БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
статья на тему

БАСТАУЫШ СЫНЫПта ШЫҒАРМАШЫЛЫҚпен жұмыс істеу

Ұрпақ тәрбиелеуде бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан  зор. Бүгінгі бірінші сынып есігін жасқана ашқан әрбір бүлдіршін-ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан бірінші күннен бастап сапалы білім мен саналы тәрбие беру бастауыш сынып ұстазының бірден бір қағидасы болу керек. Бастауыш сыныпта ұстаз болу өте жауапты, күрделі де, сондай-ақ, қызықты жұмыс.

Әрине, заманымызға сай жаңа талаптар, жаңа өзгерістер, жаңа ойлар туындауда. Меніңше, ХХI ғасыр мектебін қиыншылықтарға қарамай, өркендету, оның сапасын арттыру, ақпараттандыру біздің басты мақсатымыз.

Күнделікті өзгеріп отырған заманда қатаң бәсекеге қабілетті ортада өмір сүре алатын, ғылым негіздерін меңгеріп қана қоймай, тиісті орында қолдана білетін, оны әлемдік білім аренасына және ақпарат, экономика кеңістігіне шығара алатын , өзіндік «мені» қалыптасқан, өзін-өзі қорғай алатын тұлға тәрбиелеу нағыз ұстаз қолынан ғана келеді.

Ал нағыз ұстаз болу үшін өз басым мына қасиеттерді жадыма берік ұстаймын: адалдық, төзімділік, кешірімділік, ізденгіштік, өзбетімен үнемі білімімді жетілдіру, жаңашылдыққа ұмтылып, өзгеріске бет бұру, АКТ-ны сауатты меңгеру, желілік қауымдастық арқылы  кәсіби деңгейімді көтеріп, тәжірибе алмасу. Осы қасиеттерді бойыма сіңіре отырып, сабағымның сапасының артқанын, оқушыларымның шығармашылықпен жұмыс істеу деңгейлерінің көтерілгенін, еңбегімнің жандана түскенін байқадым.

         2013-2014 оқу жылында ҚР педагог кадрларының  біліктілікті артырудың деңгейлік бағдарламаның аясында ілгерінді деңгейін сәтті аяқтап, жаңа тұрпатта жұмыс істеудемін. Педагогикалық өзгерістерге тез төселіп, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, оқушылар пікірімен, оқушы үнімен санасатын, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана алатын  бүгінгі күннің «Жаңа тұрпатты» ұстазымын деп айта аламын.

         Шығармашыл ұстаз ізденгіш, жаңашылдыққа жаны үйір, алдына дұрыс мақсат қоя білетін, оқушыны жаңа бір нәрсе білуге бағыттай алатын болуы шарт. Қазақта бес саусақ бірдей емес деген мәтел сөз бар. Осы мәтелге сай сыныпта отырған оқушының барлығының қабілеттері бір  деңгейде емес. Ұстаз ең бірінші оқушылардың қабілет деңгейін толық біліп, айыра білгені жөн. Сондай-ақ қабілет деңгейінің әр алуандығын басты назарға алынуы қажет. Оқушылардың қабілет деңгейін анықтау үшін жұмыс түрлерін түрлендіріп, бірінші сыныптан бастап жүргіземін. Бастауыш сынып оқушыларының  жас ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау қабілеттері, материалды қабылдау мүмкіндіктері әр деңгейде және зейіндері тұрақсыз.

Сөйте тұра жас баланың неге бейім екенін аңғаруға болады. Бала тіпті ойын үстінде неге бейім екенін көрсетеді. Осы бейімділік келешекте қабілетке ұласады. осы бала бойындағы қабілетті көру және одан әрі дамыту біздің басты міндетіміз.

         Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ортасы, ұстазы, ата-анасы қолайлы жағдай туғызу керек. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытудамын.

 Мен өзімнің іс –тәжірибемде ең алдымен баланың күнделікті өмірде қарапайым көріп, біліп, байқап жүрген оқиғаларын баяндап, суреттей біле ме  және өз бетімен жаттаған өлең, тақпақтарын жатқа айту, сурет салуға бейімді ме, өздерінің теледидардан көрген мультфильдерінің  мазмұнын еркін әңгімелеп айта алу деңгейін ажыратамын. Әрі қарай жұмыстарым әр оқушының қабілетіне қарай ұйымдастырылады.

Ұлы педагог Ш. Амонашвали: «Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады» - дейді.

Шығармашылықпен жұмыс істеуде баланың сөздік қорының мол болуы көп нәтижеге қол жеткіздіреді. Бастауыш сынып оқушысы ана тілі сабағында тіл үйреніп, сөздік қорын молайтумен қатар, оқушы мәдениетті сөйлеуге, пікірлесуге, ойлауға, әңгімені одан әрі қиялмен жалғастыруға  үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын оқытып, ойнатып отырып дамыту қажет. Оқушылардың шығармашылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып арттыруға болады. Өзімнің іс-тәжірибемде оқушылардың шығармашылықтарын арттыру үшін төмендегі жұмыс түрлерін жиі қолданамын:

 

Ø Әңгімені бөлімдерге бөлу, бөлімдерге тақырып қою;

Ø Әңгімені рөлге бөліп оқу;

Ø Образға ену және рөлдік ойындар;

Ø Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беру, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын ажырата білу;

Ø Қиял арқылы әңгімені жалғастыру;

Ø Әңгіме сюжеті бойынша сурет салу;

Ø Үзіп оқу әдісі арқылы ой жалғастыру; (инсерт)

Ø Болжау кестесі;

Ø Венн диаграммасы;

Ø Ассоциация;

Ø Топтастыру, кластер;

Алдымда отырған оқушылардың қиялы дамып, сөздік қоры артып, өз ойларын ашық айтып, қызығушылықпен жұмыс істеуге осындай іс-тәжірибем арқылы қол жеткіздім. Бала бойындағы қабілет, таланттары шығармашылық жұмыс барысында ашыла түседі. Алдарыңызға ана тілі сабағында шығармашылықпен  орындалған жұмыстарды ұсынамын:

Описание: IMAG0478

 

 

 

Описание: IMAG0481

  

 

Описание: IMAG0477Описание: IMAG0479

 

 

 

 

 

 

Описание: IMAG0500

 

 

Описание: IMG_0728

Описание: IMG_2439Описание: IMG_2431

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Описание: IMAG0486Описание: IMAG0473

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сыныптағы негізгі пәндер ана тілі мен қазақ тілі пәндерінде жүргізілетін   жұмыс түрлері ұқсас. Шығармашылық жұмыстар оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, жазба тілдерін дамытып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
            Шығармашылық жұмыстың  мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға яғни логикалық тапсырмаларды орындауға қалыптастыру.

Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларына арналған логикалық жұмыстардың да тиімді жолдарын қарастырып, кірістіремін.  (Жұмыс үлгілері суретте көрсетілген)

Описание: Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Изображение1.jpgОписание: Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Изображение.jpgОписание: Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Изображение11.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

Логикалық тапсырмалар оқушылардың зейінін жинақтауға, ойлануға, қатарластарының пікірін білуге, шапшаңдыққа, шеберлікке тәрбиелейді.Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, зерек, ізденгіш, өзіне талап қоя алатын білімді азамат болып шығады.

         Төменде көрсетілгенг бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін  ұштай түсіп, қабілеттері арта түседі.

 

image

imageimage
 

Описание: Описание: C:\Users\045\Desktop\IMG_0704.JPG

Описание: IMG_2174

 

 

 

 

Описание: IMG_2356Описание: IMG_0687



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары санатты, 1-деңгейлі (ілгерінді)  бастауыш сынып мұғалімі: Смагулова Б.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл bastauysh_synypta_shygarmashylykpen_zhumys_isteu.docx2.68 МБ

Предварительный просмотр:

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Бастауышым балбұлағым

Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"

Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдетіп,  зияткерлік  қабілетін  дамытады.  Оқушылардың...

Қазақ тілі "Бастауыш" ашық сабақ

Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтап, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік береді.Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамытады....

Оқушылардың шығармашылық жазба тілін дамыту

         Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп табалдырығындағы бүлдіршіндер десек, оларға жан-жақты заман талабына сай білімді, мәдениетті...

Ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары (тамыз маслихатында оқылатын баяндама)

Қазіргі таңда жапондық тәрбие деген ұғым кеңінен таралған. Жапондықтар«егер балаңыз терезені сындырып тастаса, ашуыңызды көретіп, баланы жазаға тарпаңыз. Істі сол күйінде қалдырыңыз. Түнде салқын түск...

Қазақ тілін оқытуда оқушылардыңи шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлері

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білмге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды оқуш...

Бастауыш сыныпта дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту

Бастауыш сыныпта  дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту Смагулова Бейбиткул МуптикызыАктоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені»ММ...