эссе
материал на тему

эссе учителя

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл мұғалімнің эссесі14.69 КБ

Предварительный просмотр:

Мұғалімнің қазіргі қоғамдағы рөлі қандай? Мұғалімнің қоғамдағы рөлі зор екенін біз сенімді түрде айта аламыз. Қазақстанда ірі қалалардан гөрі шағын елді мекендер, ауылдар көбірек. Ал мұндай жерлерде оқыту, тәрбие ісінен басқа әлеуметтік, мәдени істер де мұғалімнің қызметіне кіреді. Үлкен қалаларда да көптеген мемлекеттік мекемелердің арқа сүйері – мектеп мұғалімдері. Мектеп мұғалімдері арқылы әр түрлі ақпарат жинау, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, қоғамдық шараларды ұйымдастыру іске асырылып жатады. Өз заманында Ы.Алтынсарин: «Мұғалім – мектептің жүрегі,» - деген болатын. Қазіргі уақытта мұғалім мектептің ғана емес, қоғамның жүрегі деуге де болады.

     Дана адамның айтқан бір сөзі есте қалды. Өкінішке қарай, бұл сөздің иесі кім екеніне назар аудармаппын. Бірақ халықта: «Жақсы - көпке ортақ,» -  деген сөз бар ғой. Осы айтылған ой көпке ортақ болып кеткен сияқты. Даналық сөздің мәні мынада: адамның өмірінде үш ұстаз болады екен; бірінші ұстазы – өмірге әкелген ата-анасы, екінші ұстазы – білім-ғылымға үйреткен ұстазы, үшінші ұстазы – өмірдің өзі. Осы үштіктің қатарында мұғалімнің болғаны мақтаныш сезімін тудырады. Менің кішкентай кезімде үлкендер «мұғалім бол» деп бата беретін. Қарап отырсақ, қай уақыт болмасын, мұғалімдерге деген көзқарас ерекше болған. Біздің заманымызда мұғалімдер – қоғамның белсенді мүшелерінің бірі. Үкімет тарапынан мұғалімдерге жақсы көңіл бөлініп отырғанын көріп отырмыз.  Жыл сайын мұғалімдердің жалақысы өседі. Биылдан бастап, мұғалімдердің білімін жетілдіру жүйесі өзгеруде. Мектеп қажетті құрал- жабдықтармен толығуда. Орта білім жүйесіндегі жағдайды жақсарту үшін көп істер жасалып жатыр. Мына өзгерімпаз, шапшаң даму үстіндегі қоғамда бізге, мұғалімдерге, үнемі іс-әрекет, шығармашылық ізденіс үстінде болуға тура келеді. Мұғалімнің жұмысы бірқалыптылықты, жан тыныштығын көтермейді. Өз басым кейде уақытым, күш-қуатым керекті арнаға емес, зая кетіп бара жатқандай сезінемін, кейде өзімді қоғамға пайдалы іспен айналысып жүрмін деп ойлаймын. Сондай-ақ, мұғалім болуым кездейсоқтық нәрсе емес деп ойлаймын. Біріншіден, мен мұғалімдер әулетіненмін. Өзіме зор үлгі тұтатын атам мен ұлы анам ұстаздықпен айналысқан. Соңымнан ерегн сіңлілерім де ұстаздық мамандығын таңдады. Екіншіден біздің отбасымызда мұғалімдерге құрметпен қарау көзқарасы қалыптасқан. Өзімнің ісімді ұнатамын. Мен мұғалім мамандығын «таза» мамандықтарының қатарынан деп санаймын. Ол мұғалім қара жұмыспен айналыспағандықтан емес, мұғалім жаны пәк, алдампаздықтан ада, арамдыққа жаны қарсы, азатшыл, еркіндікті сүйетін жандармен, яғни, балалармен жұмыс істейді. Мені жас ұрпақпен, еліміздің жаңа өсіп келе жатқан азаматтарымен, іс-әрекеттес болу қызықтырады.  

     Балалармен қарым-қатынаста әріптестік педагогиканы жақсы көремін. Ісің өнімді болсын десең, балалармен тіл табыса білу керек. Балаларды өзіме бағындырамын деген әрекет нәтиже бермейді. Жек басым туралы айтсам, мені мұндай қарым-қатынас қинайды. Заман ағымына сай балалар қызығатын нәрсеге қызығушылық танытып, олардың білуге ұмтылатындарынан хабардар болып отырсақ, мұғалім мен оқушы арасында түсіністіктің болуына мүмкіндік көбірек. М.Шахановтың айтуынша, түсінбеу, түсінуге тырыспау «қылмыспен тең». Мұғалім бала жанын түсінуге, ол қандай болмасын, оны дұрыс қабылдауға міндетті. Әйтпесе, жұмыс ешқандай қанағаттану сезімін бермейді, онда ол ашу, жек көрушілік сезімін тудыратын іске айналып кетеді.  Салыстыра қарасақ, мұғалім бұрынғы заманда балалар үшін көп білетін дана тұлға болған, қазіргі заманда мұғалім жан-жақты ақпараттанған, оқушының айтпағанын іс-әрекетінен, көңіл-күйінен айтқызбай-ақ түсіне алатын, оған әділ баға бере алатын тұлға болу керек.

Қазіргі уақытта педагогикалық жұмыс көптеген технологиялар негізінде құрылып жатыр. Барлық технологиялардың негізгі міндеті – оқушыны «өзі үшін үйреніп, жылма-жыл ашылуға», яғни, өздігімен білім алуға ынталандыру. Мұғалім тек бағыттаушы, оқушы – білімді өздігімен алушы. Бұны, менің ойымша, қате түсінетіндер де бар. Оқушыға тапсырма беріп, мұғалім сабақта қарап тұрмау керек. Сабақтың әр кезеңінде жеке оқушымен жұмысты ұйымдастыра білген тиімді деп санаймын. Сонда сабақ бойы оқушы да, мұғалім де іс-әрекет үстінде болады. Бұндай жағдайда жеке тұлғаға бағытталған оқыту үрдісін де іске асыруға мүмкіндік туады. Ұжыммен жұмыс істей отырып жеке баланы оқыта білу шеберлікті, шығармашылықты талап етеді. Қазіргі заманғы мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын тұлға болу керек. Балалардан креативті ойлауды, шығармашылық іс-әрекетті қалап отырып, өзіңнің сол талаптарға сай болмауың мамандыққа сәйкессіздікті көрсетеді. Қорыта айтсам, мұғалімдік іс көп нәрсені талап етеді, жұмысың үшін құрбан еткен нәрселеріңді көп жағдайда елемейді. Осыған сабырмен қарап, жақсы жетістіктерге ұмтыла беру керек. Мұғалім мамандығы жөнінде С.Л.Соловейчик сөзімен аяқтағым келеді: «Ол – әртіс, бірақ оның көрермендері мен тыңдаушылары оған қол шапалақтамайды. Ол – мүсінші, бірақ оның жұмысын ешкім көрмейді. Ол – дәрігер, бірақ оның емделушілері алған емі үшін ризашылықтарын білдірмейді және, көбінесе, емделгісі келмейді. Күнделікті шабыт үшін күш-қуатты қайдан алмақ? Тек өз бойынан, өз ісінің ұлы екендігін мойындаудан».


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Структура эссе. Алгоритм написания эссе.

Структура эссе . Алгоритм написания эссе....

Критерии оценивания эссе. Примеры эссе и их анализ .

Критерии оценивания эссе . Примеры эссе и их анализ....

Эссе. Темы эссе

В помощь сдающим ЕГЭ по английскому языку...

Формирование навыков написания эссе с элементами рассуждения (эссе с выражением собственного мнения)

Статья описывает правила и принципы написания эссе по английскому языку с элементами рассуждения (эссе с выражением собственного мнения), а также типичные ошибки при написании эссе такого типа....

Учебно-методическая разработка "Эссе-мнение: как написать эссе за 50 минут"

УМР учитывает принцип визуализации при подаче материала. Может быть использован как раздаточный материал на вводном уроке по написанию эссе-мнения. (Разработка выполнена для получения зачета на курсах...

Учимся писать эссе: Эссе моих учеников на различные темы на немецком языке

Написание эссе - одно из сложнейших заданий ЕГЭ по ИЯ. Научить писать эссе - нелёгкая задача для любого учителя. Начинать писать эссе стоит уже с 7 класса. Данная публикация содержит оригинальные и не...