Мал шаруашылығы
календарно-тематическое планирование (2 класс) на тему
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Пән : Дүниетану
Тақырыбы: Мал шаруашылығы
Мақсаты: 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 7 саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктерді дәріптеу. Ұлттық салтымызды насихаттау.
Корнекіліктер: интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, сызба, төрт- түлік суреті
Әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері
Пәнаралық байланыс: Өлкетану, ана тілі, музыка, математика
Сабақтың барысы: І Психологиялық дайындық. Мұғалім. Қазақ жері
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 25.99 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Пән : Дүниетану
Тақырыбы: Мал шаруашылығы
Мақсаты: 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 7 саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктерді дәріптеу. Ұлттық салтымызды насихаттау.
Корнекіліктер: интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, сызба, төрт- түлік суреті
Әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері
Пәнаралық байланыс: Өлкетану, ана тілі, музыка, математика
Сабақтың барысы: І Психологиялық дайындық. Мұғалім. Қазақ жері
Пай,пай,пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп жеткен жер!
Сарылып сал-сері кеткен жер!
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!Хор. «Туған жерімізге тағзым етеміз»
- Иә, Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанда жарқыраған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың, Туған ел сенің үйіңнің табалдырығынан басталады. Мөлдір ауасы, жұпар аңқыған жусаны, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолы- бәрі сенің туған еліңді құрайды. Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ. Күлдір-күлдір кісінеп, айнала шапқылаған құлыншақ.
Сабақтың тақырыбы.
-Ендеше, бүгінгі жаңа тақырыбымыз –Туған еліміздің бір бөлігін құрайтын – Мал шаруашылығы
(Сабағымыздың мақсатымен танысу)
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өтіп жатқан «Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары» тарауына байланысты сөзжұмбақ шешейік:
- Дала жануары?(түлкі)
- Шөлейтті жерде тіршілік ететін жүйрік аң?(ақбөкен)
- Қай жануар аяғымен естиді? (шегіртке)
- Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін өсімдік? (мақта)
- Тұқымынан ажыратылмаған мақта? (шитті)
- Дәнінен крахмал алынатын азықтық дақыл? (күріш)
- Жүгерінің сабағынан не жасайды? (сүрлем)
- Жылу сүйгіш, қанты көп өсімдік? (жүзім)
- Көп ұйықтайтын жануар? (кірпі)
Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Ол халқымыздың негізгі тіршілігі. Оның өнімдерін оңтайлы пайдалануды игерген. «Төрт түлігім – тіршілігімнің ырысы» деп кең даланы еркін шарлап, көшіп-қонған халқымыз сахараны төрт түлікке толтырған.
Төрт түлік бізге кисек – киім, ішсек –сусын, жесек – тағам, мінсек -көлік, сатсақ – пұл болған. Қазақ халқы өз балаларын «ботам», «құлыншағым», «қошақаным», деп еркелетуінің өзі төрт түлік малға деген үлкен ықыласын білдірген. Биыл бізге қазақша жыл атауы бойынша қандай жыл келді? (Жылқы жылы)
Жылқы жылы -2014 жыл халқымызға жайлы болып, жақсылық жылы болсын! Жылқы малдың патшасы. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше. Бүгінгідей машина жоқ кезде, айшылық алыс жерлерге ат мінген. Тұтқиылдан жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұщпанына тойтарыс берген. Қазақ әдебиетіндегі батырлар жырын еске түсірейік.
Кендебайдың -Керқұалсы
Қобыландының –Тайбурылы
Алпамыстың –Байшұбары
Қамбардың – Қарақасқасы
Тарғынның –Тарланы
Ақанның –Құлагері қандай болған! Олай болса, бізде 3 топқа бөлініп, бір –бір жүйрікке мініп, білім бәйгесіне қатысайық
І топ - “Сәйгүлік”
ІІ топ - “Тұлпар”
ІІІ топ - “Арғымақ
Ұранымыз:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Бұл бәйге- ойдың бәйгесі
Кім жүйрік болса, сол алда!
-деп сәттілік тілеймін. Озған топқа тұлпар мінгіземін!
Оқулықпен жұмыс .89-90бет
Кітаптағы « Жылқы өсіру –Қазақстан» (Ермахан, Нұрлан, Саят)
Жылқы шаруышығы
Мағынаны ашу:
Жылқы – сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі . Жылқының алғашқы қолға үйретілген Қазақстан даласы деп саналады. Жылқы қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Жылқының пірі – Қамбар ата. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымдары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді. Қымыз халқымыздың кәделі сусыны. Қымыздың 40 жуық түрі бар, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз т.б. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде көңіл бөле бастаған.
Жылқы қолтұқымдары
Ой қозғау- Жылқының пайдасы
- Жылқының жасына қарай аталуы: Құлын.Жабағы.Тай.Құнан.Байтал.Дөнен.Бесті.Бие.Айғыр
Жылқы өнімдерін жарнамалау
Күлеміз бе қайтеміз? Жылқы қандай дыбыс шығарады?
Жылқы малдың патшасы.
Түйе малдың қасқасы
Түйе шарушылығы
Мағынаны ашу:
Түйе сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Түйеде мүйізді тұяқтар болмайды. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700 – 800 кг., мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Түйені қазақ халқы төрт түліктің төресі деп есептеген. Түйе Қазақстанның Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына, радиацияға қарсы әсері анықталған. Шудасы – буын, құяң, бүйрек ауруларына ем.
Түйе түрлері
Ой қозғау
Түйенің пайдасы
- Түйенің жасына қарай аталуы: Бота.Тайлақ.Буыршын.Буырлыш.Інген.Атан.Бура
Түйе өнімдерін жарнамалау
Күлеміз бе қайтеміз? Түйе қандай дыбыс шығарады?
Жұмбақ
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт сылдырмағы бар
Бір сыпыртқысы бар(сиыр)
Ірі қара шаруашылығы
Кітаппен жұмыс –Қазақтың ақбас сиыры –етті тұқым
Мағнаны ашу:
Сиыр сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жатады. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды өңірінде таралған жабайы түр. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Көп аулағандықтан жабайы түрлер 17 ғасырлардың басында жойылып кеткен. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар. Ірі қара қолтұқымдары негізінен етті және сүтті болып екі бағытта өсіріледі.
Ірі қара түрлері
Ой қозғау
Сиырдың пайдасы
- Сиырдың жасына қарай аталуы: Бұзау.Баспақ.Торпақ.Тана.Тайынша.Қашар.Құнажын.Дөнежін.Сиыр. Өгіз.Бұқа
Сиыр өнімдерін жарнамалау
Күлеміз бе қайтеміз? Сиыр қандай дыбыс шығарады?
Мақал:
Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл –көсір
Қой шарушылығы
Оқулықпен жұмыс –Еділбай қой –қазақтың құйрықты қойы
Мағынаны ашу
Қойдың түрлер: Қаракөл
Ой қозғау
Қойдың пайдасы
- Еті дәмді;
- Сүтінен май, құрт, ірімшік жасайды;
- Құйрық майы ем;
- Терісінен тон, етік тігеді;
- Жүнінен киім, шұлық, киіз үй жабдықтары жасалады;
- Басы сыйлы қонаққа тартылады;
- Сүйегінен сабын жасалады.
- Асық алады
- Жауырын сүйегіне қарап ауа райын болжайды
- Жілік майы ем
Қойды жасына қарай: қозы, көбеген, марқа, көрпеш, тоқты, бағлан, тұсақ, кепе, ісек, азбан, саулық, қошқар
Қаракөл қойы –әдемі, қымбат бағалы елтірісі арқылы дүниежүзіне белгілі қой терісі. Оның 2-3 күндік сойылған қозының елтірісі сапалы болады. Қазақстанда саны 2 млн. Асады. Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі. Міне қызық қой жарысы Бразилияда өтеді екен.
Қой өнімдері
Күлеміз!
Тыйым сөздер:
- Малды теппе, ақты төкпе
- Малға теріс мінбе
- Малды басқа ұрма
- Малды кендірмен байлама
- Құрықты аттама
- Мал сүйегін отқа жақпа
- Сүт бетін ашық қалдырма
Қазақ халқы осы ырымдар мен тыйымдарды сақтай білген, бізге өсиет етіп қалдырған. Сондықтан ата –баба салтын, әдет-ғұрпын сақтай білейік.
Үйге тапсырма:
89-90 бет
Ой толғау“Мал баққанға бітеді”
-Біз бүгін төрт-түлік мал туралы көптеген мағлұмат алдық, пайдасы көп екенін білдік. Бірақ оның пайдасын көру үшін , дастарханда ақ мол болу үшін малды бағып-қағып, күтіп, көп еңбек ету керек. Ата кәсібі –балаға мұра дейді. Сондықтан мал күтуге үйдегі үлкендерге қолғабыс тигізуіміз керек.
Ауылымызда мал шаруашылығымен айналысып, елеулі жетістіктерге жетіп жүрген азаматтарымыз бен ағаларымыз да бар.
Ол – Секен Андасов облыстық «Шығыс ет» ЖШС басшысы. Еңбектегі жеткен жетістігі мен туған өлкемізге тигізген үлесі үшін Республикалық «Кто есть кто?» кітабына шығып, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай орденмен марапатталған.
Үржар өңірінде «Шығыс сүт ЖШС» жұмыс атқарады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев та өзінің кезекті жолдауында ауыл шаруашылыққа көңіл аударып, көпмерзімді субсидия бөліп, халыққа жағдай туғызып отыр
Сау болыңыздар! (Мал өнімдерінен жасалған тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастыру)
Бағалау(Оқушыларға төрт-түлік малдың ойыншықтарын тарату)