Оқушыларға рухани-адемгершілік тәрбие берудің әдістемелік жолдары.
учебно-методический материал по теме

Аяпова Жумагул Исагаликызы

Тәрбиелеу – балаға мақсат көздей, ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпал арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл-ой қабілетін дамытады, оны алдағы еңбекке даярлайды.

Бала тәрбиелеу – зор, елеулі, сонымен қоса қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаға, көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұдан да қиынырақ іс. 

Скачать:


Предварительный просмотр:

                 Оқушыларға рухани-адемгершілік тәрбие беру.

        Тәрбиелеу – балаға мақсат көздей, ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпал арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл-ой қабілетін дамытады, оны алдағы еңбекке даярлайды.

           Бала тәрбиелеу – зор, елеулі, сонымен қоса қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаға, көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұдан да қиынырақ іс.

   Жаңа кездегі білім берудің  өзекті мәселесі жасөспірімдерге адамгершілік ─  рухани тәрбие беру болып табылады. Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, рухани дүниесі бай адамдарды қалыптастыру, басталуы керек. адамгершілік сияқты қасиеттерді шыр етіп дүниеге келген кезінен дарытып, отбасынан бастау керек. Жасөспірімдердің іс-әрекеті, мінездері, яғни адамгершілігі  өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Яғни, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеуді күнделікті өмірде ойната және оқыта отырып, жүзеге асырамыз. Балаларды дұрыс тәрбиелеу тәрбиешінің балалармен жақсы қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен байқалады. Мұндай мақсатқа бағытталған жұмыс еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруды және өз қолымен жасай алуды соған қуана білуді дамытуға үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелейді.  Тиімді ұйымдастырылған оқу-тәрбие жағдайлары бала тұлғасының дамуына ықпал жасап, белсенділігін бірте-бірте қалыптастырады. Әр балаға қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.

     Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана─сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар─ожданы мол, еңбектенуден шаршамайтын, бойында жақсы қасиеттері көп қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Адамгершілік – адамның рухани байлығы, ол адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасымен сипатталады да,  олар адамдарды сыйлауға, құрметтеуге, қайырымдылыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек қана жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелесе  ұстаздың да ата-ананың да еңбегінің ақталғаны. Баланың рухани жетілуі үшін, , оған рухани саналықты меңгерту қажет. Баланың рухани санасы – өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықты сезінуі. Дәстүрлі құндылықтарымызға сай, жастар мен балалардың, рухани дүние танымын қалыптастыру қажет. Жас ұрпақтың өмірде дұрыс жол таңдап, адами құндылықтарға жат ақпараттарды ажырата білуіне үйрету. Әрбір жасаған жақсылығың жүрегіңді қуанышқа бөлеп,   өміріңді ұзартады, жамандық жүйкенді тоздырып, күйзелтеді. Рух күшті болу үшін бір-бірімізге жақсылық жасауда биік адамгершілік қасиет керек. Жасөспірімдерді рухани тазалыққа тәрбиелеу үшін, ең алдымен: ой-сана, сөз, іс, таза қылықты қолға алу керек. Ой-сана тазалығының бірінші көрсеткіші – тіл тазалығы, сонымен қатар ол рухани білім мен тәжірибені күнделікті жетілдіріп, баланы қоғамдық өмірде ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретіп,  сөзіне, ісіне жоғары деңгейде қарауға үйретуіміз керек.

Кез-келген мәселені ақылоймен саралап, өмірлік тәжірибеге айналдырып  қолдана білуді оқушы өзінің ой-санасымен шешуі қажет.Бабаларымыз «ақылмен мыңды жығарсың» деп айтқан, баланы сондай ақылдылық үйретуіміз керек. Әрі іс-әрекеті де сол жағдайға сай, пайымды, әрі саналы болуы тиіс. Осылардың барлығы адамгершілік рухани  тәрбие ұғымына саяды. Бұл тәрбиені оқушы жанұясы мен мектептен алады. Ұстаздың бала тәрбиесінде алатын үлесі зор, жоғарыда аталған қасиеттерді шәкірт бойына сіндіру біздің парызымыз.

Адамгершілік – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтың құрал.

Адамгершілік - рухани тәрбие─оқушылардың  бойында мінез-құлықтың белгілі-бір сипаттарын қалыптастыру. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі-бір мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекеттерін ұйымдастыру осы тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттерінің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілдігін, ілтипаттығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Бүгінгі күнде әлемдегі болып жатқан соғыстар, адамдардың арасындағы қайшылықтар, алауыздықтар баланың сана-сезіміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан қазіргі таңда балаға жол сілтеп отыратын ақылды ата-ана, ұстаз қажет.

   Жаңа үлгідегі жаңа талаптарға сай мектеп оқушыларына рухани тәрбиені әртүрлі әдістермен беруге болады. Адамды адам қылатын осы қасиеттер, адамгершілік, жанашырлық, сыйластықты оқушы қоршаған ортасына қарап үйренеді. Ал қоршаған ортаны балаға біз, яғни ата─ана мен ұстаздар жасаймыз.

     Оқу үрдісіне рухани─адамгершілік тәрбиені қосу түрлері:

Балаға жастайынан адамгершілік қасиеттерді бойына дарытып, ойына сіңдіру керек.  Бұл үшін үш мүмкіндік бар:

  • кез─келген пәнді оқытуда рухани─адамгершілік құндылықтарды қосып отыру;
  • осы құндылықтарды сыныптан тыс сабақтарда дамыту;
  • оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу.

Кез─келген пәнді оқытуда рухани─адамгершілік құндылықтарды қосып отыру

Рухани тәрбие әлемдегі әр құбылыстарда көрініс табады. Сондықтан оны қалаған пәніңізге арқау етуге болады. Әрбір пән оқушыда адамгершілік қасиеттерді дамытуға үлес қоса алады. Мысалы, қазақ тілі сабағында бір тақырыпты бекіту үшін оқулықтан мәтін беріледі. Сол тұста оқушыға талдаумен қоса, рухани тәрбие беретін мағынадағы мәтінді ұсынуға болады. сонымен қоса тәрбие сағаты кезінде оқушыларды адами құндылықтарға тәрбиелеуге машықтанған дұрыс. Себебі тәрбие сағатының уақыты осыған арналған.

Рухани құндылықтарды сыныптан тыс сабақтарда дамыту

     Оқушыларға рухани─адамгершілік құндылықтарды сыныптан тыс өткізілетін факультатив сабақтарда, әртүрлі тақырыптағы кештерде беруге болады. Мысалы, әдеби кештерде оқушылардың өздеріне жақсы рухани тәрбие алатын шығармадан сахналық көрініс дайындату-тәрбие беру жолдарының ұтымды тәсілі, себебі оқушы мәтінді тек оқымай, оның өн бойына еніп, өз басынан өткендей болады. Әрі өз ойымен пайымдайды, тұжырым жасауды үйренеді. Сонымен қоса, әр сыныпта бекітілген тәрбие сағаттарының мазмұнын рухани-адамгершілік тақырыпта өткізуге болады. Мысалы, жақында ғана Лондонда болып өткен әлемдік олимпиада жайлы тәрбие сағатын өткізуге болады. Сабақ тақырыбын : «Дүйім дүниенің дүбірлі додасы» деп атап, сабақты өткізу барысында, оқушылардың көкірегінде еліне деген махаббат сезімі оянып, халқының жемісті жеңісіне шаттанып, рухы биік ел екенімізге көздерін жеткізуіміз керек. «Егемен қазақстан» газетінде берілген, олимпиадада барысында өзге елдердің Қазақстанның жеңістерін тамашалап, айтқан пікірлері, еліміздің менталитеі жайлы түйгендерін оқушыларға мысалға келтіруге болады. Ресейліктер А. Винокуровтың алтынын жоғары бағалапты. Ал Винокуров бұл жайға таң-тамаша болыпты. «Біз Винокуровты қанша мақтап, оны өзімізге тартсақ та, ол енді ешқашан Ресейге келуді ойламайды» деп жазыпты Ресейлік баспасөз. Одан әрі Винокуровтың қазақ халқын И. Ильин алтын алған кезде, қазақ тілінде құттықтағаны айтылады. Винокуров: « Ильинді және бүкіл Қазақстан халқын бесінші алтынмен құттықтаймын!» деген құттықтау жолдады. Газет тілшілері олимпиадада қазақ байрағын жамылып, спорт сарайна кіріп келе жатқан екі жасты әңгімеге тартады.олар – Жасұлан мен Гүлден, олар оқитын Лондон жанындағы шағын қаладағы қазақ студенттері келісіп, ойынға алдын-ала билет алып, ұйымшылдық танытқан. Жасұлан мен Гүлденнің ұстаздары бұрын Қазақстанның атын естігені болмаса, ол жайында ештеңе білмеген екен. «Осынша алтын медальды экономикасы мықты, жағдайлары жақсы ел ғана ала алады.демек, Қазақстан осал мемлекет емес, тарихын оқиық»,- деп ықылас білдіріпті. Ағылшындықтар біздегі бауырмалдық қасиеттерді де сөз қылыпты. «Ұйымшыл халық, елдері алыс болса да, спортшыларын қолдауға көп келіпті», -дейді. Міне осындай мысалдарды келтіре отырып, оқушыға мәлімет беріп, әрі рухани-адамгершілік құндылықтарын байыта аламыз. Оқушы өз елінің өзге елдерден қарағанда, адамгершілік, бауырмашылдық қасиеттерімен жоғары тұратынын біліп, өз елін мақтан тұтуы тиіс. Рухы биік еліміздің ұрпағы екеніне қуанып, шаттануы тиіс...

Оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу

       Жалпы адамгершілік құндылықтар арнайы сабақтарда да берілуі мүмкін. Ондай сабақтарда міндетті түрде тақырыпқа шығармашылық тұрғыдан қарау керек. Сонымен қоса, мұғалім осындай сабақты өткізгенде, мына мәселелерді ескеру керек:

  1. Жаттандылықтың болмауы керек, өзге пәндерге қарағанда, бұл сабақтардың тақырыптары қатып қалған ғылыми қағидаға, фактілерге сүйенбейді.
  2. Бағалаудың болмауы.  Мұғалім бұл сабақтың адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу мақсатында өткізііп жатқанын естен шығармауы керек, оқушыларды бөліп- жармай, олардың барлығына бірдей, өмірдегі қиын жағдайларда көмек болатындай тәрбие беруге міндетті.
  3. Уақыттың молдығы,еркіндік  қажет. Сабақ өту барысында уақытты молынан пайдалану керек, әрі сабақ оқушыға еркіндік жағдайда, ортада өтуі қажет.себебі оқушының қабылдауына, еркін ойлануына ешнәрсе кедергі болмауы тиіс.
  4. Өмірмен байланыс. Сабақ барысында мұғалім өзіне мынадай сауал қоюға тиіс: « оқушылармен өтіп жатқан тақырыбым оқушылардың өміріне қаншалықты жақын, мен олармен не туралы сөйлесем?»
  5. Ұстаздың бейнесі. Ұстаз өзі үйретіп отырған құндылықтардың өз бойында да бар екенін көрсете білуі тиіс, себебі оқушы бірінші ретте өтілген мәселені, құндылықтарды ұстазының бойынан табуға тырысады.  

     Ұстаздың бейнесі Адамның қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Адамгершілік тәрбиесі жаттанды сабақпен емес, баланың жан-дүниесіне әсер ету, ояту арқылы қалыптасады.

«Анау жақсы мынау жақан» дей бергеннен гөрі, іспен дәлелдеп көрсету керек.

Қазақ халқының  тәрбиесі өзгеге ұқсамайтын мән-мазмұн, ерекшеліктерге толы. Бабаларымыз ұрпағын әдепті, ар ұятты, мейірімді,адамгершілігі мол, рухани жан дүниесі бай етіп тәрбиелеуге мән берген.Бұл мәселе сонау Шоқан, Ыбырай, Абай дәуірінде де өзекті болды.

Рухани байлығымыз әдет – ғұрып салт, мәдениет, әдебиет, өнер болса,бүгінгі тәрбиенің міндеті – сол ұлттық байланысты жанаша озық ұстанымдармен байланыста, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Әр баланың өз сенімін ашу, нығайту.

Жеке тұлғаның адамгершілік деңгейіне мінездеме:

Адамгершілігі мол, жауапкершілігі жоғары, қоршаған ортаға, өзіне сыйластықпен қарайтын, өз қызығушылығын басқаның қажетімен байланыстыра алатын адам.

Өзіндік түйсігі

ұлттық түйсігі                                                               құзырлылығы

:

отбасылық түйсігі                                                             әлемдік түйсігі

                                                                               

                               

                                          жалпы адам заттық түйсігі

Адамгершілік – рухани тәрбие берудің қағидалары:

  • Балаға жүрегінді сыйла
  • өзіңнің бала болғанды ұмытпа
  • өз тәрбиесіне өз еркімен қатысуына жағдай жаса
  • балаға қарым – қатнасымен қуаныш сыйла
  • мұғалімнің сөзі мен ісі шынайы болсын, жасанды болмасын
  • балаға қарым – қатынасың қуаныш сыйласын
  • бала сенімін сақтай біл
  • балаға сыйлы болғын келсе, баланы өзін сыйлай біл
  • баланың жан – дүниесімен санас
  • баланың кемшілігін көп алдында бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа
  • әр баланың ерекшелігін, жан – дүниесін ұға біл
  • баланың жетістігін үнемі көрсете біл.

Сонда:

  • Егер баламен достық қарым – қатнас жасасаң, ол адамгершілікке үйренеді
  • Егер баланы қолдай білсең, ол ұстазын сыйлауды, бағалауды үйренеді
  • Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ, шыншыл болады.
  • Егер бала қауіпсіздікте  өмір сүрсе, ол адамдарға сене біледі
  • Егер баланы мақтаса, дұрысын дұрыс деп тапсаң, ұстазын құрметтейді
  • Егер баланы мазақ етсе, ол тұйық болады
  • Егер баланы көп сынай берсе, ол жек көруге үйренеді
  • Егер балаға қысым жасалса, қатыгез болады.

Адамгершілік – рухани қасиеттерді үлкендерден, ұстаздарынан, тәрбиешілерінен насихаттау жолымен емес, сол қасиеттерді олардың бойынан шынайы көруі арқылы алады.

Қисық ағаш түзетуге келмейтін сияқты, балаға жастайынан дұрыс тәрбие беріп, түзу жолға салып жібермесе, кейін қисық жолдан шығарып алуға оңайға түспейді.


Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:

Слайд 2

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам. 3. өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы б)Білім беру жүйесін жаңырту жөніндегі бұдан былайғы қадамдар. Бүкіл жаңғырту үдерісінің табысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білі бер жүйесін жаңартудың табысты жолы болып табылады. Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды. Білім беру мекемелерін оңтайландыру Оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Слайд 3

Адамгершілік-рухани тәрбие – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі-бір сипаттарын қалыптастыру . Адамгершілік – адамның рухани байлығы, ол адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасымен сипатталады да, олар адамдарды сыйлауға, құрметтеуге, қайырымдылыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді.

Слайд 4

Балаға жастайынан адамгершілік қасиеттерді бойына дарытып, ойына сіңдіру керек. Бұл үшін үш мүмкіндік бар. Оқу үрдісіне рухани-адамгершілік тәрбиені қосу түрлері: Кез-келген пәнді оқытуда рухани-адамгершілік құндылықтарды қосып отыру; Осы құндылықтарды сыныптан тыс сабақтарда дамыту; Оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу.

Слайд 5

Сабақты өткізгенде, мына мәселелерді ескеру керек: Жаттандылықтың болмауы керек. Өзге пәндерге қарағанда, бұл сабақтардың тақырыптары қатып қалған ғылыми қағидаға, фактілерге сүйенбейді. Бағалаудың болмауы. Мұғалім бұл сабақтың адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу мақсатында өткізііп жатқанын естен шығармауы керек, оқушыларды бөліп жармай, олардың барлығына ьірдей өмірдегі қиын жағдайларда көмек болатындай тәрбие беруге міндетті. Уақыттың молдығы,еркіндік. Сабақ өту барысында уақытты молынан пайдалану керек, әрі сабақ оқушыға еркіндік жағдайда, ортада өтуі қажет.себебі оқушының қабылдауына, еркін ойлануына ешнәрсе кедергі болмауы тиіс. Өмірмен байланыс. Сабақ барысында мұғалім өзіне мынадай сауал қоюға тиіс: «оқушылармен өтіп жатқан тақырыбым оқушылардың өміріне қаншалықты жақын, мен олармен не туралы сойлесем?» Ұстаздың бейнесі. Ұстаз өзі үйретіп отырған құндылықтардың өз бойында да бар екенін көрсете білуі тиіс, себебі оқушы бірінші ретте өтілген мәселені, құндылықтарды ұстазының бойынан табуға тырысады.

Слайд 6

Өзіндік түйсігі Жалпы адамзаттық түйсігі Әлемдік түйсігі Құзырлығы Отбасылық түйсігі Ұлттық түйсігі

Слайд 7

Балаға жүрегінді сыйла Өзіңнің бала болғанды ұмытпа Өз тәрбиесіне өз еркімен қатысуына жағдай жаса Балаға қарым-қатнасымен қуаныш сыйла Мұғалімнің сөзі мен ісі шынайы болсын, жасанды болмасын Балаға қарым-қатынасың қуаныш сыйласын Бала сенімін сақтай біл Балаға сыйлы болғын келсе, баланы өзін сыйлай біл Баланың жан-дүниесімен санас Баланың кемшілігін көп алдында бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа Әр баланың ерекшелігін, жан-дүниесін ұға біл Баланың жетістігін үнемі көрсете біл . Адамгершілік-рухани тәрбие берудің қағидалары:

Слайд 8

Сонда: Егер баламен достық қарым – қатнас жасасаң, ол адамгершілікке үйренеді Егер баланы қолдай білсең, ол ұстазын сыйлауды, бағалауды үйренеді Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ, шыншыл болады. Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сене біледі Егер баланы мақтаса, дұрысын дұрыс деп тапсаң, ұстазын құрметтейді Егер баланы мазақ етсе, ол тұйық болады Егер баланы сынап отырса, ол жек көруге үйренеді Егер балаға қысым жасалса, қатыгез болады.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Факультативтік курс "Фонетиканы оқытудың практикалық жолдары"

Бұл факультивтік курс қазақ тілі мұғалімдеріне көмек құрал ретінде арналған.         Негізге мақсаты: басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйрену басырында...

"Сәләтле шәхес тәрбияләүдә тәрбия эшенең йогынтысы"

Бүгенге көндә тормыш мәктәп алдына тәрбия эшен яңача оештыру бурычын куя. Чөнки хәзерге чорда безнең илдә бара торган яшәү өчен көрәш, шәхси эшмәкәрлекне хуплау, җәмгыяттә үз-үзеңне генә ихтирам...

Ризаэддин Фәхреддин иҗатында тәрбия-әхлак һәм шәхес тәрбияләү нигезләре”

Материал об использовании трудов Р. Фахреддина для нравственного воспитания детей ....

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС

Тақырыбы :      «Информатикаға кіріспе.  Адамның ақпараттандырған іс-әрекеті»Мақсаты: Ғылым ретіндегі информатика ұғымын , ақпарат түрлері және қасиеттерін, санау жүйелер...

Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары

Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары...

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейіжөнінен әлдеқайда жоғары болу керек....

Тәрбия эшләре буенча директор урынбасарларының район семинарына ачык тәрбия сәгате дәрес эшкәртмәсе . Тема : “Бәхет кайда ул?”

Дәрес темасы – Бәхет.Уздыру формасы – диспут.Максат: 1.     Укучыларны “Нәрсә ул бәхет?” дигән темага уйланырга мәҗбүр итеп тормышта үз урыннарын табарга ярдәм итү....