Бастауышпен қоштасу
материал (4 класс) по теме

Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна

4-класс   Бастауыш класс оқушыларының ертеңгілігі

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon bastauyshpen_koshtasu.doc61.5 КБ

Предварительный просмотр:

Бастауышым – балбұлағым.

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл-ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланың өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп, табыстау.

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

2-жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әжелер, құрметті  әкелер!

Екеуі бірге: Хош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

1-жүргізуші:

Бастауышым – бастамам,

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас данам!

«Бастауышым - балбұлағым»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады балбұлақ,

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Хош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

1-жүргізуші:

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.

2-жүргізуші:

Қошеметпен шақырамыз ортаға,

Қадам басқан шәкірттерін құрметті!

(ортаға екі-екіден оқушылар шығады да, сапқа тұрады) Әнұран хормен айтылады.

1-жүргізуші:

Ұлы арман жолында асқаралы,

Оң қадам Әліппеден басталады.

Ақтөбедегі № 1 орта мектепті,

Аяулы Жездігүл апай басқарады.

2-жүргізуші:

Көңілі Сарыарқаның даласындай,

Көреді шәкірттерді баласындай,

Ардақты Жездігүл апай сөз алады,

Барлық оқушылар анасындай.

Сөз кезегі: № 1 орта мектеп директоры Мұханова Жездігүл Исмағұлқызына беріледі.

1-жүргізуші:

Асыл қалам, нұрлы шаһар Ақтөбем,

Әліппемен білім жолын бастаған.

Сенсің менің білімімнің негізі,

Алғыс айтам «Бастауышым –бастамам.»

2-жүргізуші:

Қарлығаштай қанат қағып самғаймыз,

Есейеміз өмір жолын таңдаймыз.

Бастауыштан алған нұрлы білімді,

Әрі қарй ізденеміз, жалғаймыз.

Тахова Айдана:

1.Мынау менің сезгенім,

Ол кластың анасы.

Өзгенің де, өзінің

Баласы оның баласы.

Қай кезде де ол анық,

Қайғырады біз үшін,

Біздер үшін қуанып

Қызарады біз үшін.

Амандыков Алишер:

2. Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерден,

Үмітің гүлдер мұғалім.

Білеміз ертең бізден де,

Өмірдің талап сұрарын.

Сонда ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрамын!

Тайменов Алишер:

3. Ақылшым асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

Кадиров Газиз:

4. Мектебім – білім бастауы,

Тәрбие беріп оқытқан.

Ұстаздың зор ғой еңбегі,

Оқытқандарын тоқытқан.

Жарқынқызы Наргиза:

5. Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Ахтас Айзат:

6. Үйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті жалғыз сенен жаттадым.

Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

1-жүргізуші:

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстазымызға алғыс айтып, басымызды иеміз.

Хор: «Ұстазым»

Мұханов Есен:

7. Жырын жаттап жатамыз,

Жалықпастан қыс-жазы

Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп елге,

«Кел, балалар, оқылық!»

Деген сөзін көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

Сарбасова Ажар:

8. Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге.

Жамандықтан жирентіп,

Асыл болған кім бізге?

Десек, ол жан – мұғалім,

Таласады, сірә кім?

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің

Сырын айтқан кім бізге?

Десек ол жан – мұғалім.

Жолтурганова Камилла:

9. Таласады, сірә кім?

Аңыз, ертек, ән жырдың,

Бәрін бойға құйғыздың,

Санамызға сен біздің,

Бар асылды сыйғыздың.

Жақтың білім шырағын,

Рахмет саған мұғалім!

Хормен: Рахмет саған мұғалім!

Елеусизов Асхат:

10.Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат, күш-әлім,

Биікке самғап ұшармын.

Сансызбаева Нұргүл:

11.Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Атамурат Улан:

12. Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едің- біліммен күш толады.

1-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Би: «Өзбек биі» орындайтын Айтымова Дана.

2-жүргізуші:

Енді өзіміз оқыған пәндерге сипаттама берейік.

Қазақ тілі. Көжекпер Ислам:

Екшейді сөз асылын тіл сабағы,

Түзейді талдап тұрып мін-шаланы.

Көкейге себілгендей інжу маржан,

Кернейді жарқыраған нұр сананы.

Ана тілі. Скаков Болат:

Ең бірінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Математика. Қуаныш Айсұлу:

Әуелі жүзге шейін жаттап алғын,

Сонан соң ережелі шартқа бағын.

Екіге бірді қосып молайттағы,

Бесті бұзбай екіні шақтап алғын.

Үшті үшке көбейтіп есем де,

Сегізді төртке бөліп, бапқа барғым.

Тәсілін төрт амалдың игергенің,

Есеңді бермеу жолын сақтағаның.

Дүниетану. Исмайлова Хорлан:

Бұл сабақта елестейді сағым шың,

Алыс жақын жер бедерін танисың.

Асқар асып мұхиттарды кешкендей,

Сезінесің көлдің көркін, тау иісін.

Құрлықтың құпиясын білесің,

Бар ма өзіңнің оған қосар үлесің.

Жақсылық пен жамандықты айырып,

Адамдармен бірге өмір сүресің.

Еңбек. Селбаев Темірлан:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты -  еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Бейнелеу өнері. Айжарикова Аружан:

Құлшынтады бізді сурет сабағы,

Тебірентіп ой-қиялды, сананы.

Елестетіп көк тіреген тауларды,

Малы өрген ауыл мен сай-саланы.

Қыл қаламмен езіп тұрып бояуды,

Сызамыз да шексіз байтақ даланы.

Сонан кейін таңдап зәулім үйлерді,

Әдейілеп аралаймыз қаланы.

Дене тәрбиесі. Қамысбай Мәлік:

Күнде ертемен тұрамын да,

Жуынам тау бұлағына.

Әрлі-берлі жүгіремін,

Дене жазып бүгілемін.

Сосын үйге келемін мен,

Тигендей-ақ төбем күнге.

Көңілім шалқып, мерейім асып,

Мектебіме шығам жолға.

Мендегі әдет күнде осы,

Жаттығу бұл адам досы.

Музыка. Лесова Жулдыз:

Көңілді көтереді ән сабағы,

Мұғалім өзі үйретіп ән салады.

Шырқасаң жаңа әнді көкке өрлете,

Тыңдаған үлкен-кіші тамсанады.

Талабы талпындырған өнерпаздар,

Жетеді мұратына жанса бағы.

1-жүргізуші:

Нұр шуағын түсірген,

Бала жанын түсінген.

Мектепте де, сыртта да,

Үлгі болған ісімен.

Шеберлігін сыйлаған,

Жанна апай сыйлы адам.

Оң жол тілеп шәкірттке,

Жамандыққа қимаған.

Света апай біздерге,

Бар білгенін жинаған.

2-жүргізуші:

Орыс тілі сабағын үйреткен ұстаздарымыз Сапарова Жанна Амангелдіқызы мен Чубарова Светлана Александровнаға сөз береміз.

1-жүргізуші:

Халықпыз берекелі ынтымағы,

Тарайды тәуелсіздік нұр шуағы.

Талай жыл ұстаздықпен айналысқан,

Нүргүл апай осы жолға ұмтылады.

2-жүргізуші:

Ардақты Райза апай асқақтаңыз,

Жастық шақта біліммен жалындаңыз.

Қадамыңыз әрқашан құтты болсын,

Ыстық сәлем біздерден қабылдаңыз.

Ағылшын тілі пәнінен сабақ берген ұстаздарымыз Айжарикова Нүргүл Алибиқызы мен Ахметова Райза Абулхайрқызына сөз береміз.

1-жүргізуші:

Ұлмекен апай өнерлі,

Әсем әннің шебері.

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

2-жүргізуші:

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңілінің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Мұхтар ағай осындай.

Музыка пәнінен сабақ берген Утегалиева Ұлмекен Амитқызы мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Рахатов Мұхтар Жетпісбайұлына сөз береміз.

1-жүргізуші:

Ұстаздарым көрмей өт жамандықты,

Біз тілейміз сіздерге амандықты.

Айыңыз әрқашанда туып оңнан,

Ту етіп ұстаңыз тек адалдықты.

Ендігі Музыкалық сәлеміміз пән мұғалімдеріне арналады.

2-жүргізуші:

Өнерді жанымменен түсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Испан биін» билесін мың бұралып,

Биімен шашу шашып бишілерім.

Испан биі. Орындайтын: Жолтурганова Камилла және Тахова Айдана.

1-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

2-жүргізуші:

Ақ тілеу аямайтын баталарын,

Өздеріңнен күш-қуат от  аламын.

Сынығындай асылдың ардақтысың,

Ақ жүрек, қасиетті паналарым, - дей келіп ендігі сөз кезегін ата-аналарға берейік.

1-жүргізуші:

Ендігі музыкалық сәлем сіздерге арналады құрметті ата-аналар!

«Өзбек биі» орындайтын: Айтымова Дана.

Нұрғалиев Мейрам:

Біздер үшін әрқашан да дарасың,

Сені көрсем елестейді анашым.

Қай кезде де қамқоршым да,қадірлім,

Жүрегімнің жаза алар жарасын.

Елтаева Нұрсұлу:

Бар білгенін аямаған,

Өз гүліндей аялаған.

Мың рахмет ұстаздарға,

Қамқор әкем, аяулы анам.

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен.

Ұстаз үмітін ақтаймыз,

Серт береміз шын жүректен!

Жолмұратов Самрат:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын, салған жолын, ақылын,

Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Құдайбергенова Айдана:

Халықпыз жері құтты, елі дархан,

Арманға жетелейді мені әр таң.

Білімді ұрпақтардың ер жетуі,

Аяулы ұстаздарым сенің арқаң.

Құдайбергенова Гүлдана:

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс жазы,

Молынан мейір төккенің.

Саркулова Адема:

Ақылды бол, адал бол,

Білімді сен адам бол.

Деп оқытқан ұстазым,

Гүлбану апай аман бол!

Амантұрлы Әбілқайыр:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметтеймін, сүйікті ғой ұстазым.

Хор «Рахмет, саған, мұғалім.»

2-жүргізуші:

Төрт жыл бойы оқытқан, оңымыз бен солымызды танытқан, қолымызға қалам ұстатып, сауатты көркем жазуға үйреткен ұстазымыз Гүлбану апайға сөз береміз.

Ұстаз сөзі.

Аманғос Есет:

Бастауышым – бастамам,

Білім жолын бастаған.

Білім жолы биікте,

Беліңді бу жас данам.

Ажибаева Адилия:

Бастауышым – балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Мұханов Аман:

Бастауышым – балбұлағым,

Лаулап жансын шамшырағың.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгінгі біздің «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз!

2-жүргізуші:

Бүгін міне, зз оқушы бастауыш мектепті аяқтап, орта буынға жолдама алды. Сәт сапар! Жолдарыңыз болсын!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

бастауышпен қоштасу

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, біл...

Әліппемен қоштасу

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУСабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.2.Д...

Әліппемен қоштасу

Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс ...