Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану
план-конспект занятия по развитию речи (старшая группа) на тему

Муратбекова Шинар Капизовна

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Бауырсақты құтқару.

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, белсенділігін, қиялдауын дамыту. Ертегі, ертегінің кейіпкерлері туралы білімдерін бекіту. Кейіпкерге көмектесу ықыласын қалыптастыру. Жануарлардың қимылдарын көрсету. Заттарды қолдану арқылы кейіпкерге көмектесу.

Қажетті құрал - жабдықтар: Ойыншық бауырсақ.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon triz.doc73.5 КБ

Предварительный просмотр:

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Бауырсақты құтқару.

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, белсенділігін, қиялдауын дамыту. Ертегі, ертегінің кейіпкерлері туралы білімдерін бекіту. Кейіпкерге көмектесу ықыласын қалыптастыру. Жануарлардың қимылдарын көрсету. Заттарды қолдану арқылы кейіпкерге көмектесу.

Қажетті құрал - жабдықтар: Ойыншық бауырсақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалар бізге бүгін қонаққа ертегі кейіпкер келді. Ол қандай ертегіден деп ойлайсындар. Бауырсақ (ойыншық) келіп балалардан өзі туралы сұрайды.

Нан қоқымын шашпандар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастандар.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Бауырсақ:

- Мен қандай ертегіден келдім?

Бауырсақ ертегісінен келдің.

- Ертегіде менімен не болды?

Шал мен кепірден қашып кеттің.

Сені түлкі жеп қойды.

Балалар сендер дұрыс айтасындар. Тамаша.

Тәрбиеші:

- Балалар бауырсақты түлкі неге жеп қойды?

Мақтанды, кемпір мен шалдан кетіп қалды, аңдардан қашып кетті.

- Мақтану жақсы ма, жаман ба?

Мақтанарлық іс жасасан, мақтануға болады.

Орынсыз мақтанған дұрыс емес.

- Бауырсақтын шал мен кемпірден кетіп қалғаны жақсы болды ма?

- Неге?

Кетсе де, кетпесе де, шал мен кепір бауырсақты жеп қояр еді.

- Бауырсақтын аңдардан кетіп қалғаны несімен жақсы? Оның жаманы неде?

Мүмкін аңдар бауырсақты алдын ала қауіптен сақтандыра алар еді, оны үйіне қайтарар еді, мақтану жақсы емес екенін айтар еді.

- Балалар, жарайсындар, сендерді мақтан тұтамын!

- Балалар қалай ойлайсындар, бүгін бізге сабаққа бауырсақ неге келді?

- Көмек сұрауға

Бауырсақ:

- Балалар мені түлкіден құтқарындаршы!

Тәрбиеші:

- Бауырсақты түлкіден аман алып қалу үшін не істеу керекпіз?

- Тығылып қалу.

- Қашып кету.

- Жолдан бұрылып кету.

- Үлкен қылып пісіру.

- Кім бауырсаққа көмектесе алады?

Аңдар, шал мен кемпір, балалар.

- Бауырсаққа қандай заттар көмектесе алады?

Ағаштар, жапырақтар.

- Балалар біз қалай бауырсаққа көмектесе аламыз?

Тығылып қалуды, ағашқа мініп кетуді, жапырақ астына жасырынуды ұсынамыз.

- Ертегіні қалай өзгерте аламыз?

Ертегінің сюжетін өзгерту.

Бауырсақты түлкімен кездестірмеу.

Шал мен кемпірдің оны үйге қайтарып әкелу.

Аңдардың бауырсаққа қамқор болулары.

Мейірімді түлкіні кездестіруі.

Осындай ақылды балалар болғанына өте қуаныштымын

Тәрбиеші:

- Балалар бауырсақ сендерге қызық жұмбақтар дайындапты, шешіп көреміз бе?

Иә, шешіп көрейік.

Тораулдыап ауылды,

Қыс бойына жатады,

Тісі десең тісі бар,

Тәтті ұйқыға батады,

Түнде жортар ісі бар.

(аю, қасқыр)

- Аю.

- Қасқыр.

Қалқиған ұзын құлағы,

Сайқымазақ қулығы бар,

Елендеп қорқып тұрады,

Барған жерде ұрлығы бар.

(қоян, түлкі)

- Қоян.

- Түлкі.

Балалар бауырсақпен кездескен аңдардың кезегін анықтайды

Тәрбиеші:

- Бірінші бауырсаққа не кездесті?

- Бірінші болып кездескен қоян.

- Ең соңында нені кездестірді?

- Ең соңында түлкіні кездестірді.

- Бауырсақ түлкінің алдында нені жолықтырды?

- Түлкінің алдында аюды жолықтырды.

- Қояннан кейін нені?

- Қояннан кейін қасқырды.

- Бауырсаққа кездескен аңдардың арасындағы ең мықтысы?

- Ең мықтысы аю.

- Тағы қандай күшті аңды бауырсақ кездестерді?

- Қасқырды.

Қайсысы күштірек:

- Аю ма, әлде қасқыр ма?

- Аю.

- Қасқыр ма, түлкі ме?

- Қасқыр.

Ең әлсізі, айлакері қайсысы?

- Әлсізі қоян, айлакері түлкі.

- Балалар жарайсыңдар, дәл таптыңдар!

Рефлексиялық – түзетушілік

Тәрбиеші:

- Бауырсақ туралы әнді еске түсіріп, ән айтайықшы?

«Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!»

“Бауырсақ кімді кездестірді” ойыны (жануарлардың қимылдарымен әрекеттерін келтіру)

Балалар жануарлардың қимыл әрекеттерін келтіреді.

“Бауырсақ ертегісіне қойылым жасау”.

Балалар шағын қойылым жасайды.

Балалар арасынан кейіпкерлерін таңдап алу: шал мен кемпір, аю, қасқыр, қоян, түлкі, бауырсақ.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: Ертегі мазмұны мен оның кейіпкерлерімен, орман жануарларын біледі.

игереді: нанды қастерлеу, бөтен адамға сенбеу.

меңгереді: сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Түгәрәкләр аша балаларда милли үзаң тәрбияләү.

Моя деятельность с одарёнными детьми всегда объемна, многопланова и результативна. Главный же итог всей моей работы в том, что в коллективе создан эмоционально-положительный климат, способствующий реш...

Балаларда хезмәткә карата уңай мөнәсәбәт, хезмәт итү теләге тәрбияләү.

3-4 яшьтәге балалар үз өсләренә йөкләнгән шәхси һәм күмәк эшләрне башкарып чыгарга өйрәтү: эшне бүлешү турында, тәрбияче ярдәмендә, уртак бер фикергә килә белүне формалаштырырга тиешләр. Йөкләнгән эшк...

Балаларда агрессивлык аны булдырмау алымнары

Балаларда агрессивлык аны булдырмау алымнары...

“Балаларда рухи байлык тәрбияләү”

“Балаларда рухи байлык тәрбияләү”( ата-аналар алдында чыгыш)Яхшы кеше булыр өчен гәүдә саулыгы гына җитми, рухи саләмәтлек тә кирәк.(Абдрахман Кайа)Балаларыбызны рухи яктан бай, ныклы иманлы, әх...

“Мәктәптәгечә яшьтәге балаларда үз халкына, тарихына , гореф-гадәтләренә, мәдәниятенә карата кызыксыну уяту” эш тәҗрибәсеннән чыгышы.

Мәктәптәгечә яшьтәге балаларда үз   халкына ,  тарихына , гореф-гадәтләренә,  мәдәниятенә   карата    кызыксыну   уяту ,  үз  мил...

Мектеп алды даярлық кластарының сабақтары.

Балаларға 1-10-ға дейін тура және кері санау дағдысын,сандардың көршілерін , жыл мезгілдері мен апта,ай күндерін үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту....

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас  ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың  тағдыры ұстаздардың қолында»Н.Ә.НазарбаевБіз даналықты үш жолмен үйренеміз:ойлану - ең ізгі жол;Еліктеу – ең...