Мұғалiм–ақпараттанушы емес, оқушының жеке-тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы
статья по теме

Сарсенова Айнур Ергалиевна

Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерініңІІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Құрылымдықөзгерістер мұғалімдер кадрлерін әзірлеу жүйесін оздыраотырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңаформациядағы педагог қажет. Мұғалімдердің жаңаұрпағы білім деңгейі жөнінен жоғары болуы тиіс –бұл уақыт талабы”, -деп атап көрсетті. Қазіргі кезде білімберудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудіңәдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолсалуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл mugalim-akparattanushy_emes_okushynyn_zheke-tulgalyk_zhne.docx259.24 КБ

Предварительный просмотр:

Бағыты: Әдебиеттану және әдеби шығармашылық

Тақырыбы: Мұғалiм–ақпараттанушы емес, оқушының жеке-тұлғалық және  

             интеллектуальды дамуын жобалаушы

Авторы: Сарсенова Айнур Ергалиевна

Ғылыми жетекшісі: Сисембина Алма Умирсериковна

Жұмысты орындаған орны: «Рауан» көпсалалы колледжі

Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Құрылымдық өзгерістер мұғалімдер кадрлерін әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формациядағы педагог қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен жоғары болуы тиіс – бұл уақыт талабы”, -деп атап көрсетті. Қазіргі кезде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Жаңа формациядағы педагог даярлау барысында  төмендегідей қарама-қайшылықтар туындай  бастайды:

  • Кейбір оқытушылардың өзіне қолайлы педагогикалық технологияны пайдалануда

қиындықтарға тап болуы;

  • Педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге колледж басшылары тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
  • Педагогикалық технология негіздерін болашақ оқытушының жоғары оқу орнында толықтай меңгермеуінен жас маманның педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
  • Оқытушылардың қысқа арнайы курстардада оқып келген технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіруде білім алушының даярлық деңгейін ескермеуі.

Зерттеудің мақсаты: Оқытушының инновациялық  іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау

Зерттеудің міндеттері:

  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру бойынша жүргізілген педагогикалық зерттеулерге талдау жасау;
  • “ Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру” ұғымының мәнін ашу;
  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық принциптерін ашып, айқындау;
  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, формаларын, құралдарын,  жолдарын айқындау;
  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің ғылыми дәлелдемесі: Қазіргі білім беру жүйесінің түпкі нәтижеге  бағдарлануы инновациялық технологияны меңгеруде жаңа міндеттерді теориялық және практикалық тұрғыдан шешуге дайын, осы үшін  педагогикалық іс-әрекетті жаңаша ұйымдастырып, қолдана білетін, инновациялық технологияны  қолдана білетін, инновациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру барысы мен нәтижелерін талдап, оларға түзету жасай алатын, шығармашылықпен ұдайы ізденетін тұлға қалыптастыруға бағытталады.

Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелік ұсыныстар:

  • Оқытушының инновациялық дайындығын қалыптастыру бағытында жаңашыл педагогтердің аймақтық, республикалық форумдары мен әдіснамалық семинар-сессияларын ұйымдастыру;
  • Жалпы білім беретін орта мектеп, арнайы кәсіби оқу орындары, жоғары педагогикалық оқу орны педагог кадрлардың білімін көтеру мен қайта даярлау институттарында инновациялық педагогикалық технологиялар зертханасын, ғылыми орталықтарын ашу;
  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке, инновациялық ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына бағыт-бағдар беретін инновациялық оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік кешенін әзірлеу, инновациялық ақпараттық банк жүйесін құру, инновациялық веб-сайттар ашу;
  • Жалпы білім беретін орта мектеп, арнайы кәсіби және жоғары педагогикалық білім беретін оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны толықтай енгізуді қолға алу.

Ол үшін оқытушының инновациялық білімді игеру мен инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыруын ұдайы ынталандыру шараларын қарастырған жөн.

Жүргізілген зерттеу нәтижелерін саралай келе, оқытушының инновациялық дайындығын қалыптастыру акмеология, аксиология, синергетика ғылымдарының құндылықтары мен жетістіктері бағытында да зерттеуді қажет етеді деп есептеймін.

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Елбасының халыққа Жолдауы, қазіргі заман талабына сай, білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу»,-деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Оқытушылардың жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Бұл – уақыт талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол – балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлғаны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, білім алушыларды ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.

Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім қазығы –мектеп ұстаздары болса, арнайы кәсіби оқу орындарында жеке маман ретінде қалыптастырылады. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр мамандықтың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген маманды тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру», - деп атадық.

Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:

  1. Білім алушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
  2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
  3. Білім алушының өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
  4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, білім алушының танымдық белсенділігін арттыру.

Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда білім алушының көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:

  • Сауалнама
  • Тест: психологиялық, пәндік
  • Бақылау жұмысы

Бұл күнделікті бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызатынын байқай бастадық. Сол себепті жаңашыл-ұстаздардың озық іс-тәжірибелермен қатар, СТО стратегияларын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда пайдалануға бет бұрдық. Мәселен, кітапханашымен байланыс жасай отырып, оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттырдық, әр сабақта тіл дамыту жұмыстары жасалды, яғни өлең жаттауға, түрлі тақырыпта шығарма, эссе жазуға ұсындық. Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда әр сабақ мазмұнына сәйкес мәнжазба жазу, жоба қорғау, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық.

          Бұл ретте басты ұстаным – білім алушыларға сабақты жоғарғы қызығушылықпен өткізу екендігін баса айту қажет. Сабақтың кейбір кезеңдерінде білім алушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын жазбаша жазуын, логикалық ойлауын жетілдіру үнемі қарастырылады. Білім алушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуіне  көңіл бөлініп отырады.

Осындай атқарылған істер барысында тәжірибелік істердің ілгері басқанын байқадық және мына нәтижелерге қол жеткіздік: 

  • білім деңгейі мен білім сапасының артуына;
  • логикалық ойлау деңгейі мен тілдік қарым-қатынас деңгейлерінің өсуіне;
  •   кез-келген ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоғарлауына;
  • қазіргі ортаға бейім, саналылық, тәрбиелік дәрежесінің оң өзгерістерінің сипат       алғанына көз жеткіздік.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі».

Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде педагог алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?

Педагог информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Білім алушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Оқытушы  жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті.

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани-шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға».

Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет етуі керек.

Атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат...» деген. Демек қазіргі білім беру саласындағы басты міндеттерді шешуде оқытушының кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.

Қоғамдағы жаңаша үрдіс әлеуметтік мәдениеттің басым бағыттарының өзгерістерінің білімдегі жаңаруды қажет етуі оның мақсаты, мазмұны, әдістері мен технологияларының іске асырылуы жаңаша білімдегі жетекші тұлға ретінде мұғалім қызметінің маңыздылығын айқындау болып табылады.

Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. Ол маңызы жағынан, Н. Коперниктің жаңалығына (Күн – астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, білім алушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі.

Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс-әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Білім алушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі – өзін-өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:

  •   өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
  • өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
  •  өзіне қарама – қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
  •  өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;

                     
 

 «Білім алушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына « адам – шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасады.

Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша білім алушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты білім алушының танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Оқытушы сабақта әдіс-тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ білім алушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру -  әрбір педагогтың міндеті.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты  білімі қажет.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім алушыны – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

                                           

                                                                                       

                                                   

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да балалар бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты білім алушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

   

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана
  3.  Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2004.
  4. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005,
  5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде / Аударған Д.А.Қайшыбекова/ - Алматы, 2002.
  6. Нургалиева Г.К. Сравнительная педагогика. – Алматы: Рауан. – 1999