Оттектің химиялық қасиеттері. Жану
методическая разработка по химии (8 класс) по теме

Ермаханова Эльмира Абдибаевна

на казахском языке написан конспект урока

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ottek.doc156.5 КБ

Предварительный просмотр:

8 сынып

Тықырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:  Оттектің табиғатта таралуы,физикалық және химиялық қасиеттері,реакция теңдеулерін жазып, теңестіру,икемділіктерін қалыптастыру

Б) Дамытушылық:  Химия пәніне қызығушылығын,химиялық формула,химиялық теңдеу құру,дағдыларын арыттыру,танымдық қабілетін,ой-өрісін дамыту

В) Тәрбиелік:  Оқушылардың химиялық құбылыстар жөніндегі көзқарастарын жетілдіру,логикалық есептердің дұрыс шешімін табуға үйрету,дербестік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың типі:  Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, демонстрациялық тәжірбиелер, есептер, жаттығулар орындау

Сабақтың көрнектілігі:  Кестелер сызылған плакаттыр, реактивтер, үлестірме қағаздар, элементтер таңбалары,портреттер,т.б

Сабақтың құрылымы:

                                           1.Ұйымдастыру

                                           2.Үй тапсырмасын тексеру

                                           3.Жаңа сабақты түсіндіру

                                           А) «Ұғыну»

                                           В) «Химиялық қарапайым тәжірибелер»

                                           С) «Халықтық педагогика»

                                           Д) «Ойлану»

                                           Е) «Кім тапқыр?»

                                           Ғ) «Кім жылдам?»

                                           4.Бекіту:

                                           «Танымдық ойындар»

                                           А) «Киіз үй қаңқасын құрастыру»

                                           Б) «Ақ сүйек ойыны»

                                           В) Есептер шығару

                                           5.Үйге тапсырма беру

                                           6.Қорытындылау,бағалау

І.Ұйымдастыру:

Балаларды түгелдеу,сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Теориялық сұрақтар жарысы»

Сынып оқушылары үш қатар болып жарысады.Әр қатар оқушылары көрші қатардағы оқушыларға сұрақ қояды.

А) Оттектің жалпы сипаттамасы

Ә) «Оттек-элемент» және « Оттек – жай зат» деген ұғымдардың арасындағы айырмашылық.

Б) «Оттексіз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесіздер?

В) Өршіткі деген не?

Г) Қандай ғалымдарды білесіздер? Оттекті алғаш алған, ауаның құрамын зерттеген ғалымдарды ата

Ғ) Оттектің физикалық қасиеттері

2. «Білімге белсендіру»

Оқушылардың оттек туралы шығармашылық жұмысы.

                        ...... «Өзің менің оттегім,

                                 Өмірім сенсіз жоқ менің»......

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

А) «Ұғыныу» (жаңа материалдарды меңгеру)

Көптеген металдар мен бейметалдар оттекпен әрекеттесуге бейім келеді.Қыздырғанда оттегі көптеген заттармен қуатты реакцияласады да жылу және жарық бөлінеді.Мұндай реакциялар мен жану реакциялары деп аталады.

А) Көмірдің оттекпен әрекеттесуі

Оттегі бар ыдысқа шоқтанған көмір апарса жарқырап,қатты қызады және жанады.Қандай зат түзілгенін білу үшін ыдысқа әкті су құяды.Ол лайланады,өйткені көмір жанғанда көміртегі (ІV) оксиді түзіледі.    

С+О2=СО2

Ә)Күкірттің оттекпен әрекеттесуі

Күкірт оттегінде ашық көк жалын шығарып жанады,өткір иісті,улы,тұншықтырғыш газ- күкірт (ІV) оксиді түзіледі

S+O2=SO2

Б)Фосфордың оттекпен әрекеттесуі

Фосфор оттегінде фосфор (V) оксидінің қатты бөлшектерінен тұратын,көз қаратпайтын жарық шығарып,ашық жалынмен жанып,қою ақ түтін түзеді.

4P+5O2=2P2O5

В)Металдардың оттекпен әрекеттесуі

Оттегінде,әдетте, жанбайды деп есептелетін заттар,мысалы, темір де жанады.Егер жіңішке болат сымға сіріңке шырпысын бекітіп ,оны жаққан соң оттегі бар ыдысқа апарсақ,шырпыдан темір жанады.

Темір жалын мен түтін шығармай,шатырлап,темір қағының балқыған тамшыларының жарқыраған ұшқандарын шашып жанады.

3Ғе+2 О2=Ғе3О4 немесе ҒеО * Ғе2О3

Жәй және күрделі заттар жанғанда әр түрлі оксидтер түзеді.

Оксидтер- біреу оттегі болып келетін екі элементтен түзілетін күрделі заттар

Б) «Химиялық қарапайым тәжірбиелер»

Тәжірбие №1 «Алма неге қараяды?»

Тәжірбие мақсаты: Алмаға оттектің әсерін көрсету.

Керекті құрал жабдықтар:

Алма,С дәруменінің таблеткасы немесе лимон қышқылы

Тәжірбиенің орындалуы:

1.Алманы екіге бөлу

2.Таблетканы ұнтақтап,алманың бір жартысының кесілген жеріне себу.

3.Алманың екі бөлігін де ашық күйінде біраз уақыт қалдыру.

4.Екі бөліктің түстерін салыстыру

Нәтиже: С дәрумені себілген алманың түсі өзгермейді,ал екінші бөлік қоңыр түске енеді.Себебін оқушылардың өздері шешуге тырысады.

Тәжірбие №2 «Сутек асқын оксидінің ыдырауы»

Тәжірбиенің мақсаты: Картоп тілігі арқылы сутектің асқын оксидін су мен оттекке айналдыру.

Керекті құрал жабдықтар:

Сутек асқын оксиді,шикі картоптың тілігі,стакан.

Тәжірбиенің орындалуы:

1.Стаканға жартылай сутек асқын оксидін құю (Н2О2)

2.Оған шикі картоптың тілігін салу

3.Не болғанын бақылау

Нәтиже:Газ көпіршіктері бөлінеді.

В) «Халықтық педагогика» (жұмбақтар шешу)

1.Иісі де,дәмі де жоқ,ұсталмайды,

   Ол болмаса,тіршілік,өмір де жоқ.

   Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

   Қалады қарауытып көмір боп шоқ (Оттегі)

2.Табылған соң жерден 110 элемент,

   Жерді үлкен дене дейміз керемет

   Бірақ бөлсек әр қайсысына еншісін,

   Екеуіне төрттен үші келер еді

   Атаңдар сол элементті,

    Құрап тұрған кереметті (Оттек және кремний)

3.Бірі жанып,бірі қолдап жануды,

   Екі элемент бізге бұрын танылды

   Өрт болып еді,сөндіруге көп адам,

   Қосылсын алып соған ағылды (Оттек,сутек және су)

4.Өзім газбын менімен дем аласың,

   Жоқ болсам ауа жетпи қиналасың (Оттегі)

5.Кең әлемді кернейді,

   Бірақ көзім көрмейді

   Ол не?  (Ауа)

6.Салмағың бар өлшесем

   Көрінбеейсің көзге сен (Ауа)

7.Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

   Көрінбейді өзі түгіл қарасы да.

   Білінбей жер астында жүрседағы,

   Пайдалы адамзаттың баласына. (Ауа)

Г) «Ойлану» (химиялық диктант)

Барлық оқушыға жеке тапсырма үлестірме қағаз арқылы беріліп,оксидтердің формулаларын теріп жазады және бір-бірлерін тексеру арқылы бағаланады.Мына заттар тізбегінен оксидтердң формулаларын теріп жазыңдар.

І-нұсқа.

Na2CO3,CO2,H2SO4,AL2O3,KCL,P2O5,CaSO4,FeO, Cu (OH)2,

Na2O,HNO3,MgO

II-нұсқа

Al2(SO4)3, SO3,H2CO3, Fe2O3,CaCl2, H2O,K2SO4,Li2O,Na3PO4,CuO,NaNO3,N2O5.

Д) «Кім тапқыр?»

 Графопроектордан тапсырмалар орындау.Көп нүктенің орнына тиісті элемент таңбасын қойып,теңдеуді теңестіріңдер.

А) Н2О2→....+....        Б)... + О2→Р2О5

Ә)....+НСL→ZnCl2+H2        В)....+....→Li2O

Е) «Кім жылдам?»

 Мына өзгерістерді қалай жүзеге асруға болады?

А) С→СН4→СО2

Ә)S→H2S→SO2

Б)Н2О→О2→СаО

Бекіту:

 «Танымдық ойындар»

А) «Киіз үй қаңқасын құрастыру»

Қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан баспанасы киіз үйдің қаңқасына оттектің физикалықжәне химиялық қасиеттерін зерттеп жинақтау.

Мақсаты: Киіз үй қаңқасын құрасиыру үшін сұрақтарға дұрыс жауап беріп,жасырын тұрған сөзді табу.

Заттардың жылу және жарық                                     Газдардың оттекпен өзара

бөліп тотығатын химиялық                                        әрекеттесу реакциялары

реакциясы 2Н2+О2→2Н2О                                         2Сu+O2→2CuО                                                        

                                                         

                                               

1.Түссіз,иіссіз,дәмсіз газ                                                          1.2Са+О2→2СаО

2.Суда аз ериді                                                                           2.С+О2→2СО2

3.-183С-де сұйылады                                                                3.4Na+O2→2Na2O

4.М r(O2)=Mr(ауа)                                                                     4.2N2+5O2→2Na2O5

5.Қалыпты жағдайда                                                                  5.4Al+3O2→2Al2O3

1л (О2)=1,43г

Оксидтер-біреуі оттек болып келетін екі элементтен түзілген күрделі заттар

        (СаО,СО2,Na2O,N2O3,Al2O3,FeO,Fe2O3)

Б) «Ақсүйек ойыны»

Мақсаты: Белгісіз элементтің қазақша аталуы,химиялық таңбасы,салыстырмалы атомдық массасын табуға элемент мәнін ашып,жасырын тұрған химиялық элементті тауып жаттығуға арналған ойын.

Керекті құралдар:белгісіз элементті табуға арналған кесте,Уақыты 3-5минут.

Ойын шарты:ойынға сынып толық қатысады.Кестедегі бос орында «Ақсүйек» тығылып жатыр.Кім химиялық элементті дұрыс айтса,сол табады.Химиялық элементті дұрыс айтпаса (шығармаса) кермені аттап кетеді.

Периодтар

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VI

VII

VIII


3



11


12

Мg

24.305  

магний


13


14

Si

28.0855

кремний


15


16


17


18

Ar

39,948

аргон

 

«Ақсүйекті» кім көп жинаса,сол ұтады.Ойын әрі қарай түрленіп,жалғасып отырады.Көп «Ақсүйек» жинаған бала бағаланып,мадақталады.

В)Есептер шығару: (№7 есеп,65 бет)

Массасы 260 гр ацетилен С2Н2 толық жанғанда түзілетін көміртек диоксидінің массасын есептеңдер.

V.Үйге тапсырма беру:

  «Нені үйрендім?», «Нені білгім келеді?» деген төңіректе ойлану,жауап іздеу

22 оқып,5-6 жаттығуды орындау

VI.Қортындылау ,бағалау

Газ

Жану

Тотығу

Физи           калық

қасиеттері

Оттек

Химиялық   қасиет тері

Оксидтер

Қызылорда облысы                                 Қазалы ауданы                                        Әйтеке би кенті                                             №70 Жанқожа батыр атындағы мектеп                                       Химия пәнінің мұғалімі                     Ермаханова Эльмира Абдибаевна


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Тема урока «Доли и дроби»_Васильева Жанна Витальевна

Презентация к уроку "Доли и дороби"...

Конспект урока по истории Средних веков 6 класс по теме: "Столетняя война.Жанна Д"Арк"

Данная разработка  включает в себя  видеофрагмент, после его просмотра , учитель  совместно с учениками озвучивает тему урока, которую они записывают в карты самоконтроля. А т...

Творческий отчет об однодневном походе в долину реки Жане

Творческий отчет  об однодневном  походе  в долину реки Жане в селе Возрождение учащихся  5 «В» класса  муниципального автономного  общеобразовательного учреждения  ...

Урок истории Средних веков в 6 классе. "Подвиг Жанны д,Арк"

Повторительно-обощающий урок по теме "Столетняя война". На примере подвига Жанны д, Арк сформировать у учащихся представление о героизме. Урок разработан на основе применения технологий сотрудничества...

Конспект открытого урока истории в 6 классе по теме:"Окончание столетней войны. Жанна д,Арк"

1337-1453 Столетняя война. Одно из самых тяжелых времен в истории Франции. Этот урок о том как молодая, смелая и по истине великая девушка встала на защиту своей родины. Её имя Жанна д,Арк!...

Жанна перед казнью

Киптограмма...

«Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері

1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, алгоритмнің өрнектелу жолын талдай отырып, блок-схемасын сызу, орындаушы мен оның командалары, міндетері ұғымын қалыптастыру;2. Алгоритм құру ...