- «Жер тағдыры-ел тағдыры», Ғажайып жетілік ойыны. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, №4, 2007
- «Интеллектуалдық ойын», Информатика негіздері.
№1, 2009ж - «Не? Қайда? Қашан?», Математика және Логика. №3,
2012ж - «Сочи-2014» www.bilimsait.kz 1 cәуір 2014ж
- Математикалық КТК. www.bilimsait.kz 1 cәуір 2014ж
Математикалық КТК Мақсаты: Оқушылардың арасынан білімді, тапқыр және көңілді математиктер мен информатиктерді анықтау. КТК ойынын игеру, қиыншылықтан жол табуға жаттықтыру. Қатысатын оқушылар: 9-10 сыныптар Түрі: Көңілділер, тапқырлар клубы
Техникалық құралы: компьютер, мультимедиялық-проекциялаушы аппарат
К е з е ң д е р і:
1-кезең: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»
2-кезең: Үй тапсырмасы
3-кезең: «Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»
4-кезең: «Топ басшыларына сұрақ»
5-кезең: «Спорттық математика»
6-кезең: «Көзбен өлше»
Ш а р а н ы ж ү р г і з у ш і л е р : 9 сынып оқушысы: ШунаеваМадина және Алия
Камалқызы Оқушы: Саламатсыздарма қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған «Математикалық» көңілділер, тапқырлар клубына қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Вергелидің «Өмірде барлығын біле алатын адам ғана бақытты» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр. Бүгінгі КТК-ны ашу үшін мектебіміздің алдыңғы қатарлы мұғалімі Бақытжан Ғаббасұлына беріледі. Жас өспірім балалардың ақыл-ойын жетістіруге, зерттеушілік қабілетін арттыруға, өзін-өзі ізденімпаздыққа тәрбиелеуге көмектесетін негізгі пәндер – МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА және ИНФОРМАТИКА. Осы бағытта ұйымдастырылып отырған 9 «а» және 9 «б» , 10 «а» сыныптар арасындағы көңілділер, тапқырлар клубын бастауға рұқсат етіңіздер!
«Шақырамыз келіңіздер жарысуға, Күш, өнер, білімменен алысуға. Бар өнерді салыңыздар ортамызға, Ал қанекей шығыңыздар сайысуға. Көңілді тапқыштар мен білгіштер Бар өнерін алдарыңа салады, Кім білімді, кім оқыған болса егер Бүгінгі күн жеңімпазы болады» - дей отырып, екі топты ортаға шақырамыз.
9 «а» сыныбынан құрылған топ – « »
9 «б» сыныбынан құрылған топ – « »
10 «а» сыныбынан құрылған топ – « »
Сайысымыз бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
Олай болса КӨҢІЛДІЛЕР, ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫН бастаймыз. Іске сәт!
1-кезең: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»
Демеймін заман сөздері,
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді, - дей отырып кезекті таныстыруға береміз.
(Екі топ өздерінің таныстыруларын айтады)
Әділқазылар алқасы таныстыруды бағалайды. 2- кезең: Үй тапсырмасы
Әр топ өздері дайындаған қызықты көріністерін көрсетеді.
3-кезең: «Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»
«Адам өзінің білмеген затынан қорқады, ал білгенімен ұтады» - деп Белинский айтпақшы, бүл кезең «Сергіту» кезеңіне беріледі. Командалар кезекпен жауап береді, ойлануға 15 с беріледі. Жауап дұрыс болса – 1 балл, жауап болмаса – 0 балл.
1. ) Ақын әрі орыс математигі кім? (С.В.Ковалевская) 2) а саны үлкен бе? 2а саны үлкен бе? a-теріс сан болса, а үлкен, а-оң сан болса, 2а үлкен. a=0 болса, онда а=2a 3) Ертедегі үш грек математигін ата?. (Пифагор, Архимед, Евклид.) 4) Дәлелденбейтін сөйлем? (аксиома) 5) Бағытталған кесінді. ( вектор) 6) SIN 300 7) Төбесі мен қарама қарсы қабырғасының ортасын қосатын кесінді. ( медиана) 8) Шаршының ауданы 49 м2. Шаршының қабырғасы неге тең? (7 см) 9) Тек екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш. ( трапеция) 10) Бұрышты қақ бөлетін кесінді. ( биссекктирсса) 11) Ақиқаттығын дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. ( теорема) 12) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. (диаметр) 13) Ежелгі Үнділер бұл санды «сунья» деп атаған. Арабтар бұл сөзді өздерінің тіліне аударып, «сифр» деп атаған. Бұл қай сан? (0) 14) Бөлшектердің осы күнгі жазылуы қай елде алғаш рет пайда болды? (Русьте) 15) Белгісіздерді әріппен алғаш рет белгілеген адам? (Диофант) Сөзді көмекшім Мадинаға жолдаймын.
4-кезең: Топ басшыларына сұрақ Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып, тапсырмаларын алыңдар.
Мадина: Мен сендерге үш есеп әкеліп отырмын.
1-қызықты есеп:
1. Бір теңгеге не алуға болады? Сіріңкенің тоғыз қорабы тиындарымен 9 теңге тұрады, ал сондай он қорап – тиындарымен 11 теңге. Бір қорап неше теңге тұрады? (Сіріңкенің бағасы 1 теңге 11 тиын)
2. Дүкендегі сауда. Егер бірінші сорт кәмпиттің бағасы килограмы үшін 10 теңге, екіншісінікі килограмы үшін 15 теңге тұрса, ал бірінші сорт кәмпиттің салмағы екіншісінен үш есе көп болса, осы кәмпиттің екі сортының қоспасын қандай бағамен сату керек? (Кәмпиттің бағасы 11 теңге 25 тиын болуы керек)
3. Теңдік дұрыс болатындай амал таңбаларын қой. 5 5 5 = 2 5 5 5 = 5 4 2 6 3 5 = 10
Оқушылар есепті шешкенше қызықты әңгімелерді тыңдай отырайық.
Бағдарламашы әйелімен циркке барып сиқыршының іс-әрекетін көріп отырады. Келесі бір нөмірде ол бір шағын жәшіктен бір топ қыздарды шығарыпты
Әйелі:Кішкене жәшікке сонша қыз қалай сыйған?... Күйеуі:Үй, ол, ол ма! Егер Сиқыршы WinRAR программасын қолданса, онда оған тағы сонша қыз сыяр еді, - депті.
Бағдарламалаумен айналысатын балалар оқитын мектептің мұғалімі сыныпқа кіріп келіп: Қане, бірден айтыңдар, кім үй жұмысын Интернеттен көшіріп алды?! – депті. - Хабарландырудан: Барлық мүмкіндіктері бар, өз жұмысын жақсы, әрі жедел орындайтын ТЫШҚАН САТАМЫН, жүріп өткен жолы 5000 км ғана.
Әдебиет сабағында мұғалім: Ешкім қазірде сөйлемейтін, бірақ басқа тілдерге негіз болып саналатын тілді кім айта алады? – дегенде, Серік тұрып: - HTML, - депті. Көрермендер мені тыңдап, көңілдеріңізді көтергендеріңізге көп рахмет. Азамат сөзді қайтадан өзіңе жолдаймын.
5-кезең: «Спорттық математика»
Мадина: Сіздер біраз мимен жұмыс жасадыңыздар, енді біраз сергіп алсақ та болады. Арқаларыңа әр түрлі сандар жазылған карточкалар жапсырылады, қай топ тез арада өсу ретпен орналасатын болса, сол топ жеңеді.
ТОП №1 4 27 78 100 213 ТОП № 2: 3 16 92 119 200 ТОП №3: 7 2 2 38 815 909
6-кезең. « Көзбен өлше» - карандаштың ұзындығы қандай? 18-20 см
- дәптердің ауданы неге тең? 340 см2
- Сіріңкенің көлемі неге тең? 17,5 см3
- 100 теңгенің диаметрі неге тең? 2,
Мадина: Рахмет. Мен енді сіздерге логикалық сұрақтар қойғым келіп тұр. Қәне, кім тапқыр, кім шапшаң ? Көрермендерге сұрақ. - Жерге 5 торғай қонды. Олардың үшеуін балалар атып өлтірді. Қалған торғайлар ұшып кетті. Сонда неше торғай қалды? (3 торғай)
- Бір аңшы құс атуға орманға келеді. Орманға келіп, бір мылтықпен қарғаға атқанда қарға қарға түседі. Сонда шыбын өле ме, қарға өле ме? (Қыста шыбын болмайды)
- Люстрада 10 лампочка тұр. Осы лампочканың ішінен екеуі жанып кетті. Сонда 1 аптадан кейін люстрада қанша лампочка тұрады? (10 лампочка)
- Электровоз батысқа қарай 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатыр. Ал одан шыққан түтін қалай қарай, қандай жылдамдықпен ұшады? (электровоздан түтін шықпайды)
- Қандай сұраққа «иә» деп жауап беруге болмайды? (Сен ұйықтап жатырсың ба?)
- Жылына төрт рет киінетін не? (Жер)
Мен осымен аяқтадым. Тыңдап, жауап бергендеріңіз үшін рахмет
Абай нұсқаған өнер-білімді, адамгершілік, ізгі қасиеттерді өзіне ұран еткен Шәкәрім «Жастарға» деген өлеңінде:
Қой, жігіттер күн болды ойланарлық,
Білім, әдеп, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудан болсам деп таласарлық - деп оларға қатарыңнан қалма, оқу оқып, білім ал, талаптанып бойындағы өнерің мен білімді ел қажетіне жұмса дегенді айтты.
Менде осы Шәкәрімнің сөзіне толықтай қосыламын.
Әділ қазылардың қойған бағаларын қосып, жеңімпаз топтың атауға сөзді әділқазыларға жолдаймын.
Олай болса бүгінгі Көңілді, тапқырлар клубын қорыту сөзі Камшат Төлегенқызына апайға беріледі.
Бүгінгі КТК-ға қатысып, өз білімдерін ортаға салған үш топқа алдағы уақытта да сәттіліктер тілеп, бүгінгі «Математикалық» КТК-ны жабық деп жариялаймын! Рахмет қатысқандарыңызға! |