Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету
план-конспект урока по технологии (5 класс) на тему

Шукуров Суюнгали Сагинтаевич

Жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс   істеудің сарамандық дағдысын игеру.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл agashty_kesu.docx14.02 КБ

Предварительный просмотр:

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жалпы білім беретін  Т.Жароков атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі

Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы

Сабақ жоспары /25-26 сабақ/

Технология  пәні.                                                            2011-2012 оқу жылы.

Мұғалімі: Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы

Мерзімі: 6  желтоқсан

Сыныбы: 5«А»

І. Сабақтың тақырыбы:  Сарамандық жұмыс

                                              « Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»

ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс   істеудің сарамандық дағдысын игеру.

 

ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі  жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.

V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

  1. Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин

  1. Жұмысты орындау реті:

  1. Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.
  2. Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
  3. Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;
  4. Қол арамен кесу.

Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.

Кесу – ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.

Кесінді – дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.

Аралап кесу – әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.

Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.

Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына – жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына – қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.

Жақ тәрізді ара дегеніміз – жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.

Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті – бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті – қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.

Қол ара – жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.

 

VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,

                                                           талқылап бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма:  §6.2.  оқулықтың 47-48 беттері

ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектептегі технология» әдістемелік журнал
  2. 5 сынып Технология оқулығы


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Inkscape – те мәтінмен жұмыс жасауды үйрету.

А) Inkscape бағдарламасында қарапайым мәтіндерді жаза алады.В) Inkscape бағдарламасында мәтінді жазып оны әр түрлі етіп безендіре алады.С) Inkscape бағдарламасында мәтінді жазып оны әр түрлі етіп безе...