Эвфемизм мен дисфемизм.
методическая разработка (5 класс) по теме

Шукуров Суюнгали Сагинтаевич

Урок учителя казахского языка и литературы СОШ им.Т.Жарокова ЗКО Мамбеталиева Сапара Абдоллаулы

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon evfemizm.doc43 КБ

Предварительный просмотр:

І Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.

ІІ Сабақтың мақсаты: Білімділік – сыпайы сөздер мен дөрекі сөздердің

                                                               табиғатын таныту. Шығу төркінін,

                                                               этимологиясын, семантикасын  түсіндіру.

                                         Тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін арттыру, ауызекі сөйлеу

                                                              тілінде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ

                                                              болуға, таза, әсерлі сөйлеуге төселдіру.

                                         Дамытушылық – сөздік қорларын сыпайы сөздермен  

                                                                       толықтырып, тіл мәдениетін дамыту.

ІІІ Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

ІҮ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Ү Көрнекілігі: графопроектор, электронды оқулық, кеспе карталар, «Қазақ тілі»

                           оқулығы 5-класс.

ҮІ Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылықты ояту бөлімі

Әдепсіз                                            Әдепті

дөрекі                                        жағымды

жағымсыз                                        сыпайы

бейпіл                                         жылы

тұрпайы                                         жақсы

жаман                                        әдемі

көріксіз                                         көркем

Мағынаны тану бөлімі

Интервью (жаңа түсінік беру)

Эвфемизм.  Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны дисфемизм деп атаймыз.

Мылжың – сөзуар, өтірік айту – қосып айту, ұрланды – қолды болды, ұрлық жасамау – ала жібін аттамау, өлді – қайтыс болды т.б.

Толғаныс бөлімі

Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.

  1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.

(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)

  1. Қақылдаған тауық тумай қоймайды.

(тумай – жұмыртқаламай)

  1. Шошқаға ерген балшыққа аунар.

(шошқаға – нашар, жаман адамға)

  1. Жолдасың соқыр болса,

Сен де бір көзіңді қысып қой.

(соқыр – ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)

  1. Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.

(туып – лақтап)

  1. Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.

(боқта – жаман нәрседе)

  1. Сараң да бір, сасық су да бір.

(сасық – лас, иістенген)

  1. Өсекшінің тілі қышып тұрады.

(өсекші – сөзуар)

  1. Қысыр сөзде қырсық көп.

(қысыр – жаман, мәні жоқ)

  1. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

(итпен – сенімсіз адаммен)

Ойын ойналады. Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді».

        Өлді, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, қайтыс болды, көзі көрмейді, о дүниелік болды, аяғын сілтіп басады, ақсақ, көз жұмды, қол салды, иттің ғана баласы, ұры, оңбаған, ұрлап алды, қаза болды, қолды болды, апатқа ұшырады, көзің шыққыр.

Орындалатын жаттығулар: 104-жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу. 108-жаттығу. Берілген тапсырма: ырым-тыйымдарды талдау.

Венн диаграммасы.

Эвфемизм

Ортақ

Дисфемизм

Сыпайы

Жағымды

Ауыстырып айту

Әдеби тілдің үлгісіне жатады.

Тіл біліміндегі құбылыс. Ойды бейнелейді. Мақсатты сөйлеу.

Әдепсіз

Дөрекі

Жағымсыз

Әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.

Ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі.

ҮІІ Бекіту сұрақтары.

        Зымыран сұрақтар:

  1. Ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі? Эвфемизм.
  2. Мағынасы жағынан эвфемизмдерге қарама-қарсы құбылыс? Дисфемизм.
  3. Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай? Төмен.
  4. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын тілдік құбылыс? Дисфемизм.
  5. Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан құбылыс? Эвфемизм.

ҮІІІ Үйге тапсырма. 107-жаттығу. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдар  

                                       жазып келу.

IX Бағалау.

Сапар Абдоллаұлы Мамбеталиев

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

Т.Жароков атындағы ЖББОМ мұғалімі