Сынып үздігі
материал (3 класс) по теме

Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна

Сыныптан тыс жұмыс  3-класс

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл kanikuldagy_synyptan.docx15.69 КБ

Предварительный просмотр:

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Сынып үздігі»

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және өз ойларын еркін түрде жеткізе білуге тәрбиелеу, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

Көрнекіліктер: плакаттар, суреттер.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сайыстың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

2.Кіріспе бөлім.

Мұғалім сөзі:

Балалар, бүгінгі сайысымыз «Сынып үздігі» деп аталады. Бұл сайыста математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі және дүниетану сабақтарынан сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар таңдап алынады.

3.Негізгі бөлім.

Сайыс шарттары:

1.Таныстыру.

Әр оқушы өзін таныстырады.

2. «Сиқырлы шаршы» кезеңі.

«Сиқырлы шаршы» Шаршыдағы бос көздерді толтырғанда тігінен де, көлденеңінен де 60 саны шығу керек.

30

29

20

10

3. «Оқып, білім алайық,

Жалғастырып айтайық!»

Әдебиеттік оқу пәнінен өтіп кеткен кез-келген мәтіннің үзіндісі беріледі. Әр оқушы қай мәтіннің үзіндісі берілгенін табу керек және сол мәтін немен аяқталғанын айту керек.

4. «Ойлан тап!» 

Бұл кезеңде оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.

1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұс ұшпайды)

2.Егер үш пар ат 60км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді?(60км)

3.Ағаш үстінде 30 торғай қонып отыр еді,аңшы оның 2-еуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды?(2-еуі қалды, қалғаны ұшып кетті)

4.Столдың 4 бұрышы бар.Егер екі бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?( 6 бұрыш)

5. «Жаңа сөздер» кезеңі

Бұл кезеңде оқушыларға бір сөз беріледі. Сол сөздің құрамындағы әріптерді пайдаланып жаңа сөз құрастыру.

4.Қорытынды бөлім.

Сайыс қорытындысын шығарып сынып үздігін анықтау, марапаттау.

30

29

20

10