"Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны
материал по теме

Токаев Рустем Серикбаевич

"Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon algashky_konyrau.doc810.5 КБ

Предварительный просмотр:

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебі

   

2013 жыл

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Қайырлы күн құрметті  ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар!  Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

Ауданымыздағы еңселі білім ордасы Абай атындағы орта мектебінің сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Салтанатты жиынымызға аудан  әкімінің орынбасары Муса Әбдірахман Рахметұлы, селолық округ әкімі Тәжібаев Аян Марданұлы, аудандық  білім  беру  бөлімінің әдіскері Шурин Болатбек Насиполлаұлы, ата-аналар комитетінің төрағасы Тілегенов Берік Тілегенұлы және мектеп ұстаздары, ата-аналар, оқушылар қатысуда.

Құдіретті күй әлемін дүр сілкіндіріген Құрманғазы бабамыз есімін арқалаған ауданымызға биыл 85 жыл толғалы отыр. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ. Ауданымыздағы еңселі білім ордасы Абай атындағы орта мектебінен 48 түлек қияға қанаттарын қағып өздерінің өмір көкжиегіне самғап еді. Солардың ізбасарлары мектептің алғашқы шәкірттері ортамызда тұр.


Бүгін қандай шаттық толы күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырғанын жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі.

Білім көзін ашатынын біледі,

-деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.

 

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой-санама еккенің.

1А сыныбын білім әлеміне Мажитова Қымбат Шолтырқызы бастап апарады. Олардың қатарында 20 оқушы білім әлеміне қанат қаққалы тұр. 


Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем

1Б сыныбын білім әлеміне Садырова Жұлдыз Садырқызы бастап апарады. Бұл білім кемесіне 20 оқушы қабылданған.


Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен 

1В сыныбын білім әлеміне бастап апаратын Шниязова Динара Есетқызы. Бұл сыныпқа 19 оқушы қабылданған.

Алдыңа келіп, ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейіріңді сезінгем.

1Г сыныбын білім әлеміне Қабдолқақова Бибігүл Ерсайынқызы бастап апарады. Бұл сыныпқа 20 оқушы қабылданған.

Дайындалыңыздар!

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  туын  көтеруге 11 сынып түлектері халықаралық спорт сайысының жүлдегері Әнуарбеков Ардақ, республикалық интернет олимпиада жүлдегері Қайырова Сұлушаш, аудандық олимпиада жүлдегері Мырзағалиева Әсел шақырылады.

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  туы  көтерілсін!


Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?

Алғашқы мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Нәйлә Кеңесқызына жолданады.

Биыл мен де мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

Алғашқы меркелік сәлемдеме жолдау үшін 2 сынып оқушысы Бейімбетқызы Асылжанның орындауында "Бөбектер" әнін қабыл алыңыздар.

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.  

Келесі құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Муса Әбдірахман Рахметұлына жолданады.

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!

"Балауса" бишілер тобының "Қазақ биін" қабыл алыңыздар.

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың

Алғашқы ұстаздары атынан құттықтау сөз Мәжитова Қымбат апайға жолданады.

Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,

Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.

Жүріңдер үңіліп мектептің сырына,

Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Келесі әуелеген ән мектебіміздің өнерлі оқушылары Зинетуллина Айнұр мен Жұматаева Ақгүлдің орындауында "Ұстаздарға" әнін қабыл алыңыздар.

Жаңа ғасыр шығар биік шыңдары,

Білік пенен парасатты ұқтырар.

Қаруменен күшейгендер жоғалып,

Үстем болсын білімменен мықтылар!

Бүгінгі таңда білім беру саласының ең басты міндеті рухани жетілген өзіндік іс - әрекеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті білімі бар тұлға қалыптастыру. Бүлдіршіндерге Білім кілтін, Әліппе оқулығын және мектептің спорт кубогін тапсыру үшін, 11 сынып түлектері, Нұртамшы балалар қоғамдық бірлестік мүшелері Ізбаев Медет, Алексеева Назира, Теміртасов Берікбол, білім кілтін қабылдап алушы Қайратқызы Шакира, Әліппе оқулығын қабылдауға Шигаева Еркеназым, спорт кубогін қабылдауға Асылбек Ерәділ шақырылады.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя ақ босаға киелі.

Қанат қағып, білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт басын саған иеді.

Тілегенов Бақтиярдың орындауында "Балдәурен" әнің қабыл алыңыздар.

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік, сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.

Алғашқы қоңырау Мектеп-Ана табалдырығын тосырқай аттаған жас бүлдіршіндердің алғаш еститін сыңғыр үні, балалық шақтың бейкүнә күні, бал күлкінің сыңғыры, өмірге, білімге деген құштарлық осы алғашқы қоңыраудан басталады. Ендеше білім ордасына шақырған жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын салтанатпен тыңдайық.

Алғашқы қоңырау соғу рәсіміне 1-сынып бүлдіршіндері Қуаныш Ерасыл, Марданова Асылай, Халу Бақтияр, Тайырова Сания, Амангелді Бейбарыс, Тілекқабыл Ұлжан шақырылады.

Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жөргексің.

Алғашқы қоңырау сыңғыры,

Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын.

Бал үнің сенің сырлы ырғақ,

Сыныпқа бізді бастасын.

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде.

Қызметің көрсет Халыққа,

Шақырып өнер - білімге.

Жаңа оқу жылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын.

Шәкіртіміз өрісті,

Елімдер қыз бен ұл болсын!

Сыңғырла, сыңғырла асыға,

Үн қосқан қиядан асуға.

Білімге құмартып жас өссін,

Өрлесін биік шың басына.

Сыңғырла, сыңғырла,

Сыңғырла, сылдырла.

Қоңырау күмбірі әдемі,

Тынбастан шаттықпен сыңғырла.

Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!

Ортаға Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  туын  түсіруге Әнуарбеков Ардақ, Қайырова Сұлушаш, Мырзағалиева Әсел шақырылады.

Дайындалыңыздар!

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  туы  түсірілсін!

Біліммен асып - тасайық,

Тілеуін берсін көк көптің!
Тілекпен осы ашайық,

Есігін енді мектептің.

Жаңа оқу жылын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндердің білім атты өмірге бастаған қадамдарына сәт сапар тілей отырып, жас балдырғандарды мектепке кіргізу үшін лента қию рәсіміне мектеп директоры Нәйлә Кеңесқызы мен жас бүлдіршін Серік Нұралы шақырылады.

Талпынып өмір өріне,

Ойынын тастап бақшаның.

Мектептей білім төріне,

Табалдырық аттадың.

Екінші үйің енді бұл,

Оң аяқпен қадам бас.

Бақыттысыңдар дәл бүгін,

Бүлдіршін, балғын тамам жас.

Қадамдарың құтты болсын 1-сынып оқушылары.

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, 

-деп бүгінгі "Білім күніне" арналған мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай салтанатты жиынның сценарийі

№1 мектеп –гимназиясының 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай   салтанатты жиынның сценарийі 1жүргізуші:  Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушы...

«Алғашқы қоңырау»- салтанатты жиын-2013

І.  Сапқа тұру-дене шынықтыру пәні мұғалімдері, сынып жетекшілері     1.Жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырлапЕстілді жылы жаныма.Күкідей әсем сылдырап,Бөбекті жиды маңынаБілм...