Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, «Бағаналы терек», «Мен едім» өлеңдері
материал (9 класс) на тему

Муканова Гаухар Жолдаскалиевна

9-сыныпқа әдебиет пәнінен сабақ жоспары

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл makhambet_otemisuly.docx23.68 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, «Бағаналы терек»,  «Мен едім» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды ақынның өмірбаяны мен өлеңдерін таныстыра отырып,  өлеңдерінің мазмұны мен маңызын ашу, Махамбет өлеңдері  отаршылдыққа қарсы көтерілістің айнасы  екендігін оқушы санасына жеткізу;

Дамытушылық: Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімдерін арттыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге, қорғауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту;

Сабақтың түрі: аралас;

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка;

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, видеофильм, күй

Сабақтың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, түгендеу.

  1. Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

  1. «Зар заман ақындары» деген ақындарды анықтаңыз.

А. Асан Қайғы, Бұқар жырау              

В. Сәкен, Ілияс, Мағжан                    

С. Махамбет, Шернияз, Алмажан

Д. Ақтамберді, Жиембет, Шалкиіз.

Е. Дулат, Шортанбай, Мұрат

2. Дулат ақын туған жылды көрсетіңіз.

А. 1728 жыл

В. 1810 жыл

С. 1802 жыл

Д. 1847 жыл

Е. 1683 жыл

3. Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз.

А. «Ей, Абылай, Абылай»              

В. «Қараторғай»                  

С. «Дала ақыны мен қала ақынының айтысы»                    

Д. «Болыс болдым мінекей»

Е. «Еспембет»

4. Дулат Бабатайұлының туған жерін табыңыз

А. Семей облысы, Аягөз ауданы

В.  Семей облысы, Абай ауданы

С.  Атырау облысы, Махамбет ауданы

Д. Алматы облысы, Талғар ауданы

Е.  Қызылорда облысы, Арал ауданы

5. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

А. «Өлсе, өлер табиғат адам өлмес»

В. «Жетісу суреттері»

С. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Д. «Сөз жазып, өлең өлшемек»

Е. «Кәмшат қыз»

6.  Шортанбай Қанайұлының туған жерін табыңыз.

А. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Қаратау – Қарнақ өңірі              

В. Атырау облысы, Қызылқоға өңірі                  

С. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Д. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы  

Е. Алматы облысы, Қарақыстақ ауылы

7. «Зар заман », «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.

А. Шортанбай Қанайұлы              

В. Мұрат Мөңкеұлы                  

С. Әбубәкір Шоқанұлы                    

Д. Мағауия Абайұлы

Е. Дулат Бабатайұлы

8. Шортанбай Қанайұлының қай шығармасын  белгілеңіз.

А. «Бала зар»

В. «Алдаушы жалған»

С. «Насихат»

Д. «Замана»

Е. «Зар заман»

3. Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

Жасырын сөзді тез тауып алу, әрбір сөзге анықтама беру.

Апрвнылбатырнгоаркево

Орлпрарвақынрптибусай

Генпмркмахамбетдщшгг

Ракйчмисатайпгбдзэхера

Батыр – ел қорғаны. Ол – елі мен жері үшін жанын қиюға дайын тұлға.

Ақын – поэзия алыбы. Ақын –халқының талантты туған перзенті.

Махамбет – атадан туған ардақты ер. Махамбет – ханға қарсы шыққан сүңгі тілді ақын.

Исатай – Махамбеттің серігі. Исатай – батырлығы батпандай жалынды жауынгер.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

  1. ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйренгенім

Оқушылар Махамбет туралы білетіндерін білемін деген бөліміне, білгісі келетіндерін білгім келеді бөліміне жазады.

  1. Махамбеттің өмірбаяны туралы фильм жүреді.
  2. Инсерт стратегиясы

Қолдарына Махамбеттің өмірбаяны туралы мәтін беремін, сол мәтінмен жұмыс жасайды.

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.  

Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.

1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.

1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.

1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.

Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді.

Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген  ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады.

Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады. Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады.

1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.

Білемін

Қайшы

Жаңалық

Түсінбейтін

V

+

?

Махамбеттің «Бағаналы терек», «Мен едім» өлеңдері аудиожазбадан тыңдалады.

  1. Сөздікпен жұмыс 

«Бағаналы терек» өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқытып, түсініксіз сөздерді теріп аламыз.

Орай да борай қар жауса,

Қалыңға боран борар ма?!

Қаптай соққан боранда

Қаптама киген тоңар ма?!

Туырлықсыз тұл үйге

Ту байласа тұрар ма?!

Бағаналы терек жарылса,

Бақыраш жамап болар ма?!

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,

Еменге иір бұтақ бітсейші,

Қыранға тұғыр қыларға.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы,

Артымыздан біздердің

Ақырып теңдік сұрарға.

Қаптама – суықта киетін тысталғпн қалың киім.

Туырлық – киіз үйдің түңлігі мен үзгінің арасын қосатын, уықтың орта тұсынан керегенің басына дейін жабатын киіз.

Бақыраш – қаңылтыр.

  1. Шығармашылық тапсырма. 

Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» атты өлеңі астарына үңіле отырып, мұндағы «МЕНнің» мағынасын ашу.

МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.

МЕН – елімді Еділдің бойы ен тоғайға ел қондырсам деген асыл арман иесі.

МЕН – кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.

МЕН – ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.

МЕН –ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.

Сергіту сәті

«Алтылық» ойыны

Оқушылар алты санын, алты саны бар сөзді айтпау керек.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

  1. Кейіпкерге хат

Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі ойнап тұрады, оқушылар «Ақын арманы» тақырыбына эссе жазады.

  1. Топтастыру

4.Үйге тапсырма

Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа ат қойып, өздеріне тапсырма беремін.

1 – топ. Тарихшылар (Махамбет өмір сүрген дәуірді зерттеп келеді)
2 – топ. Әдебиетшілер (Махамбеттің өлеңдерін жатқа айтады)
3 – топ. Зерттеушілер (Махамбеттің өлеңдерін зерттейді)
4 – топ. Өнер иелері (Махамбеттің күйлері мен термелері туралы айтып, орындайды немесе тауып келеді)

5.Бағалау

Абай орта мектебі

Бекітемін:____________                

                                                                    Күні:_________

                                                          МДОТЖО  

                                                                        А. Ж. Утепкалиева

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Махамбет Өтемісұлы

«Бағаналы терек», «Мен едім» өлеңдері

Сыныбы: 9 «а»

Мұғалім: Г. Ж. Мұқанова

2013-2014 оқу жылы


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Рыцарь и поэт» ( посвящается Махамбету Утемисову).

Его имя дорого каждому, кто знаком с историческим прошлым, литературой и культурой Казахстана, кому близок свободолюбивый дух казахского народа. Махамбет Утемисов для казахской поэзии, для духов...

конспект урока на тему”Восстание Исатая Тайманова и Махамбета Утемисова (1836-1838годов)”.

Тема: ”Восстание Исатая Тайманова и Махамбета Утемисова (1836-1838годов)”. Цели урока: Обучающая: 1.Изучить причины, повод и цели восстания.2.Знать периоды, ход и движущие силы национально-о...

10 класс (профиль). Исследовательская практическая работа «Моделирование аналого-цифрового преобразования звука»

Практическая работа "Моделирование аналого-цифрового преобразования звука" средствами Excel, дает наглядное представление о дискретизация по времени звуковой волны и процессе квантования амплитуды. Но...

Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы.

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.- ақын өлеңдеріндегі Исатай бейнесін және тарихи деректер...

Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы.

Абай өскен ортаның әлеуметтік-саяси жағдайын түсіндіріп,шығармашылығын шолу.-оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту-есте с...

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармалары

Қазақтың көрнекті ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы – Махамбет Өтемісұлы На...

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармалары

Қазақтың көрнекті ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы – Махамбет Өтемісұлы На...