Доклад : «Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас»
презентация к уроку на тему

Когалбаева Гульнар Сармантаевна

В данном докладе рассматриваются вопросы диалогового обучения и направляющая роль учителя в нем.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл dialog.pptx92.73 КБ

Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:

Слайд 1

“Ораз Жандосов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен” КММ Доклад : « Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас» Дайындаған: Когалбаева Г.С. “... Болашақта еңбек етіп , өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары , мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады ...” Н.А.Назарбаев

Слайд 2

Елбасы мемлекет тағдырымен ұрпақ тағдырын қатар қою арқылы мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы - өз жерін , елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, ата –бабаның әдет-ғұрпы мен салт - дәстүрін бойына сіңірген , парасатты , өз ойын еркін жеткізе алатын , дарынды , білімді , салауатты ғылыми жұмыстарға бейім тұлғаны тәрбиелеу мәселесін алға тартып « Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деген . Педагогикалық процесстің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер -оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады . Мұғалім мен оқушы қатынасының өзіндік мақсаты бірін - бірі түсінуі . Сабақты жоспарлап отырғанда , өз ойын жақсы жеткізе алуға , өзінің талаптарын туындата білуге үйрету , оқушылармен жұмыс істеу барысында олардың сабаққа қызығушылығын арттыратын әдістерді қолдануы қажет . Мұғалім балалармен дұрыс қарым - қатынаста болу үшін олар туралы мынандай деректерді білуі қажет : Оқушыныңы аты – жөні , мекен – жайы , жанұясы , сыртқы келбеті , сөйлеу ерекшеліктері , оқуға , еңбекке бейіні , адамдармен қарым - қатынасы , ақыл мен дарындылық қасиеті .

Слайд 3

Мұғалімнің көмекшілері Құзырлы мұғалімге тән белгілер Бас Кәсіби түсінік Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/ зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді. Қол Оқытудың тәжірибелік дағдылары Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалу сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіе білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасы мен жоғары және сәйкес деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық. Жүрек Кәсіби – өнегелілік тұтастық Мұғалімдер білім беру саласындағы өзге мамандармен өзара тығыз байланыста болып, оқытудың басты құндылықтарын сезініп, қабылдау мен тұжырымды пікірлерді бөлісуде ұтымды әрекеттер мен шынайы қарым – қатынс қалыптастыра алады.

Слайд 4

Егер мұғалімдерге педа-гогикалық шеберлік туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді меңгеру жағдайы туғызылса, және кәсiби қызметтерде оларды қолдана алатын болса , онда оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде тәрбиеленушiлермен олардың қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарлайды.

Слайд 5

Мұғалімнің бойында төрт қарым – қатынас принциптерінің болу қажет : Олар 1. Үнемі жылы шырай таныту : мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл күйін білдіреді . Мұғалімнің жылы шырай танытуы оның сөйлеген сөзінен , дауыс ырғағынан , қимыл – қозғалысынен көрінеді . Балалар туралы айтқан әрбір сөзі оған деген көзғарасын білдіреді . 2 . Ынтымақтастық : Мұғалім 45 минутта оқушыларға сабағын қызықты өткізе білсе , оқушы сол мұғалімнің сабағына жақсы дайындалып келеді . Егер мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастыра алмаса , оқушыларға қалай болса солай сөйлесе , орынсыз балағаттай берсе , оқушымен тіл табыса аламаса , сабақ үстінде әр түрді сылтаумен сабақ өтілмесе , мұғалімнің оқушы алдында беделі төмендеп оқушыны сабағына қызықтыра алмайды . Сондықтан ынтымақтастық мұғалімнің негізгі құралы . 3 . Үнемі мадақтап отыру : Баланы үнемі мақтап , оның әрбір іс - әрекетіне көңіл бөлу , баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді . Бала өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске сеніммен кірісіп өзінің қабілетін толық ашуға ұмтылады . Үлкендер қолдап отырғанда балалар өздерінің біліктерін бұрынғыданда табысты іске асырады . Мақтау балаға қанат бітіріп қабілеті мен мүмкіншілігін арттырады . Мақтау балаға білім беру мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып саналады . 4. Оқытумен тәрбиелеу үрдісі : Білім берудегі негізігі мақсат балаларды зерделі де , өнегелі адам болып өсуіне тәрбиелеу . Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздерімен өнегелі өмір принциптерін бағалап , өздері таңдауына жол беру керек . Балаларды өз ойларын , өз пікірлерін , өз сезімдерін дәл айтып беруге үйрету қажет . Сонда ғана олар басқалардың көңіл күйін бөлісе алады . Өзіне сенімді , өз сезімдерін шын айта алады , дұрыс пікірлерін айтып басқаларға көмектесе алады .

Слайд 6

Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты. Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. Осы байланыстарды дамытып нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет. Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз. Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз. Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек. Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы білімдерін қорытындылап көмектесуге тиіс. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау керек, сондықтан бағалау ізгі болуы керек.

Слайд 7

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын , адамдармен , әсіресе , оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін , ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан , өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып , өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек .


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Ия белән хәбәр арасында сызык куелу очраклары.

Тема: Ия белән хәбәр арасында сызык куелу очраклары. Максат: Ия белән хәбәр арасында сызык куелу очракларын аңлату, мисаллар белән ныгыту; сөйләмдә шушы тыныш билгеләрен д...

Ия белән хәбәр арасында сызык

Тема: Ия белән хәбәр арасында сызык.Максат: 1. Җөмлә кисәкләре турында белемнәрне актуальләштерү; ия белән хәбәр арасында сызык кую очракларын тикшерү .            ...

"Безнең кулда көч һәм сәләт"( 9-10 нчы сыйныфлар арасында үткәрелгән бәйге)

Бу бәйгедә 9,10 нчы сыйныфларда укучы җиде егет катнашты. Алар төрле яктан үзләренең сәләтләрен күрсәттеләр.Сынауларны үтәгәндә сыйныфташ кызлары ярдәмгә килде.Ярыш төрле концерт номерлары белән арала...

4 сыйныфта татар теленнән "Тиңдәш кисәкләр арасында теркәгечләр" темасы буенча дәрес эшкәртмәсе

Дәрестә тиңдәш кисәкләр арасында теркәгечләр турында өйрәнелә. Презентация кулланыла, карточкалар белән биремнәр эшләнә....

Сүзләр арасында ияртүле бәйләнеш

7нче сыйныфта татар теленнән "Ияртүле бәйләнеш" темасы буенча презентация...

Класс сәгате "Без кешеләр арасында яшибез"

Класс сәгате "Без кешеләр арасында яшибез"...

Фәнни-тикшеренү эше. Нәби Дәүлинең “Яшәү белән үлем арасында” повестендә патриотлык.

Тема: Нәби Дәүлинең  “Яшәү белән үлем арасында” повестендә патриотлык....