Урок казахского языка "Сәкен Сейфуллин"
план-конспект урока (7 класс) по теме

Мақсаты:  С.Сейфуллиннің  шығармашылығымен таныстыру, өмірін өнеге ету.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті.

                           2.Жаңа тақырыпты бастау.

  1. Сабақққа қызығушылығын ояту. Р.Стамғазиевтің орындауында  «Көкшетау» әнін  тыңдату.

2.Сабақтың мақсатын айту. Эпиграфымен таныстыру.

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құщағына сия алмайтын.

Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon urok_kazahskogo_yazyka_v_7_klasse.doc20.5 КБ

Предварительный просмотр:

Баймағамбетова Бибігүл Бекмырзаевна

Ақтөбе қаласы № 17 мектеп-гимназиясы

7 класс

                                        

Сәкен Сейфуллин

Мақсаты:  С.Сейфуллиннің  шығармашылығымен таныстыру, өмірін өнеге ету.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті.

                           2.Жаңа тақырыпты бастау.

  1. Сабақққа қызығушылығын ояту. Р.Стамғазиевтің орындауында  «Көкшетау» әнін  тыңдату.

2.Сабақтың мақсатын айту. Эпиграфымен таныстыру.

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құщағына сия алмайтын.

Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

        С.Сейфуллин қазақ халқының ұлы ақыны, публицисі, драматургы. С.Сейфуллин-ірі мемлекет қайраткері. Қазақстан елдік, азаттық алады деп үміттенген, өзінің халқын өркениетке қалай жеткіземін, басқалармен терезесін қалай тең етемін деп ойлаған. Ол өзінің өлең -жырларында, көркем шығңармаларында, әрбір іс-әрекетінде осы арманын көрсетіп, дәлелдеп отырған.

  1. Үш оқушы С.Сейфуллиннің өмірбаянын айтады.
  2. «Дала», «Наурыз», «Күз» өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.

-Өлеңнен дала суретін  қалай елестетесіңдер?

-Дала қандай?

-Өлеңнен теңеу,  эпитеттерді табу.

-Ал дала қай кезде әдемі?

Келесі өлең осы ойды жалғастырады. «Наурыз»

-Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?

-Ақын өлеңді құлпырту үшін  қандай  теңеу, эпитеттерді қолданады?

  1.  «Күз». Бұл өлеңде талдың жапырағын сұлуға, жасыл жібекке, күзді ұялшақ келінге теңейді.

Сұлудай толып бұралған,

Жібекке жасыл оранған,

Жас өрім талдың жапырағы

Сарғайып түсті үзіліп.

Жылдың көркі кеткенін,

Жастығы жылдың өткенін

Білдіріп қайтты тырна да,

Қоштасып шырқап тізіліп.

Көк пен жерден сүр кетті,

Кемпір-шалдай түр кетті,

Жастығы жылдың- жаз өтті,

Қарасаң да сүзіліп.

  1. «Балалар». Сәкен балаларды өте жақсы көрген. Мына ойнақы өлеңнен біз Сәкен ағаның  өзінің балалық шағын көреміз.

Міне дала...

Бір топ бала,

Жүгіреді айнала.

Мінген таяқ,

Жалаң  аяқ,

Табандарын көк бояп.

Жұлып сасыр,

Салады асыр,

Аунап жерге  көк жасыл.

Жас тұлымшақ,

Топ құлыншақ,

Өңкей асау ұрыншақ.

  1. С.Сейфуллин қазақ жастарын оқуға, білімге шақырған. Өнерді, ғылымды меңгерсе екен деп армандаған. Тәуелсіздіктің кілті жастардың  қолында деп сенген. «Оқу»

Оқу -білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу -өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы.

Сауатсыз надан-

Қор болған адам.

  1. «Іншегіме». Бұл өлеңінде ақын өзін ағартушы-демократ ретінде көрсетеді. Қазақ елін қараңғы қапастан құтқаруға тырысады. Жарқын өмірге жетелейді.

Ойынды қой,  оқы, інішегім, алға бас!

Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.

Балалыққа жас миыңды алдатпа

Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас.

Біз қараңғы үйде отырмыз, қарағым!

Басқа жұрттар жап-жарық қып шырағын,

Солардай боп бізде жарық көрейік,

Сендер де кеп шырақ жақшы, шырағым!

  1. «Бабаларыма». Бұл өлеңінде ақын  тек қана өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап қана қоймай, өмірге не үшін келгенін, не үшін күрескенін, кім үшін аянбай еңбек еткенін атап көрсетеді.

Бар жазам күштілермен жарысқаным,

Жыртқаным сорлы жұрттың намыстарын.

Теңдікке нашар жұртты жеткізуге

Көп жауыз ұлықтармен қарысқаным.

Ел жеген жауыздарға қарсы тұрдым,

Нашармен қол ұстасып бірге жүрдім.

Би, болыс, бай, төренің малдарына

Сатылмай, әділшілік жолын құрдым.

Табиғат өзгеше боп туған едім,

Белімді жастан бекем буған едім.

Халықтың қорлық көрген туын ұстап,

Әділдік жолын іздеп, қуған едім.

  1. Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сыр пернені басып қара,

Басып қара жырласын!

Сұлу сымда перне әуені,

Перне  әуені жыр айтар.

Көңіл ашар тербеу әні,

Тербеу әні сыр айтар.

  1. С.Сейфуллиннің өміріне  байланысты фотомантажбен таныстыру.
  2. Қорытынды. Бағалау.

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Урок казахского языка "Қыс"

Урок на казахском языке, знакомит с приметами зимы. Ведётся интересный диалог учитель и ученика....

Урок казахского языка "Ас атасы - нан"

Урок казахского языка по теме "Хлеб - всему голова"....

Урок казахского языка "Моя Родина - Казахстан"

Материал урока будет важен и интересен тем, кто хотел бы поближе познакомиться с народом Казахстана....

Урок казахской литературы "Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы"

Интересный материал для провеления урока и просто знакомства с творчеством писателя....

педогогический опыт "дидактическая игра как средства познавательного интереса младших школьников на уроке казахского языка"

Даннный материал является моей  творческой темой по которой работаю 4 год. по данной теме защищалась на конкурсе "Учительказахского языка 2013"...

Краткосрочное планирование урока по теме С.Сейфуллин « Разлученные лебеди» 6 класс по русскому языку

Краткосрочное планирование урока по теме С.Сейфуллин « Разлученные лебеди» 6 класс по русскому языку...