критериалды бағалаудың тиімділігі
методическая разработка на тему
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 18.49 КБ |
Предварительный просмотр:
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Күні: 20.01.16ж. | № 3 Коучинг | ||
Сабақтың тақырыбы: | Критериалды бағалаудың тиімділігі | ||
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық | ||
Жалпы мақсаттары: | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау теориясын сабақта қолдануға үйрету, критериалды бағалаудың тіміділігін көрсету. | ||
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: | Мұалімдер критериалды бағалаудың тиімді әдіс–тәсілдерін меңгеріп,оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады. | ||
Пайдаланған әдіс тәсілдер | 1.Тренинг 2. Топтық жұмыс 3. Жеке жұмыс 4. Кері байланыс | ||
Қажетті құралдар | Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер. | ||
Коучинг сессия өткізу кезеңі | Уа- ты | Коучтың іс-әрекеті | Мүғалімдердің іс-әрекеті |
Психологиялық ахуал Тренинг | 3 мин | Мұгалімдермен амандасу. Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Ортаға шығып, бір-бірлеріңіздің арқаларыңызға жабыстырған ақ қағазға тілек жазасыздар | Музыкамен билеп жүріпарқаларындағы қағазға тілек жазады. |
Топқа бөлу 1-топ «Формативті» 2-топ «Суммативті» | 1 мин | Суреттер арқылы топқа бөлу (формативті смайликтер салынған сурет, суммативті 4,5,3 сандардың суреті) | Мұғалімдер суреттер арқылы екі топқа бөлінеді. |
Білу | 4 мин | Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін. Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе-оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы. Жиынтық бағалау-оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару. Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамассыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. | Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады. Өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады. Өздеріне белгілі мәліметтерімен топта талқылап отырады |
Түсіну | 8 мин | Екі топқа бір бір оқулық беремін Қадағалаймын , | Мұғалімдер сол оқулықтан тапсырма дайындайды, сол тапсырма бойынша бағалау критерийн жазады да, тапсырманы қарсы топқа береді.
Екі топ та берілген тапсырмаларды орындайды. Бағалау критерийлері арқылы бір-бірінің тапсырмаларын бағалайды. |
Жеке жұмыс | 5 мин | Мұғалімдерге А4 парағын тарату Тапсырма, аттың суретін салу Бағалау критерийлерін жазу.
| Берілген тапсырма бойынша, бағалау критерийлеріне сүйене отырып сурет салады |
Теориялық материалдар | 5 мин | Бағалау туралы презентация көрсетемін. Материалдар беріп таныстырамын. Ашық сұрақ қоямын:Сіз сабаққа қалай қолданар едіңіз | Мұғалімдер бағалаудың не екеін, оның түрлерімен, қолдану тиімділігі туралы материалдармен танысады. |
Бекіту | 3 мин | Дискуссиялық өрнек Кестесін таратып беремін | Кестені толтырады. |
7. Кері байланыс | 2мин | 2-жұлдыз,1 тілек | |
Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі Тоқтархан Сұңқар
