Көбелек суретін салу
учебно-методический материал по изобразительному искусству (изо) по теме

Аяпова Жумагул Исагаликызы

 Оқушылардың заттың нұсқасына қарап сурет салуға дағдыларын қалыптастыру, жаңа сабақты меңгерту және оны эстетикалық тұрғыдан бейнелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon kobelek_suretin_salu.doc31 КБ

Предварительный просмотр:

Көбелек суретін салу

    Сабақтың тақырыбы: нұсқасына қарап көбелек суретін салу.

    Сабақтың мақсаты: Оқушылардың заттың нұсқасына қарап сурет салуға дағдыларын қалыптастыру, жаңа сабақты меңгерту және оны эстетикалық тұрғыдан бейнелеу.

    Сабақтың көрнекілігі: ИКТ:салу жолдары көрсетілген көбелектің суреттері, көбелек туралы шағын фильм, әңгімелер.

    Сабақтың типі: аралас сабақ.

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

    Сабақтың барысы:

Үйден салып келген суреттерін қарап шығып таза, дұрыс салынған бірнеше жұмысты оқушыларға салыстыра көрсету, өздеріне әңгімелету арқылы бағасын бергізу. (бұл жердегі мақсат балалабдың сурет салуға деген ынталарын, қызығушылықтарын ояту)

    Жаңа сабаққа кіріспес бұрын ИКТ арқылы көбелек түрлерін көрсету, өлеңдер тыңдату, пән аралық байланыс жасап, тілдамытудан өткен әңгімелерін еске түсіру. Оқушылардың да білетін өлең-жұмбақтары болса тыңдау.

   Мұнан соң слайт арқылы көбелектің салу жолдары көрсетілген суреттер мен әңгіме жүргізіледі. Яғни: балалар, көбелектің сырт формасын қандай геометриялық фигураға ұқсатуға болады деп сұрап, математикамен байланыс жасалады.

-  Тік бұрышқа ұсайды  деген жауап алу керек.

-  Көбелектің неше қанаты бар?

-  Дұрыс. Төрт қанаты бар.

-  Олар көбелектің денесіне қалай орналасқан ?

- Олар көбелектің денесіне екі-екіден бөлініп орналасқан –деген жауап ала отырып, сандарды екіге бөлуді еске түсіреміз.

-  Ал көбелек қанаттарының түсі қандай?

-  Көбелектің қанаттарының түсі –қызыл, сары т.б.

Осылай көбелектің формасы, дене құрылысы, түсі анықталады.

Онан соң салу жолдарын үйретеміз:

-  Балалар, көбелектің ені оның биіктігінен, ұзындығынан үлкен. Сондықтан дәптерді көлденең, өзімізге қарата  ұстаймыз.

2. Көбелектің оң жақ және сол жақ қанаттары бір-біріне симметриялы орналасқан. (бұл ұғым туралы алда кластарда оқитыны ескертіледі де, қазір алғашқы түсінік беріледі, яғни тік сызықтан олардың ара қашықтықтары бірдей). Сондықтан суретті ортаңғы сызықты сызудан бастаймыз. Сосын нақ ортасынан оны екіге бөлетіндей етіп тік сызық түсіріледі.  

   Бұл жерде мұғалім қосымша сызықтың қайта өшірілетінін, сондықтан қарындашты қатты бастырмай сызу керектігін ескертеді. Ал қатты бастырып сызылса, өшірген кезде дәптер бетінде қарындаштың ізі қалады да, бояған кезде ол жерге бояу дұрыс түспейтінін оқушыларға дағдысы қалыптасып кеткенше,  сабақ сайын ескертіп отырудың зияны жоқ.

3. Тіке сызықтың бойынан салатын көбелегіміздің бойы белгіленеді. (1 сурет). Осы белгі бойынша көлбеу сызықтар жүргізіледі.(2 сурет).

Мұғалім:  - Балалар, байқап  қарасаңыздар, көбелектің үстіңгі қанаты астыңғы қанатынан гөрі кеңдеу, сол себепті үстіңгі горизанталь сызықтың  бойына  үстіңгі қанаттың кеңдігін, төменгі горизанталь сызықтың бойына төменгі қанаттың кеңдігін түсіреміз де, оларды түзулермен қосамыз.Сонда  төрт бұрыш шығады. (3сурет).

Мұнан соң үстіңгі және төменгі қанаттарының шегі белгіленеді.(4 сурет).

   Осылай көбелектің жалпы формасы мен оның қанаттарының  құрылысы анықталған соң, оның денесінің басқа мүшелерін салуға кірісу керек. Көбелектің  басы мен оның қанаттарының бағыттары түсіріледі. Енді оның қанаттарының, басының, мұрттарының пішіні белгіленіп, жалпы формасы (суреті) жасалады. (6-сурет). Ең соңғысында қанатқа түсетін өрнектердің орны белгіленеді. (7-сурет).

   Осымен слайт бойынша түсіндіруді аяқтаймыз. Балалардың назарын слайтқа қайта бір аударып, көбелектің түсіндірілген салу жолдарын естеріне сақтатып алып, слайтты жаба тұрамыз да, оқушылардың алдына кептірілген көбелектер қойылады. Балалар нұсқасына қарап отырып, алған білімдері негізінде көбелектің суретін салуға кіріседі.

4. Суреттің дайын күйімен түсінік жұмысын жүргізіп қорытындылау мақсатында мұғалімнің оқушылар көбелектің суретін нұсқасына қарап салуға кіріскен кезде, парта аралап бақылауы керек. Кейбір оқушыларға жәрдемдесіп, түсіндіріп жібереді, дұрыс салу жолын көрсетеді. Ал жақсы салынған жұмыстарды мадақтап отыру, оқушылардың құлшынысын туғызады.

   Сабақ негізінен суреттер сериясын көрсете отырыа, түсіндіру арқылы орындалады. Әрбір кезеңін көрсетіп, түсіндіру кезінде салып  отыруға болады.

   Барлығы түгел көбелек нұсқасын қарындашпен салып болған соң, суретті бояйтындары айтылады. Суретті бояту арқылы түрлі-түсті құбылыстың түсін таба білуге, оқушылардың талғамын тәрбиелеп, түстерді табуға үйретеміз.

  Бірнеше түсті көбелектер слайт арқылы көрсетіліп, олардың түстері туралы әңгімеледі. Ол түстерді акварель бояуымен табу жолдары айтылады. Көбелектің қанаттарын бояу үшін алдымен сары түспен барлық қанаттарын бояп, ол кепкенге дейін күте тұру керек. Осылайша қажетті түстерді тауып бояп шығады. Сонан соң барып қанаттарындағы өрнектері жіңішке қылқаламмен сызылады, мұртшалары боялады.

Бояу әдістерін осылай түсіндіріп болған соң, оқушылардың жұмысына аралап жүріп көмектескен жөн.

   Затты нұсқасына қарап салдыру кезінде, олардың орналасуы, ара қатысын, көрінетін бөліктер мен көрінбейтін бөліктері туралы айтылуы керек.

   Жұмыс толық орындалып болған соң, жұмыстарды араластырып, яғни дұрыс орындалғаны бар, дұрыс орындалмағаны бар, класқа көрсетіп, жетістік-кемшіліктерін айтқан жөн. сонда әрбір оқушы сабаққа ынталы қатысып, қызығушылығы артатын болады.

 Сабақ қорытылып, алған білімдері бекітіледі.

 Бұл әдісті басқа да нәрселерді нұсқасына қарап салу кезінде қолдануға болады.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Салим Сурун-оол "Карактар дугайында маргылдаа"

Урок по литературному чтению на родном (тувинском) языке....

Презентация "Экскурсия по Тарко-Сале"

Презентация  для  интерактивной доски "Экскурсия  по  Тарко-Сале"....

Бейнелеу өнері. Құстар мен жануарлардың суретін салу.

Аңдардың суретін салу - бейнелеу өнерінің ең бір қызық түрі. Мұғалім оқушыларға аңдар, құстар, балықтардың суретін салуды үйрете отырып, олар туралы қызықты әңгімелер айтып, қосымша ғаламтор материалд...

Жол белгілерін салу

Жолда жүру ережелері туралыбастауыш кластарда  әңгімелер түрінде, экскурсия жасау, тәрбие сағаттарында, ертеңгіліктерде және бейнелеу өнері сабақтарында суреттерін салдыру арқылы мәлімет беріледі...

Внеклассное мероприятие. "Аваларга поезд белек чедирер"

Внеклассное мероприятие, посвященное празднику 8 марта на тувинском языке....

Выступление кадета КПКУ Куулар Белека в МБОУ "НОШ" с.Хову-Аксы в 2016-2017 учебном году

Кадет Кызылского Президенсткого кадетского училища Куулар Белек выступилс с памяткой для кандидатов в кадеты 2017 года...

Презентация "Изложение "Белек"

Презентация "Изложение "Белек"...