Жер ананы- жасыл етіп сақтайық
материал по экологии (5 класс) по теме

Шакибаева Гулсум Мухамбетовна

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.
2. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету.
3. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.
 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл zher_ana_ekologiya.docx20.68 КБ

Предварительный просмотр:

                                                                   

                                                            № 1 орта мектебі

Жер-ананы жасыл етіп сақтайық

                    Өткізген: Шакибаева Г.М

                         2013-2014 оқу жылы

Жер-Ананы жасыл етіп сақтайық



Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.
2. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету.
3. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.

Барысы: Армысыңдар, құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар!
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған
«Жер - Ананы жасыл етіп сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Кіріспе сөз:

Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.
Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

І. Тіршілік тірегі – табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Табиғат Ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып «сөйлесу» қиын. Алайда, біз алғашқы
«Табиғатпен тілдесу» атты бөлімімізде оқушылар шығармашылығы арқылы табиғатпен тілдесіп көрейік.
1. Ұлдана. 2. Назым. 3. Айсана. 4. Сымбат. 5. Жанатбек

ІІ. Оқушылар, сендер білесіңдер ме? «Көгілдір қазына» дегеніміз не? Әрине тіршіліктің тірегі – су. «Су бар жерде өмір бар» деп ата - бабаларымыз текке айтпаса керек. Осы
«Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы болып саналады. Ата - бабамыздың тіршіліктің тірегі су туралы тағы қандай мақал - мәтелдерін білесіңдер? Өте жақсы тамаша. Енді су туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер? 1. Рамазан. 2. Жансая. 3. Роза.

ІІІ. Келесі бөліміміз
«Күн райын бақыла» деп аталады. Бұл бөлімімізде біз бұрын ата - бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа - райын қалай болжағаны туралы мәлімет аламыз. Бұл туралы бізге қазір Жайна мен Ләззат әңгімелеп береді.
1. Шырыны ақ қайыңның көк түске енсе,
Онда жауын жауады сүт піскенше.

2. Құстардың тынса үндері,
Күн күркірерін білгені.

3. Ұлу шөптің сабағын,
Бойлап жайлап жоғары,
Өрмелесе қарағын,
Аптап ыстық соғады.

4. Ақ тиіндер жаңғақты көп жинаса,
Алдағы қыс ұзақ, суық тым аса.

5. Осқылап тырналаса мысық жерді,
Дей бер қыста бұрқасын қысып келді.
Яғни, табиғаттың осындай тылсым құбылыстарына қарап, ата - бабаларымыз ертерек шаруаларын

 қамдап, күн райын болжап отырған екен.

IV. Жасыл желек дауасы бөлімімізде Жер - Ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін басып айтқым келеді. Себебі, жасыл желек жан - жануарлардың тіршілігіне қажет ауаны тазартады. Тірі ағзаға зиян көміртегін жұтып, пайдалы оттегін бөледі. Мысалы: белгілі аймақтың 15% көгалдандырса – шаң - тозаңның мөлшері 20%- ға кемиді. 35% жер көлемге көшет отырғызылса – шаң - тозаң 50%- ға азаяды, ал 65% көгалданған аумақта шаң - тозаң 95%-ға дейін жойылады екен.

Ал, балалар сендер көгалдандырудың, жасыл желектің тағы қандай пайдасы бар екенін білесіңдер? Өте дұрыс. Яғни, тал - терек таптырмас кондиционер, үйді жағалай егілген бау - бақ пештегі жылуды ұзақ сақтап, бораннан қорғайтын, қанатты достардың әуеніне кенелетін, көгалдандыру – достық, ынтымаққа шақыруға себепші, ормандар – көмірқышқыл газынан қорғайтын, көшет отырғызу дегеніміз – балаңның балаларына жететін ғұмырлық азық болатын пайдасы бар екен. Жасыл - желек адамдарға келтіретін осындай пайдасы арқылы зор маңызға ие екен.

V. Ой қозғау.
Бүгінгі таңда адамзат баласының алдындағы ең басты мәселе - өзімізді қоршаған тіршілік ортасын, келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу. Өйткені, тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.
Осыған байланысты Елбасының сөзімен айтатын болсақ:
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпалықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөлінбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі мүмкін. Өйткені, қоршаған ортаның ластану ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Республика территориясындағы осындай экологиялық апат аймағы болып саналатын жерлердің бірі Арал өңірі, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы және үлкен өндіріс орталықтарынан шыққан зиянды заттар – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.

VI. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» сайысы(жұмбақтар сайысы)

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)

Көк жиекті шай табақта,

Алтын алма тербеледі.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа мақта перделер. (Күн)

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Қозғалып жүрер жортақ шам,

Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)

Шымылдық ішінде қап-қара

Ұйықтап жат, дала, жат, қала.  (Түн)

Қар астында қыстады, Жасылмен бөркін тастады.  (Жер)
Жылт – жылт еткен,

Жырадан өткен. (Су)

Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,

Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. (Қара жер мен қар)
VI. Қорытынды:
Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздан қандай ой түйдіңдер? Жер - Ананы, Туған жердің табиғатын кіршіксіз сақтау үшін не істей аламыз?
1. Жерімізді таза ұстауымыз керек.
2. Көгалдандыруымыз керек.
3. Жер - Ананы сүйе білу, оны аялай білуіміз керек.
4. Жер - Ананың байлығын орнымен пайдалануымыз керек!


5. Ауаны ластанудан сақтауымыз керек.
Ендеше, оқушылар! Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
«Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, келешекте сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет» - деген Ыбырай Жақаевтың сөзімен қорытындылаймыз!
Сау болыңыздар!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

история создания легендарного танка Т-34

В работе описывается история создания Т-34-легендарного танка времен Великой Отечественной Войны. В приложениях даны схемы сборки танка, рисунки с модификациями и  характеристиками. практическая ...

Интегрированный урок русского языка и литературы «В разнообразии приставок таится разнообразие смысла» К.И.Чуковский.

Цель урока: выявление семантической роли приставок и закрепление их правописания на основе художественных текстов А.С.Пушкина....

Урок памяти "Руины раны не таят"

Данное мероприятие приурочено к 70-летию со дня окончания Сталинградской битвы....

Элективный курс по математике для 9 класса "Что таит модуль?"

Одной из важнейших характеристик числа является понятие модуля (абсолютной величины). Это понятие имеет широкое распространение в различных отделах физико-математических наук. Задания с модулем широко...

Преимущества современной российской военной техники ( на примере танка Т- 90) перед иностранными аналогами (Ml Абрамс) в конце XX в начале XXI века

Автор рассмотрел и исследовал российский танк Т-90 и сравнил его с М1 Абрамс. В работе рассмотрены все технические характеристики танка.Ученик создал виртуальную ситуацию, в которой испытал двух сопер...

Жер ананы- жасыл етіп сақтайық

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.2. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету.3. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғат...

Сценарий постановки сказки «Старушка Таал-Таал» в кукольном театре.

Сценарий якутской народной сказки «Таал-Таал эмээхсин» («Старушка Таал»)  Тема: постановка кукольного театра сказки «Старушка Таал»Цель: научит детей...