Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі
консультация (3, 4 класс) на тему

Сейткалиева Светлана Несипбеккызы

Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі жасалды.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon okushylarga_arnalgan_debietter_tizimi.doc38 КБ

Предварительный просмотр:

  Құрметті ата-аналар, балалар! 
 Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
 Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
 Кітапқұмарлық балалық шақтан бастау алатыны сөзсіз.  Сондықтан да  10 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып, қандай кітап оқуға болатыны жайлы кеңестер берейік. Осы жас аралығында баланың кітап оқуға деген қызығушылығы оянып, болашақта белсенді оқырман болуына жол ашылады. Осындай кітаптардың біреуі Светофор. Бағдаршам атты балалар кітабы. Светофор. Бағдаршам. –Алматы: Алматы кітап, 2008 жыл
Кітап балаларға жол ережелерін үйретуге бағытталған: Бағдаршам не айтады?, Жолдан қалай өтемін?, Қай жерден өту керек? Жолда ойнау қауіпті!, Жол тәртібін кім реттейді?, Көлікті айналып өтуді үйрен. Көше қиылысынан өтеміз. Сен жолаушысың. Жол белгілері-біздің көмекшілеріміз. Абайла! Пойыз! Осы сұрақтар мен ескертпелерге осы бір шағын суретті кітапшадан жауап табуға болады.
Байғабылова, А. Қоршаған орта/А. Байғабылова - Алматы: Аруна, 2007 жыл
Бұл кітап «Әліпби. Анаммен оқып үйренемін» - балаларға арналған алғашқы кітаптар топтамасымен шыққан. Ол балдырғандарды әріп және дыбыстармен таныстырады. Буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін арттырады.
Кітап қызғылықты тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, әңгімелерден тұрады.
 
Бауырлар-Алматы: Аруна, 2007 жыл 
«Анаммен оқып әңгімелесемін» топтамасының бұл кітабы ертегі мен әңгімелерден тұрады. Оны оқыған бала мәтіннің соңында берілген суреттерге қарап, дұрыс әңгімелеуге үйренеді. Мұндай тапсырмалар біртіндеп күрделене түседі. Соңғы тапсырмада оқиға желесінің бір көрінісі қалып қойған. Осы суретті салу үшін бос орын қалдырылған. Бұл тапсырма қиындық туғызған жағдайда бала оқиғаны ауызша айтып, жалпы мазмұнына байланысты кез-келген сурет салу арқылы ой – өрісін дамытады.
 
Кітапханада 1-3 сынып оқушыларының сүйіп оқитын кітапшалары:
 Біз өсіп ойнаймыз - Алматы: 
Бала, 2008 жыл
 «Біз өсіп ойнаймыз» атты кітап «Бөбекке арнаймын» атты сериямен шығарылған. Кітапта бөбек жыры келесі жолдармен берілген: 
Біз қандаймыз, қандаймыз? 
Шұғылалы таңдаймыз. 
Күлімдеген күндейміз, 
Еш уайымды білмейміз.
 Сонымен қатар кітапта 
«Әкетай», «Доп», «Қуыршақ», «Ата ақылы» т.б. өлеңдерді оқуға болады.Елубаев, Е. Өрт сөндіргіш / Е. Елубаев. -Алматы: Аруна, 2008
Ескен Елубаевтың «Өрт сөндіргіш» атты өлеңінде: 
«Небір қилы апатта, 
Табылатын заматта, 
Өрт шықса да орманға, 
Жедел жетер сол маңға» деген жолдармен басталатын өлеңде өрт сөндірушілердің өз ісіне деген жауапкершілігі, міндеті туралы жазылған. Бұл ойыншық кітап кішкентай оқырманға қатты ұнайды. Өйткені оның сыртқы бетінің өзі әсем етіп безендірілген. Кітапшаның өзі машина түрінде жасалған. 
 
 «Қуырмаш»
 атты бұл кітапқа халқымыздың бұдан жүздеген жылдар бұрын шығарып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп отырған бесік жырлары, түрлі санамақтары, ойын-өлеңдері еніп отыр. 
Қуырмаш. Мектепалды даярлық тобы балаларына арналған.-Алматы: Алматы кітап, 2006 жыл
Бұл жинаққа енген өлеңдер балалардың бесік жырынан бастап, ойыншық сылдырмақпен ойнауы, қаз-қаз басуы, тұсау кесерді бейнелейді. Балалардың жаттап алуына жеңіл. Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, сұрақтамалар, тапқырларға тапсырма дейсіз бе бәрін-бәрін осы кітаптан табасыз. «Қуырмаш» балалар көңілінен шығар деген үміттеміз. Кішкетай балаларға арналған Сылдырмақ баланы бірден өзіне баурап алады: Сылдырмақ сылдырлап, бесікте тұрады.
Бөпешім Былдырлап, 
Сылдырмақ Ұрады, 
Бас салып,қолға алып, ауызға салады. 
Сол кезде сылдырмақ сөйлемей қалады. Енді ғана тәй-тәй басып жүрген балаларға: 
«Қаз-қаз-қаз, Қаздаң бас, Бір-екі-үш, 
Аздан бас» деп басталатын жолдар баланың енді-енді тәй басып, тұсауын кесу кезінде айтылады. «Мазақтамалар» да осы кітаптың ішінде көрініс тапқан: 
Нәйім-нәйім бауырсақ! 
Ағын суға шомылсақ! 
Жаман бала ойынсақ! 
Жақсы бала малсақ!
Жинақ мазмұны жағынан өте бай және баланың тілін дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Оның үстіне кітап өте әдемі суреттермен безендірілген, суретші Б. Сопыбеков жинаққа енген халықымыздың бай мұрасын сурет арқылы аса сүйіспеншілікпен жеткізе білген.

 Елубаев Ескен.  Балаларға базарлық: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: "Алматы кітап", 2007 жыл
 Бұл кітаптағы оқуға жеңіл өлең, тақпақтар, ой дамытатын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқырман үшін жеңіл де қызықты..

 Алдар көсе:  Ертегі – Алматы: “Алматыкітап” ЖШС, 2007 жыл
Қазақ ертегілері – Алматы: “Балауса баспасы”. 2003 жыл 
Қазақ ертегілері – Құрастырған: А. Сәулебаева. Суретші: Г. Ф. Алматова – Шымкент. ПТ “Шикула и К0”. 2003 жыл
 Бұл кітаптар қазақ ертегілері әлемінің баға жетпес құндылықтары. Әсем безендірілген суреттерімен, жан жануарлары, қиындықты  тапқырлық пен батылдықтары арқылы жеңетін батырлары жас бүлдіршіндерді сиқырлы әлемге жетелейді.
 Ең бастысы – кітап арқылы балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. 



По теме: методические разработки, презентации и конспекты

3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3

3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"

Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдетіп,  зияткерлік  қабілетін  дамытады.  Оқушылардың...

Ата-аналарға арналған кеңес

дарындылық туралы ата-аналарға кеңес...

Қазақ тілін оқытуда оқушылардыңи шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлері

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білмге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды оқуш...

Дарынды және талантты оқушылар

ž  Мұғалімдерге дарынды және талантты оқушылардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін ұғындыру. ž  Дарынды және талантты балаларды анықтауда мұғалімдерге көмекші -нұсқау беру.Дарынды жә...

У"ярня-уян арня, ик арня пайремлена

У"ярня пайрем эртараш полыш сценарий...