Жануарлар әлемі
план-конспект занятия (средняя группа) на тему

Байгенжина Айгуль Жумагалиевна

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Бөлімдері: Тіл дамыту, жапсыру

Тақырыбы: «Жануарлар әлемі»

Мақсаты:

Білімділік: Жануарлар туралы балаларға түсініктерін беру, олардың төлдерінің  атауға, үй жануарлары мен жабайы аңдарды бір-бірінен білуге үйрету.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайтып, ойлау, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дұрыс, қиып жапсыруды үйрету.

Қостілділік компонент: аңдар,  жабайы аңдар, төлдер.

Әдіс-тәслі: сұрақ-жауап, көрнекіліктер, ОТТШМ технологиясы, әңгімелеу, ойын, жапсыру.

Көрнекілік: жануарлардың суреттері, слайд, желім, қайшы, қағаз, үлгі сурет сәбіз.

         Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің  сабағымызға  қатысу үшін қонақтар келіп, қонақтармен сәлемдесейік.

         Шаттық шеңбері:

Мынау менің жүрегім,

Барлығы осыдан басталған.

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі тындырған.

 

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын айтындар.

 

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.   (Қой)

 

Жылқы тұмсық,

Ешкі құйрық.

Есек құлақ,

Қорқақ өзі, қыли көзі.   (Қоян)

 

Кездесті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар    (Түйе)

 

Мынау оған керегі,

Балды жақсы көреді.

Қыс бойы жылы апанда,

Ұйықтау оның өнері.   (Аю)

 

         Дұрыс, балалар, бәрін таптыңдар.  Сонымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Жануарлар әлемі».

         Балалар, сендер үй жануарларын білесіңдер ме? Ендеше суретке қарандар. Қандай жануарларды көріп тұрсыңдар? (үй жануарлары)

         Өте жақсы. Мынау суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? (жабайы жануарлар)

         Неге біз оларды үй жануарлары және жабайы жануарлар дейміз?

         Дұрыс айтасындар.

Олай болса бәріміз теледидарға көңіл бөліп слайд қарайық.

         Міне мұнда үй жануарлары адамдар салып берген үйлерінде тұрып жатыр.

         Тәрбиеші: Олардың үйлерін қалай атаймыз?

Балалар: Олардың үйлерін қора деп атаймыз.

Үй жануарлары адамдармен үйдің ауласында өмір сүреді, адам оған қамқор жасайды, күтеді, тамағын, суын береді, сол үшін жануарлар адамға өз пайдасын көрсетеді.

Тәрбиеші: Жабайы аңдар қайда өмір сүреді?

Балалар: Жабайы аңдар орманда, табиғат аясында, тауда тіршілік етіп, өз қоректерін өздері тауып жейді екен, сондықтан оларды жабайы аңдар дейміз.

Балалар сендер жануарлардың төлдерің білесіңдер ме? «Сыңарын тап» ойын.

Сиыр – бұзау, жылқы – құлын, қой – қозы, ешкі – лақ, түйе – бота, ит – күшік, қасқыр – бөлтірік, қоян – көжек, аю – қонжық, түлкі – мыршай.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

 

«Жануарларды схема бойынша топтастыру»

Үй жануарларын үйдің манына, жабайы аңдарды орманға топтастыру. Жануарлардың  «Жақсы-жаман» жақтарын айту. ОТТШМ ойын.

 

 

«Қай аң немен қоректенеді». Схема бойынша

Ит – сүйек

Аю – бал

Сиыр – шөп

Қоян - ......

Балалар  қоян немен қоректенеді? Сәбіз. Мына жерде сәбіз жоқ екен. Олай болса біз қоянға сәбіз жасап берейік.

Жапсыру.

Балалар, мынау үлігі суретке қарап сәбізді қайшымен қиып алып жапсырайық.

 

Қорытынды:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеттін қорытындылаймыз.

Балалар, қандай жануарлар туралы айтып өттік?

Төлдерін білеміз ба?

Бүгінгі оқу іс – әрекетіміз  сендерге ұнады ма?

Не себептен ұнады?

        

Ризамыз, ризамыз осы күнге ризамыз,

Ризамыз, ризамыз өткен күнге ризамыз, (қолдарын шапалақтау)

Сау болыңдар.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:  үй жануарларының, жабайы аңдардың, төлдердің аттарын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: үй жануарларынын пайдасы барын түсінеді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз ойларымен айтуды меңгерді, тіл байлықтарын дамыту, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.