Ашық сабақтар
учебно-методическое пособие (обучение грамоте, подготовительная группа) по теме

Таласбаева Айдана Сержанкызы

Ашық сабақтар топтамасы

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл 45_minut_aydana.docx25.89 КБ

Предварительный просмотр:

www.45minut.kz – www.45minut.org

Редакция девизі: БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ !

4 саны мен цифры 

 

 Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Таласбаева Айдана Сержанқызы

Пәні: Математика
Тақырыбы: 4 саны мен цифры
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға 4 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Математикалық тілдерін дамыту.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ)
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Суретпен, ермексазбен, сіріңкенің қорабымен жұмыс жүргізу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, ермексаз, сіріңкенің қорабы, интерактивті тақта, пішіндер, т.б.
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, мүсіндеу, тіл дамыту.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Іс – әрекет кезеңдері
іс – әрекеті — Мұғалімінің
іс – әрекеті — Балалардың

Мотивациялық қозғаушылық
Сәлемдесу, түгендеу. Балалар назарын сабаққа аудару. Қағаз қаламдарын ретке келтіру. Мұғалім оң қолымен жүрегінен қуаныш алып, балаларға сыйлайды. Мысалы:Білгір, білім-ді, әдепті бол; Балалар осы қимылды жалғастырып бір-біріне жақсы лебіздер айтады. Тіл алғыш бол, сүйкімді бол, әдемі бол, салмақты бол, ақылды бол, мейірімді бол.

1. Өткен сабақты пысықтау
“Балық аулау”ойыны
0+3=
1+2=
2+1=
2 -1=
3- 0=
3- 2=

Артық, кем, тең.

Балмұздақартық па, әлде көкөніс пе?
Қанша артық, қанша кем?
“Кім жылдам?” ойыны
Балалар сендер маған 3-ке дейінгі сандарды тура және кері санап беріңдерші.
0, 1, 2, 3
3, 2, 1, 0

2. Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп,
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа,
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.

ІІ. Жаңа сабақ
Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Бұл сан сендерге таныс па?
Онда бүгін 4 санымен танысамыз.
(Оқушылар өз жауаптарын береді)

3. Ой қозғау.

4 санына байланысты төрт түлік малды білеміз.
Әр төрт түлік малдың аяғының саны нешеу екенін санау.

Дәптердің, оқулықтың, партаның бұрышын санайық. Қанша болды?

Сынып бөлмесінің қабырғаларын санайықшы.
Қанша болды? Қолдарыңдағы бет орамалдың бұрышы қанша?

4. Дәптермен жұмыс
Оқушыларға 4 саны мен цифрының таңбалну әдісін ұғындыру. Цифрды бірінші ауаға орындап, содан соң дәптерлеріне жаздыру.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін балаларды үш топқа бөлемін
«Құрастыру» тобы
«Мүсіндеу» тобы
«Бейнелеу» тобы.
Балалар сурет бойынша есептер құрастырып шығарады.

4, 5, 6-тапсырмалар.
Әр топ мұғалім нұсқаулығымен орындайды.
“Кел, ойнайық!” Қояндарға көмек
Балаларға таяқта таратып беремін. Балалар қолдарындағы таяқшаларды санаңдаршы. 4 деген сан неше таяқшадан тұрады. Қанша буын бар? Ендеше, қолдарыңдағы таяқшадан кім 4 санын құрастырып береді?
(Оқушылар 4 деп жауап береді. Төрт дыбыстан, бір буыннан тұрады).

5. Өз бетіндік жұмыс.
«Құрастыру», «Мүсіндеу», «Бейнелеу» топтарының жұмыстарын тексеру.

ІІІ. Қорытынды
4 санының құрамын табу
6. Күтілетін нәтиже:
Оқушы нені меңгерді:
4 санының жазылуын, санның құрамын біледі. Ермексаз түстерін ажыратуды, санды ермексаздан бейнелеп жасауды үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді:
Мұғалімді тыңдауды, топтық жұмыс жасауды, сурет бойынша, ойыншықтарды санауды игерді. Есте сақтау дағдылары қалыптасты.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Санды сіріңкенің қораптарынан, ермексаздан ши таяқшаларынан құрастыруды, жазуды үйренді Ойлау қабілеттері артты. Есте сақтау дағдысы
қалыптасты.
ІҮ. Әр топты мадақтау.

www.45minut.kz – www.45minut.org

Редакция девизі: БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ !45minut.org

Ж дыбысы мен әрпі

 

 Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Таласбаева Айдана Сержанқызы

Пәні: САУАТ АШУ

Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру. Ж дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету.Әріптің баспа түрін жазғызу.Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.Адамгершілік қасиеттерін ,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Әдісі:түсіндіру ,сұрақ – жауап

Көрнекіліктер: Ж әрпінің баспа түр,кеспе әріптер,түлкі ,қаздың макеті, Жолбарыстың,жұлдыздың,жүгерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Психологиялық дайындық

«Қайырлы күн »деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.

-Күніміз көңілді өту үшін не істеу керек?

Бәрі:Бәріміз күндей жарқырайық?Бәріміз дос болайық,-деп бір-біріне лебіздерін білдіреді.

ІІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

Балалар бүгін біздерге қонаққа нелер келіп отыр?

-Қаздар

-Дұрыс,енді осы қаздар деген сөздің ең басында қандай дыбыс естіліп тұр?

- «Қ» дыбысы бізге таныс па?

-Таныс.Өткен сабақта «Қ» дыбысымен әрпімен танысқан болатынбыз.

-Бұл қаздар бізден көмек сұрап келіпті.Олар түлкіден қашып келеді екен.

-Ендеше,балалар,қаздарға көмек көрсетіп,түлкіден құтқарайық.

1-қазды құтқару үшін өткен сабақтағы дыбыс пен әріпті еске түсірейік.

Сергіту сәті:

ІV.Жаңа сабақ

-2-қазды құтқару үшін мен жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешуін табайық.

1.Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

(Жұлдыз)

«Жұлдыз» сөзінде қандай дыбысты естіп тұрмыз?

Олай болса,біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз «Ж» дыбысы мен әрпімен танысамыз.

«Ж» дыбысын хормен айтқызу

«Ж» дыбысының таңбасын көрсетіп,дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады.

V.Сурет бойынша оқушыларды сөйлету

Тақтадағы ілінген сурет аттарын атату,буынға бөлдіру

Жапырақ жолбарыс көжек жүрек

Сергіту сәті.

-Ал, балалар, Ж дыбысымен,әрпімен таныстық,енді осыны дәптерге көркем етіп жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

1, 2, 3

Бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз,

4 пен 5-ке жазамыз

VI.Дәптермен жұмыс

3-қазды құтқару үшін «Ж» әрпін жазып үйренейік.Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. Ж ж әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.

VII.Ойын. «Сөз ойла,тез ойла»

4-қазды құтқару үшін.

1.Ж дыбысына байланысты сөздер айту

жолбарыс жұлдыз

жапырақ Ж жүзім

жүгері жуа

2. «Әріпті жұмбақ» шешу

Жайлауда бар.

Қыстауда жоқ.

Жасылда бар

Қызылда жоқ. (Ж)

VIIІ. Сабақты қорытындылау

-Қандай дыбыспен таныстық?

Ж дыбысы қандай дыбыс?

Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

-Міне балалар, біз нелерге көмектестік?

-Қаздар сендерге риза болып,көп рахмет айтып жатыр.Әрқашан осындай қайырымды болыңдар!

ІХ.Бағалау

-Балалар,өздерін күнмен бағалау.

Ойланайық бір мезет,

Бақылайық,байқайық,

Бірімізге-біріміз.

Күн шуағын сыйлайық.

-Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай жұмыс түрлері ұнады?

Сұрақ-жауап арқылы сабақтың өту барысы талқыланып,сабақ аяқталды.

Қуанышты хабарлама.Сабақта «Күліп тұрған күн» алған балаларды мадақтау.

Наурыз келді далама,
Наурыз келді қалама.
Қуанады ата-ана,
Қуанады бала да.

Оң болды да жорамыз,
Төлге толды қорамыз.
Айран, қымыз толығып,
Аққа толды шарамыз.

Наурыз болсын әніміз,
Наурыз болсын сәніміз.
Наурыз көже көп ішсек
Жасарамыз бәріміз.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Гаиләдә баланы тәрбияләү Һәр сабый тумыштан килә торган үзенчәлекләргә ия, әмма аның нинди булып үсүе нигездә тәрбиягә бәйле. Баланың акыл үсеше, әхлакый сыйфатлары , тирә-юньдәгеләргә мөнәсәбәте, барысыннан да элек , гаиләдә формалаша.

Һәр сабый тумыштан килә торган үзенчәлекләргә ия, әмма аның нинди булып үсүе нигездә тәрбиягә бәйле. Баланың акыл үсеше, әхлакый сыйфатлары , тирә-юньдәгеләргә мөнәсәбәте, барысыннан да элек , г...

Суда жұзу сабақ

Тақырыбы суда жұзу сабақ...

Ашық сабақ Тақырыбы: Суда жүзу сабағындағы денсаулық сақтау элементтер қолдануы.

«Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы» МҚКК     Ашық сабақ Тақырыбы: Суда жүзу сабағындағы денсаулық сақтау элементтер қолдануы.      Суда ...

Балабақшалардағы жүзу сабағына арналған бағдарлама

Балабақшалардағы жүзу сабағына арналған бағдарлама Құрастырған :    Айгужинова Гүлмира Зейноллақызы суда  жүзу  нұсқаушысы        ...

Ашық сабақ Тақырыбы: Суда жүзу сабағындағы денсаулық сақтау элементтер қолдануы.

«Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы» МҚКК     Ашық сабақ Тақырыбы: Суда жүзу сабағындағы денсаулық сақтау элементтер қолдануы.     Суда ...

Мектеп алды даярлық кластарының сабақтары.

Балаларға 1-10-ға дейін тура және кері санау дағдысын,сандардың көршілерін , жыл мезгілдері мен апта,ай күндерін үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту....

«Мен жүзуді білемін» суда жүзу сабағына арналған бағдарлама

Мақсаты - Мектепке дейнгі мекемелерде жүзуді оқыту әдістемесін және ерекшеліктерін қарастыру.- Жүзудің балаға психикалық және дене бітімінің дамуына оң әсерін тигізетінін көрсету. Оқыту үшін...