Қ.Әбдіқадыров Алып бала. 2-класс
план-конспект занятия (2 класс) по теме

Жумагалиева Роза Матжановна

Әдебиеттік оқу пәні. Қысқа мерзімді жоспар

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл debiettik_oku.docx17.43 КБ

Предварительный просмотр:

Тәлім алушы Жумагалиева Роза Матжановнаның

әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді  жоспары.

2  сынып

Әдебиеттік оқу

Күні 17.04.2014 жыл

Сабақ 8.50

Сабақтың тақырыбы

Қалмақан Әбдіқадыров. Алып бала.

Мақсаты

Қажымұқан Мұңайтпасов туралы мағлұмат беру, әңгіме мазмұнын түсіндіру. «Алып» сөзіне түсінік беру, әңгіме түйінін ұғындыру, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорларын дамыту, шыдамдылыққа, спортты сүйе білуге тәрбиелеу.

Жұмыс нәтижесі

«Алып» сөзін түсінді, спорттың қажеттілігін сезінді, әңгіменің негізгі идеясын ұғынды,еліміздегі атақты спортшылары туралы таныса отырып «Қазақ барысы» жарысы туралы білді.

Сілтеме

Оқулық: Әдебиеттік оқу  2-сынып,  Алматы,  ,,Атамұра,,,2013 жыл,, қазақстандық спортшылар туралы слайд-презентация.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, сто стратегиясын пайдалану, диалогтік оқыту. АКТ,оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Ресурстар

Ермексаз,  маркерлер, стикерлер, қосымша дерек көздері, суреттер.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Топқа бөлу
  3. Үй тапсырмасын сұрау
  4. Жаңа тақырып: СТО стратегиясы бойынша
  5. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті.

1.Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.Өтілген материалдар бойынша топ басшыларын сайлап алды.

Топ басшыларына бағалау парағын берді.

Топ басшылары доп лақтыру арқылы өз тобының мүшелерін жинап алды.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Сағи Жиенбаевтың Әлия өлеңін мәнерлеп оқытты.

Әр топтан 1 оқушыдан бірінен-бірі жалғастырып өлеңді мәнерлеп оқыды.

«Ой қозғау»

-«Алып» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

«Болжау» стратегиясы:

  • Әңгіме  кім туралы болуы мүмкін?

Оқушылар білетіндерін айтады.

-үлкен

-дәу

-нән

-күші көп

-бойы ұзын т.б. жауаптар айтты.

Оқушылар әңгіме кім туралы болатынын болжады.

Сурет бойынша сұрақтар:

-Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?

-Ол не арқалап алған?

-Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?

Оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап берді.

1.Автор туралы мағлұмат беру.

2.Ә.Молдағұлова туралы бейнефильм қарау.

Топ мүшелері мәтін бөлігін оқып, топта талқылайды, қалған топтарға түсіндіреді.

Мәтінді оқу, сөздік жұмыс жасау.

Мәтінді  оқып беру.

  • Елімізде қандай алып адамдар бар?
  • Қазақстандық қандай спортшыларды білесіңдер?

Оқушылар өз бетімен мәтінді іштей оқиды.Кейбір сөздердің  өз беттерімен  мағынасын ажыратты.

Қазақстандық алып адамдар туралы өз білгендерін айтты.

  • Серік Сәпиев
  • Бекзат Саттарханов
  • Зульфия Чиншалло т.б.

Сергіту сәтін өткізді.

Оқушылар музыка ырғағымен биледі.

Мағынаны тану.

Қазақстандық спортшылар, алып адамдар туралы слайд-презентация арқылы түсінік берді.

Елімізде соңғы жылдыры өткізілген «Қазақ барысы» жарысы туралы түсінік алды.

Топтық жұмыс.

Ермексаздан спорттық құрал-жабдықтарды бейнелеу.

Оқушылар ермексаздан спорттық құрал-жабдықтарды бейнелеп, көрме жасады.

Шығармашылық тапсырма.

Сыныптағы «алып баланы» анықтау мақсатында «Кім күшті?» деген ер балалардың арасында күш сынасу жарысын өткізді.

Әр топтан 1 ер бала шығып қол күрестіріп, күш сынасты.

Рефлексия

Ой толғаныс.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қағазға жазды.

Топ басшылары өз тобын бағалап, қорытындылады.

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу. Мәтінді оқу, Қажымұқан Мұңайтпасов  туралы қосымша мәліметтер жинау


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Сценарий выпускного бала (4 класс)

Праздник «Прощание с начальной школой!»...

Балықшы мен балық

Әдебиеттік оқуСабақтың тақырыбы: Пушкин А.С. "Балықшы мен балық"(Ертегі)Сабақтың мақсаттары: Сабақтың мақсаты:1.  Ертегі мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашуға, өмірімен байланыстыра білуге дағдыла...

А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"

А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....

А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"

А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....

А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"

А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....

Проект эше: "Алар илгә Җиңү алып кайтты!"

Проектның максаты:  Бөек Ватан сугышы елларында халкыбызның фронтта һәм тылда күрсәткән тиңдәшсез батырлыгы үрнәкләре белән яшь буынны таныштыру; буыннар арасындагы бәйләнешне ныгыту, намуслы хез...

сценарий выпускного бала, 4 класс

сценарий выпускного бала, 4 класс...