Денелер,заттар
план-конспект урока по окружающему миру (1 класс) на тему

Бижанова Майра Нажметовна

Айналадағы денелер

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл 3.docx16.55 КБ

Предварительный просмотр:

3. Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар
Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғат, денелер мен олардың құрамы туралы түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі:  электрондық оқулық, салыстыру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілік: суреттер, кесте
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
 Оқушылардмен амандасу, түгендеу.

Психологиялық дайындық

2.Мақсат қою: тақырыбын,  мақсатын хабарлау.Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.

3.Үй тапсырмасын тексеру

«Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. ( тақтада слайд )
Бәріміз тақтаға қарайық. Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия сөз шығады. Ол үшін үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап берулерің керек.

Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.
Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл
Неге? Өйткені ол өлі табиғат. Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?

4.. Жаңа сабақ
Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)
Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?
Осы сыныптың ішінде дене бар ма?

5.. Оқулықпен жұмыс.
1 топ: Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату.
Тақтамен жұмыс Электрондық оқулықтан табиғи, жасанды денелерді ажырату
2 - топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.
3 - топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.
4 - топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)
Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат.
6. Сергіту сәті.
7. Топтық жұмыс ( музыка)
1 - топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.
2 - топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)
Дене деген немене? ---------------------Бізді қоршап тұрған
Достым білгің ............ ме? --------------Өлі, тірі...............
Дене ............ баласы -------------------Дене неден тұрса
Зат ............. анасы ----------------------Дейміз оны ...................
Керекті сөздер: келе, заттың, дененің, табиғат, зат.
3 - топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( шырпы, ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, қағаз, трубочка, )
4 - топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің атынан сөйлейсіңдер. Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын. Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?
8. Қорытынды.
Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін. Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан, Ұшақ металлдан.
9.Үйге тапсырма