О.Әубәкіров Сүт қалай ұйықтады?
план-конспект урока (2 класс) по теме

Жумагалиева Роза Матжановна

2-класс Ертегі. Әдебиеттік оқу

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл debiettik_oku.docx18.53 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақ тақырыбы:  Сүт қалай ұйықтады?

Сабақ мақсаты:

1 )Оқушыларға ертегідегі негізгі оқиға,идеяны ұғындыру. Сүтке байланысты ырым-тыйым  сөздермен таныстыру.

 2) Өз бетімен жұмыс істей білуге баулу, жан-жақты ойлауға, дәлелді сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын ояту,дүниетанымын кеңейту.

3) Жалқаулық және еріншектік,ұйқышылдық қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Топтық.

Сабақ әдісі:  Сұрақ-жауап, ізденушілік, СТО әдістері

Сабақ типі:  Жаңа білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба,нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

  1. Сабақтың мақсатын хабарлау
  2. Психологиялық дайындық.

ІІ. Бағдарлау-мотивациялық кезең. (өткен  материалды еске  түсіру)

  • «Тәкаппар» өлеңіндегі негізгі идея қандай?
  • Мақтану,айтқан ақылды тыңдамау,өзімшілдік.
  • Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді атап шығайық.
  • Тәкаппарлық,мақтаншақтық,еріншектік,жалқаулық,кертартпалық т.б.

«Ой қозғау» әдісі.

  • Кедейлік неден?  (Төле бидің сөзі)

                                                     Кедейлік

                   

                        кежірлік               еріншектік              ұйқышылдық

-Жағымсыз қасиеттерге байланысты мақал – мәтелдер айту.

1. Еріншек түске дейін ұйықтайды,

    кешке дейін есінейді.

2.Еріншектің ертеңі бітпес.

ІІІ. Жаңа сабақ.

     -Балалар,ұйқы демекші бір күні кәдімгі сүт ұйықтап қалыпты. Ұйықтағаны соншалық қатты ұйықтапты. Сүт ұйықтауы мүмкін бе? Ойланайық.

(тірек – сызба арқылы түсіндіру)

Сүт                   ұйқышыл                       айран                         жұрт

                                                                     

                                                                дорба                          Әжей

                                                                сары су

-Балалар, осы ертегі арқылы ақын бізге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

ІV. Операциялық – орындаушылық кезең.

 

 1.Мәтінмен жұмыс.

       -іштен оқу (таныс емес сөздерді белгілеп отыру)

       -сөздік жұмысы

      - тізбектей оқу

2.Дәптермен жұмыс.  «Топтастыру» стратегиясы

Сүттен қандай тағамдар алынады және сүттің қасиеттері қандай?

                                                               

                                                         Сүзбе                қаймақ             айран

                      ірімшік                     құрт

ақ        сұйық       дәмді         сарысу

3.Топпен жұмыс. Әр топқа тапсырма беру.

1-топ.Ертегі кейіпкерлерін ата, сүтке байланысты ырым – тыйым сөздер айт.

1.Ақты төкпе, ақ төгілген жерді баспа.

2.Үйге жылан кірсе, басына ақ құйып шығарады.

3.Көктемде алғаш күн күркірегенде, үй іргесіне сүт құяды. Ол ырыздық –несібе мол болсын дегені.

2-топ.Ел-жұрттың сөзін тауып оқы.

3-топ.Ертегіден мақалды тауып оқу, мағынасын түсіндіру.

            «Ұйқы – дұшпан»

Ұйқыны дұшпан дейміз, сонда ұйқының пайдасы жоқ па?

4.Венн диаграммасын толтыру.

                      пайдасы              зияны

-Ұйқы - дұшпан,зиян және ол үш арсыздың бірі екен.

Үш арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ. (мәнін түсіндіру)

Тамақты тарта жесең, санаңды ашар,

 Көп жесең,ұйқы басар. Бұл нақыл сөзді түсіну үшін мына аңызды тыңдайық.

         Ертеде бір Ұлықпан Хакім деген данышпан адам болыпты.Ол өте білгір, ауруларды емдеп жазады екен.Ол өзінің шәкірттеріне мынадай 7 өсиет қалдырыпты:

1.Ерте тұру                                          5.Сергектік

2.Орта тазалығын сақтау                   6.Артық тамақ ішпеу

3.Дене шынықтыру                            7.Көп ұйықтамау

4.Дене тазалығы

V.Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

 Ой қорыту.

  • Ертегі не туралы?
  • Осы ертегіден нені түсіндік, қандай жаңа мағлұмат алдық?
  • Не үйрендік?
  • Ертегідегі негізгі ой қандай?
  • Қандай жаңа мақалмен таныстық?
  • Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Үйге тапсырма беру.

Мәнерлеп оқу,мазмұнын айту және сүтке байланысты ырым сөздер,жұмбақтар жазу.

Бағалау.

1.Топ басшыларының бағалауы.

2.Жалпы бағалау.

   

 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Воспитательная программа класса "Алые паруса"

Опыт разработки и реализации воспитательной программы класса "Алые паруса"....

Рябины-грозди алые

Воспитывать у детей бережное отношение к родной природе, развитию умения эстетического ее восприятия.Совершенствовать навыки работы с природным материалом. Развивать мелкую моторику пальцев рук и...

Сәламәтлек аланы.

Сәламәтлек аланы....

"Сәламәтлек аланы"

"Сәламәтлек аланы"...

Әкият-пьеса. Сәламәтлек аланы

Әкият-пьеса. Сәламәтлек аланы. Укучылар сәламәтлекне саклау, организмны чыныктыру, үзеңне чиста-пөхтә йөртү турында шигырьләр, җырлар өйрәнәләр....

Бисероплетение на уроках труда в начальных классах."Алые розы"(плетение на проволоке).

Презентация знакомит учащихся с историей бисера, видами бисера. Видами работ из бисера. Поэтапно показывается, как сплести розу на проволоке....

Хәрефләр аланы.

Әлифба бәйрәме үткәрү өчен кичә эшкәртмәсе....