Х х дыбысы мен әрпі
план-конспект урока на тему

Шукуров Суюнгали Сагинтаевич

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

Е. Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі

Джумагалиева Гульмира Алибековна

Бастауыш сынып мұғалімі

(Ойын сабақ) 1 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon kh_dybysy_men_rp_avtosokhranennyy.doc43.5 КБ

Предварительный просмотр:

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

Е. Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі

Джумагалиева Гульмира Алибековна

Бастауыш сынып мұғалімі

(Ойын сабақ) 1 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: а) Жаңа дыбыспен таныстыру. Дұрыс оқуға, сауатты

                                          жазуға төселдіру.

                                      ә) Оқушылардың ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқыр-

                                          лық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

                                      б) Тазалыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәр-

                                          бие беру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жұмбақ, дидактикалық ойындар,

                                           грамматикалық ойындар

Сабақтың түрі:               ойын сабақ

Сабақтың әдісі:              түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын әдісі

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, тексеру, оқу құралдарын түгендеу.  

                            II. Өткенді қайталау.

Оқушыларға «Жарыс» мәтінін оқыту. Мазмұнын әңгімелеу.

Ойын «Балапанды жыланнан құтқарайық». 

Мәтінді қорытындылау үшін сұрақтар қоямын.  

                                       III Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру.

Сәлем алып алыстан,

Туысыңнан, таныстан.

Келетұғын хат – хабар,

Қай әріптен басталар? (Х)

  • Қане, балалар, бәріміз   х дыбысын айтып көрейік.
  • Балалар, х дыбысы қалай айтылып тұр? (Созылмай, қысқа айтылып тұр)
  • Ендеше қандай дыбыс деп ойлайсыз? (Дауыссыз дыбыс)
  • Дұрыс айтасыз, х дыбысын айтамыз, естиміз. Ал мынау – х әрпі. Әріпті жазамыз, көреміз. (Х әрпін көрсету, баспа, жазба түрімен таныстыру)

Суретпен жұмыс.

Тақтадағы суреттерді атап, оларды буынға бөлу, буын ішінен х дыбысын табу.

  • Балалар, мынау не?  (Асхана)
  • Қане, «асхана» сөзін буынға бөлейік.
  • «Асхана» сөзінде х дыбысы нешінші буында естіліп тұр? (2 - буында)

Қалған хат, хабар, емхана, кітапхана т.б. сөздерін буынға бөліп, х дыбы-сының орнын табу.  «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Оқулықпен жұмыс.

а) Бағандағы сөздерді хормен оқу.

Жұмбақ жасыру.

Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.  (Кітап)

Пікір алысу стратегиясы.

  • Балалар, кітап қайда болады?
  • Кітаптар дүкенінде, кітапханада.
  • Кітапханада жұмыс істейтін адамды кім дейміз?
  • Кітапханашы.
  • Кітапханашы сіздерге қандай көмек береді?
  • Керек кітаптарымызды тауып береді.
  • Біздің ауылда кітапхана бар ма?
  • Ия, бар. Біз одан кітаптар аламыз.
  • Ал, мектеп кітапханасына бардыңыз ба?
  • Бардық, мұнан да қызықты ертегілер алып оқимыз.

ә) «Кітапхана» мәтінін оқып, мазмұнын әңгімелеу.

б) Оқушыларға тізбектеп оқыту.

Ойын «Алма теру».

Мәтінді сұрақ қою арқылы қорытындылау.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

Х әрпін тақтаға жазып көрсету. Ауада жазу. Дәптерге жаздыру.

                  IV. Жаңа сабақты қорытындылау.

Тірек – сызба.

                            Ем            Ас                    

                                                                    Ұста

                   Дәрі         

                                                                                       Дәм

                                 

                                   Кітап                        Ауру

«Буындық лото» ойыны.Буындарды дұрыс қойып, сөз құрастыру.

Ха            мат

Дәрі          бар

Шах         хат

Хок          хана

Ас            кей

«Адасқан әріптер» ойыны.

Әріптерден сөз құрастыру.

К,П,А,І,Т – кітап

Х,Р,О – хор

Х,Е,С,А,Н – Хасан

«Күнді бұлттан құтқарайық» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.

1.Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

2. Х дыбысы қандай дыбыс?

3. Неліктен дауыссыз дыбыс деп аталады?

4. Кітапхана туралы не білдік?

Сабақ сендерге ұнады ма? т.б.

V.Мадақтау.