Ойын сабақ
план-конспект занятия ( класс) на тему

занятие в подготовительой группе

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon oyyn_sabak.doc16 КБ

Предварительный просмотр:

Ересектер тобына арналған ойын-сабақ .

«Мемлекеттік тіл тірегі-балабақша»


Мақсаты:  - Балалардың қазақ тілінен меңгерген білімдерін пысықтау;

                     -Ойлау қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеу дағдыларын    

                       қалыптастыру;

                     -Отансүйгіштікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу;                            

Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер, үлестірме материалдар

Әдіс-тәсілдер:  түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы:

Жылулық шеңбері:

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ажары,

Күліп өмір сүрейік  - деп бір-бірімізге алақанымызды тигізіп, жүрек жылуын сыйлайық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаймыз.

     Балалар, тіл мәселесі қазір ең маңызды мәселенің бірі. Біздің бүгінгі егемен елімізде мемлекеттік тілге үлкен мән беріліп, оның бүгіні мен ертеңіне айрықша алаңдаушылық білдіруде. Бүгінде тіл жөнінен көп жетістікке қол жеткіздік. Мәселен, ана тіліміз - қазақ тіліне Мемлекеттік статус беріліп, Тіл туралы Заң қабылданды. Тіл ұлттың белгісі, халықтық мұрасы. Ендеше «Мемлекеттік тіл тірегі-балабақша» сайыс сабағымызды бастайық.

Балаларды екі топқа бөлеміз: " Тұлпарлар" тобы және "Сұңқарлар" тобы

Енді сайыс сабағымызды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық, сосын сайысымызды бастаймыз.

1) Сұрақ- жауап:

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Президентіміз кім?

Астанамыз қай қала?

Туымыздың түсі қандай?

2) Ойын: "Кім көп сөз біледі ?"

Ойынның барысы: қай топ қазақша көп сөз айтады сол топ ұтады.

3) " Ойлан тап " ойыны. Бұл ойында қолмен сипап сезу арқылы заттың атын тауып, қазақша айту.

4)  "Кім жоқ" ойыны.Магнитті тақтаға ілінген суреттер бойынша ойналады.Балалар көздерін  жұмады. Осы кезде бір сурет алынып тасталады. Балалар кім жоқ екенін тауып қазақша атайды.

Сергіту сәті : қазақтың ұлттық ойыны " Теңге алу"

5) " Жануарларды жинау" ойыны. Шашылып жатқан карточкалардан бір топ үй жануарларын , екінші топ жабайы жануарларды жинау керек және қазақша атауларын айту керек.

6) " Қуыршақты киіндір" ойыны. Қуыршақтарды киіндіре отырып киімдердің қазақша атауларын атау керек. Дұрыс айтқан топ ұтады.

Осымен балалар ойын сабағымыз аяқталып келеді.

Әділқазылар ұпай санын шығарғанша келіңдер балалар " Қара жорға" биін билейік.

Балаларды марапаттау.

Рахмет сау болыңдар балалар.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Тапкыр достар танымдык ойын

Бастауыш сыныптарға арналған танымдык ойын. Сценариін көшіріп ал....

Ашық сабақ

Зат есім туралы білімдерін толықтыру...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"

Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдетіп,  зияткерлік  қабілетін  дамытады.  Оқушылардың...

Әліппе сабағы

Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді.     Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтып, шығармашылық қабілеттерін ар...

Қазақ тілін оқытуда оқушылардыңи шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлері

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білмге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды оқуш...

Баланы ойын арқылы тәрбиелеу

Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол....