Әліппеге мың алғыс
классный час по теме

Бижанова Майра Нажметовна

Әліппемен қоштасу

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл lippemen_koshtasu.docx20.92 КБ

Предварительный просмотр:

«Әліппеге мың алғыс» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін басқаруға үйрету. Білімге қызығушылығын ояту. Бірлесіп еңбектену шығармашылық қабілетін дамыту. Сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: шарлар, әріптер, плакаттар

Сынып сағатының әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Барысы: музыка әуені - Әнұран

Мұғалім: Сәлеметсіз бе, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дүниеде барлығы кішкентай заттан басталады: нан – дәннен, күн – сәуледен, үй – кірпіштен, ал білім – бірінші кітаптан басталады. Біздің бірінші кітабіміз – әліппе. Ол парасатқа, ақылға, жақсылыққа үйретеді. Біз оған алғысымызды

білдіріп қоштасқалы отырмыз. Сонымен, «Әліппеге мың алғыс» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Оқушы: Өтті оқу сан сабақ,

                Бүгін үлкен салтанат

                Оқулықпен достассақ,

                 Әлеппемен қоштаспақ.

                Ой білімі жаңғырып,

                Әліппеден мәңгілік,

                 Әріптерді таныған,      

                 Өңкей білгіш балдырған.

                 Құтты болсын тойларың.

Оқушы: Мынау менің әліппем

        Көгілдір туым түсіндей

               Ақылшы жақын досымдай

                Қымбат маған кісімдей

                Бірінші беттен елімнің

                Елтаңбасын таныдым

               Көк байрақты қазақтың

               Ұрпағымын, сәнімін.

Оқушы: Әліппе деген алтын жол.

           Апарар сені алысқа

          Жеңіл емес ауыр жол,

          Тырмысып бақ намысқа.

Оқушы: Әліппе менің әліппем,

           Сені қолға алып мен,

          Әріптерді үйреніп,

           Қызығына тоймадым.

Оқушы: Бар кітапқа бас болған

           Әліппе – ғылым анасы.

           Әліппеден басталған

           Даналықтың данасы.

Оқушы: Таныстырып 42 әріппен

                Қош бол менің қасиетті әлеппем

             Сенің аркаң оқи, жаза аламын.

                 Сауатты адам сапасына кіргенім.

        Әлеппеге арналған би.

Оқушы: Қош бол құтты Әліппем,

                Көп нәрсені үйреттің

        Таныстырып әріппен

        Тақылдатып сөйлеткен.

Оқушы: Ең алғаш қолға алғанда әліппе,

        Қызығып қарай бердім әріптерге,

        Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

        Ұстазым маған кілтін алып берді.

Оқушы: Әліппе даңғыл жол ашып,

                Жаңа пәнмен жалғасты

                 Әліппе сырын ұқтұрған,

                 Рахмет ұстазға алғашқы.

«Ұстазым» әні

Жалқаулық: Ту-у, демалдырмадыңдар ғой шулап.

Жүргізуші: Сіз кімсіз?

Жалқаулық: Мен Жалқаулықпын. Сендердің мерекелерің болмасын деп, әліппені тығып қойдым. Шуламаңдар. Одан да ұйықтайық.

Жүргізуші: Жоқ, жоқ. Олай болмайды. Бізге әлі көп нәрсені үйрену керек, ұйықтайтын уақытымыз жоқ. Айт қане, әліппені қайда тықтың?

Жалқаулық: Мен оны сиқырлап тастадым. Мына шарлар ішінде тапсырма бар, егер тапсырма орындалса әліппені табасыңдар.

1 тапсырма: Әліппе туралы не білесіңдер?  (1912 жылы тұңғыш «Әліпби» Ахмет Байтұрсынов жазды. Ол араб графикасымен жазылған оқу құралы.)

2 тапсырма: Әріптер туралы не білесіңдер? (әріптер туралы тақпақтар)

А) Әліппе менен басталып,

     Болған соң өзім бас қаріп.

     Мереке, дулы жиынды,

     Жүремін әр кез басқарып.

     Арым таза ақ көңіл,

     Адалдыққа сенемін,

      Абыройлы, ақ ниет,

     Адалдыққа сенемін.

Ә) Бас әріпке інімін,

     Дауыстының бірімін.

      «Ә» дегенің «әліппе» -

        Бастауы бар білімнің.

Б) – Бақыт не? Деп сұрасаңыз атадан

    - Бақыт не ? Деп сұрасаңыз анадан

   - Бақыт деген сол дер еді ойланбай,

   Еш жамандық көрмеу туған баладан.

В) Велосипед мінуге

    Бала біткен құмар-ақ

    Витамин жемей жүруге

    Балалар қалай шыдамақ?

Ғ) Ғарышкері ғаламаның,

    Намысты ері даламның

    Ізбасары боламын

    Тоқтар сынды ағамның.

Е) Есті бала ер жетіп,

    Елдің қамын ойлаған.

    Ессіз бала кері кетіп,

    Есерлігін қоймаған.

Ж) Жайық, Еділ – екі су,

      Дұшпан тізе бүккен жер!

      Жер жаннаты – Жетісу,

      Елім туып тіккен жер.

З) Зерделі де, зерек те,

    Зиялы да, керек те,

    Шатастырып үштікпен

    Тек сен жер етпе.

И) Инабат пен ибада,

     Ол тұрады басында

     Күллі адамзат сыйлаған

     Имандылық бар онда.

Й) Апаға қоссаң апаймын,

     Атаған қоссаң атаймын.

     Дауыстыдан кейін кеп,

     Қысқа й боп атандым.

К) Күн көзіңдей күлімдеп

     Көңілді жүр әрдайым

Қ) Қастерлеген жұртымыз,

     Қазы, қарта, құртымыз.

     Шөл қандырар бал қымыз,

      Қатығы мен қаймағы,

     Бәрі менен басталып,

     Дастарханың жайнады.

М) Мақал -  сөздің мәйегі,

      Сөз сөйлейік әдемі.

Н) Н дегенің – нағашым,

     Бұған болмас таласың

     Келгенде үйге нағашым,

     Қуынады анашым.

Ң) Кем көре ме өзгеден,

     Басталмайды сөз менен.

     Туысым бар н деген,

     Шатастырма онымен.

О) Қазақ батыр ел деймін,

     Ұл мен қызы ер деймін.

     Отанымды, жерімді

     Мен ешкімге бермеймін.

Ө) Ө дегенің өмірің

     Ө дегенің өнерің  

     Өнерлі болсаң, егер сен

     Өрге қарай жүзгенің.

П) П дегенің періште,

     Желеп-жебер мың иең.

Р) Рақат,ризық, рақым

     Сұрасаң менің жұратым

     Әріппін ерке балаға,

      Қыйындау тиіп тұратын.

С) Сыйластық сыры –

     «сіз» бен «біз».

Т) Жарақты жаумен алысқан,

    Қылышты жаумен қырқысқан.

    Ең ежелгі астана  -

    Қасиетті Түркістан.

Ұ) Мен ұлымын, мінсіз сұлумын.

    Гүл аралап жүремін,

    Көңілді өмір сүремін.

Ф) Футбол деген ойынға

     Барлық бала құмар-ақ

     Бірақ жолдың бойында

     Доп теппеңдер қуалап.

Һ) Болғанмен өзім қаһарлы,

    Бұзып жармай қатарды.

    Ортада кілең жүремін,

    Қадірімді білемін.

Ш) Ш дегенің шапағат,

      Тие берсің баршаға.

Ы) Ырыс алды ынтымақ,

      Ынтымақ – ырыс қазығы.

Ю) Сөз басында табылар,

      Таңба емеспін бағы бар.

       Й мен У-ды тіркемей

       Мені жөндеп  танып ал.

Я) Қос дыбыстың бір өзім,

    Атқарамын қызметін.

    Й мен А қатар жазбасаң,

    Я –ны дұрыс білгенің.

3 тапсырма: Оқып көрсетіңдер. (мәтінді оқу)

4 тапсырма: Әліппе туралы ән

5 тапсырма: Цифрлардан «Біздің мектеп ең үздік» сөйлемін  құру.
Жүргізуші: Иә достарым, әріптерді үйрендік. Ал енді қалай санауға үйрендік екен?

Оқушы: Мектебім білім берер алтын ұйям

Ер жетіп  сенде сөзім, артты санам.

Баулисың жыл бойы ата-анандай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Жүргүзуші: Мектептің әдемі ғой әр сабағы,

Қызық-ау әсіресе ән сабағы.

«Егер мектеп болмаса» әні

Оқушы: Өсірді ой мен сананы тіл дамыту сабағы,

                Жаңылмай айтып үйрендік

                Жаңылтпаш, мақал, жұмбақты.

        Мектепке арналған би.

Жалқаулық: Иә достарым, әріптерді толық меңгеріпсіңдер. Тапсырмалар орындалды, әлеппені әкеліп берейін.

Жалқаулық әліппеге кетеді.

Мұғалім: Балалар, сендер әлеппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуыларына ата-аналарың да қосқан үлесі мол. Ата- ана тілегі

                                                            Адам болып өскенің

                                                            Адамдықтың тірегі

        Адал болып өскенің – деп, сөзді ата-аналарға берейік.

Ата-аналарға арналған би.
Әліппе келеді.

Әліппе: Армысыздар жас достар!
               Армысыңдар ата-ана!
               Болашаққа жол бастар
                Әліпең келді ортаға.

Әліппе: Құрметті оқушылар! Мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріңе көзім жетті.  Енді мен сеңдермен қоштасып апамды «Ана тілін» ала келдім.
Кір шалмасын беттерің,
Таза болсын оқулық пен дәптерің,
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерін беске толсын.
Жүргізуші:Іші толы әріпке        Енді біз  жаза білеміз

                    Білімдегі жарық не?        Әріпті қосып әріпке.

      Бәрі:   -Болашаққа жол бастар        Риза боп саған жүреміз,

                   Ол сүйікті әліппе.        Сүйікті біздің әліппе.

Мұғалім: Ал балалар, білім негізін қалап берген әлеппемізді шығарып салайық.

Оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламын

               Енді қолға ана тілін аламын

               Ата-ана қуанышқа ортақ бол

              Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Ана тілі: Ана тілің арың бол

                Ұятың боп тұр бетте

                Өзге тілдің бәрін біл

                Өз тіліңді құрметте

               Ақыл ойын дананың

               Ана тілден аламын

              Ана тілім ардақты

              Ақ сүтімдей анамның!

Ана тіліне би.

Оқушы: Талабы биік таудаймыз

Мың бұралған бишіміз

Біз шеберміз, ақылдымыз

Біз қазақ елінің – Болашағымыз.

«Болайықшы осындай» әні

Қорытынды: Осымен «Әлеппеге мың алғыс» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет, қош сау болыңдар!