Бақытты балалық шақ.
статья на тему

Бақытты балалық шақ

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл o.m._m._mametova.docx13.06 КБ
Файл o.m._m._mametova.docx13.08 КБ

Предварительный просмотр:

Бақытты балалық шақ

   «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың етене құқығы әрі міндеті» - деп көрсетілген ҚР Конституциясының 27 бабы  2-  тармағында. Әр шаңырақтың шырайлы шуағы, ата – әженің көз қуанышы, ата – анасының бақытты базары болған балаларымыздың алаңсыз, сәтті өмір сүруі үшін аянбай еңбек етіп келеміз. «Балаларымыздың жүзінен шат күлкісі кетпей, тәтті қылықтарымен қуанышқа кеңелтіп жүрсе екен» - деп тілейді кез – келген ата – ана. Әрбір ата – ана өздерінің бақытын баласынан іздейді. Сіз бен біз бірлесіп тәрбиелеп отырған ұлдарымызбен қыздарымыздың болашақта ата – анасының үмітін ақтайтын, туған елі мен жерін сүйетін патриот және саналы да білімді азамат болып өсетіне сеніміміз мол. 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай мектебімізде тәрбие ісінің меңгерушісі Аманбаев Қанаттың басшылығымен мерекелік іс – шаралар ұйымдастырылды. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Нурханов Биғабаттың жетекшілігімен «Әлем балалар көзімен» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 1 – сынып оқушысы Құрман Бекзаттың, 3 – сынып оқушысы Салауатов Төлегеннің, 6 – сынып оқушылары Мұрат Диастың және Қымбат Абылайдың суреттері үздік атанып, демеушілердің сыйлықтарына ие болды. «Біз мектепке барамыз» акциясы аясында мектепалды даярлық тобында ашық тәрбие сағаты өтті.Биыл мектеп жасына  толған бүлдіршіндер балғын тілдерімен әр түрлі тақпақтар айтып, өзара өнерлерін көрсетті.Мектеп кітапханашысы Касенова Г. «Ертегілер әлеміне саяхат» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік жиын спорттық ойындармен жалғасты. Бастауыш сынып мұғалімдері Әльдекенова К., Имангельдина Ш., Асылбекова Э. және мектеп психологы Қасымбаева Қ. бүлдіршіндердің қуанышты сәттерін тамашалап, ойындар ұйымдастырды. Ауыл азаматтары Мухаметов Ж., Каримов Ш., Нурмухамбетов Қ., Жарлықасымов Қ., Ешмухамбетов Е., Жүнісов Ж. балаларға түрлі ойыншықтармен тәттілдлерден базарлықтар таратты.  Ауылымыздың азаматы Мухамбаев Дастан мектебіміздің мерекелік шараларына бағалы микрофон тарту еткен болатын еді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры толсын»  - деген дана халқымыз. Өз балаларының игілігі үшін біздің ата – аналарымыз мектепте өтетін іс – шараларға белсене қатысады. «Күзгі бал», «Жаңа жыл», «Наурыз», «9 - мамыр», «25 - мамыр» «1 - маусым» мерекелерінде өнер көрсеткенде ұлттық киімдер мен сахналық үлгідегі киімдерді тігіп, оқушылармыздың жол қаражатын көтеріп, түрлі мәселелер ата – аналардың көмегімен шешімін табады. Барлық ата – аналарға алғысымыз шексіз. Осының ішінде Ембергенова С. Қадыржанова Г. сияқты ата – аналарды атап, «Алғыс хатпен» марапатталды.

         Бала әрқашан ата – ананың мейірімін, суйіспеншілігін, жан жылуын қажет етіп, ата – анасын өмірдегі тірегі- деп санайды. Ал, ата – анасының қызық қуанышы, алтын діңгегі өсіріп отырған ұрпағы. «Бабасы еккенді, баласы орады» - деген халық даналығында. Балалық балғын шақтың әрбір қуанышты күндері  бала санасына терең сіңіп, мәңгілік есінде қалады. Осындай сәттеріміз көп болса екен, қайырымды ата – аналарымызды қатарлары көбейіп, ұрпағымыздың өмірі өрісті, өнері үстем бола берсін ағайын.

М.Маметова атындағы орта мектеп ұжымы

Көктерек ауылы

                                                                                                                     Аманбаев К. О.

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Жоба тақырыбы: «Жайық алқабы ақындарының Ж.Молдағалиевтің, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың мұраларын заманауи бағытта оқытудың өзекті мәселелері»

Өр мінезді жайық ақындарының поэзиясын дамыту негізінде оқушыларға  ақындардың өмірін, шығармашылық жолын және тағы басқа көптеген қасиеттерін танымдық-тәрбиелік мақсатта баяндау, жастардың қазақ...