Эссе "Ұстаздықты неге қаладым?"
материал (9 класс) по теме

Хасенова Мадина Бельгибаевна

Отбасымның, өзімнің ұстаздық ұстанымым

Скачать:


Предварительный просмотр:

«№4 Ақкөл орта мектебі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Хасенова Мәдина Белгібайқызы

 Эссе «Ұстаздықты неге қаладым?»

Ұстаз болу  – жүректің батырлығы...          

 

Ұстаз... осынау бір қысқа да қарапайым сөздің мән – мағынасына терең үңіліп қараған адам оның ұлылығын, мәртебесін сезінеді, өйткені ұстаз деген – мейірімділік пен батырлыққа жаралған нәзік, адал жүрек.

Ұстаздық жолын таңдаған себебім – ұстаздыққа ғашық болған жандардың арасында туып - өстім. Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялай білген бүгінде о дүниелік ұлы атам Қойшыбай Хасенұлы есімде. Қырық жылдан астам білім берудің әр саласында еңбек еткен атам – елдің, шәкірттердің құрметіне бөленген және өз білімін, рухани қазынасын атадан балаға, баладан – немереге мұра етіп қалдырып кеткен. Міне, сол сусындаған бұлақтан мен күш – қуат алдым. Ол кісінің жолын жалғастыру, кірлетпей, көлеңке түсірмей өту – мен үшін өте жауапты іс және өмірлік іс екеніне күмәнім жоқ. Атамның ізімен өзінің екі қызы, кейін төрт немересі басты. Бала күнімнен ұстаздыққа жаны құштар жандардың ортасында өскен себепті менің жан - дүнием ұстаз болуды армандады. Жыл өткен сайын өзімнің ұстаздық қалыптасуыма көзім жетті. Мен үшін ұстаз болу - өз ісіңнен  жанға азық, көңілге қуат, ақылға арқау, сезімге нәр алу деген сөз. «Ұстаз» деген сөз барша адамзат үшін «Мейірімділік», «Қамқорлық», «Махаббат», «Адам» деген қасиетті ұғымдармен бір қатарда тұрады. Өзім де адам болып жаратылғандықтан шәкірттерімді надандықтан аулақ болуға тәрбиелеймін. Олардың көздерінде тек қызығушылық, мейірімділік пен білімпаздық оты ойнағанын көргім келеді. Және соған жүрегімнің бар жылуын, бар отын беріп ұмтыламын. Ұлы дала баласы Абай бабамыз айтып кеткендей: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға». Осы сөздердің мәні, жаны қандай керемет десеңші! Иә, ұлылықтың бастауы ұстазда. Оған куә боларлық мына сөздер есіме түсіп отыр: «Мен өз ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін, әкемнен өмір алсам, Аристотель мені  өмір сүру  мектебінен өткізді», - деп ұлы А. Македонскийдің өзі ұстаз алдында бас иген.

Ұстаздық әлеміне алғаш қадам  басқан сәттен – ақ бар әлемнің алдында өзіме үлкен міндет артқандай болдым. Жүрегіме бір түсініксіз сезім ұялады. Талай түндерді ұйқысыз өткізіп, сан – алуан қиялдарға берілдім. Ұстаз екенімді мақтана отырып, ел тізгігін қолға алған  азаматтай болдым. Ішкі дүниемдегі даудың жауабын Елбасымыздың бір айтқан сөзінен түсіндім. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары халқына Жолдау жіберіп, былай деп еді: «Еліміздің ертеңі жастарда, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында». Осы сөздерді оқығанда жүрегімді бір толқын басқандай болды. Шынында дағы, ел тізгінін ұстайтындардың бірі – ұстаз екен. Балаларға үлкен өмірге жолдама ретінде сапалы білім беріп, олардың маңдайына адамгершілік, парасаттылық, әділеттілік сияқты жоғары мағыналы сезім – қасиеттерді салып берумен ғана шектелмей, ұстаз бар адамзатқа үлгі болатын тұлға. Осы қағидалармен өмір сүретін терең қазыналы білімпаз, адамгершілік пен патриотизмнің жаршысы, нәзік психолог, идеал адамның мүсіншісі – ол Ұстаз. Ұстаз деген есім талай мақтауларға тұрарлық. Сом алтыннан соқса дағы ескерткіш, сол құрметке Ұстаз заты лайықты!..

Жоғарыда айтып өткендей, мен ұстаздық жолына кездейсоқ келген жоқпын. Халқымыздың даналары: «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек», - деген еді. Осыған орай айтарым, менің атам дәл сондай қыран болды. Ұстаздар отбасында өскенім, мен үшін ең үлкен өмірлік мектеп. Атама, үлкен апаларыма қарап адамның шын досы, сүйеніші, қиындықты шешер күші ол – білім екенін түсіндім, сезіндім. Ұстаздар әулетінде өмір сүріп сол бесіктен тәрбие алдым. Өзім  атамның, апаларымның жолымен басқаныма  мақтанамын.  Дәлірек айта кететін болсам: Хасенова Ләззәт Қойшыбайқызы, Хасенова Дана Қойшыбайқызы, Хасенова Гүлжанар Белгібайқызы, Хасенова Аягөз Белгібайқызы.  Бәрі де Ақмола облысында ерен еңбек атқарып жүрген бірінші, жоғары санатты мұғалімдер. Өз ісінің шеберлері, өз өлкесінің ерке қыздары, ел құрметтеп алақанына салған азаматтар. Бәрі де елеулі жетістіктерімен көзге түскен. Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары. Арамызда «Халық ағартушысы», «Жыл мұғалімі», «Үздік қазақ тілі мұғалімі» т.б. атақ иегерлері бар. Ал ұстаздар әулетінің басына келетін болсақ, менің алғашқы ұстазым, менің ұлы атам Қойшыбай Хасенұлы өз заманының талай орден, медальдарына ие болған. Дегенмен, атақтары мен жетістіктерін тізбектемейтін ұстаз қауымы үшін марапат, даңқ деген нәрселер еш уақытта да алдыңғы қатарда тұрмаған. Ұстаз үшін өмірлік мақсат ол – соңынан келе жатқан жас ұрпақтың алдында көзін ұяттан төмен түсірмей, Ұстаз есімін мәңгі аластап, жоғары ұстап мән - мағынаға толы өмір сүру, шәкірттерінің жүрегінде жылы із қалдыру.

Мен үшін сабақ беру – жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны таба білетін өнер. Баланы тек білімді ғана етіп өсірмей, оның ішкі, рухани жан – дүниесін әрлеп, нәрлеп қалыптастыру. Баланың жаны – жаңа отырғызған талдай, қисайып өсіп бара жатқанын дер кезінде байқап, алақаныңмен сипап, сындырып алмай  түзеу керек. Кіршіксіз ақ жүрегіне қандай сөз жазсаң, сол сөз оның жүрегіне мәңгіге мекендейді. Міне, осыдан түсініңіз – еліміздің күні, болашақ тағдыры ұстаздың алдында отырған шәкіртте. Сол себепті, ұстаздың өз жұмысына немқұрайлы, салқын көңілмен қарауы мүмкін емес.

        Өз шәкірттерімнің тәрбиесі түгел болуына ұмтыламын. Ол үшін мен мықты денсаулық иесін, түзу ойлап, дұрыс шешетін, дәл табатын, дұрыс ақыл иесін, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззәт алатын, жаны толқып шабыттанатын, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын адамгершілігі мол жанды тәрбиелеу менің басты мақсаттарымның бірі. Осы жоғары мақсатқа жету жолында жүрегімнің бар жылуын, бар отын аянбай балаға беруге даярмын. Жүріс – тұрысты, ауыздан шыққан сөзді тікелей қабылдайтын оқушылар алдында ұстаз өзін беделді, ұстамды, әдемі ұстай білуі керек. Себебі, бала ұстаздан, жасы үлкен кісіден үлгі алады, соған еліктеп тәрбие алады. Ал тәрбие деген – мәңгілік категория. Өмірде байлық, теңге, доллар деген ұғымдар бар,  бірақ олар келіп – кететін нәрселер. Ал дүниеде мәнді де, күрделі де асыл тас бар ол, әрине, - бала.  Оның дұрыс дамуы, жан – жақты, ұғымы  кең, адал, еңбекқор болып өсуі ұстаздың қолында.

        Халқымның алдындағы ұстаздық борышымды, міндетімді мінсіз орындауға бел буған мен осы күнге дейін сертімнен жаңылмай, өз ортамда әрқашан мейірімділік пен махаббат, білімге деген құштарлықты, адалдық пен әділеттілікті сеуіп келемін. Жүректеріне менің жылуымның дәні түскен оқушыларым да абзал жанды, айбатты да қайратты азамат болатынына сенемін. Аналық жүрегіммен өз шәкірттерімнің биік шыңдарда көрінгенін қалаймын. Елінің жел жағында жүретін патриоттар, өмірде өз орнын тауып, кірпіш болып қаланатынына сенемін.

        Әңгімемнің соңында айта кетерім, мен өз жолымды таңдаған кезде, кейін мектептің есігін  алғаш рет ұстаз    болып ашқан сәттерде қателеспеген екенмін. Менің орным, қажетті де маңызды кірпіш болып қаланған жерім осы – тақтаның алды, оқушылардың мөлдіреген көздерін көру,  Ұстазға деген сенімдерін сезіну.  Бала кезімнен жүрегіме қоныстаған ұлылыққа деген нәзік сезім жылдар өткен соң мақсатқа айналды. Ал енді, менің өмірімді мәнді, көңілімді әнді қылып, жүзімді сәнді етіп тұратын - менің Ұстазық жолым. Өзімді басқа қызмет иесі ретінде елестете де алмаймын, оны қаламаймын да. «Осы өмірге  жылулық, әділеттік, адамгершілік сеуіп келе жатқан, халықты ағарту жолында бар күш – жігерін аямаған абзал жанды, ана жанды Ұстаздарға жол беріңдер»,- деп күллі адамзатқа айтқым келеді.

        Қазақстан Республикасының азаматы болып, Ұстаз екеніме, елімнің ертеңін тербетіп жүргеніме, текті бабаның адал ұрпағы болып, өз әулетімнің өмірлік ісін жалғастырғаныма мақтанамын, соған қуанамын. Биыл менің әулетімнің педагогикалық өтіліне 142 жыл толғалы отыр.  Бірақ менің отбасымның педагогикалық тарихы бұл цифрмен тоқтамайды. Себебі, ұстаздыққа деген ғашықтық  біздің жүрегімізде және келер ұрпаққа да сол ғашықтықты мұра етіп қалдыру - парызымыз...  

 



Предварительный просмотр:

«№4 Ақкөл орта мектебі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Хасенова Мәдина Белгібайқызы

ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Тапсырма: Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.

                                                                                                                       

Суретке қарап сөйлем құрастыр.

Зат есімнің астын бір түзу сызықпен сыз.

Күту, отыру, жинау, тарату.

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Көріп отырмын

Көрдім

Көремін

Тапсырма: Етістіктерді үлгі бойынша  топтап жаз.

«Менің досым»

Мінезі

Бойы

Шашы

Келбеті

Сабырлы

Ұстамды

Байсалды

тентек

Аласа

Ұзын

Орта бойлы

тапалдау

Ұзын

Қысқа

Бұйра

тік

Сұлу

Әдемі

Сүйкімді

сүйкімді

 Берілген кестені пайдалана отырып, досыңды сипаттап жаз

100 15, 10-15, 2, 43, 61, 25, 10032, 597, 115.

 Берілген есептік сан есімдерді  реттік сан есімге айналдырып жаз.

Қыс

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау,  түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                                                       А. Құнанбаев

Өлең шумағынан сын есімді теріп жаз. Қай сөзбен байланысып                               тұрғанын сызба арқылы көрсет.

ЖАТТЫҒУЛАР

Қостанай перзенті.

1841 жылы торғай облысының Қостанай уезіндегі Ара-қарағай болысында, қазіргі Зотобол ауданында қазақ халқының көрнекті ағартушы, жаңашыл педогог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсарин туды. Атасы Балқожа белгілі би болған, ыбырай осы кісінің тәрбиесінде болған.Ыбырайдың білім алуына Шығыстың зерттеуші, ғалымы В.В. Григорьевтің үлкен әсері болды. Ол орыс әдебиетін көп оқыды. Ол орыс-қазақ мектебін ашып, халыққа білім беруді армандады. 1879 жылы «қазақ хрестоматиясы» деген кітап пен қазақ балаларына арнап, бастауыш сыныптарға орыс тілі оқулығын жазды. Орыс графикасын негізге алып, қазақ алфавитін жасады.   Ы.Алтынсартин өмірі –біз үшін үлгі.

                                                                                     

Тапсырма: 1. Мәтінен етістіктерді теріп жаз, шақтарын ажырат.

2. тапсырма. Сан есімдерді сөзбен жаз.

3. тапсырма. Жікте «жазушы», «педагог»

                                Табиғат – алтын бесік.

    Көкшетау өңірі асқақ, тауларымен, қалың орман – тоғай, ондаған үлкен-кішілі көлдерімен, түрлі жабайы хайуанаттарымен белгілі.

     Көкше ормандарында негізінен қайың мен терек өседі. Көлдері қашанда мөп-мөлдір.

     Көкшетау ормандарында жабайы бұғы , елік мекендесе, тау сілемдерінде арқар жортады. Көлдері балық пен жабайы құстарға толы.

Әсіресе соіғы жылдары облыста табиғат байлықтарын сақтауға бұрынғыдан да зор мін берілуде. Мұнда табиғат байлығын қорғайтын қоғамдық орындарының жемісті орасан. Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған. Ол тек орман күзетіп қоймай, басқа жерлерден әкелінген хайуанаттарды Көкше табиғатына үйретеді.

Тапсырмалар:   1.Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

  1. Көлдері балық пен жабайы құстарға толы.
  2. Көкше ормандарында негізінен қайың мен терек өседі.
  3. Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған.

2. «Табиғат» тақырыбына мысал келтір.

1.Хабарлы сөйлем

2.Сұраулы сөйлем

3.Лепті сөйлем.

                            Қайың.

         Қайың туралы ән мен жыр да, суретте көп.

         Қайың сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.

 Ағаш жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы – ғажап сурет.

          Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде, қыркүйек туады.

          Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмектер әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ  пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

Тапсырмалар: 1.Сөздердің антонимін тауып жазыңыз.

Көп –

Биік –

Аяғы-

Тез –

1 нұсқа                                                                        2 нұсқа

2. «Ағаш» сөзін тәуелде                           2. «Өсір» өткен шақта жікте.

                3. Ситаксистік талдау жасаңыз.

1 нұсқа

Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмектер әзірлейді.

2 нұсқа

Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады.

Аю-орман қожасы.

Дүние жүзінде оның жеті түрі бар. Соның бірі –қоңыр аю. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Ол тау арасында мекендейді. Негізгі азығы өсімдіктер. Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Құрт-құмырсқаларды да теріп жейді. Аю үлкен –үлкен тастарды көтереді. Құрт-құмырсқаларды да аулайды. Аю үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді. Алғашқы қар жауғанда апанына кіреді. Қыс бойы ұйықтап шығады.                    

Тапсырмалар: 1.Етістік сын есім есімдік етістік шақтары үстеу.

Сөйлемге мофологиялық талдау жасаңыз

Соның бірі –қоңыр аю. Аю үлкен –үлкен тастарды көтереді. Қыс бойы ұйықтап шығады.                    

2.»Аю» сөзін септе

        ТЕСТТІК ЖҰМЫСТАР

1. Көп мағыналы бола алатын сөз.

   А) Мал өрісте

   В) Оқуды басынан жақсы оқу керек еді

   С) Күлкім тыйылмады

   D) Дәптерді сумкаға сал

   Е) дәптерің менде

2. Синонимдік қатардың дұрысын табыңыз.

   А) Саңырау, тосаң, сараң

   В) Тәкаппар, паң, менмен

   С) Туыс, жақын, жанкүйер

   D) Пысық, жылпос, жасық

   Е) Өлмес, өшпес, сирек

3. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

   А) Кінәрат

   В) Бейсенәлі

   С) Әлдеқашан

   D) Күйзеліс

   Е) Ойыншық

4. Жұп құрауға қабілеті жоқ дыбыстарды көрсетіңіз.

   А) ц, щ

   В) ж, ш

   С) т, д

   D) қ, ғ

   Е) х, һ

5. Ашық буынды сөзді табыңыз.

   А) Буын

   В) Морфология

   С) Сөйлем

   D) Тасымал

   Е) Фонетика

6. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.

   А) Асқақ

   В) Жазда

   С) Ескер

   D) Арман

   Е) 2001 ж.

Болымсыз, болымды, туынды, негізгі етістіктер.

Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.

А) –а, -е.

В) –ба, -бе.

С) –жоқ.

D) –емес.

E) –ды, -ді.

Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Мекендейді.

В) Болады.

С) Жазып отыр.

D) Ұзын болады.

 

Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.

А) Табиғат- халық қазынасы.

В) Адамдардың табиғатсыз күні болмайды.

С) Табиғаттың байлығын қорғай білуіміз керек.

D) «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылған.

E) Қазақстанда аң-құстар, өсімдіктер қамқорлыққа алынған.

Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.

Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.

А) Жаңбыр.

В) Жауса.

С) Біз.

D) Ешқайда.

E) Бармаймыз.

Жай сөйлемнің түрлері.

Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жай.

В) Құрмалас.

С) Мезгіл.

D) Атаулы.

Е) Жайылма.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жалаң.

В) Жайылма.

С) Толымсыз.

D) Толымды.

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері қатысқан жай сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жайылма.

В) Жалаң.

С) Толымды.

D) Толымсыз.

Е) Жақсыз.

Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық.

В) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.

С) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

D) Демократиялық істерді жүзеге асырамыз.

E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.

Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Бұл жерде суға түсуге болмайды.

А) Жақты сөйлем.

В) Атаулы сөйлем.

С) Сұраулы сөйлем.

D) Жақсыз сөйлем.

E) Жалаң сөйлем.

Тұрлаусыз мүшелер.

Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

В) Қазақстанның көлдері ластанып жатыр.

С) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.

D) Ғарыш ғылымының пайдасы бар.

E) Сусыз өмір жоқ.

Жанама толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Адал бала анасын ұмытпайды.

В) Қарағанды қаласының жарты миллиондай халқы бар.

С) Солтүстік Қазақстан- мұнайлы жер.

D) Мен кітапты алдым.

E) Қазір 1,7 миллиард адам су тапшылығына ұшырап отыр.

Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.

Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы.

А) Бастауыш.

В) Анықтауыш.

С) Толықтауыш.

D) Баяндауыш.

E) Пысықтауыш.

Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

А) Кімнің? Ненің?

В) Кімді? Нені?

С) Кіммен? Немен?

D) Қандай? Қай?

E) Қанша? Неше?

Құрмалас сөйлем.

Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

А) Қарсылықты.

В) Мезгіл.

С) Мекен.

D) Мақсат.

Е) Себеп.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.

А) Немесе.

В) Және.

С) Әлде.

D) Себебі.

Е) Сөйтсе.

Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.

А) бірақ.

В) та.

С) бірде.

D) немесе.

Е) әйтпесе.

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.

А) өйткені.

В) сонда да.

С) біресе.

D) бірақ.

Е) әйтпесе.

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Абай тереңіне бас қою.

         Өз басым Абаймен тоғыз жасымда кездестім. Ол кезде қазақ мектебіне оқуға түсіп, қазақ тілін енді-енді

    үйрене бастаған кезім. Мұғаліміміз Абайдың «Қыс» аталатын өлеңін жаттап келуге тапсырма берді. Есілдің жағасындағы    кішкене қазақ ауылы қарлы боранның астында қалған. Сол жылғы қыс сұмдық қатал болды. Терезені жел ұрғылайды.      

    Пештің   іші  гу-гу етеді. Күбірлеп Абайдың өлеңін оқып мен жатырмын. Анам кішкене қарындасыма немісше өлең айтып   берді. Шешемнің айтып отырғаны Гётенің өлеңі екен.

     Сөйтіп, менің санама Гёте мен Абай бейнелері қатар енді.

                                                       Тапсырма.       1. Синтаксистік талдау жасаңдар.

                        1 нұсқа                                                                                                       2 нұсқа

     Күбірлеп Абайдың өлеңін оқып мен жатырмын.                 /      Анам кішкене қарындасыма немісше өлең айтып берді.  

                                                                                                                                                                   

                                                                                            Тест.

                           1 нұсқа.                                                                                                       2 нұсқа.    

                                                                                           

1. Сөйлем қандай ойды білдіреді?                                                                   1.Синтаксис нені зерттейді?

 а) тиянақты;      в) тиянақсыз;      с) күрделі;                                             а) сөз табын;  в) сөй мүшесін; с) сөз құрамын;

2. Сөйлем құрауға негіз болатын мүше.                                                    2.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін тап.

а) бастауыш;     в) баяндауыш;  с) бастауыш пен баяндауыш;                 а) одағай;  в) пысықтауыш;  с) баяндауыш;

3.Антоним сөздерді тап.                                                                             3. Көп нүктенің орнына дұрыс нұсқаны көрсет.

а) Ірі, белгілі;     в) досы, жауы;    с)шығыс, оңтүстік;                             Қаныш ... көп айтуға болады. 

4. Қай сөз тіркесінде сөздерде қате жіберілген.                                           а) үшін;        в) айнала;        с) туралы;

а) есіктін ашу;  в) терезені сүрту; с) кітапты оқу;                                     4.Тәуелдік жалғаулы сөз тіркесін тап.

5.Жіктік жалғаулы сөзді  тап.                                                                       а) екінші қатар; в) оның досы; с) бөлме үлкен;

а) қаржылар;  в) өлкем;  с) кәсіпкерсің;                                                     5. Синоним сөздерді тап.

6. Синонимдік қатарға жатпайтын сөзді тап.                                         а) есті, ақылды; в) оқыған, белгілі; с) көп, дәулет;

а) сұрану;   в) тілек білдіру;    с) ұсыныс жасау;                               6. Баяпдауыштың тұлғасына қарап бастауышты табуға              

 7. Жай сөйлемнің түрін анықта.                                                                          болатын сөйлем түрі .... деп аталады.

    Біз нарықтық экономикаға бет бүрдық..                                                      а) жалаң; в) жайылма; с) жақты;                                                             а) толымсыз;  в) жақсыз);      с) жақты;                                                  7.Сөйлемнің түрін анықта.

8. Бастауыш пен  баяндауыштан ғана құралған сөйлем                              Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.

.... сөйлем деп аталады.                                                                                    а) қүрделі;  в) жақты;  с) толымсыз;

а) толымды;  в) жалаң; с) жайылма;                                                            8. Антоним сөздерді тап.

9. Шартты райдың жұрнағын тап.                                                           а) Жоғалту, табу;  в) парыз, міндет; с) қамқор, пана;

 а)  –ган,  -ген;  в) –са,-се;  с) –ғы, - гі;                                                       9. Қалау райдын жұрнағын көрсет.

10. Одағай мағынасына қарай нешеге бөлінеді?                                          а) -ғы, -гі;     в) –са,- се;    с) –ып, -іп;

  а) 3;         в) 2;       с)  4;                                                                               10. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?

                                                                                                                            а) 4;       в) 5;      с) 3;    

                                       

Тапсырма.       1. Синтаксистік талдау жасаңдар (8 сынып)

                        1 нұсқа                                                                                                       2 нұсқа

     Күбірлеп Абайдың өлеңін оқып мен жатырмын.                 /      Анам кішкене қарындасыма немісше өлең айтып берді.  

                                                                                                                                                                   

                                                                                            Тест.

                           1 нұсқа.                                                                                                       2 нұсқа.    

                                                                                           

1. Сөйлем қандай ойды білдіреді?                                                                   1.Синтаксис нені зерттейді?

 а) тиянақты;      в) тиянақсыз;      с) күрделі;                                             а) сөз табын;  в) сөй мүшесін; с) сөз құрамын;

2. Сөйлем құрауға негіз болатын мүше.                                                    2.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін тап.

а) бастауыш;     в) баяндауыш;  с) бастауыш пен баяндауыш;                 а) одағай;  в) пысықтауыш;  с) баяндауыш;

3.Антоним сөздерді тап.                                                                             3. Көп нүктенің орнына дұрыс нұсқаны көрсет.

а) Ірі, белгілі;     в) досы, жауы;    с)шығыс, оңтүстік;                             Қаныш ... көп айтуға болады. 

4. Қай сөз тіркесінде сөздерде қате жіберілген.                                           а) үшін;        в) айнала;        с) туралы;

а) есіктін ашу;  в) терезені сүрту; с) кітапты оқу;                                     4.Тәуелдік жалғаулы сөз тіркесін тап.

5.Жіктік жалғаулы сөзді  тап.                                                                       а) екінші қатар; в) оның досы; с) бөлме үлкен;

а) қаржылар;  в) өлкем;  с) кәсіпкерсің;                                                     5. Синоним сөздерді тап.

6. Синонимдік қатарға жатпайтын сөзді тап.                                         а) есті, ақылды; в) оқыған, белгілі; с) көп, дәулет;

а) сұрану;   в) тілек білдіру;    с) ұсыныс жасау;                               6. Баяпдауыштың тұлғасына қарап бастауышты табуға              

 7. Жай сөйлемнің түрін анықта.                                                                          болатын сөйлем түрі .... деп аталады.

    Біз нарықтық экономикаға бет бүрдық..                                                      а) жалаң; в) жайылма; с) жақты;                                                             а) толымсыз;  в) жақсыз);      с) жақты;                                                  7.Сөйлемнің түрін анықта.

8. Бастауыш пен  баяндауыштан ғана құралған сөйлем                              Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.

.... сөйлем деп аталады.                                                                                    а) қүрделі;  в) жақты;  с) толымсыз;

а) толымды;  в) жалаң; с) жайылма;                                                            8. Антоним сөздерді тап.

9. Шартты райдың жұрнағын тап.                                                           а) Жоғалту, табу;  в) парыз, міндет; с) қамқор, пана;

 а)  –ган,  -ген;  в) –са,-се;  с) –ғы, - гі;                                                       9. Қалау райдын жұрнағын көрсет.

10. Одағай мағынасына қарай нешеге бөлінеді?                                          а) -ғы, -гі;     в) –са,- се;    с) –ып, -іп;

  а) 3;         в) 2;       с)  4;                                                                               10. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?

                                                                                                                            а) 4;       в) 5;      с) 3;    

Адамның дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшесінде бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай сияқты мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі- көзбен көруге болатын дене мүшелері. Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын мүшелер де бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі.

Тапсырмалар.

1-нұсқа.

  1. Аяқ, мойын сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
  2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар.

2-нұсқа.

  1. Маңдай, иық сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
  2. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазыңдар.

Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1-нұсқа.

  1. Туынды сын есімді белгілеңіз.

а) қара;    ә) қызыл;    б) қызықты;    в) қоңыр;

  1. Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қойып жазыңыз.

Қыстан ... көптен күткен көктем келді.

а) шейін;  ә) кейін;     б) дейін;           в) және;

  1. «Жылы» сөзіне антоним табыңыз.

а) ыстық;  ә) жұқа;     б) салқын;        в) қалың;

  1. Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?

а) ыстық;  ә) суық;     б) жылы;          в) салқын;

  1. Дұрыс жазылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) алтын қар;  ә) алтын су;  б) алтын күз;  в) алтын бу;

  1. Қатесі бар сөзді көрсетіңіз.

а) қырау;  ә) қайық;   б) қайың;           в) жәңа;

  1. «Алғашқы» сөзіне синоним табыңыз.

а) соңғы;  ә) кешегі;  б) бірінші;         в) ертеңгі;

  1. Қыста түн қандай болады?

а) жылы;  ә) қысқа;   б) ашық;            в) ыстық;

  1. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) дәрігер;  ә) қызметкер;  б) тілшілер;  в) менеджер;

  1. Өткен шақ жұрнақтарын көрсетіңіз.

а) –ты, -ті;  ә) –ып, -іп; б) –а, -е;     в) –ған, -ген;

2-нұсқа.

  1. Көп нүктенің орнына көсемшенің жұрнағын жалғаңыз. Ол ойна ... берді.

а) –п;      ә) –гелі;        б) –а;          в) –қалы;

  1. Қандай адам ұлттық киімдер тігеді?

а) зергер;  ә) ұста;      б) шебер;    в) дәрігер;

  1. Ә. Қастеев кім?

а) жазушы;  ә) режиссер;  б) сазгер;  в) суретші;

  1. «Қалада» сөзі қай септікте тұр?

а) атау;    ә) жатыс;     б) барыс;    в) ілік;

  1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?

а) 4;       ә) 5;       б) 8;      в) 10;

  1. Ортақ етісті табыңыз.

а) ақылдас;  ә)айт;  б) кел;  в) шақыр;

  1. Алтыбақан деген не?

а) би;  ә) өлең;  б) шығарма;  в) ойын;

  1. «Қорқақ» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

а) еңбекқор;  ә) батыр;  б) еріншек;  в) іскер;

  1. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) дәрігер;     ә) қызметкер;   б) тілшілер;   в) мұғалім;

  1. «Кәрі» сөзінің синонимін табыңыз.

а) жас;    ә) таза;    б) қарт;    в) батыр;




Предварительный просмотр:

Какое гордое призванье – давать другим образование!

 

Плохой учитель преподносит истину,

Хороший – учит ее находить.

Дистерверг

21 век. Какой он? Чего он ждет от нас, переступивших его порог? Эти вопросы волнуют каждого мыслящего человека. Заставляют задуматься о глубоком смысле бытия. Безусловно, основным ответом на этот вопрос является то, что 21 век – это век информационных технологий, это век коммуникабельного, конкурентноспособного человека, высоко образованного, с развитыми навыками саморегуляции. Дети 21 века – это мы, это те, которые сейчас сидят за школьными партами и конечно, тот, кому место возле школьной доски, то бишь мы с вами, уважаемые педагоги. Мы с вами призваны воспитать достойное поколение 21 века. Такая задача сейчас стоит перед школьными учителями. А в силах ли школьный учитель вырастить разносторонне развитого, высокого образованного представителя 21 века, который сумеет практически применить школьные знания за стенами класса, того, про которого казахский народ говорит «Бәрін біліп туады»? Конечно, да. Ибо учитель всегда был человеком несущим свет, добро и знания.

В современных условиях жизни, когда обновляется общество, именно педагогу необходимо найти оптимальные пути и решения для того, чтобы не обесценились его знания. Сегодняшняя политика государства всесторонне поддерживает школьного учителя. Это не пустые слова. Задумавшись, каждый учитель может привести примеры этой поддержки.

Уровневые программы повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан на сегодняшний день являются ярким примером вышесказанного. Цель программы - удовлетворение образовательных потребностей педагогических работников в получении дополнительного объема знаний и навыков, обеспечение готовности казахстанских учителей к непрерывному профессиональному развитию в условиях динамично меняющегося мира, содействие инновационным процессам в образовании, способствующим эффективности методической работы учителя. От себя же как учителя, прошедшего курсы второго (основного) уровня могу сказать, что главным преимуществом полученных знаний является то, что теперь я знаю, в каком направлении мне двигаться. Советская система образования, которой придерживаются мои уважаемые опытные коллеги, несомненно, является лучшей. Однако, в 21 веке: «меняется мир – меняемся мы!» Эти слова для меня стали девизом. Мы не должны стоять на месте, как сказал глава нашего государства Н.А. Назарбаев в одном из своих Посланий народу Казахстан, «любое государство развивается, перенимая опыт других». Нынешние преобразования предлагают нам «примерить» лучшее из опыта обучения детей США, Великобритании, Южной Кореи, Японии, а так же Сингапура и  Финляндии, которые по показателям PISA занимают лидирующие места. Как сказал Иммануил Кант « Не мыслям надобно учить, а мыслить» - в этом я вижу залог успешности человека, то есть не надо кормить голодного рыбой, надо научить его ловить рыбу. Знания, транслируемые в готовом виде мало помогут ученику, а вот, если мы научим ученика самостоятельно добывать знания, то этот подход будет гораздо результативнее. В этом я убедилась на практике.

 «Казахстанское обучение сегодня -  это всё ещё отголоски советского, но уже с элементами нового, «продвинутого».  К сожалению, и сегодня мы можем увидеть, что учитель всё тот же авторитарный, требующий беспрекословного выполнения его требований, стоящий у доски с указкой в руке человек.  Но ведь такой подход нужно менять!? В первую очередь ради наших детей и самих учителей», - это слова моего коллеги, который тоже прошел курсы по данной программе и внес яркие, положительные преобразования в свою практику. Я думаю, что сроки реализации данной программы  дадут возможность обучиться многим моим коллегам, что привнесет в казахстанское образование большие и положительные перемены, потому что они необходимы казахстанским школьникам уже сейчас, в настоящем!

Помимо развития и совершенствования своего профессионального мастерства, учителям, прошедшим данные курсы прибавляется существенная надбавка к заработной плате, что является некоторым стимулом в работе.  

        В преддверии нового учебного года я ставлю перед собой четкие, измеримые и достижимые цели. И те цели, которые лозунгом звучали для меня раньше, которые не являются реальными во времени я заменила на SMART цели, я теперь знаю, что хочу от каждого конкретного дня своей педагогической практики. Эти курсы повлияли на мое сознание, научили по новому мыслить, оценивать, научили меня быть учителем новой формации. Таким учителем, который нужен сегодняшним, ученикам, мыслящим наравне, а то и на шаг вперед своих учителей.

Как говорил западный ученый Стронг «стержневой фигурой в совершенствовании деятельности школ и обеспечении успешности обучения учеников является личность учителя». В образовании случайных людей не бывает, они просто не задерживаются в этой сфере, я верю, что мои коллеги, прошедшие уровневые курсы, будут являться той самой «стрежневой фигурой».

Программа второго уровня предусматривает проведение коучингов, реализацию процессов менторинга и исследования в действии. Пройдя практику на втором (дистанционном) этапе обучения мы реализовывали все эти процессы, проводили коучинг сессии. Это сделало нас сильнее в профессиональном плане. И теперь несмотря на возраст и небольшой стаж работы я могу поставить себя наравне со старшими коллегами, ведь эти курсы вооружили меня такими знаниями и навыками, которые никто не сможет отобрать. Ведь поменялось сознание, мышление, подходы к той или иной проблеме. Бесценным качеством, которое я в себе выработала, при помощи своих тренеров, это – умение рефлексировать. Любой рефлексирующий человек – это человек умеющий самосовершенствоваться, достигать новых высот не только в труде, но и в жизни. Могу так же сказать, что прохождение этих курсов научило меня общаться с людьми разного возраста, склада ума и характера так, будто между мной и ими нет всего этого. Если мы будем учить детей так, как учили нас, то они обязательно станут самомотивированными, успешными, легко ориентирующимися в цифровом пространстве людьми. Этому мы научились, ознакомившись с принципами семи модулей, которые нам предлагает данная программа. «Руководство для учителя», по которой нас обучали на курсах, стала для меня не только настольной книгой учителя, но и любимой, даже среди книг по художественной литературе.

Всех эмоций, впечатлений, знаний, мастерства которые я получила обучившись на курсах, словами не передать. Но я благодарна судьбе, что являюсь не только немым свидетелем данных преобразований, а активным их участником. Теперь я знаю, что у мой ребенок вырастит успешным, коммуникабельным, целенаправленным, этому его научит школьный учитель. Благодаря данным преобразованиям в системе образования Республики Казахстан каждый родитель может быть спокоен за школьное образование своих детей. А мы теперь знаем, что школа – это мастерская, где формируется мысль, закаляются воля и характер подрастающего поколения и надобно крепко держать ее в руках, ведь школьный учитель обладает такой силой, какой не обладают даже министры!!!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Как научить ребенка «любить» математику, если у него «гуманитарный» склад ума?»

Я в статье попыталась показать работу учителя с детьми "гуманитарного" склада ума.На конкретном примере рассмотрела,  как можно привить интерес к математике....

Презентация по теме "Спам и защита от него"

Происхождение терминаНаиболее распространённые виды спамаСпособы распространения Причиняемый вредБорьба со спамом...

Презентация к уроку технологии: Песочное тесто и изделия из него

Дидактический материал к урокам технологии....

Презентация "Конфликт и выход из него"

Презентация "Конфликт и выход из него"...

Содержание обучения и психолого-педагогические предпосылки включения в него социокультурного компонента в целях повышения мотивации изучения иностранных языков в общеобразовательной школе.

Проблема содержания в методике обучения иностранным языкам (ИЯ) остаётся одной из самых актуальных. Особо важное значение имеет взаимосвязь содержания обучения (СО) с социальными требованиями ...

Проверочная самостоятельная работа по теме "Основное тригонометрическое тождество и следствие из него"

Проверочная самостоятельная работа проверяет основные тригонометрические формулы...

Основы безопасности жизнедеятельности. 6 класс. Тема 7 «Здоровье человека и факторы, на него влияющие», урок 30 «ЗОЖ и факторы, на него влияющие».

Данная презентация иллюстрирует тридцатый урок ОБЖ в 6 классе  «ЗОЖ и факторы, на него влияющие» по программе  «Основы безопасности жизнедеятельности» для 1 – 11 классов общеобразовательных ...