Нашақорлық - ғасыр дерті
методическая разработка (4 класс) на тему

"Нашақорлық -  ғасыр дерті" атты ашық тәрбие сағаты

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл nashakorlyk-gasyr_derti._-_kopiya.docx26.36 КБ

Предварительный просмотр:

Ашық тәрбие сағаты.

 Тақырыбы:                                       Нашақорлық-ғасыр дерті.

Мақсаты:                                            Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтындығын , ғасыр дерті болып отырған нашақорлық ауруының зиянды әдет екенін түсіндіре отырып, одан аулақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі:                    дөңгелек үстел.

Әдістері:                                               кіріспе әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі:                                          слайдтар, нақыл сөз, сюжетті сурет.

Тәрбие сағатының барысы:             Ұйымдастыру.(Эпиграф)

         

 Кіріспе әңгіме.                                    Слайд № 1, 2.

        Адамның денсаулығы- қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастырады. Өйткені, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашанда құлшына кіріседі. Халқымыз «Тәні саудың- жаны сау» деп орынды айтқан.

          Отанымыздың келешегі , көркеюі, балалар, сендердің қолдарында. Сондықтан, сендердің таңдауларын салауатты өмір салтын сақтау.

Слайд №3.                                                                                       

        Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі- жаман әдеттерден аулақ болу. Сондықтан, біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:      «Нашақорлық –ғасыр дерті» деп аталады.

       Құрметті ұстаздар, оқушылар!    «Қазақстан-2030» елбасының Қазақстан халқына жолдауы –біздің болашағымыздың сара бағыты. Болашақ жастарды кі . Сондықтан олардың дені сау, тәні таза, рухы күшті, білімді де тәрбиелі аза мат болуы-ел үшін, халық үшін, ұрпақ үшін үлкен бақыт. Ал салауатты  -сүруге кері ықпалын тигізетін індет- ол нашақорлық.

Слайд №4,5.

           

     Нашақорлық төңірегінде әңгімемізді  өрбіту үшін сіздің назарларыңызға «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасын ұсынамыз.

       Ол үшін студиямызға ой бөліскелі отырған ауыл фельдшері Мади Ахметқалиұлын  шақырамыз.

Слайд №6.          (оқушы фотосы)

Ұстанымы:                 «Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қашпаңдар»

Біздің бағдарламамызға сонымен қатар әр баспадан тілші мамандар да келіп отыр. Олай болса микрофонды «Мақаншы жаңалықтары» газетінің тілшісі Ербол мырзаға берейік.

Сұрақ:                Есірткінің адам баласына тигізер зияны туралы айтып берсеңіз

Жауап:               Есірткінің Қазақстанда және басқа елдерде таралғаны баршамызға мәлім. Адам баласы оны ерте заманнан білген. Қатерлі улы өсімдіктерді  аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адамдардың есте сақтау қабілеті тежеледі. Соның салдарынан  адам тез көріксізденеді. Ағзаның дамуы тоқтайды. Ешқандай нашаға әуес болмаңдар.

              Слайд №7.

     Бағдарламамыздың келесі қонағы психолог Аяжан Мейрамбекқызын шақырайық.

 Слайд №8.     (оқушының фотосы)

 Ұстанымы:                «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден» «Мөлдір бұлақ» журналының тілшісі Әдина Мұхтарқызын қандай сұрақ мазалайды екен.

Сұрақ:         Адамның нашақор екендігін сыртқы белгісіне қарап қалай      ажыратуға болады?

Жауап:      Нашақор адамның сыртқы белгісі шаршағыштық, әлсіздік, терлегіштік, тамақ астындағы қолтық бездерінің ісінуі болып табылады.Еңбек ке қабілеті кемиді. Тамаққа тәбеті шаппайды. Салмағын жоғалтады, жүдей- ді.Дене қызуы көтеріліп, ұзақ уақыт бойы төмен түспейді.

Слайд №9,10.

             

         Әңгімемізді әрі қарай өрбітетін келесі қонағымыз Дарын Асқарұлы.

    Cлайд №11.   (оқушы фотосы)

  Ұстанымы:   «Салауатты өмір салтын ұстану- өмірдің мағынасын аша білу»

     Бағдарлама аясындағы сұрақ қоямын деп отырған «Ұлан» газетінің тілшісі Әли мырза .

Сұрақ:                                        Нашақорға заң несімен қауіпті?

Жауап:           1. Заңсыз сатқаны, жинағаны, тасымалдағаны үшін  3  жылға бас бостандығынан айырылады.

2. Дүние мүлкі тәркіленеді.

3. Ірі мөлшерде жасалса, бірнеше рет түссе 3-8 жылға дейін бас бостандығы- нан айырылады.

Қосымша сұрақ :           Нашақор есірткіге ақшаны қандай жолмен табады?     Слайд №12, 13.

                       Нашақор ақша табу үшін өтірік айтып, ұрлық жасап, тіпті кісі өлтіруге дейін барады.

     Әңгімеміз қыза түскен сияқты. Келесі студиямыздың қонағы терапевт Анар Айдынқызы.

Слайд №14.    (оқушы фотосы)

Ұстанымы:       «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

Ал Анарға  сұрақ қоямын деп құлшынып отырған «Денсаулық» журналының тілшісі Олжас мырза.

Сұрақ:                                Есірткі ағзаға қалай әсер етеді?

Жауап:     Есірткі тән саулығын зақымдап, өмір жасын қысқартады. Қылмысқа апарады. Түрлі аурулар туғызады. Еңбек қызметінен айырады. Балалары кемтар болып туады. Аузындағы сілекей қабығына ақ таңдақтар түседі. Тері, тамақ, өкпе қабынуы меңдейді.

     слайд №15.

     Ең соңғы қонағымыз нарколог Әлішер мырза.

Слайд №16.      (оқушы фотосы)

Ұстанымы:                   «Тәні саудың- жаны сау»

Сұрақ қою кезегі «Найманбай қырандары» газетінің тілшісі Наргиз Талғатқызына беріледі.

Сұрақ:                    Нашақорлықтан емделудің жолы бар ма?

Жауап:          Әрине бар. Осы отырған баршамыз бұл кеселге жол бермеуіміз керек.Алматыда «Ақниет», «Нарконон» диспансерлік сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Слайд№ 17,18.

             Дөңгелек үстелімізде тамамдалып қалған сияқты. Барлықтарыңыздың назарларыңызды көгілдір экранға аударуларыңызды сұраймыз.

Слайд  №19 .                              Бейне көрсетілім.

-Осы көрсетілім жайлы ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

-Бұл көрсетілімнен нашақор баланы көріп отырмыз. Жаман мінез, рухани кесел. Кеселді жою  үшін тамырына балта шабу керек.

-Баланың әлсіз, жауапсыз екендігін көріп отырмыз.

-Бұл жерде ана баласына кеште болса жігер берді.Өмірге көзін ашты.Ал бала қайраттанып тәубесіне келді.

-Ештен кеш жақсы демекші баланың дұрыс жолға түскені балаға да, анасына да, қоғамға да үлкен олжа болып тұр.

   Сонымен қорыта келгенде наша дегеніміз не?   Слайд №20

Тренинг                            Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін,

                                             Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

                                             Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін,

                                             Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін.

                                             Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін,

                                             Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін.

Уақыт бар әлі, кеш емес

 Біз айтқан әңгіме бос емес!

 Сөз кезегі «Ақпарат айнасы», «Сен білуге тиіссің?» айдарында.

Слайд № 21, 22.

       Қорыта келе айтарымыз:

-Жылына 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді. Оны өздеріңіз көгілдір экран- нан көріп жүрсіздер. Аты жаман індетке апаратын тура жол осы- нашақорлық  екенін балалар түсінген боларсыңдар.

       Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз.Тәлім-тәрбие жолында қажет болса жанымды үзіп берер шәкірттеріме тілерім нашақорлықтан жас жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.

Слайд № 23,24, 25.

                     Бүгінгі ашық сабағымыздың түйінін  С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр.

 «Дені сау сәби- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ».

   Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

"21 - ғасыр көшбасшысы"

внеклассная работа...

21- ғасыр Көшбасшысы

ХХI-ғасыр көшбасшысы Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау,  материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сынып ...