құстары" тақырыбына байланысты әңгімеден бастаған жөн. 2 санынан бұрын "қосу" амалымен танысады. Бұтада бір торғай отыр еді, оған біреуі ұшып келіп қосылды. Сонда неше торғай болды. (екі). Бірге бірді қосқанда екі болады.

Екі араның біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? (Біреуі). Екіден бірді алғанда бір қалады. Сөйтіп, "азайту" амалымен танысады. Бірден кейінгі сан — екі, екінің алдындағы сан — бір. Екі санының пайда болуы текшелер арқылы көрсетілген. Бір көк текшеге бір қызыл текшені қоссақ, екі текше болады. Екі шардың біреуі жарылып еді, біреуі қалды.

Екі таяқшадан не құрастыруға болады?-деген сұраққа жауап ретінде практикалық жұмыс жүргізіледі. Балалар екі таяқшаны пайдаланып, өз беттерінше құрастырумен айналысады.

"Аулада" атты тақырыпқа берілген сурет бойынша балалар әңгімелеп жаттығады. Екі қүс ұшып жүр, Тауықтың екі балапаны бар. Екі үйрек жүзіп жүр т.б. сөйлемдер құрап, өздерінің ойларын математикалық жүйеде әңгімелейді.

Өзіндік жұмысты орындауда үлгіде көрсетілгендей әр қорапқа екі балапаннан салу керек.

2 цифры неге ұқсайды? (Аққудың мойнына).

2 цифры. Оны жазу алгоритмімен таныстырылады. 2 цифрының баспа түріндегі элементтерін үзік сызықты бастыра жүргізіп жазуды 2 цифры үлгідегідей бір жолға жазылады. Дамытушылыққа берілген тапсырмада 2 санының қасына екі заттың суреті салынып, суреттің саны жанындағы бос орынға жазылады.

Бұлжытпастың тапсырмасы бойынша құрбақа, инелікке жеткенше қанша қадам аттайтынын табады.

Бұл сабақта 2 санымен, цифрымен, қосу және азайту (+,-) амалдарының таңбаларымен таныстыру көзделеді.

13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты:

2 санының құрамы, - + - = таңбаларымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру. а) 2 санының пайда болуы. ә) 2 цифры.

III. Жаңа материалдың мазмұны.

Оқулықпен жұмыс.

Сабақты «Үй қустары» тақырыбына байланысты әңгімеден бастаған жөн.

Сурет бойынша есеп құрастыру. Бір тауыққа бір тауық келіп қосылды. Қанша болды? (Екі).

Екі жұмыртқаның біреуін алсақ, қанша қалады? (Біреуі).

Сол сияқты үйрек пен қаздың суретін пайдаланып есептер құрастырамыз.

Доп, үшбұрыш, шаршыларды бір-біріне қосу арқылы теңестіріледі. 1 = 1. 2=2.

Балапандардың санын салыстырамыз. Ортасына тең таңбасы қойылып, Қарындаштың тапсырмасы бойынша 1,2 цифрларын жазу, теңестіру жұмыстары орындалады.

Дәптермен жұмыс

Қарындаштың тапсырмасы +, -, = таңбаларын бастыра жүргізу. Геометриялық фигуралармен амалдың үлгідегідей нәтижесін сурет арқылы көрсету.

1,2 цифрын балалардың қолын жаттықтырып жаздырып, өзіндік жұмыстарды орындауда қустардың геометриялық фигуралар арқылы салынған бейнесінен бірдей екі құсты тауып, дөңгелектеп қоршау.

Қарындаштың тапсырмасы бойынша дөңгелектерді екі-екіден көк, жасыл, қызыл түспен бояту керек.

Ойындар

Сабақта "Жубын тап", "Дүкен", "Сен де сонша көрсет". Ойындарын пайдалануға болады.

Сабақта 2 санының құрамы. Тең ұғымы +, -, =, таңбаларымен таныстыру көзделеді.

14-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 0 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты:

0 саны мен цифрымен таныстыру. 0 санының пайда болуы, орны туралы мәлімет беру. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдың мазмұны.

Бұл сабақ "Жайлауда" деген тақырыпта құрылған. Балалардың зейінін бірінші суретке аудару. Киіз үйге мән беру, енді II суретпен салыстыру. Не езгерді? (Үй жоқ), Сол сияқты 3 және 4-суреттер салыстырылады. Не езгерді? Екі қозы қыр асып кетті, яғни жоқ.

Олай болса, 1-1=0, 2-2=0.

0 саны жоқ, бос деген мағынаны береді. 0 ұғымын қалыптастыру үшін, асықтармен есеп құрастырып жаттықтыруға болады.

Суретте не өзгерді? Бұтақтың екі жапырағының біреуі ұшып түсті. 2-1=1. Қалған бір жапырақ жерге түсті. 1-1=0. Бұтақ жапырақсыз қалды.

Сондай-ақ, келесі тапсырмада 0-дің пайда болуы қайталанады.

0 саны 1-ден кем, яғни 1-дің алдында болады.

Өзіндік жұмысты геометриялық фигуралардың астына бос орынға тиісті санды қойып орындайды.

0 санының таңбасымен таныстыру. 0 саны неге ұқсайды? (Жұмыртқаға, допқа, т.б.)

0-ді үлгідегідей, бастыра жазып үйренеді.

Қарындаш пен Бұлжытпастың тапсырмаларын орындау. "Қандай таңба" ойыны арқылы 0 саны мен цифрын бекітеміз.

Бұл сабақта 0 саны оның таңбасы пайда болуы таныстырылады.

15,16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

3 саны. 3 цифрымен таныстыру. 3 санының пайда болуы. Жеке оның құрамымен таныстыру. 3 келемінде қосу, азайту амалдарын орындау. Есеп құрастыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдың мазмұны

Сабақты "Үй жануарлары" тақырыбына сәйкес әңгімеден бастаған жен. Үштің пайда болуы сурет бойынша түсіндіріледі. Екі түйеге бір түйе келіп қосылғанда қанша болады? (Үш). Үш қойдың біреуі еріске кетті. Нешеуі қалды? (Екеуі).

Қамшылардың түріне қарай есеп құрастырады. (2+1). Үш кесенің біреуі құлап кетті. Нешеуі қалды? (Екеуі). Балалар шұбат, ірімшік санын анықтап алып есептер құрап жаттығады.

Үш таяқшадан құрастыру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндіктерін байқаймыз.

Үш санының пайда болуына байланысты алған ұғымдарын бекітіп, математикалық жүйеде әңгіме құрастырады. Тура, кері санап, 3 санын тиянақтайды.

Дәптермен жұмыс

1. 3 цифрын жазу.

2. Берілген тапсырмалардың нәтижесін табу.

3. Геометриялық фигураларды ретімен жалғастырып салу.

4. Бос орындарға әр баған мен жатық жолдарға тиісті геометриялық фигураларды тауып салу.

Тапқышбектің тапсырмасында "Не артық?" деген сұраққа жауап іздеу. Жауап: үйрек. Қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады? (Төрт түлік, телдер, үй жануарлары).

Сабақта "Ұқсастығын тап", "Қашқан сандар", "Бірде бір" ойындарын пайдаланамыз.

Сабақта 3 санының пайда болуы, құрамы, 3 цифрымен таныстыру, төрт түлікке деген сүйіспеншіліктері қалыптастырылып, әңгіме, ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел т.б. беріледі.

17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты:

4 санының пайда болуы, құрамы, 4 цифрымен таныстыру. 4 цифрын жаза білуге үйрету. 4 саны құрамына есеп құрастыруға дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сабақ "Тірі табаиғат мүйісі" тақырыбына арналған әңгімеден баста-лады. 4 санының пайда болуы аквариумдағы балық арқылы, 4-тің алдындағы сан ұғымы тордағы қояндармен түсіндіріледі.

Сәбіздің суреті, оларға амалдар (+,-,=) қолдану арқылы 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанады.

Төрт таяқша арқылы әр түрлі құрастыру жұмысы жүргізіледі. 4-санының құрамын ажырату. Сан қатары: 1,2,3,4. Тура және кері санау.

Дәптермен жұмыс

4 цифрымен таныстыру 4 саны неге ұқсайды? (Төңкерілген орын-дыққа). Үзік сызықтарды бастырып 4 цифрын жаздыру. 4-тің пайда болуы мен оның алдындағы санға байланысты есеп шығару. 4 саны құрамын дөңгелектермен толықтыру. 4 санына ойша есептер құрастыру.

Қарындаштың тапсырмасын орындауда тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу. Төрт түлік, төрт кітап, дүниенің 4 бүрышы, жылдың 4 мезгілі, т.б. мағлұматтар беру.

"Сабақта "Поезд құрастыр", "Доп лақтыру", "Қалт етпей қағып ал", т.б. ойындар жүргізіледі.

4 санын түсіндіруде баланың табиғатқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін оятып, өзін қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеп, адамгершілік, имандылық негіздерін қалыптастырамыз.

18-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

5 саны. 5 цифрымен таныстыру.

5 санының пайда болуы, оның құрамына, есеп құрастыру. Есептеу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдардың мазмұны

Сабақ "Орманда" атты тақырыпта өрбітіледі. 5 санының пайда болуы, 5-тің алдындағы сан түлкі мен тиіннің әрекеті бойынша анықталады. Жаңғақтар мен саңырауқулақтар арқылы 5 санының құрамын біліп, бос орындарға балалар тиісті санды қояды. Таяқшалар арқылы әр түрлі пішіндер құрастырады.

5 санының құрамын ажырату.

Сан қатары: 1,2,3,4,5. Кері санау.

5 цифры, оның баспа түріндегі таңбасымен таныстыру. 5 цифрын жазу, есептер құрастыру.

Сабаққа "Дүкен", "Дабыл қағу", "Кім алғыр" ойындарын ұсынамыз. Бұл сабақта Оқулық дәптерді пайдаланып, берілген суреттерге әңгіме, ертегі, есептер құрастырып 5 санын бекітеміз.

19, 20-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Салыстыру >,< таңбалары.

Сабақтың мақсаты:

Заттарды санына қарай салыстыру, >,< таңбаларымен таныстыру. Сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстыруға үйрету.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру.

а) Заттардың санын салыстыру.

ә) Артық, кем, ұзын, қысқа, тең ұғымдарын қайталау.

III. Жаңа материалдардың мазмұны.

Сабақты "Ертегілер әлемінде" деген тақырыпта әңгімелеп, ертегілерді ескетүсіру. "Қасқыр мен қоян" "Бауырсақ", "Бес ешкі". "Қасқыр мен түлкі", "Крокодил мен қалқанқүлақ", "Ешкі мен қасқыр" т.б. Осы ертегілердегі жан-жануарлардың дене мүшелерін, мінез-құлқын салыстыру.

Ойыншықтардың санын салыстыру. >,< таңбаларын қалыптастыру. Шелек пен доптың, ойыншық ат пен түйенің санын салыстырып, артық, кем, тең ұғымын пысықтау.

Өзіндік жұмыста геометриялық фигуралардың санын анықтап, тиісті таңбаны қою.

Оқулық дәптердегі кестеде көрсетілген үлгіге қарап жеміс, көкөністердің санына сәйкес нүктелер салып, нүкте санын цифрмен таң-балау.

Қалтқыдағы геометриялық фигуралардың санына, түсіне қарап, қал-тқының екінші басына геометриялық фигураның суретін салып, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырады. Бұл сабақта заттардың санына қарай артық-кемін тауып, >,=, < таңбаларын түсініп, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті теңестіріп, салыстыру тақырыбын бекіту көзделеді.

21 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау, білім байыту сабағы.

Сабақтың мақсаты:

1-ден 5-ке дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру.

а) 2-ден 5-ке дейінгі сандардың құрамы. ә) 1-5 дейінгі сандардың қатары.

III. Өтілген материалдарды бекіту жұмыстары.

а) Оқулық дәптердегі үйдің, ондағы жануарлардың орналасуына қарай олардың әрқайсысының қай қабат, қай пәтерде тұратынын анықтау.

ә) жануарлардың қайсысы қайсысымен көрші немесе бір қабатта туратынын түсіндіру.

б) Домино тасына қарап бестің құрамын ажыратып, бос орынға нүктелеп тиісті санды қою.

в) 1-ден 5-ке дейінгі сандардың теріс жазылғандарын дөңгелектеп қоршау.

г) Үйшіктің қандай геометриялық фигуралардан құрастырылғанын ажыратып, бос орындарға олардың санын қою.

ғ) Бағыттаушы сызықтың бағытына қарай бос торкөздерге оның бағытын көрсете отырып жалғастыру.

д) Сандардың алдыңғы және өзінен кейінгі көрші санын табу.

е) Көбелектің салынбаған жартысын тауып, екінші жартысын бояу.

Бұл сабақ балалардың білімдерін бекітуге мүмкіндіктер беріп, бала мен табиғат арасындағы өмір құбылыстарын таныстырып, бақылатып, олардың ақыл-ой қабілетін дамытады. Балалардың еңбекке, табиғатқа жан-жануарларға деген жауапкершілігін қалыптастырып, оны терең сезіне білуге, жануарларға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

6 саны, оның цифрымен таныстыру. 6 санының пайда болуы. Оның құрамы. Қосу азайту таңбаларын қолданып, 6 көлемінде есептер құрастыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру. Ойындар арқылы өтілген сандар мен цифрларды қайталау, құрамдарына мән беру. Есеп-шоттың 5 тасына тағы 1 тас қосу, 5 саусаққа бір саусақ қосқанда 6 саны шығатынын, оның құрамында алты бірлік болатынын түсіндіру, цифрын баспа түрде таңбалай білуге үйрету.

Оқулықпен жұмыс.

Есепшоттың тастарын санау, сағатпен уақытты бағдарлау. Суретте тізілген үшбұрыштың нешеуі боялған және қандай?

Ақтиіннің неше жаңғағы бар? Енді біреуін қосып еді нешеу болды? Торкөзді пайдаланып, қосу амалына есеп шығар, Нешеуі қалды?

6 торғайдың біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? Торкөзді пайдаланып, есеп шығару арқылы анықтау. Жаттығу жұмыстарын балалардың өздеріне таныстыру. Парталас балалармен ақылдасып, сөйлесе отырып, есеп шығаруға бағыттау.

Келесі тапсырма құрастыру жұмысы.

6 таяқшаны пайдаланып, үлгі бойынша құрастыру. Балалардың өз шығармашылығына ерік беру. Оқулық дәптерде берілген тапсырмаларды балалар өздері орындайды. Тәрбиеші-педагог бағыт береді.

Тапсырмалар орындалғаннан кейін, балалар 6 саны, оның цифры, құрамымен танысып, көптеген мағлүмат алып, естеріне сақтап, есеп шы-ғаруда еркін қолдана алады. Бұлжытпас 5 санын артқа тастап, 6 санына келіп тоқтайды.

Балалар 1-ден 6 дейін оңға қарай тура және оңнан солға қарай кері санайды.

Дәптермен жұмыс:

6 саны неге ұқсайды? Оның таңбасын жазу, жазуға үйрету.

Өзіндік жұмысты орындап, жаңа өтілген сабақты пысықтау.

"Алдыңғы көршісін тап", "Кім жылдам?", "Не естідің?" ойындарын пайдаланып, алты санына байланысты дидактикалық материалдар сериясын қолданамыз.

23, 24-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

7 санының пайда болуы, 7 цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру. а) 6 ға дейін тура, кері санау. ә) 6 санының құрамы.

III. Жаңа материалдың мазмұны.

а) Сабақ "Төлдерге қамқорлық" тақырыбына түсінік беруден басталады. 7 санының пайда болуы суреттегі қозылардың санына қарай анықталады. 7-нің алдындағы санды шығару өтілген сабақтардың негізінде жүргізіледі. Бала 7 қозыны екі қораға қалай бөледі? - деген сұраққа жауап алынады. (6+1, 5+2, 4+3). Ал 6-ты бұзауды қалай бөлеміз? (5+1, 4+2, 3+3).

Сан қатары: 1,2,3,4,5,6,7, тура, кері санау. ә) 7 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастыру.

б) 7 санының құрамын ажырату.

Дәптермен жұмыс

1) 7 цифрымен таныстыру. 7 цифры неге ұқсайды? (Шалғыға).

2) 7 цифрын жазу алгоритмімен таныстыру.

3) "Жеті лақ" ертегісінің мазмұнын айту, 7 цифрын жазу.

4) 7 санының құрамын ажыратып, тапсырманы өз бетінше орындату.

5) Геометриялық фигуралардың орыны қалай ауыстырылғанын ба-ғыттаушы сызық үлгідегідей көрсету.

6) Көбелектің суретінін жартысын салып, аяқтап оны бояу.

Яғни 7 санына байланысты: 7 күн, 7 қат аспан, 7 түс, 7 шелпек, 7 ата ұғымдарын түсіндіру.

"Нешеу?" деген сұраққа жауапты 1-ден 7-ге дейінгі сандарды қолданып жауап беруге болатынын айту. Бұл сабақта балалар қазақ халқының күнделікті тәлім-тәрбие жұмысында кездесетін (7 апта, 7 күн, 7 шелпек) т.б. ұғымдарды түсініп, халықтың өмірі, оның әдет-ғұрпы жөнінде ойлау жүйесі, дүние танымы кеңейеді.

25-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

8 санымен, оның цифрымен таныстыру. Өткен сабақтағы 7 санына 1-ді қосып, 8 санын алуға болатынны түсіндіру. "+", "-" таңбаларын пайдаланып сегізге дейінгі көлемде жазбаша, ойша есептер құрастыру. Тура және кері санау. 8 санын қос қошқар мүйіз өрнектерін балаларға көрсете отырып, естерінде сақтау жұмысын жүргізу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

Өткен сабақтарды қайталап, қандай цифрлармен танысқандарын, Олардың әрқайсысының неге ұқсайтынын, неше бірліктен құралатынын еске түсіріп, жаңа өтілетін санды үйретеміз. Өткен сабақтардағы есепшот тастарын пайдаланып, уақытты бағдарлау геометриялык, фигура үшбұрыштар тізбегінде неше үшбұрыш боялғанын анықтап 8 санын игереміз.

Суреттегі өрнек таңбаларымен таныстырып, олардың мағынасына мән беріледі. Оқулық дәптердегі өрнек таңбалар арқылы балалар есептерді шығарып, торкөздерге жазады.

Жаттығу жұмысы кезінде солдан оңға қарай, тура және оңнан солға кері санайды.

Сегіз таяқшаны пайдаланып түрлі заттар құрастырады, қандай геометриялық фигураларды, денелер, силуэттер пайда болғанын айтады. Бұл таяқшалардың сиқырлығын түсіндіреді.

Сандарды бір-біріне қосып, 8 санының құрамын анықтап торкөзге жазады.

Балалардың 8 санымен, оның цифрымен танысқанын, берілген тапсырманы тиянақты орындаудағы деңгейлеріне риза болған Бұлжытпас, көтеріңкі көңілмен, 7 санын артқа тастап, 8 санының үстіне келіп тоқтайды.

Дәптермен жұмыс

8 санын бастырып жазуды үйрету. Оқулық дәптердегі өзіндік жұмыстар тапсырмасын орындап, есептер құрастырып оны (ауызша, жазбаша) шешуді. Өзіндік жұмысты дұрыс игерген бала келесі тапсырманы орындайды. Сол жақ бұтада дөңгелек, ал оң жақ бұтада буылтық шарлар бейнеленген. Яғни сол жақтағы бұтақтарға дөңгелек шарлар салынып, оң жақ бұтақтарға буылтық шарлар салынады. Көрсетілген түспен бояйды. Балалар бір түсті шарлар нешеу екенін анықтап, түр-түстеріне тоқталады.

"Шешуін кім табады?", "Көршісін тап", "Қай сан жоқ?" ойындарын ойнатып, дидактикалық материалдар сериясын пайдаланады.

26, 27-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

9 саны, оның цифрымен таныстыру, 9 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. Ою-өрнектерді пайдаланып, екі санды қосу арқылы 9 санына жету. 9 санынан бастап бір-бірден шегеріп отырып, кері қарай 0-ге дейін, 0-ден 9-ға дейін ауызша, жазбаша тура санай білуге үйрету. 6 санын төңкерген кезінде 9 саны пайда болатын, өрнектерде осы санның орны ауысып кетсе, амалдар дұрыс шықпайтынын түсіндіріп, балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

Түрлі ойындар, қызықты тапсырмалар беріп 9 санына дейін өтілген сандарды қайталау. 1,2, 3,4,5,8 цифрын жазып, 5-ке 3-ті қосса қанша болады. 5-тен 3-ті алса қанша қалады? Ал 8 санына 1-ді қосып едік қандай жаңа сан пайда болады? Қане, кім табар екен?-деген қызықты сұрақтармен алға жетелеп балалардың белсенді қызығушылығын қалыптастырамыз.

Жаңа ұғымды есепшоттың тастарын санап, уақытты бағдарлап, гео-метриялық фигура үшбұрыштар тізбегінде неше үшбұрыш боялған, түстері қандай, суреттегі 8 гүлге 1 гүлді қоссаң қандай сан шығады? деген түсінік береміз.

Жаттығу жұмыстарын орындап, есептер құрастырады. Тура және кері санайды.

Таяқшаларды пайдаланып, құрастыру тапсырмасын орындаймыз. Та-яқшалар саны міндетті түрде 9 болуы керек.

Суреттегі 1,2,3 дөңгелектерді бір-біріне қосып, соған сәйкес есептер құрастыру, шешуін табамыз.

Бұлжытпас балалардың біліміне, адамгершілік қарым-қатынастарына, еңбегіне, риза болып, 8 санын артқа тастап, жаңа 9 санына барып тоқтайды.

Дәптермен жұмыс

9 санының таңбасын, яғни цифрын жазып үйрету. Нүктелерді бастыру арқылы жаңа санды жазып, балалардың ізденісіне жол беріледі. Геометриялық үшбұрышқа есептер құрастырылып. Ою-өрнектердің түстерін ажыратады.

Қоян сәбізге жету үшін неше қадам алға жүру керек? Алдында кедергі тұр, қалай жүріп өтеді? деген жан-жақты дамыту сұрақтарымен баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндіктерін ашамыз.

28, 29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 10 саны.

Сабақтың мақсаты:

10 санының пайда болуы, таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын ажырату.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру. а) 9 санының құрамы.

ә) 9 - бір таңбалы сандардың ең үлкені.

III. Жаңа материалдардың мазмұны.

Бұл сабақты "Спорттық ойындар" тақырыбымен байланыстырып, ба-лаларға дене мәдениеті жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылатын қызықты әңгімеден бастаған жөн.

Сапта неше бала түр? (Тоғыз бала). Оған бір бала келіп қосылды, сонда қанша болды? (Он). Он саны екі цифр арқылы (1 және 0) былай (10 жазылады. 10-екі таңбалы сан.

Балалрдың зейіні 2-суретке аударылады. Спортшылардың нөмірі, реті аталады. (Бірінші екінші, алтыншы). Келесі спортшының нөмірі нешінші? (Жетінші). Келесінікі ше? (Сегізінші, тоғызыншы, оныншы).

Біз сыныпқа 6 көк, 4 қызыл шелек сатып алдық. Барлығы неше шелек болды? Балаларды шабыттандырып, есептің қызықты әрі пайдалы болуын кездеп тәрбиеші-педагог балалармен бірге есептер шығарады. Екінші есепте балалардың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын кеңейту көзделеді.

1-ден 10-ға дейін тура және кері санату.

10 таяқшадан суреттегі үлгіге қарап әртүрлі геометриялық фигуралар құрастырады. Бұл тапсырмаларды баланы "дәл осындай" деп шектемей өзін еркін сезінумен, шығармашылық ізденіске еркіндік беріледі.

Бұлжытпастың тапсырмасында қозы өзінің енесіне жету үшін неше қадам жасайды? Кедергіні аттап ете алмайтындығынан айналып ететіндігі ескеріледі.

1) 10 санын жаздыру.

2) 10 санының құрамын балалар өздері тауып, бос орындарға тиісті сандарды қойып есеп шығару тапсырылады. Енді оған кері амал орын-далады, шыққан нәтиже 10 санымен салыстырылады.

3) Геометриялық фигура үшбұрыштардың түсіне қарап, 10 санының құрамын ажырату.

4) 10-ның құрамын ойша толықтыру.

5) 10-ға дейін тура және кері санап, бос орындарға тиісті санды қою.

6) Шаршылардың санын 10-ға толықтырып тиісті түспен бояу.

Бұл сабақта 10 санының пайда болуы, оның құрамы, таңбалануы көзделеді, балалардың ойлау білу және өзіндік пікір айту қабілеттері дамытылады.

30-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

10 көлемінде сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстыру дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен материалдарды еске түсіру.

а) Ауызша есептеу дағдысын қалыптастыруға берілген жаттығулармен жұмыс жүргізу.

ә) 10 санының құрамы.

б) 10 келемінде сандарды салыстыру.

III. Жаттығу жұмыстары.

1) Суреттегі үлгіге талдау жасай отырып, қалтқыда отырған қуыр-шақтардың теңсіздіктерін балалардың өздері табады.

2) Қалтқыдағы шаршыларды түсіне, орналасуына қарай сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырып, тиісті таңбаны қою.

3) Сол үлгідегідей балапандардың санын салыстырып соған сәйкес өрнек құру.

4) Қалтқының екінші бас жағына астындағы таңбаға байланысты санын сәйкестендіріп, геометриялык, фигуралардың суретін салу.

5) Бір-бірімен қиылысқан екі деңгелекте берілген санды өрнектердің мәнін тауып, нәтижелерін салыстыру. Екі дөңгелектегі өрнектің мәндері бір-біріне тең болатындай нәтижелерін тауып екеуінің қиылысына жаздыру.

Бұл сабақта 10 көлеміндегі сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстырудың әр түрлі жағдайын қарастырып, баланың сабаққа қатысуы, тапсырманы орындауы, ынтасы артатын қызықты тапсырмалар берілді.

31, 32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сан құрамы.

Сабақтың мақсаты:

Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасату. Құрамын анықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.

Ақыл-ой белсенділігін күшейту, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мазмұны.

а) Өтілген сандарды еске түсіру.

ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

III. Жаңа материалдардың мазмұны.

"Кершісін тап", "Қай сан жоқ?" "Жарыс", "Кім шапшаң?" сияқты ойындар ойнатып етілген сабақтардағы сандарды еске түсіріп балалардың белсенді қызығушылығын дамытып, берілген білімді меңгерту.

Оқулық дәптердегі тапсырмаларды орындау. Толықтыруға берілген тапсырмада ортада жазылған санның берілген санға қандай санды қосқанда шығатынын анықтап, торкөзге жазу. Жұмыс барысында Тапқышбек, қадағалап тұрғанын балаларға ескерту.

Суреттегі дөңгелектерді түстеріне қарай сұрыптап, есептер құрастыру. Олардың нәтижелерін шығарып, торкөздерді толтыру. Балалар өз еркімен жұмыс атқарады. Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау. Келесі тапсырма үйдің қабырғасында көрсетілген. Өрнектің мәні үйдің шатырында берілген. Мәні шатырда көрсетілген санмен сәйкес келмеген санды, өрнекті суреттегідей деңгелектеп қою керек. Келесі тапсырма суреттің қатесін табу.

Бұлжытпас, раушан гүлін шелектегі суға салу үшін кедергілерден қалай жүріп етеді? Неше қадам жол жүреді? Тәрбиеші-педагог балаларды шабыттандыратын, ықласын оятатын тапсырмалар беріп, сабақты өрбітіп, түрлендіруіне әбден болады.

33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп құрастыр, оны шығар.

Сабақтың мақсаты:

Суретті пайдаланып есептер құрастыру. Оның нәтижесін табудағы ең басты мақсат - баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу, көзімен көргенін есінде ұстап, тіл, сөз арқылы ойын айтып, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мазмұны.

Баланы сурет бойынша сөйлету. Суреттерден торғайларды көріп тұрмын. Торғайлар өте көп. Олар бұтақта отыр. Мен торғайлар туралы тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш білемін, есеп құрастырамын:

Сол жақтағы бұтақта 4 торғай отыр еді, оң жақтағы бұтаққа тағы да екі торғай ұшып келіп қонды. Ендеше, 4 торғай+ 2 торғай= 6 торғай. Басқа тапсырмаларда осылай орындалады.

Қол жаттықтыру жұмысында бала қасындағы парталас досымен әңгімелесіп, жәй дауыспен естірте сөйлеп берілген жұмыстарды орындауға болады.

Тәрбиеші-педагог үлестірмелі материалдарды таратып, балалардың математикалық, тілдік деңгейін тереңдетеді.

34, 35-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауыр. Жеңіл. Сусымалы заттар. Сұйық заттар.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды таразымен, жалпы таразы түрлерімен таныстырып, пай-далана білуге тәрбиелеу. Заттардың ауыр, жеңілдігі олардың аз-көптігі, үлкен-кішілігіне байланысты емес жағдайлар кездесетінін тәжірибе жүзінде көрсету. Заттың салмағын көз мөлшермен, қолмен салмақтап көріп, білуге болатынын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мазмұны.

Сабақты "Көкөніс дүкенінде" тақырыбымен байланыстырып бастаған жөн. Таразымен таныстыру, масса - заттың өзі турған орнына түсірген қысымы екендігін түсіндіру.

Сабақты практикалық жұмыспен өткізген тиімді. Суретте көрсетілген көкөністерді шындығында таразыға тартып, балалар ауыр —жеңіл ұғымын нақты түсінеді. Заттардың саны бірдей болғанмен, бір зат өзінің бірнеше заттан ауыр болатынын саналы ұғындыру. "Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл?" сұрақтары арқылы әртүрлі көкөністерді таразыға салып анықтау.

Саны бірдей, масалары әр түрлі; саны әр түрлі, массалары бірдей т.б. жағдайлар ескеріледі. Теңестіру үшін екі түрлі жағдай қарастырылады, жеңіл жағына қосу. Ауыр жағын алу. Әткеншек тербелу үшін не істеу керек? Онда не өзгереді? -деген сұрақтарға жауап алу.

Тапқышбектің тапсырмасында судағы қармақ екі жағдайда салыстырылады. Қармаққа балық ілікті, яғни салмақ басты. Ал ештеңе ілікпесе бір қалыпты сақтайды, — деп балалар ойларын өздері тұжырымдайды.

Енді қол жаттықтыру жұмысы орындалады. Балалардың ойлау қабілетін тереңдететін сезімталдық қасиеттерін дамытатын қызықты тапсырмалар беріледі.

Сусымалы заттар туралы түсінік беру. Сусымалы заттарды бір-бірінен ажыратып, өлшей білуге тәрбиелеу, сусымалы заттардың ерекшелігі — төккенде, бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып салғанда тебе, үйінді сияқты болып қалатынын дәлелдеп түсіндіру. Сусымалы заттарды шартты өлшеуіштің көмегімен өлшей білуге дағдыландыру.

Қандай сусымалы заттарды білесіңдер? (Құм, топырақ, ұн, бидай, күріш, тары, жарма, құмшекер т.б.). Сусымалы заттарды ыдысқа төгіп көрейік. Не пайда болды? (Қанттың, ұнның, күріштің, тұздың үйінділері пайда болды). "Нан дастарханға қалай келді?" тақырыбында әңгіме өткізу үшін оқулықтағы суреттерді пайдаланамыз. Медициналық уақыт өлшеуішпен таныстыру. Таразыны пайдаланып, сусымалы заттарды өлшеу. "Балалар ойыны" тақырыбына әңгіме. Ойлануға берілген тапсырмада геометриялық фигуралардың орнын ауыстыру арқылы бір күйден екінші күйге қалай келгендігін өздеріне түсіндірту. Сабақта балалар сусымалы заттардың қасиеттерімен, пайдасы жөнінде танысады, салыстырады, практикалық жұмыстармен ұштастырады.

Суйық заттың физикалық қасиеттерімен таныстыру. Температураға байланысты бір күйден екінші күйге ауысуы. Көлемінің өзгеруі, бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып қүйғанда бетінің тегіс болатыны, т.с.с. өзгерістерін түсіндіру.

Су, сусын, сүт, айран, шырын, қымыз, шубат, сұйық май, жанар-май, тосап, шәй, сұйық дәрі, сұйықтамақ, т.б. сұйық заттүрлері екендігін сұрақтар қою арқылы балаларға үйрету.

Сұйық зат құятын, өлшейтін ыдыстар — бөшке, түрлі шыны банкілер, шелек, күбі, торсық, тостаған, цистерна, т.б. Сұйық заттарды шартты өлшеуішпен үй жағдайында өлшей білуге дағдыландыру. Сұйық заттар құятын ыдыстар сиымдылығы басқа кішілеу ыдыс арқылы анықтау.

Мысалы: 1 литрлік банкіде 5 стақан сүт бар, 20 литрлік бөшкеде 2 шелек жанар май бар, бір шелекке 10 литр сұйық зат сияды т.б.

Заттардың орнын ауыстырғаннан саны, салмағы, көлемі өзгермейтінін түсіндіру мақсатында өзіндік жұмыс беріледі. "Дүкенде" сюжетті — рольді ойын ойнатып балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, ойын нақтылап, дүниетанымын кеңейтеміз.

36, 37-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нүкте. Сызық. Түзу. Кесінді.

Сабақтың мақсаты:

Балалардың нүкте, сызық, түзу, кесінді туралы түсініктерін қалып-тастыру. Нүкте қою, сол нүктемен бірнеше түзу жүргізіп, нүктелерді қатар-қатар жиілетіп қойып, түрлі сызықтар салғызып, кесіндінің пайда болуын түсіндіру. Геометриялық фигуралардың әрқайсысының қабырғалары кесінділерден (әр түрлі) тұратынын ұғындыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең.

II. Сабақтың мазмұны. Нүкте. Сызық. Түзу.

Сабақ жазықтық ұғымын түсіндіруден басталады. Партаның беті, еден, алдарындағы қағаздың беті, т.б. жазықтық екені түсіндіріледі.

Практикалық жұмыста қолдарына қалам алып, алдарындағы қағаздың бетіне ұшын тірейді. Қаламды көтереді. Не пайда болды? (Нүкте). Енді сол нүктеге жанастырып бірнеше нүктелер салыңдар. Не пайда болды? (Kөп нүкте. Сызық).

Сызықтың түрлері: түзу, қисық, сынық.

Жіпті алып партаның бетіне тастайды. Қандай сызық пайда болды? (Қисық сызық). Жіпті екі ұшынан ұстап көреді. Не пайда болды? (Түзу сызық). Сызғышпен таныстырып, қағаз бетіне бір нүкте белгілеп, сол нүкте арқылы түзу сызық жүргізіледі. Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Бір нүктеден сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырым жасалады. Суреттегі түзулер, сымдар жайлы әңгімеленеді.

Қарындаш тапсырмасында берілген нүктелермен түзулер жүргізу тапсырылады. Сабақта нүкте, сызық, сызық түрлері, түзу, бір нүктеден түзу жүргізу туралы мағлұмат беріледі.

Бір үйден екінші үйге жету үшін ең қысқа жолға түсу. Жолдардың қандай екенін айту.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін тақырыпқа сәйкес ерікті жұмыс түрлері тапсырылады.

Екі нүкте арқылы түзу жүргізу

Балалардың алдына бір-бір парақ беріліп, оның бетіне екі нүкте белгілетіп, сол екі нүктені бастыра түзу жүргізеді. Осы екі түзуді бастыра тағы басқа түзу жүргізіледі. Екі түзу бір-бірімен беттескенде екі нүктеден бір ғана түзу пайда болады, — деп тұжырымдайды.

Тапсырмада екі нүктені бастыра жүргізілген түзулерді үстінен ба-стырып тағы түзу жүргізуге болатынын екі нүкте арқылы бір түзу жүргіздік деген тұжырым нақтыланады. Бір нүкте арқылы жүргізілген түзулердің үстінен тағы түзулер жүргізіп, бір нүкте арқылы сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырымды тағы бір рет қайталайды. Оқулықта берілген суреттерге сәйкес есеп құрастырылады. Мысалы: 5+2=7, 5-2=3, т.е.с.

Қарындаш тапсырмасы берілген нүктелерді (түсіне қарай, екі қара, қара, кек) бастыра түзу жүргізу тапсырылады.

Кесінді

Кесіндінің пайда болуын практикалық жолмен меңгертеміз. Ұзын жіпті (арқан) алып, екі балаға керіп ұстатып, сол түзу жіптен кесінді кесіп алады. Алынған жіптің кесіндісі арқылы оның ұзындығының белгілі бір өлшемі бар екендігін түсіндіреміз.

Оқулықта көрсетілген шаршының қабырғалары өзара бірдей 4 кесіндіден; үшбұрыштың қабырғалары 3 кесіндіден; балтаның қабырғалары 6 кесіндіден; қарға түяқтың қабырғалары да 6 кесіндіден тұратындығын балаларға үйрету. Кесіндінің ұзындығын циркульдің көмегімен өлшеп салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сол сияқты үшбұрыш, шаршы, тұмарша, ботакөздердің әрқайсысының қабырғалары неше кесіндіден тұратындығы анықталады. Берілген геометриялық фигуралардың орнын ауыстыру әрекетінің алгоритмін балалардың өздеріне тапсыру. (Үшбұрыш бірінші токөзге ауыстырылды, оның орнына шаршы ауысты). Бұл сабақта кесінді туралы ұғыммен, дәлдікке үйрету көзделеді.

38, 39-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Тік бұрыш. Тік төртбұрыш.

Сабақтың мақсаты:

Балалардың бұрыш туралы білімін қалыптастыру. Бұрыштың түрлерімен, құрылымымен, сүйір, доғал, тік бұрыштардың пайда болу жолдарымен таныстыру. Тік төртбұрыш туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақтың мазмұны. Бұрыш

Мұғалім сыныптағы заттардың бұрыштарын көрсетіп, "Мынау не?" деген сұрақтар арқылы балалардың түсініктерін байқайды.

Оқулық дәптермен жұмыс жүргізіледі. Бұрыштар үнемі қиып көрсетілмейді. Түзудің бойынан бір нүкте белгілеп, сол жерден сындыру, қағазды бүктеу арқылы жасалатынын түсіндіреді. Бұрыштың төбесі және екі қабырғасы болады (оқулық дәптерді пайдалан).

Геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап неше бұрышы бар екендігнін анықтайды.

Тапқышбек тапсырмасында баспалдақтың бұрышының шамасы оның биіктігіне байланысты. Баспалдақ неғұрлым биік болса, бұрышы да со-ғұрлым үлкен, керісінше баспалдақ аласа болса, бұрышы соғұрлым кіші болатынын түсіндіреді.

Балалар Қарындаш тапсырмасын тиянақты орындап, бұрышты бояйды.

Тік бұрыш

Бұрыш ұғымын түсінген бала айналасындағы көрген заттардың бұрыштарын салыстыра бастайды. Олардың әр түрлі екендігін байқап, суреттегі үйдің терезе, есіктерінің бұрыштарын табады.

Қағазды теңдей төрт бүктеп, бұрыш шығарады. Бұл — тік бұрыш. Тәрбиеші тік бұрышты бұрыштық сызғышпен өлшейік, — деп сызғышпен қалай өлшейтінін көрсетеді. Оқулық дәптердегі суреттен бұрыштардың ішінен тік бұрышты табу керек.

Сондай-ақ, сынық мүйіз оюының бұрыштары тік болады. Геометриялық фигуралардың тік бұрыштарын табу.

Қарындаш тапсырмасын орындап, тік бұрыштан басқа да бұрыштардың (сүйір, доғал) болатынын балалардың өздері табады.

Бұрыштық сызғыш көмегімен пішіндердің бұрышын өлшеу жұмысы жүргізіледі. Төртбұрыштың төрт бұрышын өлшейді, төртеуі де тік екендігін көреді. Келесі геометриялық фигураның бұрыштары өлшенеді. Бұл геометриялық фигуралардың барлық бұрышы тік. Төрт бұрышы тік болатын төртбұрышты "тік төртбұрыш", — деп атаймыз. Тапсырмадағы геометриялық фигуралардың бұрыштарын өлшеу, салыстыру арқылы тік төртбұрыштарды тауып, шаршының да тік төртбұрыш екендігін балалар өздері тужырымдайды.

Тік төртбұрыштың қабырғаларын шаршымен салыстырады. Шар-шының барлық бұрыштары тік, қабырғаларының ұзындығы бірдей. Ал тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болатынын балалардың өздері анықтайды.

Тапқышбек тапсырмасындағы тік төртбұрыштарды балалар дұрыс атап, Қарындаш тапсырмасы бойынша тік төртбұрыштың көшірмесін салады.

40, 41-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш. Шаршы. Текше. Дөңгелек. Заттың ұзындығы, ені, биіктігі. Цилиндр.

Сабақтың мақсаты:

Үшбұрыш, шаршы, текше, дөңгелек ұғымдарын тереңдету. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.

Денелердің өлшемдері туралы ұғым беру. Сол өлшемдер арқылы дененің көлемін анықтауға болатынын түсіндіру, тәжірибе жүзінде көрсету, дәлелдеу түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мазмұны. Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы.

Бұл геометриялық фигуралар балаларға бұрыннан таныс. Мұнда олардың айнала дүниеде қолданысы салыстырмалы түрде түсіндіріледі.

Әңгіме "Көшеде жүру ережесі" туралы болады. Көше қиылыстарында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп тұратын бағдаршам. Олардың үш көзі бар (қызыл, сары, жасыл). Көздері неге ұқсас? (Дөңгелекке). Әр көзінің өз сыры түсіндіріледі. Жол бойында "Жол белгілері" дөңгелектің ішінде көрсетілген. Әр белгінің мәні ашылады. Сондай-ақ, балалардың өздері ойнайтын қарапайым доптар, спорттық ойындарға арналған волейбол, футбол, баскетбол доптары, шарлар, олардың түрлері т.б.

Сонымен, жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі болады (бұл анықтама мұғалімдердің өздері үшін керек).

Бірінші шеңбер сызамыз. Сол шеңбердің ішкі бөлігін қиып аламыз.

Екінші суреттегі дөңгелек. Балалар трафаретті пайдаланып шеңбер сызып, оның ішкі бөлігін бояйды.

Үйлердің суретінен үшбұрыштарды табады.

"Жол белгілері", олардың мәнін ұғындыру. Берілген үйшіктерге ұқсас жапсырма жұмыстарын жүргізу. Үшбұрыштың қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш — тұйықталған сынық сызық. Ол: сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар болып бөлінеді.

Тапсырмада берілген құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Үйшіктерден шаршыны тапқызу. Текшенің әрбір қабырғасы өзара 4 кесіндіден тұрады. Текшенің беттері шаршылардан тұрады. Текшенің неше беті бар екенін өздері табады. (Сурет бойынша). Текшені жазғанда практикалық жұмыс кезінде көз жеткізуге болады. Жазылған текшені қайта жинастыруға тапсырма беріледі. Сонымен, дөңгелек — тұйықталған қисық сызықпен шектелетін фигура. Шаршы — тұйықталған төрт бірдей сынық сызықпен шектелетін фигура. Текше — өзара тең алты текшеден тұратын дене.

Заттың ұзындығы, ені, биіктігі, яғни денелердің өлшемдері туралы түсінік беруде. Қораптардың көлемі салыстырылады. Қайсысы үлкен? Неге үлкен? Өйткені ол қораптың ұзындығы ұзын, ені кең, биіктігі биік, сондықтан үлкен.

Қайсысы кіші? Неге кіші? Өйткені, ол қораптың ұзындығы қысқа, ені тар, биіктігі аласа, сондықтан кіші.

Сол сияқты цилиндрдің көлемі де салыстырылады. Алғашқы екеуінің қасысы үлкен? Неге үлкен?

Салыстыр (оқулық дәптерді пайдаланып): биіктігі бірдей, ені енді, кең. Екінші мен үшіншісін салыстыру. Қайсысы үлкен немесе кең? Неге? Биіктігі биік, ені кең. Сол сияқты екі үстелдің ұзындығы мен ені, биіктігі салыстырылады. Мұнда да өздері сондай тұжырымға келеді. Қай үстел үлкен? Қайсысы биік?

Шартты өлшеуіштің көмегімен бөлме еденінің ұзындығы мен ені өлшенеді. Ұзындығы — 4 өлшем, ені — 2 өлшем.

Бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымын "Біздің сынып" деген тақырыпта әңгімеленеді. Заттарды санына, түсіне, пішініне қарай салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмысты сұрақ-жауап әдісі арқылы былай жүргізуге болады: парталардың пішіні қандай? (Бірдей). Түсі ше? (Бірдей). Әр қатардағы саны ше? (Бірдей, әр түрлі). Сол сияқты терезелер, шкафтар, т.б. салыстырылады. Сыныптағы заттарды мұғалім санына, пішініне, түсіне қарай салыстырып, балаларда бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымдарын қалыптастырады. Оқулық дәптерде берілген геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы) салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Геометриялық фигура үшбұрыштардың түсі қандай? (Үшбұрыштардың түсі бірдей, саны әр түрлі).

Геометриялық фигура дөңгелек, үшбұрыштарды салыстырады (саны, түсі, пішіні әр түрлі).

Практикалық жұмыс. Бұл жұмысты орындауда балаларға бірдей, бірдей емес, әр түрлі ұғымдарды меңгертіп, салыстыру арқылы өз ойын айтуға, тұжырым жасауға үйрету көзделеді. Жұмыс тақтада және әр баланың алдындағы ұяшықпен орындалады. Мұнда салыстырудың мынадай сегіз түрлі жағдайы қарастырылады.

1.1) саны бірдей 1) саны әр түрлі

2) түсі бірдей 2) түсі бірдей

3) пішіні бірдей 3) пішіні бірдей

2. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі бірдей 2) түсі әр түрлі

3) пішіні әр түрлі 3) пішіні әр түрлі

3. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі әр түрлі 2) түсі бірдей

3) пішіні әр түрлі 3) пішіні әр түрлі

4. 1) саны әр түрлі 1) саны бірдей

2) түсі әр түрлі 2) түсі әр түрлі

3) пішіні бірдей 3) пішіні әр түрлі

Тәрбиеші-педагог көрсетілген 8 жағдайды салыстыру жұмысын мүмкіндігінше жүргізеді. Мұнда әр баланың қабылдау, ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріледі.

Практикалық жұмыс, сабақты қорытындылау.

Әрбір геометриялық фигураға тоқталу, қасиеттерін атау, айырма-шылықтарын ажырату, қайсысында неше бұрыш бар? Неше қабырғасы бар? Қай геометриялық фигура өз орнында тұрған жоқ. Адасқан геометриялық фигураны табу. Бос орынға тиісті көпбұрышты салу үшін алдымен бар геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап ал. Бұрыштар санының өсу ретіне қарай табасың. Торкөздегі нүктеге қарындаштың ұшын қойып, қарындашпен сызып шығады. Қандай геометриялық фигура шықты? Қандай қасиеттерін білесің? Көлемін қалай анықтайсың?

Суреттегі үлгі бойынша сызу жұмыстарын жалғастыру. Қандай және неше геометриялық фигура пайда болғанын анықтау.

Нүктеден бастап оң жақтағы бағыт бойынша жүріп отыру. Ненің суреті пайда болды? Неше торкөзді қамтып тұр? Бұрыштарын көрсет. Жатық жол мен баған жол түйісіндегі торкөзді боя.

42, 43-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Теңге.

Сабақтың мақсаты:

Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру.

Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету.

"Теңге" ұғымын қалыптастыру.

Теңгедегі бабалар өмірінен мағлұмат беру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ мазмұны. Теңге - ұлттық ақшаның атауы.

Оның түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1,2,3,5,10 және т.б. болып ірілене беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі.

Ірі теңгелердегі ұлы адамдар бейнесі Абылай, Әл-Фараби туралы қысқаша мағлұмат беру.

Абылай қазақтың ханы, ақылды, батыр болған. Ол үш жүздің басын біріктірген. Шын аты - Әбілмансур. Ол Түркістанда құл Қожахмет Иассауи мавзолейінде жерленген.

Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. Жастайынан оқу-білім, ғылым іздеген ақылды да зерен еді. Ол ғылым іздеп Мысыр, Шам елдеріне кетеді, ақыры өз мақсатына жетеді. Ол дүниедегі екінші данышпан, ғұлама ғалым, ғылымның бірнеше саласын қатар меңгерген. Әл-Фараби Сирияның Дамаск қаласында жерленген.

Әр ұлттың өз ақшасы бар. Мысалы, көрші елдерде: қырғызда - сом, өзбекте - сум, орыста - рубль, немісте - марка, қытайда - юань, америкада - доллар т.б

Олардың құны әрқалай, бірі-бірінен жоғары-төмен болып келеді. Содан соң, оқулықтағы көрсетілген теңге түрлерімен 1,3,5,10 теңгеліктермен балаларды таныстыруға болады. Олардың ара қатынасы: 3 теңге үш бір теңгеліктен, 5 теңге бес бір теңгеліктен, 10 теңге он бір теңгеліктен тұратындығы, т.о.с туралы мағлұмат беріледі.

3,5,10 теңгеліктердің құрамын анықтату.

3=1+1+1;

5=3+1+1;

10=5+5;

10=5+3+1+1;

10=3+3+3+1.

Балалардың күнделікті қолданатын құралдарының бағасымен таныстыру. Теңгелерге амалдар қолдану (қосу, азайту) арқылы есептеу дағ-дыларын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Оқулықтағы суреттер мен белгілерге қарап есеп құрастыру, оны шығару былай жүргізіледі: мысалы, бір стакан шай 5 теңге, бір күлше де 5 теңге тұрса, барлығы қанша тұратынын табу тапсырылады. Ол үшін, 5+5=10 (тг) барлығы 10 теңге тұрады деген жауап алынады. Сол сияқты бір күлше 5 теңге екені белгілі болып, сол күлше мен 1 стакан шай 10 теңге турса, шай қанша турады?

Ол үшін 10-5=5 (тг), шай 5 теңге тұрады.

Бұл есептерді "Дүкен" ойынын ұйымдастыру арқылы шығаруға да болады. Сабақты "Дүкен" ойыны арқылы қорытындылауға болады. Сабақта теңге ұғымымен теңге түрлерімен, олардың арақатынасымен таныстыру, теңгелердің қолданыс орнын біліп бағалау, үнемдік тәрбие беру көзделеді.

44-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Тәулік.

Сабақтың мақсаты:

Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалып-тастыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақтың мазмұны. Уақыт. Тәулік.

Ай, апта, күндердің аттары.

Бұл сабақ "Күн режимі" тақырыбына арналған әңгімеден бастала-ды. Баланың бір тәулік бойына жасайтын іс-әрекеті әңгімеленеді. Іс-әрекет алгоритмін түзу, уақытпен санасу, оны үнемдеу, ұқыпты пайда-ланудың пайдасы, уақыт өлшеуіші — тәулік туралы мағлұматтар беріледі. Күн режимін әңгімелеуде: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары пайдаланылады.

Тапқышбек тапсырмасында ағаштардың көлеңкесіне қарай қай мезгіл екендігі ажыратылады. Уақыт өлшеуіштерін білдіретін басқа да суреттер салдыруға болады. Сабақта уақыт өлшеуіші — тәулікпен, бір тәулік ішіндегі: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары-мен, бір тәуліктегі баланың іс-әрекетінің ретімен таныстыру. Тәулік, са-ғат, апта, ай, жыл жайлы мағлұматтар беріліп, дүние танымын кеңейту, уақытты ұқыпты, үнемдеп пайдалануға үйрету көзделеді.

Уақыт өлшеуіштері: "Күз, қыс, көктем, жаз. Не өзгереді?" сұрағына жауап беру. Ай аттарын үйрету. Әр жыл мезгілінде үш ай болатыны айтылады. Жыл мезгілдерінің ұлттық дүниетаныммен байланысы, адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ — көктем, ортаңғы саусақ — жаз, аты жоқ саусақ — күз, шынашақ — қыс. Әр саусақтың үш буыны — үш ай. Аптада жеті күн бар, апта күндерімен таныстыру. Ұлттық дүниетанымға сүйенсек, жаратылыс сенбіден басталып, жексенбі — бірінші сенбі, дүйсенбі — екінші, т.с.с. кете береді.

Сабақтарда уақыт өлшеуіштерін есте сақтау үшін "Бүгін қай күн?" деген сұрақ күнделікті қойылып, оған жауап айтылып отырады.

45, 46-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 2 бөлікке бөлу. 4 бөлікке бөлу.

Сабақтың мақсаты:

Көзбен мөлшерлей бөлу дағдысын қалыптастыру. Ептілікке, шыдамдылыққа үйретіп, бастаған ісін аяқтауға үйрету.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақтың мазмұны. 2 бөлікке бөлу.

Сабақты практикалық жұмыстан бастаған жөн. Жеміс-жидек, көкөністерді теңдей 2-ге бөлу жұмыстарын жүргізу. Ортасынан қақ бөлгенде бүтін заттың 2-ге бөлінетінін түсіндіру. Мына алманы екеуің бөліп жеңдер — деп, екеуара бір алмадан үлестіріп беруге болады. Бүтіннің ортасынан қақ бөлгенде ол екіге теңдей белінеді, бүтіннің жартысы болады. Сол сияқты, қарбыз, қауын, алмұрт, помидор т.б. ортасынан 2 бөлікке тең белу жұмыстарын жүргізіп, балалардың көзін жеткізу керек.

Геометриялық фигуралар шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, тік төртбұрыштарды ортасынан теңдей бөлу, жартысын бояу жұмыстары беріледі.

Қарындаш тапсырмасында берілген геометриялық фигураларды тең екі бөлікке бөлу тапсырылады.

Мына геометриялық фигуралардың қайсысы тең бөлінген, қайсысы тең бөлінбегенін анықтау.

II және IV геометриялық фигуралар тең бөлінбеген.

Сонымен, бүтін затты теңдей екі бөлікке бөлуді, оның әр бөлігі бүтіннің жартысы болатынын, екі жартыны біріктірсе, бүтін болатынын саналы меңгерту қажет.

4-бөлікке бөлу.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін бояу. Төрттен бір бөлігі — ширек деп аталады.

Қарындаш тапсырмасында бірдей төрт текшені, төрт түрлі жағдайда, теңдей төрт бөлікке бөлу қарастырылады.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөлу жұмыстары шаршыны бөлгендей жүргізіледі. Берілген геометриялық фигуралардың қайсысы теңдей төрт бөлікке бөлінгенін, қайсысы теңдей бөлінбегенін анықтату.

Қарындаш тапсырмасында геометриялық фигураларды бояу тапсырылады.

Бүтінді теңдей төрт белікке белу үшін алдымен теңдей екіге бөлу керек, оның әр бөлігін тағы да теңдей екіге бөлу керектігін саналы игерту, игерген ұғымдарын қалыптастыру керек.

Ойындар

"Қол соғу" ойыны

Мақсаты: тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша? қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.

Керекті материалдар.

Мұғалім мен әрбір оқушының алдында тілі бар деңгелек (3 сурет) болуы тиіс.

Ойынның мазмұны.

I вариант. Мұғалім қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі мұғалімнің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс.

II вариант. Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Мұғалім қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындауын тексереді.

Ойын екі-үш рет қайталанған соң оның қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

"Өз үйіңді тап" ойыны

Бұл ойын биік - аласа, үлкен - кіші, он жақта - сол жақта деген ұғымдарға жаттықтыру мақсатында етіледі.

Мұғалім балаларды екі топқа беліп, әр топтың ойнайтын орнын немесе "үйін" тағайындайды. Екі топқа да есіп тұрған бірі биік, бірі аласа ағашты көрсетеді де, 1-топтағы балалардың үйі биік ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйі аласа ағаштың сол жағы" - деп белгілейді. Қай топ өз үйлеріне тез барады (тез табады), ойын 2 рет қайталанады. Бұдан кейін бірінші топ аласа ағаштың сол жағы, 2-топ биік ағаштың оң жағын үй етеді де, ойынды алғашқыдай 2 рет қайталайды. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.

"Апта күндері" ойыны

Мақсаты. Апта күндерін есте сақтау.

Керекті материалдар: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суреті са-лынған 7 және суреті жоқ 1-2 тәж.

Ойынның мазмұны: Мұғалім балалардың мынаған келісіп алуын өтінеді. Бір таңба бар тәж аптанын бірінші күні дүйсенбі, екі таңба бар тәж аптаның екінші күні сейсенбі және т.б. білдіреді. Балалар апта күндерінің атын хормен қайталайды.

Мұғалім тақта алдына 7 баланы шақырып, оларға тәждерді таратып береді. Тақта алдына шақырылған баланың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап тұрып: "Сабыр - сәрсенбі", "Мен - жұмамын" және т.с.с. дейді.

Осыдан кейін мұғалім аптаның кез келген күнінің атын дауыстап атайды, мысалы "сәрсенбі" деген соң өзін "сәрсенбі" деп білетін бала алдыға шығып тұрады. "Апта күндері, сапқа тұрыңдар" деген бұйрық берілісімен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиіс. Сапқа тұруда қателік болса, оны орындарында отырған балалар бірден байқайды.

Бұдан соң мұғалім тақта алдына келесі жеті баланы шақырады, т.с.с.

"Жоғарыда - төменде".

Кім биік? Кім аласа?" жаттығуы

Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейне-ленген декоративтік таблица.

Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Беті жабық қорапта жұлдыз-шаның, самолеттің, құстың, инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың кар-тоннан немесе фанерадан ойылып алынған фигуралары қойылады.

Жаттығудың мазмұны.

Бала қораптан қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орнын анықтап, декоративтік таблицаға бекітеді. Мысалы, бала самолетті таблицаның жоғарғы жағына - аспанға, ал балықты - төменгі жағына судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: Самолет жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде - су ішінде жүзеді" дейді, т.с.с.

Бұл жаттығу "жоғарыда - төменде", "биік - аласа" ұғымдарын пы-сықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдай-ымен салыстыра білуді үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыш-тықты, зейінді, қиялды дамытады.

Дүкен

Ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Керек заттар (таразы, қалақша, күріш, шырын, бидон т.б.), сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болу керек. Ойынның барысында сусымалы зат пен сұйық заттың өлшеу ай-ырмасына жаттығады, демек сұйық заттар белгілі келемдегі ыдыспен өлшенеді, сусымалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.

"Дабыл соғу" жаттығуы

Керекті материалдар. Бірден тертке дейінгі нәрсенің суреті салынған карточкалар (әр балаға бір карточка берілуі тиіс).

Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе столды та-қылдатады. Балалар неше соққы болғанын іштерінен санап, карточка-сында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді. Бала-лардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс. Мысалы: "Сіз үш рет соқты-ңыз, ал менің карточкамда үш балапанның суреті бар".

"Кім алғыр"

Қолданылатын көрнекіліктер: (+ - =) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.

Ойынның барысы:

Оқушылардың қолдарына сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерді құрастырту. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындауларына болады.

Ойын барысында: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру кезделеді.

"Сен де осынша көрсет" ойыны

Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыста-рын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрету.

Керекті материалдар: фигуралардың ою-таңбалардың суреті са-лынған карточкалар бала санайтын материалдар.

Ойынның мазмұны:

1 вариант. Мұғалім карточканы көрсетеді де, алып қояды. Балалар карточкада неше фигура, ою-таңба бар екенін айтып, сонша жалауша немесе басқа нәрсе көрсетуі тиіс. Тапсырманы дұрыс әрі тезірек орын-даған қатар жеңімпаз атанады.

2 вариант. Мұғалім бірнеше рет алақанын (барабан, дабыл) соғады. Балалар оны зейін қоя тыңдап, одан соң соншама жалауша көрсетеді.

"Өз жұбыңды тап" ойыны

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.

Керекті материалдар. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында - суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бәрі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады.

Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.

Ескерту. Ойын бастаушы алақанын қарсы команда балаларының карточкасындағы санға сай соғуы тиіс, өйтпейінше ол өзіне жұп таңдай алмайды.

"Өз пәтеріңе жайғас" ойыны

Мақсаты. Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.

Керекті материалдар. Бетіне дөңгелектер сызылған (үлкен фор-матты) карточкалар.

Ойынның мазмұны. Мұғалім кластың бұрыштарына карточкаларды іледі. Карточкалардағы деңгелектердің саны әр пәтерде неше бала тура алатынын білдіреді. Мұғалім балаларға былай дейді. "Әрбір карточкаға зер сала қараңдар да, бұл "пәтерде" неше бала туратынын есте сақтаңдар". Әр пәтерде балалардың дұрыс орналасуын тексеруге бала жауапты бала болады. Бізде төрт пәтер бар, және оларға жауапты төрт баланы тағайындаймын, олар - Қадыр, Мұрат, Әлима, Айгүл. Енді әрқайсың ез пәтерлеріңе жайғасып, онда өзінен басқа неше бала болуы тиіс екенін ойланыңдар. Балалар өз "пәтерлеріне" барып, есептей бастайды. Мұғалім "Тұрғындарды қабылдауға даярланыңдар". Алдыңғы екі стол басында отырған балалар, өздеріңе ұнаған пәтерлерге барыңдар, онда сендерді күтуде" - дейді. Одан соң келесі балалар барады және т.е. Балаларды "жайғастыруды" шамалап жүргізу керек, өйтпейінше топ ішінде абыр-сабыр болып, ойынның берекесі кетеді. Осыдан кейін мұғалім: "Мен енді тексерейін, пәтерлеріңде артық балалар жоқ па екен?" - дейді. "Менің пәтерімде үш бала бар", - деп жауап береді Қадыр және т.с.с.

Балалар жеңімпаз "пәтерді" анықтайды.

Балалардың санына қарай "пәтерлердің" санын лайықтап алуға болады.

"Қапшықтан неше ойыншық алдың" ойыны

Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап білуді үйрету.

Керекті материалдар: Әрбір балаға ішіне шошқа-жанғақ, ұсақ тастар, түйме т.с.с. санайтын заттар салынған қапшық берілуі тиіс.

Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, стол бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде мұғалімге айтады.

Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.

"Үй тұрғызайық" ойыны

Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен-кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.

Керекті материалдар. Әрбір балада үлкен-кішілі үйдің бөлшектері (төбесі, есігі, терезесі т.с.с).

Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады.

Балаға тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастыру.

Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін, үлкен-кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік "ағаш ұстасын" атайды.

"Үқсасын тап"

Мұғалім балаларға зат көрсетеді, балалар алдарындағы геометри-ялық фигураларды көрсетеді, мысалы, мұғалім балаларға кітап көрсетеді, балалар алдарындағы геометриялық фигуралар ішінен тік төртбұрышты көрсетеді. Ойынның мақсаты балалардың естерінде геометриялық фигураны қалыптастыру.

"Сипаттамасы бойынша тап" ойыны

Мақсаты: Ұзын - қысқа, кең - тар, биік - аласа және т.с.с. ұғым-дарды қайталау.

Керекті материалдар. Жануарлар мен қустарды бейнелейтін ой-ыншықтар.

Ойынның мазмұны. Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі секілді 5-6 ойыншык, қойылған балалар көріп отырады. Олар мұғаліммен бірге әрбір ойыншықты анықтап қарайды, олардың атын қайталайды. Осыдан кейін ойнаушылардың біреуі бөлмеден сыртқа шығады да, басқалары ойыншық туралы жұмбақ құрастырады, мәселен, мұғалім балаларға қоянды көрсете отырып, олармен бірге мынадай жұмбақ құрастырады: "Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық - бұл қай аң?" Аю туралы "Маймақ аяқ, қорбиған, аңсағаны - тәтті бал, ұзын жүнды жабайы аң" және т.с.с. Балалар жұмбақты құрастырып болған соң оны шешетін баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. Ол тағы да киналса, балалар жәрдемдеседі. Ойынға келесі бала шақырылады. Ойын қайталанады. Балалар жеңімпазды анықтайды.

Ойынға алуан түрлі ойыншықтарды, сондай-ақ суреттерді пайдалануға болады.

"Көрші - көрші" ойыны

Керекті материалдар. 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған кар-точкалар.

Мұғалім бір санды атайды, мысалы, "Жеті" дейді. Омырауына жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Мұғалім былай дейді: "Бұл санның көршілері, қатарына тұрыңдар!". Оның қата-рына 6 және 8 деген карточкалар тұрып, 6,7,8 сандарын құрайды. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. Омырауында 6 цифры қадалған бала былай деп түсіндіреді: 6-ның 7-ден 1-еуі кем. 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны алты бірліктен тұрады".

Одан кейін 7, 8 сандары да осылайша түсіндіреді.

Жаттығу қайталанады, ойнаушылардың құрамы өзгереді. Отырған балалар тапсырманың дұрыс орындауын қадағалайды.

"Өз орныңды тап"

Бұл ойынды 10-ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады. Мұғалім 10 баланы тақтаға шақырып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған карточка тағады. Балалар ретсіз, ара-ласып тұрады. Мұғалім балалардың ретімен қатарға тұруын талап етеді. Мен бірмін деп, бір цифры тағылған бала бірінші тұрады. Екі цифрын ұстап тұрған бала мен екімін деп, бір цифрын ұстап тұрған баланың жанына келіп тұрады, қалған балалар да өздеріндегі цифрға байланысты өз орындарын тауып тұруы керек.

Ойынның мақсаты - алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгісін, орнын қайталап, есте сақтау.

"Бірде бір ойыны" ойыны

Тақта алдына 10 оқушы шығып, қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп, бір қадам алға шығып тұрады, бір қосу бір болады екі деп, екінші бала бірінші баланың қатарына барып тұрады, екі қосу бір болады 3 деп, екінші баланың қатарына тұрады, қалған балалар да ойынды осылайша жалғастырады. Ойынның барысында балалардың натурал сандар қатарының қалай құрылатыны туралы түсініктері дами түседі.

"Поезд құрастыр" ойыны

Қолданылатын көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1 + 1, 2+1, т.с.с. Ойынның барысы.

Мұғалім карточкаларды оқушыларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір оқушыны тепловоз деп тағайындайды. Оқушылар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен "тепловозға" ретімен тіркелуі тиіс.

Ойынның мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.

"Доп лақтыру" Көрнекілік: доп.

Ойынның барысы: Мұғалім допты жоғары лақтырып, немесе еденге ұрып балаларға санатуы, сонша немесе біреуі (екеуі) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), "кем" деген өзінің допты еденге ұруының балалар шапалағымен сәйкес келуін қада-ғалауы, қол шапалақтатуы, әлде қарындашпен тықылдатуы керек.

"Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал" ойыны

1 -вариант.

Балалар дөңгелене тұрады. Ортада тұрған мұғалім мысалы: "Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал", 3 және 2" - деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала 3 және 2 болады, бес деп, допты мұғалімге қайтарады.

2-вариант.

Балалар 2 командаға белініп 2 жаққа белініп тұрады да допты кезек-кезек бір-біріне лақтырады. Лақтырған жақтың баласы мысал айтады, қағып алған жақтың баласы лезде жауабын айтып оны қайтарады. Жауапты дұрыс бермеген бала ойыннан шығады.

"Көп - аз, бір"

Ойынға қажет материалдар: үлестірмелі заттар немесе суретті карточкалар (он - оннан).

Ойынның барысы: әр оқушыда он-оннан карточкалар және түрлі заттар. Үлестірмелі заттарды пайдалана отырып мұғалім "көп" десе балалар заттардың кебін (8-10), "аз" десе азын (2-3 немесе 3-4), ал "бір" десе тек қана бір затты көрсетулері керек.

Бұл ойынды керісінше "бір", "аз", "көп" деп айтып та ойнатуға болады.

"Қай қолымда көп" ойыны

Мақсаты. Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

Керекті материалдар. Ұсақ нәрселер.

Ойынның мазмұны. Топ екі командаға белінеді, оның әрқайсысы алма-кезек мұғалімнің столына өз өкілін жібереді. Стол қасына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен мұғалім, одан соң балалардың бірі оның қолына кубик, түйме, шарик секілді әр түрлі ұсақ нәрселерді ұстатады, бірақ олар бір қолда көп, екіншісінде - аз болуы тиіс. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қай қолында көп екенін анықтауы, одан кейін нәрселерді бірінің қатарына бірін қойып, қайсысында қатар-да көп, қай қатарда аз екенін салыстыруы тиіс.

Мұғалім екі қатардағы нәрселердің санын тенестіру үшін не істеу керектігін (қысқа) 2 тәсілмен орындауы керек.

"Нүктелерді қос"

Көрнекілік: нүктелермен бейнеленген жұлдызша, жалауша бейнелері.

Ойын барысы:

Қағаз бетіндегі нүктелерді қосу арқылы бейнелерді анықтау, атын атату. Неше нүкте бер екен? Сұрағына жауаптарын тыңдау. Нүктелерді немірлету, сандарды тура және керісінше атату. Ойын нәтижесінде түзу, ұшбұрыш, тікбұрыш ұғымдарын қалыптастыру, сандарды тура және керісінше атату.

"Қандай сандар жетіспейді?" жаттығуы

Жаттығудың мазмұны. Мұғалім екі санды атайды, ал балалар олардың арасындағы санды атауы тиіс. Мысалы, мұғалім "Үш, бес" десе балалар: "Төрт, жеті, тоғыз" десе, балалар "Сегіз" және т.с.с. деп жауап беруі керек.

"Қай вагонға мінемін?" ойыны

Қажет материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған карточкалар.

Ойынның барысы: Амалдарға берілген сан өрнектері жазылған үлестермелі карточкаларды тарату. 1+4, 9-4, 2+3, 10-5 т.е.с. Олардың мәні бала отыратын вагонға сәйкес. Мысалы, 5-ші нөмерлі вагон, өрнектерінің жауабы 5-ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге тиіс.

Ойынның мақсаты: сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

"Тізбек құрайық"

Көрнекілік: суретке салынған толқындар, таңбасымен сандар.

Ойынның барысы: Тақтаға теңіз толқындарының суретін салып, сол толқын бетіне кезектестіре +, - таңбаларын жазып қою керек. Сол таңбалардың ара-арасына сандарды қойғанда, нәтижесі 10 болуы керек. Нәтижесі 10 болғанда ойынды жалғастыруға болады.

2 вариант. Дәл ойынды ондықтарды қосып, азайтып нәтижесі 100-ден аспайтындай етіп өткізуге болады.

Мақсат: таңбалардың ретіне қарай, таңбаларды дұрыс қоя білу ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру.

"Балық ұстау ойыны" ойыны

Қолданылатын көрнекілік. Аквариум ішінде жүзіп жүрген балықтар суреті.

Ойынның барысы: Аквариум ішін, ондағы жүзіп жүрген балықтар көрінісін ілу. Екі түрлі түске боялған балықтардың келесі бетіне толық ондықтарды, 1,2... - 9-ды қосып, азайтуға 8-ді өрнектер жазулы тұруы керек. Ойынды топқа бөліп ойнатсақ, аквариум ішінен алынған балықтағы жазылған өрнектің нәтижесін тез ойлап, дұрыс шешсе, көп ұстаса сол топтың жеңгені болып табылады.

Ойын нәтижесінде толық ондықтарды қосу және азайтуғы жаттық-тыру көзделеді.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Ата-аналарға арналған математикалық мазмұндағы ойындарды басқару туралы ақпарат. Информация для родителей по руководству играми математического содержания.

Сіздер үшін құрметті ата-аналар!Сіздерге пайдалы болуы мүмкін ақпарат ұсынамыз. Бұл материал ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруға ықпал ететін ...

Ата-аналараға арналған кіші жастағы балалардың математикалық ойындарын басқару туралы ақпарат. Информация для родителей по руководству играми математического содержания детей младшего возраста.

Ата-аналараға арналған математикалық ойындарды басқару туралы ақпарат.Информация для родителей по руководству играми математического содержания....