Жаңаша әдіс-тәсілді қолдану - заман талабы
статья по информатике и икт на тему

Тенсел Умиткер

Бүгінгі таңда еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі – білім беру саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер екені белгілі. Соның ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену үшін мұғалімдерді арнайы курстардан өткізу, яғни қазіргі оқытылып жатқан деңгейлік курстардың маңызы зор.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модульді сабақ барысында алмастыра тиімді қолдану. Себебі, бұл оқу  үдерісінің теориясы мен тәжірибесін біріктіруге мүмкіндік береді. Осы модульдер  бұрыннан бар түсініктерді өзара іс-әрекет негізінде қарастыру арқылы,  өзіміздің тәжірибемізді  ары қарай шыңдауға жақсы түрткі болады.

Сыни тұрғыдан ойлау тәсілінің оқушыны қызықтыратыны – өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы болуы.

Сыни тұрғыдан ойлау оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, мәселені шешу жолдарын өздері іздейтін әдіс-тәсіл болғандықтан, сабақтарда пайдалану өте тиімді болды. Бұл тәсілдің стратегиялары көп болғандықтан,  сабақтарда топтастыру, Венн диаграммасы, автор орындығы, эссе жазу, ЖИГСО, БҮҮ, шатасқан баулар, еркін жазу, бес жолды өлең (синквейн) сияқты стратегияларды үнемі пайдалануға болады.

Сыни тұрғыдан ойлап қана қоймай, мұғалімдер үшін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімді болмақ.

Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақтарда үнемі пайдалану міндет деп ойлаймын. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланып жұмыс істеу тек мұғалім үшін ғана пайдалы емес, оқушылар үшін де маңызы зор. Бұл әдісті әр сабақта жиі пайланып отырса, оқушылардың қызығушылығы артып, ынталана түсетініне көз жеткізуге болады.

Осындай жаңа заман талабының технологияларын пайдаланып өткізілген сабақтарда, жұмыс істеу барысында топқа бөліп тапсырма бере отырып  дарынды және талантты балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекеттерін бақылау арқылы анықтауға болады. Барлық мұғалімдер  балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және жоспарлауды талап етеді. Баланың бойындағы дарындылықты анықтау үшін мұғалім мұқият жұмыс істеуі керек. Ол үшін мұғалім берілетін тапсырмаларды күрделілендіріп, кеңейтілген түрде, жобалар жасау, ғылыми жұмыспен айналысуы сияқты жұмыстар беруі  керек.

Оқушылар үшін бәрінен қызығы өзін-өзі бағалауы және достарын бағалауы, топты бағалау. Бұл үлкен жаңалық. Ал, мұғалім үшін алдындағы оқушыларын әр түрлі әдістермен бағалаудың ерекше орны бар. Әр оқушыны мадақтау, марапаттау, ынталандыру, оқушы пікірін қолдау сияқты – формативтік бағалау, бақылау, қадағалау, жиынтық бағалау, топтық, ұжымдық, достарын, өзін-өзі бағалауларды сабақтарым үнемі пайдаланып отырамын. Осы орайда айта кететін жағдай кері байланыс әдісі, яғни кері байланыс әдісін пайдаланып, оқушылардың жазған ойлары арқылы бағаласа, нақты, шынайы, адал баға шығады. Кері байланыс парағы арқылы оқушылардың келесі сабақты қалай өткізуге болады, сабақтың ұнағаны немесе ұнамағаны, алдағы сабаққа қандай ұсыныстар беретінін байқауға болады.

Бұл модульдер бойынша алған, білген, үйренгенімізді өз тәжірибемізде ұштастырып, одан әрі жұмыс істеу барысында үнемі қолданып, оқушы санасына жеткізіп, оқушылар бұл әдіс-тәсілдерді өмірде пайдалана білсе, онда оқушының «білімнің шыңына шыққаны» деп санаймын.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл Эссе13.78 КБ

Предварительный просмотр:

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Хәзерге заман һәм билгеле үткән заман хикәя фигыльләр.(Барлык формасы)

Максатлар:1)лексик тема буенча укучыларның белемнәрен тулыландыру, ныгыту;2)грамматик материалны сөйләмдә куллануга ирешү,укучыларның фикер йөртү күнекмәләрен үстерү;        ...

Хәзерге заман һәм билгеле үткән заман хикәя фигыль (карточка)

Максатлар:1)лексик тема буенча укучыларның белемнәрен тулыландыру, ныгыту;                                  ...

Функционалдық сауаттылықты арттыру – уақыт талабы

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық салаларында белсене араласуы және өмір бойы білім алуына негіз салу, заман ағымына ілесе алатын, меңг...

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейіжөнінен әлдеқайда жоғары болу керек....

Үштілділік - заманның талабы.

"Үштілділік - заманның талабы" мақала...

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

В данной статье раскрываются проблемы и задачи преподавании инновационных технологий в образовательном процессе. Статья написана на казахском языке....

Татар теле дәресе эшкәртмәсе "Үткән заман хикәя фигыль.Билгеле үткән заман хикәя фигыль һәм аның зат-сан белән төрләнеше"

7нче сыйныф дәреслеге буенча төзелгән татар теле дәресе эшкәртмәсе түбәндәге программага нигезләнә: «Рус мәктәпләрендә укучы татар балаларына татар теле: үрнәк гомуми программа V – 1Х сыйн...