ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылға жолдауы
классный час (5 класс) на тему

Шакибаева Гулсум Мухамбетовна

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты  Жолдауын түсіндіру,насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon zholdau.doc29.5 КБ

Предварительный просмотр:

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы

 Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты  Жолдауын түсіндіру,насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлеріне үшінде орны ерекше. Президентіміздің әр Жолдауынан тың,серпін, жаңа бағыт-бағдар аламыз. Ел басшысы өз Жолдауында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап,қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында қосар үлесі зор екендігін баса айтты.Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болып,қарыштап дамуы үшін біз білімді, саналы.отансүйгіш жастарды тәрбиелеуіміз қажет. Кезекті Жолдауында Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.

Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Елбасы  жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келеді. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің  креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!. Жаңа құжатта әдеттегідей жастарға да көңіл бөлінген.Әсіресе жастардың тұрғын үймен қамтылу жайы айтылған.Сондай-ақ өскелең ұрпақтың әлеуметтік жағдайына да мейлінше аударылатыны жөнінде тілге тиек етілгені көпшілікті бей-жәй қалдырған жоқ.

Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл - біздің сайлау алды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.

2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.

Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Моя семья выбирает Президента

Классное родительское собрание, посвящённое выборам Президента, можно провести в форме ринга, показать презентацию о кандидатах, обсудить совместно различные ситуации выборов в России, представить ...

Винный погреб президента России в Константиновском дворце

Название говорит за себя.Фильм можно посмотреть по ссылке:http://www.dailymotion.com/video/xjalsa_yyyyyy-yyyyyy-yyyyyyyyyy-yyyyyy-y-yyyyyyyyyyyyyyyy-yyyyyy-yyyyyy-yyyyy-yyyyyyyyyy_travel...

Игра"Выборы Президента школы"

Игра с использованием знаний по праву. Выборная кампания в школе Состоит из нескольких этапов....

Игра"Выборы Президента школы"

Игра с использованием знаний по праву. Выборная кампания в школе Состоит из нескольких этапов....

Как стать президентом (материал для классного часа)

Материал содержит воспоминания Д.А.Медведева о детских и юношеских годах...

Внеклассное мероприятие "Выбираем президента страны Химия"

"Выбираем президента страны Химия" интеллектуальная игра в девятом классепо теме "Закономерности в периодической системе на примере подгруппы кислорода"Содержание игрысоставлено на основе сведений об ...

Презентация послания Президента к народу Казахстана на 2015 год.

Презентация послания Президента к народу Казахстана на 2015 год "Нурлы жол - путь в будущее"...