тәрбие жұмысына жылдық талдау
материал по теме

Бижанова Майра Нажметовна

өткізген іс-шаралар

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon izh.zh_.taldau_trbie.doc50.5 КБ

Предварительный просмотр:

                     2013-2014 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау

                           1 «А»класс                       Класс жетекші: Бижанова М.Н

1 «А» класында  жылдықта барлығы төрт ата-аналар жиналысы болды. Жиналыстар «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі.», «Азаматтық неден басталады», «Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы.» тақырыбында өткізілді. Онда баяндамалар оқылды, тесттік тапсырмалар орындалды, ойындар ойнатылды,тренингтер сондай-ақ ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар комитеті сайланды және оқушылардың жалпы сабаққа қатысымдары, оқу үлгерімі, тәртібі айтылды. Баланы сабақтан себепсіз қалдырмау, оқу үлгерімін үйден де қадағалап отыру керектігі нақтыланды. Жиналыстар өз уақытында өткізіліп, ата-аналарға мектептің ішкі тәртібі жөнінде айтылып, жалпы ата-аналардың оқу-тәрбие саласындағы ролі(жауапкершілік,балаға уақыт бөле білу,мұғаліммен бірігіп жұмыс жасау)қаралды.

Оқушылардың тәрбие бағытындағы қойылған көп шаралар өтті.

Азаматтық-патриоттық тәрбие бағытында Отанын сүю,азаматтығын мақтан тұтып,ҚР конституциясының маңызын білу мақсатымен білім күнінде «Қазақстан 2030 Бір халық,бір тағдыр,бір ел»атты тәрбие сағаты өткізілді.ҚР тәуелсіздік күнінде өз Отанының болашағына қызмет ету,қазақ жастарының ерлігін мәнгілік ұмытпауға үйрету мақсатымен  «Тәуелсіздік туым,Егемендік-ерлігіміз.» атты тәрбие сағаты өткізілді.Ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу мақсатымен «Ана тілім елдігім.»атты тәрбие сағаты өткізілді.Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді құрметтеу,елжандыққа тәрбиелеу мақсатымен «Жеңіс туы желбіре.» тәрбие сағаты және «Әлия Молдағұлава»атындағы мұражайға әкскурсия жасалынды. «Отанға деген сүйіспеншілікпен» атты мектепшілік балалар сурет байқауына оқушылар белсенділікпен қатысты .
  Отбасы тәрбиесі бағытында өз отбасын,туған-туысын құрметтеу,ата-анасын қадыр тұту олар қамқоршы деген ұғымды терең түсіну,айналадағы қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болу мақсатында «Отбасы мықты мемлекет.», «Жанұядағы міндетің», «Айналадағы қоршаған ортамен таныстыру.», «Мен,мамам,папам-жанұям.», «Менің досым.» «Ана-өмір шуағы.» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Отбасының қызықты сәттері» атты суреттер көрмесіне қатысты.
  Рухани-адамгершілік тәрбие бағытында балаларға ұстаздың өмірде алатын орны,оны құрметтеу,сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту мақсатымен «Ұстаз-ана,елге пана.»ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихын,авторларын білу мақсатымен «Мемлекеттік рәміздері.»Балалардың жолдастық, достық қарым-қатынастарын,бір-біріне сыйластығын,қоршаған ортаға және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,алған білімдерін ортаға салып эмоциялық көңіл-күйін көтеру,адам бойындағы ұнамды және ұнамсыз қасиеттерін ажырата білу, адамгершілікке,еңбексүйгіштікке үйрету мақсатымен «Қош бол әліппе.», «Дос бола білу де өнер.», «Бес нәрсеге асық бол.» тәрбие сағаттары өткізілді.

Саяси және құқықтық тәрбие бағытында  балаларға қоғамдағы жалпы адамзаттық моральдық нормаларын сана-сезіміне қалыптастыру,міндеті жайлы түсінік беру,жауапкершілік сезімін көтеру,тәртіптілікті нығайту,оз ой-пікірін айта білу жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту мақсатымен  «Конституция негізгі заңымыз.», «Күш көрсету ережелері.» «Өз құқығыңды біл.»Сонымен бірге оқушыларға қазақ халқы ежелден бейбітшіл,бауырмал халық көп ұлттық ел  екенін ұғындыру мақсатымен  «Тілі басқа-тілегі бір.»атты тәрбие сағаты өтті.

Полимадениеттік тәрбие бағытында оқушыларға ана тілін     сүюге,қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Тілге құрмет,елге құрмет.»тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру халық ауыз әдебиетіне құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне,  ой ұшқұрлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге тәрбиелеу мақсатымен «Мың бір мақал.»тәрбие сағаты өткізілді.Мерекелік сән-салтанаттан эстетикалық ляззат алып,қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттап көрсету мақсатымен «Наурыз жыл басы.»тәрбие сағаттары өткізілді.

 Әлеуметті мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру  бағытында оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілдікке,әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға баулу мақсатымен «Әдептілік әлемінде.», «Жақсылық пен жамандық», «Сыңғырла соңғы қоңырау»атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Еңбек және экологиялық тәрбие бағытында оқушыларға көп адамның еңбегімен нанның дастарқанға келуі,сол еңбек адамдарын сыйлай білуге,еңбекқор болуға,өмірдің өзі еңбекке тәуелді екенін ұғындыру мақсатымен «Нанды қадырлеуге үйрету»тәрбие сағатыөткізілді.Табиғатты ана ретінде, асыраушы деп білуге,зиян келтірмей,әр кез оны қорғауға, үнемділікке,қанағатқа елін,жерін сүюге тәрбиелеу мақсатымен ««Аяласаң табиғатты аяла.», «Үнемділік-ұқыптылық.», «Бес нәрсеге асық бол.»атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Эстетикалық тәрбие бағытында қазақ халқының әдет-ғұрыптарының маңыздылығын білу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатымен «Қазақтың ырым-тыім сөздері.»тәрбие сағаты өтқізілді. Оқушылардың білімдерін тиянақтап,тереңдетумен бірге қызығушылықтарын арттыру,өзіне деген сенімдік қасиеттерін қалыптастыру және білімділік,рухани байлық кітап оқумен тығыз байланысын ұғындыру мақсатымен «Кітап ақылшың» тәрбие сағаты өтқізілді.

Жас ұрпаққа өнеге,сан қырлы талант иесі,елімізді әлемге танытып,халқымыздың абыройын асқақтатып,құдіретті тұлға ретінде Елбасшысынан үлгі алу мақсатымен «Тұңғыш президент» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Құстарды қорғауға,қамқорлық жасауға баулу мақсатын көздеген «Қанатты достар»тәрбие сағаты өтті.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында оқушы санасын тәрбиелеу,өз денсаулығына  жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту мақсатында «Денсаулық зор байлық.»,        «Денсаулық-тиымды тамақтану.»«Жат әдеттен сақтан.» атты тәрбие сағаттары  өтті.
Діни тәрбие бағытында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптарында  ұл-қыздарына тән қасиеттерін,ұяңдыққа,биязылыққа,инабаттылыққа қалыптастыру мақсатымен «Ибалы ұл, инабатты қыз» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
 Жыл бойы қауіпсісдік ережелері бойынша жолда жүру ережелерін сақтау,өрт қауіпсіздігін сақтау тәрбие сағаттары өткізілді.
 1 «А»класс оқушылары аса қызығушылықпен облыстық «Жас суретші» атты байқауына қатысты, мектепішілік «Аяз ата шеберханасы»атты шараға қатысып Қанапина Аяулым 2 орынға ие болды, «Весеняя композиция» атты  хорбайқауына оқушылар белсенділікпен қатысты және облыстық балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі тенисінен Мырзабекова Наргиз 2 орынды жеңіп алды.

Ақтөбе қаласындағы білім бөлімі «Ақ желкен»аула клубында сәндік қолданбалы өнер байқауына Жұбаныш Арсен қатысқаны үшін марапатталды.

     Қорытындылай келе,осы оқу жылында қойылған тәрбие мақсаты жүзеге асты.

Ата-аналар мен педагог бірлескен жұмысының нәтижесін жеткізу мақсатымен
   Барлық тәрбие сағаттары мен ата-аналар жиналыстары уақытында қанағаттанарлық деңгейде өтті.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Выступление на тему "Баланы ирек рухында тәрбияләү"

Рухи байлык - ирекнең нигезе. Чын кеше моделе....

Доклад:УКУЧЫЛАРДА БЕРДӘМЛЕК ХИСЕ ТӘРБИЯЛӘҮ.

Башлангыч сыйныфта укучылар  коллетивын  туплау, аралашырга өйрәтү, психоогик үзенчәлекләрне ачыклау....

Укыту- тәрбия процессында укучыларда рухи- әхлакый сыйфатлар тәрбияләү (әти-әниләр жыелышында чыгыш эшкәртмәсе).

Яшь буынга дөрес тәрбия бирү вазыйфасына һәр ата-ана җитди һәм җаваплы карарга тиеш. Ата-ананың абруе - балаларга hәм яшүсмерләргә дәрес тәрбия бирүдә көчле чараларның берсе. Тәҗрибәле ата-аналар бала...

тәрбие жұмысының графикалық жоспары

тәрбие жұмысының 10 бағыты бойынша графикалық жоспар...

«Жүрегі жырдан жаралған» (Т.Молдағалиевтың 80 жылдығына поэзия кеші)

Т.Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.Жүргізуші: Құрм...

Бастауыш сынып тәрбие жұмысының нәтижесі, қорытындылары

Бастауыш сынып тәрбие жұмысының нәтижесі,   қорытындыларыМектепте баланың тек оқып қоймайтынын ұмытпау керек.Мектепте ол өмір сүреді. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ар...

Ы.Алтынсариннің 175 жылдығы

«Дала жұлдызы»  Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналадыМақсаты: 1) Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі ...