Күндіз,түн
план-конспект урока (окружающий мир, 1 класс) по теме

Бижанова Майра Нажметовна

Айналадағы дүние туралы

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл 2dunietanusabaktyn_takyryby.docx14.47 КБ

Предварительный просмотр:

.2ДүниетануСабақтың тақырыбы: Күндіз, түн.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсініктерін   кеңейте түсу 2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын                        қалыптасу.3. Табиғатты  сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру  кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық сәт:

Табиғат біздің анамыз,табиғатқа баламыз

Табиғатты қорғайтын,біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,меңгеруді қалаймыз

Осының бәрін меңгертер,дүниетану сабағымыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады?  Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады? Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?

ІІІ Өткен сабақты пысықтау:Табиғатты нелер құрайды?Табиғат нешеге бөлінеді?Тірі табиғатты ата.Өлі табиғатты ата.Суреттегі табиғат заттарын ата.Адам қолымен жасалатын заттарды ата.Күн қай сағатта шығады? Күн қай сағатта батады? Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.«Күн жарық, жылы.        Түн қараңғы салқын.»

ІҮ Жаңа сабақ:Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн», «Түн тынысы » тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.

Ү Оқушы білімін бекіту:Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?

ҮІ Қорытындылау;-Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?Нені бейнеледік? Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады

VII . Үйге тапсырма,бағалау: