Абайдың қара сөздері
материал (10 класс) на тему

Муканова Гаухар Жолдаскалиевна

Абайдың қара сөздері, 10-сынып

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл kmzh_kara_soz.docx17.52 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақ тақырыбы:

Абайдың қара сөздері

Жалпы мақсат:

Абай қара сөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігін ұғындыру

Сілтеме:

«Қазақ әдебиеті» 10-сынып, «Мектеп» баспасы, 2014. С.Қирабаев, Ұ.Асыл, К.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әріпова

Ресурстар: бағалау кеспелері, интерактивті тақта, интернет материалдары

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Абайдың қара сөздерінде айтылған даналық ойларын түсініп оқып, өз ой елегінен өткізе отырып, пікір білдіре алады

Негізгі идеялар:

«... Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық»

Сабақта қолданылатын материалдар:

Презентация, электронды оқулық, видеофильм

Оқыту әдістері:

Жоба қорғау, Сұрақ – жауап, эссе жазу

Дерек көздері:

Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар

Ғаламтор мәліметтері

Тапсырмалар:

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(2 мин)

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні жүріп тұрады.

Оқушыларды отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(12 мин)

1 – топ: Әдебиетшілер тобы Абайдың шығармашылығы туралы жоба қорғайды

2 – топ: Тарихшылар тобы Абайдың өмірбаяны туралы жоба қорғайды.

3 – топ: Мәдениетшілер тобы Абайдың әндері туралы жоба қорғайды

ІІІ. Жаңа тақырып

(5 мин)

Тапсырма

(12 мин)

Сұрақ қою:

  • Абай кім?
  • Абайды неліктен А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деген?
  • Абайды неге философ дейміз?
  • Абайдың қара сөздері туралы не білеміз?

Абайдың бірінші қара сөзін электронды оқулықтан тыңдату

Интернеттен 1-топқа бірінші қара сөзді табуға, 2-топқа жиырма тоғызыншы қара сөзді, 3 – топқа жиырма бірінші қара сөзді табуға тапсырма беремін.

Сұрақтарға жауап береді.

Бірінші топ Абайдың 1-қара сөзін талқылайды

а) Қандай мәселе көтерілген?

ә) Абайдың алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық деуінің мәні неде?

б) Абай жер ортасы жасқа келіп, қажып, жалығуының, ісінің бекер-баянсыз деуінің себебі?

в) Өзімен-өзі пікірлесе отырып, қандай кәсіпті өзіне лайықсыз деп табады?

г) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?

Екінші топ  Абайдың 29-қара сөзіне қарсы пікір айтады.

а) Қандай мәселе көтерілген?

ә) Абай айтқан сынға қарсы пікірің…

б) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Үшінші топ 21-қара сөзін зерттейді

а) Адам бойындағы қандай мінез сыналған?

ә) Абай мақтаншақтықты неше түрге бөледі?

б) Сол жөнінде қандай тұжырым жасайды?

в) Адамның қандай осал тұстары аталады?

г) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?

ғ) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

ІV. Қорытындылау

(5мин)

Шағын эссе жазу

Абай тұлғасынан үлгі ретінде не алдың?

Оқушылар эссе жазады

V. Үй тапсырмасын  беру

(2 мин)  

Абайдың қара сөздерін оқып, тақырыптарына қарай топтастыру

VI. Бағалау

(6 мин)

Топ басшысының бағалауы

VII. Рефлексия  

Рефлексия парағына жазу

Рефлексия парағына ойларын жазады


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Шешендік сөздер

план -конспект урока...

Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы.

Абай өскен ортаның әлеуметтік-саяси жағдайын түсіндіріп,шығармашылығын шолу.-оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту-есте с...

Қазақ әдебиетіне арналған сансөздер

Қазақ әдебиетіне арналған   сөзжұмбақтар         Әр пәнді жас ұрпаққа түсінікті, қызықты етіп ұйымдастыру – мұғалімнің басты мақсаты. Л.Выготскийдің «...

Қысқа мерзімді жоспар зайырлылық және дінтану негіздері 9 сынып

Қысқа мерзімді жоспар зайырлылық және дінтану негіздері  9 сынып...

Жұмыс дәптері зайырлылық және дінтану негіздері 9 сынып

Жұмыс дәптері зайырлылық және дінтану негіздері  9 сынып...