5-9 сыныптарға технология пәнінің қыз балаларға аранлған сабақ жоспарлары
план-конспект урока по технологии (5, 6, 7, 8, 9 класс) на тему

Бакбергенова Камшат Ерсиновна

Предварительный просмотр:

№1

Мақсаты: : Қауіпсіздік техникасы ережесі және кабинеттегі тәртіп ережесі

Оларды ұқыптылыққа үйрету.

Эстетикалық талғамдарын дамыту

Оқыту методикасы:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақта пайдаланған әдебиеттер:

Оқулық,технологиялық әдістемелік құралдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:Оқушыларды түгелдеу,сәлемдесу.Сынып тазалғын тексеру.оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.Оқушы назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау,тексеру.Оқушылардың үй тапсырмасының сапалы түрде,дұрыс орындалғанын тексеру,тексеру барысында байқалған кемшіліктерді түзету,білім,білік дағдыларын одан әрі жалғастыру,жетілдіру

3.Жаңа тақырып.

Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегіережені қайталау.

Тігін машинасымен жұмыс ережесі, қауіпсіздігі

Инемен, желіммен жұмыс ережесі мен қауіпсіздігі

Кабинеттегі ереже

Оқушыларға қауіпсізідк дәптерге қол қойғызу

Кесу құралдарын қолданғанда

Өткір кесу құралдарына өте сақ болыңыз.

Пышақпен шанышқыны берер кезде ұшын өзіңе қаратып ұсын.

Нан, көкөністер, гастрономиялық тағамдарды тураған кезде тақтайшаны қолданып, дұрыс кесу ережелерін сақтаңыз: сол қолдың саусақтары бүгіліп пышақтардың өткір жүзінен арақашықтығы алшақ болу керек.

Үккішпен жұмыс жасағанда қауіпсіздікті сақтаңыз.

Электр плитасын қолданғанда.

Электр плитасын қолданар алдында ток көздерінің дұрыстығын тексеріп алыңыз.

Плитаны қосқан кезде вилканың ток ұяшығына толық кіруін тексеріңіз.

Тоқ бауының оралып қалмауын қадағалаңыз.

Электр плитада тағам дайындау үшін эмальді ыдыс қолданыңыз.

Ыстық сұйықтармен жұмыс жасағанда (су,май т.б)

Қайнаған тағам ыдыстың сыртына тасып кетпеуін қадағалаңыз.

Ыдыстың қақпағын өзіңізден әрі қарай орамалмен ұстаңыз.

Табаны ағаш табаұстағышпен ұстау керек.

Экономикалық бөлім :Нарықтық тепе-теңдік

Мақсаты: Микродәрежедегі нарықтық тепе-теңдіктің осы замандағы үлгілерімен таныстыру.

Тақырыпты баяндау

Микродәрежедегі нарықтық тепе-теңдіктің осы замандағы үлгілері

Жоғарыда аралған макродәрежедегі жалпы тепе-теңдік экономикалық жүйенің идеалдық болмасын сипаттайды. Ақиқат өмірде нарықтық тепе-теңдік бұзылып отырады.

Өрмек түрлес үлгі. Бұл көпке белгілі үлгі. Мәні : баға тепе-теңдік болмыстан ауытқығанда, нарықта сатылатын тауарлардың саны мен бағасы тербеледі. Тербелу нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдік орнайтын жағдай пайда болады.

Қатаң бағалы Вальрастікі емес үлгі

Өрмек түрлес үлгіні графикалық талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

• егер ұсыныс қисық сызығының еңкею бұрышы сұраныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақты болады:

• егер сұраныс қисық сызығының еңкею бұрышы ұсыныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақсыз болады, бағаның өте қатты тербелуі орын алады;

• егер сұраныс қисық сызығы мен ұсыныстың еңкею бұрыштары тең болса, баға тепе-теңдік болмысы маңайында ұдайы тербелуде болады.

Вальрастікі емес қатаң бағалар болатын үлгі. Бағаның құрылу үлгісі ол икемді болады деген жорамалдауға негізделеді. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы бағаны өзгерту арқылы, немесе, өткізуге ұсынылған тауарлардың санын өзгерту арқылы жойылады деп жорамалдауға болады. Бірінші жорамал Вальрастық бағытқа тән, екінші — кейнстікке тән.

Бұл үлгі тепе-теңдік болмысты орнату тек бағаны өзгерту арқылы ғана емес, өндіріс көлеміне бағаны сұранысқа үйлестіру мақсатпен, бақылау еңгізу арқылы да қамтамасыз етіледі деп тұжырымдайды.

Мемлекеттің кірісу жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік үлгісі (кезекші үлгісіне косымша). Егер нарықтық жағдайда мемлекет тауарлардың бағасын тепе-теңдік дәрежеде белгілемесе, онда артықшылық, немесе, тапшылық болуы күмәнсіз.

Егер баға тепе-теңдік дәрежесінен жоғары белгіленсе, артықшылық пайда болып, тауарлар қоймаларда қалып қояды. Осы мәселені шешудің ең жабайы жолы: артық тауарларды мемлекет өзі сатып алады. Осылай экономикалық тепе-теңдік орнайды. Керісінше жағдайда баға тепе-теңдік дәрежеден төмен белгіленеді. Нәтижесінде тапшылық туып өтелмеген сұраныс көбейе түседі. Мұндай ұнамсыз жағдайды жою мақсатымен мемлекет өзінің қаражаттарын пайдаланып тапшылықты болдырмау үшін, мысалы, импортты көбейтеді. Мемлекет өзіне қосымша тауарды жеткізуші қызметін жүктейді. Осылайша тапшылық, жойылады, экономикалық тепе-теңдік орнайды.

Осы замандағы батыс экономикалық әдебиеттері өзін-өзі реттейтін жүйе болып нарықтың қызмет етуін, нарықтық қатынастар субъектілерінің экономикалық іс-әрекеттерінің рационалдылығымен дәлелдейді. Олардың әрекеттерінің рационалды түрде жүруі, ынталар мен қажеттіктерді қамтамасыз етудің оптималдық әдістері арқылы жүзеге асырылуынан көрінеді. Фирмалар өздерінің табыстарын көбейтуді көздей отыра сонымен бірге, «көрінбейтін қолдың» қатысуымен, қоғамдық ынталарды да қанағаттандырады. Фирмалар өнімдердің осы көлемін өндіру үшін алдыңғы қатарлы технологііяны, өндірісті ұйымдастырудың қолайлы әдістерін қолданады. Олардың осындай әрекеттері жеке бастарының табысқа жетуіне, шығындарын үнемдеуіне жол аша отырып, сонымен қатар, жалпы коғамның байлығының молаюына ат салысады. Осылайша, нарықтық жүйе мүмкіндік тудырған жеке адамдардың өз басының табысты көздейтін әрекеттері түбінде бүкіл қоғамның қажеттерін толығырак қамтамасыз етуге жол ашады.

«Көрінбейтін қол» түрінде әрекет ететін өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйе, бір жағынан, экономикалық жүйені ұйымдастырудың формасы болып, екіншіден, шаруашылық жүргізу әдісі болып табылады. Өзін-өзі реттеуді ұйымдастыру формасы. Бұның негізін нарықтық жүйе құранды. Осы форма меншіктің сан алуан формаларына, шаруашылық жүргізудің көп түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларына, көп салалы нарықтық инфрақұрылым жүйесіне негізделеді.

Өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйе әлеуметтік-экономикалық еркіндігі бар шаруашылық субъектілерінің құрылуын талап етеді. Нарықтық экономиканың субъектілерінің осындай жағдайы, объективтік түрде қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады — бұл бір жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерді еңбек етудің түрлеріне сәйкес бір-бірінен алшақтатып бөледі, экономикалық әрекеттер жағынан оңашаланған өндірушілерді қалыптастырады. Екінші жақтан, еңбек бөлінісі өндірушілер арасында тұрақты функционалдық өзара байланыстар тудырады, сатып алу - сату түріндегі эквиваленттікке негізделген айырбас процестерін келістіреді.

Осы методологиялық болмыс нарықтық экономиканың дамуымен байланысты болатын, бұданда терең процестің теориялық негізін құрайды. Осының табиғи дамуы екі қарама-қарсы тенденцияға: орталықтан тепкіш және орталықа тартқыш тенденцияларға негізделеді. Бірінші, орталықтан тепкіш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде пайда болған, жабайы оңашаланған өндірушілерді ұсақ тауарлық өндірісінің монополистік бірлестіктер түрін алған ірі шаруашылық субъектілеріне айналдырады. Бұлар өндіргіш күштердің дамуының және олардың бір-бірімен бәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады. Екінші, орталықа тартқыш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі арқасында күшейген функционалдық өзара байланыстара негізделе отырып, интеграциялық сипаттамалары бар, әр түрлі процестерден түрадыБәсекелестік және интеграциялық, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының көрініс формасы ретінде, нарықтық экономиканың өзін-өзі жылжытуының, өзін-өзі реттеуінің ішкі көзі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы барысында интеграциялық процестерде қолданатын шаралар:

• өндірісті ұйымдастыру саласында жекелеген фирмалар өндірістің, ғылыми-техникалық, жөне әлеуметтік даму мүмкіндікгерін молайтуды көздеп, ассоциация болып бірлеседі. Акцияландыру жүйесі меншік иелерінің арасындағы бәсекеге байланысты пайда болды. Бірақ, ол демократиялық негізде нарықтық экономиканың тәуелсіз субъектілерінің интеграциясын тудырды;

• мемлекеттік реттеу саласында бәсеке және өндірісті монополияландыру процесінде, өндірушілердің әрекет терін шектеуді көздейтін шарттар жасалып қолданылады. Мемлекетгік реттеу жүйесі тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болып отырған кәсіпкерлік іс-қимылды заңды түрде реттеудің негізін құрды. Осы жағдай тауар өндірушілерді «еркіндік аумақпен» қамтамасыз етеді, осы аумақ ішінде олар өздерінің бәсекелестеріне ықпал жасай алмайды;

• айырбас саласында маркетинг концепциясы қалыптасты. Ол бәсекелестік күрес әдістерінің даму нәтижесінде пайда болды және бірте-бірте өндіріс пен тұтыну сфераларының интеграциясына әсер ету механизіміне айналды. Осы жағдай тәуелсіз өндірушілер мен тұтынушылардың ынталарының келісімді болуына негізделеді;

• еңбек ресурстарын пайдалану саласында халықты жұмыспен қамту жүйесі жасалады. Бұл кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлер арасындағы бәсекенің нәтижесінде пайда болады. Осылайша, халықты жұмыспен қамту жүйесі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономканың құрамды бөлігіне айналады.Қорытынды ретіне мына мәселені айта кетейік: даму процесінде нарықтық экономика өзі іс-әрекетіне тән негативтік жағдайлардан құтыла алмайды. Осыған ұдайы өндірілмейтін ресурстарды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғаумен, бүкілхалықтық байлықты (ормандарды, балықты, тағы жануарларды) пайдалануды реттеумен байланысты мәселелер жатады. Интеграциялық процестер бәсекелік сайыс болып тұрған жағдайда әсер ететін тенденция болып қана табылады. Осы процестер өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылатын нарықтық экономиканың тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі

6.Үйге берілген тапсырма. 118-123 бетті оқу

№2

Сабақ тақырыбы: Тамақтану  мәдениеті  және физиологиясы. Ас үйдің жабдықталуы. Адамдардың тамақтану рационындағы  көкөністенрдің ролі Көкөністерді алғашқы өңдеу.

Сабақтың мақсаты: азық-түліктердің құқрамында кездесетін минералды  зат топтарымен танытыру.

Сабақтың міндеттері:

*білімділік- микроэлементтер мен макроэлементтердің адам денсаулығына әсері;

*дамытушылық-құнарлы заттар туралы білімдерін кеңейту;

*тәрбиелік – СӨС қағидаларына тәрбиелеу, «Дәрі-дәрмексіз денсаулық» қағидасына сәйкес дәріханаға жүгінбей-ақ ағзаны минералды заттармен толықтыру.

Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі  витаминдер,  минералды тұздардың құрамы» схемалар,»Дастархан жабдықтау » кестесі

Пәнаралық байланыс:

Математика, биология, қазақ тілі,химия

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі

Салемдесу, түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Қазіргі заманғы ас бөлмесі

Электр жабдықтарын пайдалану

Қазақтың ыдыстары мен қару-жарақтары

Киіз үй жабдықтары

ІІІ Жаңа сабақ

Дұрыс тамақтану-адамның тіршілік етуінің ең маңызды шарттарының бірі.

Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Олар жасушалардың,ұлпалардың, қанның құрамына кіреді, ағзада болып жатқан үдерістерді реттеп отырады.

Тағамның 100 г құрамындағы ондық, жүздік миллиграмм мөлшеріндегі минералды заттар макроэлеменнттер деп аталады. Оларға жататаындары – кальций,калий, магний,натрий,фосфор,күкірт,хлор. Ал тағам құрамындағы аз мөлшердегі заттар микроэлементтер деп аталады.Олар –йод,фтор,темір,мырыш,марганей,хром.

Минералды заттардың маңыздылығына қарай ең алдымен атап өтілетіні-кальций,калий,натрий,темір, магний және йод.

Кестемен жұмыс.

Әрбір тамақтанған сайын мәзір жасау қажет.

Мәзір құру

Кестені қолдану арқылы

-Кіріспе нұсқаулық өткізу;

-Мәзірді зерделеу;

-Кеселермен танысу;

Жұмыс ережесі;

-Ағымдағы нұсқаулық өткізу;

-Азық-түлік таңдау;

-Гигиеналық талаптар;

-Дербес жұмыс;

Қорытынды нұсқаулық өткізу

ІҮ Сабақ бекіту

Рефлекция

1.Сөйлемді аяқта

«Мен адам ағзасының дамуы мен өсуі үшін  азық-түлік құрамынының аса маңызды екенін білдім,себебі ...»

2. Мұғалімнің бірге тақтада жоба құрастыру

Ү.Қорытынды жасау

Сабақта қандай жаңав мәліметтер білдіріңдер?

Қандай қиындықтар сездіңдер?

ҮІ Үй тапсырмасы

№3

Сабақ тақырыбы: Көкөністерді жіктелуі. Көкөністердің қоректік құндылығы

Сабақтың мақсаты: азық-түліктердің құқрамында кездесетін минералды  зат топтарымен танытыру.

Сабақтың міндеттері:

*білімділік- микроэлементтер мен макроэлементтердің адам денсаулығына әсері;

*дамытушылық-құнарлы заттар туралы білімдерін кеңейту;

*тәрбиелік – СӨС қағидаларына тәрбиелеу, «Дәрі-дәрмексіз денсаулық» қағидасына сәйкес дәріханаға жүгінбей-ақ ағзаны минералды заттармен толықтыру.

Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі  витаминдер,  минералды тұздардың құрамы» схемалар,»Дастархан жабдықтау » кестесі

Пәнаралық байланыс:

Математика, биология, қазақ тілі,химия

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі

Салемдесу, түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Тамақтану мәдениеті

АС үй жабдықтары

Тамақтану рационы

Көкөністерді  алғашқы өңдеу

ІІІ Жаңа сабақ

Жемістер мен көкөністердің химиялық құрамының жалпы сипаттамасы. Өсімдік клеткасының химиялық құрамы аса бай жəне алуан түрлі. Онда көптеген реакцияларға қатысатын жəне метаболизм түзетін əр түрлі заттар бар. Мұндай алмасу нəтижесінде заттар үздіксіз өзгеріп, ыдырайды жəне осының арқасында жаңа заттар түзіледі. Алмасу реакциялары белгілі бір қатаң тəртіппен өтеді жəне əр түрлі ферменттердің əсерімен реттеліп отырады. Тірі клеткада болатын ерекше жағдайлардың арқасында реакциялар жоғары жылдамдықпен өтеді. Клетканың немесе протопластың химиялық құрамына талдау жасағанда, біріншіден, ондағы заттардың аса көптігі мен алуантүрлілігіне, екіншіден, талдау барысында тірі клеткаға тəн емес заттардың пайда болуына байланысты көптеген қиындықтар туады. Жемістер мен көкөністердің басқа өсімдік өнімдерінен айырмашылығы – олар шырынды, балғынды болып келеді. Олардың құрамында су мөлшері өте жоғары – орташа 80-90%-ға, ал қияр, шалғам, салатта – 95-97%-ға дейін. Су - табиғаттағы ең көп таралған, басқа сұйықтықтармен салыстырғанда физикалық-химиялық қасиеттері мен молекулалық құрылысы айрықша болатын ерекше зат. +4°С температурада судың тығыздығы ең жоғары шамаға жетеді. Судың, жылу сыйымдылығы үлкен, 1 г мұзды еріткенде 335 джоуль сіңіріледі, ал 1 г мұз қатқанда бұл энергия бөлініп шығады. Судың жылу сыйымдылығы басқа сұйықтықтардың жылу сыйымдылығына қарағанда екі есе дерлік үлкен. Судың физикалық-химиялық қасиеттері клетканың құрылы- сына, оның тіршілік əрекетіне, организмдегі судың, алмасуына айтарлықтай əсер етеді. Тірі клеткадағы судың күйі оның қос зарядты болуына байланысты. Клетка құрамындағы полимерлер молекулалары - белоктар, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер - ерітіндіде коллоидтық қасиет білдіреді. Олар судың біраз мөлшерін өздеріне тартып, оларды электростатикалық күшпен немесе Н- байланыс арқылы ұстап тұрады. Коллоид бөлшегі оң зарядты болса, ол су диполін теріс заряд ұшымен тартады

ІҮ Сабақ бекіту

Ү.Қорытынды жасау

ҮІ Үй тапсырмасы

№4

Тақырыбы:

Бутербродтар Ыстық сусындар

Жалпы мақсаты

Ыстық сусын түрлерімен таныстыру.

Ыстық сусындарды дайындай білуге үйрету.

Ұйымдасқан түрде жүмысжасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Ыстық сусын түрлерін білетін болады.

Ыстық сусындарды өздері дайындап үйренеді.

Ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды

Негізгіидеялар

Ыстық сусын түрлерімен танысу,қауіпсіздікті сақтау

Тапсырмалар

Жеке жұмыс.«Ия-жоқ»ойыны

Тапсырмалар

Топпен жұмыс «Мармозетка» ойыны

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Сарамандық сабақ»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс. «Пайымдау сұрақтары»

І.Ұйымдастыру (2 мин)

Сынып оқушыларынажағымды ахуал туғызу.

Балалар бір сәт денемізді сергітіп алайық

1 дегенде орнымыздан тұрайық

2,3,4 –алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық,

5 дегенде асықпай

Орнымызға барайық.

ІІ.Топқа бөлу; 1,2,3, сандары арқылы топқа бөлу.(3мин)

ІІІ. Жеке жұмыс.«Ия-жоқ» ойыны.(5мин) Сынып оқушыларына мұғалім бір үғымды немесе сұрақ жасырады.Мысалы:

·

қорғау «Кір жаятын жіп» әдісін пайдалану)

Шығу парағы

Мен үйренген үш нәрсе

Менде білетін үш тағам

Бүгін үйренген тағамдарымды кіммен бөлісемін

1

2

3

V.Тақтадан «Ыстық сусындар: шай, кофе, көк шай» туралы слайд көрсетіледі. (5мин)

VІ. Сарамандық тапсырма;(дәптер, оқулықпенжұмыс) сабақ барысындағы жасалынған іс-әрекеттерді, тапсырмалар, жаңа сөздерді,қауіпсіздік шараларын дәптерге түсіру. (10 мин)

VІІ. «Пайымдау сұрақтары» әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін. (3-мин)

·Сабақта не маңызды болды?

·Не қызық болды?

·Жаңадан не білдіңдер?

·Не үйрендіңдер?

·Ыстық сусындардың ішінде қай сусын үнады?

·Осы сусынның қайсысын дайындайаласың?

 ҮІІІ.Үйге тапсырма

ІХ Бағалау

№5
Сабақтың тақырыбы: Таңғы асқа дастархан жасау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға таңғы ас жастарханыны жасау тәртібімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен тағам түрлері дайындап үйрету арқылы аспаздық қаблеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға ас мәзірін ережеге сай құрып, жеңіл тағам түрлерінің дайындау үлгерін үйрете отырып, ұқыпты әзірлеуге, әсемдікке, өз бетінше еңбектенуге және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, машықтық
Қажетті құрал жабдықтар: слайд, бутерброд түрлері, тақтай, пышақ, тарелкелер, сулық, сүлгі, бутербродқа қажетті азық түрлері т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
‒ Оқушыларды түгендеу
‒ Сынып тазалығы
‒ Оқушылар құралын тексеру
‒ Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Сергіту сәті.
ІIІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сиқырлы тастар» ойыны арқылы тексеру.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Балалар сабағымызды бастамас бұрын балалар күнделікті тағам ретінде пайдаланатын тағамымыз? Дастарханымыздың сәні? Ол «нан», иә балалар біз нан туралы қандай
мақал - мәтелдер білеміз?
Бүгінгі сабағымыз осы ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі - нан мен тікелей байланысты. Бутербродтың негізгі тағамы нан болып саналады. Бутерброд неміс сөзінен шыққан «май жағылған нан» деген мағынаны білдіреді. Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы ас, түскі ас, кешкі асқа тез дайындауға болады. Олар қала сыртына саяхат жасағанда өте ыңғайлы. Бутерброд дайындауға көптеген азық - түліктер қолдануға болады. Бутербродты шикі көкөністер – қызанақ, жас және тұздалған қияр, шалға, салат жапырақтары, аскөк, петрушка, балдыркөк қосып әзірлейді. Бутербродттағы нан тілімдерінің қалыңдығы – 10 - 15 мм болу керек. Нан тілімдері бірдей қалыңдықта болуы тиіс. Қара наннан майлы қазы, жая бутерброд дайындалады. Бутербродтарды ортақ тәрелкеден күрекше қасықпен алады. Сэндвичтерді шанышқының және пышақтың көмегімен, канепені кішкене семсер - таяқшалармен алып жейді.

   Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Қазір сауда орындарында дастархандардың түр-түрі бар. Жаялықтардың әдемі безендірілген әр түрлі матадан болғаны дұрыс. Дастарханның негізгі маталары — зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім – ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы шарт. Әдетте, дастархан жайғанда, екі адам екі жағынан ұстап тұрып, жоғары қарай сілкіп барып жаяды. Сонда ортада әуе шары секілді төмпешік пайда болады. Төмпешік басылып, үстелге тегіс тигенде барып, дастархан түзу әрі біртегіс жайылады. Тағы да, маңызды жайт, дастархан барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек. Егер тым қысқа болса, үстелдің аяқтары сырт көзге оттай басылып,  дөрекі көрінеді, тым ұзын болса да, қонақтарға жайсыздық тудырады.

 Жабдықтау        Жалпы дастарханды жабдықтау дегеніміз не? Қазір өркениет кең етек жайған заманда қонақ күту рәсімі де барынша мәдениетті. Қонақ алдына ұсынылатын тәрелке, шанышқы, қасық пен пышақ рет-ретімен, белгіленген тәртібімен орналастырылады.   Дастархан жабдықталуына арнайы тәртіп белгіленген:—    Алдымен фаянс ыдыс пен фарфор ыдыстар қойылады;—    Келесі ретте ас ішу аспаптары қойылады;—    Соңынан барып сусын ішетін шыны стақандар қойылады;—    Майлық төселеді.

Есте сақтау керек: Ешқашан аяғы бар шыны ыдыстарды бел ортасынан ұстамайды, міндетті түрде аяғынан ұстайды.

Дастарханды жабдықтау әр түрлі болады. Ол күн мезгілі мен астың құрамына байланысты.

    Таңғы ас

—    Түскі ас

—    Кешкі ас.

 Дастархан жабдықтаудың жалпы тәртібі

1-сурет

http://dev.massaget.kz/userdata/stol.png

 Ү.Сабақ бекіту

Сұрақтарға жауап

ҮІ Бағалау

ҮІІ Үйге тапсырам

 

№6

Сабақтың тақырыбы: Тоқыма талшықтарын жіктеу.Зығыр,мақта қасиеттері.Мата дайындау  технологиясы

Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға мататану, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру;
дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілік құралы: мата қиындылары, қайшы, ине - жіп
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шайдың қандай қасиеті бар?
2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?
3. Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі бар?
4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.
5. Какаоның қандай қасиеттері бар?
6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?
7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Барлық тоқыма маталар талшықтардан тұрады. Ең алғаш адамдардың жіп алуға қолданған талшықтары қалақай (крапива) және кенешөп (конопля) талшықтары болды.
Қазіргі жағдайда түрлі табиғи (мақта - мата, зығыр, жүн және т. б.), сондай - ақ, химиялық талшықтар қолданылады.
Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата шығаруда мақта мен зығыр қолданылады.
Қоза – 1 метр биіктікке дейін өсетін біржылдық бұталы өсімдік. Қоза өскеннен кейін ұрық қабыршағы ашылады. Қабыршақ ішіндегі тар өзегі талшықтармен оралған. Мақта талшықтары – ақ түсті, үлпілдеген, қысқа, жұмсақ, жіңішке болады. Нақ солардан мақта - мата жіптері мен маталарын алады. Сонымен қатар, мақтаның тұқымын май, жануарларға қорек ретіндегі жемді алады. Мақтаны құнды қасиеттері үшін ақ алтын деп атайды.
Мақтаның шыққан Отаны – Үндістан, Қытай және Мысыр. Ол 30 градустық ыстықты және өте көп мөлшердегі ылғалды жақсы көреді. Біздің елімізде қоза оңтүстік аймақта өсіріледі.
Зығыр – биіктігі 1 метрге жетпейтін өсімдік, сабағының қабықты бөлігінен талшық алынады. Талшықтан мата шығарылады. Бұл талшықтар талшықтан жасалған (лубяные) деп аталады. Олар тегіс, ұзын, тіке, берік және қалың болады. Зығыр матасы әдетте сұр түсті. Өзіне тән жылтыр сұр түсіне қарай зығырды солтүстік жібегі деп атайды.
Зығырдың Отаны – Ресей. Бұл өсімдік жарықты, ылғалды, шамамен орта қалыптағы жылылықты жақсы көреді, жеңіл аяздардан қорықпайды.
Кез келген маталар сияқты мақта және зығыр маталары механикалық, гигиеналық және технологиялық қасиеттерге ие (1 - кесте).
Мақта - матасы жалтырамайды және кедір - бұдырлы. Бұл мата суды жақсы сіңіреді, тез кебеді, ауа өткізеді, жеңіл жуылады, қатты мыжылады, жақсы үтіктеледі. Одан тұрмыстық және техникалық бұйымдар дайындайды.
Мақта - матасының түрлері: шыт, бәтес, фланель, джинсалық мата, ши барқыт (вельвет).
Зығыр матасы берік, мықты, сол үшін де оны техникалық маталар дайындауда қолданады (палатка - шатырларға және рюкзак - жолқапшықтарға арналған брезент, және т. б.). Сонымен қатар, оны киім, жатын төсеніштерді дайындауда қолданады.
Зығыр матасының түрлері: зығыр матсы (льняное полотно), зығыр бәтесі (льняной батист), кенеп (парусина) (арнайы киімдерге).
Матаны алу
Түрлі міндеті бар маталарды дайындауда түрлі жіптер қажет етіледі. Жіп талшқытан дайындайды. Бұл процесс иіру деп аталады.
Талшық бума - бума болып, тоқыма фабрикасында түседі. Талшық тазартылады, арнайы түткіш (чесальная) машинада таралады.
Содан соң оларды бауларға бөледі. Баудан созу және иіру нәтижесінде жіп алынады.
Тоқыма фабрикасында жіптерден мата тоқиды. Мата тоқыма станогында жіптердің айқасуы нәтижесінде алынады. Бұл үрдіс тоқыма деп аталады.
Арқау орағыш ұршыққа (6) негізгі жіп (тік жіп) оралады. Шөрнекке (3) арқау жіп (көлденең жіп) оралған. Матаның тығыз тоқылуы үшін мата шетін жиек (кромка) (4) реттеп тұрады. Дайын мата тауарлы білікке оралады.
Тоқыма станогында тоқылған матаны қатал (суровый) деп атайды. Мата тоқу үшін белгілі бір жұмыс операциялары тізбектеле орындалады:
- үйіту (опаливание) – матаның өң бетіндегі шығып қалған талшықтардың ұштарының алынып тасталуы.
- ағарту – матаны ағартқышпен тазалау.
- бояу – белгілі бір түспен матаны бояу.
- басу (печатание) – ағартылған немесе біртүсті тегіс боялған мата бетіне сурет салу. Мұндай мата әрлеп безендірілген немесе айшықталған (набивной) деп аталады.
Киімді тігуде оның айырмашылығы білу керек. Матаның өң беті мен ішкі бетін айырудың белгілері мынадай:
1. матаның өң бетінде түйіндер аз болады.
2. өң бетінің суреті анық айшықталған.
3. өң бетінің жиегі жатық.
4. матаның өң беті жылтырайды, ішкі беті жылтырамайды.
Әрлеп безендірілген матаның өң және ішкі беті болады. Өң бетінде сурет анық айшықталады.
Жіп иіру дегеніміз - жекелеген қысқа талшықтардан ұзын жіп (иірілген жіп) шығарып алу. Тоқымашылық – мата алу үшін иірілген жіптерді өзара өріп - тоқу процесі. Жіп иіру де, тоқымашылық та ерте замандардан - ақ белгілі болған.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Талшықтар қандай болып келеді?
2. Зығыр және мақта - матасының айырмашылығы қандай?
3. Жіп иіру дегеніміз не?
4. Тоқымашылық деп қандай процесті атайды?
5. Тігін матасы неден тұрады?
6. Матаның негізін қалай анықтаймыз?
7. Матаның өң бетін анықтау неге қажет?
Ү. Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз мататану, мақта және зығыр маталары туралы көп мағлұмат алдық. Матаның өң және терістеме жағын ажыратуды білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру

№7

Сабақтың тақырыбы: Мата  және зығыр талшықтарын зерттеу. Матаның оң және терістеме жағын анықтау. Кенептік тоқыма макетін орындау.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға мататану, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру;
дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілік құралы: мата қиындылары, қайшы, ине - жіп
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Талшық түрлері
  2. Мақта мен зығыр талшықтарының қасиеттері
  3. Табиғи талшық түрлері
  4. Химиялық талшық түрлері
    ІІІ. Жаңа сабақ.

Мақта мен зығыр маталары қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы

Мақта және зығыр маталарыгның артықшылықтары мен кемшіліктері және оларды қолдану

Мақта  және зығыр маталарын күту ережелері

Мақта - матасының түрлері: шыт, бәтес, фланель, джинсалық мата, ши барқыт (вельвет).
Зығыр матасы берік, мықты, сол үшін де оны техникалық маталар дайындауда қолданады (палатка - шатырларға және рюкзак - жолқапшықтарға арналған брезент, және т. б.). Сонымен қатар, оны киім, жатын төсеніштерді дайындауда қолданады.
Зығыр матасының түрлері: зығыр матсы (льняное полотно), зығыр бәтесі (льняной батист), кенеп (парусина) (арнайы киімдерге).
Матаны алу
Түрлі міндеті бар маталарды дайындауда түрлі жіптер қажет етіледі. Жіп талшқытан дайындайды. Бұл процесс иіру деп аталады.
Талшық бума - бума болып, тоқыма фабрикасында түседі. Талшық тазартылады, арнайы түткіш (чесальная) машинада таралады.
Содан соң оларды бауларға бөледі. Баудан созу және иіру нәтижесінде жіп алынады.
Тоқыма фабрикасында жіптерден мата тоқиды. Мата тоқыма станогында жіптердің айқасуы нәтижесінде алынады. Бұл үрдіс тоқыма деп аталады.
Арқау орағыш ұршыққа (6) негізгі жіп (тік жіп) оралады. Шөрнекке (3) арқау жіп (көлденең жіп) оралған. Матаның тығыз тоқылуы үшін мата шетін жиек (кромка) (4) реттеп тұрады. Дайын мата тауарлы білікке оралады.
Тоқыма станогында тоқылған матаны қатал (суровый) деп атайды. Мата тоқу үшін белгілі бір жұмыс операциялары тізбектеле орындалады:
- үйіту (опаливание) – матаның өң бетіндегі шығып қалған талшықтардың ұштарының алынып тасталуы.
- ағарту – матаны ағартқышпен тазалау.
- бояу – белгілі бір түспен матаны бояу.
- басу (печатание) – ағартылған немесе біртүсті тегіс боялған мата бетіне сурет салу. Мұндай мата әрлеп безендірілген немесе айшықталған (набивной) деп аталады.
Киімді тігуде оның айырмашылығы білу керек. Матаның өң беті мен ішкі бетін айырудың белгілері мынадай:
1. матаның өң бетінде түйіндер аз болады.
2. өң бетінің суреті анық айшықталған.
3. өң бетінің жиегі жатық.
4. матаның өң беті жылтырайды, ішкі беті жылтырамайды.
Әрлеп безендірілген матаның өң және ішкі беті болады. Өң бетінде сурет анық айшықталады.
Жіп иіру дегеніміз - жекелеген қысқа талшықтардан ұзын жіп (иірілген жіп) шығарып алу. Тоқымашылық – мата алу үшін иірілген жіптерді өзара өріп - тоқу процесі. Жіп иіру де, тоқымашылық та ерте замандардан - ақ белгілі болған.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Талшықтар қандай болып келеді?
2. Зығыр және мақта - матасының айырмашылығы қандай?
3. Жіп иіру дегеніміз не?
4. Тоқымашылық деп қандай процесті атайды?
5. Тігін матасы неден тұрады?
6. Матаның негізін қалай анықтаймыз?
7. Матаның өң бетін анықтау неге қажет?
Ү. Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз мататану, мақта және зығыр маталары туралы көп мағлұмат алдық. Матаның өң және терістеме жағын ажыратуды білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру

№9

Тақырыбы: Қол жұмыстарын орындауға  арналған жұмыс орны.Қол жұмыстары кезіндегі терминдер.Инешаншымдар мен тігімдер.

Үйренгенің өзіңе құт,істегенің еліңе құт!

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру,

-          Тігіс түрлері туралы түсінік беру,

-          Қол жұмыстарына деген көзқарастарын арттыру,

-          Білімдерін сарамандық жүзінде жасай білуге дайындау.

Дамытушылык мақсаты:мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.

Оқушылардыңойлау қабілетін жетілдіруде әдістемелік әдістерді басшылыққаалып,теориялық білімінің жемісін өздеріне бағалату:

Тәрбиелік мақсаты:оқушының өз бетінше жұмыс еріктілігін, өз күшіне сенімділігін қалыптастыру. Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.  Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: технология түрлері,СТО технологиялары,

Дөңгелек үстел, топпен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы

Құрал-жабдықтар:мата қиындылары, қайшы, ине, жіп жұмыс папкасы.

Көрнекіліктер:тігіс түрлеріне арналған суреттер,схемалар, сөзжұмбақ «Эрудит» логикалық дидактикалық ойын , нұсқау картасы, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, математика, сурет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.(қызығушылықты ояту).

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін. «Балауса», «Бәйтерек»

Жаңа сабақ

-          Бұл жылы сіздермен қандай тігіс түрлерін үйренеміз?

-          Тігістің түрлерін атап кету (Түзу тігіс, қайшы тігіс, қиғаш тігіс, айқаспа тігіс, тышқан тігіс, кесте тігіс, қайырма тігіс)

-          Тігісті тігу үшін нұсқау картаны тарату

-          Жұмыс үстелінде дұрыс отыру шарттарымен танысу

-          Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Қолмен жасалатын жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар:
1. Бормен сызылған сызықтарды бір бөлшектен екінші бөлшекке инешаншымдар арқылы түсіреді. 
2. Уақытша тігімдерде жіптің түсі қосып тігілетін бөлшектің түсінен (тез көрінуі үшін) өзгеше болуы керек. 
3. Бөлшектерді көшірмелік инешаншымдар немесе бормен сызылған сызық бойымен көктейді. Көктеп болғаннан кейін көшірме инешаншымдар жібін алып тастайды. 
4. Жіпті тігім басында және соңында бекітеді. Тігім басында жіп соңындағы түйін арқылы, ал соңында бір немесе бірнеше инешаншымдармен бекітіледі. 
5. Бұйымды соңғы рет тіккенде, матамен жіптің түсі сәйкес келуі керек. 
6. Әрлеу заттарын бұйымға тіккенде, сол түстегі жіп алынады. 
7. Тура тесікті түймелерді қадағанда, жіптің түсі түйме түсімен сәйкес болуы керек. 
8. Уақытша жасалатын қол тігімдерін орындау үшін №50, №60 мақтадан дайындалған жіптерді пайдаланады.
4). «Келісіп пішкен тон келте болмас». Дайын қол жұмыстары орындалған маталарды таратып бірінші топтан қандай тігім түрлеріне жататынын; екінші топтан қандай инешаншымдар түрлері қолданылғанын анықтау арқылы кесте құру. Бірлесе отырып қай кезде қолданылатынын анықтау. Түзу, ілмелі, ілмек тәрізді шаншымдар. Көктеу,көшіргі, торлау, жапсырып тігу (бекітіп тігу).
Инешаншым түрлері
Тігім түрлері
Бейнеленуі
Қолданылуы
Түзу инешаншым
Көктеу, бүгіп көктеу, айналдыра көктеу, көктеп тігу, бүрме жасау үшін тігім

Киім бөлшектерін уақытша қосып тігу (белбеулерді көктеу, бұйымның төменгі бөлігін бүгіп көктеу). Тігіс ұзындығы 0,7-1,5 см. №50, №60 мақта жіптер
Көшіргі, көшірме (копирвальная)
Бір бөлшектен екінші бөлшекке сызықтардың көшірмесін түсіру (мысалы, бұйымның төменгі бөлігіне орналасқан қалта сызықтарының көшірмесі). Инешаншымның ұзындығы 0,7-1,0 см. Ілмек биіктігі – 0,5-1,0 см. Жіп пен матаның түсі әртүрлі болуы керек. №50, №60 мақта жіптері
Ілмелі инешаншым торлау
Түймелік қиықтарын, бұйым бөлшектері қиындыларын сетінемеу үшін өңдейді. Аралығы 0,3-0,5 см болады. Мұнда 1 см-ге 6-10 инешаншымнан келеді
Ілмек тәрізді инешаншым
Жапсырып тігу (бекітіп тігу)
Түймені қадау үшін ғана емес, бұйымдарды әрлеу үшін де қолданады. Жіптің түсі матаның түсімен сәйкес келуі керек. Түймелерді №50, №60 мақта жіптерді екі қабаттап қадайды.
ІІІ. Білім-білікті қорытындылау.Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру мақсатында«Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.

Тақырыбы: «Мата туралы түсінік» , « Қол тігістері».

                   1. Матаны не үшін пайдаланамыз?

                   2. Мақта, зығыр маталары туралы түсінік.

1-тапсырма: Тірексызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап.

2-тапсырма:   Логикалық ойын - Дұрыс жауабын тап.

3-тапсырма:   Жалғастыру диктанты.

4-тапсырма:   Сөзжұмбақ: «Мататану» тақырыбы бойынша 9 түрлі мата атауын табу.«Қол тігістері терминологиясы» тақырыбы бойынша тігіс түрлерінің 10 түрлі аталуын табу.

Жауаптары: көктеп тігу, жапсырма көктеу, бастыра көктеу, көктеу, қадау, көшіру, бүгіп көктеу, қайып тігу, тігімдер, инешаншым.

  Тірек сызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап:

1. Механикалық                           Сетінегіштігі

2. Гигиеналық                              Мықтылығы

3. Технологиялық                         Жылу сақтағыштығы

4. Мықтылығы:                          матаны бүктеп орағанда мыжылып қалу қабілеті

5. Қыртысталуы:                     матаның шеті сетінеп,жіптердің төгіліп,шашақталуы

6. Гигроскопиялығы:                  жылу мен ылғалдың әсерінен мата көлемінің кішіреюі

7. Жылу сақтағыштығы:         матаның өзіне түскен күшке жыртылуға қарсы тұру қабілеті

8. Сетінештігі                           матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қабілеті

9. Отыруы                                 матаның жылу сақтағыш қабілеті

 ІV. Сарамандық жұмыс

Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар

Қол тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін « Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу (тақтаға жұмбақтар жазылады,жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады)

Тап-тап, тап жорға, Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас.   (Ине)

 Екі пышақ бірлесіп,Кесіп пішіп береді

Екеуі бірге жүрмесе, Жоқ қой бізге керегі.               (Қайшы)

 Тұмсығы мықты, Қырмен ойды тегістеп шықты.       (Үтік)

V.   Қол тігістерін тігу

Нұсқау картасының мазмұнымен таныстыру, таратып беру, тігу жолын көрсету

VІ .  Қортынды бөлім

      Бағалау парағы бойынша оқушылардың білім деңгейі бағаланады.

-          Балалар, мататану негізі және қол тігістерін тігу білімі не үшін қажеттігін өздерің саралап көріңдерші.

«Ізгілендіру» диаграммасы

Білемін тігіс түрлерін

Үйрендім қалай тігілуін

Білгім келеді қайда қолданылуын

 ҮII. Үйге тапсырма: қол тігістерін қайталап тігу, кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды әкелу.

№10

Сабақ тақырыбы:Қол жұмыстары

 Сабақтың мақсаты: қол тігіс түрлерінің орындалу технологиясын үйрету
Міндеттері: 1) қол жұмысы кезінде қолданылатын терминдермен танысу; инешаншымдар мен тігім түрлерін орындауды үйрену; 2) шеберлікке, ұқыптылыққа, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеу; 3) эстетикалық талғамын жетілдіру, ізденушілігін арттыру, шығармашылығын дамыту
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,тест
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Қажетті құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп түрлері; қайшы, түйме, оймақ

Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ тақырыбын хабарлау. Әбілхан Қастеевтің «Таң шапағы» жұмысы. «Сергіту» сәті. Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғыларды көргенде шапалақ ұру; қол жұмысы атауы аталғанда орнынын тұру. Тігім, қол инесі, инешаншым, қайшы, оймақ, көктеу, сантиметрлік таспа, торлау, түйрегіш. ІІ. Оқушылардың білімін бақылау мазмұны. Әбілхан Қастеевтің «Мақталы алқап» жұмысы. Мақта, зығар маталары. Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғыларды сипаттау: материалы, түрлері, қолданылуы. Қауіпсіздік ережелері. ІІІ.Жаңа сабақ. 1). «Ұшын түймегеннің, үш шаншым ісі қалар» Жіптің матаға өрілуі – инешаншым деп аталады. Инешаншым-иненің екі шаншымы арасындағы жіптер. Тігім – қайталанған инешаншымдар қатары. Инешаншымдар ұзындығы –шаншылып алынған инелердің арақашықтығы, ол мата қалыңдығы мен орындалатын жұмыстың түріне байланысты болады. Тігіс ені -бөлшектің қиылған жері мен тігімнің арасы. 2).Тарихқа көз жүгіртсек... «Жіп иіру». Үлкендер балаларын жұмысқа қызықтыра түсуі үшін «жүнді тұмсығыңа дейін түтсең, мұрныңнан маржан түседі» деп иландырып шапшаңдыққа тәрбиелеген. «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды». Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы өнеркәсіп орталығынан қашық жатты. Матадан, теріден,өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба,торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қолмен тікті. Қолмен тігу отбасының мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Киімдерді, төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды. Қол тігістері: жөрмеу, саба тігіс, бүгіс, қаю, тепшу, көктеу,қабырға тігіс,шет тігісі, таңдай тігіс, шалып тігу, «тышқан із», т.б. 
Көркемдік кесте тігістерін сәндік-қолданбалы бөлімде үйренеміз. Бүгін алжапқыш тігуге арналған қол тігістеріне тоқталамыз. Тігін шеберханалары мен үйде болсын пішілген бұйымдарды тігін мәшинесінде тігуден бұрын кейбір бөліктерін (алдын ала инешаншымдармен) көктеп алады. Содан кейін тігін машинасында тігіп шығады. Тігін мәшинесінде тігіп болғаннан кейін инешаншымдарды алып тастайды. 3). «Талаппен баста, талғаммен аяқта» 
Сабақты бекіту. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өнері көптің ермегі көп». «Жайлаудағы кілемшілер» шығармасы. Сырмақ, текемет, кілем ою-өрнектерін құрастыру. Сабақты пысықтау сұрақтары- тест беру. 
1. Киім бөлшектерін уақытша қосып тігу? а)торлау ә)көктеу б)жапсыру 
2. Иненің екі шаншымы арасындағы жіптер, жіптің матаға өрілу процесі?
3. Көшірме тігімде ілмек биіктігі қанша см болады? а)0,5-1 см ә)0,2-0,3см б)1-1,5см
4. Түйме қадау үшін қандай инешаншым түрі қолданылады? а)түзу ә)ілмелі б)ілмек тәрізді
5. Қол тігімдерін орындау үшін қандай нөмірлі жіп қолданылады? а)№50,60 ә)№40 б)№70
6. Торлау тігісі қай кезде қолданылады? а)бір бөлшектен екінші бөлшекке сызық көшірмелеу ә)түйме қадау б)түймелік қиықтарын өңдеу
Қорытынды. Бағалау. Сабаққа белсеніп қатысқан оқушыларды бағалау. Ә.Қастеевтің әдемі табиғат көрінісі бейнеленген «Қазақстан тауларында», «Табиғат көрінісі», «Таудағы қыс»шығармаларын көрсете отырып, оқушылар мен қатысып отырған қонақтарға тілек тілеу. «Талаптарыңыз таудай биік, көңілдеріңіз қардай кіршіксіз аппақ, өмірлеріңіз жаздай жайдары болсын!»

№11

Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстары кезіндегі қолданылатын терминологиялар

Мақсаты:
а)білімділігі: оқушыларға қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру;
ә)тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;
б) дамытушылығы: қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қол тігіс түрлерінің суреттері
Сабақтың құрал-жабдықтары: ине, жіп, қайшы, мата
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу
ә) Сабаққа дайындық, оқушыларды түгендеу
б) Оқушыларды топқа бөлу
2. Сабаққа дайындық.
1,2,3
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңа сабақ бастаймыз.

3. Үй тапсырмасын тексеру
1. Маталардың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Маталардың қасиеттері мен ерекшеліктері қандай?
3. Кез-келген бұйым тігу үшін матаны қалай таңдаймыз?

4. Жаңа сабақ
Көктеу, жөрмеу, тепшу
Қиғаш сәндік
Ілмек тігіс
Таңдай тігіс, түйін тігі
Қайып тігу, түгу тігіс тышқан із тігіс, шалық торлау.

Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырады. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістерді қолданылады. Қол мен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.
Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет.
Қиғаш сәндік. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.
Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымның арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай, келесі тігіс солдан оңға қарай айқасады.
Ілмек тігіс матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.

5. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі.
Инемен жұмыс жасағанда, инені аузыңа салма.
Ине жерге түсіп кеткенде мұғалімге ескертіп, мұғалімнің көмегімен ал.
Қайшыны досыңа сілкілемей бер.
Тігіс түрлерін матаға орындап, альбомға желімдеу.

6. Сергіту сәті
7. Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны
«Бой сергіту» топтарға 3 сұрақтан беріліп оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Топтардың бір өкілі жауап береді.
Тапсырма:1. Қазіргі кездегі қолмен іс тігетін тігіншілер туралы айту?

2. Қол іс тігушінің негізгі құралдарына нелер жатады?
3. Кез-келген бұйымды тігу үшін нені дұрыс таңдай білу қажет?
4. Тігістің түрлерін ата?
5. Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?(ілмек)
6. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылатын тігіс? (қиғаш тігіс). «Сандықтан шыққан бас қатырғырлар» топ мүшелері сандықтан нөмірлері конфет алып шығады. Мұғалім әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ капитандары жауап береді.
Тапсырма:
Жұмбақ.
Қылыштасты ағайынды екі батыр
Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр
Аағайынды екеуінің кескілесі
Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (қайшы)
Жұмбақ
Жүрген сайын жүйрігім
Қысқартады құйрығын (ине)
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру.
1. Жіп жіңішке (жерінен) үзіледі
2. Жіптің ұзыны жақсы
Сөздің (қысқасы) жақсы
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру
1. Тігінші кем істейді
(Үтік) тегістейді
2. үйренгенің (өзіңе) құт
Істегенің еліңе құт
«Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарына барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады.
1. Қандай тігіс түрлерін білесің?
2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?
3. Ине не үшін қажет?
4. Мата түрлерін ата?
5. Қиғаш тігіс қалай орындалады?
8. Үйге тапсырма беру.
Тігіс түрлерін жаттау. Қол тігіс түрлерін тігіп қолдарын жаттықтыру.
9. Бағалау
Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.

№12

Тақырыбы:  Соңғы ылғалды-жылумен өңдеу.

 

Сарамандық жұмыс. 

 

Сабақтың мақсаты:

  

білімділік :         бұйымды сырып тіккеннен кейін дымқылдап

 

үтіктей білуді  үйрету.

  

дамытушылық: ылғалды-жылумен өңдеудің жалпы қағидаларын

 

түсіндіре келе дамыту.

  

тәрбиелік:          оқушыларды ұқыптылыққа, бейімділікке,

 

тазалыққа тәрбиелеу.

 

 Сабақтың көрнекілігі:  үтік, су бүркігіш, дәке, бұйым , үтік

тақтайшасы, үтік тіреуіш.

  

Сабақтың түрі:           аралас

 

 Сабақтың әдісі:            сарамандық

 

 Пән аралық байланыс: тарих, физика, биология.

   

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу, түгендеу.

 

Сабаққа дайындығын тексеру.

 

Үй тапсырмасын қайталау.

 

Жаңа сабақ түсіндіру.

 

Техника қауіпсіздігі.

 

Сарамандық жұмыс.

 

Сабақты пысықтау

.

Сабақты қортындылау.

 

Сабақты бағалау.

 

Үйге тапсырма.

 

 II.Үй тапсырмасын қайталау.

 

 1.Киім тігудегі негізгі роль атқаратын элемент

 

Қазіргі кезде киімді көркемдеп сәндеу жұмыстарына нелерді��li>

 

пайдаланады ?

 

Түймелікті қолымен қалай орындайды ?

 

Техникалақ ережесін сақтау.

 

 

III. Жаңа сабақ.

 

Балалар мен әйелдердің жеңіл көйлектерін әзірлеген

 

кезде дымқыл-жылулық өңдеу едәуір орын алады және бұйымды

 

өңдеудің маңызы зор, ол жұмыстың шамамен 15-20%-ын

 

құрайды.Бұйым сапасы мен оның сыртқы көрінісі көп жағдайда

 

бұйымды тігу барысында да, сондай-ақ оны ақырғы өңдеу кезінде

 

де дымқыл-жылулық өңдеудің қалай орындалу сапасына

 

байланысты болады. Дымқыл – жылулық өңдеу, негізінен, мына

 

мақсаттарда қолданылады бұйым бөлшектеріне көлемді ауқымда

 

пішім беру және әр түрлі тігіс түрлерін өңдеу:

 

— ақырғы өңдеу.

 

— бөлшектерді желіммен қосу.

 

өңдеу барысында матаға ылғалды- жылумен және қысыммен әсер

 

ету.

 

Тұтас дымқыл – жылулық процессі екі сатыдан тұрады.

 

Талшықтарды дымқылмен және жылумен жұмсарту.

 

Алынған пішімді дымқылмен, жылумен және қысыммен бекіту.

 

Өңдеу процесстері үтіктеу, басу  және  булау болып үшке бөлінеді.

 

Жіптердің тоқылу нығыздығына байланысты маталарда әр түрлі

 

 өңдеуге ұшырайды.

  

Өңдеу тәртібі.

   Мата  аттары

қызу темпера турасы С

турасы

әсер ету

уақыты С

           дымқыл

дымқыл

дандыру

%

1.

 

 

2.

3.

 

4.

5.

6.

7.

Жасанды және мақта талшығының қосындысы бар таза жүн

Лавсан талшығы

Капрон және капрон талшығы

Вискоз талшығынан

Ацетат талшығына

Мықты мата және зығырдан

Таза жібектен

180

 

 

150

 

160

160-180

140

180-100

160

 

 

 

30

 

25-30

30

30

30

30

 

 

 

10-10

 

25-30

10-10

20

10

 

 

 

 

Электірлі қол үтіктерімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

 

ережелері:

 

Жұмыс барысында электр тогын зақымдану немесе күйіп қалу қаупі

 

байқалады. Мұндай зақымдануды болдырмау үшін келесі ережелерді

 

орындау қажет.

 

Үтіктер алдында үтік бауының дұрыстығына көз жеткізіңдер.

 

Тоққа қосылған үтікті қараусыз қалдыруға болмайды.

 

 

 

Үтікті қосқанда не ажыратқанда оның сымынан емес вилкасынан

 

ұста, қолың құрғақ болсын.

 

Үтікпен жұмыс жасағанда оны арнайы үтік қойғыштың үстіне

 

ғана қою керек.

 

Үтік бауының ыстық табанының астында қалып қоймауын

 

қадағала.

 

Ылғалды- жылулықпен өңдеу жұмысы бітісімен-ақ үтікті тоқтан

 

ажырат.

 

IV      Жаңа сабақ бойынша оқушылардан сұрақ жауап арқылы

загрузка...

 

түсініктерін сұрау.

 

 

Бұйымды дымқыл – жылулық өңдеу дегеніміз не ?

 

Бұйымды дымқыл – жылулық пен өңдеуге қанша уақыт кетеді ?

 

Дымқыл – жылулық қандай мақсатпен жүргізіледі ?

 

Тұтас дымқыл – жылулық процессі неше сатыдан тұрады , олар

 

 

Өңдеу процессі нешеге бөлінеді ?

 

Үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі .

 

Және тест сұрақтары арқылы пысықтау.

 

 

 

 

V    Сарамандық  жұмыс

 

 

Бөлшектерді әрбір жұмыс операциясынан кейін

 

үтіктейді, мысалы бүкпені сырып тігудің алдында, ал тігістерді

 

бұйымның етегін  өңдеу алдында.. Түкті маталарды /драп,барқыт/

 

түгі    қайырылып қалмау үшін  үтіктеу тақтасына түк жағын

 

жоғары  қаратып қояды.

 

Көктелген тігістерді өлшеп көру алдында қатты баспай

 

үтіктейді. Өйткені өлшеп көргеннен кейін де өзгерістер болуы

 

мүмкін.. Түйреуіштің үстінен үтік жүргізуге болмайды.Түйреуіштер

 

үтік  табанын бүлдіріп, бұйымға із қалдыруы мүмкін.   Үтіктер

 

алдында сызылған бор іздерін, щеткамен кетіреді. Иініс тігістерін

 

бір жағына қарай үтіктейді. Бірінші иініш   тігістерін, содан кейін

 

әдіптерді үтіктейді.Дөңгеленген тігістердің әдіптерін бірнеше

 

жерден қияды. Ондай  әдіптерді үтіктеу үшін бөлшекті үтіктеу

 

үстеліне тігіс тақтайдың  дөңгеленген жиегіне жататындай етіп

 

орналастырады немесе үтіктеуге арналған жастықты пайдаланады.

 

Жұмсақ жұқа маталарды үтіктегенде тігіс әдібінің астына

 

қағаз парақтарын қойған дұрыс. . Егер барлық сақтық шараларына

 

 

қарамастан, тігістердің жиектері   немесе қайырмалар матаның бет

 

жағына басылып қалса,онда сызықтар астындағы тігістерді тағыда

 

үтіктеу керек.Егер бұлда жеткіліксіз болса,онда тігісті бірнеше рет

 

қайталап үтіктеу қажет.Үтіктеу тақтайына бұйымдардың тігістерін,

 

қатпарларын жазып   қояды. Үтіктеу кезінде бұйымды созуға

 

болмайды.

 

Мойындықты және басқа дөңгелек қиықтарды үтіктеген

 

кезде  бұйымның бет жағын жоғары қаратып қояды. Киім жылтырап

 

қалмас үшін үтіктеуге арналған матаны қолданған жөн. Егерде

 

бұйымда жылтырақ таңба қалса, сол орынға бірнеше рет қатталған

 

дымқыл матаны қойып қатты баспай үтіктейді. Құрғағанға дейін

 

үтіктеп, бірақ үтіктеген матаны одан бу шығып тұрған кезде алады

 

және бұйымды щеткалап жіберген дұрыс. Дымқылдататын үтік

 

болса, үтіктеуге арналған матаның керегі жоқ.  Үтікті жылтыраған

 

орынға ұстап, көбірек бу жіберсе де болады.  Бұйымды аздап

 

щеткалайды және бұйымды іліп қойып  ішкі жағынан   неғұрлым

 

буды көбірек жібереді. Бұйымның  мыжылған  түктері көтеріледіде

 

жылтыраған таңба жойылады.

 

 

 

 

 VI .   Сабақты қорытындылау.

 

Соңғы ылғалды жылумен өңдеу технологиясын тексеру.

 

 

VII. Сабақты бағалау.

 

Оқушылардың теориялық және сарамандық жұмыстарын тексеріп

 

бағалау.

 

VIII. Үйге тапсырма.

 

Жұмысты аяқтау.

 

 

Бұйымды дымқыл-жылулық өңдеу дегеніміз не ?

Бұйымды дымқыл жылулық өңдеуге қанша уақыт кетеді ?

Дымқыл жылулық өңдеу қандай мақсатта жүргізіледі ?

 

 

 

Техникалық қауіпсіздік ережесін ата .

Тігім дегеніміз не ?

Тігіс дегеніміз не ?

 

 

Киімді дайындау үрдісі қандай негізгі кезеңдерден тұрады ?

Бөлшектерді біріктірудің неше тәсілі бар ?

Тігіндік біріктіру дегеніміз не ?

 

 

Тұтас дымқыл-жылулық процессі қанша сатыдан тұрады ?

Өңдеу процессі нешеге бөлінеді ?

Үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

 

 

 

№13

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.
(әмбебап, арнайы, жартылай автоматты, үй тұрмысында қолданылатын түрлері)
Тігін машинасында түзу тігіс жүргізуге үйрету. Тігін машинасының сапасын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі
6. Лавсан дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейік.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844 - 1845 жылы – Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге әкелді
1870 жылы – АҚШ - та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар
JANOME SW - 24 тігін машинасы
• 1. Кері жүріс тетігі.
• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.
• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.
• 4. Тігістің енін реттеуші.
• 5. Жіп орағыш стопор.
• 6. Жіп орағыш шпиндель.
• 7. Катушкалы өзек.
• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.
• 9. Жіп бағыттағыш.
• 10. Жіп тартқыш рычагы.
• 11. Жіп берілісін реттеуші.
• 12. Алдыңғы бөлік.
• 13. Жіп кескіш.
• 14. Жіп бергіш.
• 15. Пластина.
• 16. Қысу табанын ұстаушы.
• 17. Инелі өзектің винті.
• 18. Ине.
• 19. Қысу табаны.
• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).
• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.
• 22. Айналма дөңгелек.
• 23. Қосу тетігі.
• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.
• 25. Бос жеңқап.
• 26. Түймелік рычагы.
• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.

Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20 - 30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды - жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу) тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай - ақ дайын сызбамен де жиектеуге бол
IV. Сарамандық жұмыс.
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу
V. Сабақты бекіту.
1. Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2. Тігін машинасы не үшін қажет?
3. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4. Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
VI. Үйге тапсырма
Машина тігістерін аяқтап келу.

№14

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен жұмыс істеу ережелері
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға тігін машинасын іске қосып, жылдамдығына жаттығып, түзу тігісті ақ қағазға орындалуды үйрету. Машина тігіс түрлерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың тігін машинасымен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын оята отырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жұмыс орнын таза ұстауға, мектеп мүлкін ұқыпты ұстауға, мектеп мүлкін ұқыпты сақтауға, ТҚЕ қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал - жабдығы: нұсқау карта, қайшы, жіп түрлері, тігін машинасы, ғажайып тақта т. б.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.
Сабақтың барысы.

Сабақ жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Эврика дүкеніне саяхат.

3. Жаңа сабақ.
а) Машина тігістерінің атауымен таныстыру.
ә) Машинада дұрыс отыру тәсілі.
б) Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
в) Тігін машинасымен жұмыс бастау, орындау, аяқтау
г) Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі ТҚЕ.

4. Сарамандық жұмыс.
а) Шеберқол.
5. Сабақты бекіту.
а) Тосын сиы.
6. Сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма.
8. Бағалау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) жоқ оқушыларды белгілеу.
б) жұмыс орнын сабаққа даярлау.

2. Өткен сабақты қайталау. ( Эврика дүкеніне саяхат.)
1. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды?
2. Карл Ваизенталь қандай машина ойлап тапты?
3. Исаак Зингер кім және оның қандай еңбегі бар?
4. Ресейде тігін машинасы шығаратын қандай зауытты білесіңдер?
5. Тігін машинасының қандай түрін білесіңдер?
6. Тұрмыста қолданылатын машиналармен өндірістегі машиналардың қандай айырмашылығы бар?
7. Әмбебап, арнайы, жартылай автоматты машиналар қандай операциялар орындайды?

3. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау. Тігін машинасымен не істейміз? - сұрағын қою арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Тігін машинасымен жұмыс істеу
а) Машина тігістерінің атауымен таныстыру.
ә) Машинада дұрыс отыру тәсілі.
б) Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
в) Тігін машинасымен жұмыс бастау, орындау, аяқтау.
г) Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі.
Машинада дұрыс отыру тәсілі:
- жұмыс орнына жырық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек;
- отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10 - 15см болу керек;
- құрал - жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет, үстелдің бетінде тек қана тігілетін бұйым жатуы тиіс;
- тігіс машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Тігін машинасымен жұмыс істеуден бұрын оны әзірлейді.
Үстіңгі астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің ұзындығын реттейді, жүрісін функциялық винт арқылы түзейді. Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса, ол жұмыс істеуге әзір болғаны. Бос жүрісте маховикті дөңгелек қана айналып, име қозғалмайды.
Жіпті өткізгенде арнайы ереже сақталмаса, машина дұрыс жүрмейді. Астыңғы жіпті шөріпке кигізеді, жіптің тартылысын біріңғай реттеп отыру үшін шөріптің қабын қолданады. Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл еңкейіп отыр.
Тігін машинасымен жұмыс істегенде мынандай тәртіпті сақтау керек:
1. Тігін машинасын жұмысқа даярлау: Қозғалтқыш рычагты қосып,
машинаны жұмыс жүрісіне қою. Үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің қажетті ұзындығын реттеп, инені жоғары көтеру.
2. Жұмысты бастау: тігілетін матаны табанның астына қыстырып, инемен шаншу; жұмысты жалғастыру.
3. Жұмысты орындау: қозғалтқыш тұтқаны айналдырып, матаны белгіленген орны бойынша бағыттап отыру.
4. Жұмысты аяқтау: инені, машинаның табанын көтеру, сол қолмен матаны шығарып, жіптерін қою; машинаны бос жүріске қою.
Тігін машинасымен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі:
1. Іске шашты жинап, жеңді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.
2. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.
3. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.
4. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау.
5. Жұмыс үстінде тігіп отырған оқушыларды алаңдатуға, олар арқылы заттарды беруге болмайды.
6. Аяқ машинасымен жұмыс істеген кезде жетек қайшысын қолмен ұстауға болмайды.

4. Сарамандық жұмыс.
1. Оқулықтағы машина тегістерін мұқият оқып шығып, орындалу ретінде зер сал.
2. Машинаны іске қосып, жылдамдығына жаттығып, түзу тігісті ақ қағазға жүргізіп үйрен.
3. Тік бұрыштап қиып алған матаға оқулықта көрсетілген тігістерді түсір. Тігістердің тізу әрі сапалы орындалуын бақыла.
4. Өзің орындаған тігіс үлгілерін дәптерге желімдеп қой.

5. Сабақты бекіту.
а) Машинада дұрыс отыру тәртібі қандай?
ә) Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындаймыз?
б) Астыңғы жіпті өткізу ережесі қандай?
в) Тігін машинасымен жұмыс істеуді бастау, орындау, аяқтау деген не?
г) Қандай машина тігістерін білесің?
ғ) Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі ТҚЕ еске түсір?
д) Үстіңгі жіпті өткізу ережесі қандай?
6. Сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма: Тігін машинасымен жұмыс істеу және оқып келу.
8. Бағалау.

№15

Тақырыбы:МАшина тігістерінің түрлері

 Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Тігін машинасымен торлау, жіктеу тігістерін орындау
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі
6. Лавсан дегеніміз не?

III. Сарамандық жұмыс
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол

Торрлау тігісін орындау

Жіктеу  тігісін орындау
IV. Сарамандық жұмыс. 
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу
V. Сабақты бекіту.
1Тігін машинасы не үшін қажет?
3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата 4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?

VI. Үйге тапсырма

№16


Тақырыбы: Киім  және оған қойылатын талаптар.
Иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы.
Мақсаты: Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі иық бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
А. Қазіргі заман киімдерінің ішінен иық бұйымдарының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар туралы біледі;
В. Иық киімдерінің түрлерін, қазіргі киімнің стилдерін ажырата алады;
С. Жаңа үлгідегі иық киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: АКТ, Таныстырылым, А4 формат, түрлі - түсті қағаздар,
қарындаштар, флипчарт, маркер. желім, қайшы. ресурстар. стикер.
Сабақтың барысы:
 1. Ұйымдастыру бөлімі 
2. Топқа бөлу.
Қағазға киімнің стиль түрлерін жасырып, үш топқа бөлу.
1 - т классикалық стиль.
2 - т спорттық стиль.
3 - т жастар стилі.
3. Топ ережесін еске түсіру.
Топ басшысын сайлау.
(бағалау парағын беремін)
 1 Топтарға бөлініп отырады.
І топ: классикалық стиль.
ІІ топ: спорттық стиль.
ІІІ топ: жастар стилі.
3. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.
Топ басшысын сайлайды. бағалау парағының бөлімдерімен танысады.
Топтар Ой қозғау І ІІ Сұрақ-жауап
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
 
Мұғалім әрекеті
«Киім» сөзіне ой қозғау. Оқушылардың киім туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа 
Бейне жазба арқылы қазіргі заманғы иық киім үлгілерін көрсету
Оқушы әрекеті
Киім туралы әр топ өз ойларын айтады.
Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады.
Қазіргі кездегі сән үлгісіндегі иық киімдерінің түрлерімен танысады, көру арқылы есте сақтайды.
Негізгі бөлім
Мұғалім әрекеті
Жаңа сабақ. Әр топқа ресурс парақтары беріледі.
«Зерттеушілік әңгіме» тапсырма бойынша оқушылар бірге ойлайды, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды.
Ітоп. Иық киімі оған қойылатын талаптар.
І топ.
Иықты киімдер тарихы.
ІІ Ітоп
. Киім силуэті мен стилі.
Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.
Жеке жұмыс. Ұлттық иық киім үлгісін қағаздан жапсырмалау. Табыс критерийлерін оқушылармен бірге шығару.
Топ атынан ұсынылған жұмыстарды екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.
Оқушы әрекеті
Оқушылар оқулыққа қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, әр топтан бір адам шығы топтық жұмысты қорғайды. Топтық жұмысты табыс критерийлер бойынша бағалайды.«Сэндвич» әдісі арқылы 1жақсы 1сын 1мақтау айтады.
Топтық жұмысты бағалау табыс критерийлері.
Критерийлер Толық жауап Жартылай жауап
1. Тақырып мазмұнының ашылуы.
2. Баяндау шеберлігі.
3. Эстетикалық талғамы.
Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.
Табыс критерийлері:
Критерий 3, 4, 5
Ұлттық киімді бейнелеу шебергі
Эстетикалық талғамға сай болуы.
Шығармашылығы
Табыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара бағалайды.
Топ атынан үздік жұмысты ұсынады. Стикерге екі мақтау, бір ұсыныс жазып ұнаған жұмысқа жапсырады.
Қорытынды.
 Түрткі сұрақтарды қолдана отырып сабақты бекіту.
Оқушылардың жиналған бағаларын назарға ала отырып, қортынды бағалаймын.
Рефлексия:
«Мен.... есептеймін. Ең табысты болғаны...... Менің ұсынысым бар....»
 
Оқушылар бекіту сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерін еске түсіре отырып, сыныптағы оқу әрекетіне талдау жасайды, баға береді.

Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқу

№17 -18

Тақырып: «Кеуде алжапқышының негізгі сызбасын жасау үшін өлшгем алу»
Мақсаты: Сызба кестесінің негізгі бағытын таныстырамыз. Сызбада алжапқыш пішінінің негізін орындауды үйретеміз.
Өз бетінше ұқыпты әрі жылдам жұмыс істеу арқылы тәртіптілік пен саналыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Алжапқыш сызбасының жасалуы және сызбаға қосымша бөлшектер жасау және өлшем алу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: Көрнекілік, БҮҮ, ВЕНН диаграммасы.
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі. Математика.
Көрнекілік: «Алжапқыш жасау үшін дене өлшемін алу», «Алжапқыш сызбасының құрылысы» кестелері, сөзжұмбақ, т. б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
1. Көрнекілік стратегиясы:
Суретке қарап әңгіме жазамыз.
Ой пікірімізді ортаға саламыз.

2. Сөзжұмбақ:
Жауаптары:
1. Мата түрі (мақта)
2. Тігін машиналарының түрі (қол)
3. Тігін құралы (жіп)
4. Тігін машиналарының түрі (аяқ)
5. Қолтігіс түрі (қайып)
6. Тігін құралы (оймақ)
7. Мата түрі (зығыр)
8. Тігін құралы (қайшы)

«БҮҮ»стратегиясы:
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Алжапқышты үйде тамақ пісіргенде киеді Алжапқыш пішіп үйрену Сабақ соңында оқушылар не үйренгендері туралы жазып шығады)

Алжапқыш түрлі матадан тігіледі Қандай тігістер қолданады. Алжапқышты тігіп үйрену. Алжапқышқа әдемі жиектер тігіп үйрену
Әр түрлі алжапқыштар болады
Мағынаны тану:

Кез келген бұйымды дайындау үшін оның сызбасын жасау керек. Ал сызбаны дайындау үшін адам денесінің өлшемін алу қажет. Алжапқышты тікпес үшін бұрын оның сызбасын құрастырып үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігінің сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескеру керек.
- Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді. Белін алдын ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұру керек. Өлшемді сантиметрлік таспамен түсіреді. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға айналым мен ен өлшемдерін жартылай жазады.
Оқушылардың сызықтарды адам денесіндегі сынадай 3 орын бойынша нықтап белгілеуге болатынына көз жеткіземіз.
Кеуденің жоғарғы тұсы – кеуде енінің сызығы.
Белдің төменгі шеті – бел сызығы алжапқыштың ең төменгі бөлігі бұйымның төмен бөлігі жағындағы сызық. Оқушылармен бірге алжапқыш бөлшектердің әрқайсысы өз атаулары бойынша атап көрсетеміз. Мысалы, мынау кеуде тұсы – аспа баулары белдегі бұйымның төменгі бөлігі – алжапқыш қайта нұсқау картасы бойынша алжапқыш сызбасын жасау үшін оқушылар адам денесінің өлшемін алады.

Алжапқыш сызбасын жасау үшін дене өлшемін алу
Шартты белгілер Өлшем алу ережелері Өлшемнің атаулары Менің өлшемдерім
Ұқ Бел сызығының қалған ұзындыққа Кеуденің ұзындығы
Ұб Бел сызығының қалған ұзындық Бұйымның ұзындығы
Жб Бел сызығын қынаған жіп бойынша Жартылай бел айналымы
Жмқ Жамбас үсті нүктелері бойынша Жартылай мықын айналымы
Осыдан кейін 2 - ші нұсқау картасы бойынша алжапқыш құрудың есебі орындалады.

Алжапқыш сызбасының құрылысы, нұсқау картасы
Шартты белгілері Бөлшектердің атаулары Есептеу формуласы Есебі (см)

Оқушылар алжапқыш сызбасын дайындап шығады.
Ой толғаныс:
1. Сызбада неліктен жартылай өлшемде орындалады?
2. Алжапқыштың ұзындығы қалай анықталады?
3. Неліктен Б, Т, К нүктелері сызбада осы әріптермен белгіленеді?
4. Белді жартылай қынайтын өлшем не үшін алынады?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, қыз баланы киіндіреміз.

Ой қорыту: «Қарша борату» ойынын ойнатамыз. Оқушылар бүгін сабақтан үйренгенін және алдағы күнде не күтеді ой пікірін жазып, қағазды умаждап сынып оқушыларымен бір бағытқа қарай лақтырамыз (аты - жөні жазылмайды).
Бағалау: Әр топ өз жұмыстарын келесі топтарға көрсетіп, бір - бірін бағалайды.
Үйге тапсырма: Қажетті құрал - жабдықтар әкелеміз.
Жұмыс орнын жинастырамыз

№ 20

Тақырыбы: Алжапқышты үлгілеу
Сабақтың мақсаты: оқушыларды таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрету.
Білімділігі: Оқушыларға алжапқышты үлгілеуде, бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;
Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой өрісін дамыту;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар, тігінші сызғышы, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Өткенді қайталау:
1. Activote құрылғысымен жұмыс істеу.
Оқушылар арнайы бағдарламамен тест шешеді.
Өздерін бағалайды.

ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Өткен сабақта біз алжапқыштың сызбасын құрғамыз. Бүгін «Алжапқыштардың ғажайып әлемі» туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алжапқышты үлгілеу»
Бүгін барлығымыз сәнгер құрастырушы боламыз.
Сабақтың мақсаты - таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрену. Сәнгер – суретші, сәнгер - құрастырушы, тігін өндірісінің технологы, тігінші мамандықтарымен танысамыз.
Дәптерге тақырыпты жазғызу.

IV Жаңа сабақты меңгеру.
1. Оқушылармен әңгіме жүргізу
«Үлгілеу» дегеніміз не?
Бұйымды өзгертуге бола ма?
Алжапқыштың бөліктерін қалай өзгертуге болады?

2. Мұғалім сөзі
Киімді құрау модельдеумен тығыз байланысты. Киім бөлшектерінің формаларын өзгерту және оларды көркемдеу модельдеу жолы арқылы орындалады. Бұйым бөлшектері форма бойынша бір - бірімен үйлесуі керек. Киімді дайындау және модельдеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Олар:
Суретші - сәнгер – киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе - теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай - ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.
Суретші – құрастырушы – сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.
Тігін өндірісінің технологы – сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.
Тігінші – тігін операцияларын орындайды.
Модельдеу – таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту процесі. Бұл – сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі. Модельдеудің бірнеше түрлері бар.
1. Көркем модельдеу – модельдердің жиынтығын құру, бұл жерде киімнің сәні мен стилін ескеруі керек, онымен суретші - сәнгер айналысады.
2. Техникалық модельдеу – эскиздер, суреттер бойынша сызбалар мен пішіндерді жасау, онымен сәнгер - құрастырушылар айналысады.
Кез келген сәнгердің жұмысы: “кім үшін – не үшін – неден” деген формуладан басталады.
Киім - пайдалануына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады. Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы - шыттан, зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді орналастыру керек. Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді, сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді ойластырған жөн. Сәндеу үшін таспалар, сутаж, көмкерме тесьма қолданады.
Үлгілеу ережелері.
1. Алжапқыштың сызықтарын өзгерту кезінде бөлшектердің формалары әр түрлі болмауы керек екенін есте сақтау керек: егер төменгі жағы жартылай дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш болса, қалтасы немесе кеудесі дәл сондай формада болуы керек.
2. Егер алжапқыш түрлі - түсті матадан тігілсе, қиюын бір түсті ету қажет, сонымен бірге ол мата түсінің біріне сәйкес келуі керек.
3. Негізгі матаның суреті неғұрлым ірі, ашық түсті болса, қалтасының, етегінің суреті соғұрлым ұсақ болғаны дұрыс.
4. Ашық түсті маталарды ашық емес, ақ, қара, сұр түстермен үйлестіру керек.
5. Боз, түссіз маталарды ашық түсті қиындармен безендірген жөн.
Үлгілеудің әр түрлі тәсілдерін үйрету:
1. Көрнекіліктерден көрсету
- алжапқыштың төменгі бөлігін үлгілеу (қара. пр. 1)
- алжапқыштың қалталарын үлгілеу (қара. пр. 2)

V Практикалық жұмыс:
– практикалық жұмыс барысында ағымдағы инструктаж жасау;
– үлгермеушілерге көмек көрсету;
5
VI. Өткен тақырыпқа анализ жасау және бекіту.
1. «Модель» дегеніміз не?
2. «Үлгілеу» дегеніміз не?
3. Үлгілеудің қандай түрлерімен таныстыңдар?
4. Алжапқышты модельдеу нұсқаларын ата?
5. Көркем модельдеу деген не, ол жұмысты кім орындайды?
6. Техникалық модельдеу деген не, ол жұмысты кім атқарады?
7. Модельдеудің кезеңдерін атаңдар.
8. Матаға пішін бөліктерін қалай орналастыру керек?

VII. Сабақты қорытындылау
– Сабақтың мақсатына жеткенін хабарлау.
– Оқушыларды бағалау.
– Үйге тапсырма беру.
VIII. Үй тапсырмасы: Алжапқышты матадан пішуге пішім бөліктерін дайындау, шыт мата, жұмыс қорабы, инемен және қайшымен жұмыс қауіпсіздік ережелерін қайталау.

. 

№21-22

Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.
Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау.

Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы оң жаққа қарайды.
Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.
Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.
Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Лекалоларды жайып пішу.
Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.

ІҮ Бекіту

Матаны пішу үшін қажетті ереже

Пішу ержесі

Ү Үйге тапсырма

ҮІ Бағалау

№23

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің ерекшлеік сипаттары
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға тұрғын үй жайлы түсіндіру. Тұрғын үй интерьері 
туралы білу, білімдерін қалыптастыру. «Тазалық-денсаулық негізі» тұрғын үй гигенасын білу. 
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамға, ммұқияттылыққа, зейінділіке, шаттық сезімге тәрбиелеу, өмір сүрудің және адам қызметінің оптималды жағдайын жасай білуге, барлығын қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулықтар, итерьбелсенді тақта. 
Сабақтың өту барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин 
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 2 мин 
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20мин 
4. Тапсырмаларды орындау .10 мин 
5. Сабақты бекіту. 5мин 
6. Рефлексия. 2 мин 
7. Үйге тапсырма. 1 мин 
8. Бағалау. 2мин 
І. Үйге берілген тапсырманы тексеру . 2мин 
1. Алжапқыштың фасонын салып келу. 
2. Ребустарын тексеру. 
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин 
Сергітту сәтті. 
Бір саусағым тіптіде, 
Ұстай алсам жіптіде. 
Екі саусақ бірікті, 
Мата қолға ілікті. 
Үш саусағым орамды, 
Жіпті тұйіп орады. 
Өнерлі екен он саусақ, 
Сурет салсақ, үй салсақ, 
1-слайд 
Бүгінгі сабақтың тақырыбын слайд арқылы ашамыз. 
2-слайд. 
Қандай мақсатты көздейміз. 
3-слайд. 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20мин 
Тұрғын үй интерьері. Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым. Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар, жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді. Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады. 
Композиция (латынның compositio сөзінен) құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді (87- сурет). Тұрғын үй интерьерінің композициясы – тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементердің өзара үйлесңмділігі. 
4-7 слайдтар 






Тұрғын үй гигиенасын айта кетсек. 
Пәтер- адамға және оның денсаулық жайына әсер ететін қуатты фактор. 
Тұрғын үй іші ортасының сапасына мына жайлар әсер етеді: 
- Сырттағы ауа; 
- Толық жанбаған газ өнімдері 
- Тағам дайындау процесінде пайда болатын заттар; 
- Жиһаз, кітаптар, киімдерден бөлінетін заттар; 
- Тұрмыс химиясы; 
- Темекі түтңнңнен бөлінетін заттар; 
- Орынжайды санитарлық нормаларының (адамдар санының) сақталуы және т.б. 
Сондықтан да пәтер жөндеу және өңдеуге арналған материалдар таңдау кезінде, денсаулыққа зиян келмес үшін мұқият болу керек: кір жуу құралдарын абайлап қолдану, санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау қажет. 
ІV. 1-Тапсырма: Сөздерге анықтама беріңдер. 
Интерьер_____________________________________________________________________ 
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Функционалдық аумақтарды атаңтар. 
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Инерьер неге байланысты болады? 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Композиция 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әсемдік жасалуы элементтерін ата 
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-Тапсырма: Тақырыпқа байланысты санжұмбақ құрастыру. 
3-Тапсырма: бөлме ішін салу. 
V. Сабақты бекіту. 5мин 
1.Эстетикалық әсемдеу дегеніміз не? 
2. Тұрғын орынжайды күн сайынға жинауға қандай жжұмыстар кіреді? 
3. Интерьер түрлерін атаңдар? 
4. Ауыл мен қала тұрғын үй интерьерінің айырмашылығы неде? 
VІ. Рефлексия. 2 мин 
Білемін Үйрендім Білгім келеді 
Тұрғын үй интерьері не екенін білдік. 
Бөлме ішін қалай әшекейлеуге түсіндім Әр түрлі инерьерді білгім келеді. 

VІІ. Үйге тапсырма. 1 мин 
Өз бөлмелерінің суретін салып келу. 
VІІІ. Бағалау. 2мин 
Бағалау парағы. 
Бағалау 

№ 24

Сабақтың тақырыбы: АС ұүй менбалалар бөлмесінің интерьері 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.
Білімділік: Оқушыларды үйдегі жиhаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету.
Дамытушылық: Жиhаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас, интерактивті.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспеқағаздар,стикерлер
Пән аралық байланыс: Психология, бейнелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, оқулық, түрлі-түсті қарындаш

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақ

4.Сергіту сәті

5.Шығармашылық жұмыс

6. Сабақты бекіту

7.Үйге тапсырма беру

8 Бағалау


Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлығын бақылау. Оқушыларды кеспе қағаз арқылы үшке бөлу. 1 топ-Сәулет тобы 2 топ-Дизайн тобы. 3топ-Декор тобы.

ІІ Үй тапсырмасы : Электр тізбегі және оның элементтері. Кеспе қағаз тарату арқылы тапсырма беру.

Ток көздері деп нені айтамыз?

Электр өткізгіш материалдарды ата?

Электр сымымен бауының айырмашылығы неде?

Монтер пышағы не үшін қажет?

Электр тұтынушылар дегеніміз не?

Ой қозғау

ІІІ.Жаңа сабақ: Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты аштырту. Тақтадан суреттер көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады. –Балалар, экраннан не көріп тұрсыңдар? Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздарды ата? Үйді жиһаздау дегеніміз не? Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ? Жарайсыңдар балалар! Дәптерімізді ашып, бүгінгі жаңа тақырыбымызды жазып қояйық. Бүгін сіздер үй интерьерімен танысасыңдар. Балалар интерьер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Интерьер француз тілінен алынып, « ішкі» деген мағынаны білдіреді. Үйдің ішін безендіру деген сөз. Біздің тұратын, жұмыс жасайтын және демалатын пәтеріміз ыңғайлы, жайлы, әдемі болуы керек. Интерьер-орынжайлардың ішкі кеңістігін,әсемдік жайы мен түрлі жабдықтарды біртұтас үйлесімді жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі. Композиция –бұл құрастыру, жалғастыру, байланыстыру мағынасын білдіреді. Тұрғын үй интерьерінің композициясы-тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементтердің өзара үйлесімділігі. Ол компоненттерді (жиһаз,шам,тұрмыстық жабдықтарды) бір-біріне біртұтас бағындырып үйлестіреді. Пәтердің белгілі бір өмірлік процестері өтетін жекелеген учаскелері функционалдық аумақ деп аталады. Жалпы бөлме, ас үй, балалар бөлмесі, жатын бөлме және т.б. арналған аумақтар болады. Интерьерде жарықпен әсемдеу, сәндік жабдықтар, көгалдандыру, жабдықтардың формасы, сыртқы беттерді әсемдеу, заттарды орналастыру болып табылады. Эстетикалық әсемдеу –заттар мен кеңістік үйлесімділігі болып табылады. Пәтер ішінде ауа жақсы тазартылып , қалыпты жылу –ауа ортасы жасалуы керек. Ойластырылып жасалмаған жарықсыз үйдің жайлы болуына қол жеткізу мүмкін емес. Шамдар таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Шамдар жалпы, жергілікті, құрамдастырылған, бағыттап жарық түсіретін және декорациялық болады. Жапқыштар интерьерде біршама рөл атқарады. Олар пәтердің , бөлменің алғашқы әсерін береді. Жалпы бөлме үшін қанық түсті, айқын суретті, маталар жақсы көрінеді. Жатын бөлме үшін жұмсақ реңкті, жайлы түстер үйлесімді. Балалар бөлмесі үшін қанық ашық түсті, жылы реңкті маталарды таңдаған жөн. Ас үй пердесі үшін тор, жолақты, гүлді суретті материал қолданылады. 
IV. Сергіту сәті «Жалғасын тап»ойыны ( Оқушыларға мақалдың басын айтамын ,соңын тауып жалғастырыңыздар.) 1.Ұяда не көрсең.....(ұшқанда соны ілесің). Балалы үйдің....(ұрлығы жатпайды)....3.Үй иесі мейірлі отырса..... (қонақ иесі көңілді отырады.). 4..Өз үйің.......(өлең төсегің)

5Талаппен бастап..........(талғаммен аяқта)

V.Шығармашылық жұмыс

Балалар,берілген тақырыпқа сәйкес үй интерьерін қызықты етіп композиция құру. Оқушылар тапсырманы топ болып орындайды. Орындаған жұмыстарын қорғап шығады.

VІ Бекіту. «Сәйкестендіру кестесі» арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімін тексеру.
VІІ Бағалау. Стикер үлестіру арқылы бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма беру

Өз бөлмеңіздің интерьерін бейнелеңіз.

№25

Тақырыбы: Киім және аяқ - киім гигиенасы
Мақсаты: Киім, аяқ - киім жайлы жан - жақты мағлұмат беру
Білімділігі: Киім және аяқ - киім жайлы, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - танымдық, есте сақтау, іскерлік қабілеттерін арттыру
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, эстетикалық талғамдарын арттыру
Типі: Аралас
Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: СТО элементтері
Көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивтік тақта, сәйкестендіру тесті
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу
Ә) Сабаққа назарын аудару
Б) Топқа бөлу, бағалау парағын тарату
II Үй тапсырмасын сұрау
«Кім жылдам?» ойыны
Ұяшықтарға сұрақтар жасыру
10 10 10
20 20 20
30 30 30
1. Машинада дұрыс отыру тәсілі
2. Жұмысты бастау үшін қандай операциялар орындалады?
3. Тігін машиналарының неше түрі бар?
4. Машина тігістерінің түрлері?
5. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды?
6. Машина жұмысын аяқтау үшін қандай операциялар орындалады?
7. Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындайды?
8. Жалпы машина тігісіне қандай талаптар қойылады?
9. Жабық киықты тігіс дегеніміз не?
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Сәйкестендіру тесті
Тігіс Қолдануы
Қайып тігу
Жабық қиықты бастыра тігу
Әдіптеу
Ашық қиықты жөрмеп тігу
Жабық қиықты жөрмеп тігу Бір бөлшекті екіншісіне бастыу жолымен біріктіру
Ішкі бөлшектің шетін өңдеу
Бөлшектің шетін өңдеу
Екі бөлшекті бір - біріне біріктіру
Бөлшектерді біріктіріп, соңында қайыру
ІV Жаңа сабақ
Білемін 
Білгім келеді 
Үйрендім
Мәтінді оқу ( 5 мин )
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек. Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.
Аяқ - киім ыңғайлы, берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл – қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ - киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек. Аяқ - киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Башпайдың аяқ - киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн.
Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ - киім өкшесінің биіктігі - 1 - 2 см
Жоғары сынып оқушылары - 2 - 3 см аяқ - киім кигені жөн.
Сол сияқты кроссовкаларды үнемі киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.
Аяқ - киімді кремдеуден бұрын оны шаң мен кірден тазалап алу керек. Жылтырап тұруы үшін крем жаққаннан кейін әуелі щеткамен, содан соң түгі бар жұмсақ матамен ысқылау қажет.
Ү Жаңа сабақты бекіту
« Топтастыру» әдісі
ҮI Қорытынды
Сәйкестендіру тесті
Тігіс Қолдануы
Қайып тігу
Жабық қиықты бастыра тігу
Әдіптеу
Ашық қиықты жөрмеп тігу
Жабық қиықты жөрмеп тігу Бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолымен біріктіру
Ішкі бөлшектің шетін өңдеу
Бөлшектің шетін өңдеу
Екі бөлшекті бір - біріне біріктіру
Бөлшектерді біріктіріп, соңында қайыру
ҮII Бағалау
Оқушының аты - жөні «Кім жылдам?» Сәйкестендіру тесті Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
«Топтастыру»
Жалпы ұпайы Бағасы
ҮIII Үйге тапсырма
Реферат жазу «Киім және аяқ - киім гигиенасы»

№26

Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары                          .

Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік    - тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы,оларды қалай дайындау керек екенін үйрету.Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету.

2.Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру,эстетикалық талғамдарын дамыту;

3.Тәрбиелік – еңбек мәдениетіне,іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс:     биология,химия,информатика.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тұқымдар,бұрыш тұқымдары,тыңайтқыш түрлері.

Қажетті құралдар: интерактифті тақта,күрек, кетпен, тырма,тыңайтқыш, полиэтилен.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Бүгінгі сабақтың ерекшелігі теориямен практиканы байланыстыра өту;

2.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

ІІ.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.

1.Сорт дегеніміз не?

2.Тұқым сапасына қандай талаптар қойылады?

3.Тұқымның өңгіштігін қалай анықтап бере аласың?

4.Тұқымның дымқылдануы неліктен болады?

5.Қуатты өсімдіктер дегенді қалай түсінесің?

6.Тұқымды сақтау ережесін айтыңдар?

7.Практикалық тапсырма :а)берілген тұқымдарды ажырату;

 б)тұқымның өңгіштігін анықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ:Теориялық бөлім.

Тұқымды себер алдында арнайы өңдеуден өткізеді.Сонда ғана тұқымның өніп-шығуына және өсімдіктердің одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осындай жағдаларды атап өтелік:1)ылғалды барынша сақтау,

2)арамшөмтерді отау,

3)өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау,

4)топырақты су,ауа және жылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу,

5)дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу.

Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу,культивациялау және тегістеу арқылы жүзеге асырылады.

Тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабатын қопсытып,арамшөмтерді жоямыз. Ылғалдың бұға айналып,ұшып кетуін азайту үшін,егістіктің бетін тегістейді.

Бұл үшін ауыр,орташа және жеңіл тырмаларды пайдаланады.Ауыр тырмалар топырақтың беткі қабатын терең әрі күшті қопсытады.Тырмалардың түрін топырақтың жағдайына қарай таңдап алу.Тұқым сепкенге дейінгі культивациялаудың мақсаты тырмалаудың мақсатымен бірдей,яғни арамшөмтерден тазарту,ылғалды жинап,сақтау.Егер тырмалаған кезде топырақтың үстіңгі қабаты 4-7 см тереңдікте өңделіп, қопсытылатын болса, культивациялаған кезде 8-14 см тереңдікте өңделіп,қопсытылады.

Тығыз топырақтың су және ауа өткіштігі төмен болады,онда өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар өсіп дамиды,тез сіңетін минералды қосындылар саны азаяды,микробиологиялық процестер баяу өтеді,сондықтан оны қопсыту керек.Тұқымның қалыпты өсіп-өнуі үшін су, жылу мен ауа қажет. Тұқымда  суды өз бойына сіңіріп алатын заттар бар.Құрғақ тұқым ылғал тұқымға қарағанда суды көбірек сіңіреді.Тұқымға ылғал келмей қалса, оның өсіп-өнуі тоқтайды.Малалау топырақтың белгілі бір қабатын нығыздауға мүмкіндік береді,ал мұның өзі ылғалдың капилляр арқылы төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтерілуін және дәннің нығыз болуын қамтамасыз етеді, сондықтан тұқымның өнгіштігі жоғары болады.Топырақтың құнарлығын ,егіннің өнімділігін арттыру үшін топыраққа    органикалық  және  минаралды заттар қосады.Тыңайтқыш топырақтағы физикалық, химиялық және микробиологиялық процестерге әсер етеді.Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық,минералдық бактериялық болып үш топқа бөленеді.

Минералдық тыңайтқыш көп қаржыны қажет етеді,сондықтан өз ауылымызда бақшаға органикалык тыңайтқыш пайдаланған жөн.        

Бітік егін алынған жылы оның ішінен бірігей тұқымдарын таңдап алып, дұрыс сақтау, дер кезінде тұқымдық сапасын тексеріп, тұқым себуге жақсылап әзірлеу керек.Тұқымды тазалаудағы мақсат-оны әр түрлі қоспалардан тазарту,ал сорттаудың мақсаты-тазартылған дәнді тұқымға және азық-түлікке арнап бөлу.

Тұқым танап бетіне біркелкі себілуі тиіс.Себу кезінде тұқымның танап бетінде біркелкі орналысуы, қажетті тереңдікке сіңірілуі және нығыздалған топыраққа түсуі, өсіп шыққан сабақтақтар жиілігінің бірқалыпты болуы қажет.Дақылдардың себудің түрлі әдістері бар,олардың ең көп тарағаны-қатарлап себу.Ол жаппай ,тар қатарлы,таспалы, кең қатарлы және ұялап себу деп бөленеді.

IV. Сабақты қорытыңдылау. Жас бағбандарға кеңес.

1.Көкөністер егетін жерді әзірлеу.

2.Жерді тыңайту.

3.Дақылдарды егу.

4.Тұқымды әзірлеу.

5.Тұқымды себу мерзімі.

6.Тұқым себудің тереңдігі.

1001 ұсақ –түйек.

Тұқым себу.

  • Әсірісе ұсақ тұқымды себу кезінде мұқият болған жөн.
  • Ұсақ тұқымды ұшталған шыбықпен тайыздау қазған жүйекке себеді;
  • Тұқымды тым жиі салуға болмайды;
  • Жүйекке тұқымды салған соң оның бетіне 0,5 см қалындықта шіріген көң аралыстырылған топырақты салады да алақанмен нығыздау керек;
  • Соңсон оның үстіне тағы да 1-2см қалындықта көң не шымтезек себеді,бұл жүйекті тез кеуіп кетуден сақтайды.

V.Бағалау.Бүгінгі сабаққа білімдерін көрсетіп, белсенділікпен қатысқан барлық оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма.§2;6;7;8;9.

VII.Практикалық бөлім.

Тәуелсіздік алып ,Республика атанған сәттен бастап,еліміз өз таңдауы бойынша нарықтық экономикаға бет алды.Казіргі уақыттағы жаһандану кезіндегі нарықтың бір бөлігі болу үшін бізге тез арада жаңа жағдайларда бейімделіп,жаңа қағидаларға сүйенуіміз қажет болды.Соған орай үкімет ауылда орналасқан  мекптерге жержәне техника тегін бөліп отыр.Біздің мектепке де жер берілген соңы игеру үшін тұқым себіп,көшеттер дайындау керек. .

1.Жартылай күрек жердің бетіңдегі топырақты аламыз.

№ 27

Сабақтың тақырыбы: Бөлме жағдайында көшет өсіру.

Сабақтың мақсаты: 1. Сабақты биология пәнімен байланыстыра отырып, оқушыларға бөлме гүлдерін өсіру, көбейту, күтіп баптауды үйрету.

2.

3. оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, эстетикалық талғамын шыңдау арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері,слайдта тапсырмалар, сұрақтар жазылған.

Керекті құрал –жабдықтар: Жәшіктер, түбек, пияз, гүл нәлі.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап.

Пәнаралық байланыс: Биология, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үйге тапсырмасын бекіту, сұрақтар арқылы пысықтау.

Оқушыларды өз – өздеріне бағалату.

3.Жаңа сабақ

Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын өсімдік жамылғысы немесе флора дейміз. Қазіргі кезде Қазақстанда шамамен 6000 өсімдік түрі кездеседі. Олар бір-бірінен пішіні, құрылысы, өмір сүру ұзақтығы, көбею ерекшелігімен, таралу аймағы жағынан ажыратылады. Өсімдіктердің жалпы ұқсастығы олардың түсінің жасыл болуында. Өсімдіктер айырмашылығына қарай екі сатыға бөлінеді. Төменгі және жоғарғы сатылы өсімдіктер. Төменгі сатылы өсімдіктер - балдырлар. Балдырларда бізге таныс тамыры, сабағы,жапырағы, гүлі болмайды. Олар біртұтас жасушалардан тұрады.Жоғары сатылы өсімдіктерге қырыққұлақ, жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар жатады. Өсімдіктер гүлдері және жемістерінің түсіне қарай алуан түрлі болады. Оларды гүлді өсімдіктер дейді. Жалпы саны 250 мыңға жетеді.Жер шарының барлық жерінде таралған. Кейбір өсімдіктердің дапырағы болмайды. Жер шарының барлық жерінде тараған.Кейбір өсімдіктердің гүлдері болмайды. Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктерде қорғауды қажет етеді. Ағаштарды ретсіз шабуға , орман ішіндегі алау жағуға, гүлдерді жұлуға, шөптерді табтауға болмайды. Орман, дала, егістік алқап – көптеген жануарлардың мекенжайы немесе үйі.

Өсімдіктерге келесі қауіпті жағдай - ауаның ластануы. Үлкен қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының көбеюі және адамадардың ұзақ жасанды материалдармен жабдықталған кеңседе жұмыс істеуі – жасыл өсімдіктерге деген сұранысты қалыптастырады және оның маңызы өте жоғары. Өсімдіктер бөлемеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік береді. Үй іші өсімдіктер өсіру жылдық маусымдар ауысып отыратын елдерден шықты. Яғни адамдардың ең болмағанда бөлмесінде жазғы атмосфераны қалыптастыруға деген талпынысы. Өсімдіктерді жыл бойы өсіру үшін арнайы оранжерея салынады.

Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайда өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек. Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдығы және температуралық режим керек. Бөлме өсімдіктері жарық сүйгіш, жылу, көлеңкеге бейім өсімдіктер болып бөлінеді. Жарық сүйгіш өсімдіктерді бөлменің жарығы мол түсетін жерлеріне орналастыру керек. Егер терезенің алдына қойсаңдар әйнекке тимегені жөн. Көлеңкеге бейім өсімдіктерді мүмкіншілігіне жарық көзі көп түсетін терезеден алыста орналастыру керек. Оларға жарықтың қажеті шамалы, онсыз да олар өздерін қолайлы сезінеді. Жылу сүйетін өсімдіктерді қыста терезенің алдына қоюға болмайды. Өйткені терезенің маңындағы температура бөлмедегі температурадан айтарлықтай (4-5 С-қа) төмен болады.

Сергіту сәті.

Практикалық жұмыс. Гүлдерді егіп көрсету, оқушыларға орындату.

Тапсырма.

Сабақты бекіту. Сұрақтар. Қорытындылау

Бағалау. Оқушыларды бір – біріне бағалату.

Үйге тапсырма беру: Жәшікте немесе құмырада өсіру әдісін үйде орындау.

№ 29

Жобаны таңдау және негіздеу

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.

I. Ұйымдастыру бөлімі:

       I.       II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің? Ә)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады? Б) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.

III. Жаңа сабақты баяндау: Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені, білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады.

Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.

Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.

Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, моделдеу, қолөнер, интерьер т.б. Зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.

Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.

Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.

Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш

Қорытынды саты

 

 

1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен кластастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.

Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.

1.  2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.

IY.   Бағалау.

Y.   Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.

№ 30

Тақырыбы: Жоба мақсаты

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.

I. Ұйымдастыру бөлімі:

       I.       II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің? Ә)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады? Б) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.

III. Жаңа сабақты баяндау: Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені, білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады.

Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.

Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.

Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, моделдеу, қолөнер, интерьер т.б. Зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.

Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.

Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.

Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш

Қорытынды саты

 

 

1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен кластастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.

Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.

1.  2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.

IY.   Бағалау.

Y.   Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.

№31

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба Таңғы асқа дастархан жасау
Жалпы мақсаты: Тәуліктік меню құруды үйрету. Таңғы дастарханды жабдықтап үйрету. 
Міндеттері: 
1. Тәуліктік меню құруды үйрету 
2. Дастархан мәзірін дайындауды үйрету. 
3. Шығынын есептеп шығаруды үйрету.
Оқыту нәтижесі: Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді. Меню құруды үйренеді, шығынды есептеп шығады.
Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау ( Уақыт шеңбері)
ІІ. Жаңа сабақ ( рольдік ойын ) алдын - ала тапсырма беру
ІІІ. І тапсырма ( Өз жұбыңды тап. (калория)) ІҮ. ІІ тапсырма ( тест) Қорытынды Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- оқушылармен амандасу.
- сынып тазалығын тексеру
- Оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау
Бағалау.
Бағалау парақшасы таратылады.
Үй тапсырмасы: «Уақыт шеңбері»
1. Тортты әрлеу тәсілдерін айтып бер.
2 Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді? Сен көбіне қандай әрлеу түрін қолданасың?
3 Қандай өнімдерді пісірместен бұрын әреп алады? Сен осы тағамның қандай түрін пісіре аласың?
4. Тағамдарды дастарқанға үсынбас бұрын әрлеу жұмысын не үшін жасау керек деп ойлайсың?
5. Қонақ шақырғанда ең бірінші жасалатын қағида.
Жаңа сабақ «Рольдік ойын»
Рольдік ойын үш топқа таңғы ас, түскі ас, кешкі ас.
Ресторан даяршы ас мәзірін құрастырып қорғап шығу.
Есепшісі кететін шығынды есептеу керек.
Бақылаушы бағалайды.
Сергіту сәті.
Өз жұбыңды тап. (калория)
Мұғалім жүп карточкаларын дайындайды: біреуінде -
Сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы – біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
Таңертеңгілік ас 600 - 700
Түскі ас 900 - 1000
Кешкі ас 600 - 700
Балалар 7 - 10 жас 2380
Балалар 11 - 13жас 2860
Жасөспірім ер балалар(14 - 17) 3160
Жасөспірім қызбалалар (14 - 17) 2760
Студент жастар жігіттер 3300
Студент жастар қыздар 2800
Спортсмендер ер адамдар 4500 - 5000
Спортсмендер әйел адамдар 3500 - 4000
Ауыр жұмыспен айналысатын ер адамдар 45000 - жоғары
IV. Қорытынды
Тест тапсырмалары.
1. Қой етін мүшелегенде нешеге бөлінеді?
а) 12 
ә) 13* 
б) 15
2. Кәрі жілік малдың қай мүшесінде орналасқан?
а) санда 
ә) қолда* 
б) қабырғада
3. Бүйрекке жақын алғашқы төрт қабырғасы етек етімен алынатын мүше?
а) қабырға 
ә) бұғана 
б) сүбе*
4. Асықты жілік, ортан жілік, жамбас малдың қай мүшесінде орналасқан?
а) қолда 
ә) санда* 
б) арқасында
5. Бөлшектеп туралған балық неше минут қуырылады?
а) 5 минут 
ә) 45 минут 
б) 15 минут*
6. Балық фаршынан не дайындауға болады?
а) паштет, котлет, тұшпара* 
ә) балық сорпасы. 
б) омлет
7. Ет құрамында қандай дәрумендер құрамы болады?
а) С 
ә) В тобы* 
б) Р.
8. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді?
а) Каллория* 
ә) Килограмм 
б) Грамм
9. С дәрумені қандай қышқыл деп аталады?
а) Аскорбин қышқылы* 
ә) Тұз қышқылы 
б) Сода
10. Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді?
а) бөлке, нан.
ә) тандыр, қаусырма. 
б) пирожный, торт, печенье. *
V. Бағалау.
Кері байланыс
Білемін Үйрендім Білгім келеді

№34


Сабақтың тақырыбы: Әрлеу тігімдерін қолданып панно жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға панно деген сөздің мағынасын түсіндіру. Оқушыларға панно жасауды үйрете отырып, сәндік қолданбалы өнердің жаңа түрімен таныстыру, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды әр түрлі мерекелерде сыйға тарту.

Білімділік мақсаты: Панно жасауды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту. Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау. Ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу. Тазалық, гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге және оны сақтауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралас байланыс: бейнелеу өнері, биология.
Көрнекіліктер: Панна түрлері, мата, ПВА желім, қайшы, қағаз, таспа, сөзжұмбақ, ереже, нұсқау карта, ине, жіп т.б.

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Технология сабағына керекті құралдарды дайындап қою.
ІІ.Алдынғы сабақта матадан қандай жұмыс жасадық?
Раушан гүлін дайындадық.
Балалар, тек еңбектің арқасында ғана біздің жасаған жұмыстарымыз өз жемісін бермек.
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында жаттаған еңбек туралы бір-екі мақал мәтелдерді айтып жіберіңдер.
Еңбек түбі зейнет.
"Сабағынды жөндеп, әзірленсең ...(еңбек).
Қиындықтың бәрін, еңбек қана жеңбек."

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар, осы жұмыстарды жасау үшін қандай құрал-жабдықтарды пайдаланғанымызды сөзжұмбақ арқылы шешейік.
Сөзжұмбақ
Иненің серігі (жіп)
Жібек, шыт атлас (мата)
Киім тігетін құрал (Машина)
Кесте тігетін жіп ( мулине)
Тігінші құралы (Оймақ)
Қандай сөз шықты (Панно)

Дәптермен жұмыс.
Панно қоғамдық мәдени орындарын, үй –ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.
Панно түрлері
Жасанды. Матадан. Қағаздан.
1. Икебано жасанды гүлдер және табиғи материалдардан жасалынған панносы.
2.Матадан жасалған гүлдер панносы.
3.Түрлі –түсті қағаздан жасалған жапсырмалау панносы.

Табиғи материалдардың көптеген түрі бар: ағаштың қабығы, бұтағы, кептірілген жапырақтар, кептірілген гүл, жаңғақтың сырты т.б
Панно дайындамас бұрын, қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
Қауіпсіздік ережелері:
Қайшыны бір-біріне бергенде өзіне қаратып беру керек.
Тат басқан, өтпейтін қайшымен жұмыс жасама. Жұмыс орнын таза сақтап, болғасын жинап қою керек.

4. Сарамандық жұмыс.
«Еңбек етсең еленерсің, еңбегіне кенелерсің»деген мақалға сүйене отырып, біз де жұмысымызды әдемі жасауға тырысайық. Оқушыларды үш топқа бөлу.
1-топ: Табиғи материалдармен жұмыс.
2-топ: Матамен.
3-топ: Түрлі –түсті қағазбен.
Жұмыс барысында оқушыларға көмек.

5 Сабақты бекіту. Тақтаға паннолар ілінеді.
Бүгінгі сабақта не жасадық?
"Панно" дегеніміз не?
Панноны не үшін пайдаланамыз?
6. Үйге тапсырма. Ине, жіп, қайшы. «Жіппен бейнелеу»
7 Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймыз.



Предварительный просмотр:

№1

Заманауи ас үй

Жалпы мақсаттар:- Сабаққа деген қызығушылықты арттыру;
Тақырыпты анықтау;
Тақырыпқа қатысты деректеді жинау, деректердің әр түрін салыстырып, дифференциалды тапсырмалардың көмегімен қолжетімді фактілердің артық, кемшілігін бағалау. Жұппен жұмыс істеу арқылы ойды жарыққа шығару;
Бірін-бірі тыңдау;
Зерделеу нәтижелері: Сабақтың қызықты өтуі үшін алдын-ала жақсы көңіл күй сыйлау;
Жұппен жұмыс істеудің пайдасын түсіну. Тапсырмалардың дұрыс орындалысына мән беріп, зейін аудару;
Өзара немесе өзін-өзі бақылау арқылы нәтижеге жетуді көздеу; Бірін-бірі тыңдау арқылы нақты ой қорытындыға келетіндігін байқау;
Түйінді идеялар: Тақырып барысында кездесетін мағлұматтар мен мәліметтерді бір-бірінен есту арқылы үйренеді;
Жұбын бағалау арқылы топтағы ахуалды жақсартады, қандай да бір оң нәтижеге жетуге ұмтылады. Сол арқылы сабақтың қызықты өтуі өрбиді;
Өзін өзі бағалап артық кем кеткен тұстарын саралап, келесі сабақта оны қайталамауға немесе сол бағытты ұстанып жұмыс жасауға талпынады;

Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптағы оқушылар жұппен отырады;
- Амандасамыз!
- Бүгінгі сабаққа тілек айтамын. (Сабақ сәтті өтсін!). Оқушылар маған тілек айтады;
- Сабақтың күні мен сынып жұмысы тақтада жазылып тұрады.
- Үй жұмысын тексеремін;

Іс-әрекеттер
1 әрекет
Ой шақыру
Тақырыпқа қатысты қандай сөздер қажет екенін оқушылардан сұрап анықтау; Бұрын білгендерін еске түсіру;

Жаңа сөздер:
ас үй- кухня
тоңазытқыш - холодильник
сіріңке -спички
күрекше -совок
сыпыртқы -веник
алжапқыш -фартук
сақтаймыз - храним
тамақ кесетін тақтай - разделочная доска
ас үй орамалы -кухонное полотенце
2 әрекет
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып,орысшаға аударыңдар.Осы мәтінді пайдаланып, өзіңдеріңнің ас бөлмелерің туралы айтыңдар.
Ас бөлмесі
Мынау досымның ас үй бөлмесі. Ас бөлмесінде Артемның анасы тамақ дайындайды. Табада жұмыртқа қуырылып жатыр. Шәйнекте су қайнап жатыр. Үстелде жеміс-жидек салынған ыдыс тұр.Түскі тамақтан кейін ол анасына ас үй бөлмесін тазалауға көмектеседі. Ол ыдыстарды ас үйдегі шкафқа қояды. Олар тамақтарын тоңазытқышта сақтайды.
Тапсырма: Жұбыңмен мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

3 әрекет
Фонетикалық талдау.
Тоңазытқыш, жеміс, шәйнек сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
Бағалау:
Жұбыңмен алмасып фонетикалық талдауды тексер,бағала.
4 әрекет
Сергіту сәті. Жорға биін интерактивті тақтадан көріп,қайталау.
1 мин

5 әрекет
Ас үйдегі артық заттарды атаңдар. Интерактивті тақтада суреттер берілген.
Тапсырманы аяқтаңыз
- Insert әдісі бойынша сабақты қорытындылау үшін кестені толтырады:
Не білемін?
Что знаю? Не білдім?
Что узнал? Не білгім келеді?
Что хочу знать?
- Бағалау.
Оқылымды аяқтаңыз. Үй тапсырмасы: Ас туралы, тағам туралы мақал-мәтел жаттау.

№2

Сабақ тақырыбы: Тамақтану бойынша жалпы  мәліметтер.Минералды заттар, макроэлементтер,микроэлементтер.Олардың азы-түлік түріндегі құрамы. Кешкі асқа мәзір құру.Үстелді жабдықтау.

Сабақтың мақсаты: азық-түліктердің құқрамында кездесетін минералды  зат топтарымен танытыру.

Сабақтың міндеттері:

*білімділік- микроэлементтер мен макроэлементтердің адам денсаулығына әсері;

*дамытушылық-құнарлы заттар туралы білімдерін кеңейту;

*тәрбиелік – СӨС қағидаларына тәрбиелеу, «Дәрі-дәрмексіз денсаулық» қағидасына сәйкес дәріханаға жүгінбей-ақ ағзаны минералды заттармен толықтыру.

Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі  витаминдер,  минералды тұздардың құрамы» схемалар,»Дастархан жабдықтау » кестесі

Пәнаралық байланыс:

Математика, биология, қазақ тілі,химия

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі

Салемдесу, түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Қазіргі заманғы ас бөлмесі

Электр жабдықтарын пайдалану

Қазақтың ыдыстары мен қару-жарақтары

Киіз үй жабдықтары

ІІІ Жаңа сабақ

Дұрыс тамақтану-адамның тіршілік етуінің ең маңызды шарттарының бірі.

Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Олар жасушалардың,ұлпалардың, қанның құрамына кіреді, ағзада болып жатқан үдерістерді реттеп отырады.

Тағамның 100 г құрамындағы ондық, жүздік миллиграмм мөлшеріндегі минералды заттар макроэлеменнттер деп аталады. Оларға жататаындары – кальций,калий, магний,натрий,фосфор,күкірт,хлор. Ал тағам құрамындағы аз мөлшердегі заттар микроэлементтер деп аталады.Олар –йод,фтор,темір,мырыш,марганей,хром.

Минералды заттардың маңыздылығына қарай ең алдымен атап өтілетіні-кальций,калий,натрий,темір, магний және йод.

Кестемен жұмыс.

Әрбір тамақтанған сайын мәзір жасау қажет.

Мәзір құру

Кестені қолдану арқылы

-Кіріспе нұсқаулық өткізу;

-Мәзірді зерделеу;

-Кеселермен танысу;

Жұмыс ережесі;

-Ағымдағы нұсқаулық өткізу;

-Азық-түлік таңдау;

-Гигиеналық талаптар;

-Дербес жұмыс;

Қорытынды нұсқаулық өткізу

ІҮ Сабақ бекіту

Рефлекция

1.Сөйлемді аяқта

«Мен адам ағзасының дамуы мен өсуі үшін  азық-түлік құрамынының аса маңызды екенін білдім,себебі ...»

2. Мұғалімнің бірге тақтада жоба құрастыру

Ү.Қорытынды жасау

Сабақта қандай жаңав мәліметтер білдіріңдер?

Қандай қиындықтар сездіңдер?

ҮІ Үй тапсырмасы

Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып 3 күнге ас мәзірін құру

№3

Сабақтың тақырыбы:  Тағам даярлаудың негізгі әдістері . Жылумен өңдеу түрлері.Жарма өнімдерін бастапқы өңдеу.жармадан жасалған тағамдар.Қарақұмық боқасы. Сәбіз қосылған котлет.

Сабақтың мақсаты: II тарау бойынша білімдерін жинақтау және жүйелеу.

Білімділік: тамақ әзірлеу және қамыр түрлерінен өнімдер даярлау технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: қиялдай білуге, елестете білуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, өзін - өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету.

Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету, қарым - қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өтілген материалды жалпы қайталау және жүйелендіру сабағы.

Пәнаралық байланыс: биология, химия, әдебиет.

Сабақ өтудің әдістемелік ерекшеліктері:

- сабақ ойын түрінде өтеді, топ арасындағы жарыс.

- бұл сабақ осы тараудың соңғы тақырыбы болып табылады.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаны қолдану, слайдтар көрсету.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың сабаққа қатысымын қарау.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Бүгін біз «Тамақтану мәдениеті мен тамақ әзірлеу технологиясы» тарауы бойынша соңғы сабақ өткіземіз. Өз туған күндеріңді естеріңе алыңдаршы, үй іші жарқырап, дәмді күлшелердің иісі аңқып және осы иістен жайлы сезім туып, көңілденесіңдер. Әрине, күлшелер мен бәліштерді дүкеннен де сатып алуға болады. Бірақ осы дәмді тағамдарды әзірлеп үйрену соншалықты қиын емес. Сондай - ақ сендер менің ойымша, көп нәрсені жасай аласыңдар және білесіңдер.

Бүгін біз бұған көз жеткізуге тырысамыз. Ал біз мұны білу үшін сабағымызды топтар арасындағы жарыс түрінде өткіземіз.

II Жарыс - ойын

1. Таныстыру.

2. Сұрақ - бізден, жауап - сізден.

3. Үй тапсырмасы.

4. Біліммен шықтық жарысқа.

5. Ойлан тап.

6. Мақал - мәтелдер сайысы.

7. Капитандар сайысы.

8. Қорытынды.

Ойын ережесі.

Ойын топтар арасында жарыс түрінде өтеді, сайыс тапсырмалары балмен бағаланады. Жеңген топ жинаған бал саны бойынша анықталады.

Бағалау критерилері: дұрыс және толық орындау шешімнің өзіндік ерекшелігі тапсырманы берілген уақытта орындау.

Мадақтау ұпайлары: қосымша жауап (3 ұпай)

уақыттан бұрын айтылған жауап (2 ұпай)

айыпты болған жағдайда шегерілетін ұпайлар:

дәптер қолдану (2 ұпай)

мұғалімнің көмегі (2 ұпай)

қате талдау жасау (2 ұпай)

Мынадай кесте тақтаға ілінеді:

Топтар. Байқау. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.

I Витаминдер

II Крахмал

1 Таныстыру

Әр топ басшысы топ мүшелерімен таныстырады.

2 Сұрақ - бізден, жауап - сізден.

1. Ішек жұқпалы аурулары қалай жұғады? (Қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған, тазартылмаған жеміс - жидектер жегенде т. б)

2. Бұл аталған аурудың алдын алу қалай жүзеге асырылады?(Жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау керек)

3. Сальмонеллаза ауруына адам қалай шалдығады?(Пісірілмеген сүтті, етті,

ІІІ.Қорытынды.

Описание: http://shyely-mektep46.narod.ru/buimtandau_clip_image001.gif

ІҮ.Үйге тапсырма

Тағам пісіру

Ү.Бағалау

№4

Сабақ тақырыбы: Бұршақтұқымдас және макарон өнімдерінен дайындалатын тағамдар

Сабақтың мақсаты: 

*білімділік -Оқушылардың жарма және бұршақтұқымдастардың маңызы, жармадан тағам дайындау технологиясы туралы  білімді меңгерті қамтамасыз ету.Сабақтың міндеттері:

- *дамытушылық-тағамдарды дайындаулың технологиялық карталарын құру қабілеттерін дамыту

*тәрбиелік – ұжымда жұмыс істеу, өзара көмек көрсете білуді тәрбиелеу

Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі  витаминдер,  минералды тұздардың құрамы» схемалар,»Дастархан жабдықтау » кестесі

Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі

Салемдесу, түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Қазіргі заманғы ас бөлмесі

Электр жабдықтарын пайдалану

Қазақтың ыдыстары мен қару-жарақтары

Киіз үй жабдықтары

Тамақ әзірлеу технологиясы

ІІІ Жаңа сабақ

Макарон шщыққан жері қай ел? Италияның оңтүстік қалаларында гректерде пайда болған деп айтады.

Макарон дайындау

Макарон  Су  Май   Ірімшік

Су мен макарон пісіріледі. Май мен ірімшікке араластырылады .дайын тағамның үстіне ірімшік себіледі.

Бұршақтұқымдастардан жасалған  тағамдар.

ІҮ Сабақ бекІТУ

Сауалнама жүргізу

  1. Азық-түліктің құрамына енетн заттарды ата?
  2. Майлар қандай роль атқарады?
  3. Ағзаға дәрумендер  қалай әсер етеді?

«Сөйлемді жалғастыр »

 Ойынын  өткізу

Ү.Қорытынды жасау

Сабақта қандай жаңав мәліметтер білдіріңдер?

Қандай қиындықтар сездіңдер?

ҮІ Үй тапсырмасы

Макарон  өнімдерінен тағам пісіру

№5

6-сынып 29.09.2015ж.

Сабақтың тақырыбы:

Сүт және сүт өнімдері

Жалпы мақсаты

   Оқушылардың сүттің қоректік құндылығы мен емдік қасиеттері туралы білімді меңгеруін қамтамасыз ету,оларды сүт өнімдерінің мол ассортиментімен, сүт өңдеу түрлерімен,сүтті сақтау шарттарымен,өндірісте және үй жағдайында сүтті сақтау шарттарымен таныстыру

Оқу нәтижесі:

   Сүт және сүт өнімдерінің қоректік құндылығын меңгеру,сүт өнімдерін алу жолдарын, маңызын түсіндіру.Денсаулыққа пайдасын білу.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылардың іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі: 

1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2.Топқа бөлу

3.Бағалау парағымен түсіндіру

4.Конверт- сұрақ(үй тапсырмасын тексеру)

       

       

Ой қозғау:

1.Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

2.Адамға тигізер пайдасы бар ма?

3.Соның ішінде сиыр,ешкі,түйе,жылқыны алатын болсақ,олар бізге сүт береді екен.

4.Сүт және сүт сүт өнімдерін топтастыру.

Топтарға флипчарт беріледі

Сергіту сәті:"Қызыл өрік"

 Сүт өнімдері

Таныстырылым

Біліммен алмасу.

Сүт және сүт өнімдері жайлы не түсіндіңдер? 

Оқушылар шеңбер түзіп тұрады,бір-біріне тілек білдіреді.

Түстер арқылы топқа бөлінеді.

Топтар бір-біріне сұрақ қояды,жауап береді.

Топтарда талқылайды,ойларын флипчартқа түсіреді.Топ мүшелері қорғайды.

Оқушылар қимыл жасайды.

Тақырыпты оқып,топта талқылайды.Топтардың бір-бір мүшелері пікір алмасып түсіндіреді.Тақырып бойынша түсінгендерін әңгімелеп беру.

Дереккөздер және жабдықтар:

Интернет,камера,смайликтер,бағалау парағы,стикер.

Кейінгі оқу

Үйге тапсырма.Сүт өнімдерін басқа салаларда қолдану жайлы мәлімет жинақтау.

Сабақты бағалау

Өзін-өзі бағалау,

смайлик арқылы бағалау.

Рефлексия: Бүгінгі сабақта не білдім?нені білгім келеді?

Әр оқушы өз ойларын стикерге жазу.

Сабақ бойынша

өзгертулер

Мақсатты оқушылармен бірге қою.

                                                                       

№6

Тақырыбы: Сүт және өнімдерінің ұлттық тағамдарды  дайындаудағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Төрт түлік малдан өндірілетін сүт өнімдері, сүттен жасалатын тағамдардың жасалу әдісін үйрету.
Дамытушылығы: теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге, адам ағзасы үшін пайдасын тани білуінен мәлімет беру, сүт тағамдарын дайындай білуге үйрету.
Тәрбиелік: тағам жасаудың тәсілдерін үйрету тазалыққа, ұқыптылықпен үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: көрнекілікпен түсіндіру, сарамандық жұмыста алған білімдерін бекіту.
Керекті құрал жабдықтар: төрт түлік мал туралы сөздер, сүттен даярланған тағам түрлері, сөзжұмбақ
Мал өсіруге қолайлы ел – Қазақстан. Қай халыққа болмасын өте ерте заманнан бері мәлім жұғымды тағамның бірі – сүт. Сүттің алатын орны ерекше. Барша жұрт сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды. Пайдасы: асқазаны бұзылған, сондай - ақ басқа да ауыр науқастарға жүрегі, бүйрегі, бауыры ауыратын адамдарға пайдалы. Әсіресе ешкі сүті ағзаға жұғымды. Ешкі сүті ана сүтімен тең. Әлсіреген адамға немесе көк жөтелмен ауыратын балаға беріледі. Бүгінгі сабағымызда сүттен дайындалатын ірімшік тағамын жасап үйренеміз. Ірімшік құнарлы азықтың бірі. Оның құрамында 22 - 30% белок, 15 - 30 % май бар.
Ірімшік – қатты, жұмсақ, тұзды және тұзсыз ірімшіктер болып бөлінеді. Көбінесе аспаздық пісірілген тағамдарда – пирог, құймақ, жұмсақ нан орталарына пайдаланады.
Жасау жолы: Ірімшік сүттен жасалады. 3 литр сүтті қайнатып жылы жерге ішіне айран құйып 20гр іріткі қосып ірітеді немесе ұйытады. Аз уақыт отқа қойып бетіне көк суы шыққасын сүзіп алады. Дайын болған соң секер салып немесе салмай да пайдалануға болады.
Бекіту
1. Төрт түлік малдың пайдасын қалай бағалаған?
2. Сүт өнімдерінің ағза үшін маңызы қандай?
3. Ірімшік тағамының дайындалу жолдарын еске түсір?
Практикалық жұмысқа дайындық
Тазалық талап ережесімен танысайық
1. Сүт тағамдарын дайындау алдында қолыңды жақсылап жуу керек
2. Сүт тағамдарын салқын жерде сақтайды
3. Сүтке керегінше секер салып, ұзақ қайнатып тәтті сүт дайындауға болады ол ұзақ сақталады.
Жұмбақ
Мал төлдеп, әр ауыл пісіреді ақ бауыр
(уыз)
Уыз – жаңа туған сиырдан алынады.
Сабақтың теориялық және практикалық бөліміне баса назар аударыла отырып оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Ірімшік қосып пирог дайындап келу

№7

Сабақтың  мақсаты:                Жүн және жібек маталар туралы түсінік

   а) білімділігі :                         оқушыларға мата түрлерінің құрылымдық  

                                                    ерекшеліктерін, негізгі  қасиеттерін,  мата  

                                                    атауларының   мағынасын, тоқылу, өңдеу  

                                                    әдістерін түсіндіру.

  ә) дамытушылығы :               оқушылардың    танымдық     деңгейлерін  

                                                    кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, мата

                                                    түрлерін  ажырата  білуге  дағдыландыру,  

                                                    іскерлік дағдыларын дамыту.

  б) тәрбиелілігі :                       оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа,                  

                                                    ұқыптылыққа,  адамгершілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                       аралас сабақ

Көрнекіліктері :                      « Мата түрлері » - бетшесі, «Мата құрылым-  

                                                    дарын салыстыру » - кестесі, « Матаның  

                                                    қасиеттері», «Мата атаулары» -  бетшелері,  

                                                    интерактивті тақта

  Әдебиеттер :                             «Технология 6 » - оқулығы

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сабақтың  құрылысы :

Жүн және жібек маталарының сыртқы құрылымы

Алғашқы өңдеу жұмыстары

Қасиеттері

Қызығушылығын  ояту.

Мата неден тоқылады ?

Талшықтар қандай түрлерге бөлінеді ?

Талшық түрлерінен  қандай маталар тоқылады ?

Мата бойындағы талшықтар қалай орналасады ?

Талшықтардан жіп дайындау жұмысы қалай аталады ?

Тігіс дегеніміз не ?

Матаның жиегі деп нені айтамыз?

Еліміздегі мақта өсірілетін аймақ.

Гүлдері бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды.

Оған әркім ұмтылған,

Киер киім оңтайлы.                    

Бұл не ?        (мата)

Мағынаны түсіну

                                                 Талшықтар

                 

                                 табиғи                           жасанды

                    өсімдік тектес                 жануар тектес      

                 

        мақта  және  зығыр маталар              жүн  және  жібек  маталар

түйе,қой,ешкі жүнінен алынады               жібек құртынан алынады

Жүн маталарын дайындау үшін алдымен  өңдеу  жұмыстарын орындайды.

                              Жүнді алғашқы өңдеу

                  талшықтарды сапасы  бойынша  іріктеу

                                         тазалау

                                         

                                            түту

                            арнайы сабынмен жуу

                                         кептіру

                                           иіру

                                     

                                         мата тоқу

Жүн және жібек  маталар

Табиғи жібек-өте жіңішке, нәзік  жіп. Оны тұт  жібек құртының  қуыр- шағынан алады. Бұл тәсіл  тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Қуыршақтағы жібек жібінің  ұзындығы 700-800 метрге дейін жетеді. Жіп өте жіңішке болғандықтан,біремес, бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді. Ондай жіпті  жібек шикізаты деп атайды.

Жібекті алғашқы  өңдеу жұмыстары былайша орындалады: жібекті тасымалдау және сақтау алдында өңдеу – жібекті бумен өңдеу және ыстық ауамен кептіру, жібек шикізатын алу – қуыршақты  бумен өңдеу және бірнеше қуыршақтан жібек жібін жинау. Бұл операциялар жібек орау  фабрикасында орындалады. Талшықтардан жіп иіреді, одан мата тоқылады.

Мата түрлері неліктен қыртыстанады, қысқарады,созылады т.б.өзгерістерге ұшырайды  ?

Талшықтардың құрамы.

Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты.

 

       

Ұзын және жіңішке   талшықтардан  жіңішке,мықты, біркелкі жіп алынады. Мұндай жіптен тоқылған мата жұқа,берік,тегіс,жұмсақ болып келеді.

Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыштығымен ерекшеленеді. Мұндай талшықтан тоқылған маталарды қысқы киім тігу үшін қолданады.

Жүн және жібек талшықтарын салыстыру

Талшықтардың құрамы мен сыртқы көрінісі

Талшық атаулары

жүн

жібек

Түсі

ақ,қара,сары және басқа табиғи түстер

ақ

Жылтырлығы

қатты

онша қатты емес

Ұзындығы

10-250 мм

700-800 мм

Жуандығы

жуан талшықты

өте жіңішке талшықты

Иректігі

өте ирек

түзу

Жұмсақтығы

орташа

жоғары

Тегістігі

үлпілдек

тегіс

Беріктігі

мақтадан төмен

жоғары

серпімділігі

жоғары

орташа

Матаның   құрамы,  қасиетері  талшықтарының құрылысына,  жіптердің айқасуына түсіне,тоқылу ерекшеліктеріне байланысты.  Матаның негізгі қасиеттері  физика-механикалық, технологиялық,гигиеналық  қасиеттері арқылы сипатталады.

                        қыртыстануы                                                    сетінегіштігі

      мықтылығы                 төзімділігі                 қысқаруы                           ыдырауы

           

                физ.-мех.қасиеті                                                 технологиялық

                                                          жіптердің                                 жіптің      

         жіптің      тоқылуы   талшықтың           айқасуы            пішінінің    серпімділігі                        

       иірілуі                          сапасы                                           өзгеруі

                                                         

                                                   жылу         ылғал      

                                            сақтағыштығы    өткізгіштігі    

                                                                       

                                                       

                                                            гигиеналық        

                                                                       

                                          матаның     тегістігі     ауа        

                                        тығыздығы                 өткізгіштігі

Ылғал өткізгіштік –       матаның қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті .

Жылу сақтағыштық –   тұрақты  жылуды  сақтау  қасиеті.

Матаның қысқаруы –    ылғалды-жылумен өңдеу кезінде  мата өлшемінің  

                                            өзгеруі.

Матаның  сетінеуі мен жіптің ыдырауы – жіптің серпімділігі мен  тегістігі-  

                                                                     нің, айқасуының  өзгеріске ұшырауы.

Ой – толғаныс

Мата  атауларын білеміз бе?

Масаты деп қандай матаны айтамыз ?   Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Масаты – жұмсақ түкті мата

Шидем дегеніміз не ?             Шидем шекпен кигенім, түлкі тымақ.

  Шидем – түйе жүніне тоқылған мата

Шай дегеніміз не ?  Шолпысы сылдырлап,шайы көйлегі сусылдап

Шайы – үлбіреген жұқа жібек мата

Бүлде деп нені айтамыз ?  Үлде мен бүлдеге оранып

Бүлде – бағалы  қымбат  мата

Торқа – бағалы жібек мата

Күлдәрі – жұқа жібек мата

Манат – жүннен тоқылған барқыт тәрізді сырт киімдік мата

Оқа – жібек және зер жіптерден тоқылған көмкерме

Әсем,жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес  халқымыз көбінесе қыздарының есімдерін  мата атауларымен атаған. Мысалы: Күлдәрі,Ұштап,Мақпал, Қырмызы,Жібек,Дүрия  т.б.

Семантикалық карта толтыру.

Мата атаулары

мақта

зығыр

жібек

жүн

Ақзон

Барқыт

Баршын

Дүрия

Күлдәрі

Шағи

Шидем

Бомази

сиса

  4.      Кім тапқыр ?  ( танымдық тапсырмалар)

киім

көркі

жапырақ

адам

сәні

шүберек

ағаш

мәдениет

айнасы

бойға

көрік

тазалық

киім

байлық

астан

қонымды

саулық

негізі

Ой түйіндеу :             Мата атаулары қалай қойылған ?

- қасиеттеріне, сапасына, талшықтардың атауына, тоқылу ерекшеліктеріне  

  т.б.  байланысты.

Кім көп біледі?

Ел жаңалықтары

Шежіре сыр шертеді

Үйге  тапсырма :  Мата түрлерінің құрылымдық қасиеттерін  анықтау.

№8

Сабақтың тақырыбы: Табиғи талшықтардан жасалғна маталардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: 
білімділігі; матаның қасиеттері туралы түсінік беру,таныстыру. 
дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі; жаңа сабақ. 
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап. 
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б. 
Сабақтың барысы; 
1.Ұйымдастыру бөлімі; 
- Саламатсыздар ма, оқушылар! Отырыңыздар!/Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру/. 
2. Өткенді қайталау. 
1. Жүн және жібек талшықтардың айырмашылығы 
2. Талшықтардың түрлері 
3. Матаның шығару жолдары 
3. Жаңа тақырып. 
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді. 

Жүн талшықтары – қой, ешкі, түйе және басқа да жануарлардың түк жамылғысы.
Тоқыма өнеркәсібі өңдейтін жүннің негізгі бөлігі қойдан алынады.(95%). Қойдың жүнін арнайы қайшы қырықпен немесе электр машинамен біртұтас қылып қырқып алады. Қырқылған жүн қатты ласталған және сапасы да біріңғай болмайтындықтан, оны фабрикаға жіберер алдында сұрыптайды, түтеді, жуады және кептіреді.
Жүн талшықтары жіңішке, қатты иірімделген, ал ұзындығы 20мм-ден 450мм-ге дейін жетеді. Жуандығы әр түрлі болады. Жүн талшығы неғұрлым жіңішке болған сайын күн сәулесі әсеріне төзімділігі өсімдік талшықтарына қарағанда жоғары. Жанған кезде күйдірілген мүйіз немесе қауырсынның иісіне ұқсас иіс шығарыды, талшықтардың ұш жағында саусақпен жеңіл үгіп жіберуге болатын қара күйген түйіршік қалады.
Жүн талшықтардан көйлектік, костюмдік және пальтолық маталар дайындайды.
Табиғи жібек – тұт жібегі құртының қуыршақтарынан алынатын ұзын жіңішке жіп. Көбелек қуыршақтан шыққаннан соң жұмыртқа салады. Жұмыртқадан құрт пайда болады, ол құрттың қуыршаққа 

айналатын мезгілі келгенде өзінен жіп шығарып, бұтаққа бекітіп, өзіне ұя немесе қуыршақ дайындайды. Қуыршақ жібінің 
ұзындығы 700- 800 метрге жетеді.

Жібек мата атаулары:
Шифон (жұқа ,нәзік, мөлдір);
Атлас (жұқа,құбылмалы түсті);
Бархыт немесе панбархыт (тұтас түкті немесе шифон фонында өсімдік немесе геометриялық сурет құрайды);
Табиғи жіпте жүн сияқты жоғары гигроскопиялық қасиетке 
ие. Ол ылғалды тез сіңіріп алады және тез кебеді. Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтпайды, ал жоғары температура мен күн сәулесі әсерінен басқа табиғи талшықтарға қарағанда, тезірек бүлінеді. 
Тоқыма фабикаларында жүн мен жібек талшықтарынан жіп иіреді. Иірілген жіп тоқыма өндірісіне жеткізіліп, онда түрлі маталар тоқылады.
Маталардың қасиеті олардың талшықтық құрамына, талшықтарының өрілу әдістеріне және өңдеу ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Матаның негізгі қасиеттеріне жатады:
• Физикалық- механикалық
• Гигиеналық
• Технологиялық
Физикалық – механикалық қасиеттерге жатады:
Беріктік – бұл матаның жылтырауға қарсы тұру қасиеті.
Қыртысталуы – матаның қысқанда немесе қысым түсіру кезінде пайда болатын ұзақ қатпарлар құруы.
Шаршаулануы – бұл матаның ілініп тұрған кезде жұмсақ қатпарлар құру қасиеті.
Тозуға төзімді – бұл матаның үйкелу, созылу, қысылу.ылғал, жарық, температура, тер әсеріне қарсы тұру қасиеті.
Жүн маталар әдемі және мықты болады. Олардың жылуұстағыштық және тозуға төзімділік қасиеті жоғары болады, аз қыртысталады.
Жоғары шаңжұтқыштық қасиетке ие.
Табиғи жібек маталар – өте берік, әсем, жағымды жылтыр түсті, сипап көргенде тегіс әрі жұмсақ, аз қыртысталатын болып келеді.

Практикалық жұмыс:
Жүн және жібек талшықтарын айырып тану.
Металдар мен құралдар: «талшықтар» коллекциясы, үлкейткіш шыны (лупа), отқа төзімді тостаған, оқулық, жұмыс дәптері.

Қорытынды. 
1. Табиғи жібек дегеніміз не?
2. Жібек мата қандай қасиеттерге ие?
3. Қуыршақ жібінің ұзындығы қанша болады?
4. Жүн маталарының негізгі қасиеттері?
5. Матаның негізгі қасиеттерін ата?


Бағалау: Үйге : осы тақырыпты оқып келу.


№9

Апта

Күні

Сабақ: Технология

Сабақтың тақырыбы:

Матаның өң және теріс жағы.

Жалпы мақсаты

   Маталардың қасиеттері,өрімдері,түстерінің сипаты,мата өрімдері және олардың қолданылуы жөніндегі білімді меңгеруін қамтамасыз ету.

Матаны сырт белгілері бойынша анықтау біліктерін қалыптастыру

Оқу нәтижесі:

   Маталарды салыстыру,талдап-қорыта білу,олардың қасиеттері,өң және теріс жағы айырмасын анықтай білу

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Мұғалімнің іс әрекеті.

Оқушылардың іс әрекеті.

Ұйымдастыру кезеңі: 

Психологиялық дайындық

Топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ- жауап          

Ой қозғау: Диалог

Матаның өң және теріс жағы

Таныстырылым

Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастыру

Практикалық жұмыс

Оқушылар бір-біріне тақия ұсынады,тақияны қалай пайдаланатыны туралы айтады.

Қиылған ою-өрнектерді таңдап алады

Оюлардың артына жазылған сұрақтарға жауап береді

Сыныптағы заттарды байқау арқылы,тақырыпты ашу.

"Жіп","Мата"сөздеріне сәйкес сөйлемдерді топтастыру.

1 топ матадан үйлестіріп сөмке,

2 топ алжапқыш тігу.Топ мүшелері тақтаға шығып қорғайды.

Дереккөздер және жабдықтар:

Оқулық, смайликтер,мата қиындылары,қайшы,желім,ине,жіп,флипчарт, т.б.

Кейінгі оқу

Үйге тапсырма

Сабақты бағалау

Өзін өзі бағалау,топтық бағалау,смайлик арқылы бағалау.

Сабақ бойынша

өзгертулер

№11

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының  құрылымы қызметі және жұмыс істеу принципі Машина инесінің құрылысы және орнату Тігін машинасының күтімі

Сабақтың мақсаты: 
білімділігі;Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу принципі,Машина инесінің қүрылысы, айырмашылығ туралы түсінік беру, таныстыру. 
дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі; жаңа сабақ. 
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап. 
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б. тігін машинасы
Сабақтың барысы; 
1.Ұйымдастыру бөлімі; 
Амандасу 
Түгендеу 
Тексеру 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 
Матаның шығарылуы 
Мата неден тоқылады 
Матаның қандай түрлері бар 
Матаның белгілері 
Матаның қасиеттері 
ІІІ. Жаңа сабақ 
Тігін машинасы 

Электр жетекті Қол жетекті Аяқ жетекті 
ХХІ ғасырда тігін машиналарына үлкен талап қоя бастады. Бұл талаптарға қазіргі заманғы бағдарламалармен басқарылатын жаңа машиналар сәйкес келеді.Қазіргі заманда кәсіпорындар мен тұрмыста жүйрік электр жетекті машиналар қолданылуда. «Чайка», «»Джаномэ көп таралған. Қандай да болмасын тігін машинасымен жұмыс істеген кезде маштинаның дайындығын тексеріп алу қажет. 
*** Жоғарғы және төменгі жіптер өткізіліп, төменгі жіп жоғарыға шығарылады, 
*** Мата табанының астына салынып, инемен тесілгенне соң табан түсіріледі, жіптер жинақталып, табанның сыртына жіберіледі; 
*** Инешаншымның ұзындығы, жоғарғы және төменгі жіптерінің керілуі /тігіс сапасы / тексеріледі. 
Тігіс реттегіші тігін машинаның қапталында орналасқан. Реттегіштің көмегімен инешаншымдарды реттеп, тігістің сапасын реттейді. 
Машинаның инесі машинаның неғұрлым маңызды жұмыс оргндарының бірі. Оның негізгі қызметі тігіс тігу болып табылады. Машинаның инесі қол инелер сияқты номерлері бойынша ажыратылады. Тігін машинасының инесі берік, серпімді болуы крек. Инелер ұзын және қысқа, жуан және жіңішке, түзу және иілген бодады. 
Машинасының инесі 


ИНЕ  ------------  Колба  Октама Ұзын науашық Көз Ұшы

Сарамандық жұмыс

Тігін машинасының және инесінің  құрылысын көру.Тігіп көру 
ІҮ.Сабақты бекіту 
Машина инесінің айырмашылығы 
Машина инесінің құрылысы 
Тігін машинасының жұмысы 
Тігін машинасының құрылымы 
Ү.Бағалау

 ҮІ. Үйге тапсырма Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу принципі. Машина инесі.

№12

Тақырыбы: Киім және оған қойылатын талаптар.Киімнің мақсатты арналуы.Жобалау.Киімді модельдеу
Мақсаты: а) білімділік: оқушыларды киімге, маталарға, бұйымдарға қойылатын талаптармен таныстыру, киімді күтіп, тазалауды айтып, түсіндіру;
ә) дамытушылық: Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңістік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау.
б) тәрбиелілік: Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, үнемділікке тәрбиелеуге жағдай жасау.
 Сабақ түрі:  түсіндірме

Көрнекілігі: плакат, слайд, киімдер суреттері

Пәнаралық байланыс: химия,

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

Ұяшықтарға сұрақтар жасыру
1. Машинада дұрыс отыру тәсілі (арқаны тік ұстап машина мен адам арасы 30см болу керек) 10
2. Машина инесінің қызметі қандай? (негізгі қызметі тігіс тігу) 10                                                                            3. Тігін машиналарының неше түрі бар? (қол жетекті, аяқ жетекті, электр жетекті) 10
4. Машина тігістерінің түрлері? (жапсырмалы, бастырмалы және шет тігіс)  20
5. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? (1755ж  неміс Карл Вейзентель, 1834ж американдық Уолтер Хант)  30
6.  Электрлі машина жұмысын аяқтау үшін қандай операциялар орындалады? (инесін төмен түсіру, табанын төмен түсіру, тоқ көзінен ажырату) 20
7. Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындайды? (астыңғы және үстіңгі жіптерін сабақтау, машшина жанын артық затардан тазарту, машинаны тоқ көзіне қосу) 30
8. Жалпы тігін машиналарының аттарын ата. (чайка, джаноме, сингер, зингер т.б)  30
9. Машинаның жақсы жұмыс істеуінің маңызды шарттарының бірі...(иненің дұрыс орнатылуы) 20

Осы сұрақтар  арқылы  жаңа  тақырыпты  ашу
3. Жаңа сабақ

      Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.

      Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
     Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.

Кітаппен жұмыс.

     Оқушыларды топқа бөліп мәтінді оқыту (4-5мин).

Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі:

vСырт киім   vЖеңіл киім  vІш киім   vЖағажай киімі   vБас киімі

Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді
      -   Сырт киім, -        
 Жеңіл киім,            Іш киім.

        Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.

Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:

-         Тығыздап тоқылған,

-         Біркелкі боялған,

-         Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.

        Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).

        Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар).

Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады.

Олардың ішіндегі негізгілері:

Дәптермен жұмыс

     Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.

        Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек.

       Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады.

Киімнің адамға ұзақ қызмет етуі оны кию шарттарына және  күтіп баптауына байланысты.

Модельдеу дегеніміз-бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі.Киімді модельдеуменмодельерсуретші-айналысады.Модальер адамның денебітімінсондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімділік заңдарын білу керек.Тігін технологиясын жақсы меңгеруі керек..Модельдеу екі түрге бөлінеді. Көркемдік және техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің суретші-модельері айналысады.Техникалық модельдеу-нобайлар,суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструктор айналысады.

Модельдеудің үш принціпі бар:

1.       Киімнің адамның ішкі және сыртқы кескініне сәйкес болуы

2.       Арнаулы киімдердің мақсатқа сай,қолдануға ыңғайлы болуы

3.       Киімнің қолданылатын аясына ,түріне пайдалынылатын материалдың сәйкес болуы

Тақтада көріп тұрғандай мына көйлекті модельдейміз.

4.Сарамандық жұмыс.

Киімді модельдеу

5.Қорытындылау

Сәйкестендіру тесті
Киім жеңіл, жұмсақ жайлы микроклимат жасау керек

САрамандық жұмыс кезінде матаны, жіпті үнемдеу керек екенін ескеру керек

6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

№16

Тақырып: Тігін бұйымдарын дайындау. Тұтас пішілген көкірекшесі бар алжапқышты дайындау реттілігі

 Мақсаты:  Сызба кестесінің негізгі бағытын таныстырамыз. Сызбада алжапқыш пішінінің негізін орындауды үйретеміз.
Өз бетінше ұқыпты әрі жылдам жұмыс істеу арқылы тәртіптілік пен саналыққа  тәрбиелейміз.
Міндеті:  Алжапқыш сызбасының жасалуы және сызбаға қосымша бөлшектер жасау және өлшем алу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия:   Көрнекілік, БҮҮ, ВЕНН диаграммасы.
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі.Математика.
Көрнекілік: «Алжапқыш жасау үшін дене өлшемін алу», «Алжапқыш сызбасының құрылысы» кестелері, сөзжұмбақ, т.б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
1.Көрнекілік стратегиясы:
Суретке қарап әңгіме жазамыз.
Ой пікірімізді ортаға саламыз.
2.Сөзжұмбақ:
Жауаптары:

Мата түрі (мақта)
Тігін машиналарының түрі (қол)
Тігін құралы (жіп)
Тігін машиналарының түрі (аяқ)
Қолтігіс түрі (қайып)
Тігін құралы (оймақ)
Мата түрі (зығыр)
Тігін құралы (қайшы)
 «БҮҮ»стратегиясы:

Білемін

Білгім келеді?

Үйренгенім

Алжапқышты үйде тамақ пісіргенде киеді

Алжапқыш пішіп үйрену

Сабақ соңында оқушылар не үйренгенднрі туралы жазып шығады)

 

Алжапқыш түрлі матадан тігіледі

Қандай тігістер қолданады. Алжапқышты тігіп үйрену. Алжапқышқа әдемі жиектер тігіп үйрену

Әр түрлі алжапқыштар болады

 

Мағынаны тану:

Кез келген бұйымды дайындау үшін оның сызбасын жасау керек. Ал сызбаны дайындау үшін адам денесінің өлшемін алу қажет. Алжапқышты тікпес үшін бұрын оның сызбасын құрастырып үлгі дайындайды.  Ол үшін  адам денесінің өлшем бірлігінің сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескеру керек.
—         Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді. Белін алдын ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұру керек. Өлшемді сантиметрлік таспамен түсіреді. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға айналым мен ен өлшемдерін жартылай жазады.
Оқушылардың сызықтарды адам денесіндегі сынадай 3 орын бойынша нықтап белгілеуге болатынына көз жеткіземіз.
Кеуденің жоғарғы тұсы – кеуде енінің сызығы.
Белдің төменгі шеті – бел сызығы алжапқыштың ең төменгі бөлігі бұйымның төмен бөлігі жағындағы сызық. Оқушылармен бірге алжапқыш бөлшектердің әрқайсысы өз атаулары бойынша атап көрсетеміз. Мысалы, мынау кеуде тұсы – аспа баулары белдегі бұйымның төменгі бөлігі – алжапқыш қайта нұсқау картасы бойынша алжапқыш сызбасын жасау үшін оқушылар адам денесінің өлшемін алады.

 

Алжапқыш сызбасын жасау үшін дене өлшемін алу

Шартты белгілер

Өлшем алу ережелері

Өлшемнің атаулары

Менің өлшемдерім

Ұқ

Бел сызығының қалған ұзындыққа

Кеуденің ұзындығы

 

Ұб

Бел сызығының қалған ұзындық

Бұйымның ұзындығы

 

Жб

Бел сызығын қынаған жіп бойынша

Жартылай бел айналымы

 

Жмқ

Жамбас үсті нүктелері бойынша

Жартылай мықын айналымы

 

Осыдан кейін 2-ші нұсқау картасы бойынша алжапқыш құрудың есебі орындалады.

 

Алжапқыш сызбасының құрылысы, нұсқау картасы

Шартты белгілері

Бөлшектердің атаулары

Есептеу формуласы

Есебі (см)

 

 

 

 

Оқушылар алжапқыш сызбасын дайындап шығады.

Ой толғаныс:

Сызбада неліктен жартылай өлшемде орындалады?
Алжапқыштың ұзындығы қалай анықталады?
Неліктен Б,Т, К нүктелері сызбада осы әріптермен белгіленеді?
Белді жартылай қынайтын өлшем не үшін алынады?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, қыз баланы киіндіреміз.
Ой корыту:  «Қарша борату» ойынын ойнатамыз. Оқушылар бүгін сабақтан үйренгенін және алдағы күнде не  күтеді ой пікірін жазып, қағазды умаждап сынып оқушыларымен бір бағытқа қарай лақтырамыз (аты-жөні жазылмайды).

Экономикалық бөлім: Киімді пішкен кезде матаны үнгемдлеуді ұмыстпау керек
Бағалау: Әр топ өз жұмыстарын келесі топтарға көрсетіп, бір-бірін бағалайды.
Үйге тапсырма: Қажетті құрал-жабдықтар әкелеміз.
Жұмыс орнын жинастырамыз.

№17
Сабақтың тақырыбы: Алжапқыш бөлшектерін өңдеу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқышты тігу реттерін үйрету
Міндеттері: 1)мата қасиетін, түсі мен суреттерін еске түсіре отырып, алжапқыш бөліктерін пішуді, тігіс түрлерін қолданып өңдеуді үйрету;
2) ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке, шеберлікке тәрбиелеу;
3) тігін бұйымдарын өңдеу тәсілдерін меңгерте отырып, эстетикалық талғамын арттыру, іскерліктерін жетілдіру, шығармашылығын дамыту
Сабақ түрі: аралас
Әдістер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын
Көрнекіліктер:слайд, нұсқау карта
Құрал-жабдықтар: алжапқыш бөліктері-лекало, мата, қайшы,ине,жіп,түйрегіштер, тігінші боры
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Өткен материалды қайталау. 
Алжапқыш тарихы: Ежелгі Египет, Греция, Рококо ғасыры. Алжапқыш түрлері (жұмыс, ұлттық, сәндік). Алжапқышқы қажетті өлшемдер. Сызбасын сызу. Модельдеу.
Оқушыларға түрлі алжапқыш үлгілері беріледі. Ұқсастығы, айырмашылығын анықтау. 
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алжапқыш тігу реттері
реті
Алжапқыш тігу реті
Жұмыс барысының орындалуы
1
Пішу
Матаны пішуге даярлау.
Пішім бөліктерін матаға орналастыру.
Бөліктерді айналдыра түзу сызықпен сызу.
Тігіс әдіптерін ескеріп сызу
Бөліктерді қию.
2
Алжапқыш бөліктерін өңдеу
Пішіліп алынған бөліктерді өңдеуге даярлау. Алжапқыштың төменгі бөлігін, кедесін, аспабауды, белбеуді, қалтаны өңдеу.
3
Алжапқыш бөліктерін қосу
Алжапқыштың төменгі бөлігіне қалтаны орналастыру. Белбеуді кеудесімен, алжапқыш етегімен қосу.
4
Алжапқышты соңғы өңдеу
Көктеу тігістерін алып тастау, өтектеу, сапасын анықтау.

Алжапқыш тігу үшін жеңіл, түксіз мата таңдалады. Алжапқышты мақтадан жасалған матадан тіккен дұрыс. 
Мата түрлері, қасиеттері туралы еске түсіру. 


Матаны пішуге даярлау, пішу
1. Матаның сапасын анықтау. Түйіншектер, тесіктер, дақтар, өрнектің шатысқан жерлері-ақаулардың бар-жоғы тексеріледі. Ондай жерлерді бормен белгілейді.
2. Пішім бөліктерін үнемдеп, дұрыс орналастыру үшін матаның ұзыны мен енін өлшеу.
3. Матаның оңы мен терісін, арқауы мен негіз бойын, сурет бағытын анықтау.
4. Пішу алдында матаны өтектейді немесе декатирлейді. 
5. Пішім бөліктерін матаның бүктелінген жерінен бастап негіз жібі бойымен, мата суретін ескеріп орналастырады.
6. Алдымен үлкен бөліктері, сонан соң кішкене бөліктері қойылады, түйрегіштермен түйреледі.
7. Пішім бөліктерін тігінші борымен, сабын қалдығымен, карындашпен сызу, сызу қалыңдығы 1мм-ден артық болмауы керек.
8. Бөліктерді тігіс қосымшаларына орын қалдырып, сызық бойымен қиып шығады.
Декатирлеу -пішу алдында матаны отырмау үшін буға не ыстық суға ұстап ширату, ылғалды-жылумен өңдеу.
Пішім бөліктерін матаға орналастыру.
Ені әртүрлі маталарда пішім бөліктері де әртүрлі болып орналасады. 

ІҮ. Практикалық жұмыс.
Қол жұмыстарын орындағанда қолданылатын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Нұсқау карта таратылып, оқушылар матаға пішім бөліктерін орналастырады.
«Эстафета» ойыны. Екі топқа бірдей мата беріледі. 
1. Матаны дұрыс бүктеу.
2. Матаға пішім бөлігін дұрыс орналастыру, түйрегіштермен бекіту.
3. Пішім бөлікті айналдыра сызу.
4. Тігіс қосымшасын ескеріп сызу.
Екі топтың жұмысын өздеріне тексерту, қателерін түзеу.
Қалтаның орнын анықтау, көшіргі тігісті орындау. 

Ү. Сабақты бекіту. «Адасқан сөз тіркестері». (Матаны өтектейді, тігіс қосымшасы, тігінші боры, үлкен бөліктер, бүктелінген мата) 
Оқушылар дұрыс жауабын таңдайды.

1. Бөліктерді қиғанда ........ ескеріледі. тігіс қосымшасы
2. Матаға алдымен .........орналасады. үлкен бөліктер
3. Пішім бөліктері ......... бастап орналасады. матаның бүктелінген жері
4. Пішім бөліктерін .........сызу. тігінші боры, карандаш
5. Пішу алдында ............ матаны өтектейді
Экономикалық бөлім : Алжапқышты  қиған кезде матаны үнемдеу керек, тігіске  қалдыру керек
ҮІ. Қорытынды. 
Оқушылардың жауаптары бағаланады. Жұмыс орнын жинастыру.5ж.

№17 Тақырыбы: Қалталар. Қалта түрлері. Жапсырма қалтаны өңдеу
Сабақтың мақсаты :
— қалтаның киімдегі маңызы, түрлері туралы таныстыру ;
— жапсырма қалтаның дұрыс технологиялық жүйелілік сақтауымен орындалуына үйрету және қауіпсіздік техникасы ;
— еңбекқорлық, ұқыптылық, өз өзіне талап етушілікті тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері :
— оқушыларындың білімін қалыптастыру, сонымен қатар алжапқыштың өңдеу іскерлік дағдысын орындау ;
— салыстыру, іскерлікті дамыту, негізгіні белгілеу, қойылған проблеманы шешу
— нұсқаулық карталармен және қалталарды орындау тәсілдермен пайдалануды қалыптастыру.
Жабдықтау және қамтамасыз ету :
 Компьютер, мультимедиялық проектор, алдын ала даярланған презентация, экран, оқулық.
 Таратпалы материал: нұсқаулық карта; қалталар
 Бұйым үлгісі ( алжапқыш );
 Тігін машиналар , үтік, тегістеуші тақтай, тігін бұйымдар, қайшылар, бөлшек пішпе – қалта;
 Сөз жұмбақ « қалта ».
Сабақ үлгісі : біріктірілген.
Оқу әдістері : оқушылардың танымдық іс әрекетінің белседілік дәрежесі бойынша: түсінді
ру — көрнекілікті .
Жұмыс түрлері: фронталді ,жеке түрғыдан
Денсаулық сақтау технологиялары: физкультминутка .

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу;
-Сәлеметсіздер ме, балалар !
Бүгін бізде ерекше сабақ.Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр «Қош келдіңіздер !» дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.
-Мен саған сәттілік тілеймін!
-Мен саған шыдамдылық тілеймін!
-Мен саған шығармашылық тілеймін!
-Мен саған жақсы баға тілеймін!
-Мен саған зеректік тілеймін!
-Мен төзімділік тілеймін!
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Оларға тапсырма беру
І –топқа Иықты киім үлгілері беріледі
ІІ- топқа Бел бұйымдары киім үлгілері беріледі
Өткен сабақтың тақырыбын қайталау арқылы жаңа сабақ тақырыбын шешу
II. Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбын шешіп, мақсатын қою.
Қалтаны өңдеу және жапсыра тігу
Жапсырма қалтаны өңдеу үшін
• Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз
• Кесілген пішім ішке қарай ауыз жағынан 2 см аралықта бүгіледі, ал үш жағынан 0,5 см бүгіледі
• Тегістеп үтіктейді

Қалтаны алжапқышқа орнату үшін:
• Көйлекке қалта орнын белгілеу
• Қиып алынған қалтаны алжапқышқа белгіленген жеріне көктеп қою керек немесе ағылшын түйреуішпен екі жерден тігіп аламыз
• Қол машинасымен бастырып тігіп аламыз
• Тегістеп үтіктеледі
(№13-14 слайд) Жапсырма қалтаның өңдеу жүйесің талдау, өңдеу ретілігін көрсету
Жұмыс алдында Т.Қ ережесін қайталау.
(№15 слайд) Қалтаны астыңғы бөлігімен қосу
Қалтаны өңдеу жлдары (№12 слайд)
Жұмысты орындау жүйелілігі:

III практикалық жұмыс
Оқушыларға нұсқау карта таратылы ағымды нұсқау беру.
1. Нұсқау картаны оқу
2. Қалтаны қол тігіспен өңдеу Физкультминутка ( слайд №18)
3. Қалтаны төменгі бөлікке көктеп тігу.

855c0193c06b61e1c354d72d1e3df8b4     скачанные файлы (2)

IV. Қорытынды бөлім
1. Өткен тақырыпты бекіту, алған білімдерінді еске салу керек
Оқушыларға сұрақтар :
 қапталған қалтаны қандай қызмет атқарады?
 Қалталардын қандай пішімдерін білесіздер?
 Қалталар қайда орналасуға мүмкін?

Ойын – тест
Оқушылар екі топқа бөлінелі. Әр команда сұрақтың номерін таңдап жауап береді.Дұры жауап болған жағдайда экранда күлімдеген смайлик шығады, топқа бір қалта беріледі №егер жауап дұрыс болмаса экранда көңілсіз смаилик шығады, кезек басқа топқа беріледі. Көп қалта жинаған топ жеңімпаз аталады
Ү. Қорытынды жасау.
ҮІ. Бағалау

Экономсикалық бөлім:Матаны үнемдеу

Рефлексия.
Білемін Үйрендім Білгім келеді

Көңіл күйлерін тексеру.
ҮІІ. Үй тапсырмасы . Кроссворд шешу, алжапқышты әкелу.
VІІІ. Жұмыс орынды жинау

№23

Сабақтың тақырыбы: Ішкі көріністер композиция түсінігі. Тұрғын үй гигиенасы. Ішкі көріністегі перделер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға тұрғын үй жайлы түсіндіру. Тұрғын үй интерьері

туралы білу, білімдерін қалыптастыру. «Тазалық-денсаулық негізі» тұрғын үй гигенасын білу.

 Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Эстетикалық  талғамға, ммұқияттылыққа, зейінділіке, шаттық сезімге тәрбиелеу, өмір сүрудің және  адам қызметінің оптималды жағдайын жасай білуге, барлығын қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:  оқулықтар, итерьбелсенді тақта.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин

Үйге берілген тапсырманы тексеру. 2 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20мин

Тапсырмаларды орындау .10 мин

Сабақты бекіту. 5мин

Рефлексия. 2 мин

Үйге тапсырма. 1 мин

Бағалау. 2мин

 І. Үйге берілген тапсырманы тексеру . 2мин

1. Алжапқыштың фасонын салып келу.

2. Ребустарын тексеру.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин

Сергітту  сәтті.

Бір саусағым тіптіде,

Ұстай алсам жіптіде.

Екі саусақ бірікті,

Мата қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жіпті тұйіп орады.

Өнерлі екен он саусақ,

Сурет салсақ, үй салсақ,

1-слайд

Бүгінгі сабақтың тақырыбын слайд арқылы ашамыз.

2-слайд.

Қандай мақсатты көздейміз.

     3-слайд.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20мин 

Тұрғын үй интерьері. Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым. Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар,       жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді. Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң   түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар   көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады.

Композиция (латынның compositio сөзінен) құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді (87- сурет). Тұрғын үй интерьерінің  композициясы – тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементердің өзара  үйлесңмділігі.

4-7 слайдтар

.

                       

                       

Тұрғын үй гигиенасын айта кетсек.

    Пәтер- адамға және оның денсаулық жайына әсер ететін қуатты фактор.

   Тұрғын үй іші ортасының сапасына мына жайлар әсер етеді:

Сырттағы ауа;

Толық жанбаған газ  өнімдері

Тағам дайындау процесінде пайда болатын заттар;

Жиһаз, кітаптар, киімдерден бөлінетін заттар;

Тұрмыс химиясы;

 Темекі түтңнңнен бөлінетін заттар;

Орынжайды санитарлық нормаларының (адамдар санының) сақталуы және т.б.

Сондықтан да  пәтер жөндеу және өңдеуге арналған материалдар таңдау кезінде, денсаулыққа зиян келмес үшін мұқият болу керек: кір жуу құралдарын абайлап қолдану, санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау қажет.

ІV. 1-Тапсырма: Сөздерге анықтама беріңдер.

Интерьер_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Функционалдық аумақтарды атаңтар.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Инерьер неге байланысты болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Композиция

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әсемдік жасалуы элементтерін ата

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-Тапсырма:  Тақырыпқа байланысты санжұмбақ құрастыру.

3-Тапсырма:  бөлме ішін салу.

V. Сабақты бекіту. 5мин

1.Эстетикалық әсемдеу дегеніміз не?

2. Тұрғын орынжайды күн сайынға жинауға қандай жжұмыстар кіреді?

3. Интерьер түрлерін атаңдар?

4. Ауыл мен қала тұрғын үй интерьерінің айырмашылығы неде?

 VІ. Рефлексия. 2 мин

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді

Тұрғын үй интерьері не екенін білдік.

 

Бөлме ішін қалай әшекейлеуге түсіндім

Әр түрлі инерьерді білгім келеді.

VІІ. Үйге тапсырма. 1 мин

       Өз бөлмелерінің суретін салып келу.

VІІІ. Бағалау. 2мин

Бағалау парағы.

Р/с

Оқушылардың аты-жөні:

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Теориялық

білім

Тапсырмаға.

Бағалау

1

2

3

4

5


№24

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің өзіне тән ерекшеліктері. Тұрғын үй гигиенасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға тұрғын үй жайлы түсіндіру. Тұрғын үй интерьері

туралы білу, білімдерін қалыптастыру. «Тазалық-денсаулық негізі» тұрғын үй гигенасын білу.

 Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Эстетикалық  талғамға, ммұқияттылыққа, зейінділіке, шаттық сезімге тәрбиелеу, өмір сүрудің және  адам қызметінің оптималды жағдайын жасай білуге, барлығын қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:  оқулықтар, итерьбелсенді тақта.

Сабақтың өту барысы:

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20мин 

Тұрғын үй интерьері. Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым. Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар,       жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді. Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң   түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар   көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады.

Композиция (латынның compositio сөзінен) құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді (87- сурет). Тұрғын үй интерьерінің  композициясы – тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементердің өзара  үйлесңмділігі.

     

Тұрғын үй гигиенасын айта кетсек.

    Пәтер- адамға және оның денсаулық жайына әсер ететін қуатты фактор.

   Тұрғын үй іші ортасының сапасына мына жайлар әсер етеді:

Сырттағы ауа;

Толық жанбаған газ  өнімдері

Тағам дайындау процесінде пайда болатын заттар;

Жиһаз, кітаптар, киімдерден бөлінетін заттар;

Тұрмыс химиясы;

 Темекі түтңнңнен бөлінетін заттар;

Орынжайды санитарлық нормаларының (адамдар санының) сақталуы және т.б.

Сондықтан да  пәтер жөндеу және өңдеуге арналған материалдар таңдау кезінде, денсаулыққа зиян келмес үшін мұқият болу керек: кір жуу құралдарын абайлап қолдану, санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау қажет.

2-Тапсырма:  Тақырыпқа байланысты санжұмбақ құрастыру.

3-Тапсырма:  бөлме ішін салу.

V. Сабақты бекіту. 5мин

1.Эстетикалық әсемдеу дегеніміз не?

2. Тұрғын орынжайды күн сайынға жинауға қандай жжұмыстар кіреді?

3. Интерьер түрлерін атаңдар?

4. Ауыл мен қала тұрғын үй интерьерінің айырмашылығы неде?

 

VІІ. Үйге тапсырма. 1 мин

       Өз бөлмелерінің суретін салып келу.

VІІІ. Бағалау. 2мин


№25

Сабақ тақырыбы:     Киімге күтім жасау

Жалпы мақсат:    Киімі мен аяқ киімі күтімі жөнінде  меңгереді.Жүн және жібек маталардан тігілген киімдерді күту ережесі түрлерін біледі, күтім жасаудағы халықаралық символдармен танысады.Киім, аяқ киімге күтім жасауды үйренеді. Өзіндік ой-пікір айта білуге, дербестікке,зейінділікке дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сілтеме:    1.    Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  129-131
2.    Технология  оқулығы. 6-сынып. А.Н.Якупова, А.Л.Калашникова,                             191-201 б
3.    Үлестірмелі материалдар. Екінші апта.
4.   Мирсейтова СТО
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:     Мұқияттылыққа, киім мен аяқ киімді күтуге қатысты жинақылыққа тәрбиеленеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Адамға тән қасиеттерді бойына сіңіреді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар:     Бұйымға күтім жасау жөніндегі халықаралық символдармен танысады.

Тапсырмалар:    «Ортадағы қаламсап» стратегиясы, «ой шақыру» стратегиясы

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)     Мұғалімнің іс-әрекеті    Оқушының іс-әрекеті
      2 минут

      3 минут    1.Сәлемдесу.Түгендеу.
 2.Сыныпты топқа бөлу.   Сан атауын айту бойынша топқа бөлу.
             3.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.                                                                                     
    1.Сәлемдеседі.
 2. Сан атауын айту арқылы 3 топқа бөлінеді.
3.Өздері топ басшысын сайлайды.

І.Қызығушылықты ояту»
Миға шабуыл    Мұғалімнің іс-әрекеті    Оқушының іс-әрекеті
7 мин    1.Тұрғын үй сапасына қандай жайлар әсер етеді?           - сырттағы ауа;                                                                                                                                       -толық жанбаған газ өнімдері;                                                                         -тағам дайындау процесінде пайда болатын заттар;                     -жиһаз,кітаптар,киімдерден бөлінетін заттар;                                  - тұрмыс химиясы;                                                                       - темекі түтінен болатын заттар;                                                            2. Пәтерді жуып-жинаудың мағыздылығы қандай? Ауадағы микроорганизмдерді өлтіреді, адамның көңіл-күйін көтереді.                                                                             3.Пәтерді жуып-жинаудың түрлерін ата?                         - Күн сайын, апта сайын, күрделі жинастыру жыл сайын 4-рет және жыл сайын екі рет, құрғақ, ылғал жинастыру.                                                                                                 4. Пәтерді жинауға көмектесетін құралдарды  ата?                                                                                  - Шаңсорғыш, фланель, шұға, пүліш мата, щетка, сыпырғыш, арнайы жуу құралдары.                        Топтағы оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану.

15 мин

    Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуға 10 минут уақыт беріледі.

    Мәтінді  оқиды.Бір-бірімен пікір алмасады.
ІІІ. Ой толғаныс
(13 мин)

Венн диаграммасы:1-топ.Былғары және резеңке аяқ киім айырмашылығы

2-топ.Күдері және лакталған аяқ киімнің күтімі

3-топ.Жүн және  жібек мата күтімі

2-тапсырма.Әр топ  киімге күтім көрсетуге арналған халықаралық символдардың мәнін ашу.Суреттерге қарап отыру арқылы.

    3-топ өздеріне тапсырылған Венн диаграммасын орындайды.
  Бағалау (2 мин)       Мұғалімнің іс-әрекеті
    Оқушының іс-әрекеті
    Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай   баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5».
    Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
 Үйге тапсырмасын  беру  (1 мин)        Мұғалімнің іс-әрекеті    Оқушының іс-әрекеті
    37. Киімге күтім жасау.
38.Аяқ киімге күтім жасау.                                                          Келесі сабаққа  халықаралық символдарды жазып келу (деректер) Аяқ киімдерге тағы қандай  күтімдер жасауға болады?
    
Рефлексия  
(2 мин )     Мұғалімнің іс-әрекеті    Оқушының іс-әрекеті
    Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату    Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

№26

Сабақтың тақырыбы: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. 

Өнім жинау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

^ Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: күрек, тырнауыш, айр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымы.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

^ Сабақтың жоспары: 

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

ІV Кіріспе инструктажы

V Сарамандақ жұмыс

VІ Бекіту инструктажы

VІІ Жұмыс орнын жинақтау

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың барысы: 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 

Оқушылар білуі тиіс:

- жеміс көкөніс дақыларды өсіру технологиясының негізін;

- өсімдіктер қандай топтарға жіктелетіндігін;

- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясын;

- органикалық және органикалық емес тыңайтқыштарға қандай заттар жататындығын;

- құрал – саймандармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

- күздегі топырақты өңдеу ерекшеліктерін.

Оқушылар игерген болуы тиіс:

- құрал – саймандарды қолдана отырып, тәжірбиелік жұмыстарды орындауды;

- күзгі топырақ өңдеуді жүргізуді;

- топыраққа минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізуді;

- сәбіз және ақжелкен тұқымдарының қыстық себуін жүргізуді.

Оқушылар өсімдік шаруашылығының негізгі бөлімдерімен, толығырақ көкөніс шаруашылығы және гүл өсіру шаруашылықтарымен танысады. Көкөніс шаруашылығының негізгі мақсаты айқындалады.

Көкөністер жыл бойынша былай бөлінетіндігі анықталады:

- біржылдық;

- екіжылдық;

- көпжылдық;

Алынатын өнімнің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

- жемісті

- тамыр жемісті

- сабақ жемісті

- жапырақты

- гүлді

- пиязшықты


- көкөніс туралы бұрын білетін білімдерін кеңейту;

- жемісті жапырақты, тамыржемісті және т.б. сияқты көкөніс өсімдіктерін өз бетінше анықтай білуге дағдыландыру;

- оқушылармен бірлесе отырып, сәндік – гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсігнуге жаңа шешімдер табу;

- оқушыларға «сұлулық» түсінігін анықтауға мүмкіндік беру;

- «Сұлулық әлемді құтқарады» айтылымның мағынасын түсіндіріңіз;

- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясымен таныстыру;

- адам не үшін топырақты және оның тыңайтқыштарын өңдеуді жүргізетіндігін талқылау.


Қорытынды:

- көкөніс және сәндік – гүлді өсімдік адамға күнделікті қорек үшін және біздің өмірімізді безендіру үшін қажет;

- гүлдер сұлулық түсінігімен байланысты.


Үй тапсырмасы

Үйде гүлге арналған ыдыстарға гүлді өсімдіктердің тұқымын отырғызу

№29

Сабақтың тақырыбы: Жобаны таңдау, негіздеу

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын , өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.

Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет.
Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.

Оның мақсаты: 1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару, 
3. Ұмыт болған халқымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі /. ұйымдастыру, дайындық, кезеңі.
- Проблеманы шешу;
- Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті - құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
//. Техникалық кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
///. Қорытындылау кезеңі жүйелеу.
- Дайын бұйымды бағалау;
- Шикізат шығынын есептеу;
- Шығармашылық жобаны қорғау.

4. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.
- Өзіндік қызығушылығы;
- Әлеуметтік - экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі, 
- Оқу кабинетінің материалдық техникалық базасына сай болуы;
- Өзіндік кәсіптік айқьшдалуы;
- Өз мүмкіндігін ескеру;
- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
V. Жобаны жарнамалау.
- Өнім белгісі;
- Өндірістің аты;
- Бұйымның аты, қолдану;
- Жарнамалау.
VI. Шығармашылық. жобаны қорғау
- Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды

№30

Сабақтың тақырыбы: Диванға арналған жастықша тігу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қол тігіс жұмыстары арқылы жастықша тігуге түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың ісмерлігін, шеберлігін және ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: жұмыс барысында ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, әдемілікке, шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс.
Сабақтың әдісі: теориялық, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: мата, ине - жіп, қайшы, сызғыш, сабын, нұсқау карта, тігін машинасы.
Көрнекілігі: дайын жастықша түрлері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, тарих.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

II. Өткен тақырыпты қайталау. 
А) Графикалық диктант.
Ә) Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

III. Жаңа сабақ.
А) Мағынаны тану.
Ә) Нұсқау картамен жұмыс.
Б) Сарамандық жұмыс.
В) Бағалау парағы.
Г) Математикалық ойын.. Біздің сабағымызда әсемдік бұйым, сәндік үшін жасалынатын жастық түрін тіккелі отырмыз. Жастықшамыз сәнді
де, әдемі болу үшін бүрмелі әдісімен тігеміз. Ал түсін қалағанымызша таңдап алуымызға болады. Мысалы, үйіміздегі жиһаз түсімен немесе диван жабқыштарының түсімен сәйкестендіріп, жастықша тіксек көздеген мақсатымызға жетеміз. Сонымен ұзындығы 2 метр, ені 160см, түгі бар мата түрін алсақ, одан жұбымен 60Х60 см екі жастықша шығаруымызға болады.

Теориялық мәлімет. Матамен жұмыс:
Нұсқау картамызға қарап, матаны 80Х80 см, яғни төртбұрышты етіп қырқып аламыз да, матаның теріс бетінен сызықтар сызамыз. Матаның шеттерінен 4см етіп қалдырамыз, сосын торкөздер сызамыз. Торкөздер сызылған жерінен бұрыш-бұрышына қос нүктелермен белгі қоямыз.

Нұсқау картамен жұмыс:
Жастықшаны бастау үшін, біз нұсқау карта дайындап аламыз. Нұсқау картасын түгел қағаз бетіне түсіріп алған соң, матаға түсіруде жаңылыспаймыз.
Жастықша тігу технологиясының нұсқау картасы:

Сарамандық жұмыс:
Қос нүктелерді біріктіріп тігу.
№3 - 4 сабақтар. Белгі қойылған жерінен қос нүктені қол тігісімен тігуді бастаймыз. Бірінші қатарды бірдей тігіп шығамыз, ал екінші қатарды да солай нұсқау картада берілгендей қол тігіс арқылы
жалғастырып отырамыз. Қос нүктені қосып тіккенді (жібіміз босап кетпеу үшін) жіптерді көрінбейтіндей етіп қысып тігеміз. Сонда да жіпті матаның түсімен сәйкестендіріп алғанымыз дұрыс.

Бекіту сұрақтары:
1. Жастықшамызды қандай әдісіпен тігеміз?
2. Бүрмелі тігу үшін матаның қай бетінен сызықтар түсіреміз?
3. Матаның шеттерін неше см етіп қалдырамыз?

Үйге тапсырма: Жастықша тігуді жалғастыру.
Жастықшамызды тігуді жалғастыру, айнала шетіне лентаны тігуді дайындау. Жастықшаның бүрме тігістерін аяғына дейін жалғастырамыз.
Бүрме тігістері қол тігісімен орындалуына байланысты мекем етіп тігеміз. Бұл тігістері аяқталған соң, шеттері қалта болып тұрған жерлерін қарама - қарсы жағымен қол тігісі арқылы орындаймыз
да, лентаны дайындаймыз. Лентаны немесе сол матамыздың өзінен ені 8см, ұзындығын қажеттілігіне қарай қырқып аламыз.
Мата әдемі шығу үшін 2 бүктеп аламыз, ал лентаны жалаң қабат етіп тіккеніміз дұрыс. Жастықшаның екінші бетін дайындау, ішіне мақта салып тігеміз.

Қорытынды.
Бағалау:

№31

Тақырыбы:    Жастықты экономикалық есептеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың қолөнер туралы білімдерін жаңа сабақпен байланыстыру, технологиялық саты бойынша жастықша тігуді үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың икемділігін, қол шеберлігін, өнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, карточкамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйм, суреттер (слайд), технологиялық нұсқау карта

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, бейнелеу өнері, сызу

Қажетті құралдар: 70х70, 50х50 см барқыт мата, ине, жіп, қайшы, сызғыш, бор немесе сабын

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Сарамандық жұмыс

V. Жаңа тақырыпты бекіту

VІ. Бағалау

VІІ.Үйге тапсырма.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу, даярлықтарын тесеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қолөнер дегеніміз не?

Қолөнер түрлерін ата?

Қолөнер иелері неше топқа бөлінеді, олар кімдер?

        

Гобелен

Кесте тігу

Әшекей бұйымдар жасау

Сырмақ, ши тоқк        Қолөнер

Құрақ құрау

Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу

                                  Ұста

        Қолөнер иелері                      Зергер

                                      Шебер

                                  Ісмер

        Ұста – әр түрлі металдан, темірден тұрмысқа тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал – саймандар, қару – жарақ т.б. жасайтын адам.

        Қара ұста – темір, мыс, жез, т.б. металдарды өңдейтін, темірден түйген адамды атаған. Ал, ақ ұста қара ұстаның жұмысын толық меңгерген, қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан сан алуан нәзік, көркем бұйымдар шебер адам. Кезінде ақ ұста кейін зергер деп атаған. Ұсталар тобы алтын, күміс сияқты қымбат тастарды қолданып, әшекей бұйымдар әзірлеген.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.

        Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім – кешек, баскиімдерді әшекейлеп, сәндеуде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекше өзгерістер енгізіліп отыр. Мысалы, ою – өрнекпен әшекейлеген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі – түсті тастармен безендіру жиі кездеседі.

        ІV.  Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесін қайталау

Инені арнайы ине түйреуішке қадап қою керек

Қайшыны ұсынғанда, ұшын өзіңе қаратып ұсын

Жіпті сабақтағанда ұзындығын, өзіңнің шынтағыңның ұзындығымен өлшеп алу қажет.

Жұмыс аяқталған соң құрал – жабдықтарды, жұмыс орныңды жинақта

Нұсқау карта бойынша жұмыстың орындалу ретін түсіндіру (2-сурет)

V. Жаңа тақырыпты бекіту

-Білемін     - Білдім       - Білгім келдеі

VІ. Бағалу (3-кесте)

 VІІ.Үйге тапсырма

Жастықтың үстіңгі бөлігін тігіп аяқтау

Негізгі түстер

Үйлесетін түстер мен реңдер

Үйлеспейтін түстер мен реңдер

Қызыл

Қоңыр

Сары

Көк

Сия көк

Сұр

Алтындай сары, ақ, қараша

Алтындай сары, ақ

Жасыл, қоңыр, қара

Ақ, сары

Сары, қызғылт сары, ашық көк

Қызыл, қызғылт сары, көгілдір

Сия көк, кірпіш түсті, қызыл күрең

Күрең қызыл, күлгін

Күрең қызыл, сұр

Күогін, қызғылт қоңыр

Қоңыр, күрең жасыл, қара

Қоңыр, бозғыр қоңыр

                 1-кесте

Жұмытсың орындалу реті

Өлшемі 50х50, 70х70 болатын екі мата аламыз. 50х50 артқы бөлігі 70х70, алдыңғы бөлігі;

70х70 см болатын алдыңғы бөлігін жан – жағынан 7 см қалдырып төртбұрыш сызамыз;

Ортасындағы төртбұрышты 3 см-ден бөліп торкөз сызамыз;

Сызбада көрсетілген сызықтардың бұрыштарын қосып тігеміз;

Жанындағы бүкпелерді бастыра көктеп тігеміз;

Алдыңғы бөлігімен артқы бөлігін қосып тігеміз. Ішіне губка салып, бекітіп тігеміз

2-кесте

Аты-жөні

Білімділігі

Сарамандық жұмыс

Сөйлеу мәдениеті

Қорытынды

                         

№32

Сабақтың тақырыбы: Алжапқышты әсемдеу

 Сабақтың мақсаты: Бұйымды сәндеп, әсемдей білуді оқушылардың бойына сіңірте отырып меңгерту, оның қажеттілігімен таныстыру.
а) Білімділігі: Оқушыларға шығармашылық шешім қабылдауды үйрету.
ә) Дамытушылығы: Ептіліктері мен ой-өрісін эстетикалық талғамдарын дамыту.
б) Тәрбиелілігі: Өнерді сүйе білуге, шеберлікке,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу, экология, биология.
Сабақтың көрнекілігі: Нұсқау карта,суреттер, дайын бұйымдар.
Қажетті құралдар: Ине, жіп, қайшы, тесьма, көркем тігістерге арналған жіп түрлері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, бұйымды өз қолдарымен жасау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, сабаққа даярлығы мен сынып тазалығын тексеру.

II. Өткен сабақты қайталау
Біздер үстіміздегі киімімізді былғап алмас үшін алжапқыш киеміз. Ас үйде, бақшаны күткенде, завод, фабрикаларда жұмыс түріне қарай арнайы алжапқыштар мен орамалдар тағады.
«Жасырынған сұрақтар»
Табиғаттағы ауаның ластануына әсер ететін – көліктердің , үй мұржаларынан шыққан түтіндердің, завод пен фабрикалардың суретерінің және үйеңкі ағашының жапырағының(байқап сағағын жоғары келтіріп карасаңыз екі шеткі жапырақ тармақтары алжапқыштың бел бауларына, ал қалған үш тармағы алжапқыштың сәндеп кесілген төменгі бөлігіне ұқсайды) және күннің суретінің (ағаш жапырақтарының құрамындағы жасыл хлорафиль күннің әсерімен оттегін бөліп шығаратынын балаларға түсіндіре отырып) астынғы жағындағы сұрақтарға жауап бере отырып суреттерді орналастырамыз. Ортасына жапырақтың суретін іліп, қалған суреттерді жағалай орналастырып «Таза ауаны қорғайық!» деген сөз құрдық.
Сол суреттерің астында жазылған сұрақтар:
1. Алжапқыш киімнің қай түріне жатады?
2. Күнделікті тұрмыста алжапқыш қандай матадан тігіледі?
3.Алжапқыш неше бөліктен тұрады?
4.Бөліктерді қандай тігістермен біріктіреміз? 
5.Қалтаны алдынғы бөлікке қалай біріктіреміз?
6.Тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесі мен тәртібі

III.Сабақтың негізгі бөлімі. Сарамандық жұмыс.
Алжапқыштың үй жағдайында сәнді болғаны тартымды көрінеді.
Алдымен техника қауіпсіздігі мен тәртібін сақтай отырып көктеу тігісімен орындаймыз.
1. Алжапқыштың екі жанын етегімен айналдыра әсемдеу – шілтері , тесьма және көркем тігістермен кестелеу.
2. Қалта өңірін шілтерілеу немесе тесьмалау.
3. Аппликациялау (жапсарлау) – әдемі суреттің қиындысына қатты қағазды қабаттап негізгі бөлікке көктеп алып, шеттік немесе кестелеу тігісімен тігіп шығамыз.
4. Қалтасына, кеуде бөлігіне гүл, жеміс суреттерімен немесе ою-өрнекпен кестелеугеде болады.
5. Бисер, пайеткилермен әшекейлеу.
Енді сәндеп болған соң орындалатын жұмыстар:
- көктеу тігістерін сөгу
- ылғалды жылулықпен өңдеу
- дайын бұйымның сапасын тексеру

IV.Сабақты қорытындылау.
• Нұсқау картасы бойынша пысықтау
• Алжапқыш сөзіне сөзжұмбақ шешу
• Бір шумақ өлеңмен аяқтау 
«Біз алжапқыш сонау шақтан сондаймыз,
Алдыңызға әдемі, шап-шақ болып орнаймыз.
Үстіңізге киіп жүрген киімді 
Шашыраған ластардан қорғаймыз!»

V.Оқушылардың жасаған жұмыстарына, білімдеріне қарай бағалау.
VI.Үй тапсырмасы
Түрлі-түсті қағаздар, желім және маталар әкелу

№33

 САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ:

Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.

А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.
Ә. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдына қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту.
Б. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақта қолданатын әдістер: Мәтінмен жұмыс, «Әңгімелесу парағын» толтыру, кестелерді, схемаларды толтыру, топтастыру әдісі, тест, шығармашылық жобаны қорғау, ой-пікір алысу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
компьютер, «Әңгімелесу парағы», интерактивті тақта, ручка, таблицалар, схемалар, бүктеме, суреттер, иллюстрациялар.
Пәнаралық байланыс: «Технология» (5-9 с.), информатика, математика, экономика, экология, бейнелеу өнері, тарих.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

1. Ұйымдастыру  – 1 мин.

а) түгендеу;
ә) құрал-жабдықтарды тексеру; Қауіпсіздік сақтау ережелері
б) формаларын тексеру

2. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты.
3. Мәтінді оқу, түсіну – 1 мин.
4. «Әңгімелесу парағын» толтыру – 7 мин.
5. Интерактивті тақтамен жұмыс – 10 мин.

«Ізденіс жұмыстар» – топтастыру әдісін қолданып.

Эскиз орындау схемасы.

Технологиялық карта бағандары.

Қауіпсіздік сақтау ережелері.

Сарамандық жұмыс.

Экономикалық есептер, формуласы.

«Экологиялық дәлел» топтастыру әдісі.

«Шығармашылық жұмысты пайдалану» топтастыру әдісі.

Жарнама схемасын құру.

Пайдаланған әдебиеттер.

6. Бекіту: «Шығармашылық жоба» схемасы.

1. Тест: «Шығармашылық жобаны қорғау».

2. Компьютермен бағалау: 50%-70% – «3»

70%-85% – «4»
85%-100% – «5»

3. шығармашылық жобасын қорғау кезеңдері:

I. Ізденіс жұмыстары:

Технология түрін таңдау.
2) Ақпарат жинау: 3) Тақырыпты таңдау.
4) Эскиздеу.
5) Құрал-жабдықтарды дайындау.
6) Қауіпсіздік сақтау ережелері.
7) Технологиялық карта құрастыру.

II. Конструкциялық жұмыстар:

1) Өлшемдерді алу.
2) Сызбалар мен схемаларды орындау.
7) Әдемі дизайн жасау. Әсемдеу, әрлеу.

III. Шығармашылық жобаны қорғау:

1) Экономикалық есептер шығару.
2) Экологиялық дәлел.
3) Пайдалануы.
4) Жарнама жасау.
5) Пайдаланған әдебиеттер, сайттар, интернет.

10. «Ой-пікір алысу» парағын толтыру – 1 мин.
11. Қорытындылау – 1 мин.
12. Тапсырма беру.

Ой-пікір алысу парағы

Фамилиясы

Не ұнады?

Не ұнамады?

№34

Тақырыбы: Кәсіпкер-бизнес
Мақсаты: білімділік – ХVIII – XXI ғасырлар аралығындағы қолданылған ақша түрлерімен таныстыру, ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру;
тәрбиелік – оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз Отаны Қазақстанға мақтаныш сезімін ояту.
Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар, мақал – мәтелдер.
Жоспар:
I. Kіріспе.
II. Heгізгі бөлім
1) Ақша тарихта (1 - слайд)
2) Теңге Қазақстанда (2 - слайд)
3) Теңге әдебиетте (3 - слайд)
4) Ақша қаржы жүйесінде (4 - слайд)
5) Ақша бизнесте (5 - слайд )
III. Қорытынды.
Жүру барысы:
Мұғалімнің сөзі: Бизнес - белгілі бір іске қатысушылар арасындағы іскерліктер қатынастар, кәсіпкерлік, яғни бизнес – нарықтық қатынас. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да өзінің негізін әлдеқашан құрып алған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады.
Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттелген адамдар шығып жатыр. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демократиялануы болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікке өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында өркендейді.
Балалар, сендерге бүгінгі сынып сағатын түсіну соншалықты ауыр болмас деп ойлаймын. Себебі ақша – уақыт тынысы.
Ақша тарихта (1 - слайд)
Жүргізуші: Әрине, үйреншікті заттардың тарихын білген әрқашан қызық. Ал ақшаның және ақша жүйесінің тарихы өзіне ғана тән фактілерді емес, елдің, халықтың, экономиканың тарихын қамтиды. Ақша тарихы - өмірдің өзінің ең айқын, ең дәл және сабақ беретін көрсеткіші.
1 - Зарина: Кез - келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері т. б. (тиін мөрлері, құжаттар) ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумазматика ғылым ретінде ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И. Х. Эккель.
2 - Мөлдір: Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Теңге Қазақстанда ( 2 - слайд)
Жүргізуші: Теңгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары ( елтаңбасы, туы, әнұраны, ұлттық валютасы) бар егеменді елге айналды.
4 - Ерасыл: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасының Президентінің 1993 жылғы 12 - қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 - қараша күні таңертеңгі сағат 8 - ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
5 - Ақылбек: Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы, авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.
Теңге әдебиетте (3 - слайд)
Жүргізуші: 2008 жылы теңгенің 15 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов «Қазіргі кезде балаларға арналған қазақша кітаптар жетіспейді, таралымы да аз. Сол балаларға ақша туралы алғашқы әліппелік түсінік беретін кітапша шығартсақ» деген тұжырымға келген екен.
Ақша қаржы жүйесінде (4 – слайд)
Жүргізуші: Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін « Қазақстан Ұлттық банкі» жүзеге асырылады.
1 - Беркін: Қазақстан Ұлттық Банкі» банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар. Онда қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады. Таза салмағы 24 гр, 34 гр т. б. әр түрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.
Ақша бизнесте (5 – слайд)
Жүргізуші: Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша негізінен мынадай қызмет атқарады.

1) Ақша - құн өлшемі. Ақша кұн өлшемі ретінде « құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін» материал қызметін атқарады.
2) Ақша – айналыс құралы. Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады.
3) Ақша – қазына жинау және қорлану құралы. Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан оны кез - келген уақытта кез – келген тауарға айналдыруға болады.
4) Ақша – төлем құралы. Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай несиеге де сатылады. Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.
5) Дүниежүзілік рынокта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге, халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға тауар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.
Қорытынды.
1. Бизнес сөздік. Экономика – қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі. Валюта - бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі. Банкнот – мемлекеттік банк шығаратын, айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер. Номинал – көрсетілген баға, белгіленген баға. Инфляция – ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы.
2. Ақшаға бәрін сатып алуға болмайды. Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанымен оның билігі жүрмейтін жерлер, ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп. Рас, қазір біздің қоғамда ақшасын қомақты еткісі келетін жастар легі баршылық. Сендер де болашақта іскер, кәсіпкер болсаңдар ақшаның күші мен құдіретін білдіретін жеті ережені есте ұстаңдар.



Предварительный просмотр:

7 сынып

№1

Сабақ тақырыбы:

Қазақ халқының дәстүрлі тағамдары. Дастархан жабдықтау түрлері Этикет ережелері

Білімділігі:  Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік  дағдыларын  қалыптастыру.

Дамытушылығы: Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту.    

Тәрбилігі: Ұлт –жандылыққа  ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі  витаминдер,  минералды тұздардың құрамы» схемалар, Балық туралы альбомдар »Дастархан жабдықтау » кестесі

Пәнаралық байланыс:

биология, химия

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мне мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – аралас, тақырыбы «Дастархан жабдықтау

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады. 4-5 стақан бидай ұны, 1стақан сүт (немесе су), 1 шай қасық тұз, 2 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа керек.Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа.

         

Сабақ теориялық дайындықпен, күнделікті дастархан жабдықтау және мерекелік жиын өткізуге арналады. Қазіргі заманғы этикет талабына сай әдемілікті, ісемдікті, білімділікті және дұрыс жабдықтауды қажет етеді.Қазіргі заманның қажеттілігі бүгінгі күні - өзін өзі ұстау, өкінішке орай әдептілікке, тәрбие мәдениетіне, жақсы мәнер ережелеріне немқұрайлы қарайтындар да кездеседі. Ең қарапайым өмірде кездесетін жағдай: қалай қонақтарды қарсы алу?. Мерекелік дастарханды қалай жабдықтау?  Осыған орай үстел басында өзін-өзі қалай ұстауын адамдармен қарым-қатынасын, тәрбиелік дәрежесін анықтауға болады. Соңғы жылдары біздің өміріміз әр түрлі жаңалықтарға толы: іскерлік, шет мемлекеттерден экономикалық байланыстар көбірек дамыды. Сондықтан әр адам өз серіктерінің арасында артық көрінгісі келетіні орынды. Әр түрлі орынсыз жайлар қарапайым тәртіп ережелерін сақтау адамды сүйкімді, адамгершілік қатынасын жағымды етіп көрсетеді, әр түрлі көзқарастағы адамдарды жақындатады.Дастархан жабдықтауды әртүрлі қарастыруға болады. Тек кейбір ережелер қатал сақталған. Қалғандары - әр адамның талғамына, жағдайына және сезіміне байланысты. Ең бастысы – ыңғайлы, әдемі, жағымды болуында.Адамның күннен күнге тамақтанатын орны негізгі  мәселе болып табылады. Өз отбасында таңертеңгілік асты дұрыс қабылдаса, күні бойы жақсы көңілмен жүреді. Ал кешкілік аста әдемі жинақталған үстел басында, барлық отбасы адамдары өз ойларымен, жаңалықтарымен алмасып шүйіркелессе, сол күн жақсы аяқталғаны болып табылады.Басқа жағдайда – мүмкін ол отбасының түскі ас жақын достарымен кездесу, шақырылған адамдаремен немесе мерекелік кеш – үстел әдемі және ыңғайлы жасақталуы тиіс.

Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.

• таңертеңгілік ас;

• түскі ас;

• кешкі қонақтарды күту.

III.Қорытынды нұсқау

Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:

5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

ІҮ Сабақ бекіту

Қазақ халқының дәстүрлі тағамдары. Дастархан жабдықтау түрлері Этикет ережелері

Ү.Қорытынды жасау

ҮІ Үй тапсырмасы

№2

Тақырыбы:Дастархан жабдықтау түрлері Этикет ережелері

Білімділігі:  Дастархан жабдықтау, этикет ережелерін

көрсетіп үйрету, білім – білік  дағдыларын  қалыптастыру.

Дамытушылығы: спаздыққ танымдық қызығушылықтарын дамыту.    

Тәрбилігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі  витаминдер,  минералды тұздардың құрамы» схемалар, Балық туралы альбомдар »Дастархан жабдықтау » кестесі

Пәнаралық байланыс:

биология, химия

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мне мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – аралас, тақырыбы «Дастархан жабдықтау

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.

• таңертеңгілік ас;

• түскі ас;

• кешкі қонақтарды күту.

Тамақтану кезінде үстелде аз құралдар (қасық, шанышқы, тәрелке) және қағаз сүлгілер қолдану заманы өтті. Енді өзгеше қатаң талап қойылады: дастархан жабдықтау түрлерінің ерекшеліктері туралы білімі, кез-келген жағдайда өзін еркін сезінуге көмектеседі: зайырлы қабылдауда, мейрамханада, шақырылған кешкі аста. Құралдардың қолданылуы туралы оқушыларға әңгімелеу.сызба бойынша қосымша 1.

Пышақ май жағуға арналған. 2. Тарелка – нан және май жағуға арналған. 3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы-десертке арналған. 12. Су ішуге арналған стакан. 13.Бокал  шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақвино құюға арналған.

Дастархан жабдықтау кезінде қолданылатын қажетті кездемелік сүлгі.Қолданылуына қарай оларды әртүрлі әдістермен бүктеледі, тез, оңай ашылуы ескеріледі, ерінді сүрту үшін немесе тізеге жайып қою үшін. Сонымен бірге тазалық ережелерін сақтау үшін де қолданылады. Егер де дастархан жабдықтауға дәмханада тәрелке берілмеген жағдайда, оның артына төрт бүктелген кездемелік сулықты қойып қояды.

Оқулықта схема бойынша, кездемелік сүлгіні бүктеу тақырыбында  сарамандық жұмыс өткізіңдер. Эксперимент үшін кездемелік сүлгінің орнына қағаз салфетканы қолдануға болады.

6 сурет. Салфетка бүктеу әдістерінің түрлері.

1. Фуршет үстелінің банкет үстелінен айырмашылығы қандай?

2. Салфетка этикетінің ережелерін атаңдар?

Ең алғашқы кезде кім салфетка туралы ой салды?

III.Қорытынды нұсқау

Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:

5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

ІҮ Сабақ бекіту

Қазақ халқының дәстүрлі тағамдары. Дастархан жабдықтау түрлері Этикет ережелері

Ү.Қорытынды жасау

ҮІ Үй тапсырмасы

Дастархан жабдықтау. Этикет ережелері

№3

Сабақ тақырыбы: Балық және теңіз өнімдерінің құндылығы туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Балық және теңіз өнімдерінің құндылығы туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

*білімділік-  Балық және теңіз өнімдерінің адам денсаулығына әсері;

*дамытушылық-құнарлы заттар туралы білімдерін кеңейту;

*тәрбиелік – СӨС қағидаларына тәрбиелеу, «Дәрі-дәрмексіз денсаулық» қағидасына сәйкес дәріханаға жүгінбей-ақ ағзаны минералды заттармен толықтыру.

Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі  витаминдер,  минералды тұздардың құрамы» схемалар, Балық туралы альбомдар »Дастархан жабдықтау » кестесі

Пәнаралық байланыс:

биология, химия

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі

Салемдесу, түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Қазіргі заманғы ас бөлмесі

Электр жабдықтарын пайдалану

Қазақтың ыдыстары мен қару-жарақтары

Киіз үй жабдықтары

ІІІ Жаңа сабақ

Өзенде, теңіз немесе жасанды жағдайда өсірілгені болсын – кез келген балық – жүрек, қан тамырлары, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Балық құрамындағы пайдалы заттар:

- ақуыз;- липидтер;- аминқышқылдар;- йод;- фтор;- кальций;- марганец;- цинк;- селен;- темір;
- магний;- фосфор;- бром;- A дәрумені;- D дәрумені;- F дәрумені;- E дәрумені;- С дәрумені;
- PP дәрумені;- B тобының дәрумені;- H дәрумені;- балық майы;- Омега-3 қышқылы.

http://massaget.kz/userdata/users/user_24/1397205899.jpghttp://massaget.kz/userdata/users/user_24/1397205944.jpghttp://massaget.kz/userdata/users/user_24/1397205986.jpg

Балықтың емдік қасиеттері

Балық – ірі өзен, көл, теңіз бен мұхитты жағалай орналасқан елдердің басты өнімі болып табылады. Және теңіз жағасында тұратын адамдардың аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні дәлелденген. Өйткені теңіз бен мұхиттың өсімдік және жануарлар әлемі – табиғат қорындағы ең пайдалы заттардың қайнар көзі.

Балық және теңіз бен мұхит флорасы мен фаунасының басқа да өкілдерінде кез келген тірі ағзаға қажетті барлық дәрумен, макро және микроэлементтер көп мөлшерде ұсынылған. Әлбетте, өзен мен бөгет балықтары да адамға пайдалы, бірақ онда дәрумендер мен пайдалы заттар азырақ.

Өзен мен тұщы су қоймаларының балықтарында йод, бром мен D дәрумені біршама аз, бірақ онда ақуыз жеткілікті мөлшерде болады. Етке қарағанда балық ақуызында метионин сынды маңызды аминқышқылы болады. Балық ақуызы ағзаға тез сіңеді, сондықтан оны асқазан ауруларының алдын алу үшін пайдалануға болады. Балық құрамындағы йод пен фтор эндокринді жүйе ауруларын емдеуге ықпал етеді.

Көптеген диеталар балықтан тұрады. Етке қарағанда балықтың калориясы азырақ болып келеді. Семіздік пен аз тамақ жеу диеталарында көбіне осы балықтан жасалған тағамдар ұсынылады. Кез келген майлы емес ақ балық диеталық саналады, бірақ диеталық өнімдерге бәрінен бұрын көксерке жарайды.

Балық сатып аларда жас балық немесе бертінде тоңазытылған түрін таңдаған жөн. Оларда пайдалы микроэлементтер мен дәрумендер әлі де сақталған болады. Балықты буда немесе қайнатып пісірген жөн. Балықты ашық отта қуырып немесе қыздырып пісіру арқылы жүрек ұстамасы қаупі деңгейі төмендейді. Жалпы балықты қалай дайындасаңыз да пайдасы мол. Балық жасаушысы саналатын балық майы да пайдалы өнім.

Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы ми мен көздің ішкі тор қабығының маңызды заттегі болып табылады. Ол мидың тез жұмыс істеуіне ықпал етеді. Май қышқылдары ең мықты антиоксидант болғандықтан, ісік пайда болуының алдын алады. Омега-3 күйзеліс гормондарын тежеп, буындар мен мидың іс-әрекетін жақсартады. Олар қорғаныш қасиеттерге ие және қан қысымын қалыпқа келтіріп, артық майларды кетіруге ықпал етеді. Омега-3 май қышқылы ақсеркеде көп кездеседі. Алайда оны көп мөлшерде тұтыну ұсынылмайды, өйткені бауырға теріс әсер етуі мүмкін.

Балықтың зиянды қасиеттері

Ғылыми-техникалық жетістіктер адам өмірін барынша жайлы етті, алайда өндірістердің көптеп пайда болуынан өзен, көлдер мен теңіздерге зиянды заттар түсетін болды. Ал бұлар кейде балықтардың қорегіне айналып жатады. Мұның бәрі экологияға дұрыс мән бермеу салдарынан болып отыр.

Шортан, ақсерке мен алабұға бойында сынап сынды зиянды зат жиналуы мүмкін. Сондықтан оның сапасына толықтай көзіңіз жетпей сатып алмағаныңыз жөн.

Сүрленген балық та зиянды болуы мүмкін. Ыстық сүрлеуден өткен терісі жұқа балықта көптеген канцорегенді заттар болады. Сол себепті терісі қалың балық таңдауға тырысыңыз және аптасына 1-2 рет қана тұтынғаныңыз жөн.

ІҮ Сабақ бекіту

  1. Балықтың құрамындағы пайдалы заттар
  2. Балықтың зиянды қасиеттері
  3. Балықтың емдік қасиеттері

Ү.Қорытынды жасау

Балық және теңіз өнімдерінің құндылығы

ҮІ Үй тапсырмасы

Балық және теңіз өнімдері туралы  бүкт 

№4

Ұн өнімдері 
Мақсаты: 
Білімділік:Тамақ әзірлеу технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу.Теориялық білімді практика барысында көрсете білу. 
Дамытушылық: Қиялдай білуге, елестете білуге ( салыстыра білуге,талдау жасай білуге), еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап,өзін –өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету. 
Тәрбиелік: Ас тағамын қадірлей білуге үйрету. Пәнге қызығушылықтарын арттыру жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету. 
Сабақтың түрі: Өтілген материалды жалпы қайталау және жүйелендіру сабағы. 
Сабақтың көкнекілігі: интерактивті тақта, дайын қамырдан әзірленген тағамдар. 
Сабақтың барысы. 
I.Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тәрбиелік кезең. 
IIІ.Өткен тақырыпты қайталау. 
Наннан тағам аспайды, 
Нан бәрін де бастайды, 
Басса да адам құранды, 
Нанды, бірақ баспайды. 
Нан қарағым киелі, 
Нанды хылық сүйеді. 
Қастерлеген адамға, шапағаты тиеді. 
Нанның дастарқанға дайын болып келуі ойланған жанға кашанда қызық,ғажап. Нан ертеден-ақ халықтың әл-ауқатын, тіршілік тынысын танытады. Нан пісірген адамдар әрқашан сыйлы да, құрметті болған. Біз арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүреміз. Сол үшін елімізге дән ризамыз.Әйтсе де сол нанның баршылығы кейде келеңсіз жағдайға соқтырады. Егер төрт адамы бар әрбір отбасы күн сайын 100 грамм нанды тастайтын болса,бір жылда 36 килограмнан астам нан рәсуа болады екен. Еліміз бойынша алғанда бұл кеткен шығынның орнын толтыру үшін әрқайсысы 20мың тонна астық сиятын 100элеватор салуға,57 диірмен орналастыруға,тәулігіне 50 тонна нан шығаратын 130нан заводын тұрғызуға тура келеді екен. 
Нан қонақжайлық пен молшылық рәзімі. Мысалы,орыс халқында қонақты нан, тұзбен қарсы алу дәстүрі ертеден қалыптасқан.Қазақ халқында дастарқан бидай ұнынан жасалған нан мен бауырсақсыз жайылмаған, ал бауырсақ нан өнімдерінің ішінде ерекше орын алады. 
Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді? Қамырдан жасалған тағамдар жоғары құндылыққа ие, сондықтан барлық ел аспаздығында маңызды орын алады. 
1.Ұн тағамдарын пісіруге қажетті негізгі өнімдер? 
ҰН 
СУ Ұн тағамдарын пісіруге АШЫТҚЫ 
қажетті негізгі өнімдер 
ТҰЗ 
2.Ұн тағамдарын пісіруге кандай сұрыпты ұн пайдаланамыз? 
Ұн - қамырдың барлық түрін әзірлеу үшін қажетті негізгі өнім. Тағамды үй жағдайында пісіру үшін жоғары, бірінші және екінші сұрыпты бидай ұны жиірек, қарабидай ұны, арпа, қарақұмық жүгері жармалары сирегірек пайдаланылады. 
Ұннан жасалған тағамдардың құрамында бағалы қоректі заттар: көмірсулар, ақуыз, май,минералды заттар болғандықтан, тамақтың құнарлығы жоғары. 
3.Ашытқыны не үшін пайдаланылады? 
Ашытқы сұйық, сығымдалған және құрғақ кептірілген болуы мүмкін. Қамырдың көтерілуі және ашу процесінің ұзақтығы ашытқының сапасына байланысты. 
Қамыр қопсытқыштары.Қопсытқыш қоспаған қамыр тығыз болады. Ондай қамыр вареник,кеспе, тұшпара дайындау үшін қажет.Қамыр сапасын жақсарту үшін және оны көтеру үшін оған қопсытқыш қосу керек, сонда қамыр жақсы көтеріледі. Қопсыту тәсілі әртүрлі болуы мүмкін: 
- биохимиялық ( ашытқыға негізделген) 
- химиялық- ас содысы, аммоний көмірқышқылы арқылы. 
- механикалық - маймен араластырып,көпіршіту арқылы. 
Үй жағдайында қамырды ашытқы немесе ас содасын қосып ашытады. 
Биохимиялық ашыту жолымен алынған қамырды ашытқылы,ал химиялық және механикалық жолмен алынған қамырды ашымаған немесе ашытқысыз деп атайды. 
Химиялық қопсытқыштар суда тез ериді,ал қыздыру кезінде: 
- ас содысы көмірқышқыл газын. 
- аммоний көмірқышқылы аммиак пен көмірқышқыл газын бөліп шығарады. 
Көмірқышқыл газы қамырды қопсытады.Ас содысын қамырға қоспас бұрын, оның дәмі қамырға шықпау үшін, сірке қышқылымен ерітеді немесе айранмен араластырады. 
4. Тұзды не үшін пайдаланылады? 
Тұз қамырдың ашуына, оның физикалық құрамына әсер етіп, дәмін келтіру үшін пайдаланылады. 
5. Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қандай қосымша өнімдер пайдаланамыз? 
Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қосымша өнімдер :май,қант,жұмыртқа пайдаланылады. 
Сарымай және жұмыртқа ескірмеген болуы керек.Жұмыртқаны пайдаланар алдында қабығында сальмонелл, ішек ауруларын туғызатын микробтар болмас үшін ағынды су астында жуып, содан соң бір- бірлеп бөлек ыдыста сапасын тексере отырып жарады. Қантты қамырға қосады,ал қант пудрасын дайын өнімге себеді. 
Қамырға арнайы дәм, хош иіс беру үшін дәмді қоспалар: мейіз, жаңғақ,цукаттар,мак,джем,сол сияқты хош иісті үстемелер : ванилин,корицы, тмин қосады. 

6.Тағамның сапасы неге байланысты? 
Тағамның сапасы ұнның сапасына байланысты.Ұнның дымқылдығын мынадай әдіспен анықтауға болады:ұнды алақанға салып сығу керек, егер түйір дереу шашылып кетсе, онда ұнның өте құрғақ болғаны; егер алақандағы ұн қозғағанда ыдырап шашылса,онда бірыңғай дұрыс болғаны; егер түйір кесек қалпында қалса, дымқылдығы артық деген сөз. Ұнды құрғақ жерде,арнаулы ыдыста, бәрінен бұрын табиғи материалда сақтаған жөн. 
7.Ұнды алғашқы өңдеу тәсілі? 
Қамыр әзірлеу алдында ұнды електен өткізеді. Еленген ұн оттекпен байытылып, пісіргенде қамыр жақсы көтеріледі.Ұнды електен өткізудегі мақсат- одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.Жоғары сапалы ұн көтеріледі әрі жақсы иленеді. 
8.Ұн өнімдерін неше топқа бөлуге болады? 
1.Ұннан жасалатын тағамдар. Тұшпара,үй кеспесі, варениктер,құймақшалар, құймақ,жайма құймақ. 
2.Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер. Ватрушка,пирожкилер,пончиктер, бәліш т.б. 
3.Дәмделген нан өнімдері. Май мен сүтке иленген,яғни майқоспа нан өнімдері, қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар,қаусырма, т.б. 
4.Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер. Пирожный,торт,печенья,прәндік. 

9.Қамыр дайындау тәсіліне қарай неше топқа бөлінеді? 
Қамыр түрлері 


ашытқылы ашытқысыз 


10. Ашытқылы қамыр дайындау технологиясы? 
сапасын анықтау қамырдың ашуы 
қамырды өңдеу 
Шикізат алғашқы өңдеу қамырды толықсыту 
пісіру 
ашытқылы қамырды илеу сапасын анықтау 


11. Ашытқысыз қамыр дайындау технологиясы? 
IV. А.Сөзжұмбақ шешу. 
Ә. Нан, ас туралы мақал- мәтел 
1.Нан-береке басбауы. 
2.Нан көп болса, қарның тоқ болар. 
3.Нан-күш қуат көзі. 
4. Нан –адам баласының басты байлығы. 
5. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. 
V. Оқушылар үйден әзірлеп әкелген тағамдарын түсіндіру. 
- Нұсқау карта және технологиялық сызбасын сызу. 
- Органолептикалық тәсілмен талдау ( дәмін,иісін көру). 
VI. Қортындылау. 
Тест сұрақтар. 
І-нұсқа 
1.Қамырды илер алдында ұнды 
А) Кептіреді 
Ә) зиянкесетрдің бар жоғын тексеру 
Б) елеуіштен өткізу 
В) Іріктейді 
2. Крахмал алынады 
А) күріштен 
Ә) алмадан 
Б) қырыққабаттан 
В) картоптан 
3. Үгілмелі қамырды дайындау үшін қандай азықтарды көп мөлшерде қолданады? 
А) ас содасы 
Ә) жұмыртқа 
Б) май 
В) қант 
4. Бисквит қамырды дайындау үшін қандай азықтарды көп мөлшерде қолданады? 
А) ас содасы 
Ә) жұмыртқа 
Б) май 
В) қант 
5. Ашытқылар бұл не? 
А) тұздың түрі 
Ә) кристалды ұнтақ 
Б) микроорганизмдер 
В) тамақ содасы 
6. Ванилин бұл не? 
А) тұздың түрі 
Ә) тамақ содасы 
Б) ашытқы 
В) дәмдеуіш 
7. Үгілмелі қамыр жаю үшін қолайлы температураны көрсет. 
А) 0-10 С 
Ә) 15-20 С 
Б) 20-25 С 
В) 25-30 С 
8. Үгілмелі қамырдан жасалған тағамды қандай температурада пісіреді? 
А) 180-220 С 
Ә) 150-180 С 
Б) 220-250 С 
В) 250-270 С 
9. Ұн тағамдарын пісіруге қажетті негізгі өнім. 
А) май 
Ә) жұмыртқа 
Б) ұн 
В) ванилин 
10. Ас содасын қамырға қоспас бұрын. 
А) тұзбен араластырады 
Ә) сірке қышқылымен ерітеді 
Б) қантпен араластырады 
В) маймен араластырады 

ІІ-нұсқа 
1.Ұнды алғашқы өңдеу тәсілі: 
А) кептіреді 
Ә) іріктейді 
Б) елеуіштен өткізеді 
В) жуады 
2. Қамыр дайындау тәсіліне қарай: 
А) ашытқылы 
Ә) сұйық 
Б) дәмді 
В) дәмсіз 
3. Қамыр консистенциясы жағынан: 
А) ашытқылы 
Ә) сұйық 
Б) дәмді 
В) дәмсіз 
4. Үгілмелі «үй печеньесін» әзірлеу үшін қандай азықты көп мөлшерде қолданады? 
А) ас содасы 
Ә) жұмыртқа 
Б) май 
В) қант 
5. Бисквит тортының қамырын әзірлеу үшін қандай азықтарды көп мөлшерде қолданады? 
А) ас содасы 
Ә) жұмыртқа 
Б) май 
В) қант 
6. Суда тез еритін, химиялық қопсытқыш: 
А) ванилин 
Ә) тұз 
Б) тамақ содасы 
В) крахмал 
7. Құймақ әзірлеу үшін қандай қамырды дайындайды? 
А) тұщы 
Ә) сұйық 
Б) үгілмелі 
В) ашытқылы 
8. Бауырсақтың қамыры қандай? 
А) қайнатпалы 
Ә) бисквитті 
Б) қаттамалы 
В) ашытқылы 
9. Тұшпара қамыры қандай? 
А) сұйық 
Ә) ашытқылы 
Б) үгілмелі 
В) тұщы 
10. Қай дастарқанның ыдыстары топтап қойылады? 

 А) мерекелік 
Ә) фуршет 



Венн диаграммасы 

VII.Бағалау. 
VIII.Үйге тапсырма. 

№5

Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға химиялық талшықтар жайлы қысқаша мәліметтер беру; экономикадағы үкімет рөлі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқу - танымдық қызметті ұтымды ұйымдастыру және пайдалану шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік: жолдастарына көмек беруге, жұмысты тиянақты таза жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: матадан жасалған альбом, мата, жіп - ине, қайшы.
Пәнаралық байланыс: биология

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үстел басында отыру мәдениеті айт.
2. Өзін дұрыс ұстау ережесі қандай?
3. Экономиканың экологиялық проблемалары қандай?
4. Экология дегеніміз не?
5. Ластану дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сендер киім матадан тігілетіні білесіңдер. Матаны тоқыма маталармен тоқу станогында, ал тоқыма маталарын – талшықтан тоқиды. Барлық текстильді талшықтар табиғи және химиялық болып бөлінеді.
Табиғи талшықтардың негізі әр түрлі болады: өсімдік (зығыр, мақта, кенеп) пен жануар (жүн, жібек), минералды (асбесті).

Сендер матаның өсімдік пен жануардан пайда болатынын білесіңдер.
Өсімдік тектес талшықтарды өсімдіктердің түрлі бөлшектерінен алады. Тұқым жабындыларынан мақта алады: зығыр, кенеп, рамидің сабақтарын пайдаланады.
Жануар тектес табиғи талшықтар жүн және табиғи жібекті жатқызамыз.
Химиялық маталарды жасап шығаруды қамтамасыз ететін факторлар:
Жерде өмір сүріп жатқан халықтың саны өсуінің есебі, құнарлы жерледің азаюы, жаңа технологиялардың дамуы, маталарға деген жаңа тұтынушылық қажеттіліктердің табиғи маталарда жоқ болуы.

Талшықтарды жасанды жолмен алу проблемасы бағзы заманда пайда болған. 1965 жылы Роберт Гук жібек матасын жасанды жолмен алу идеясын ұсынды. 1853 жылы ағылшын Аудемарс интроцеллюлоза ерітіндісінен жіңішке жіп иіруді ұсынды, ал 1891 жылы француз инженері И. де Шардонне осындай жіптерді алғашқы болып өндірістік масштабта шығара бастайды.
Кейбір жеке химиялық талшықтарпды алуда айырмашылықтар болғанымен, оны өндіруде ортақ схемасы келесі кезеңдерден тұрады:
- Шикізатты алу және оны алдын - ала өңдеу
- Иірілетін ертінді мен балқымасын даярлау
- Жіптерді қалыптастыру
- Өңдеу.
Жасанды талшықтардың шикізатын целлюлоза өндіретін кәсіпорындар алады. Жасанды талшықтың құрамы негізгі шикізат құрамына сәйкес келеді. Синтетикалық талшықтар шикізатын табиғи газ, көмір, мұнай қалдықтарынан қайта өңдеуден өткізгенде химиялық реакциялар нәтижесінде алады.

Талшықтардың ерекшеліктер мен қасиеттері
Жасанды талшықтарға вискозды, ацетатты, үш ацетатты, полинозды және ақуызды талшықтар жатады.
Вискозды талшықтардың ең арзан, әрі кең тараған түрлері алғаш 1892 жылы алынды. Вискозды талшықтар үшін шикізат – шырша, қарағай, арша сияқты ағаштардан алынған табиғи целлюлоза б. т. целлюлозаны химиялық өңдеу нәтижесінде жіп иіру ерітіндісі – вискозаны алады. Одан сулы түрде талшық қалыптастырады.

Қарапайым вискозалық талшықтар түске тұрақты, жұмсақ, созылу және гигроскопиялық қасиеттерге бай. Алайда ылғалдықпен қамтамасыз еткенде талшықтар қатты бұртыйып, өз беріктігін жоғалтады (50% дейін). Сондықтан да вискозды талшықтардың құрамының қасиеттерін жақсартуға жұмыс істеуге өте қажет: оның беріктігін, гигроскопиялығын, түске тұрақтылығын, қажауға қарсы тұрақтылық, суға салғанда беріктіктің жоғалуына азайту сияқты маңызды қасиеттерін атап кетуге болады.

Митилон атты вискозды талшық микроорганизмдердің әсеріне, түске қарсы, тозуға қарсы жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қолмен ұстағанда және сырт түрін көргенде митилон атты вискозды талшығы жүн талшығына ұқсас. Сондықтан да аталған талшықтарды кілем тоқуда жүн жіптерінің орнына пайдаланады.
Химиялық үдерістің негізінде түрлі спецификалық қасиеттері бар вискозалық талшықтар алуға болады: өртке тұрақты, бактерицидті, қышқылға қарсы тұрақты, май мен суға тұрақты және т. б.

№6

I. Сабақтың тақырыбы

 Химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту.

 

II.Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар, технология  оқулығы.

 

III.Жалпы мақсат

Оқушыларды  мәтіннің  танымдық сипатын әр  оқушының өзіндік ойына ерік беру арқылы өзінше ой қорытуға, ұйымшылдыққа ,жұмысқа жұмылдыру арқылы  таным түсініктерін дамыту.

 Оқушыларды механикалық, гигиеналық, технологиялық  талаптарды   білуге, әсемдікке, еңбекқорлыққа  тәрбиелеу

 

IV.Оқу нәтижелері

1.  Киімді  күтудің түрлері  жайлы  өз ойларын жеткізе алады.

2.“Киім  мәдениеті”  тақырыбын ашып, түйінді ойын айтады.

3.  Киімдегі шартты затбелгілерді анықтап, табиғи ,жасанды талшық  екенін  анықтап  айырмашылығын түсініп,үш  қасиетті  анықтап  ойланып, пікір айтады.Қай  кезде  қауіпсіздік  ережені  сақтау  керектігін  айтады,пайдалы  кеңестер  жайлы  өз  ойын  жеткізеді.

 

V.  Түйіндік  идеялар

Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып ,ойға түйе білу.

 

VI. Модульдер,әдіс-тәсілдер

АКТ,СТО,диалогты  оқыту,топтық  жұмыс, ОүБ және оқуды  бағалау.

 

VII.  Ресурстар

Оқулық,стикер,маркер, , А3қағазы,түрлі түсті қағаздар ,әр түрлі мата, қайшы.

 

 VIII.Кезең

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушылардың  іс - әрекеті

Қамтылатын

модульдер және

әдістер

Бағалау

 

 

 

                   IX Ұйымдас-у

Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтайды.Оларды жеңу жолын қарастырады.

Кезекші сыныптың ахуалын баяндайды.

Ынтымақтас-

тық атмосфера қалыптастыру

 

 

Топқа бөлу. 

   Мата атауымен бөліну.

Мақпал, жібек,зығыр деп мата талшық арқылы бөлінеді.

Топқа бөлу

 

 

 

 X.  1.                          Білу,  Түсіну. 

 2.Матаны біз қайдан аламыз? Қалай өңделеді? Киімді қалай күтеміз?

Оқушылар  сұраққа.

сыни тұрғыда ойлана отырып , өз ойын  ашық айтып,пікірін  жеткізеді.

СТО-ой толғау,

Диалогты оқыту,

 

Мадақтау,

 

    XI. 2. Қолдану        

 Тапсырма:

  Мұғалім  үш  топқа  киімдермен  матаны таратып, береді.

1-топқа  «Мақта» тобы  киімнің

  механикалық қасиеттерін , түр-түсін, затбелгісін  айырып,  анықтау..2- топқа «Зығыр» тобы киімнің гигиеналық  қасиеттерін, түр-түсін, зат белгісін анықтау.

3-топқа « Жібек» тобы киімнің

технологиялық  қасиеттерін, түр-түсін, затбелгісін анықтау.

Киімге  ,матаға қарап  оқушылар табиғи,жасанды талшық екенін анықтайды және затбелгілерін  тауып, мағынасын,сапасын  анықтап,айтады.

СТО  ой толғау, топтастыру, АКТ,

диалогты  оқыту,

 Оқыту  үшін  бағалау және

Оқуды бағалау,

топтық  жұмыс

 

Мадақтау, смайлик арқылы  топтар  өзін-өзі бағалайды.

 

 

 

 

 

 

      XII. 3.Талдау  

 

ЖигСО әдісін қолдана отырып, әр топқа  киімді  күту  жайлы  сұрақтар жабық  күйінде беріледі,үш топ орын  ауыстырып,жабық  сұрақтарды  ашып,  талқылау. 

Үш топтың тапсырмасы:

Киім  күтудің қандай  түрлерін білесіңдер?

Қауіпсіздік  ережесін айт?

Киімді жөндеудің қандай түрлерін білесіңдер?

Талқылап болған соң, орын  ауыстырады.

3топқа  Топтастыру  әдісінің желісімен сұраққа  жауап беру  арқылы  топтастыру.

  Киімді  күту  үшін  біз нені  білуіміз  керек?

Оқушылар қолындағы  киімге  байланысты сұрақты  талқылайды, талдайды, саралайды, тапсырманы топпен орындайды,топтастырады,

 

СТО  ой толғау,ЖигСО әдісі, АКТ, диалогты  оқыту,   Оқыту  үшін бағалау және оқуды бағалау, топтық  жұмыс

Мадақтау, смайлик арқылы  топтар  өзін-өзі бағалайды.

 

          XIII.           Сергіту   сәті 

Психологиялық жаттығу

 

Музыкаға  қимыл-қозғалыс жасайды

АКТ

 

 

 

 

 

 XIV.

4 Жинақтау                                   

 

3топқа  “Бортты  журнал”әдісінің желісімен сұраққа  жауап жазу  арқылы  ойын   жинақтайды.

Болжам: Тақырып  бойынша  бұрыннан не  білемін?

Бұл  туралы  не  білуім  керек?

Жаңа  ақпарат: Бұл  туралы  енді  не  білдім?

Қандай  маңызды  сәттерді мен енді  анықтадым?

Оқушылар  топпен 

“ Бортты журналды”  сұраққа  жауап  беру  арқылы толтырады ,

өз ойларын жинақтайды

 

Топтық жұмыс,СТО ,Бортты  журнал  әдісі.

 

 

Мадақтау, смайлик арқылы  топтар  өзін-өзі бағалайды.

 

          XV.   5.    Бағалау  

   Мұғалім 9 алмаз -9 пайдалы  кеңесті  жазуға   3-топқа   уш-уштен  бөліп,береді.Қалтаны  толтырса  егер, тосын  сый  бар  екенін айтады.

Тосын сый: пайдалы  кеңес  жайлы  бейне  таспа , сурет  көрсетеді.

Топтар өз ойын түсіріп,өз ойын ашық  жеткізіп, алмаз  пішіндес сары  стикерге  пайдалы  кеңес  жазады, қызыл  қалтаны  толтырады.  Бейне  таспадағы  бейнені , суретті  түртіп алады.

АКТ, СТО, МАН-9 Алмаз,Оқыту  үшін  бағалау және  оқуды  бағалау.

 

 Мадақтау,

Стикер  жабыстырады

 

       XVІ.               Баға лау.              

 «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» критерийлерін ұсыну.

 

 

 

Оқушылар  бүгінгі сабақтың қалай өткені  туралы белгілеп, топты, өзін-өзі белсене қатысқаны туралы  бағалайды.

 

Оқыту  үшін  бағалау және  оқуды  бағалау.

 

Мадақтау, смайлик арқылы  топтар  өзін-өзі бағалайды.

Стикер  жабыстырады.

 

 

     XVII.   Үйге                 тапсырма

Химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту.

Оқушы  үй  тапсырмасын  күнделіктеріне жазып  алады.

 

 

          XVIII.

      Рефлексия

 

Сабақтағы өз  ойлары мен ұсыныстарын білу  үшін  стикер  таратады.

Оқушылар  сабақтан  алған  әсерін  ой-пікірін, ұсыныстарын  стикерге  жазып  жапсырады.

 

 

 

№7

Машина тігістерінің түрлері

Сабақтың мақсаты: 

а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі
6. Лавсан дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ. 
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844-1845 жылы –Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді
1870 жылы – АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар

JANOME SW- 24 тігін машинасы

• 1. Кері жүріс тетігі.
• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.
• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.
• 4. Тігістің енін реттеуші.
• 5. Жіп орағыш стопор.
• 6. Жіп орағыш шпиндель.
• 7. Катушкалы өзек.
• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.
• 9. Жіп бағыттағыш.
• 10. Жіп тартқыш рычагы.
• 11. Жіп берілісін реттеуші.
• 12. Алдыңғы бөлік.
• 13. Жіп кескіш.
• 14. Жіп бергіш.
• 15. Пластина.
• 16.Қысу табанын ұстаушы.
• 17.Инелі өзектің винті.
• 18. Ине.
• 19. Қысу табаны.
• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).
• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.
• 22. Айналма дөңгелек.
• 23. Қосу тетігі.
• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.
• 25. Бос жеңқап.
• 26. Түймелік рычагы.
• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.

Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.

Машина тігістерінің түрлері

Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол

IV. Сарамандық жұмыс. 
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу

V. Сабақты бекіту.
1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2.Тігін машинасы не үшін қажет?
3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?

VI. Үйге тапсырма

Машина тігістерін аяқтап келу.

№8

Тақырыбы: Иықты бұйымдарының  түрлері мен сипаттамалары
Мақсаты: 1) білімділік: иықты бұйымдардың жіктелуін, атауларын, ерекшеліктерін үйрету, мезгіл бойынша жіктеуді үйрету.
2) дамытушылық: қызығушылығын арттыру, ой - өрісін байыту, көріп есте сақтау, талдау қабілеттерін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.
3) тәрбиелік: оқушының талғамын дамыту, эстетикалық тәрбиеге баулу, мезгілге сәйкес, соңғы сәнмен киім таңдауға үйрету, үйлесімділікпен киім таңдауға үйрету.
Сабақ түрі: өткенді қайталау, жаңа сабақ түсіндіру, талдау, бекіту, зертханалық жұмыс.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, иллюстрациямен үйрету, интерактивті әдіс, фишкамен бағалау, үлестірмелі материалдармен жұмыс(зертханалық), кері байланыс әдісі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, шаблондар(адам денесі)
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, химия, физика, геометрия, сызу, әдебиет, қазақ тілі.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
3. Құрал – жабдықтарын тексеріп назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталау. 2 сайыс арқылы өткізіледі.
1) «Жорға» мақта, жібек, ине, кілем, тоқу, тігу, ас, денсаулық, тамақ, достық сөздеріне мақал – мәтел жинақтау.
2) «Ақындар айтысы» 5 жолды өлең: қайшы, пышақ, сал – дәстүр, тігін машинасы, ине, жіп, белдемше, үтік.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т. б жатады.
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы – мұнда мойы\н ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.

Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т. б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша – тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі – тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б болып бөлінеді.

Иық бұйымдарын өңдеп әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, қатпарлар, бедерлер, әр түрлі тігіс түрлері, бүрмелер, желбіршектер, жапсырмалар, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар және басқа әшекей материалдары жатады.
Қолдануына қарай бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөлінеді. Тұрмыстық киімдерді мақта және штапель маталардан тігеді. Пішімі үй жағдайындағы жұмыстарға ыңғайлы болуы керек. Күнделікті киімдер күрделі пішіліп, мақта, жібек және жүн маталардан тігіледі.

Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, тамаша бедерлермен безендіріледі.

Ассиметрия дегеніміз – композицияның тең дәрежедегі бөліктері бір - біріне ұқсамауын айтамыз.
Симметрия деп барлық бөліктердің бір - бірімен белгілі бір заңдылықпен орналасуын айтамыз.
Ырғақ – деп элементтердің кезектесіп қайталанып бірінен - бірі заңдылықпен ауысуын айтамыз.
Сұлба – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тік бұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ т. б) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні

IV Бекіту сұрақтары
1. Жеңі жоқ, иықты бұйым, қынамалы, ұзындығы белден төмен -......
2. Астармен жасалатын иықты бұйымдар атаулары -.....
3. Иыққа жіппен немесе матамен асылған, белден төмен, жеңі жоқ киім аталуы -....
4. Капюшон деген не?
5. Берілген бұйымдар атауларының ішінен иықты бұйымдар атауларын табу:
Бөрік, қамзол, куртка, жейде, панама, шляпа, сумка, қолғап, шалбар, пальто, топ, плащ, белдік, сәукеле, тон, қасаба, пиджак, шапан, белдемше, орамал, білезік, алқа
6. Салтанатты кешке арналған, иығы жоқ, етегі кең, кеуде бөлігі қыналған бұйым иықты киімге жатады ма?
7. Геометриялық пішінге жататын иықты бұйымдарды ата

V Зертханалық жұмыс
1. Берілген суреттерге сыртқы сипаттама беру / әр оқушыға жеке - жеке 2 суреттен беріледі /

№10

 Сабақтың тақырыбы: Түнгі көйлекті конструкциялау және модельдеу.

 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың модельдеу жөніндегі алған біліміне, біліктілігіне және үйренген әдет дағдысына сүйене отырып (5-6 сынып), бұйымның алдыңғы бойын модельдеу.
Сабақтың міндеті: Кеуде бүкпесін алдыңғы бойдың әр түрлі бөліктеріне ауыстыруды уйрету. Модель туралы түсінік беру, модельдеу түрлерін туралы айту, киім тарихымен таныстыру.
Тәрбиелік мәні: Еңбекте жолдастарына көмек көрсете білуге, жеңіл өнеркәсіп, мамандығына ынталық танытуға тәрбиелеу.
Дамыту: Модельдеуге кезінде салыстыра отырып өлшеу, таңдау жұмыстарына жылдамдықты дамыту.
Көрнекті құралдар: Модельдеуге арналған әр түрлі әдебиеттер, журналдар, кестелер, халат модельдері.
Пәнаралық байланыстар: Тарих (киім тарихы), модель суреттері, орыс тілі (жаңа терминдер), сызу (сызуды құрастыру).
Сөздік жұмыс: «Модельдеу» (шығармашылық, техникалық), «модель», «нобай», «стиль».
Сабақтың әдісі: Түсіндірме-бейнелеу, диафильмдер көрсету, практикалық оқыту, интеллектуалдық-талдау, дедукция диафильмдер көрсету. Шығармашылық жұмыстың қызғылықты өтуі үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, қатыспағандары белгілеу.
ІІ. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар.
1.Сендер «модельдеу» терминін қайдан кездестіріңдер және ол нені білдіреді.
2. «Фасон» дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.
3.Бұйымдарды қалай өңдейді?
4.Бұйымдардың бөлшектерімен пішіні және түк-түсті өзара үйлесуі керек пе? Мысалдар келтіріңдер.
Сонымен, модельдеу-бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Мұғалім модельдеу туралы түсінік береді.Олардың бүкпесін ауыстыруды үйретеді. 
Модельдеудің мақсаты және міндеті-ұлттық дәстүрлерге сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әр қашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Стиль - киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады классикалық (түрлі-түсті тоқыма баумен тігілген және метаел жіп қосылып құрастырылған өрнек).
Көрсетілген «киім тарихы »диофильм таңдайды. Костюмдер тарихы дәуірге байланысты өзгеріп отырған.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеу сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шыңдау) өлшепжасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болады. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауйт құлар бар сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлестілігін алдын-ала білуге болады.
Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш, көлденең және барлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді.Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесін сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретшісі-модельері Пьер карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», - деген екен.
Модельдеудің екі түрлі болады:
1)Көркемдік (шығармашылық)
2)Техникалық
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады.
Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өңдеу түрлерін, модельдің түр мүсін таңдауды, ұсақ-түйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз- нобайлар, суреттер фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекеленген бөлшектерін өзгертеді.
Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қалтық ойындысына, мойындыққа, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай).Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.
ІV. Сабақтың практикалық бөлігі. Кіріспе нұсқау.
Омырау бүкпесін ауыстыру ережесі.
1.Бүкпенің жаңа орнын белгілейді.
2.Бүкпені кеседі.
Модельдеу омырау бүкпесін ауыстыру әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.
1.Түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызады.
2.Нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бой оның жартысын қияды.
3.Жаңа бүкпені орналастыратын орында белгілейді.
4.Белгіленген сызықтар бойымен қияды.
5. Алдыңғы бойдың бүкпесін жабады.
6.Омырау бүкпесін нобай сызығына сәйкес ауыстырады.
А)бүйір Ә)қолтық ойындысына Б)мойындыққа Вбел сызығына Г)алдыңғы бойдың ортасына қарай.
V. Жаңа материалды пысықтау.
1-карточка. Модельдеу дегеніміз не?
2-карточка. Модельдегенде нені ескертуге болады?
3-карточка.Омырау бүкпесін ауыстырудың ережелері қандай?
4-карточка.Омырау бүкпесін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығыңдар?
ІV. Қорытынды: Бұйым негізгі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі бұйымдар тігуге болады блузка, қазақтың ұлттық киімдерін, бешпент немесе камзол, жеңіл блузка, нымша және т.б.
Баға қою. Үйге тапсырма беру.

№11

Сабақтың тақырыбы: Бұйымды әрлеуге кететін мата мөлшерін есептеу,пішу ережесі. Сабақтың мақсаты: Сән журналы бойынша үлгі таңдау және түнгі көйлектің сызбасын дайындап уйрету. Оқушыларды нақтылыққа, әсемдікке, талғаммен киінуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

      1) Білімділігі: үлгіні таңдаған кезде киімнің қолайлы, әдемі, сәннің соңғы бағытына сәйкес болуын қадағалаған жөн;

      2) Дамытушылығы: қазіргі заманғы киімдер сан алуан, киюге ыңғайлы және қолайлы болуы керек: а) Гигиеналық жағынан - әдемі, сәнді; ә) Пайдалану жағынан - төзімді, ұзақ киетін; б) Экономикалық жағынан - бағасының қымбат болмауы жағын есте сақтау;

      3) Тәрбиелілігі: оқушыларды икемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: 1) Мұғалім үшін: сән журналдары, үлгі, бор, буклет, түнгі көйлек түрлері, сантиметрлік лента. 2) Оқушылар үшін: дәптер, еңбек қүралдары, мата, ине, жіп, қайшы, үлгі, сән журналы, сызғыш, бор, сантиметрлік лента, үлбірек қағаз (калька) түйрегіш, қалам, сызғыш, т.б.

Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, сурет, тарих, бейнелеу өнері, биология, химия. Сабақтың әдісі. а) Теориялық сабақ; ә) Сарамандық жұмыс; б) Мақал-мәтел сайысы.

Сабақтың барысы: 1) ¥йымдастыру кезеңі: а) Оқушыларды түгендеу; б) Оқу-құралдарын тексеру.

2) Өткен сабақты қайталау. Сүрақ-жауап арқылы қайталау.

Жүннен, жібектен тоқылған маталардың қүрамы. Осы маталардан тігілген киімдерді күту жолы.

  1. Табиғи жүн қалай алынады? Жауап.
  2. Табиғи жүн қой, ешкі, түйе малынан алынады. Жүн матаны көбінесе қой жүнінен тоқиды.
  3.  Табиғи жібек қайдан алынады? Жауап. Табиғи жібек - өте нәзік, жіңішке жіп. Оны түт жібек қүртының қуыршағынан алады. Бүл тәсіл тоқыма өндірісінде кеңінен қолданылады. Қуыршақтағы жібек жібінің үзындығы 700-800 м-ге дейін жетеді. Жіп өте жіңішке болғандықтан, бір емес, бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді, мұндай жіпті жібек шикізаты деп атайды.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Үлгіні таңдаған кезде киімнің қолайлы, әдемі, соңғы үлгідегі сәнмен сай болғаны дұрыс. Қазіргі заманғы киімдер көп қырлы, киюге ыңғайлы және қолайлы. Алайда, тігін бүйымы өмір ағымына сай, қандай болғанда да, негізгі талаптарға сай болуы керек. Яғни, гигиеналық жағынан - әдемі, сәнді, пайдалану жағынан - төзім ді, ұзақ киілетін, экономикалық жағынан - бағасы қымбат болмауы тиіс. Сән, мода сөзі - француз тілінен келген. Ол өзіне дейінгі латынша «modus» сөзінен шыққан, өлшем, бейне, тәсіл деген мағынаны білдіреді. «Burda» журналы - дүние жүзіндегі ең танымал сән журналы. «Burda» - өз оқырмандарын халықаралық сәннің соңғы үлгілерімен таныстырады. Сән дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында барынша танымал болған және көпшілік мойындаған ең үлкен таралым. Әрбір үлгінің өз нөмірі болады. Қосымшадағы осы нөмірдің астында оны дайындау жөнінде нұсқаулар жазылады. Одан үлгінің суретін, материалдық шығынды, қосымша парақты, піш імдердің кішірейтілген сызбасын, жайылманың жоспарын, түсініктеме ақпаратты табуға болады. Үлгінің суретінде барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі. Материалдық шығын - мұнда үлгіні дайындауға қажетті барлық материалдық шығындар жайлы мәліметтер беріледі. Қосымша парақ - пішім беттері, контурлы сызықтар әр түрлі журналдарда әрқалай белгіленеді. Мысалы, «Маусым сәндері» (Модели сезона) журналында ол I, II, III, IV секілді рим цифрларымен белгіленсе, «Burda», «Boutigue» журналдарында А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді. Пішімдердің кішірейтілген сызбасы - пішімнің беттерінен нені көшіріп алу жайлы түсінік береді. Кіш ірейтілген сызбаның бөліктері пішімнің беттеріндегі түпнұсқамен толықсәйкес келеді. Әрбір бөліктің өзіндік нөмірі болады. Онда сызықтар жүргізіліп, цифрлар мен шартты белгілер салынады. Ж айылма жоспары - қағаздағы пішім бөліктерінің матада орналасуының барынша тиімді тәсілдерін көрсетеді. Мұндайда мата беткі жағы ішіне қаратылып, қос қабатталып бүктеледі. Матаның бүктемесі бүктеме (стб) деп, ал, матаның бойлық шеткі кенере (кромка) деп таңбаланады. Түсініктеме мәтін - онда үлгінің аталуы, өлшемі, ұсынылатын матаның шығыны, бөліктердің тізімі және тігу ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы беріледі.

 Өлшемді анықтау, пішімдерді пайдалану. Пішімді көшіріп алу үшін төмендегідей қүралдар қажет: сантиметрлік таспа, калька, қарындаш, сызғыш, қайшы, түйрегіштер.

   Ені  90 см-лік материалдан иық бұйымдарын тігу үшін  мына  формуланы қолданады: Бұ  2+Жұ+15-20 см, ал ені 150 см болғанда 150=Бұ+Жұ+15-20см.

Бөлшектерді жаф. Матаға бөлшектерді матаның еніне , ондағы суреттердің бағытына, бөлшек санына,сондай-ақ бұйым фасонына байланысты әр түрлі етіп жайып қойып шығады.

Пішу алдында матаның өң және терістеме  жағын ажыратып,ақауларын тексеріп,түгінің жату бағытын және суреттердің бағыттарын анықтап алу керек.Матаға пішімдерді  үлкен негізгі бөлшектерден, яғни алдыңғы бой, артқы бой, жеңнен бастап жайып қойып шығады. Матаны үнемдеп пайдалану үшін ұсақ бөлшектерді үлкен бөлшектердің арасына қойған дұрыс. Жаға,қаттама,қалта бөлшектердің арасына қойған дұрыс.Жаға, қаттама, қалта бөлшектерін шақтап көруден кейін,өлшемдерді анықталған  соң пішеді.

Сарамандық жұмыс.

Оқушылар сантиметрлік таспамен елшемдерін өлшеп, сызба құрастырады. Иықты бұйымдарға қажетті өлшемдерді түсіру.

1) Кеуде айналымы - Ка. Кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы айналдыра өлшеу;

2) Бел айналымы - Ба. Алдын ала белді баумен байлап алып, сантиметрлік таспаны белге тығыздау етіп, айналдыра өлшеу;

3) Бөксе айналымы - БКа. Таспамен бөксенің шығыңқы жерлерін айналдыра өлшеу;

4) Кеуде биіктігі - Кб. Иықтыңжоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;

5) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы - Ап.б.ү. Иықтыңжоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;

6) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы - Ар.б.ұ.

7) Иық ұзындығы - И.үз. Иықтың жоғарғы нүктесінен қолмен жалғасқан жеріне дейін өлшеу;

8) Қолдың ұзындығы - Қ.үз. Қолды сәл иіп, оның иықпен жалғасқан жерінен білезікке дейін;

9) Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы - Қа. Қолдың ең жалпақ бөлшегін айналдыра өлшеу;

10) Мойын айналымы - Ma. Мойынды айналдыра өлшеу;

11) Өлшемдерді түсіріп, дәптеріңе жазып ал Пішім парагы қапай алынады? Алдыға пішім парағын жаяды. Оның екі жақ беті де пайдаланылып, әрбір беті тиісінше А, В, С, Д деген әріптермен таңбаланады. Пішімнің бөліктерін оңай тауып алу үшін парақ әріптерімен белгіленген шаршыларға бөлінеді. Парақтағы пішімнің бөліктері қара немесе қызыл түсті, әр түрлі пішіндегі контурлы сызықтармен ажыратылады. Үлгі суретінің жанында сол берілген үлгіге сәйкес контурлы сызықтардың түрі мен түсі беріледі. Пішімді қалай көшіруге болады? Анық байқау үшін пішім парағындағы бөліктерге қаламмен контур жүргізуге болады, бөліктерге жүргізілген барлық шартты белгілермен сызықтарды белгілеп шығу керек. Кальканы пішім парағына жылжымайтындай етіп орналастырады да, содан кейін барлық керекті бөліктер контуры жүргізіледі. Матаны қалай пішеді? Пішу жоспары берілген матаға қарап жасалады. Пішу жоспарында қандай маталар бір қабат, қандай маталар қос қабат күйінде керсетілгеніне назар аударған жөн. Бір қабат матаны оның бет жағы бойынша пішеді. Пішім бөліктерінің үзік сызықтарымен берілген жағы төмен қаратылып салынады Әдіп секілді бөліктер пішу жоспарында нөмірленбейді.

Егер, үлгінің жолдама мәтінінде ерекше есептеулер болмаса, онда, тігіске мынадай ең аз мөлшердегі қосымша беріледі.

 - Сыртқы киімдер үшін - 1 м; - Жеңіл көйлектер үшін - 1 ,5 см; - Төменгі бүктемелер үшін - 3-5 см (пішуге байланысты); - Ішкі тігістер үшін - 0,7 см; Шақтап өлшеу кезінде дәлдік қажет ететін жерлерде қосымшаны 2-3 см-ге улғайтқан жөн. Матаны қалай есептеу қажет? Түнгі көйлекті пішу үшін, егер матаның ені - 140- ISO см болса, бір үзындықты алып, теменгі және жоғарғы шеттерін тігуге және апшуға 10 см-ден қалдырса жеткілікті. Ал, мата енсіз болса, екі ұзындық алынады. Түнгі кәйлектің сызбасы. Киімді дайындау үрдісі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: үлгі дайындау, материалды пішу, бұйымды тігу. Бөліктерді біріктірудің үш тәсілі бар: жіппен, желіммен, дәнекерлеу арқылы. Тігіндік біріктіру дегеніміз - материалдың екі немесе одан да көп қабатын бір, болмаса бірнеше тігіс арқылы қосу. Тігіс дегеніміз - бір немесе бірнеше қабат материалдағы тігім нің жүйелі қатары. Тігін бұйымдары бөліктерін біріктірудің негізгі тәсілі машиналық жіптік тәсіл. Жаңа материалды бекіту.

Сонымен, бүгінгі сабақта түнгі көйлектің сызбасын құрастырып және сән журналынан калька қағазына үлгі түсіріп үйрендік.

Сабағымызды бекіту үшін өлшем алу жолдарын атаңдар?

 1) Кеуде айналымы;

2) Бел айналымы;

3) Мойын орамы;

4)Бөксе айналымы;

5) Кеуде биіктігі;

6) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;

7) Иық ұзындығы;

8) Қолдың ұзындығы;

9) Қолдың жоғарғы белшегінің айналымы;

10) Кеудеден белге дейінгі ұзындық;

11) Белден тізеге дейінгі ұзындық.

Үйге тапсырма: тігіс түрлерін қайталау, жасалған

№12

Сабақтың тақырыбы: Өлшемін алу.

Сабақтың мақсаты :Оқушылардың матаны пішуге дайындау жөніндегі

білімді меңгеруін, дұрыс және үнемі пішу, пішу кезінде

матаны дұрыс жайып орналастыру біліктерін үйрету.

Білімділік; Оқушыларға тігін бұйымдарын құрастыру технологиясы

боиынша пішу,көктеу,өңдеу тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру алған

Білімдерін практикамен ұштастыру шеберлігін шыңдату

Тәрбиелік: Оқушының этикалық талғамын қалыптастырып,

ұқыптылыққа ептілікке баулу өз бетімен жұмыс

орындауға тәрбиелеу .

Сабақ әдісі: түсіндірукөрсету сұрақ-жауап,топпен жүмыс

Көрнекілік:үлгі ,дайын бұйымдар

Құрал жабықмата қайыншы ине жіп түйреуіштер

Ұйыдастыру кезеңі:

1 Сабаққа білімдігін тесеру

2 Өткен сабақты қарастыру

3 Жаңа сабақ

1 Әшекей кесте тон сәні

2 Өнер өлмес,үміт сөнбес

3 Қол өнері - кілемде

Сөз өнері - өлеңде

4 Иненің жіпсіз көзі жоқ

5 Көз қорқақ Қол батыр

Матаны пішіп пішіндер алу үшін алдын ала сызба н/е үлгі дайындайды. Пішін жасау өте жауапты іс. Ол үшін бымның қандайда бөлшектерден тұратын ж/е өлшемін дәл білу керек пішін дайындаудың бірнеше әдістер бар есепті графикалық жүйе ж/е макет жасау муляжды әдіс,яғни матаны сән мүсінге н/е дене бітіміне түиреу . Ал макет жасайтын болса матаға пішін жасайды ,констукцилайды ,керек болса өзгерістердеенгізеді

Көптеген есепті гафикалықжүйе әдістері үшін кез келген пішіннің негізгі сызбасы болып табылады .Мұндағы өлшемдер стандартты денебтіге арналған.Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек.Өлшем алу кезінде адам екі аяғына салмағын тең түсіріп ,өкшелерін алшақ салып,қолын төмен түсіріп,денесін босаң ұстап тыныш тұру керек.Өлшемін алғанда денені қыспайтын киіммен өлшемін алған жөн.Өлшеу кезінде сантиметрлік лентаны кермей не босатпай ұштарын алдыңғы жақта түиістіреді.

Өлшемін алар кезде адамның оң жағында тұрып өлшеу керек.

Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді.

Мысалы: айналым-А,ені-Е, ұзындығы-Ұ,жартылай айналым-Жа,жартылай мықын айналым-Жма ,иықтың қиғаш биіктігі-Иқб деп белгілейді.

Сабақты бекіту: Сұрақ беру арқылы оқушылардың түсінігін байқау.

Сабақты қортындылау: Бүгін сабақта өз қолымызбен үлгі жасап ,сол үлгіні матаға қоиып пішіп аламыз. Бұндай жұмыстар адамның эстетикалдық талғамын дамытады, әлемдікке ұмтылдырады.

Үйге тапсырма:Өлшемін алу.

№13.

Сабақтың тақырыбы: Түнгі көйлекті модельдеу және үлгі дайындау
Сабақтың мақсаты: Модельдеу әдістерін меңгеру және қолдану
Білімділік: түнгі көйлекті модельдеу әдістері туралы білімдерін қалыптастыра, практикалық іс жүзінде оларды қолдануға бағыттау;
Дамушылық: Ептіліктері мен ой - өрісін, эстетикалық талғамдарын дамыту;
Тәрбиелік: Бұйымның тиімділігін түсіне білуге тәрбиелеу, еңбектегі тәртіптілікке, саналыққа, жолдастыққа. өз ара көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас(теория мен практика сабағы)
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - көрсетілімді репродуктивті, практикалық жұмыс, өз бетінше, топтық, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі сызба, үлгілер, нұсқау карта, тапсырма карточкалар, қима бөлшектер,
Практикалық жұмыс: түнгі көйлек түрлерін жасау, сөздік жұмысы - иініш, әдіп, өңірасты, техникалық және көркемдік модельдеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
- сабаққа даярлықты тексеру;
- Сабаққа қызығушылықты ояту.
ІІ. Сабақтың кіріспесін - тест жұмысымен бастаймыз. Тест жұмысы 10 сұрақтан тұрады.(қосымшада көрсетілген) Жауаптары тексеріледі.
ІІІ. Біз сабақта иықты бұйымның сызба - негізін құрдық. Ал бұл иықты бұйым өте қарапайым. Бәрін де қарапайымнан, қол жетерлік нәрседен бастау керек екенін сендер білесіңдер. Бірақ осы сызба - негізді қолдана отырып, киім үлгісін сәндеп, өзгертуге болады. Сондықтан модельдеу тәсілдерін білуіміз керек.
Модельдеу - жаңа фасон сызықтарын жүргізу, пішім үлгісін өзгерту, конструкциялық және фасондық сызықтар, қосымша бөлшектер мен әшекейлік сызық - тар жүргізу нәтижесі. Модельдеудің екі түрі бар: техникалық және көркемдік
Техникалық модельдеу - сәнді эскиз, сурет, фото бойынша жасайды. Мұнда сәннің эскизі бойынша сызба бөлшектеріндегі жеке элементтердің құрылысын өзгертеді.
Көркемдік модельдеу - қосымша әшекейлерді қолдана отырып, модельге сән беру, бұйымның сыртқы түрін өзгерту.
Модельдеуге мыналар кіреді:
Жаңа пішім жасау:
Құрастырушы сызықтар жүргізу арқылы кесінді дайындау;
Құрастырушы сызықтар жүргізу арқылы кесіндіні өзгерту;
Қосымша бөлектер, әрлегіштер
Нені ауыстыруға болады (слайд)
Бұйымның ұзындығын
Иініш пішімін
Мойын ойындысының пішімін.
Ұзындығын өзгерту арқылы түнгі көйлекті модельдеу
1 - тәсіл
Алдынғы бой мен артқы бой кесіндінің етек сызығына көйлекті қанша қысқартқың келсе сонша қашықтан параллель сызық түсір, бұл көйлек етегінің жаңа сызығы болады.
2Жаңадан түсірген етек сызығы бойынша кесінді қи.
3. Көйлекті ұзартқың келсе, кесіндіні ұзарт - қосымша қағаз парағын желімде.
Көйлектің екі бүйірі мен бүктесін сызықтарында ұзындығының өсу өлшемін белгілендер.
4. А, Б және С, Д нүктелері арқылы көйлек етегінің жаңа сызығын жүргізіңдер.
5. Қағаздан артық бөлігін қи.(слайд)
Өзгерту және бұйымның етегін кеңейту арқылы түнгі көйлектің
құрылымын және иінішін модельдеу

2 - тәсіл
1. Алдынғы бой кесіндісінде иініш сызығын жүргіз және етегін кеңейт.
2. Иініш қиылатын сызық түзу, дөңгелек, Ү - бейнелі және т. с. с. бола алады, яғни иінішті модельдеу арқылы түнгі көйлектің басқа модель үлгісін ала аласын.
3. Көйлектің артқы бойын да етегі кеңейтілген иініш арқылы модельдеуге болады.(слайд)
Осы тәсілдердің негізінде ғана түнгі көйлектің бес жаңа моделін жасауға болады.
Мойын ойындысын өзгерту арқылы түнгі көйлекті модельдеу.
3 - тәсіл
1. Мойын ойындысын өзгерту үшін түнгі көйлек үлгісінің алдынғы бойына қалаған ойындыны сызып қой.
2. Үлгінің артылған бөлігін кесіп таста.
Мойын ойындысын тігіспен өңде.(слайд)
Жеңіл күртешені модельдеу
4 - тәсіл
Иық бұйымдарының үлгісі ретінде
А. Жеңін ұзарту арқылы
Б. Көлемін кеңейту
В. Ұзындығын қалауынша өзгерту
г. 2 - 3 см кеңдікпен арнайы әдіп тұрғызу арқылы.(слайд)
Тұтас пішілген негіз бойынша көйлекті модельдеу

№20

Сабақ тақырыбы: Бұйымды соңғы өңдеу

Мақсаты:

Білімділік:бұйым етегін өңдеу түрлерімен таныстыру,тігін машинасында жұмыс жасау,жаңалықты меңгертуге үйрету.

Дамытушылық: өзіндік жұмысты дамыту,мамандыққа бейімділікті дамыту,ой мүмкіндігі және тапсырма кезінде жол табу.

Тәрбиелілік: жұмыс мәдениетіне,ұқыптылыққа,төзімділікке тәрбиелеу,өзара көмектесуге, еңбекке деген жауапкершілікке үйрету.

Сабақ түрі: аралас.

Оқыту әдісі: түсіндірмелі-сарамандық.

Көрнекі құрал-жабдықтар:тігін машинасы,электр үтігі,линейка,бор,мата бөлшегі,интерактивті тақта.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.

Өткен сабақты пысықтау.

Әдіп дегеніміз не?

Әдіппен өңдеу реттілігі?

Бұйым мойындығы қалай өңделеді?

Ағымдағы нұсқау.

а) қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ә) Сарамандық жұмыс.

Жаңа сабақ.Бұйым етегін өңдеу.

Бұйымның төменгі бөлігін өңдеу торланған қиықты,қосарлы бүгілген тігісті,ирек тігіммен өңделген жабық қиықты,жабық қиықты болып бөлінеді.Өңдеу тәсілі матаның түріне байланысты.Бұйымды тігін машинасында немесе қолмен жымыруға болады.Мақта мата немесе жібек матадан тігілген көйлек,халат,блузканың етегін жабық қиықты бүгу тігісімен машинада өңдеген дұрыс.Қалың матада тігілген бұйымның етегін алдын ала қиықтарды торлап алып,ашық қиықты бүгу тігісімен өңдеу.Жұмыс аяғында бұйым етегі міндетті түрде ылғалды -жылумен өңделеді.

Сарамандық жұмыс.

1.Бұйым етегін  ашық қиықты бүгу тігісімен өңдеу жұмысын реттілігі бойынша орындау.  

Бұйымның  төменінен 2-6 см-ге дейін өлшеніп белгіленеді, сызық жүргізіледі.

 

Төменгі шетін машинамен зигзаг тігісімен, қолмен торлау тігісімен жиектеу. Үтіктейміз.

Төменгі және жоғары көктеу тігістерін жүргізу.

 

Қиық шетін ашық қалдырып, терістеме жағына қайырып бүгіп шығу.

 

Бұйымды теріс жағынан үтіктеу.

 

 

 

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтап отыру керек.

Бекіту сұрақтары:

Мойындық пен қолтық ойындысын өңдеудің тәсілдерінің қандай түрін таңдадыңдар?

Бұйым етегін өңдеу тісілдері қандай?

Ашық және жабық қиықты бүгуді орындау реттілігі?

Қорытындылау. Бүгінгі сабақта бүгу тәсілдерін меңгердік және машинада тігулерді орындадық.

Жұмыс орынын жинау. Үйге тапсырма. Бағалау.

 

№21

Тақырыбы: Табиғи материалдан жасалған бұйымдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар, ойыншықтар, бейнелер жасап үйренудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,табиғи материалдардың қасиетін меңгерту.

Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға,ізденуге, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, жасаған бұйымның сапалы болуын қадағалау, еңбекке құштарлығын,қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде қолөнерімізді дәріптей келе, оларды әдемілікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, табиғатты аялауға, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: табиғи материал түрлері, дайын бұйымдар, интерактивті тақта, т.б.

Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу, математика, химия, биология, география.

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

3. Нұсқау сызбалармен жұмыс

4. Технологиялық картаменжұмыс.

5. Сұрақ-жауап.

6. Сөзжұмбақ.

7. Сарамандық жұмыс.

8. Сабақты қорытындылау, бағалау.

9. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Жаңа сабақ: Табиғи материалдармен жұмыс. «Күзгі вальс» композициясын құрастыру.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.

Табиғи матералдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау ұсынылған.

 Өте ерте заманда адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдар өсіріп, оның сабағын(сабанын) қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған.Сабаннан жасалған төбе жабындысы, егер дұрыс және шеберлікпен реттеліп жабылса, ондаған жылдарға жарамды қызмет етеді.

Сабаннан жасалған қалпақ, төсеніш, себет, шаруашылық керек-жарағы, балалар ойыншықтары тұрмыста кеңінен пайдаланылады.

Көптеген шеберлер қазіргі кезде де сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлау үшін сабанды арнайы өңдеуді үйренді. Өңдеуден өткізгеннен кейінгі сабан өте жақсы жылтырап, түсі құлпырып, реңі әр түрге енеді. Сабанның сапалысынан тоқу өнерінде әртүрлі заттарды тоқу, жапсыру, безендіру, әсемдеу жұмыстарын жасайды. Оны тігін бұйымдарында да әшекейлеуге, түстерді безендіруге қолданады.

Шеберлер сабанды маусымның соңы немесе шілдеден бастап, күз бойы, өсімдіктің масағы өсіп шыққан уақытқа дейін даярлайды.

Табиғи материалдарды қазіргі кезде 4 топқа бөледі.

1. Өсімдік материалдары (дәнді дақылдар, ағаш бүрлері, сүйекті ағаш, түрлі өсімдік ұрықтары)

2. Жануар материалдары (сүйек, жүн, тері)

3. Гоеграфиялық материалдар (тас, ұлутас, құм) 

4. Пластмасс материалдар (целофан, пластмасс)                           

Сұрақ-жауап

1. Ине жасалатын темірді ата?          А) болат, ә) жай темір, б) ұзын темір

 

2. Табиғи материалды ата?               А) ине, ә) біз, б) пластмасса

 

 

3. Технологиялық құрал?                   А) қалаш, ә) қашау, б) қалып

 

4. Жүн матаны ата?                            А) мақта, ә) драп, б) жібек

 

 

5. Ою-өрнектердің неше түрі бар?            А) 6, ә) 8, б) 10

 

6. Киімдердің стилі нешеге бөлінеді?      А) 5, ә) 4, б) 2

 

 

7. Кілемнің түрін ата?                        А) алаша, ә) тұскиіз, б) қоржын

 

8. Киізден жасалған ыдыс салатын әшекейлі дорба? А) дорба, ә) аяққап, б) жүкаяқ

 

 

9. Иттабан оюы көбінесе қай жерлерге салынады? А) киіз үйдің есігіне, қораның қақпасына, ә) киіз үйдің ортасына, б) үйдің төріне

 

10. Ұлттық ерлер баскиімін ата?          А) қалпақ, ә) кимешек, б) орамал

                                                  Сөзжұмбақ

Табиғат сөзіне құрастыру

1. Бұйым пішілетін зат? (мата)

2. Тігін құралы (Қайшы)

3. Белдемше бұйымының үстіңгі бөлігі (белдік)

4. Тігін құралы (ине)

5. Бұрғылау аспабы (бұрғы)

6. Ұлттық киім (камзол)

7. Үтіктеу құралы (үтік)

 

                                      Сарамандық жұмыс

Қажет құралдар: қажетсіз компьютер дискісі, диаметрі 0,7см қызыл моншақтар, итмұрынның кепкен жемісі, күзгі үлкен және майда жапырақтар, жасанды гүлдер, тығын, пышақ, әмбебап желім, шам-қауыз(свечка)

Жұмыстың орындалу реті:

1. Композицияны дискіге орналастыру. Тығынды дөңгелектеп 0,5см қалыңдықпен кесіп, дискінің ортасынашыбықтарды жабатындай желімдеу

2. Гүлдердің ортасына теріс жағына желім жағып, дискіге шеңбер бойынша жапсыру

3. Итмұрын жемісінің сабағына желім жағып, оларды гүлдердің арасына жапсыру. Үлкен жапырақтың екі жағына 3 моншақтан жапсыру. Шырақты қою.

Жұмысты аяқтау, қорғау

Қорытындылау: Бүгінгі сабақта табиғи материал түрлерінің көптеген түрлерімен танысып, қандай жұмыстар жасауға болатынын білдік. Ендеше сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.

Табиғи материалдар қайдан алынады?

Қандай түрлерін білеміз?

Қандай бұйымдар жасауға болады?

Бөліктер қалай бекітіледі?

Бағалау:

Үйге тапсырма: «Вологода икебанасы» суретін құрастыру

№22

Сабақтың тақырыбы: Пәтер интерьеріндегі бөлме өсімдіктері

Сабақтың мақсаты: Білімдік мәні:: Бөлме өсімдіктер жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.

Дамытушылық мәні: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Бөлме өсімдіктер білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Өзара белсенділікті арттыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс, СТО технологиясының элементтері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Кезекшілікті тағайындау.

№10 Техника қауіпсіз ережелерін қайталау.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

І.Қызығушылықты ояту.

ІІ.  Мағынаны ажырату.

ІІІ. Ой толғақ:

Жаңа сабақ:

Өсімдіктер – біздің емшіміз.

Дара өсімдіктер.

Бөлме бағы.

Террариум.

Қонақ бөлме.

Жатын бөлме.

 

І.Қызығушылықты ояту. (Ассосация)

 

 

 

 

Оқушылар, адам өмірі табиғатпен, яғни өсімдіктермен тығыз байланысты. Өсімдіктерді тамаққа,  емге қолданып, үйлерін сәеденген, оны рухани байлықтың белгісі ретінде қолданған. Бүгінде жайлы үйді бөлме өсімдіктерінсіз елестету қиын. Бөлме өсімдіктерінің өмірімізді әрлендіріп, сәндік және тазалық рөлін атқаратынын бәріміз білеміз. Олай болса, бүгінгі сабағымызда  Пәтер интерьеріндегі бөлме өсімдіктері туралы білетін боламыз.

ІІ.  Мағынаны ажырату.

Өсімдіктер тарихы.

Интерьерді көгалдандыру үшін 3000 астам өсімдік түрі қолданылады. Олардың көбі субтропиктік белдеуден әкелінген. Бөлме өсімдіктерінің 19% Оңтүстік Америкадан әкелінген тропиктік өсімдіктерден құралады. Олар: бегония, монстера, юкка, пастифлора. Өсімдіктердің 17,6% Оңтүстік Африкадан шыққан түрлер құрайды. Олар пеларгония, хлорафитум, Орталық Америка, Мексика, Вест-Индия, бөлме өсімдіктерінің 13,8% берді. Олар ;кактус, пуансеттия, кейбір суккулентті өсімдіктер. Барлық өсімдіктердің 13,5% тропиктік Азиядан(Үндістан, Үндіқытай). Олар: патша бегониясы, каучукті фикус, кодеум, архидея. Жерорта теңізі маңынан шыққан өсімдіктер 9,8%-ды құрайды. Олар: гранат, қоңыраубас, лавр,хамеропс пальмасы, т.б. Оңтүстік Американың субтропиктік белдеуі 5,8%-ды құрайды. Солтүстік Мексика 5,5% құрайды: традесканция, руэллия. Африканың тропиктік өсімдіктері 5,1%-құрайды: кофе ағашы, драцена, сансевирия. Шығыс Азиядан таралған 3,2%-ды құрайды: адалия, аспидистрия, аукуба, камелия, фатсия. Австрия мен Жаңа Зеландия 3,1%-ды құрайды: араукария, корделина. Орта Азия мен Канар аралдары 3,6%-құрайды: фикус немесе инжир, канар құрмасы.

Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олар-дың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.

Екі топқа тапсырма беру.

І топқа. «Қонақ бөлмесі өсімдігі»

ІІ топқа. «Ас үй  бөлмесі өсімдігі»

ІІІ. Ой толғау.Бөлме өсімдіктері мен дала өсімдіктерін салыстырыңдар. (Венн диаграммасы )

Айырмашылығы

Ұқсастығы

 

Айырмашылығы

 

Адам өмірінде өсімдіктер қандай рөл атқарады?

Бөлме өсімдіктері не үшін қажет?

Өсімдіктерді дұрыс күту тәсілдерін айтып беріңдер.

Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

Үйлеріңде қандай өсімдіктер бар?

Пәтердегі бөлме өсімдіктерін орналастыру тәсілдерін атаңдар.

Қорытындылау.

Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.

 

Бағалау стратегиясы. ( топ басшысы бағалау парағын оқып тапсырады)

Сіз үшін сабақта ең негізгі болған сәт? …………………………………………………………………………………………..

Сіз үшін не қиын және түсініксіз болды? ………………………………………………………………………………………….

Үйге тапсырма: Пәтер интерьеріндегі бөлме өсімдіктері.

№23

Сабақтың тақырыбы: Құрақ көздерін біріктіру.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Құрақ түрлерімен таныстырып, құрақ көздерін біріктірудің әдіс - тәсілдерін, оны біріктіріп көріп, жұмыс жасауға және жоспарлауға үйрету.
б) Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс - жүзінде (практикада) шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
в) Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт - дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті терең, жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Құрақ құрау жолын үйрету.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, зерттеу, қайталау, жүйелеу,
сарамандық жұмыс.
Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу, геометрия, математика, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: топтамалар, үлестірмелі кеспелер, мақал - мәтелдер, тірек - схемасы,
технологиялық карта, бағалау көрсеткіштері, тест сұрақтары.
Керекті құрал - жабдықтар: Қайшы, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, түрлі - түсті қағаз,
бояулар, үлгі шаблондар, қағаз, бор, мата түрлері, ине, жіп.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе.
Ү. Жаңа сабақ.
ҮІ. Сарамандық жұмыс.
ҮІІ Қорытындылау
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, кезекші арқылы түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығын, оқушылардың тәртібін реттеу, қадағалау.
ә) Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшысын сайлау.
1 топ: «Ботакөз», 2 топ: «Жұлдызша».

ІІ. Үй тапсырмасын «Брейн ринг» ойынын (топтастыру техникасы) арқылы сұраймын. Тақтаға алтыға бөлінген дөңгелек секторларды ілемін. Әр сектор нөмірленген. Алты оқушыға алты тапсырмасы бар үлестірмелі кеспелер тапсырамын. Нүктесі бар кубикті ортаға тастағанда қай нөмір шықса сол нөмірді ашады, ал өз нөмірлеріне жауап бермесе басқа оқушы жауап береді. Барлық сұрақтарға жауап берілген соң, дөңгелек сектордың барлық нөмірі ашылады. Құрақтың суреті шығады. Енді бұл қандай құрақ екенін табу керек.

а) Сұрақтары:
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақ түрлерін ата?
3. Құрақ құрау үшін қандай геометриялық фигуралар қолданылады?
4. Құрақ құрауда түстердің үйлесімділігін не деп атайды?
5. Құрақ құрау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
6. Құрақтан қандай бұйымдар жасалған?
ә) «Жалғасын тап» ойыны.
(мақал - мәтелдер)
Бірінші топ бастайды, екінші топ жалғасын жалғастырады. Қай топ жалғастыра алмаса, сол топ ұпай алмайды.
1. Бүгінгі істі ……….. қалдырма.
2. Жеті рет өлше,…….. кес.
3. Өнерліден үйрен,
өнерсізден ……………
4. Еңбек етсең ерінбей,
……………. тіленбей.
5. Еңбегің сайлы болса,
ішің …………. болар.
6. Бірлік болмай, ………болмас.
7. Қыз еркем, ……….. көркем.
8. Өнерлі болу зейнет,
Өнерсіз болу…………
9. Талаппен бастап.
…………. аяқта.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Ал, балалар осы мақал – мәтелдерде айтылғандай, әрбір істі талғаммен, ептілікпен, шеберлікпен жасауға тиістіміз. Құрақ өнері де біздің бойымыздан осындай қасиеттерді талап етеді. Құрақ құрау аса шеберлікті қажет етеді.

Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
Біріншіден, мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату, яғни адам үнемділікке үйренеді.
Екіншіден, үлкен сәнділікпен мата қиындыларынан әртүрлі пішінді жасай отырып, қиюластырып, жастық, көрпе, көрпешелер тігу. Жалпы құрақтың бірнеше түрі бар: ботакөз, шатыргүл, сегізжапырақ, тырнақатар, майда құрақ, аққу, қызғалдақ, қайшы т. б. Матаның үйлесімділігіне, қиюласу өрнегіне қарай құрақты мынадай топтарға бөледі.

ҚҰРАҚ ТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРЫП ӨТЕМІН
Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Ал Европа халықтарында «Пэчверк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады.
Орыс халқы мата қиындыларынан «Лоскутная техника» әдісімен жамылатын көрпе, төсеніш, тұтқыш, жастық сияқты бұйымдар дайындаған. Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлтық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданылып жүр.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.
Құрақ құрау үшін оның әдіс тәсілдерін білуіміз керек.
Құрақ құрау схемасы.

V. Жаңа сабақ.
Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр – түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып бояп аламыз.
Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет – ретімен: әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерін тігіп аламыз.
Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

VІ. Сарамандық жұмыс.
«Сегіз жапырақ» құрағын құрастыруға арналған технологиялық карта.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Берілген бес сұрақ, төрт жауабымен беріледі. Әр топқа координаталық бұрыш беріледі. Көлденеңінен сұрақтар, тігінен жауап нүктелері белгіленеді, сол нүктелерді қосып график сызамыз.
Тест сұрақтары
1. Мата қиындыларынан дайындалатын сәндік қолданбалы өнер түрі.
А) текемет 
Ә) түскиіз 
Б) құрақ
В) сырмақ

2. Құрақ құрағанда қолданылатын құрал – жабдықтар.
А) біз ине, кергіш, жіп, сурет түсірілген мата, қармақты біз.
Ә) қайшы, ине – жіп, сызығыш лента, мата, картон – үлгілер, бор.
Б) тоқитын станок, қайшы пышақ, тоқпақ ине.
В) желім, таспа баулар, ою үлгілері, ине, қайшы.

3. Құрақ құрауда кездесетін ою түрлері.
А) қошқар мүйіз, түйе табан, сынық мүйіз.
Ә) шимай, сұлма, тұмарша.
Б) ботакөз, тырпақатар, жұлдызша.
В) бітпес, бөрікөз, тайтұяқ.

4. Европа елдерінде құрақты не деп атайды?
А) лоскутная техника 
Ә) құрақ 
Б) сашико
В) пэчверк

5. Құрақ барысында адам неге үйренеді?
А) үнемділікке, шыдамдылыққа
Ә) ептілікке, жылдамдыққа
Б) іскерлікке, әсемдікке
В) тапқырлыққа ұшқырлыққа

VІІІ. Оқушыларды бағалау.
Құрақ құрау да өнер. Қарап тұрсақ өзіндік сыры бар. Құрақтардың түрлерін көрсете отырып, сабақта мынадай жыр жолдарымен қорытқым келеді.
Қас шебердің қолы ортақ,
Ұрпақтарға жалғасқан.
Зердеңде болса – сол атақ,
Болашақта жетер қалмастан.
Әже менен анадан,
Мирас болған – бұл өнер.
Ұрпақтан озып ұрпаққа,
Кете берер бұл өнер.

Оқушыларды бағалаймын.
ІХ. Үйге тапсырма: түрлі – түсті мата қиындылары, үлгі шаблондар, қайшы әкелу.

№24

Тақырыбы: Түстер гаммасын топтау. Түстер үйлесімділігі

Сабақтың міндеттері:

а)Білімділік: ҚҰрақ құрау кезіндегі түстер үйлесімділігімен жұмыс жасауға және жоспарлауға үйрету.

б)Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс-жүзінде (практикада) шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.

в)Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, өнер адамадарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті терең, жеке тұлға тәрбиелеу.

 Сабақтың мақсаты: Құрақ құрау жолын үйрету.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың типі: Икемділік пен дағдыны қалаыптастыру.

Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, зерттеу, қайталау, жүйелеу, сарамандық жұмыс.

Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу, геометрия, математика, қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: топтамалар, үлестірмелі кеспелер, мақал-мәтелдер, тірек-схемасы, технологиялық карта, бағалау көрсеткіштері, тест сұрақтары.

Керекті құрал-жабдықтар: Қайшы, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, бояулар, үлгі шаблондар, қағаз, бор, мата түрлері, ине, жіп.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақыт қайталау.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

V. Жаңа сабақ.

VI. Сарамандық жұмыс.

VII. Қорытындылау.

VIII. Оқушыларды бағалау.

IX.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, кезекші арқылы түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығын, оқушылардың тәртібін реттеу, қадағалау.

ә) Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшысын сайлау.

1 топ: «Ботакөз», 2 топ: «Жұлдызша».

ІІ Үй тапсырмасын «Брейн ринг» ойынын (топтыстыру техникасы) арқылы сұраймын. Тақтаға алтыға бөлінген секторларды ілемін. Әр сектор нөмірленген. Алты оқушыға алты тапсырмасы бар үлестірмелі кеспелер тапсырмаын.

 

 

Нүктесі бар кубикті ортаға тастағанда қай нөмір шықсасол нөмірді ашады. ал өз нөмірлеріне жауап бермесе басқа оқушы жауап береді. Барлыөқ сұрақтарға жауап берілген соң,и дөңгелек сектордың барлық нөмірі ашылады. Құрақтың суреті шығады. Енді бұл қандай құрақ екенін табу керек.

а)Сұрақтары:

1.Құразқ дегеніміз не?

2. Құрақ түрлерін  ата?

3. Құрақ құрау үшін қандай геометриялық фигуралар қолданылады?

4.Құрақ құрауда түстердің үйлесімділігін не деп атайды?

5.Құрақ құрау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

6. Құрақтан қандай бұйымдар жаслаған?

б)« Жалғасын тап» ойыны.

(мақал-мәтелдер)

Бірінші топ бастайды, екінші топ жалғасын жалғасытрады. Қай топ жалғасыра алмаса, сол топ ұпай алмайды.

1.Бүгінгі істі.............қалдырма.

2. Жеті рет өлше,............... кес.

3. Өнерілден үйрен, өнерсізден................. .

4. Еңбек етсең ерінбей, ................. тіленбей.

5. Еңбегің сайлы болса, ішің.................болар.

6. Бірлік болмай.................болмас.

7.Қыз еркем, ....................... көркем.

8.Өнерлі болу зейнеп. Өнерсіз болу.................

9.Талаппен  бастап ............................ аяқта.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Ал, балалар осы мақал-мәтелдерде айтылғандай, әрбір істе талғаммен, ептілікпен, шеберлікпен жасауға тиістіміз. Құрақ өнері де біздің бойымыздан осындай қасиеттерді талап етеді. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.

    Біріншіден, мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату, яғни адам үнемділікке үйренеді.

    Екіншіден, үлкен сәнділікпен мата қиындыларынан әртүрлі пішінді жасай отырып, қиюластырып, жастық, көрпе, көрпешелер тігу. Жалпы құақтың бірнеше бар: ботакөз, шатыргүл, сегңзжапырақ, тырнақтар, майда құрақ, аққу, қызғалдақ, қайшы т.б. Матаның үйлесімділігіне, қиюласу өрнегіне қарай құпақты топтарға бөледі.

Құрақ түрлерімен таныстырып өтемін

Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Ал Европа халықтарында «Пэчверк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады.

    Орыс халқы мата қиындыларнынан «Лоскутная техника» әдісімен жамылатын көрпе, тесеніш, тұтқыш, жастық сияқты бұйымдар дайындаған. Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлттық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданылып жүр.

IV Жаңа сабаққа кіріспе.

Құрақ құрау үшін оның әдіс тәсілдерін білуіміз керек.

Құрақ құрау схемасы.

V Жаңа сабақ. 

Түстер үйлесімділігінде басты мынадай қағидалар бар: 

  • Образыңызда кем дегенде, 4 түс болсын. Тек бір түспен киінсеңіз, бейнеңіз ашылмайды. Ал 4 түстен артық түспен киінер болсаңыз, тотықұсқа не сайқымазаққа ұқсап қаласыз. 
  • Киіміңізде міндетті түрде негізгі бір түс болу керек, қалған түстер қосымша рөл атқарғаны дұрыс. 
  • Қара, ақ түстер – әмбебап түстер болып саналады. Яғни, барлық түспен жараса береді деуге болады. Сондықтан, бұл түстерді көбінесе негізгі түс ретінде таңдайды. Образды ашу үшін түрлі аксессуарлар көмекке келеді. Ақ түс бәрімен жарасады. Әсіресе, көк, қызыл, қара түспен үйлеседі. Ал қара бәрінен де сарғылт, алқызыл, ақ, қызыл, сары түстермен жақсы жарасады. 

Енді басқа түстердің қандай түстермен жарасатынын айтып өтейік:

  • Сарғыш (ақшыл сары) түс көгілдір, қызыл қоңыр, изумруд, қара, қызыл, ақ түстермен келеді. 
  • Сұр түс фуксия, қызыл, күлгін, алқызыл, көк түстермен жақсы жарасады. 
  • Алқызыл түс қызыл қоңыр, ақ, сұр, көгілдір ақық түстермен жарасым таппақ.
  • Фуксия (күңгірт алқызыл) түс сұр, қызыл қоңыр түстермен үйлеседі. 
  • Қызыл түс сары, ақ, жасыл, көк, қара түстермен жарасады. 
  • Томат қызыл түсті киімді көгілдір, құм түс, сұр түстермен киіңіз. 
  • Сарғылт түс көк, көгілдір, қызғылт (лиловый), күлгін, ақ, қара түстермен үйлеседі. 
  • Сары түс көк, қызғылт, ақшыл көгілдір, күлгін, сұр, қоңыр түстермен жақсы кетеді.
  • Жасыл түс сарғылт, сары, сұр, қара түстермен жарасады. 
  • Көгілдір түс қара, сұр, қызыл қоңыр, сарғылт, алқызыл, ақ, сары түстермен үйлесім

    Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін  анықтау үшін оны түс таңдай отырып бояп аламыз.

    Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы матаны сызбаүлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша  рет-ретімен әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерін тігіп аламын.

    Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

VI Сарамандық жұмыс.

«Сегіз жапырақ» құрағын құрастыруға арналған технологиялық  карта. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

VII Жаңа сабақты қорытындылау.

Берліген бес сұрақ, төрт жауабымен беріледі.

Әр топқа координаталық бұрыш беріледі.

Көлденеңінен сұрақтар, тігінен жауап нүктелері белгіленеді, сол нүктелерді қосып график сызамыз.

VIII Оқушыларды бағалау.

Құрақ құрау да өнер. Қарап тұрсақ өзіндік сыры бар. Құрақтардың түрлерін көрсете отырып, сабақта мынадай жыр жолдарымен қорытқым келеді.

Қас шебердің қолы ортақ,

Ұрпақтарға жалғасқан.

Зердеңе болса – сол атақ,

Болашақта жетер қалмастан

Әже менен анадан,

Мирас болған-бұл өнер.

Ұрпақтан озып ұрпаққа.

Кете берер бұл өнер.

Оқушыларды бағалаймын.

IX Үйге тапсырма: түрлі-түсті мата қиындылары, үлгі шаблондар, қайшы әкелу.

№25

Сабақтың тақырыбы: Құрақ үлгісін дайындау

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушылардың құрақ құрау өнері туралы білімдерін тереңдету, құрақ түрлері, шығу тарихы және тігу технологиялық әдістерімен таныстыру. 
Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық 
өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: үнемділікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, ұлттық дәстүрді білуге, 
әсемдікті сезіне білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ (ойын) 
Сабақтың әдісі: 


- суретті-түсіндірмелі (әңгімелесу, сурақ-жауап, дидактикалық 
материалдармен жұмыс, үлгілерді көрсету) 
- интерактивті тақтамен жұмыс; 
- іздестіру-зерттеу әдісі; 
- құрақ түрлерінің үлгілері; 
Ұлының ұлағатты сөздері: 
« Өнерді таудың бұлағынан, 

- СТО дамыту әдістері, деңгейлік оқыту әдісі, трек белгілер әдісі. 
Сабақтың көрнекілігі: 
- оқушылардың шығармашылық жұмыстары; 
Қойдың құлағынан 
Апамның киізінен 
Ешкінің мүйізінен үйрендім» 
Ә. Қастеев. 



«Өнер дегеніміз – адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» 
Л. Толстой. 
«Ою-өрнек, құрақ құрау- қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі » 
Б. Момышұлы. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Сәлемдесу
б) Оқушыларды түгендеу
ІІ. Өтілген материалға шолу жасау. 
1. Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын ата?
2. Ерте кезде қолөнер бұйымдарын дайындау үшін қандай материалдарды пайдаланды.
3. Ою- өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Киіз үйдің ішкі жабдықтарын ата?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Қызығушылығын ояту, оқушы біліміне ой салу. 
Құрақ құрау қазақ халқының ежелден келе жатқан өнерінің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған. Құрап тігудің бірнеше түрі бар; гүл құрағы, жұлдызша, сегіз жапырақ, жүрек құрақ, шахмат, таңдай, өрнектеп құрау т.б.
Құрақ маталары
• Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.
• Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. 
• Торқа – ең қымбат жібек мата.
• Батсайы – қалың жібек кездеме.
• Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
• Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
• Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
• Пай – жібек мата.
• Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
• Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
• Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
• Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
• Насар – жібек кездеме.
• Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
• Шыт – арзанқол жұқа мата.
• Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
• Бояқ – кездеменің боялған түрі.
• Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
• Барқыт – бешпент тігуге арналған мықты мата.
• Тібен – түрлі-түсті қалың мата
ІҮ. Практикалық жұмыс: Техника қауіпсіздігін есте ұстау!
Тақырыбы: «Жұлдыз »құрағының үлгісін қию.

Қажетті құрал- жабдықтар:Үш түрлі барқыт матасы, қайшы, сантиметрлік таспа, сызғыш ,тігінші боры.
Жұмыстың орындалысы:
1. Түстері әр түрлі үш матаны таңдау.
2. Матаны шаршылап қиып алу
3. Шаршылардан үшбұрыштап жұлдызша құрағын дайындау
4. Түстерүйлесімділігін сәкестіре орналастыру.
5. Жұмысты аяқап, жұмыс орнын жинастыру.


1- аялдама. « Құрақ туралы не білесің? ». 
2- аялдама. « Мен- суретші-модельер ». 
Ү. Мағынаны тану кезеңі. 
3-аялдама. « Білімді мыңды жығар ». Деңгейлік тапсырмалар. 
І деңгей: 1. Құрақ түрлерін ата?
2. Құрақ тігу үшін қолданылатын қандай мата түрлерін білесің?
3. Құрақтан қандай бұйымдар дайындауға болады.?

ІІ деңгей: 1. Мақпал дегеніміз қандай мата?
2. Астарлық маталарды ата?
3. Жұлдызша құрағының орналасу ретін көрсету.
4-аялдама. Сергіту бөлімі. «Ойын жарыс»
(мақал- мәтелдердің жалғасын табу)

1. Бүгінгі істі... қалдырма
2. Жеті рет өлшеп,... кес.
3. Өнерліден үйрен,
Өнерсізден...
4.Дау қуған жау табады,
Өнер қуған ...
5.Батыр адам қорқақты сүймес,
Шебер адам... .
6. Өнерлі болу зейнет,
Өнерсіз болу... .
ҮІ. Ой толғаныс. Рефлексия. 
Тақтаға сәулесіз күн ілінеді. Оның беті жабылып тұрады. Оқушыларға күн сәулелері таратылады. Әрбір сәулеге оқушылар сабақтан өз әсерлерін,нені үйренгенін жазады да,іледі. Жағымды әсерлерден күн күледі.( Бетіндегі қағаз алынып,күлімдеп күн көрінеді). Мұғалім осыған байланысты сабақты қорытындылайды.
ҮІІ. Бағалау. 
ҮІІІ. Үйге тапсырма.

№28

Сабақтың тақырыбы: Құрақ көздерін бекіту
Сабақтың мақсаты : 
а) білімділік: Оқушылардың құрақ туралы ой ұшқырлығын және 
бұрынғы білімдерін жетілдіру, құрақтың тігілу 
жолдарын үйрету. 
ә) тәрбиелік: Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, 
тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек 
сүйгіштікке баулу. 
б)дамытушылық:Оқушылардың териялық білімдерін іс-жүзінде 
шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген 
қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара 
іздене білу. 
Пәнаралық байланыс:Тарих, Геометрия, Әдебиет, Бейнелеу, Сызу. 
Көрнекілігі және керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз, 
үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке» біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады. 
ІІ.Ой қозғау. 
Жұмбақ шешеді.Жауабына байланысты мақал-мәтел айтады. 
Жұмбақтар. 
1. Екі семсер айқасқан, 
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы) 
2. Кигізіп ап ұзын жіп көзіне, 
Киім тігіп береді ол өзіңе. (ине) 
Мақал-мәтелдер 
1. Асыл қайшы пішуге сән, 
Күміс қасық ішуге сән. 
2. Оқу инемен құдық қазғандай. 
ІІІ.Жаңа сабақ 
Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады. tbr />
Аққу Сегізжапырақ 

Жұлдызша 

Тырнақатар 

Ши құрақ Оюлы 
Құрақ,оның түрлері туралы мағлұмат: 
Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері. 
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. 
Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар, 
пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған. 
Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған. 
Құрақты қандай мақсатта құраймыз? 
-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату. 
-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа ,тәрбиелілікке мән беру. 
Құрақтың мынадай түрлері бар? 
-Аққу, сегізжапырақ, шахмат, гүлқұрақ, тырнақатар, оюлы, ши құрақ т.б 






Аққу құрақ Гүл құрақ Тырнақатар Шахмат құрақ Сегізжапырақ 

Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз? 
1. Майлық. 3. Әмиян. 5. Көрпе. 7. Жастық тыс. 9. Сәндік сөмке. 
2. Дастарқан. 4. Қолғап. 6. Қазан ұстағыш. 8.Аяққап. 
Құрақты қалай,қай жерде қолданыуға болады?. 
1. Жапырақ,сегіз жапырақ құрақтар-қонақ бөлмелерде қолданылады. 
2. Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға дайындалады. 
3. Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады. 
4. Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады. 
«Құрақ құрау» өнерінің тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдалануда үнемділігі, адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш, түн ұйқысы келсе жаурамайтын жамылғысы болған. 
Қосымша мағлұматтар беріледі. 
Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-ХVІ ғасырда дамыған 
Құрақ құрау Еуропада «Пэчворк техникасы» деп те аталады. 
-Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Лепочиха». 
-Жапон халқында «Сашико» дейді. 
Пэчворк-(patchwork» ағылшын тілінен аударғанда, «құрақ құрау, құрастыру») 
қызықты жұмыс, қиял беруші өнер. Шыт отаны Индия елінен табылған. 
Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі. 
Алматыдағы Ә.Қастеев мұражайында құрақпен жасалынған бұйымдар және бар. 
ІV. Сарамандық жұмыс. 
«Талаппен бастап, 
Талғаммен аяқта!» 
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп аламыз. 
Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау беріледі. 
Жұмыстың реті: 
1. Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы. 
2. Тігу үшін қажетті заттарды дайындау. 
3. Нұсқау карта, қиял бойынша үлгілеу, тігу. 
4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. 
V.Сергіту сәті. 


Қорытынды есебінде барлық құрақ құрау өнері туралы білген білімдерімізді ұштастыру, еске түсіру мақсатында сөзжұмбақ шешейік. 
1. Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай ?(Аққу) 
2. Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата ? (Жұлдызша) 
3. Еуропа халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Пэчворк) 
4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Сашико) 
5. Гүлдің атына байланысты құрақ атауы ? (Қызғалдақ) 
VІ. Сабақты бекіту . 
Сұрақтары. 
1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? 
2. Құрақты апа-әжелеріміз не себепті құраған? 
3. Құрақтың түрлері қандай? 
4. Қандай елдерде құрақты пайдалана білген? Қалай аталады? 
5. Құрақтан қандай бұйымдар тігуге болады? 
VІІ.Оқушыларды бағалау. Белсен араласып, сұрақтарға жауап берген, 
тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды бағалау. 
VІІІ.Үйге тапсырма. Құрақ құрау

№ 29

Сабақтың тақырыбы: Құрақ көрпешені астарлау және жүн салып қабу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құрақ құрау технологиясы туралы түсіндіріп, жұлдызды құрақтың дайындау жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке. Ата - бабамыздың
салт - дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс сұрақ - жауап.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Көрнекілігі: нұсқау картасы, лекала, құрақ үлгілер, құрақ көрпеше.
Қажетті құралдар: фломастер, сызғыш, қарындаштар, мата қиындылары, дәптер.
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- амандасу, түгендеу
- сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды сабаққа даярлау.
Өткен тақырыпты пысықтау:
1. Матаға сурет салу бояуын қалай атайды?
2. Тоқыма бұйымдарының картинасын қалай атайды?
3. Белдемше түрлерін ата?
4. Тігіс түрлерін ата?
5. Әрлеу тігісі не үшін қолданады?
6. Перде түрлерін ата?
7. Мата түрлерін ата?
ІІ. Жаңа сабақ.
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным - сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. 

Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр. Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.
Құрақтан тігілген тұрмыста қолданылатын бұйымдар:
• көрпеше
• төсеніш
• сырмақ
• жастыққап
• қоржын
• түрлі кәдесыйлар
Құрақ құрауға пайдаланылатын геометрикалық формадағы қиындылар:
Ромб
Тіктөртбұрыш
Трапеция
Омарта
Шаршы
Үш бұрыш
Құрақ түрлерін слайд бойынша көрсету.
Нұсқау картасы
Еңбек объектісі: «Жұлдыз» өрнегін сызбасын орындау жолдары. Таблица
ІІІ. Қорытынды:
Бекіту сұрақтары. Құрақтарды өз орындарына орналастыр
ІV. Бағалау:
«5» егерде жоғарыда берілген талаптардың барлығы орындалса ғана қойылады.
«4» егерде жұмыста аз ғана қателіктер жіберілген болса.
«3» егерде жасалған бұйым талапқа сай болмаса, бірақ қалған жоғарыда аталған талаптар дұрыс орындалса қойылады.

№30

Сабақтың тақырыбы Бисермен жұмыс

 Мақсаты

Білімділік Оқушыларға бисермен жұмыс жасау технологиясын түсіндіріп, дайындау жұмыстарын үйрету

Дамытушылық Оқушылардың ізденімпаздылық шығармашылық қабідетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілеттілігін арттыру

 Тәрбиелік Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке тәрбиелеу Сабақтың түрі Білім мен іскерлікті игеру

Сабақтың әдісі Теориялық, сарамандық, тест алу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі Суреттер, дайын үлгідер, нұсқау карта, тех карта, тест, бисермен жасалған бұйымдар

 Пәнаралық байланыс Математика, сызу, бейнелеу өнері Керекті заттар Қайшы, ине, сым, жіп, әр түрлі бисерлер

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу Балаларды түгендеу Қажетті құралдарды түгендеу ІІ Өткенді қайталау

Моншақ туралы сұрау

 Сұрақ – жауап арқылы білімдерін тексеру

1) Моншақ дегеніміз не? –Бисерден үлкендерін моншақ дейміз

2) Стеклярустың бисерден қандай айырмашылығы бар? -Ол ұзындығы 3мм түтікше тәріздес болып келеді

3)Сумоншақ дегеніміз не? -Ұсақ , домалақ, сопақ ұсық хрусталь, шыны, металл, керамика материалдарынан жасалған моншақтар.

 ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру Бисермен жұмыс жасау технологиясы

Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бірі. Бұл өнер түрі қазіргі кезде қарқынды даму үстінден. Бисермен әр түрлі киім-кешектерді әшекейлеп кестелеуге түрлі бұйымдар жасап, сыйға тартуға, сондай-ақ , сәнді бұйымдарды сырға, білезік, алқа, гүлдер тоқуға болады. Бисердің ең көп тараған жері – Жапония, Италия, Үндістан. Бисерді таңдау, онымен жұмыс істеу үлкен шеберлікті қажет етеді. Олардың түстері, өлшемдері сан алуан. Сондықтан жасалатын бұйымға байланысты бисердің түсі, мөлшері әскеріледі.

Қолөнер туындысына саяхат   ПРезентация көрсету

Оқушылардың қызығушылығын дамыту мақсатында көрме ұйымдастыру

 Мақал-мәтелдер айту. 1) Қанша жуан болса да, Жалғыз ... үй болмас ( ағаш, дерево)

2)Кестені көңіл сызады, Қол тігеді ...сынайды (көз, глаза)

3)Өнері мол зейнетті, Өнімі мол ... зейнетті (жер,земля)

INSERT әдісі Білемін Үйрендім Білгім келеді

Моншақ түрлерін, аталуын, өңдеу әдісін, қолданылуын, пайдасын, қажеттілігін

Бисер жасау технологиясын, бисермен бұйымдар жасауды,ерінбеуге, шыдамдылыққа, ойлай білуге Күрделі бұйымдар жасау жолдарын, түрлі әдіс тәсілдерді меңгеру

 Сарамандық жұмыс

1 Жұмыс орнын дайындау, қажетті құралдарды орналастыру

2 Қауіпсіздік ережелерін қайталау

 3 Оқушыларға жұмыс бөліп беру

4 Оларға бағыт – бағдар беру

5 Жұмыстарын тексеріп, кемшіліктерін айту

 6 Жұмыс орнын жинастыру

ІV Қорытындылау

V Үй тапсырмасын беру

№31-32 

Сабақтың тақырыбы: Гүл шоқтарын кестелеу

Сабақтың мақсаты:
    Білімділік:Оқушыларға бисермен кестелеу туралы түсінік беру. Бисермен кестелеу әдістерін үйрету.
    Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, ынтасын арттыру.
    Тәрбиелік:Халқымыздың қол өнерін сүйе білуге, қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік техника ережелерін есте ұстау.
Сабақтың түрі:аралас сабақ 
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:Түс айырмашылығы, жіп бағыты, кестеленген дайын бұйымдар.
Сабақтың барысы:
    Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасып,түгендеп шығу.

    Үй тапсырмасын сұрау:Балалар өткен сабақта біз қандай тақырыппен танысқан едік? \Бисер тоқу және кестелеу әдістерімен.\

    Өткен сабақты қайталау үшін «Қоржын алу» ойынын ойнаймыз. \алдарыңда қоржын.\ Бұл қоржынның ішінде ғажайып нәрсе бар. Бұл не екенін көру үшін өткен тақырыпқа байланысты қоржыннан алынған сұраққа жауап берсіңдер, қоржынның аузы ашылып, ғажайып нәрсе көресіңдер. 

    Қоржынды ашқысы келген балалар өздерімен бірге үйде жасаған жұмыстарыңды ала шығыңдар.
Балалардың үйге берілген жұмысын тексерген соң, қаржын аузын ашуға рұқсат беріледі.
Қоржынды ашуға арналған сұрақтар.
    Кесте тігу үшін қандай маталар пайдаланады?(мақта мата,сиса,кенеп,жібек)
    Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн?\жіңішке ине мен кесте жіп\
    Бисермен кесте тігу үшін қандай ине алған жөн? \бисермен моншағына арналған жіңішке ине\
    Тігістің қандай әдісі бойынша тігіледі? \инені алға шаншу әдісі бойынша\
    Кестелеу үшін қандай құрал керек? \қайшы, жіп, мата, кергіш ине\
    Ал енді, балалар, қоржын аузы ашылып, сұрақтарға сүрінбей жауап бердіңдер. Ішінен вазадағы «Гүл шоғы» шығады.
    Ой, керемет, балалар! Нені көрдіңдер? Суреттеп беріңдер.
    Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл вазадағы гүл шоғы. Гүлдің әдемі, түрлі- түсті бисерлермен әсемделіп, тоқылған түрін көріп отырсыңдар.
    Сонымен, қоржынды ашқанда қандай әсер алдыңдар?
    Балалар, табиғи гүлдердің әрқашанда адамның көңіліне қуаныш сыйлап, көңіл -күйіне әсер ететіні анық. Ал, өнер иелері осы гүлдерді әр түрлі тәсілмен бейнелей білген ғой. Гүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлығының құрамында хош иісті заттар мен дәрумендер, эфир майлары, бояу заттары бар. Сондай -ақ медицинада дәрі -дәрмек жасау үшін қолданылады.
Сарамандық жұмыс.
  Вазадағы гүлді кестелеу үшін түс айырмашылығын білуіміз керек. Тақтадағы суретке қараңдаршы, гүлдің түсі қандай?\Қызыл\ 
Егер зер салып қарайтын болсаңдар, қызыл болғанымен әр түрлі түсті көруге болады.\ақшыл жасыл, сарғыш қызыл, күңгірт қызыл\. Жапыраққа назар аударсақ, олардың да әр түрлі түстер көруге болады\ақшыл жасыл, сарғыш жасыл, көгілдір жасыл\. Сонымен бірге сендер жіп бағытын білулерің керек. Ол мына плакатта көрсетілген. Сарамандық жұмысты жасағанда тиянақтылық пен ұқыптылықты естеріңде сақтаңдар. Қауіпсіздік техника ережелерін естен шығармаңдар!

    Президентіміз 2005 жылы ақпанда Қазақстан халқына жолдауында «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін студенттер демалыс кезінде ағаш егу керектігін айтқан. Яғни, балалар, елеміз гүлдену үшін, әдемі болу үшін ағаш егіп, әр адам өз үлесін қосу керек. Сендер де ағаш егіп, оны күтіп, еліміздің гүлденуіне ат салысыңыздар.
Қорытынды. 
    Гүл туралы қандай ақынның өлеңдерін білесіңдер? Бір шумағын айтыңдар.\оқушылар кезектесіп айтады\.
    Ал, енді гүл туралы қандай ән білесіңдер? \М.Шахановтың «Туған күн» әнін және жастардың «Аппақ гүлдер» әнін оқушылар орындайды\.

 Үй жұмысы.  «Гүл шоғы» жұмысын кестелеп келу.

№ 33

Сабақтың тақырыбы: Көбелекті бисермен кестелеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету;
Дамытушылық: Бисермен бұйым жасау арқылы қол икемділігін дамытуға кәсіпкерлік бейімділігін қалыптасыру, іскерлік өнерге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау сарамандық
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, бейнелеу өнері
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: бисерден жасалған бұйымдар, суреттер, нақыл сөздер, құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
А) оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) сабаққа назарларын аудару
Ә) психологиялық дайындық, бір-біріне жақсы тілектер айту.
ІІ.Өткен сабақты қайталау. Тест орындау 
1. Бисер деген не?
а) ұсақ моншақтар ә) домалақ ірі моншақтар в)сопақ моншақтар. 
2.Стеклярустың бисерден айырмашылығы:
а) моншақтың түрі ә) 3 мм түтікше тәрізді б) сопақша, ірі моншақтар
3. Бисерді ең көп шығаратын елдері- 
а) Италия, Жапония, Франция ә)Жапония, Италия, АҚШ,Үндістан б)Үндістан, АҚШ, Корея
4. Бисер неден жасалады?
а) шыны, металл, керамика ә)металл,шыны, алтын тас б)керамика, сым
5. Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған?
а) бусер ә) бисер б) моншақ
6. Бисердің Отаны? 
А) Египет ә) Франция в) АҚШ
7.Рубка қандай бисер түрі?
А) қысқа таяқшалар ә) ұзын таяқшалар в) сопақ бисер 
8.Бисер сөзі қандай мағына білдіреді?
А) моншақ ә) ірі моншақ в) жалған маржан
9.Бисермен жұмыс кезінде көз бен бұйым арасы қанша см боу керек?
А) 20 ә) 30 в) 45 
10.Бисермен жұмыс істеу нені талап етеді?
А) шыдамдылықты ә) тазалықты в) әдемілікті 
Қызығушылығын ояту. Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға бисер туралы білетіндерін, не білгілері келетінін инсерт әдісі арқылы кесте толтыртамын. ББҮ кестесі
Білемін Білгім келеді Үйрендім

ІІІ.Сарамандық жұмыс.
  Бисер өнері қолөнердің бір түрі. Бисердің Отаны- ежелгі Египет. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тығыз байланысты. Әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын ашқан Финикия елі деген аңыз бар. Бисерден көптеген кез келген нәрсе жасауға болады. Мысалы: киім кешекті сәндеуге, әшекей бұйымдар, әмиян, сөмке, сыйлықтар, картиналар, тіпті аяқ киімді де әшекейлейді.Қазіргі кезде бисерлерді, негізінен, әшекей бұйымдар жасауда кеңінен қолданады. Соның ішінде алқа, білезік, моншақ, шашқа тағатын әшекей бұйымдар т.б. 
Бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Бисермен кестелеу және тоқымашылық» деп аталады. Бисермен кестелеу және бисермен тоқымашылық екеуі екі түрлі орындалатын әдіс.
1) Бисермен кестелеу үшін жұмысты матаға орындайды. Ол үшін керекті құралдар негізінен бір түсті мата, кергіш, сурет, бисер инесі және жіп қажет.
2) Бисермен тоқымашылық жұмысын орындауда леска немесе сым қолданамыз.
Екеуінің айырмашылығы осында.
Бүгін біз сабақта шашқа тағатын әшекей жасаймыз. Ол үшін бізге ине-жіп, қайшы, қара мата, қара түсті резеңке және әр түрлі моншақтар.
Бисермен жұмыс кезінде сақталатын санитарлық – гигиеналық талаптар
1.Бисермен жұмыс істейтін жер өте жарық болу керек.
2.Жұмыс үстелінің бетіне түкті мата жабылуы керек.
3.Сапасыз моншақтарды қолдануға болмайды.
4.бисермен жұмыс кезінде көз тез шаршайды сондықтан көзді демалдырып, жаттығулар жасап тұру қажет.
5. Жұмыс кезінде денені тік ұстау керек.
6.Көз бен бұйым арасы 30 см қашықтықта болу керек.
7.Күндіз терезеден жарық сол жақтан түсу керек, кешке үстелдік шамды қосу керек.
8. Бисерді тәрелкеге немесе жайпақ ыдысқа салып қойған дұрыс. Әр оқушыға нұсқау карта таратылады.
№ Орындалу барысы Керекті құралдар
Дайын көбелекті бисермен кестелеп тігу керек

Тігудің жолдарын үйреу
4 Дайын болған әдемі әшекейді шашыңыздың ұзындығы мен киіміңізге қарай түрліше тағуға болады.
V.Қауіпсіздік ережесін қайталау
1.Инемен және қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
2. «Жалғасын тап» ойыны. Мақал мәтелдің жалғасын табу
1. Өнерлінің он саусаңы тең, (Өнерсіздің бір саусағы кем).
2. Еңбектің көзін тапқан, (Байлықтың өзін табады)
3. Ата көрген ... (оқ жанар), Шеше көрген ... (тон пішер)
4. Асыл қайшы пішуге сән, ... (қасық ішуге сән күміс)
5. Өнерден үйрен, өнерсізден ... (жирен)
6. Бүгінгі істі ... (қалдырма ертеңге)
7. Батыр адам қорқақты сүймес, (шебер адам ... сүймес шорқақты)
8. Келісіп пішкен тон ... (келте болмас)
9.Өнерлі болу – зейнет, (Өнерсіз болу - бейнет)
VІ.Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин Жаттығу жасау реті: 
Көзді алақанмен жауып тұру.
1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату, қайталау
2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет көзді жыпылықтату, қайталау
VІІ.Сабақты бекіту.
Жақсы, қыздар, бүгін біз сонымен сабақта бисермен матаға кестелеп, шашқа тағатын әшекей бұйым жасауды үйрендік. Өздеріңе ұнады ма? Жасау қиынба екен?. Өздеріңнің достарыңа сыйлық ретінде беруге болады. Өз қолдарыңмен еңбектеніп жасаған сыйлық немесе бұйым әрқашанда қымбат, ерекше сыйлық болып табылады.
А) Венн диаграммасы арқылы салыстыру
Ортақ қасиеттері:Екеуі де әшекей бұйым, моншақтан жасалған, әдемі
Базардағы алқа - бағасы өте қымбат, сапасыз, 
Өздері тоқыған алқа – еңбек шығыны аз,әдемі,сапалы әрі шеберліктерін шыңдалады, қол икемділіктерін дамиды, үйренесіңдер

№34

Су моншақтан жасалған бұйымдар

Сабақтың мақсаты: Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар тігуді үйрену. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыластығын арттыру.

Білімділігі: оқушыларға бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, тоқу әдісін үйрету. Дамытушылығы: сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту. Тәрбиелігі: өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу өнері
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған панно, схема, журналдар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.
II. Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.
1. Су моншақ дегеніміз не? 
2. Су моншақтың қандай түрлерін білесіңдер ме?
3. Су моншақтың отаны?

III. Жаңа сабақ. Су моншақтың аты араб сөзінен“ бусер ” жасанды моншақ дегенді білдіреді. Су моншақ б. з. б IV ғасырда шыны зерттеген кезде пайда болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оның формасы ірі және ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар. Аңыз бойынша өте ерте уақытта бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құмды жағалауға түнеп түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең, оттың қолаң тасынан ғажайып тас сияқты, қатты су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала басталады. Ортасынан жіп өткізілетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік бұйым ғана емес, оны қаржы орнына (ақша) да пайдаланады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле және Тифанни секілді модерн стилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың 20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлерде үлкен қолданысқа ие болды. XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылық бүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды. Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер – Жапония, Тайвань, Чехия. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді.. Чехиялық су моншағы өте қажет, бағасы да, сапасы да көңілден шығады. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады. Өте сапалы саналатын су моншақ – Жапон су моншағы. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға қажет.

Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғанда су моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. Орта Азия мен қазақ халқының сәнді тұрмысында моншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардың қолөнер іскер шеберлері тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлерде су моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль Готье сөмкелерді су моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. Кристиан Лакруа су моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген.

Сумоншақпен кестелеу технологиясы: Айқас тігіс әдісімен суреттегі түстердің түріне лайық су моншақтарды санап жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан белгілі бұл әдіспен бір шетінен бастап, ең соңына дейін қатарымен тізуге болады. Бұл еркін түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып, моншақты тізіп, матаға бекіту әдісі. Айқас тігіс әдісіне қарағанда күрделі жұмыс кескіндемеге қатты ұқсайды.. Оның қолданбалы сән өнері жемісі екенін су моншақтардың жылтырап көрінуінен аңғаруға болады. Берілген тақырып бойынша қағазға эскиз - жоба салынады. Дайын суретті матаға қарындашпен сызып көшіреміз. Моншақты матаға бекіту технологиясын пайдалана отырып, матаның ең оңай деген жерінен жұмысты бастауға болады. 

Суреттегі түстердің бір - біріне ауысуын ескере отырып бейнелеуді тігіп шығуға болады. Инені матадан өткізіп суреттегі түсіне лайықтап моншақтар тізіп, салынған сурет өте кіші болса, 1, 2 су моншақтан, сурет ірі, жарық жерге 3 су моншақтан бекітіледі тігілген моншақтар көлденеңінен жатуға тиіс. Жұмысты екі инемен немесе бір инемен де орындауға болады. І. Бір инемен тігу үшін қажетті түстегі су моншақты 4 - 5 см ұзындықта тізіп инені мата астына өткізіп, бастау етіп түйіндеу керек. Осы қатарды басынан бастап сол инемен 2, 3 моншақтың арасынан жіппен бекітіп матаға тігу керек. ІІ. Екі инемен тігу үшін бір инеге моншақ тізіп екі инемен 1, 2, 3 моншақтан кейін матаға бекітіп отыру керек. Моншақты матаға бұдан көп бекітуге болмайды. Егер моншақ көп болып кетсе матаның бетінде 1 салбырап бос қалады. Бисердің отаны - Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте - бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Уақыт өте келе Шығыс халқына Африка, Индия, Америкаға, Тынық мұхит аралдары мен Европаға, Азияға кенінен таралды. Су моншақтын атауы әр халықта әр қалай болған. Молдавияда - гарданы,

Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін.

Бисермен тоқу технологиясы: Паралель тоқу; Дөңгелек тоқу; Инемен тоқу; Ілгекпен тоқу; Қауіпсіздік ережелері 1. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды 2. Сымды қайшымен қияды 3. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Технологиялық карта 1. 3 сумоншақ өткізіп, 1 бисерді қалдырып, 2 бисерден сыммен қарсы өту. 2. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.. 3. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 4. Сымның басына 5 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 5. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. /керісінше, кескін кішірейеді/ 6. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. IV. Сарамандық жұмыс. Бисердің түс ерекшелігіне көңіл бөлеміз, яғни гүлді қызыл түс қылып, ал гүлдің жапырақтарына жасыл түс алайық. Гүлдің өзі де, жапырағы да көрсетілген әдіспен орындалады. Оқушылар білімі тест арқылы тексіріледі. 1) Бисер қандай заттан жасалады? а) ағаштан б) шыныдан* 2) Шыны неден алынған? а) табиғи сода б) тас көмір 3) Бисер түрін тап? а) шыны б) стеклярус* 4) Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған? а) бусер* б) бисер 5) Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім? а) Пушкин А. С. б) Ломоносов М.* V. Жаңа сабақты бекіту. VI. Сабақты қорытындылау.



Предварительный просмотр:

№1

Сабақтың тақырыбы :Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі

 Білімділігі:Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру;

Дамытушылығы:Халқымыздың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, тапсырмаларды орындау кезінде топтасып, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу;

Тәрбилегі:Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: «Ұлттық тағамдар», слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-оқушыларды түгендеу;-жұмыс орнын жабдықтау

ІІ. Үй тапсырмасы

-Қауіпсіздік ережелерін ата?-Санитарлық гигиеналық ережелері

-Тамақтану мәдениеті деген не?

Стафилоктар қуат алу, өмір сүру

Тамақ таза жүру, қолды жуу

Жеке бастың гигиенасы жылы жерде сақталған азық-түліктер

№1 сарамандық жұмыс “Еттен жасалған тағамдар”

№2 сарамандық жұмыс “Бірінші тағамдар дайындау”

ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта «Жер танимын десең атың болсын, ел танимын десең асың болсын» деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.

Ұлттық тағамдар Ет тағамдары сүт тағамдары Ұн тағамдары

Қазақша ет Айран, Қатық Бауырсақ, Таба нан

(Бесбармақ, Бешбармақ) Шалап, Шұбат Май шелпек, Қаттама

Қазы, Қарта , Қымыз , Балқаймақ Талқан, Тары

Жал Жая Кілегей ,Қаймақ Жент (қоспа)

Сорпа , Борша Құрт ,Сары май Майсөк (майтары)

Жөргем ,Шұжық Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай

Сірне , Ми палау ,Құйрық-бауыр ,Қуырдақ

Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді. Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса да болады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

IV.Бекіту тапсырмалары

Қазақша еттің құрамы Қазақша ет: 1-2 бас жуа, картоп, қамыр, тұз, су, ет

Ұлттық Сусындар тағамдар, қымыз қазы-қарта, шұбат қуырдақ, айран қазқша ет,сүт

Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.

V. Қорытынды

Бағалау  Үйге тапсырма:

Отбасындағы мерекелік ұлттық тағамдардың жасалу

№4

Сабақтың тақырыбы. Қой етінен дайындалатын шала өнімдер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қой етінен дайындалатын шала фабрикаттар туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, аспаздық шеберлігін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық
Пәнаралық байланыс: биология, математика.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
1.Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Арнайы формасын түгелдеу.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
5. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгелдеу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Шала өнімдер - бұл одан әрі өңдеуде керек ететін өнімдер.Дайындау тәсіліне қарай шала өнімдерді:табиғи, нан ұнтағына аунатылған және шабылған деп үшке бөледі.Табиғи порциялы шала өнімдерді ұшаның дәнекер ұлпалары аз жерлерінен кесіп алып, бір порцияға бір кесік еттен салып береді.нан ұнтағына аунатылған шала өнімдерде дәнекер ұлпасы көп болады, сондықтан нан ұнтағынан аунатпастан бұрын оларды жаншып алады.Ұнтақ жақсы жабысуы үшін жаншылған етті льезонға батырады.Шабылған массаны дайындау үшін котлетке арналған етті пайдаланады.
Қой етінен мынандай ірі кесек еттерді бөледі: жауырын, төстік, сүбе, сан ет.
Қойдың ірі кесек еттерінен дайындалған шала өнімдерді бүтіндей қуырады. Ірі кесек еттерден порциялық және ұсақтап туралған шала өнімдер дайындауға болады.(15-кесте).
Шала өнімдер атауы. Сипаттамасы. Қолдану.
Ұсақтап туралған
Кәуап - 30-40г- нан текше түрінде кесілген ет қуыру
Палау - 10-15г- нан сүйекті ет кесектерін бұқтыру
Рагу - 20-30г- нан сүйекті ет кесектерін бұқтыру
Гуляш - 20-30г- нан текше түрінде туралған ет бұқтыру
Порциялық
Жаншылған котлеттер - Нан ұнтағына аунатылған жұмсақ кесек ет сүйегімен сопақ - жалпақ пішінді қуыру
Бифштекс - Қалыңдығы 2-3см пішіні әр түрлі жұмсақ ет кесегі қуыру
Эскалоп - Қалыңдығы 1-1, 5см-лік жұмсақ ет
Шницель - Нан ұнтағына аунатылған сопақша пішінді қалыңдығы 1,5-2см-лік жұмсақ ет қуыру
Бұқтырылған қой еті - Қисық төртбұрышты етіп жұмсақ кесілген қалыңдығы 2-2,5 жұмсақ ет бұқтыру
Сүбе - Қисық сопақша пішінді қалыңдығы 4-5см жұмсақ ет қуыру
Сарамандық жұмыс. Котлеттік массадан шала өнімдер дайындау.
Қажетті ыдыс-аяқтар: еттартқыш, ет бөлгіш тақтай, аспаз пышағы, елек, қалақ, таба.
Азық-түлік:1кг котлетке арналған ет массасы, 250 г нан, 350 г сұйықтық, 20г тұз, бұрыш, 60г нан ұнтағы, 200г өсімдік майы.
Жұмыстың орындалу реті
1. 31-суретпен танысып, котлет дайындаудың технологиялық процесін анықтаңдар. 
2. Дәптерлеріңе котлеттің дайындалу барысын ретімен жазыңдар.
бифштекс эскалоп рагу
ІІІ.Бағалау.
ІҮ.Қорытынды.
1.Шала өнімдер дегеніміз не?
2.Ұсақталып туралатын шала өнімдерді атаңдар.3.Ашық отқа қандай шала өнімдерді дайындайды?
Ү.Үйге тапсырма. Тағам пісіру

жолдарын жазып әкелу

№5

Тақырып: Бірінші тағамды дайындау технологиясы. Таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау.

Білімділік мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дурыс өндеүлерін көрсетіп үйрету.

Дамытушылық мақсаты:  — күнделікті алған білімдерін,  тағам дайындау  шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:  — бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне  тәрбиелеу.

Сабақ түрі: практикалық сабақ.

Оқыту әдісі: — көрсету, тусіндіру, уйрету.

Құрал-жабдықтар:  — кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер.

Азық түлік: — ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн.

 Сабақ барысы.

 I. Ұйымдастыру кезені ;     —  сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Ұй тапсырмасын тексеру.       

а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?

сұрақтар                      

б) дайындау тәсілдері бойынша         қаншаға бөлінеді ?

в) ет қанша уақытта піседі?

г) 1 кг етті құырса қанша грамм          болады?

III. Жаңа сабақ.

    Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.   

    Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды  әр түрлі етіп жасайды.  Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.

    Көбіне көжелерге қолдан жасалған кеспелерді қосады. Барлық көжелерге аскөк сеуіп безендіреді. Ол көжененің дәмін жақсартады.

    Көжелердің дайындау тәсіліне қарай келесі топ болып бөлінеді – қоспа көже,  езбе көже, мөлдір көже, сүт көже, салқын көже,  ерекше топ – тәтті көже.

    Температурасына қарай көжелерді ыстық күйінде  (70-80С ),  және салқын күйінде (10-14 С) ұсынады.

    Ыстық  көженің тобына езбе көже кіреді (55-60С) ұсынады.

Сорпа дайындаутехнологиясы 

 — азық-түлікті салқын суға салады;

 —  қайнату уақытын қадағалау;

 —  қайнау барысында  еттің көбігін алып отыру;

 — бір қалыпты қайнауын қадағалау;

 — дайын болуға 20-30 минут калған кезде дәмдеуш заттарды қосу;

 — дәміне қарай тұз салып, дайын сорпаны сүзеді.

    Зетханалық жұмыс

Етпен кеспе дайындау.

 Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.

 Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.

 Дайындау технологиясы: —  қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.

 Жұмыс барысы  

 1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.

2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.

3. Сорпаны отқа қояды.

4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.

5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.

6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.

7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.                                                                                                                                                              IV. Сабақ қортындысы 

а)Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп, жіберілген  қателерін айтып,    білімдерін бағалау, баға қою.           

ә) Үй тапсырмасы:  дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың  дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.

№6

Сабақтың тақырыбы : Қой етінен дайындалатын ұлттық тағамдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері.
Пәнаралық байланыс: тарих,

I. Ұйымдастыру кезеңі:

• Оқушылармен сәлемдесемін;

• Оқушыларды түгендеймін;

• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

III. Жаңа сабақ

Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз – май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.

Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір-екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға салады.
Мипалау – піскен малдың миын алып, оған бауыр, құйрық майын, бастың дәмді құйқасын қосып, үстіне тұздық немесе айран, қымыз қосып, немесе сорпаға салып әзірлеп, үлкендерге ұсынады

Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.

Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті.

Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады.

Қазы-қарта, жал-жая – құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі.

Бұқпа – марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды.
Сірне – туғанына 2-4 күн болған жас қозының етін қазанға салып, үстіне бие сүті мен сұйық қаймақ құйып әзірлейтін тағам.
Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды.
Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.

Төстік – қойдың төсіндегі етін терісімен кесіп алып, үйітіп, тұздап жейді. Ауыл жігіттері қой сойып жатқанда оны әзірлей қояды.
Ақсорпа – ертеде соғымның етін пісіргенде қалған сүйектерін жинап қойып, кейін жуып, қазанға қайнатып, майлы сорпасын ішкен. Оны ақсорпа дейді.
Салма – етті турап пісіріп, нан кеспесін салып жасап, ішеді. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді. Сорпасы дәмді.

Тұздық – сорпаға жуа, тұз қосып қайнатып, табақтағы туралған еттің үстіне салып, оның дәмін келтіреді. Кейде оған азырақ ұсақ туралған сәбізді де қосады.
Шыж-мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп, шыж-мыж жейді.

Қара ала шыжық – ұсақталып туралған етті мал майын қосып табаға қуырып әзірлейтін тағам.

Жаубүйрек – аңшылар аулап алған арқар, киік, таутеке тәрізді аңдарының майлы бүйрегі мен бауырын істікпен отқа қақтап жейді. Қой, ешкі сойғанда да сондай тағам әзірлеп жеуге болады.

Қойды үйітіп сою – қойды бауыздап алғаннан кейін отқа үйітіп алып терісімен бірге сояды. Үйітудің әртүрлі әдісі бар.

Ет ыстау – қайың қабығын жағып, оның түтінінің үстіне еттерді іліп қояды. Ысталған ет әрі дәмді, әрі ұзақ сақталады.
Бүрме – күзде жаңадан сойылған малды жас күйінде сақтау үшін терісіне салып, бүріп тастайды. Бұл шөпті үнемдеуге, малды арытып алмай етін тамаққа пайдалану үшін өте пайдалы.

Әсіп – ет, өкпе, бауыр мен бүйрек, құйрық майды өте ұсақтап турап, күріш, ұсақ туралған пияз, тұз, бұрыш қосып, жаңа сойылған малдың ішегіне салып пісіріп, әзірлейді.

Түймеш – малдың сұрпы етін ағаш балғамен ағаш жаңғырық үстінде ұрып, жаныштап, жұқалап алып тұздап, сақталған ет. Ол тез піседі, әрі жұмсақ болады.
Тоң май – малдың құйрық, шарбы, іш майларын қазанға шыжғырып алынған май. Оған бауырсақ тәрізді ұн тағамдарын пісіреді. Тоң май бұзылмай, ұзақ сақталады.
Манас қуырдақ – негізінен аң етінен (киік, арқар) жасалады. Етті ұсақтамай турайды, тұз салып қазанға қайнатады. Пісе бастағанда үстіне қаймақ құйып, ұн сеуіп араластырады да қуырады. Дастарханға манас қуырдақ майымен қойылады.
Палау – қазақтың дастарханына да тән тағам. Қазандағы өсімдік майына сүйекті шағын еттер салынып қуырылып, ол піскен соң жақсы жуылған күрішті үстіне салып, су құйып пісіреді.
Қарын бөртпе – ұсақ малдың жас етін турап, сүйектерін шауып бөледі де жуып, айналдырған қарынға салып, тұздап, бұрыштап, жуа, сарымсақ қосып, аузын байлап, қазандағы суға қайнатып пісіреді. Ол бұжы тәрізді дәм.
Мәнті – тартылған ет фаршынан әзірленеді. Төрт бұрышты кесілген қамырдың ортасына салып, жан жағын гүл қауызындай етіп қаусырып жабыстырады да арнайы ыдыста буға пісіріп жейді.
Ет мүшелері
Бас. Ірі қарада бас екі шекеге бөлінеді. Жылқыда кеңсірігі бір бөлек, бас екі шекеге бөлінеді, кеңсіріксіз тұтас та асылады.
Жақ. Қой, ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.
Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдаланылады.
Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арнаған табаққа салынбайды. Оны отбасының өзі жейді.
Мойын ет. Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырады.
Бұғана. Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше орнына саналады.
Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.
Сүбе. Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.
Қазы. Семіз жылқыда 20-ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, жылқының, басқа малдың ішегіне айналдырылады.
Төс. Қыз-күйеулер үшін таңдаулы мүше. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ жасалады, сүрленеді.
Төстік. Қойда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақтап, құйқасымен жейді.
Ауыз омыртқа. Соғым сойылған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей береді.
Кәрі жілік. Қолда болады, жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға бермейді.
Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады. Қолда болады, мүшелі жілік.
Асық жілік. Санда болады, таңдаулы мүше.
Тоқпақ жілік. Санда болады, ең етті жілік.
Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге, кейде үшке бөліп асады. Қойдың, ешкінің жамбасы тұтас асылады, ең таңдаулы мүше.
Жая. Жылқының сауыр еті, оны сүрлейді, қақтап кептіреді.
Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп те атайды, таңдаулы мүше.
Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді, қонаққа салмайды.
Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы.
Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.
Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады. Құдалықта қойдың бауыры мен құйрық майын қосып, «Құйрық-бауыр» деген кәделі тағам беріледі.
Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.
Бауыр ет. Ірі малда бөлек сылынып алынады. Асып, қақтап жеуге, қуыруға, жөргемге қосуға пайдаланады.
Бүйрек. Балалар сыбағасы.
Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.
Қарта. Жылқы малының таңдаулы мүшелерінің бірі.
Қима. Сиырдың маймен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.
Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.
Ащы ішек. Өкпе-бауырға қосып қуырылады. Дәруменге бай.
Желін. Шап маймен бірге алынып сүреленді.
Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарыны қарта орнына да жүреді.
Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.
Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.
Сирақ. Қой, ешкінің, ірі қара малдың сирағын үйітіп, пісіріп жейді. Қой-ешкінің сирағы – балалар сыбағасы. Ірі қара сирағын қайнатып, құйқасынан басқа да тағам әзірлейді.
Бүйен. Ертеректе май, ет тығып, әсіп, түйрек, жұмыр тағамдар жасаған. Қыз-келіншектер сыбағасы.
Сабақты қорытындылау сұрақтары:
• Еттің құрамын атаңдар?
• Еттен жасалатын өнімдерді атаңдар?
• Сырбаз қуырдақ дегіміз не?
• Бүйен дегеніміз не?
• Жақ ет, ұрт ет дегеніміз не?
• Кәрі жілік дегеніміз не?
• Мойын омыртқа дегеніміз не?

Үйге тапсырма беру
Оқушыларды бағалау:
- Сабаққа қатысуларына байланысты бағаланады.
Жұмыс орындарын жинастыру.

№7

Сабақтың тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға қамыр түрлерінен, ұннан жасалған тағамдар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру;
Тәрбиелігі: ұн тағамдарын дайындағанда ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты қортындылап талдау.
5. Оқушылардың еңбегін бағалау.
6. Үйге тапсырма.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.
2. Үй тасырмасын сұрау: Қой етінен дайындалатын ұлттық тағамдар.
1.»Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).
2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?
(Сиыр етінің 18 - 20, қой етінің 15 - 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 - 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).
3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?
(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан - фосфор - 0, 2, калий - 0, 3 темір 2 - 3, мырыш 2 - 3 бар.)
4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).
5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?
Қуырдақ  Қазақша ет Кәуап  Төстік тұшпара мәнті
Ал енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.
Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:
1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.
2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.
3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.
4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.
3. Жаңа сабақ.
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қамырдан жасалған өнімдер».
Дәпрерімізге тақырыпты жазайық.
Күнделікті өмірде көріп, естіп жүрсіздер, нанды қашан да қастерлеп өскен халықпыз.
Нан – жер - ананың адамзатқа беретін баға жетпес азығы.
Нан дастарқанға қалай келеді?
(Слайдтан ауыл өмірінен көрініс)
Жер жырту, тұқым себу, баптау, астык жинау, дүкен, наубайхана, қоймаға сақтау.
Ұн – қамырдың барлық түрін әзірлеудәң негізгі шикізаты.
Үй жағдайында пісіру үшін бидайдың майда ақ ұны, жоғары, 1 және 2 сортты бидай ұны пайдаланады, жүгері мен қара бидай ұны сирегірек пайдаланылады.
Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май, В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түрендегі көмірсулар болатындықтан, тамақтың құнарлығы жоғары.
Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады:
1. Ұннан жасалатын тағамдар - тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақ.
2. Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер - пирожкилер, бауырсақ, бүрменан, бәліш және т. б.
3. Дәмделген нан өнімдері - қарапайым майқоспа нан, әр түрлі тоқаштар, қаусырма т. б.
4. Ұннан жасалған кондитерлік өнім – торт, печенье, пирожный, прәндік.
Бұл өнімдерді дайындау үшін қамырдын алуан түрін пайдаланады.
Ұн мен одан жасалған тағамдарды дайындау үшін әр түрлі ыдыстар қолданылады. Олар елек, оқтау, таба, қамыр кескіш, қамыр жайғыш, табақшалар. Ұннан тағам пісіру үшін қамыр илеу керек. Қамырдың өзін илеу түрлеріне қарай қою және сұйық қамыр десек болады.
Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.
Ашыған қамырдан дайындалатын өнімнің сапасы оның иленуіне, толықсытылып өнделуіне, ашуына байланысты болады.
Қамыр әзірлеу алдында ұнды жылы орынға әкеліп, електен өткізеді.
Ұнды електен өткізудегі мақсат - одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.
Қамыр илеу үшін ұнды елейді, ашытқыны жылы суға салып араластырады, тұз, қантты ерітіп алады. Ұнның нәруызы суды сіңіріп, ісінеді, қамырға былқылдақтық беретін желімтек түзеді. Ашыту процесі кезінде ашытқылар ұндағы қантты спиртке және көмірқышқыл газына дейін ашытады, ол қамырдан шығуға ұмтылып, оны кеуектейді де, кеуектілік түзіледі, ал сүтқышқылдығы бактериалары қантты сүт қышқылына дейін ашытады, ал ұн нәруыздарын ісіндіруге жақсы әсер етеді және тағамның дәмін жақсартады.
Ал осы нанға байланысты қандай ырым - тыйымдар білеміз.
1. Нан – дән басы. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қою керек.
2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Ол үкен күнә.
4. Нанды жерге тастауға, шашуға, басуға болмайды.
5. Аяқтың астына құранды қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.(Бұл жерде, құранды басып нанды ал, дегені нан құраннан да қастерлі екенін айтып өткен).
6. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде нан ұсынады.
Маман кеңесі айдарынан.
Мектеп асханасының аспазшысының кеңесін тыңдау.
Ашытқылы қамырды дайындау технологиясы
1. Қамырды илеу – ұнды елеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт немесе су қосады.
2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзіледі. Писіру кезінде спирт ұшып кетеді.
3. Қамырды өңдеу - әр түрлі өнімдерге арнап өңдейді.
4. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.
5. Ұсақ өнімдерді пісіру 10 - 12 мин., ірі өнімдерді пісіру 45 - 60 мин., температура 200 - 250 С.
Ашытпа дайындау - ұн, су(сүт), ашытқы, аз ғана қант қосылған сұйық қамыр. Ашытпаның ашуы – 1немесе1, 5 сағат.
Қамырдын ашуы – жылы жерде 2 немесе 3 сағат
Сарамандық жұмыс: Ашытқысыз қамыр дайындау.
Бекіту:
Тәтті, тәтті емес нан бисквит, үгілмелі, қайнатқы
Блиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтар суырып жауап береді.
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)
2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?
4. Ашытқы қалай дайындалады?
5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)
Пайдалы кеңес.
- Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін мақтаны йодқа батырып, ыдысқа салып, нан салғышқа қояды.
- Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.
5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіпіп әкелу

№8-9

Қамырдың түрлері

Мақсаты: 
Білімділік:Тамақ әзірлеу технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу.Теориялық білімді практика барысында көрсете білу. 
Дамытушылық: Қиялдай білуге, елестете білуге ( салыстыра білуге,талдау жасай білуге), еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап,өзін –өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету. 
Тәрбиелік: Ас тағамын қадірлей білуге үйрету. Пәнге қызығушылықтарын арттыру жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету. 
Сабақтың түрі: Өтілген материалды жалпы қайталау және жүйелендіру сабағы. 
Сабақтың көкнекілігі: интерактивті тақта, дайын қамырдан әзірленген тағамдар. 
Сабақтың барысы. 
I.Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тәрбиелік кезең. 
IIІ.Өткен тақырыпты қайталау. 
Нанның дастарқанға дайын болып келуі ойланған жанға кашанда қызық,ғажап. Нан ертеден-ақ халықтың әл-ауқатын, тіршілік тынысын танытады. Нан пісірген адамдар әрқашан сыйлы да, құрметті болған. Біз арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүреміз. Сол үшін елімізге дән ризамыз.Әйтсе де сол нанның баршылығы кейде келеңсіз жағдайға соқтырады. Егер төрт адамы бар әрбір отбасы күн сайын 100 грамм нанды тастайтын болса,бір жылда 36 килограмнан астам нан рәсуа болады екен. Еліміз бойынша алғанда бұл кеткен шығынның орнын толтыру үшін әрқайсысы 20мың тонна астық сиятын 100элеватор салуға,57 диірмен орналастыруға,тәулігіне 50 тонна нан шығаратын 130нан заводын тұрғызуға тура келеді екен. 
Нан қонақжайлық пен молшылық рәзімі. Мысалы,орыс халқында қонақты нан, тұзбен қарсы алу дәстүрі ертеден қалыптасқан.Қазақ халқында дастарқан бидай ұнынан жасалған нан мен бауырсақсыз жайылмаған, ал бауырсақ нан өнімдерінің ішінде ерекше орын алады. 
Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді? Қамырдан жасалған тағамдар жоғары құндылыққа ие, сондықтан барлық ел аспаздығында маңызды орын алады. 
1.Ұн тағамдарын пісіруге қажетті негізгі өнімдер? 
ҰН 
СУ Ұн тағамдарын пісіруге АШЫТҚЫ 
қажетті негізгі өнімдер 
ТҰЗ 
2.Ұн тағамдарын пісіруге кандай сұрыпты ұн пайдаланамыз? 
Ұн - қамырдың барлық түрін әзірлеу үшін қажетті негізгі өнім. Тағамды үй жағдайында пісіру үшін жоғары, бірінші және екінші сұрыпты бидай ұны жиірек, қарабидай ұны, арпа, қарақұмық жүгері жармалары сирегірек пайдаланылады. 
Ұннан жасалған тағамдардың құрамында бағалы қоректі заттар: көмірсулар, ақуыз, май,минералды заттар болғандықтан, тамақтың құнарлығы жоғары. 
3.Ашытқыны не үшін пайдаланылады? 
Ашытқы сұйық, сығымдалған және құрғақ кептірілген болуы мүмкін. Қамырдың көтерілуі және ашу процесінің ұзақтығы ашытқының сапасына байланысты. 
Қамыр қопсытқыштары.Қопсытқыш қоспаған қамыр тығыз болады. Ондай қамыр вареник,кеспе, тұшпара дайындау үшін қажет.Қамыр сапасын жақсарту үшін және оны көтеру үшін оған қопсытқыш қосу керек, сонда қамыр жақсы көтеріледі. Қопсыту тәсілі әртүрлі болуы мүмкін: 
- биохимиялық ( ашытқыға негізделген) 
- химиялық- ас содысы, аммоний көмірқышқылы арқылы. 
- механикалық - маймен араластырып,көпіршіту арқылы. 
Үй жағдайында қамырды ашытқы немесе ас содасын қосып ашытады. 
Биохимиялық ашыту жолымен алынған қамырды ашытқылы,ал химиялық және механикалық жолмен алынған қамырды ашымаған немесе ашытқысыз деп атайды. 
Химиялық қопсытқыштар суда тез ериді,ал қыздыру кезінде: 
- ас содысы көмірқышқыл газын. 
- аммоний көмірқышқылы аммиак пен көмірқышқыл газын бөліп шығарады. 
Көмірқышқыл газы қамырды қопсытады.Ас содысын қамырға қоспас бұрын, оның дәмі қамырға шықпау үшін, сірке қышқылымен ерітеді немесе айранмен араластырады. 
4. Тұзды не үшін пайдаланылады? 
Тұз қамырдың ашуына, оның физикалық құрамына әсер етіп, дәмін келтіру үшін пайдаланылады. 
5. Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қандай қосымша өнімдер пайдаланамыз? 
Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қосымша өнімдер :май,қант,жұмыртқа пайдаланылады. 
Сарымай және жұмыртқа ескірмеген болуы керек.Жұмыртқаны пайдаланар алдында қабығында сальмонелл, ішек ауруларын туғызатын микробтар болмас үшін ағынды су астында жуып, содан соң бір- бірлеп бөлек ыдыста сапасын тексере отырып жарады. Қантты қамырға қосады,ал қант пудрасын дайын өнімге себеді. 
Қамырға арнайы дәм, хош иіс беру үшін дәмді қоспалар: мейіз, жаңғақ,цукаттар,мак,джем,сол сияқты хош иісті үстемелер : ванилин,корицы, тмин қосады. 

6.Тағамның сапасы неге байланысты? 
Тағамның сапасы ұнның сапасына байланысты.Ұнның дымқылдығын мынадай әдіспен анықтауға болады:ұнды алақанға салып сығу керек, егер түйір дереу шашылып кетсе, онда ұнның өте құрғақ болғаны; егер алақандағы ұн қозғағанда ыдырап шашылса,онда бірыңғай дұрыс болғаны; егер түйір кесек қалпында қалса, дымқылдығы артық деген сөз. Ұнды құрғақ жерде,арнаулы ыдыста, бәрінен бұрын табиғи материалда сақтаған жөн. 
7.Ұнды алғашқы өңдеу тәсілі? 
Қамыр әзірлеу алдында ұнды електен өткізеді. Еленген ұн оттекпен байытылып, пісіргенде қамыр жақсы көтеріледі.Ұнды електен өткізудегі мақсат- одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.Жоғары сапалы ұн көтеріледі әрі жақсы иленеді. 
8.Ұн өнімдерін неше топқа бөлуге болады? 
1.Ұннан жасалатын тағамдар. Тұшпара,үй кеспесі, варениктер,құймақшалар, құймақ,жайма құймақ. 
2.Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер. Ватрушка,пирожкилер,пончиктер, бәліш т.б. 
3.Дәмделген нан өнімдері. Май мен сүтке иленген,яғни майқоспа нан өнімдері, қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар,қаусырма, т.б. 
4.Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер. Пирожный,торт,печенья,прәндік. 
9.Қамыр дайындау тәсіліне қарай неше топқа бөлінеді? 
Қамыр түрлері 
ашытқылы ашытқысыз 
10. Ашытқылы қамыр дайындау технологиясы? 
сапасын анықтау қамырдың ашуы 
қамырды өңдеу 
Шикізат алғашқы өңдеу қамырды толықсыту 
пісіру ашытқылы қамырды илеу сапасын анықтау 


11. Ашытқысыз қамыр дайындау технологиясы? 
IV. А.Сөзжұмбақ шешу. 
Ә. Нан, ас туралы мақал- мәтел 
1.Нан-береке басбауы. 
2.Нан көп болса, қарның тоқ болар. 
3.Нан-күш қуат көзі. 
4. Нан –адам баласының басты байлығы. 
5. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. 
V. Оқушылар үйден әзірлеп әкелген тағамдарын түсіндіру. 
- Нұсқау карта және технологиялық сызбасын сызу. 
- Органолептикалық тәсілмен талдау ( дәмін,иісін көру). 
VI. Қортындылау. 

№10 

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасына арналған айлабұйымдар (әмбебап, арнайы, жартылай автоматты, үй тұрмысында қолданылатын түрлері)
Тігін машинасында түзу тігіс жүргізуге үйрету. Тігін машинасының сапасын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі
6. Лавсан дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейік.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844 - 1845 жылы – Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге әкелді
1870 жылы – АҚШ - та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар
JANOME SW - 24 тігін машинасы
• 1. Кері жүріс тетігі.
• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.
• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.
• 4. Тігістің енін реттеуші.
• 5. Жіп орағыш стопор.
• 6. Жіп орағыш шпиндель.
• 7. Катушкалы өзек.
• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.
• 9. Жіп бағыттағыш.
• 10. Жіп тартқыш рычагы.
• 11. Жіп берілісін реттеуші.
• 12. Алдыңғы бөлік.
• 13. Жіп кескіш.
• 14. Жіп бергіш.
• 15. Пластина.
• 16. Қысу табанын ұстаушы.
• 17. Инелі өзектің винті.
• 18. Ине.
• 19. Қысу табаны.
• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).
• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.
• 22. Айналма дөңгелек.
• 23. Қосу тетігі.
• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.
• 25. Бос жеңқап.
• 26. Түймелік рычагы.
• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.

Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20 - 30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды - жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу) тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай - ақ дайын сызбамен де жиектеуге бол
IV. Сарамандық жұмыс.
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу
V. Сабақты бекіту.
1. Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2. Тігін машинасы не үшін қажет?
3. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4. Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
VI. Үйге тапсырма
Машина тігістерін аяқтап келу.

№11

Машина тігістерін орындау

а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі
6. Лавсан дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ. 
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.

Машина тігістерінің түрлері

Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол

IV. Сарамандық жұмыс. 
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу

V. Сабақты бекіту.
1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2.Тігін машинасы не үшін қажет?
3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?

VI. Үйге тапсырма

Машина тігістерін аяқтап келу.

№ 12

Сабақтың тақырыбы: Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға << сән>>,<< киім>>,<< стиль>> түсініктерін білдірту. Киім мәдениеті туралы ой қалыптастыра отырып
өз мүмкіндіктерін қолдана білу.
Дамытушылық: Оқытушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту. Шығармашылығын арттыру
Тәрбиелік: Жастарды жас ерекшелігіне сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр сырын ұсынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке сұлулыққа ұйымшылдыққа баулу
Сабақтың мақсаты: << стиль>>,<< сән>>,<< киім кешек>> түсініктеріне тоқталу, костюмнің композициялық шешімін меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Әдіс - тәсілі: Түсіндірмелі – сарамандық сұрақ, жауап.
Пән аралық байланыс: әдеп, бейнелеу, тарих
Көрнектілігі: Киім үлгі суреттері,

Сабақ барысы:
I. Кіріспе
1, Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал - жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын өткен сабақта да сұрақ - жауап арқылы еске түсіру
1 Тігін машинасымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
2 Тігін машинасына арналған айла бұйымдарды ата?
3 Бүрмелегіш табанды не үшін қолданады?
4 Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
5 Біріккен тігістер қандай жағдайда қолданылады?
6 Шеттік тігістерді не үшін қолданады?

II. Негізгі бөлім
А) Жаңа сабаққа кіріспе.
Сән қалай пайда болды? Сән адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Айтатын болсақ адамзат баласы ең алдымен жапырақ, аңдардың терісі т. б. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және қандай жағдай болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.
Ә) Жаңа сабақ
Қазіргі кезде кез - келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіншілігі бар. Тіге білетін және сәнге қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Сән (франц. moda, латын modus - өлшем, әрекет тәсілі) киім кию

Мәдениеті, өмірдің әртүрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Костюм (франц. costume - киім - кешек)- белгілі бір ұлттың әртүрлі қоғамдық топтардың, дәуірдің тұрақты киім үлгісі, киім үлгілері мен пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.
Сән( лат. stilus) дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшелік сонымен қатар
Сол дәуірдің мәдениетін сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стилдер болады.

Классикалық стильге (қатал. Іскер, сәнді киіну ) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жекетімен, белдемше кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттелмейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер костюмі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.

Іскерлік стиль:
1 Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
2 Нәзік рецкті немесе ұсақ суретті жоғары саналы;
3 Түстері қатты ашық емес және нәзік, тынық;
4 Аксессуарлар мен әшекейлерді ұстамды
5 Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.
Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Спорттық киімдер ассортименттері - күртеше, жейде, әр түрлі ұзындықтағы және әр түрлі әрленген белдемшелер комбинезондар, джинсы киімдері. Бұл стильдегі киімдер түйме, батырма, сыдырма түймелердің, сондай - ақ әрлеу тігімдерінің, бөлшектердің дәл және тартымды орналасуымен ерекшеленеді.
Романтикалық стильде – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.
Романтикалық стильдің ерекшелігі - қатпарлар, желбіреушілер, шілтерлер, банттар, желбіршектер жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық) ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою - өрнектер кестелер, қол жұмысының
көптеген элементтері, жоғары технологиялық әдістер кеңінен пайдаланылады. Фольклорлық стильді көбіне кантри стиль деп атайды.
Киім түрлері киім арналуына қарай бірнеше түрге бөлінеді, күнделікті киім, үй киімі, спорттық киім, әртүрлі салтанаттарға киюге арналған киім.
1. Күнделікті киетін тұрмыстық киім:
1 Қызметтік киім
2 Серуендік киім
3 Арнаулы жұмыс киімі
4 Ведомствалық немесе формалық киім

2. Үй киімі
1. Демалыс күндері киетін киім
2. Үй шаруашылығына киетін киім
3. Сәнді үй киімі
3. Спорттық киім
4. Өндірістік киім

5. Сәнді киім
1 Салтанатты кештерге арналған киім
2 Ересек адамдарға арналған киім
1. Жастарды 18 - 20 жас
2. Орта жас 30 - 44 жас
3. Егде адамдар 45 - тен жөғары
4. Қарт адамдар

III. Сарамандық жұмыс
Талғамдары бойынша киім эскиздерін жасайды.
IV. Қорытынды
Сән сөзінің мағынасы?
Стиль, стильдердің түрлері?
Классикалық стильмен фольклорлық стильдің бір -бірінен айырмашылығы?
Романтикалық стиль мен спорттық стильдің бір – бірінен ерекшелігі?
Оқушылардың білімін бағалау?

№ 13-14-15

Сабақтың тақырыбы: Иықты бұйымдарды конструкциялау және модельдеу. Халаттың сызбасын сызу.10 кл
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың модельдеу жөніндегі алған біліміне, біліктілігіне және үйренген әдет дағдысына сүйене отырып (5-6 сынып), бұйымның алдыңғы бойын модельдеу.
Сабақтың міндеті: Кеуде бүкпесін алдыңғы бойдың әр түрлі бөліктеріне ауыстыруды уйрету. Модель туралы түсінік беру, модельдеу түрлерін туралы айту, киім тарихымен таныстыру.
Тәрбиелік мәні: Еңбекте жолдастарына көмек көрсете білуге, жеңіл өнеркәсіп, мамандығына ынталық танытуға тәрбиелеу.
Дамыту: Модельдеуге кезінде салыстыра отырып өлшеу, таңдау жұмыстарына жылдамдықты дамыту.
Көрнекті құралдар: Модельдеуге арналған әр түрлі әдебиеттер, журналдар, кестелер, халат модельдері.
Пәнаралық байланыстар: Тарих (киім тарихы), модель суреттері, орыс тілі (жаңа терминдер), сызу (сызуды құрастыру).
Сөздік жұмыс: «Модельдеу» (шығармашылық, техникалық), «модель», «нобай», «стиль».
Сабақтың әдісі: Түсіндірме-бейнелеу, диафильмдер көрсету, практикалық оқыту, интеллектуалдық-талдау, дедукция диафильмдер көрсету. Шығармашылық жұмыстың қызғылықты өтуі үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, қатыспағандары белгілеу.
ІІ. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар.
1.Сендер «модельдеу» терминін қайдан кездестіріңдер және ол нені білдіреді.
2. «Фасон» дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.
3.Бұйымдарды қалай өңдейді?
4.Бұйымдардың бөлшектерімен пішіні және түк-түсті өзара үйлесуі керек пе? Мысалдар келтіріңдер.
Сонымен, модельдеу-бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Мұғалім модельдеу туралы түсінік береді.Олардың бүкпесін ауыстыруды үйретеді. 
Модельдеудің мақсаты және міндеті-ұлттық дәстүрлерге сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әр қашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Стиль - киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады классикалық (түрлі-түсті тоқыма баумен тігілген және метаел жіп қосылып құрастырылған өрнек).
Көрсетілген «киім тарихы »диофильм таңдайды. Костюмдер тарихы дәуірге байланысты өзгеріп отырған.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеу сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шыңдау) өлшепжасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болады. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауйт құлар бар сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлестілігін алдын-ала білуге болады.
Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш, көлденең және барлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді.Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесін сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретшісі-модельері Пьер карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», - деген екен.
Модельдеудің екі түрлі болады:
1)Көркемдік (шығармашылық)
2)Техникалық
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады.
Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өңдеу түрлерін, модельдің түр мүсін таңдауды, ұсақ-түйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз- нобайлар, суреттер фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекеленген бөлшектерін өзгертеді.
Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қалтық ойындысына, мойындыққа, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай).Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.
ІV. Сабақтың практикалық бөлігі. Кіріспе нұсқау.
Омырау бүкпесін ауыстыру ережесі.
1.Бүкпенің жаңа орнын белгілейді.
2.Бүкпені кеседі.
Модельдеу омырау бүкпесін ауыстыру әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.
1.Түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызады.
2.Нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бой оның жартысын қияды.
3.Жаңа бүкпені орналастыратын орында белгілейді.
4.Белгіленген сызықтар бойымен қияды.
5. Алдыңғы бойдың бүкпесін жабады.
6.Омырау бүкпесін нобай сызығына сәйкес ауыстырады.
А)бүйір Ә)қолтық ойындысына Б)мойындыққа Вбел сызығына Г)алдыңғы бойдың ортасына қарай.
V. Жаңа материалды пысықтау.
1-карточка. Модельдеу дегеніміз не?
2-карточка. Модельдегенде нені ескертуге болады?
3-карточка.Омырау бүкпесін ауыстырудың ережелері қандай?
4-карточка.Омырау бүкпесін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығыңдар?
ІV. Қорытынды: Бұйым негізгі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі бұйымдар тігуге болады блузка, қазақтың ұлттық киімдерін, бешпент немесе камзол, жеңіл блузка, нымша және т.б.
Баға қою. Үйге тапсырма беру.

№16-17

Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс: жең қондыру

Сабақтың мақсаты. Білімділік: оқушыларды қатаң технологиялық жүйелікпен, техникалық жағдайларды сақтай отырып, жеңді өңдеуге және оларды қолтық ойындысымен біріктіруге үйрету.
Тәрбиелік: Эстетикалық көзқарастарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: оқушыларды талдау жасап, проблеманы қойып және оны шеше білуге үйрету, қол қимылын жетілдіру, ептілікке үйрету.

Сабақтың түрі: кешенді жұмыстарды орындау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: репродуктивті (нұсқаулық сарамандық, өзіндік жұмыс)
Құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: халат үлгісі, жең түрлері, үлестірмелі карточка, тігін машинасы, жіп, қайшы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Өткен материалды қайталау.
Оқушыларға бірнеше жеңіл сұрақтар беру арқылы, олардың назарларын бүгінгі өтілетін сабаққа аудару.
Біз өткен сабақтардан бері «Тігін тігу технологиясы» бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қандай бұйым тігіп жатырмыз.- Халат.
Халаттың қай бөлшегін тігетін жерге келдік.
Біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын халат тігу технологиясы бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береміз (үлестірмелі карточка) Сұраққа жауап бере алмай қалған оқушы көйлекке сипаттама береді.

Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Киім дегеніміз не?
Киім дегеніміз - адам денесін мүшелеп немесе тастай бүктеп тұратын жабындылар жиынтығы.
2. Киім жалпы белгілері бойынша неше түрге бөлінеді?
Тұрмыстық, спорттық, өндірістік, формалық
4. Маусымдық белгілері бойынша киімді қалай бөлеміз?
Жазғы, қысқы, барлық маусымға бірдей көктем мен күзгі маусымдарына арналған киімдер деп бөледі.
5. Жас белгілеріне қарай: киім жас нәрестеге (9 айлық), бүлдіршіндерге (9айлық - 3жас), мектеп жасына дейінгі (3 - 7жас), мектеп жасындағы жасөспірім қыздарға (7 - 11жас), мектеп жасындағы ересек балаларға (11 - 14жас), жеткіншектерге (14 - 18жас) және и ересектерге арналады.
6. Ересек адамдарға арналған киімді жастың 3 тобын
Жастарды 18 - 29 жас арасын
Орта жас 30 - 44 жас арасын
Егде адамдар 45 - тен жоғары
7. Киім неге иық бұйымдары және бел бұйымдары болып бөлінеді?
Себебі бел киімдерін адам мүшесінің белі, ал иық киімдерді мүшенің иығы ұстап тұрады.
8. Иық киімдер қатарына қандай киімдер жатады?
Блузка, кофта, костюм, көйлек, халат
9. Халат тігу құрып айту.
1. Бүкпелерін өңдеу.
2. Иық қиықтарын қосу.
3. Жан қиықтарын қосу.
4. Жағаны өңір асты арқылы мойын ойындысымен қосу.
5. Жеңді қолтық ойындысымен қосу.
6. Қалтаны бұйыммен қосу.
Халаттың етек қиығын өңдеу.
8. Түйме қадау.
9. Дайын бұйымды үтіктеу.
10. Қиық аттарын ата және көрсет?
Иық қиығы, қолтық ойындысы, жан қиығы, мойын ойындысы, етек қиығы.
11. Халатты қандай матадан тігеміз және өндірісте киетін халат пен үйде киетін халаттарын тігетін матаның айырмашылығы неде;
Халатты мақта матадан тігеді және өндірісте киетін халат бір түсті, сәтен, бәтес, жібек матадан, ал үй халаты әр түрлі суреті бар матадан тігіледі.
12. Жеңнің сызбасын тұрғызу үшін қандай өлшемдер қажет..?
Қол орамы, жең ұзындығы, білек орамының өлшемдері қажет.
13. Жеңнің алды мен артын қалай айырамыз?
Жеңнің алды тереңдете ойылады.

Сұраққа жауап бере алмаған оқушы көйлекке сипаттама береді.(КӨЙЛЕК)
Ендігі жаңа сабақ сарамандық жұмыс; жеңді қолтық ойындысына біріктіру.
Сарамандық жұмыстың алдында техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып, арнайы журналға қолдарын қоюлары керек.

Бір сұрақ: киім пішіміне қарай қалай бөлінеді?
А - Қондырма жеңді
Б, в - алдыңғы және артқы бойы тұтас пішілген жең
Г - Реглан жең
Д - кимоно жең
Пішім жең мен қолтық ойындысының қосылуымен анықталады екен.(ЖЕҢ)

Дәптермен жұмыс.
с/ж. Жеңді қолтық ойындысымен біріктіру.
Қажетті құрал жабдық, материалдар; тігін машинасы, ине, жіп, жең. Бұйым, үтік
Тапсырма; Жеңді қолтық ойындысына біріктіру
Жұмыстың барысы;
1. Дайын жеңге бүрме жасау үшін иық тұсын тігін машинасымен тігіп шығу.
2. Жіптің шетінен азғана бүрме жасап тарту
3. Жеңді қиық шетінен 10 - 15 мм қалдырып қондыра көктеу
4. Үстінен тігін машинасымен тігіп шығу
5. Уақытша тігім жіптерін алып тастау
6. Жеңді қондырып, торлау
7. Тігістің жоғарғы жағын жең түбіне қарай жатқыза үтіктеу
Суретін артынан салып алу.(қолтық ойындысы)
Қортынды.
1. Салыстыра тексеру.
2. Машина тігістерінің сапасын тексеру.
Қателіктерін анықтау.
Бағалау
Үйге тапсырма. Қателіктерін жөндеп. Жұмысты аяқтау

№18-19

Сабақтың тақырыбы: Жағалар. Конструкциялау.
Сабақтың мақсаты: Жағаларды жіктеу конструкциялау. Жаға
Түрлерімен танысу, іскерлікке ұқыптылыққа
баулу.

Көрнекіліктер: Жаға түрлері буклеттері, сұрақ карталары,
бағалау бетшесі, қайшы, ине, жіп, өлшеуіш лента т. б. керекті құралдар.

Ұйымдастыру: 1. Жоқ оқушыларды белгілеу.
2. Құралдарын тексеру толықтыру.
3. Үй тапсырмасын қайталау. Бәйге ойыны.
4. Сызба тұрғызу. (жаға түрлері).
5. Қорытынды «Ғажайып үштік» ойыны.

Жаңа сабақ.
Қандай да болмасын киімнің әдемі болып көрінуі көбіне жағаның формасын дұрыс таңдай білуіне байланысты. Жаға негізінен екі бөліктен тұрады. Көрініп тұратын жаға - қыры, көрінбей тұратын жаға - тіліктемесі. (Бұл сызба жұмысын орындағанда) араларынан бүгу сызығы өтеді. Жаға киімнің құрамдас бөлігінің бірі. Киімнің сәніне қарай үлгі жасайды. Жаға матаға байланысты жалаң не қос қабатты етіп тігіледі. Астыңғы және үстіңгі беті. Жағаның үстіңгі беті астыңғы бетінен 2 мм дей артық болады. Пішініне байланысты жағалар әр түрлі болады. Жаға, негізінен, екі бөлектен тұрады: көрінетін жаға — қырынан және көрінбейтін жаға - тіктемесінен, араларынан бүгу сызығы өтеді.

Жағаны мойындыққа қосудың өзіндік ережесі бар. Оны мойындыққа қондырып тігілген және негізгі бөлшекпен, көбінесе алдыңғы боймен бірге пішілген (тұтас пішімді) деп екі топқа бөледі. Пішіміне қарай олар: тік жаға ( биіктігі 3, 5 - 4, 5см), тік - қайырма жаға (биіктігі 2, 5 - 3, 5 см) жартылай тік жаға (биіктігі 2см-дей), жазық жаға (биіктігі 0, 5 см) деп бөлінеді.
Сызба сызғанда қондырып тігу сызығы қаншалықты түзу болса, жаға тіктемесі соншалықты биік болады. Мойындық ойындысына қарай жағаларды: ашық мойындықты және жабық мойындықты деп бөледі.

Жаға түрлеріне тоқталу. Буклеттегі жағалармен таныстыру. Осы жағалардың ішінде тік жаға мен жартылай тік жаға сызбасын сызамыз. Тік жағаға берілетін белгілі бір өлшемдер болады. Жағаның ұзындығы алдыңғы бой мен артқы бой мойын ойындысын өлшеу арқылы алынады. Ені 4 см беріледі. ОА 21 см. ОЖ 4 см. ОО1= ОА: 2 = 21: 2 = 11, 5 см. АА1 қондырып тігу сызығы 3 см беріледі. Жаға қиықтарын шығару нүктесі ОЖ= О1О2 = А1А2.
Жаға ені бойынша қондырып тігу сызығына паралелл сызықтар арқылы қосамыз. Жартылай тік жаға сызбасын түсіру. Көтеру нүктесі 3 см. Жағаның ені = 10 см. Бүгу сызығының ортасын табу жағаның ұзындығын 2-ге бөлу арқылы табылады.

Жартылай тік жаға сызба құрылымы: Көтеру мөлшері ( биіктігі) 4 - 6 см. Көмекші Жм ойа - 0, 2хО, Ж+2 см. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық ЖА: 2. Қайыру мөлшері 1 см. Қондыру тігу сызығы Ж тік бұрышты. Жаға ені 9 - 10, 5см. Жағаның алдыңғы шеті АА3 =ЖЖ1. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық Ж1АЗ: 2. Қайыру мөлшері 2 - 2, 5 см. Жаға қырықиығы Ж нүктелері бұрыштарын қосу.
Жаға үлгілерінен сызбалар.

Сарамандық жұмыс:
1. Жаға түрлерінің сызбасын түсіріп үлгі дайындау.
2. Үлгіні матаға орналастырып жаға қиямыз.
3. Сызба бойынша тігуге мата есептеп аламыз.
4. Жағаны бір біріне қосып жұмыс жасаймыз.
Қорытындылау:
Ғажайып үштік ойыны арқылы қорытындылаймыз.
Бағалау:
Жұмыс орнын жинастыру.

Бәйге
1. Еркін қонымдылық үшін қосымша өлшемдерді ата.
Жауабы:
1. Мойын орамына = 0, 7 – 1см
2. Көкірек орамына = 4 – 6 см.
3. Бел орамына = 1 – 3 см.
4. Мықын (жамбас) орамына 2 – 4 см.
2. Сызба қандай бөлшектерден тұрады?
Жауабы:
1. Базистік тор.
2. Артқы бой.
3. Алдыңғы бой.
4. Жең.
5. Жаға
3. Базистік тор қандай өлшемдерге байланысты жасалады?
Жауабы:
1. Артқы бой.
2. Алдыңғы бой ені.
3. Жартылай мықын орамы.
4. Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі биіктігі.
5. Бұйымның ұзындығы.
4. Жең конструкциясын орындау үшін қандай өлшемдер алу керек?
Жауабы:
1. Білек орамы.
2. Білезік орамы.
3. Жең ұзындығы.
5. Романтикалық, фольклорлық стильдерге анықтама бер.
Жауабы:
1. Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, нәзіктік, бөлініп көрініп тұрады. Мысалы: Желбіршектер, шілтерлер, банттар жатады.
2. Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Мысалы: ою – өрнектер, кестелер жатады.
6. Классикалық, спорттық стильдерге анықтама бер.
Жауабы:
1. Классикалық стильге - форманың тұрақтылығы жатады. Мысалы: костюм – шалбар, жекет – костюм, плащ, белдемше, блузка т. б.
2. Спорттық стильге - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Мысалы: күртеме, жейде, комбинезондар, джинсы.
7. Стиль дегеніміз не? Стиль нешеге бөлінеді?
Жауабы: Стиль дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшеліктік.
Стиль 4 бөлінеді: 1. Классикалық стиль.
2. Спорттық стиль.
3. Романтикалық стиль.
4. Фольклорлық стиль.
8. Сән, костюм сөзіне анықтама бер.
Сән – киім кию мәдениеті, әр – түрлі қоғамның, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.
Костюм – белгілі бір ұлттың, әр – түрлі қоғамның, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.
9. Тұлға өлшемдерін ата.
Жауабы: Орам, Жартылай орам, Ені, Биіктігі, Ұзындық.
10. Киімді конструкциялау процесі.
1. Суреттер.
2. Қосымшалар.
3. Сызбалар.
4. Есептеу формулалары.
11. Өлшемді адам денесінің қай жағында тұрып өлшейді?
Жауабы: Өлшемдерді адамның денесінің оң жағында тұрып өлшейді.

12. Көлденең өлшем мен ұзындық өлшемдер қалай жазылады?
Жауабы: Ұзындық өлшемдер толық, көлденең өлшемдер жартылай жазылады.

13. Өлшем алу кезінде сақталатын ережелерді атап бер.
1. Өлшемді оң жағынан тұрып өлшеу.
2. Өлшеуіш лентаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды.
3. Өлшем алатын адам тік тұруы қажет.

«Ғажайып үштік» ойыны.
Технология пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жағаның ұзындығын қалай табамыз?
Жауабы: Артқы және алдыңғы бойдық мойын ойындысын өлшеу арқылы табамыз.

20 ұпай 2. Ашық мойындықты жағаларды ата.
Жауабы: Ашық мойындықты жағалар. 1. Шәлі жаға. 2. Костюм жаға.
3. Апаш жаға. 4. Жазық.

10 ұпай
3. Жабық мойындықты жағалар.
Жауабы: 1. Тік жаға. 2. Қайырма жаға. 3. Жартылай тік жаға.

Сызу пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жаға бөліктерін ата.
Жауабы: 1. Жаға қыры. 2. Жаға тіліктемесі.

20 ұпай 2. Жаға қандай бұрыштық сызбада сызылады?
Жауабы: Жаға көбіне тік бұрышты сызбада сызылады.

10 ұпай
3. Жаға сызықтарын ата.
Жауабы: 1. Бүгілу сызығы. 2. Қондырып тігу сызығы. 3. Жиек сызығы.

Математика пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жағаның бүгу сызығының ортасын қалай табады?
Жауабы: Жағаның ұзындығын 2 - ге бөледі.

20 ұпай 2. Тік жаға сызбасының қондырып тігу сызығы неше см есебімен алынады?
Жауабы: Қондырып тігу сызығы 3 см көлемінде алынады.

10 ұпай
3. Жартылай тік жаға сызбасының көтеру мөлшерінің биіктігі неше см есебімен алынады?
Жауабы: Жартылай тік жағаның көтеру мөлшері 2-4см аралығында алынады.


Предварительный просмотр:

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Жоспарлар

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Қазақ тілі. 11-сынып...

8 СЫНЫПТАР ҮШІН ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ: «ҚИСЫҢДЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ»

Прикладной курс для 8 класса "решение логический задач"...

САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ

Сабақ №1Пән аты:   Информатика    Сабақтың тақырыбы:  Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.Сабақтың  мақсаты:...

Сабый күзләре. Ятим балалар.

Бу класс сәгате ятим балаларның ачы язмышы турында. Укучыларда мәрхәмәтлелек, шәфкатьлелек хисләре тәрбияләргә юнәлдерелгән....

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру....