Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтар
план-конспект урока (9 класс) по теме

Хасенова Мадина Бельгибаевна

9-шы сыныптағы ашық сабақтар. СТО, топтық жұмыс, жобалау технологиясы. 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл Сабақ жоспары30.29 КБ

Предварительный просмотр:

Хасенова Мәдина Белгібайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

ІІ деңгейлі, І санатты мұғалімі. Ақмола облысы, Ақкөл орта мектебі

ІІ сабақ. Сұлтандар

Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ хандығындағы сұлтандардың рөлі туралы біледі. Сөздер мен сөйлемдерді талдайды; Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге мысалдар келтіре алады; Отаншылдық сезімдерін дамыту үшін жағдай жасау.

Сабақтың ресурстары:  маркер, постер, «Ыстық орындық», сергіту сәттерінің жазбалары, бағалау парақтары, «Қос бағанды күнделік», мақалдар жазылған карточкалар, топтарға арналған дифференциалды тапсырмалар жазылған карточкалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу – 1 минут

2. Оқушылардың назарын жинақтап, сабаққа аудару мақсатымен сергіту сәтін өткізу. «Билеген құндыз» сергіту сәті қосылады, мұғалім мен оқушылар құндыздың биін қайталайды.  – 3 минут

3. Топқа бөлу. Оқушылар 1-ден 4-ке дейін саналып, 4 топқа бөлінеді. – 1 минут.

4. Өткен тақырыпты қайталау «Қарама-қарсы шабуыл» әдісін қолдану. Топтар өткен сабақта танысқан тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. Ойлануға – 1 минут. Сұрақ алмасуға – 6 минут

  • 1-топпен 2-топ бір-біріне сұрақтарын қояды. 3-топпен 4-топ бір-біріне сұрақтарын қояды;
  • 1-3, 2-4 топтар сұрақ алмасады;
  • 1-4, 2-3 топтар сұрақ алмасады.

ІІ. Жаңа тақырыппен танысу кезеңі

5. Оқулықтағы 1-тапсырманы түсініп оқу (жеке жұмыс) – 3 минут.

6. «Ыстық орындық» ойынын өткізу. 5 минут. Ортадағы орындыққа өз қалауы бойынша бір оқушы отырады. Сынап оқушылары осы балаға тапсырма бойынша сұрақтар қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы сол сұрақтарға жауап беру керек. Оқушыға баға қойылады. Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді. Мысалы мұғалім мынадай сұрақтар қояды: «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өте жақсы жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер орташа жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер нашар жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өзін сынып алдында жақсы ұстай білді ме?» Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады. Осылайша оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. «Ыстық орындыққа» 2-3 оқушыны шығаруға болады.

7. Топтарға сөйлемдер жазылған карточкалар беріледі. Тапсырмаларды топ мүшелері білім деңгейлеріне сәйкес өзара бөлісіп орындайды (дифференциалды тапсырма). Тапсырмаларды орындауға – 4 мин.

  1. топ: Қазақ хандығы бірнеше бөліктерге бөлінген.

Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге  синтаксистік талдау жаса

2. «Хандығы» сөзін құрамына қарай талда

3. «Қазақ» сөзін жікте

4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір

2-топ: Ұлыстарды басқаратын сұлтандардың саны 18-24-ке жеткен.

Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге  синтаксистік талдау жаса

2. «Ұлыстарды» сөзін құрамына қарай талда

3. «Сұлтандар» сөзін жікте

4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір

3-топ: Ханмен бірлесе отырып, бүкіл хандықты сұлтандар басқарған.

Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге  синтаксистік талдау жаса

2. «Басқарған» сөзіне фонетикалық талдау жаса

3. «Хандық» сөзін тәуелде

4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір

4-топ: Есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды.

Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге  синтаксистік талдау жаса

2. «Ынтымағын» сөзіне фонетикалық талдау жаса

3. «Күш» сөзін тәуелде

4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір

Топтар алмасып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді, қателері болса түзетіп, баға қояды – 3 мин.

8. Сергіту сәті. «Шөжелер» биін билеу. – 3 минут

9. Әр топ бір мақалдың мағынасын ашып, постерге сурет салу керек - 5 минут. Бағалау критерийлері тақтаға ілінеді:

1. Мақалдың мағынасын барынша толық ашу.

2. Эстетикалық талғам.

3. Түсінікті болу керек. (т.б. критерийлер оқушылардың ұсыныстары бойынша қосылады)

1-топ: Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

2-топ: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

3-топ: Ел үмітін ер ақтар,

            Ер атағын ел сақтар.

4-топ: Өзің үшін ту,

            Елің үшін күй.

       Оқушылардың жұмыстары тақтаға ілінеді.

10. «Галлереяны шарлау» әдісі арқылы бағалау. Әр топ басқа топтардың жасаған постерлерімен танысып, критерийлерге сай бағалайды, постер жасау бойынша тілектерін (ескертулерін), қойған бағасын стикерлерге жазып жабыстырып кетеді. 5 минут

ІІІ. Бекіту  кезеңі.

11. Өткен тақырыптарды бекіту, оқушылардың ойлау, коммуникативтік қабілеттерін белсендету мақсатымен «Миға шабуыл» стратегиясын  өткізу. 5 минут

- Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші кім болған? (хан)

- Ханна кейінгі билік кімдерде болған? (сұлтандарда)

- Батыр деген атақ нені білдіреді? (сұлтандар қауымындағы беделді адам екенін білдіреді)

- «Әйгілі» деген сөз орыс тіліне қалай аударылады? (известный)

- Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай жалғаулықтар арқылы жасалады? (да, де, та, те, және, әрі)

- Ілік септік қандай сұрақтарға жауап береді? (кімнің? ненің?) т.б.

12. Бағалау парағын толтыру. 1 минут

Оқушының аты-жөні:_______________________________________________

Өз бағам

1-ші оқушы қойған баға

2-ші оқушы қойған баға  

3-ші оқушы қойған баға

Мұғалімнің бағасы

Қорытынды баға

13. Үй жұмысы. 39 бет, 4-тапсырма. Мақалдарды жаттап келу. 1 минут

14. Рефлексия. «Қос бағанды күнделік» - 3 минут

Оқушының аты – жөні________________________________________

Білемін

Бүгін білдім


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Игерілген әдістерден қозғалыс әрекетін құру»

Урок учителя СОШ имени Т.Жарокова ЗКО Ишангалиевой Улмаш Мектепкалиевны...

8 СЫНЫПТАР ҮШІН ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ: «ҚИСЫҢДЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ»

Прикладной курс для 8 класса "решение логический задач"...

11 сынып ата - аналарымен өткізілген №4 жиналыс

11 сынып оқушыларының ата - аналарымен өткізген жиналыс. Ата - аналарды ҰБТ ның ережелерімен таныстырып, әрбір оқушының балдарына жеке жеке тоқталып, аудан көлеміндегі пәндердің нәтижесін айтып кету....

Мұқағали –поэзия патшасы. М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша.

Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғын...

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру....

«Ұшу тарихы» тарауы бойынша сабақ жоспарының үлгісі «Парашют жасау»

Сабақтың тақырыбы: Парашют жасау.Сабақтың түрі: Техникалық модельдеуМақсаты: Ұшу аппараттары туралы оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту, парашюттың құрылысымен танысып, моделін жасау.Міндеттері:...