доклад на РМО "Методы обучения казахскому языку в русской школе"
материал (9 класс) на тему

Оканова Рауза Мутаевна

Орыс мектебінде қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ жүргізу барысында мұғалімдер жалпы әдебиетті оқыту әдістерін ұстанады. Пән қызметіне орай, оқушы дайындығының деңгейлерін ескере отырып, тақырып пен сабақ түріне сәйкес мұғалім оларды өз қалауынша қолданады.

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл доклад21.5 КБ

Предварительный просмотр:

Орыс мектебінде қазақ әдебиетін оқыту әдістері

Оканова Р.М. «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі

«Камышинка «Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ»,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Орыс мектебінде қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ жүргізу барысында мұғалімдер жалпы әдебиетті оқыту әдістерін ұстанады. Пән қызметіне орай, оқушы дайындығының деңгейлерін ескере отырып, тақырып пен сабақ түріне сәйкес мұғалім оларды өз қалауынша қолданады.

Белгілі әдіскер ғалымдар А.Кешімбаев, Т.Ақшолақов, Қ.Бітібаева еңбектерінде қазақ әдебиетін оқыту әдістері мынадай түрлеріне бөлінген.

Баяндау әдісі. Әдебиет сабақтарында баяндау әдісі деп мұғалімнің монологті сөзі арқылы оқу материалдарының түсіндірілуін айтады. Мысалы, ақын, жазушының өмірбаяны, өтілгелі тұрған шығарма жайындағы тарихи-әдебиеттік түсініктеме, түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру, көркем шығарманы талдау, т.б. жағдайларда баяндау әдісі көбірек қолданылады.

Көркем сөз мәнін мәнерлеп оқу әдісі - көлемі шағын шығармаларды (қысқа өлең-жырлар, әңгімелер, келемді шығарманың үзінділері, мысал өлеңдер) мәнерлеп оқу (алғашқы оқу, талдау барысындағы оқу, қайталап оқу).

Түсініктеме бере отырып оқу әдісі. Бұл әдіс көлемі шағын шығармаларды немесе қысқа үзінділерді мәтіннің мазмұн жігіне қарай бөліп оқи отырып, жол-женекей талдау жасап отыру мақсатымен қолданылады. Мұнда мәнерлі әуез екінші орынға шығады да, бірінші кезекте көзделген мақсатты ашу үшін қажетті түсіндіру атқарылады.

Әңгіме әдісі. Әңгіме әдісінде қойылатын сұрақтар үш жүйеге бөлінеді.

Шығарманың тақырыбын, жоспарын, кейіпкерлерінің, образдарының құрамын, сюжетін айқындауға арналған сұрақтар - бір жүйе.
Бұларды
 багдарлау сұрақтары деп атайды. Шығарманың жалпы идеялық мағынасын, образ-характерлерін, олардың өзара байланысы мен қарым-қатынасын, композициялық құрылысын, тіл ерекшеліктерін айқындауға, талдауға арналған сұрақтар - бір жүйе. Бұлар - шығарманы талдаудағы аса маңызды орын алатын сұрақтар. Сондықтан олар талдау сипатындагы сұрақтар делінеді. Ал тағы бір жүйе шығарманың қоғамдық, әдебиеттік
маңызын ақын, жазушының стилі мен көркемдік шеберлігінің ерекшеліктерін, жалпы шыгарманы талдау жұмысын жинақтап, қорытындылауға арналған сұрақтардан құралады. Сондықтан бұлар
 жинақтау сұрақтары деп аталады. Әдебиет пәнін оқытудың осы үш
жүйесіне арналған сұрақтар тарихи-әдебиеттік курстың мақсат-міндеттері мен талаптарына сай болуы шарт.

Тарихи-әдеби шолулар, ақын-жазушының өмірі мен шығармашылық қызметіне сипаттама, әдебиеттің тарихи мен теориясына байланысты мәселелерді жинақтап қорыту көркем шығарманы тұтастай түсіндіру, т.б. түрлерде оқушылардың дайындық деңгейіне қарай
таңдалынып алынады.

Лекциялық сабақтардың бір түрінде мұғалім лекциялық материалдың күрделі жоспарын тізеді жоспар неғізгі бөліктер мен тармақ-тармақшаларға бөлінеді. Жоспарда баяндалатын мәселелер айтылу рет тәртібіне қарай жүйеленіп тізіледі, қажетті даталар мен цитаттар, т.б. жоспардың тиісті жерлерінде көрсетіледі.

Енді бір түрінде мұғалім лекциялық материалдың қысқаша тезисін жазады. Мұнда да, жоғарыдағы сияқты - айтылған ой мен пікірді дәлелдеуге, тұжырымдауға қажетті фактілер мен даталар, цитаттар мен көркем шығармалардан келтірілетін үзінділер, т.б. тезистің тиісті жерлеріне енгізіліп отырады.

Лекциялық материалды баяндау барысында түрлі цитаттар, шағын шығармалар, үзінділер қолданғанда, бұлардың қай-қайсысы да оқу материалының мазмұнын байытады және мұғалімнің пікірлеуі мен сөзіне ажар, көрік береді.

 


Кейде оқушырарды оларға таныс емес шығарманың идеялық тақырыптық мазмұнымен жол-жөнекей таныстырып кетуі қажет болып қалады. Бұл ретте де мұғалім ондай шығарманың мазмұнын көркемдеп әңгімелеу түрімен қысқаша айтып беруге тиіс.

Кейбір ақын, жазушылардың өмірі мен әдебиеттік қызметін етуде олардың лирикалық өлең-жырлары айрықша орын алады. Өйткені, бұл салаға жататын лирикалық шығармалар суреткердің дүние тану көзқарастың, стилін, творчествосының қоғамдық және тарихи-әдебиеттік бағасын танытуға кемектеседі. Демек, оқу материалын баяндаудың барысында бұл сияқты лирикалық өлең-жырларды немесе олардың үзінділерін мәнерлеп
оқып беру ете орынды және қажетті деп саналады. Кейде мұндай шығармаларды күні бұрын дайындап қойған оқушыларға да келістіріп оқытуға болады.

Мектепте әдебиетті оқытуда әдіс-амалдардың бңлардан басқа да түрлері бар. Мысалы, сөз жарысы, пікірталас баяндама жасау, теріп мазмұндау проблемалы баяндау-әңгімелеу жазба жұмыстар, т.б. Кернекіліктің, дидактикалық және техникалық құралдардың әр алуан түрлерін пайдалану, қажетті нәрселерді тақтаға жазып, сызып, суретін салып керсету, сөздік, кино-теле сабақтар ұйымдастыру, әдебиеттік сипаты бар түрлі серуен, экскурсиялар жасау, сыныптан тыс оқу, әдеби-шығармашылық драмалық мәнерлеп оқу сияқты үйірмелер, т.б. оқытудың әдіс-тәсілдернің кешенін құрайды.

Бұлардың қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің еркіне беріледі.

Бағдарламалық сағаттардың шақталып, шектеулі берілуіне байланысты орыс мектептеріндегі қазақ әдебиеті сабақтары, негізінен, аралас сабақ түрін қажетсінеді. Солай болған күнде де, мұғалімдердің қазіргі сабақтың алуан түрлілігін пайдалануына болады. Оны шығармашылық ізденісіне шек қойылмайды. Осы орайда, әдіскер-ұстаз Қ.Бітібаева жүйесі бойынша, қазақ әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі тәжірибеде дәстүрлі сабақтармен қоса, мынадай сабақ түрлері жиі пайдаланылуда:

  • Дәріс сабақ
  • Семинар сабақ (бірнеше тњрі бар).
  • Пәнаралық байланыста оқытуға негізделген интеграциялық сабақтар
  • Конференция сабағы.
  • Сот сабақтары (не билер тартысы сабағы).
  • Жәрмеңке сабағы.
  • Пресс- конференция сабағы (баспасез сабағы).
  • Концерт сабағы.
  • Пікірталас сабағы.
  • Айтыс сабақтары.
  • Композициялық сабақ.
  • Әдеби монтаж сабағы.
  • Көзқарас сабағы.
  • Брифинг        сабақтары.
    Практикалық сабақта
  • Емтихан, есеп- сынақ сабақтары.
  • Реферат        қорғау сабақтары.
  • Пікір        қорғау сабақтары.
  • Жарыс сабағы
  • Ойын сабақтары
  • Кино,        теле сабақтар, т.б.

Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар әр алуан. Олар: түрлі үйірмелер, әдебиет газеті мен қолжазба журналдар, әдеби-көркем кештер, спектакльдер, әдеби көрмелер, серуен, экскурсиялар, театрға бару, кино, мұражайларға бару, сыныптан тыс көркем шығармаларды оқу, әдебиеттік музыкалық клубтар, оқырмандар конференциялары т.б. сөз
өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру,эстетикалық талғамын, сезімін дамыу сияқты білім мен тэрбие берудің басты-басты мәселері сыныптан тыс жұмыстарда одан әрі жалғасын табады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі Алматы: «Рауан», 1997.
  2. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. Алматы: «Мектеп»,
    1983.
  3. Көшімбаева А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы: «Мектеп»,
    1969.

 



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі Алматы: «Рауан», 1997.
  2. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. Алматы: «Мектеп»,
    1983.
  3. Көшімбаева А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы: «Мектеп»,
    1969.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Построение процесса обучения иностранному языку на основе информационно-коммуникативной технологии. На примере обучения английскому языку в начальной школе на базе УМК "Английский в фокусе".

В данной работе  рассмотрено обучение иностранному (английскому) языку в младшей школе на основе использования интерактивного приложения к учебнику «Английский в фокусе». Выдвинуты задачи, которы...

Доклад"Системно-деятельностные подход в обучении иностранным языкам в начальной школе"

Доклад подготовлен в рамках методической недели, представляет собой информацию о данном методическом подходе и рекомендации по работе на различных этапах обучения....

статья "Краеведческие материалы как средство обучения иностранному языку в средней школе, как составляющая содержания обучения иностранному языку."

В данной статье раскрывается роль использования краеведческого материала в воспитании патриотизма на уроках английского языка....

«Реализация потенциала содержания образования в целях духовно – нравственного воспитания учащихся на уроках казахского языка в вечерней школе»  

Презентация о средствах (тексты, пословицы и поговорки, крылатые выражения и слова назидания, стихи, опорные схемы, творческие работы учащихся) формирования и воспитания духовно-нравственных качеств у...

«Реализация потенциала содержания образования в целях духовно – нравственного воспитания учащихся на уроках казахского языка в вечерней школе» (Из опыта работы)

Доклад раскрывает  тему духовно-нравственного воспитания учащихся на уроках казахского языка в вечерней школе...

Доклад на тему «Формирование положительной мотивации в обучении мордовскому языку в русскоязычных школах».

laquo;Формирование положительной мотивации в обучении мордовскому языку в русскоязычных школах»...