Біздің жерлестеріміз
материал (5 класс) по теме

Шакибаева Гулсум Мухамбетовна

Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған ерлік сабағы. Ақтөбе облысының батырлары туралы ақпарат берілген. 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл bizdin_zherlesterimiz.docx21.26 КБ

Предварительный просмотр:

Біздің жерлестеріміз! (ерлік сабағы)



Мақсаты:

 Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар .

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 69 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 69 жылдығы.

Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Кітапханашы: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Оқушы: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Кітапханашы : Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да,біздің жерлестеріміз де жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес.

Майдандарында қаһармандық ерлік көрсеткендері үшін 35 мың ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Әсіресе Ә.Молдағұлованың ерлігі ерекше мақтаныш сезіміне бөлейді. Жауынгерлік бетшелердің бір беті сол кезде Әлияның ерлігіне арналды. Онда былай делінген: «Біздің әскерлердің 1944 жылдың 14-20 қаңтар күндері, Новосокольниково ауданының солтүстігіне таман жердегі шабуылында, қатардағы жауынгер Әлия Молдағұлова асқан ерлік, батырлық көрсетті. Молдағұлова жолдас нақ осы ұрыста автоматпен бірнеше ондаған фашистерді жойды. Ол өзінің жараланғанына қарамастан, жауынгерлерді алты мәрте шабуылға бастады...»

Біз ҰОС әрбір Батырын жеке-жеке  атап, тамаша ерліктерін еске алып отыруымыз керек    

Үргенішбаев Ідіріс 1912 ж. Шалқар ауданының Талдықұм аулында туған. 1943 жылдың қазан айы. Жауды Батысқа қарай қуып салған Кеңес әскерлері Днепрдің жағасына жетті. Оны кешіп келесі бетке өту керек болады. Сонда суға түсірілген қайықтардың бірінде бөлім парторгі Ургенішбаев та бар еді. Қарсы жағадан жау оқ жаудырады. Снарядтың бірі қайыққа тиіп, қайық аударылып қалады. Сол кезде Ідіріс аға суға секіріп түсіп келесі бетке өтіп жаудың траншеясына жетіп келеді. Содан қолма-қол ұрыс басталып кетеді.Жау жағы шыдай алмай шегіне бастайды. Жау беріле қоймайды. Олардың тоғызыншы, оныншы шабуылдарына тойтарыс беріліп жатады. Біздің жауынгерлер арасында шығын көбейеді. Ідіріс Үргенішбаев та осы қиян-кескі ұрыста ерлікпен қаза табады. Отанымыз батыр ұлының ерлігін бағалап, 1944 Ідіріс Үргенішбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Балтабанов Иманғали – соғыста Александр Матросовтың ерлігін қайталаған жауынгер. Ол Қобда ауданында туған.Ленинград майданында соғыста болған. 1945 ж Одер өзенінен өтерде бір күннің өзінде жаудың 58 солдаты мен офицерін , ал бір аптада  120 фашистің көзін жойған. Ұрыстардың бірінде ауыр жараланғанына қарамастан, дзотқа секіріп барып,  байлаулы бірнеше гранатамен  амбразураны жарып, өзі сол жерде қаза тапқан.1945 жылы Иманғали Балтабановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Прохоров Михаил Семенович 1917 ж. Қобда ауданында  Новоалексеевкада туған. Танкіге қарсы атқыш полкта орудия командирі болып, көптеген шайқастарда ерлік көрсетті, сол үшін екі орден және медальдармен наградталды. Әсіресе 1944 жылы 16 қазанда  Венгрдің Теле деревнясындағы ұрыста ерекше көзге түсті. Ол жаудың 12танкі мен 8 бронетранспортерлеріне тойтарыс беріп, 4 танкі, 4 бронетранспортерді, 5 пулеметті және 50 шамасында фашисті жойды.  Ұтан үшін шайқастағы ерліктері үшін оған 1945 ж. Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Власов Николай Дмитриевичке Кеңес Одағының Батыры атағы Днепр үшін болған шайқастағы ерлігі үшін берілген.

Королев Николай Степановичке де Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылы Днепр үшін болған шайқастағы ерлігі үшін берілген.

Жазықов Қожабай армияға соғыстың екінші жылында алынған.Ол кіші командирлік құрам мектебін бітірген. 206 атқыштар дивизиясының 25-гвардиялық дивизиясының барлаушылар взводында командир болды. Ол Воронежден Будепештке дейінгі соғыс жолдарынан өткен. Ол Ерлігі үшін, екі рет Қызыл Жұлдыз ордені, Ленин орденімен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 ж. берілген, майданнан тірі оралған азғантай ақтөбеліктердің бірі.

Аға сержант, Даңқ орденінің иегері Гришин Александр Алексеевич Новороссийск үшін соғысқа, Қырымды, Чехословакияны азат етуге қатысқан Ол Москвада өткен  Жеңіс парадына қатысты.
Мәншүктің хатын оқу. (оқушы)
«Әлия - Мәншүк» (тақпақ).
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларымыз.

 Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз: Александр Гришин, Қожабай Жазықов, Малкеждар  Бөкенбаев,Иманғали Балтабанов,Ідіріс Үргенішбаев,Петр Кашпуров,Николай Терещенко,Василий Синчук т.б....
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу.

Біздің жерлестеріміз – ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ Ордендерінің иегерлері арасында қазақтар мен орыстар, украиндар мен татарлер бар еді. Біздің даңқты аға – апаларымыздың тағдырлары әрқилы, олар әртүрлі әскери бөлімдерде шайқасқан. Оларды Отанға деген сүйіспеншілік, әділ іске деген сенім, интернационалдық борыш біріктірді, Отанды қасық қандары қалғанша қорғады.