научно-исследовательская работа
творческая работа учащихся (6 класс) на тему

научно-исследовательская работа"Қорқыт  атаның нақыл  сөздерінің тәрбиелік  мәні"

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon no3_orta_mektep_nurgazieva_g._gylymi_zhumys.doc148.5 КБ

Предварительный просмотр:

Қазақстан Республикасының  білім  жіне  ғылым  Министрлігі

«Шемонаиха  ауданының  білім  беру  бөлімі Ю.А. Гагарин   атындағы №3 жалпы  білім  беретін орта  мектебі»КММ

Қорқыт  атаның нақыл  сөздерінің тәрбиелік  мәні

Ғылыми  зерттеу  жұмысы

Секция: қазақ әдебиеті

                                      Бағыты: қазақ  әдебиеті

Тақырыптың авторы:   6 «В» сынып  оқушысы                                    

                                Мубарак   Әлиби

                                 

                                             Жетекші: Нұрғазиева Г.Ч.

                                          Кеңесші: Нұрғалиева Р.К.

2013 жыл.

МАЗМҰНЫ:

1.

Мақсаты. Міндеттер.

1-2

2.

Жоспар. Жұмыс  барысында қолданылған  әдіс-тәсілдер.

2

3.

Кіріспе.

2-3

4.

Теориялық  бөлім.

4-6

5.

Күллі түркі халықтарына ортақ Қорқыт Ата тағылымдық қағидалары

7

6.

Қорқыт  ата жырлары  мен  өсиет  сөздерінің   тәрбиелік  мәні:

8-9

7.

Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге  байланысты  нақыл сөздері және  олардың   мағынасы.

10

8.

Қорқыт  атаның  ана  туралы   нақыл   сөздерінің  тәрбиелік    мәні:

11

9.

«Қорқыт кітабы» негізінен прозалық жанрлардағы   өлең-жыр түріндегі нақыл   сөздерінің   тәрбиелі   мәні.

12-13

10.

Қорытынды.

13-14

11.

Біздің  келешектегі  жоспарымыз.

15

12.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

16

Қорқыт  атаның нақыл  сөздерінің  тәрбиелік  мәні

«Ю.А. Гагарин атындағы  №3 орта  мектебі» ММ  Тақырыптың авторы:

6 «В» сынып оқушысы  Мубарак Әліби

Ғылыми  жобаның  жетекшісі:  Нұрғазиева Г.Ч.

Кеңесші: Нұрғалиева  Р.К.

Аннотация

                Мақсаты:

  • Қорқыттың  нақыл  сөздерінің тәрбиелік    мәнін  тарихи тұрғыда   кеңейту.
  • «Қорқыт  ата»  кітабындағы  өнегелі   нақыл  сөздердің  мән-мағынасына   кеңінен  зерттеу  жұмысын  жүргізу

Міндеттер:

  1. Қажетті   әдебиеттерді  таңдау, менгеру.
  2. Тарихи   деректер  негізінде, Қорқыт  ата  жырларының  тәрбиелік  мәні туралы деректер жинау, әдебиеттегі   мағлұматтарды  салыстыру , ізденіс  жұмыстарын  жүргізу.
  3. Мұрағаттан  алынған   материалдарды  менгеру.

Зерттеудің    жаңашылдығы:

Зерттеудің   жаңашылдығы орыс  және  өзге  ұлт  өкілдеріне,   әсіресе мектеп  оқушыларына  қазақ   әдебиетіндегі  Қорқыт  ата  жырларындағы   нақыл  сөздердің  тәрбиелік  мәні туралы және  осы   күнге  дейін өз   күшін  жоғалтпаған,  қолданысқа   ие  көне  мұрамыздың    тәрбиелік  мәнінің  ерекшеліктері  туралы  танып   білу.

Жоспар:

  1. Ғылыми  жұмыстың  мақсаты  анықтау.
  2. Ғылыми  жұмыстың  жоспарын құру.
  3. Қорқыт   ата  кітабымен  танысу
  4. Қорқыт ата  жырларының , нақыл  сөздерінің  тәрбиелік  мәні туралы  деректер  жинау.
  5. Мұрағаттардан, облыстық  кітапханадан  алынған   ғылыми  әдебиеттермен  танысу.

Жұмыс барысында  қолданылған  әдіс-тәсілдер:

  1. Бақылау  әдісі:
  2. Тарихи  әдіс
  3. Аналитикалық әдіс.
  4. Салыстыру  әдісі.
  5. Іздену  әдісі.
  6. Зерттеу  әдісі.

            Кіріспе.

            Біздің  ұсынып отырған  ғылыми  жобамыздың тақырыбы «Қорқыт  атаның  нақыл  сөздерінің  тәрбиелік  мәні». Осы   ғылыми  жобаны   алу себебіміз көне  заманнан    қолданып келе жатқан ру-тайпа  таңбалары  туралы кеңінен  білу  және  көне  тарихымызды   өскелен  ұрпаққа  таныту.

Ауыз  әдебиеті-  халықтың   өткен  ұрпағын,  қазіргі  және   келешек    ұрпағын  мәңгілік  біріктіретін,  ең  сенімді    алтын  арқа

Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу  туралы  кеңінен   айтылған.  Қорқыт атаны қазақ, жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады.
Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен даналық тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады.  Әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқалады.
Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ.Нақыл   сөздердің   тәрбиелік  мәні   теренде  жатыр.

Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек:

«Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды»

«Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады”.

“Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді».

Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді”.

“Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды».

Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас”.

“Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды”.

“Ананың көңілі балада болар”.

“Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ”.

Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан:

“Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі”

“Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы”

“Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді”

“Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық”.

   
Шығармадағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдоусидің “Шахнамасына” үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол – бүкіл түркі халықтарына ортақ жайында сақталған. Көшірмесін түріктер одан біз қазақ тіліне аударған.
Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. “Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді:
Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес,
Арналы өзендер қартайса, су келмес,
Биелер қартайса, құлын бермес,
Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес1
Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары
тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: “Бала
болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын емес”.

Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған.
Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны қазақ, жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады.
Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен даналық тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқалады.
Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбие, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады.

“Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас”.

“Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес”.

“Ұлдың күні қараң, ата өлік мал қалмаса”.

“Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса”.


Күллі түркі халықтарына ортақ Қорқыт Ата тағылымдық қағидалары

Қорқыт Ата мұрасына бүгінгі ХХІ ғасырда өмір сүретін ұрпақ ерекше мән беріп, ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінде кеңінен пайдаланылып келеді.

«Қорқыт ата кітабын» дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі.

Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар.

Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі.

Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі:

Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Ақ қайыңның безінен
Қағып алған қобызым.
Әзегінен қара емен
Ойып алған қобызым.
Қыл құйрығын тұлпардың
Ішек қылған қобызым.
Таутекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.

Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт:
“ Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар ”, — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан , деген   аңыз бар.

Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?

Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі.
Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.
Үшіншіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.

 Осы  аңыздан Қорқыт атаның  өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік етуді ансағандығын білеміз.

          «Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді.
Қорқыт туралы аңыз көп тараған. Бір аңызда: оның ерекше туу тарихы, анасының оны үш жыл көтергені, ұзақ толғатқаны, сәби дүниеге келер кезде аспанды қара бұлт басып, найзағай ойнағаны, нөсер жаңбырдың құйғаны, адамдардың бұл құбылыстан қатты қорқып, балаға Қорқыт деп ат қойғаны, бала туған кезде аспан шайдай ашылып, әлемге күн сәулесінің төгілгені, сәбидің бірден сөйлеп кеткендігі айтылады. Тағы бір аңызда Қорқыт желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан көк майса "қурап солдым" деп, аспанмен тілдескен асқар тау "бұрын сәулетті едік, мыжырайғыш біттік" - деп мұңаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға кездеседі. Қорқыт өлімге қарсы ем іздеуге әрекеттенеді, бірақ ол еңбегінен де ештеңе шықпайды. Соңында "өлмейтін нәрсе жоқ екен" деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезін қобызда мәңгіліктің күйін тартумен өткізеді. Өлмеуді, мәңгі өмірді қобыз үнінен іздейді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді.

Қорқыт бабамыз асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән - күй өнерінің атасы. Күйші қобызы бірде тағдырдың қайғы - мұңын шертіп, ботадай боздайды, бірде мәңгілік өмір мен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдайды.
Қорқыт туындыларының әрқайсысының шығу тарихы туралы аңыздар бар.
"Ұшардың ұлуы". Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын "Ұшар" деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдеп - ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол үшті - күйлі жоқ болып шығады. "Ескі жұртта қалған шығар" - деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай - ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай - сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген анасы да: Жалғызымнан айрылдым, Қанатымнан қайрылдым, Ұшар, Ұшар кә, кә... - деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінің айрылған тазы – екеуі қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі "Ұшардың ұлуы" деп аталады.

Қорқыт  ата жырлары  мен  өсиет  сөздерінің   тәрбиелік  мәні:

Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алауыздықтан аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін біліп, батырлыққа бейімдейді.

Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Әулие атамыздың асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қасиетті еңбегінің қадірін арттырып, қастерлей береміз. Өйткені, ол- этностық тәлім-тәрбиенің алатын бастауы.

«Қорқыт ата кітабында” және «Қорқыт жырларында” Қорқыт айтқан афористік қорытындылар да бар. Мысалы:

 «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас”, «Ақын тілді, ат тұяқты келеді”,

«Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес”, «есекті жүгендегенімен жылқы болмас,”, «қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ” .

Қорқыт ата- дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары қобыз мен домбыраны алғаш жасаушысы, өз заманының кемеңгер ойшылы. Қорқыт ата өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің қүз келісімен сарғайып солғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулармен мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, «сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ” деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықтан іздейді. Өмірінің соңғы кезін домбыра-қобыз тартып, күй шығарумен өткізеді. Ең ақырында қобыз күймен көз жұмып, артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырады”.(«Қорқыт жыры”, «Мұра журналы, 1982ж.і-саны). «Қорқыт күйлері” дейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ардақталып, ойналып келеді. Қорқыт жырының қорытындысы: «өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмтылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дегенді аңғартады.

Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.

Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге  байланысты  нақыл сөздері және  олардың   мағынасы.

Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес.

Өлген адам тірілмес.

Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес.

Көңілі пасық ерде дәулет болмас.

Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас.

Ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.

Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас.

Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды.

Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ.

Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы.

Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы.

Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

Өтірік сөз өрге баспайды.

«Өмір барда өлім бар, өзгеру бар»

«Өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады».

«Мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген  игілікті ісінің нәтижесі».

"Ат түяқты келеді, ақын тілді келеді"

"Есекке қанша жүген салғанмен ат болмас"

"Тәкаппарды тәңір сүймес"

Қорқыт  атаның  нақыл   сөздері   мақал-мәтелдерге   айналған. Қорқыт  атаның  нақыл   сөздері оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелейді.

Қорқыт  атаның  ана  туралы   нақыл   сөздерінің  тәрбиелік    мәні:

Ана — ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы.

«Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман».

«Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас».

«Ниеті құрыған әйел, нысапсыз әйел, кесір әйел».

Қорқыт ата   әйелдің түрлерін салыстыра сипаттап, әйел-ананың қоғам дамуына негіз болатындай ұлағатты болуын уағыздайды.

Қорқыт жырларында әйел ананың ақыл-ойы, ерге беріліп, ел үшін ерлік жасауы, ана абыройы қастерлене баяндалады

Сондықтан ананы құрметтеу, ананы аялау, ананың абыройын ардақтау — кісіліктің белгісі, ердің инабаты, ұлттың  ұлағатты қасиеті деп біледі Қорқыт атамыз. Осы ойын жырларына өзек етіп, ұрпағын ананы ардақтауға баурайды. Дүниетанымдық, тәлім тәрбиелік   мәні  зор  ұлттық  педагогикамыздың  бастауы  болып  табылатын  Қорқыт  атаның  жырлары мен  өсиет  сөздері,  күйлері мен  аңыз  әңгімелері  жалпы адамзаттық  тәрбие  ұлағаттарына  үлкен  үлес  болып  қосылады.  Қорқыт ата- халық  ұстазы  болды.  Оның  асыл  мұраларын  - этностық  тәлім-тәрбиенің   алтын  бастауы  деп  білеміз.

Қорқыт атаның нақыл сөздерінде  түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан.

          Қорқыт  ата  тұлғасы халқымыздың мәдениетінің дамуындағы көп ғасырлық желісі жалғастырып, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз.  Әсіресе , тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріндегі салт-дәстүр, құндылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда «Қорқыт атаның  нақыл  сөздерінің  тәлім- тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай орын   алғаны  және  осы  нақыл  сөздерді  күнделікті  өмірімізде   әлі  күнге   дейін қолданатымызды  дәлелдедік.

«Қорқыт кітабы» негізінен прозалық жаннырлардағы   өлең-жыр түріндегі нақыл   сөздерінің   тәрбиелі   мәні.

 Алла демейінше, іс түзелмес, тәңірі бермейінше, ер байымас,
Құл – төбе болмас, күйеу бала – ұл болмас.

Алла Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше

Қорқыт Ата тағы да сөйлейді, тыңдап көрелік, не дер
мықты, жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне білмес, ол мінгенше.

Қорқыт Ата тағы да сөйлейді, тыңдап көрелік, не айтар
Жердің соны шөбін киік білер.

Жайылым жердің көкорай шалғынын
Қорқыт Ата тағы да сөйлеп кетті, тыңдап көрелік, не
Ауызымды ашып, тілге келтірген көктегі Тәңірі көрікті. Тәңір досы.


          Қорқыт Ата- нағыз көсем  ретінде көріністерге, дінге көзқарастарына кейбір қайшылықтар,зорлық, зомбылықетек алған кездегі ел жайын суреттеу, жақсылыққа, әділеттілікке  жетелейді.

           Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, еліне   арнаған   нақыл  сөздері:

Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;

Ат қиналмай жол шалмас;

Көңілі пасық ерде дәулет болмас;

Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас;

Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін ұмытады.

Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай:. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.

”Тәңірге  сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды.

Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды.

Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады.

Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді.

Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді.

Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.

Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды.

Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді.

Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды.

Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиеленген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас

Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету.

Қорытынды:

               Ұлтымыз ғасырлар бойы қызғыштай қорып, имандай сеніп келген бұл
Салты басқа, жаңа әрі ғажайып өмірге шығарып салудың күрделі
Қорқыт – осы сенімнің айқын айғағы. Бұл дүниенің де,
Өлі десем өлі емес,
Тірі десем тірі емес,
Ата Қорқыт әулие, деген өсиет осыдан қалған.


        Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның
Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік жел маясына
"Қорқыт атаның кітабы" осы күнге дейін Дрезден қаласында он
"Қорқыт ата кітабының" жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін,
"Қорқыт ата кітабының" қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары
Қорыта айтқанда, "Қорқыт ата кітабы" - әр  түрлі  жырларының   тәрбиелік   мәні ұшан теңіз  екендігін  дәлелдеу.
Әдебиеттердегі  берілген анықтамалардан көңілге түйгеніміз -
мектеп  жасындағы оқушылардың  білім алуында Қорқыт  атаның  нақыл   сөздерінің  тәрбиелік мәні зор.

 Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмысымызды  және  әлеуметтік-тұрмысымызды    көрсетеді.   Қорқыт  жырларында  халқымыздың   болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері үлкен  орын   алған. Қорқыт Атаны қазақ, жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың  атасы  деп  білеміз.
Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен даналық тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқалады.

Біздің  ғылыми   жобамызда  Қорқыт  ата   жырларындығы   нақыл   сөздер  мен баталардың    тәрбиелік    мәні   жайлы   кеңінен   таратып   зерттеу   жұмысын   жүргіздік.  Қорқыт  атаның   нақы    сөздерін   қанша  ғасыр   өтсе   де ,  бүгінгі  күні   де  тұрмысымызда   қолданамыз.  Қазіргі   күні сөз етіп отырған әлеуметтік құндылықтар бүгінгі күннің туындысы.
Қорқыт  ата  нақыл  сөздерін  ізгілік  қарым-қатынас пен әдептілікті орнықтыру бағытындағы тәрбиелік жұмыстарда қолдануға болады.

Біздің келешектегі   жоспарымыз:

  1. Қорқыт  ата  жырларының  тәрбиелік   мәні   бар    көп , деректер   жинау.
  2. Орыс  тілінде    білім  алатын мектеп  оқушылары   арасында қазақ  әдебиетіне  деген  қызығушылығын  арттыру.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :


1. Айдосов А.Х. Қорқытнама. Алматы: Бастау, 1997. 68 бет.
2. Адамбаев Б. Казахское народное ораторское. Алматы: «Ана тілі»
3. Бартольд В.В. Китаби Коркут. Борьба багатыря с ангелом
4. Данабаев К. Түркі жарық жұлдызы // Сыр бойы.
5. Жарықбаев К. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы: Қазақстан, 1996-160
6. Жирмунский В.М. Книга моего деда Коркута. М., Л.,
7. Жарқынбаев М. Өмір жырын толғаған ұлы баба //
8. Ислам энциклопедиясы (бас редактор. Б.Нұрғалиев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»
9. Ибраев Ш. Тәңірлік дін өкілі - Қорқыт ата.
10. Коргулы X. Огузский героический эпос. М., 1967, с.34
11. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: Ғалым, 1980,
12. Көбесов А. Орта ғасырдағы қазақ ғалымдары.//Білім және еңбек

13. Қазақ  әдебиеті 6-сынып  оқулық Қ. Әбдезұлы., С. Ч.  Тұрсынғалиева.



Информационно-развлекательный портал Resurs.kz

Рекламодателю

Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Научно-исследовательская работа Внедрение инновационных форм контрольно-оценочных процедур в процесс изучения дисциплин естественно-математического цикла Научно-исследовательская работа Внедрение инновационных форм контрольно-оценочных процедур в проце

В любой образовательной системе особое место занимает контроль – отслеживание усвоения знаний и мониторинг качества обучения. Внедрение новых образовательных и информационных технологий в учебны...

Проблема педагогической нравственности в рассказе В. Распутина «Уроки французского» (научно-исследовательская методическая работа, в помощь учителю к уроку литературы)

Одной из главных тем в творчестве В Распутина является тема "нравственности человека". Предметом исследования литературы является человек со своими страстями, радостями и горе...

Статья преподавателя английского языка Михальковой Т.Л.: «Информатизация на уроках английского языка в формировании навыков научно-исследовательской проектной работы у студентов»

В статье рассматриваются причины информатизации на уроках английского языка, развитие проектной деятельности студентов в колледже. Раскрываются вопросы общеучебных умений и межпредметных связей.Описыв...

Аннотация "Методические рекомендации для учителя по формированию исследовательских навыков школьников через интегрированную проектную деятельность по английскому языку и предметам естественно-научного цикла на примере научно-исследовательской работы

Аннотация "Методические рекомендации для учителя по формированию исследовательских навыков школьников через интегрированную проектную деятельность по английскому языку и предметам естественно-нау...

Научно-исследовательская работа позволяет каждому школьнику испытать, испробовать, выявить и актуализировать хотя бы некоторые из своих дарований. Дело учителя – создать и поддержать творческую атмосферу в этой работе. Научно-исследовательская деятельност

Научно-исследовательская работа позволяет каждому школьнику испытать, испробовать, выявить и актуализировать хотя бы некоторые из своих дарований. Дело учителя – создать и поддержать творческую ...