Ұстаз ұлы тұлға
классный час на тему

Шакибаева Гулсум Мухамбетовна

Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл auyzsha_zhurnal.docx18.22 КБ

Предварительный просмотр:

Ауызша журнал "Ұстаз ұлы тұлға"

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

 Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері  жазылған көрнекіліктер, әртүрлі шаралар.

Кітапханашы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар.  . «Ұстаз ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Тақпақтар:

1-оқушы: Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,

Сен ұялдың кір болса менің жейдем.

Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,

Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

2-оқушы: Алғаш реет оятқан сыңсанамды,

Алғаш реет ұстатқансың қаламды.

Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсыменен жаманды.

3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өміржолы-қиынжол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылдығып өсірген.

4-оқушы: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойытәрбиелеп, аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Кітапханашы : Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетініңнегізінсалушы, көркемәдебитілдіңтазалығыүшінкүресуші, балаларға таза  анатілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы.ЫбырайАлтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жасұрпақ  тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедерг іқарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

 Кітапханашы: Бізата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу -парызымыз.

Нақыл сөздер:

 «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»

Абай Құнанбаев

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

                                                                                                     С.Қожамқұлов

Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

                                                                                                          Ы.Алтынсарин

Ақырынжүріп, анық бас,

Еңбегіңкетпесдалаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбаев

Қайратсыз ашу-тұл,

Тұрлаусыз ғашық-тұл,

Шәкіртсіз ғалым-тұл.

                                             Абай Құнанбаев

Ұстаздықету - өзінің  уақытын  аялау, өзгенің бақытын аялау.

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұста зсолшындықты іздеп табуғ аүйретеді.

Д.Дистерверг

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғ.Мүсірепов

Мұғалім – оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегін де ұмтылмас  із қалдырады.

Н.А.Добролюбов

Қорытынды: Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жанаямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арманқуған балалар да ұстазды ерекше пір  . Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.

 

  

               

"Ұстаз ұлы тұлға"

Ауызша журнал

          Өткізген: Шакибаева Г.М.

                              Бекбергенова С.А


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Ұстаз - тағдыр, ұстаз – ғұмыр

Статья об учителе в районную газету "Шуй нуры" ("Чуйские зори")...