жұмбақтар жинағы
методическая разработка (1 класс) на тему

Бекбергенова Сара Алимжановна

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл zhumbaktar.docx16.36 КБ

Предварительный просмотр:

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


Шым - шытыр, 
Шидай қотыр.  (Жұлдыздар)


Қанаты жоқ, ұшады, 
Аяғы жоқ, жетеді. 
Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)


Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)

Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Әуеден күбі түсті, 
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)

Қонақтап күнде қонар су бетіне, 
Сүйсінер барлық адам келбетіне. 
Тұлғасы су ішінде көрінеді, 
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, 
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. 
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, 
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)

Тең, тең, тең киіз, 
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)

Көк жиекті шай табақта, 
Алтын алма тербеледі. 
Кейде бүркер алма жүзін, 
Ұлпа мақта перделер. (Күн)

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.   (Күз)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.   (Қар)

Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі?    (Бұлттар)

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты.

 

Тоқпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатка тақпақ

Жатта тақ-тақ 

 

Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!

 

Кермеде тұр қырық

кір қыстырғыш,

Қырық кір қыстырғышқа

Қырық қыз келіп,

кір қыстырды.

 

 

Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді,

Ауырға Арман бала да,

Арбамен тасып береді.

Баланың жаман баға алмағаны,

Мұғалім ағаның жаман болмағаны.  

 

 

Қоғанбай қомағай ма?

Жоқ, ағай

Қоғанбай қомағай емес,

Зор ағай.

 

Есім есі кетіп есінеп отыр екен.

Ол несіне.

Есі кетіп есінеп отыр екен.

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

Күз, Кез, Көз,

Күш, Кеш, Көш,

Кір, Кер, Көр,

Күл, Кел, Көл,

Кілең қысқа сөз,

Кім оқиды тез?

 

Сен өлше, ол өлшер,

Сол өлшем, сол мөлшер.

 

Омар ора алар,

Омар ора алмаса,

Орал ора алар

 

Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.

Алашаларды
Таба алса, алар.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

1 класс тест жинақтары

1 класс тест жинақтары...