Шарын шатқалы
методическая разработка (9 класс) по теме
Шарын шаткалы
Шарын...Алматы облысының Ұйғыр және Райымбек аудандары аумағында орналаскан осы бір табиғат нүктесі газет-журнал беттерінен түспейді. Иә, өйткені мұндағы қызыл керіш топырақты сайлар, оның аңғарындағы тастар мен шыт – шыт болып жарылған тақырлар атақты “Маккен алтыны” фильмі түсірілген Чилидегі атақты Атакама шөлін көзге елестедеді.
Шарын шыңылауларының жер бедері Америка, Австралия құрлықтарындағыдай саванналық көрініске ие. Шатқалдың маңында жұмбақ тоғай бар. Онда темір сиякты өте қатты, ыстық температураға шыдамды ағаш өседі. Бұл ерен ағашы. Оны бүгіндері шетен деп қате айтып жүр. Республикамыздағы жиһаз жасайтын фирмаларға таптырмас шикізат болатын ерен ағашы өсетін жалғыз тоғай міне, осы Шарын шатқалында. “Мұндай ағаш Орталық Америкада ғана бар” – дейді энциклопедиялық анықтама.
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 50 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Шарын шатқалы
Сабақтың мақсаты:
- қазақстандағы көрікті жерлердің ерекшеліктерімен таныстыру;
ә) ой шақыру стратегиялары арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту;
б) оқушыларды Отанды сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест, сын тұрғысынан ойлау, баяндау, суреттеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд, деректі фильм).
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
а) Әнұран айту, амандасу.
ә) оқушыларды түгендеп, белгілеу.
- Жаңа сабақты меңгеру. (қызығушылығын ояту)
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтау.
Оқушылар, Шатқал сөзін естігенде қандай ой келеді? Шатқал сөзіне ассоцация жазайық.(көк сиямен)
Енді сөздікті пайдаланып, аудармасын білгеннен кейін, ассоцация жазайық(қызыл сиямен).
III. Сонымен балалар шатқал сөзімен таныстық. Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы Шарын шатқалы деп аталады. Сабағымыздың мақсаты Қазақстандағы көрікті жерлермен танысу, грамматикалық тақырып бойынша қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлеммен танысу, талдау.
Қанекей, оқушылар, назарларыңызды слайдқа аударыңдар. «Шарын шатқалының көріністері»
Қандай керемет! Мұндай ғажапты қандай техникаларды пайдалансаң да, құрастыру мүмкін емес...Осы шатқал туралы тереңірек білу үшін, оқулықтағы мәтінге назар аударып, тыңдайық.
Тақырыпты талқылау сұрақтары
IV. Енді оқушылар осы мәтін бойынша симантикалық картаны толтырайық
Қандай? | Қайда орналасқан? | Пайдасы? |
әдемі,биік, ерекше, жұмбақ... | Алматы облысы, Ұйгыр және Райымбек ауданданында | Туризмнің дамуы, жиһаз жасайтын мықты ағаш... |
Бүгінгі грамматикалық тақырып бойынша қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолымен танысамыз.(слайд)
Тапсырма: Мәтіннен 3 сөйлем алып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа сөйлем құраңдар. Мысалы: Шарын Алматы облысының Ұйғыр және Райымбек аудандары аумағында орналасқанмен, бүкіл әлемге әйгілі. т.б
V.Жаңа сабақты бекіту.(тест)
VI.Үй тапсырмасы: Шарын шатқалы туралы ЭССЕ.
VII.Бағалау: өзін-өзі бағалау парақтарын жинап алу.
қуану
шың
төбе
аң
тас
шатқал
каньен
таулар
үңгірлер
Мексика
