"Аялай біл сен деп соққан жүректі" өзін-өзі тану пәнінен 7 сыныпта ашық сабақ
план-конспект урока (7 класс) на тему

Мухамбетжанова Гульден Есмуратовна

Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Мақсаты:

Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

-          адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

-          жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-          жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

            Сәлеметсіңдерме оқушылар! Бүгін мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

            №1.

Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады.  Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.

         Нұр  сіздің төбеіңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз. Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір- бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі, керемет  гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.

         Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай. Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып, тазарды. Енді қолдарыңыз тек жақсы, игі істер ғана жасап, баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр, аяқтарыңыз  нұрланып, тазара түсті. Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап, жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады.  Олар нұр  мен  сүйіспеншіліктің құралы болады.  Нұр  сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті. Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді  нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз  жақсы сөздер естіп, тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз  жап- жарық болғандай, ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.

         Нұр  кеңейіп, сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды  барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр  мен жылу олардың жүрегін толтырсын.  Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды оларды өзө жылуымен баурасын. «Ойша,  Мен.. НҰРМЫН,  НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық  жағдайда сәл болыңыз».

       Енді  нұрды  қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем  сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.

Біз бүгін «Аялай біл сен деп соққан жүректі» тақырыбы аясында жаныңда жүрген жақын адамдарды, отбасындағы ата-анаңды, туған-туысқандарыңды сыйлауды, құрметтеуді үйренеміз.

Балалар, өмірде біз үшін ерекше жүрек соғысы бар адам кім деп ойлайсыңдар?

            -Ана.-

            -Әрине ана. Олай болса, балалар мен сендерді Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен шаттық шеңберіне шақырамын.

Енді орнымызға отырып жайғасайық.

Сабақ барысы: Әңгімелесу

Слайд: «Ойланайық, пікірлесейік»

            Ал енді балалар, «Ойланайық, пікірлесейік» айдарына назар аударып, мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:

 -«Аялау», «қадірлеу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?

-Өзің жақсы көрген адамың саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма? Сол кезде не сезіндің?

-Өзіңе «Мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» – деген сұрақ қойып көрдің бе?

Енді сендердің берген жауаптарыңды тереңірек қарастыру мақсатында «Жаңа ақпаратқа» көңіл бөлейік:

Слайд: Жаңа ақпарат

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе біл. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.

Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

  • Сендердің берген жауаптарыңмен жаңа ақпаратты түйіндей келе толық келісемін.

Слайд: Мәтінмен жұмыс

Адамды сүйе біл

                                                                                     С. Байжанов

           Біз жайшылықта көп нәрсені елемейміз. Көбіне мән бермейміз. Мысалы, күнде таңертең қызарып күн шығады, күн кешкілікте қызарып барып батады. Оған, әрине, ешқайсымыз таңданбаймыз. Өйткені ол үйреншікті нәрсе. Ал енді біреулер сол күннің қыр басынан қылтиып, қызарып шығуының өзінен аса бір сүйкімділік, сұлулық табады, ләззат алады. Сүйсініп жырға қосады. Суретші сұлу күннің көркіне табынып, тамсана отырып сурет салады. Композитор сол сұлу күннің, мейірлі күннің аспан аясына көтерілуінен аса бір нәзік сырлы әуен сазын аулап, ән толғайды.

         Әлгі адамдардың жазғанын оқып, салған суретін көріп, шығарған әнін тыңдағаннан кейін барып, күнде көріп жүрген елеусіз күнге қарап көрсем, күнім баяғыдай емес, сұлу да сымбатты, сырлы да сазды, қылықты да сүйкімді көрінеді. Тіптен өзіме қарап, күлім қаққандай, жымың еткендей юолады. Мен де еріксіз езу тартып, өз-өзімнен жымиямын...

         Немесе таңғы шық, сыңғырлаған бұлақ үні, сыбдырлаған жапырақ, ұшы қиырсыз кең дала... «Иә оларда тұрған не бар?..» Ойсыз көзбен қараған жанға бәрі де елеусіз, жай ғана жапырақ, баяғы бір дала... Ал енді бір адамдар солардың бәрінен сыр ұғады, әркім байқай қоймайтын үн, бояу табады. Солардың көзімен қарасаң, расында да әлгі елеусіз құбылыстардан әсем сырлар ұғады екенсің. Бұл қандай керемет, мұнда не сиқыр бар? Ойлап-ойлап, әр нәрсенің қадіріне жетіп, көре білу үшін, бағалай білу үшін көрген көз, сергек сезім керек екен-ау деп таң-тамаша қалдым.

         Дәл солай, кейде біз, адамдар, бір-бірімізді түсінбейміз, айналамыздағы адамдардың жақсысын көре білмейміз, асылын жасығынан, алтынын жезінен ажырата алмай қаламыз. Сондықтан да адамдар мұхитынан асылы мен жақсысын ажыратып тани білу үшін де адам жаратылысының тұңғиық тереңіне сүңги білетін көреген көз, сезімтал жүрек керек.

         Жақсы адам... Жақын адам... Жанашыр адам...

         Қандай жақсы ұғымдар. Тек солар жайлы ойлағанның өзінде жаныңды әлде бір жылы сезімдер байрап өткендей болады.

         Жақсы адам, жақын адам, жанашыр адам деп кімдерді айтуға болады?

         Былай қарасаң, бұл сұрақ өте оңай, қарапайым сияқты көрінеді. Бірақ ол алғашқы, алдамшы әсер ғана. Ойланып, толғанып, нақты жауап іздей бастасаң, бұлардың оңайлығы да, қарапайымдылығы да сағымдай бұлдырап, алуан ойлардың жетегіне әкетеді. Кейде, біз жақсы адам дегенде айналамызға, төңірегімізге қарамай, әлдебір алыстан, ғайыптан іздеп, бөгде бөтен жаққа көз тігетініміз бар. 

         Қасымыздағының бәрі қарапайым, елеусіз, ешқандай кереметі жоқ дегендей қомсанамыз ба, қайткенде оны аттап өтуге бейім тұратынымыз бар. Шынтуайттап келсек, бағдарлап, бағалап көре білсек, әлгі біз іздеп жүрген кереметтердің бәрі тап өзіміздің қасымызда, көз алдымызда болып жатады. Айтып жүрген жақсы адамдарымыз жанымызда, өз арамызда жүреді.

         Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным – біздің айналамыздың, өміріміздің тамаша адамдарға толы екендігі. Тек соларды көріп, танып, сүйе білу керек екен.

Сұрақтар:

- Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

- Жанымыздағы жақсылықты байқамаудың, сезінбеудің  себебі неде деп ойлайсыңдар?

- Өз жақындарыңды қалай бағалап жүрсіңдер?

             Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп,енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?

Олай болса мына бір бейнекөрініске назар аударайық.

Бейнекөрініс.

- Балалар, осы бейнекөріністен алған әсерлерімізбен бөлісейікші.

- Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Міне балалар, Абай атамыз айтқандай  «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - дейтіні осыдан шығар.

            Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек.  Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың.  Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Сондықтан әрқашан мейірімді болуға талпынайық.

  Бүгінгі сабақта игерген құндылықтарды қортындылау мақсатында Альфред Адлердің төмендегідей қанатты сөзін талқылайық.

Слайд:

Дәйексөз

.           -«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының,бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді»

 - Балалар, осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-. Өз пікірлеріңді білдіріңдер

 Өзіммен-өзім

 СЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА «АНАҢ» БАР 
- Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, артыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың. 
- Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің. 
- Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң, табақтарды жерге лақтырдың. 
- Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң, дуалдарды шимақтадың. 
- Бес жасқа толғаныңда, анаң саған әдемі киімдер киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің. 
- Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектепке алып барды. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың. 
- Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшақтағысы келіп мектептен қашан келер екен деп, сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың. 
- Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің. 
- Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң, бар уақытыңды достарыңа бөлдің. 
- Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң, «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің. 
- Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң, «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің. 
- Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің. 
- Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің. 
- Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. 
Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылатындығын ұмытпа. Егер де сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма. 
Сенің жалғыз ғана «анаң» бар. 
Ф.Тайтелиев 

Үйге тапсырма

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» - шығарма, эссе, өлең жазу.

 Жүректен-жүрекке.

Бүгінгі сабағымызды Қайрат Нұртастың «Әкелер» әнімен  аяқтайық. 

Балалар,бүгінгі сабаққа атсалысып қатысқандарың үшін барлықтарыңа көп-көп рахмет.

Рефлексия

-Бүгінгі сабақтан нені үйрендім?

-Қандай әсер алдым?

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл ayalay_bil.docx23.63 КБ

Предварительный просмотр:

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Как эти девушки красивы! Как наши Тани хороши!

Как провести в школе Татьянин день? Предлагаю провести развлекательно-познавательный вечер отдыха для детей и родителей "Как наши девушки красивы! Как наши Тани хороши!" А девиз вечера таков: "П...

Блокадный дневник Тани Савичевой

Материал рассказывает о девочке Тани Савичевой, которая в блокаду Ленинграда осталась одна......

"Язучыны таны" - татар әдәбиятыннан класстан тыш чара.

"Язучыны таны" уены  - татар теле һәм әдәбияты атналыгында үткәрү өчен ачык чара.   Бу класстан тыш чара 5-8 класс укучылары өчен тәкъдим ителә....

Статья "Тұлғаны тану – бүгінгі жастардың парызы"

АХМЕТ бАЙТҰРСЫНОВ өз еңбектерінде тұлға дамуы барысында оқып, рухани байлығы арқылы тұлғаның тануы мүмкін екенін айтқан.«Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен іл...

Тест по поэме П.Хусанкая "Таня"

Вопросы по содержанию поэмы....

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейіжөнінен әлдеқайда жоғары болу керек....

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру....