Ашық тәрбие сағаты
классный час (2 класс) на тему

Абишева Назгуль Назаровна

Ұлт болашағы білімдінің қолында.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл bilekti_birdi.docx22.06 КБ

Предварительный просмотр:

      Ұлт болашағы білімдінің қолында (cайыс сабақ)

Тақырыбы: Ұлт болашағы білімдінің қолында
Сабақтың мақсат:  Білімділігі: сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан - жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнектілігі: топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Әдісі:сұрақ-жауап,ой қозғау. болжау.
Типі: білімді бекіту.
Түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі қазақ тілі, дүниетану, математика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Балалар біз бүгінгі сабағымызды бастауымыз үшін 2 топқа бөлініп алуларың керек.Ол үшін сендер менің алдымда жатқан конвертті алып ашсаңдар сендердің қай топқа орналасатындарың көрсетілген.

1 топ «Атамекен»

2 топ «Байтерек»

Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ – Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.

 - Жақсы балалар, осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.
- Балалар, өздерің байқап отырсыңдар, біз 2 топқа бөлініп алдық.Әр топ  өздеріңе топбасшыларыңды сайлап алыңдар

-Енді сендерді бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазір мен алдарыңа қағаздар беремін, ол қағаздарда орындары ауыстырылып берілген сөздер бар, сендер сол сөздердің ретін тауып дұрыс қойсаңдар, өте мағыналы бір сөйлемді оқи алады екенсіңдер. Кәне, дайынбыз ба?

Қолында
Ұлт
білімдінің
болашағы.
Алдарына қағаздар беру.
- Кәне, қай топ бірінші болып тапты екен?

- Кәне оқиықшы, қандай сөйлем шықты?
- «Ұлт болашағы білімдінің қолында». Ендеше біздің бүгінгі сайыс сабағымыздың да тақырыбы осылай аталады екен. Бүгін 2 топ болып сайысып, білімдерімізді ортаға саламыз.

. Сайыс 7 айналымнан тұрады.
Iайналым:. «Ұшқыр ой»
II айналым: «Анаграмма»
III айналым: «Қызықты  төрттік»
ІҮ айналым:  «Тіл өнері»

Ү айналым: «Ойлан тап»
ҮІ айналым: «Сын сағаты»
ҮІІ айналым: «Қорытынды»
I айналым: «Ұшқыр ой».Яғни бұл айналымда әр топ өздерінің топтарының атына арнап сурет салып, өлең шығарады.

 II-айналым: «Анаграмма»
Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.
Кесіб-бесік
Иот-той
Арыбмод-домбыра
Саж-жас
Анызақ-қазына
Екерем-мереке
Ысабот-отбасы
Сытай-айтыс
Келйөк-көйлек 
Зыбоқ - қобыз

III-айналым «Қызықты төрттік» Бұнда өздеріңе таныс төрт пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген. Тақтада берілген сандарды таңдайсыңдар. Яғни сан артында сендердің қай пән сұрақтарына жауап беретіндері белгілі болады. Әр пән бойынша  он сұраққа жауап бересіңдер? Әр топ өздерінің таңдаған сұрақтарына жауап береді.
Ал дайынбыз ба? Кезек бірінші топта.
                   Математика сұрақтары
1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар. (мм, см, дм, м, км)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (ұзындығы мен енін қосамыз)
3. 3 пен 4қосындысы нешеге тең? (7)
4. Екі әке, екі бала театрға билет алады. Театрға неше адам билет алды? (3)
5. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
6. Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер. (шаршы, төртбұрыш...)
7. Ең кіші 2 таңбалы сан? (10)
8. 2 жылда неше ай бар? 24

9.1 дм-да неше см бар? (10)

10. Ең үлкен 3 таңбалы санды ата. (999)

                                       Қазақ тілі
1. Мәтінді түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
2. "Хат" сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша)
3. Негізі сөйлем мүшесін ата.(бастауыш)
4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 42
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке, хабарлы, сұраулы, лепті)
7. Қос бүйірін таянып
Тұратұғын қай әріп? (Ф)
8."Батыр" сөзіне мәндес сөздерді тап.(ержүрек, батыл, қайсар...)
9. Зат есім дегеніміз қандай сөз табы? Мысал келтір. (заттың атын білдіретін сөздер) [5 - слайд]
10.Сөз арасынан жалқы есімді тап.(Бала,оқушы, Жандос,ұстаз.)
                                      Дүниетану
1. Көкжиектің неше тұсы бар? (оң түстік, сол түстік, батыс және шығыс)
2. Өсімдіктің көбею мүшесі. (тұқым, пиязшық, түйнек, сабақ)
3. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктерін ата.
4. Жануарларға ауа не үшін керек?
5. Балықтар не арқылы тыныс алады?
6.Сүрқоректілерді ата?

7. Жыртқыш аңдарды ата?
8. Өсімдік мүшелері (сабақ, жапырақ, тұқым, жеміс)
9. Орман емшісі деп қандай құсты атайды?(тоқылдақ)
10. Өз жеріңде ауа таза болу үшін не істеу керек?
                            Ана тілі
1. Абылайдың азан шақырып қойған аты. (Әбілмансұр)
 

2. Абайдың «Қыс» өлеңі қалай басталады?( Ақ киімді ..)      


3. Абылай ханға Төле бидің қойған аты. (Сабалақ)
4. "Дала жұлдызы" деп кімді айтады? (Ы. Алтынсарин)
5. "Әке арманы" мәтінінің негізгі кейіпкерлері кімдер? (Абай мен Әбіш)
6. "Білімдіден шыққан сөз" кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
7. Өмірде болған адам қатысты құрылған халық шығармасы? (Аңыз)
8. Үш биді атаңыз. (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
9. Қабанбайдың шын аты. ( Ерасыл)
- Өте жақсы, балалар, ендеше келесі кезеңге өтелік.
ІҮ айналым: «Тіл өнері» - Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілінде оқып үйреніп жатырсыңдар, ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі – ұлт аралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.
- Сондықтан қазір әр топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тыңдай қойыңдар.

І топқа
1. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті - ақ. (Қант - сахар)
2. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю - медведь)
3. Жазу жазып жалықпаған
Жаза - жаза арықтаған. (Бор - мел)
4. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша - елка)

5. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ
Қыста жер бетін басады,

 Жазда сайға қашады. (Қар - снег)

ІІ топқа
1. Білімнен мол сиасы
Балғындардың ұясы. (Мектеп - школ)
2. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (Кітап - книга) [11 - слайд]
3. Ұшып, қонып тынбайды
Жерге соқсаң сынбайды
Суға салсаң батпайды
Түскен жерге жатпайды. (Доп - мяч)
4. Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (Сабын - мыло)

5.Ақ сандығым ащылды,

Ішінен шашау шашылды. (Күн-солнце)
- Тамаша, балалар, сендер орыс тілін де жақсы меңгеріпсіңдер, барлық жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.


Ү айналым: «Ойлан тап»

Бұл айналымда «Байтерек»тобы  мен «Атамекен» тобы өздерінің топтарының атында берілген әріптерден сөздер құрап жазады.

ҮІ айналым: «Сын сағаты».Мен оларға сұрақтар қоямын. Олар сол сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді.
1 – сұрақ. «Атмекен» тобының топбасшысына, Егерде сен Президет болсаң халқың үшін не жасар едің? Топ арасында талқылап, шешімдерін топбасшылары жеткізеді.

2-сұрақ. «Байтерек» тобына. Егерде сен мұғалім болсаң оқушыларың үшін не жасар едің? ? Топ арасында талқылап, шешімдерін топбасшылары жеткізеді.


- Ойлануға 1 минут уақыт беріледі, сосын жауаптарыңды тыңдаймыз. Бір ғана сөзбен емес, ойланып, нақты дәлелдермен сөйлеуге тырысыңдар, жарай ма.
Белгілі бір уақыттан соң, жауаптары тыңдалады.
- Өте жақсы, отыра қойыңдар. Міне, балалар 6 кезеңнен тұратын сайысымыз да аяқталды.

6 айналымда сендер осы сабақтан алған әсерлерінді көніл-күйлеріңді көрсетіп бересіңдер, Ол үшін мен сендерге шар таратамын,Шарды үрлеп көңіл-күйлеріңді (смайлик) көрсетіп сурет саласыңдар.
Әділқазылар шешімін айтады. Жеңген топты марапаттап,алғыс хат беріледі.

№1 метеп-гимназиясы

Тақырыбы:

«Ұлт болашағы білімдініңқолында.»

                                Мұғалімі: Абишева Н.Н.

                                    Сарқан қаласы

2014 жыл


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Выступление на тему "Баланы ирек рухында тәрбияләү"

Рухи байлык - ирекнең нигезе. Чын кеше моделе....

Доклад:УКУЧЫЛАРДА БЕРДӘМЛЕК ХИСЕ ТӘРБИЯЛӘҮ.

Башлангыч сыйныфта укучылар  коллетивын  туплау, аралашырга өйрәтү, психоогик үзенчәлекләрне ачыклау....

Еллык тәрбия эше планы. 2 нче класс.

Башлангыч классларда класс җитәкче булып эшләүчеләргә ярдәмгә....

Укучыларда әхлакый сыйфатлар тәрбияләү.

Толерант-латин теленнән кергән. Ул- түземлелек,сабырлык,кеше нинди генә милләттән булуына карамастан,аның фикеренә,гореф-гадәтенә уңай карау  дигәнне аңлата. -Кешене  барлык физик һәм дини ...

Тәрбие сағаты"Менің өз сыныбым үшін құндымын ба?"Бұл менің

Бұл менің оқушыларыммен өткізген тәрбие сағатым.Тәрбие сағатын өткізе отырып,оқушылардың өз "Мен"-ін анықтауға көмектесуге болады....

Тәрбие сағаты"Менің өз сыныбым үшін құндымын ба?"Бұл менің

Бұл менің оқушыларыммен өткізген тәрбие сағатым.Тәрбие сағатын өткізе отырып,оқушылардың өз "Мен"-ін анықтауға көмектесуге болады....

Тәрбия эшендәге кыенлыклар

Балаларның, үсмерләрнең һәмяшьләрнең үз-үзләрен  тотышларындагы тупаслыклар,ке­шеләр белән аралашуындагы кимчелекләр һәммәбезне борчый. Бу нилектәншулай? Тәрбиянең кайсы урынында нинди ялгышлар җ...